Сіз IQOS CARE PLUS бағдарламасына қатысып, шетелде сервистік қызметке ие бола аласыз. Толық ақпарат Халықаралық Қолдау бөлімінде.
Егер сіздің IQOS құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемей қалса, IQOS сату нүктелерінде IQOS диагностикасы мен сервистік қызметті ала аласыз немесе IQOS Қолдау Қызметіне 2121 нөмірі бойынша жүгіне аласыз. Сондай-ақ Құрылғыны онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, мұнда сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады.
Диагностиканы сайтта Жеке кабинеттегі «Менің құрылғыларым» бөлімінде немесе IQOS Kazakhstan Telegram-ботында «Көмек» бөлімінде жүргізуге болады (бұдан әрі — «Диагностика»).
Біз IQOS құрылғыңызды түпнұсқа емес зарядтау аксессуарларымен (қуат беру блогы және USB-кабелі) зарядтамауға кеңес береміз, себебі бұл литий-ионды батареяның зақымдалуына немесе құрылғының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл ретте, мұндай жағдайларға кепілдік қолданылмайды және жаңа IQOS құрылғысын сатып алу қажет болады.
Тұтқыштың ішіне орнатылған қыздырғыш элементі темекі стигінің ішіндегі темекіні 350 градусқа дейін жанусыз қыздырады. Осыған орай, пайдалану кезінде және пайдаланудан кейін біраз уақыт бойы тұтқыш қыздырылу мүмкін; бұл қалыпты жағдай. IQOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайындағы қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған.
Егер IQOS құрылғысының қыздыру элементі бұзылса, сізге тұтқышты жаңасына ауыстыру қажет болады. Біз IQOS қыздыру элементін өз бетіңізше немесе IQOS уәкілеттік бермеген қызмет көрсету орталықтарында ауыстырмауды ұсынамыз. Дайындаушы зауытта әр құрылғы қыздыру температурасын дұрыс беру және ұстап тұру үшін патенттелген жабдықта жеке калибрлеуден өтеді. IQOS-тың қыздыру элементін оны алдағы уақытта бұзылмай істейтіндей етіп ешқандай қызмет көрсету орталығы ауыстыра алмайды.
Құрылғыны дұрыс жауып жүргеніңізге көз жеткізіңіз. Қақпақтағы ойық Тұтқыштағы қуат түймесінің шығыңқысына сәйкес келуі керек. Егер сіз бәрін дұрыс жасап, бірақ IQOS Тұтқышындағы қалпақша әлі де сарт еткізіп бекітілмесе, онда тазалағыш құрылғымен және IQOS тазалау таяқшаларымен тазартуды жүргізіңіз. Қыздыру элементінің негізін және қалпақшаның төменгі бөлігін темекіден тазарту маңызды. Егер мәселе шешілмесе, құрылғыны мұқият қарап шығыңыз. IQOS қалпақшасы сынып, онда көрінетін зақымданулар болуы мүмкін. Бұл жағдайда сізге жаңа қалпақша сатып алу қажет болады.
Құрылғы суланған жағдайда, оны пайдаланбаңыз, себебі ылғалдылық оның бұзылуына әкеліп соқтыруымүмкін. Пайдаланбас бұрын құрылғының толығымен құрғатылуына көз жеткізіңіз.
Егер IQOS тұтқышында қыздыру элементінің бір бөлігі сынып қалса немесе онда жарық пайда болса, онда құрылғыны жөндеуге болмайды және сізге жаңа құрылғы қажет болады.
Егер сіздің IQOS құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемей қалса, сіз IQOS сату нүктелерінде IQOS диагностикасы мен сервистік қызметін ала аласыз () немесе IQOS Қолдау қызметіне 2121 нөмірі бойынша жүгіне аласыз. Сондай-ақ Құрылғыны онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, мұнда сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады.
Диагностиканы сайтта Жеке кабинеттегі «Менің құрылғыларым» бөлімінде немесе IQOS Kazakhstan Telegram-ботында «Көмек» бөлімінде жүргізуге болады (бұдан әрі — «Диагностика»).
Құрылғыларды осындай жағдайларда ұзақ уақытқа қалдырмаған жөн, себебі осының салдарынан литий-ионды батарея айтарлықтай зақымдану мүмкін.
FDA – бұл АҚШ Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын және АҚШ аумағында темекі өнімдерін өндіруді,маркетингті және сатуды бақылау арқылы қоғамның денсаулығын қорғауға және алға жылжытуға жауапты мемлекеттік орган. Темекі өнімдерінен басқа, ұйым азық-түлі
IQOS құрылғысының микробағдарламасын жаңарту өте оңай. Сізге IOS немесе Android негізіндегі ұялы телефон қажет. Сондай-ақ, Windows немесе MacOS негізіндегі компьютерде микробағдарламаны жаңартуға болады.
IQOS Kazakhstan Telegram-ботына өту арқылы сіз үшін микробағдарламаны жаңартудың кез келген ыңғайлы әдісін таңдай аласыз.
Микробағдарламаны жаңарту үшін мыналарды орындау қажет:
1) негізгі мәзірде ""Көмек"" түймесін басу;
2) көмек мәзірінде ""БЖ жаңарту"" түймесін басу;
3) ""Өз бетінше жаңарту"" түймесін таңдау;
4) нұсқауларды орындау
Егер сізде қиындықтар туындаса, IQOS қолдау қызметіне ұялы телефоннан 2121 нөміріне қоңырау шалып (қоңырау шалу тегін), IQOS Kazakhstan Telegram-ботына немесе iqos_kaz Instagram аккаунтына жазып, сондай-ақ біздің info@iqos.kz электрондық мекенжайымызға жазу арқылы жүгіне аласыз
Сіз IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін бірден пайдалана аласыз, себебі қуат беру құрылғысыныңбатареясы фабрикада қуатталады. Алайда кейбір жағдайларда аккумуляторға қуат беру қажет болады. Пайдаланар алдынданұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.
Тұтқышта темекі стигін пайдалану кезінде темекі буының түзілуі қалыпты жағдай болып табылады. Тұтқышты қуат беру құрылғысында автоматты түрде тазалаған кезде дәл осындай булану үдерісі көріністабу мүмкін.
Әдетте, IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін, қуат беру құрылғысы толық және пайдалануға дайын болады. Алғашқы және кейінгі кездерде қуат беру құрылғысы желіден 90 минут ішінде толығымен қуатталады. Тұтқыш қуат беру құрылғысында алты минут шамасында қуатталады.
Жоқ. Егер темекі стигі тұтқышта орналасатын болса, сіз қуат беру құрылғысының қақпағын жаба алмайсыз,бұл ретте оның қақпағы тұтқышты қосымша қуаттау мақсатында ашық болу тиіс.
Иә. Сіз қуат беру құрылғысын ішінде тұтқыш бар болғанда да, болмағанда да қуаттай аласыз.
Сіз IQOS қолдау қызметіне ұялы телефоннан 2121 нөміріне қоңырау шалып (қоңырау шалу тегін), IQOS Kazakhstan Telegram-ботына немесе iqos_kaz Instagram аккаунтына жазып, сондай-ақ біздің info@iqos.kz электрондық поштамызға жазу арқылы жүгіне аласыз
Өкінішке орай, мұндай ыңғайсыздық бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін.
1. Кеуіп кеткен таяқшалар. Пайдалану процесі таяқшаның өзіне байланысты. Егер темекі қатты сығылған болса, онда мәселені шешу үшін оны саусақтарыңызбен жұмсартып алу жеткілікті. Сондай-ақ, таяқшалар дұрыс сақтамау нәтижесінде тым кеуіп кетуі мүмкін. Ылғалдың түсуіне жол бермейтін үлдірдің астында таяқшалар өз қасиеттерін жоғалтпайды. Ашылғаннан кейін таяқшалары бар қорапты құрғақ жерде сақтау керек. Көбінесе тұтынушылар ашылғаннан кейін, қорапты ашық күйде сақтайды, осылайша таяқшаларды кептіріп жібереді, бұл оларды пайдалану кезінде ұсынылмайды.
2. Тазалау кезінде тұтқыгты қатты бетке қағады. Көбінесе пайдаланушылар IQOS тазалау құрылғысымен тазалағаннан кейін, темекінің қалдықтары тұтқыштан түсіп кетуі үшін құрылғыны қатты бетке қосымша қағады. Металл «жалпая» бастайды (деформацияланады), бұл кейіннен пайдалану процесін бұзады. Егер кепілдік мерзімі жарамды болса, онда тұтқышты myIQOS бағдарламасы шеңберіде ауыстыруға болады
3. Егер қалпақша ластанған болса, онда темекі бөлшектерінің немесе конденсаттың түсуі әсерінен ауа өткізгіш бітеліп қалуы мүмкін. Бұл мәселе сонымен қатар жағымсыз иіс пен ыстың себебі болады. Қалпақшаны ыстық суға 5–10 минутқа салуға болады, әрі қарай жуыңыз және қайтадан тұтқышқа орнатпас бұрын міндетті түрде құрғатып алыңыз.
Пайдалану кезінде таяқшалардың қызып кетуіне мыналар себеп болуы мүмкін:
1. Ішке тарту арасындағы аралықты (8–15 секунд) сақтамау. Егер сіз ішке тартуды өте тез, қатарынан, ішке тарту арасындағы аралықты сақтамай жасасаңыз, онда таяқша бүтіндей қыздыруды өзіне алып, суып үлгермейді.
2. Ластанған қалпақша. Қалпақша – тұтқыштың маңызды элементі, ол таяқшаға ауа жіберуге жауап береді. Егер қалпақша ұзақ уақыт тазаланбаса, қақпақтың бүкіл ішкі бөлігі темекі бөлшектерімен бітеле бастайды, таяқшаға ауа беру нашарлайды, ішке тартудың өзі толыққанды болмайды (қатты, ыңғайсыз), пайдалану және желдету процесі бұзылады. Тиісінше, ішке тарту кезінде таяқшалар іс жүзінде суымайды және қыза бастайды, жылу қалпақшаға және тұтқышқа көбірек беріледі, сондықтан сіз осындай ыңғайсыздыққа тап болуыңыз мүмкін.
Қалпақшаны күнделікті негізде IQOS-қа арналған тазартқыш таяқшалармен тазалау керек, сонымен қатар 3-4 күнде бір рет жылы сумен жууға болады. Қалпақшаны тұтқышқа орнатпас бұрын оны міндетті түрде кептіріп алу керек.
Біз IQOS құрылғысын өз бетінше немесе IQOS уәкілеттік бермеген сервистік орталықтарда бөлшектеуге немесе жөндеуге кеңес бермейміз.
Өндіруші зауытта әр құрылғы қыздыру температурасын дұрыс беру және ұстап тұру үшін патенттелген жабдықта жеке калибрлеуден өтеді. IQOS құрылғысы болашақта дұрыс жұмыс істейтін етіп ешқандай қызмет көрсету орталығы бөлшектей немесе жөндей алмайды.
Егер сіздің IQOS сынып қалса, біз сізге көмектесуге тырысамыз. Ауыстыру тәсілдері туралы толығырақ Менің IQOS құрылғым жұмыс істемесе/ нашар жұмыс істесе (сынып қалса) не істеу керек? деген сұраққа жауаптан көре аласыз
Егер сіздің IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемей қалса, сіз IQOS сату нүктелерінде IQOS диагностикасы мен сервистік қызметін ала аласыз немесе IQOS Қолдау қызметіне 2121 нөмірі бойынша жүгіне аласыз. Сондай-ақ Құрылғыны онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, мұнда сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы сайтта Жеке кабинеттегі «Менің құрылғыларым» бөлімінде немесе IQOS Kazakhstan Telegram-ботында «Көмек» бөлімінде жүргізуге болады (бұдан әрі — «Диагностика»). Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз әрқашан IQOS қолдау қызметіне 2121 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша қоңырау шалып, бізге IQOS Kazakhstan Telegram-ботына, Iqos_kaz Instagram аккаунтына жазып немесе info@iqos.kz электрондық поштасына жазу арқылы жүгіне аласыз
Сату нүктесіне барған кезде сізде болуы керек:
- сынған құрылғы
- жеке басын растайтын құжат
- сатып алуды растайтын чектер немесе басқа құжаттар (егер сіз бұрын құрылғыны тіркемеген болсаңыз)
- жиынтықтағы қалған құрылғылар (диагностика үшін – жақсырақ)
Тиісті сападағы IQOS құрылғысын бөлшек сауда желісінде сатып алған жағдайда қайтару мерзімі сатып алынған күннен бастап 14 күнді құрайды.
Тиісті сападағы IQOS құрылғысын қайтару үшін келесі шарттар сақталуы керек:
• Өнім қолданыста болмаған,
• Қаптамасы сақталған,
• Тауарлық түрі сақталған,
• Сатушыдан алынған барлық құжаттар сақталған: кепілдік талоны, пайдалану жөніндегі нұсқаулық,
• Тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық заттаңбалары сақталған,
• Тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын чек немесе басқа құжат сақталған жөн.
Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Келесі жағдайларда қайтарудан бас тартылуы мүмкін:
• тауар қолданыста болған,
• ақаулары бар (жасырын өндірістік ақауларды қоспағанда, жарықтар, сызаттар, сынықтар, механикалық зақымданулар),
• толық жиынтықталымда немесе зауыттық қаптамада болмаса.
Тиісті сападағы IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын kz.iqos.com интернет дүкенінде сатып алған жағдайда қайтару мерзімі сатып алынған күннен бастап 14 күнді құрайды.
Тиісті сападағы IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын қайтару үшін келесі шарттар сақталуы керек:
• Өнім қолданыста болмаған,
• Қаптамасы сақталған,
• Тауарлық түрі сақталған,
• Сатушыдан алынған барлық құжаттар сақталған: кепілдік талоны, пайдалану жөніндегі нұсқаулық,
• Тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық заттаңбалары сақталған,
• Тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын чек немесе басқа құжат сақталған жөн.
Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Келесі жағдайларда қайтарудан бас тартылуы мүмкін:
• тауар қолданыста болған,
• ақаулары бар (жасырын өндірістік ақауларды қоспағанда, жарықтар, сызаттар, сынықтар, механикалық зақымданулар),
• толық жиынтықталымда немесе зауыттық қаптамада болмаса.
Тиісті сападағы аксессуарларды, usb кабельдерін айырбастау (қайтару) мерзімі, оларды дүкенде сатып алған жағдайда, сатып алған күннен бастап 14 күнді құрайды.
Тиісті сападағы тауарды ауыстыру (қайтару) үшін келесі шарттар сақталуы керек:
1. Тауар қолданыста болмаған,
2. Қаптамасы сақталған,
3. Тауарлық түрі сақталған,
4. Сатушыдан алынған барлық құжаттар сақталған: кепілдік талоны, пайдалану жөніндегі нұсқаулық,
5. Тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық заттаңбалары сақталған,
6. Тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын чек немесе басқа құжат сақталған – міндетті емес.
Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Келесі жағдайларда ауыстырудан (қайтарудан) бас тартылуы мүмкін:
- тауар қолданыста болған,
- ақаулары бар (жасырын өндірістік ақауларды қоспағанда, жарықтар, сызаттар, сынықтар, механикалық зақымданулар),
- толық жиынтықталымда немесе зауыттық қаптамада болмаса.
Тиісті емес сападағы Тауарды қайтару немесе ауыстыру Сатып алушының өтініші бойынша Тауарды сатып алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Сатып алушы тарапынан тауарды ауыстыру немесе қайтару себебі өндірістік ақау болуы мүмкін.
Кепілдік мерзімі бар сапасы тиісті емес тауарды ауыстыру немесе қайтару үшін IQOS фирмалық дүкендерінде немесе жеке кабинетте Онлайн-диагностика сервисінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін алдын ала диагностика жүргізу қажет. Диагностика нәтижелеріне сүйене отырып, біз бұл тауарды ұқсас тауарға ауыстырамыз немесе оған төленген ақшаны қайтарамыз.
Тиісті емес сападағы Тауарды қайтару үшін Сатып алушы Сатушыға тиісті емес сападағы Тауарды, сондай-ақ осындай Тауарға ақы төлеу және оны сатып алу фактісін растайтын құжатты беруі тиіс.
Келесі жағдайларда ауыстырудан (қайтарудан) бас тартылуы мүмкін:
• әдеттегі тозу нәтижесінде IQOS қандай да бір элементінің зақымдалуы;
• элементтің сыртқы түрінің ақауы (мысалы, сызаттар, ойықтар, сынған пластик);
• дұрыс пайдаланбау, кернеудің секіруі, дұрыс тасымалданбау, сұйықтықпен жанасу немесе отпен жанасу салдарынан IQOS элементінің зақымдануы (мысалы, қыздыру элементінің сынуы);
• IQOS элементімен үйлесімді емес заттарды пайдаланудан туындаған ақаулық;
• пайдаланушының өзінің немесе PMI уәкілеттік бермеген жүйесінің қызмет көрсету орталығының IQOS элементтерін ашуға, өзгертуге немесе жөндеуге әрекет жасаған нәтижесінде бүліну немесе ақаулық;
• IQOS пайдаланушы нұсқаулығын бұза отырып, элементті пайдалану нәтижесінде бүліну немесе ақаулық.
Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Иә, сіз шетелде сатып алынған құрылғылар бойынша сервистік қызметті ала аласыз. Бұл үшін сервистік қызмет көрсету шеңберінде құрылғыңызды ауыстырудың қолжетімділігін нақтылау үшін +41215478888* нөмірі бойынша IQOS халықаралық қолдау қызметіне алдын ала қоңырау шалу қажет.
Халықаралық қолдау қызметіне хабарласқан кезде IQOS Құрылғысын сатып алған елді таңдау қажет.
Құрылғыны сатып алған елдегі IQOS қолдау қызметі ауыстыру/сервистік қызмет көрсету мүмкіндігін растағаннан кейін, сіздің өтініміңіз Қазақстан Республикасындағы IQOS қолдау қызметіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасының қолдау қызметі сізбен байланысады және алынған өтінімге сәйкес ауыстыруды/сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді.
*Ұялы байланыс операторының тарифтеуіне сәйкес қоңырау шалу үшін төлем алынуы мүмкін.
Жоқ, қазіргі уақытта IQOS-та IQOS/lil SOLID 2.0 уәкілетті қызмет көрсету орталығы жоқ. Бірақ сіз IQOS ресми дүкендерінен, сондай-ақ серіктестер дүкендерінен құрылғыларға сервистік қызмет көрсетуді немесе консультация ала аласыз. Сауда нүктелерінің өзекті мекенжайларын «Дүкендерді табу» бөлімінен нақтылауға болады. IQOS уәкілеттік бермеген бөгде ұйымдардың көмегіне жүгінбеңіз.
Құрылғыны IQOS фирмалық дүкендерінен сатып алған жағдайда, кепілдік мерзімі сатып алынған күннен бастап 12 айды құрайды. Құрылғыны серіктес дүкеннен сатып алған жағдайда, кепілдік мерзімі өндірілген күннен бастап есептеледі және сатып алған күні туралы растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін түзетілуі мүмкін.
"Таза IQOS/lil SOLID 2.0 – таза дәм. IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын күнделікті тазалау әр сеанста дәм мен сезімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мұны сүйікті істеріңізден шықпай-ақ жасауға болады.
IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын пайдалану кезінде тұтқыш пен қалпақшада темекі бөлшектері қалуы мүмкін. Бұл таяқшаны салуға кедергі келтіруі мүмкін және ішке тарту кезінде аэрозоль ағынын қиындатуы мүмкін, сонымен қатар дәмнің сапасының нашарлауына әсер етеді.
IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын және IQOS/lil SOLID 2.0 тазалау құрылғысын қалай дұрыс тазалау керек – бейнені қараңыз:
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO
IQOS 3
IQOS 3 MULTI
IQOS 2.4 PLUS
lil SOLID 2.0
IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғыңызды күн сайын немесе темекі таяқшаларының әр қорабын пайдаланғаннан кейін тазалауды ұсынамыз. Бұл оңай және көп уақытты қажет етпейді.
Қыздыру элементіне зақым келтірмеу үшін тазалау құрылғысын пайдаланушы нұсқаулығында / нұсқаулықта көрсетілгендей пайдаланыңыз. Тазалау құрылғысында кір мен ылғал жоқ екеніне және оның деформацияланбағанына көз жеткізіңіз.
Сіздің тазалауға арналған таптырмайтын көмекшілеріңіз: тазалау құрылғысы және тазалау таяқшалары.
IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысына күтім жасау кезінде тек түпнұсқа аксессуарларды қолданыңыз. Сіз оларды осы жерден сатып ала аласыз.
IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын құрылғы салқындаған кезде ғана тазалаңыз. Сеанс аяқталғаннан кейін тым болмаса 30 секунд күтіңіз және кірісіңіз.
Бастау үшін тазалау құрылғысында кір жоқ екеніне және оның зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Егер ол деформацияланған болса, оны пайдаланбаңыз, жаңасын сатып алыңыз.
IQOS/Lil тазалау құрылғысының корпусы пластиктен жасалған, созылмалы резеңкеден/пластиктен жасалған құрылғы щеткалары қыздыру элементіне зақым келтірмеу үшін жасалған.
1) Тазалау құрылғысын қыздыру камерасына ақырын салыңыз. Оны тірелгенге дейін салмағанша, айналдырмаңыз.
2) Тазалау құрылғысын екі-үш рет айналдырыңыз.
3) Тазалау құрылғысын айналдырмай ақырын шығарыңыз.
4) Қыздыру элементіне қол тигізбестен, тұтқыштың қабырғалары мен негізін тазалау таяқшаларымен сүртіңіз.
5) Және қалпақшаны ұмытпаңыз. Оны тазалау таяқшаларымен үстінен және астынан жағынан ақырын сүртіңіз.
IQOS құрылғыңызды немесе IQOS/Lil тазалау құрылғысын тазалау үшін сұйықтықтарды ешқашан пайдаланбаңыз!
Сіз сондай-ақ Алғашқы қадамдар бөліміндегі нұсқаулармен таныса аласыз:
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO
IQOS 3
IQOS 3 MULTI
IQOS 2.4 PLUS
lil SOLID 2.0
Тазалау құрылғысын тазалау үшін:
1) темекі бөлшектерін алу үшін оны тегіс, қатты бетке ақырын қағыңыз;
2) тазалау құрылғысын жылы ағынды сумен шайыңыз.
3) құрылғыны ішінен тазалау таяқшаларымен немесе құрғақ матамен сүртіңіз.
4) тазалау құрылғысын келесі қолданар алдында құрғатыңыз
Тазалау құрылғысын тазалау үшін тазалағыш құралдарды, еріткіштерді, химикаттарды, ұшпа заттарды немесе сығылған ауаны ешқашан пайдаланбаңыз.
Егер тазалау құрылғысы сынған немесе деформацияланған болса, оны пайдаланбаңыз, және жаңасын алыңыз.
IQOS 3 немесе IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO автоматты тазалау процесі әр 20-сеанстан кейін іске қосылады және шамамен 1 минут уақыт алады. Процесс құрылғының индикациясында көрсетілмейді, яғни пайдаланушыға мүлдем көрінбейді.
Қосымша ақпарат:
Автоматты тазалау әдеттегі тұрақты тазалауды алмастырмайды.
Автоматты тазалау кезінде құрылғыны пайдаланғыңыз келсе, тазалау процесі тоқтатылады.
Таяқшалардың дәміне IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысының тазалығы әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз оны күн сайын тазалауды ұсынамыз. Егер сіз үнемі жасасаңыз, бұл өте тез және қарапайым. Таза IQOS/lil SOLID 2.0 — таза дәм.
Құрылғыңызды тазалау жөніндегі нұсқаулықты Алғашқы қадамдар бөлімінен көре аласыз:
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO
IQOS 3
IQOS 3 MULTI
IQOS 2.4 PLUS
lil SOLID 2.0
Кәсіби тазалау және диагностика сервисі IQOS фирмалық дүкендерінде және IQOS серіктестік сату орындарында ұсынылған. Ең жақын дүкенді «Дүкендерді табу» бөлімінен табуға болады
IQOS кәсіби тазалау және диагностика сервисі – бұл сіз өз бетіңізше жасайтын күнделікті тазалауға қосымша IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғыңызға кешенді күтім көрсету.
Кешенді күтім 4 кезеңнен тұрады:
1) Диагностика: біз IQOS тұтқышының ішке тарту кезінде аэрозольді өткізу қабілетін тексереміз. Сіз айырмашылығын көруіңіз үшін, біз диагностиканы кәсіби тазалаудан бұрын және одан кейін жүргіземіз.
2) Стандартты тазалау: өзіңіз күн сайын жасайсыз. Сонымен бірге бәрін дұрыс істейтініңізге көз жеткізе аласыз.
3) Арнайы құрылғымен тазалау: қыздыру элементінің негізіндегі темекі қалдықтары жойылады.
4) Арнайы бағдарлама арқылы қыздыру: қыздыру элементіндегі қақ кетіріледі.
Құрылғыңызды пайдаланғаннан кейін темекі бөлшектері құрылғыда қалмауы және бұл сеанстың сапасына әсер етпеуі үшін IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғыңызды күнделікті тазалауды ұсынамыз. Сондай-ақ, темекі бөлшектерінің болмауы таяқшаны Тұтқышқа салу процесін жеңілдетеді және темекі буының оңтайлы ағынын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
IQOS құрылғысы мен IQOS/lil SOLID 2.0 тазалау құрылғысын қалай дұрыс тазалау керек — Алғашқы қадамдар бөлімінде қараңыз:
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO
IQOS 3
IQOS 3 MULTI
IQOS 2.4 PLUS
lil SOLID 2.0
IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғыңызды немесе тазалау құрылғысын тазалау үшін ешқашан суды немесе басқа сұйықтықтарды пайдаланбаңыз. Тұтқышты, қалпақшаны немесе тазалау құрылғысын тазалау үшін тазартқыш құралдарды, еріткіштерді, химикаттарды, ұшпа заттарды, сығылған ауаны және қандай да сұйықтықтарды ешқашан пайдаланбаңыз.
IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын қалай дұрыс тазалау керектігі туралы нұсқаулықты қараңыз:
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO
IQOS 3
IQOS 3 MULTI
IQOS 2.4 PLUS
lil SOLID 2.0
Сіздің таптырмайтын көмекшілеріңіз — бұл тазалау құрылғысы және тазалау таяқшалары. Тек түпнұсқа аксессуарларды қолданыңыз, оларды осы жерден сатып ала аласыз.
Тазалау құрылғысы IQOS отбасындағы барлық модельдер үшін бірдей және бірге келеді. lil SOLID 2.0 үшін тазалау құрылғысы ерекшеленеді, бірақ ол да жеткізу жиынтығына кіреді. Сондай-ақ, сіз тазалау құрылғыларын осы жерден бөлек сатып ала аласыз.
*lil SOLID 2.0 құрылғысымен IQOS тазалау құрылғысын пайдаланбаңыз және керісінше
Тазалау құрылғысының корпусы пластиктен жасалған. Онда созылмалы резеңке/пластиктен жасалған арнайы щеткалар бар — олар IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын ұқыпты әрі тиімді тазалауға арналған.
Назар аударыңыз — щеткалар деформацияланбауы немесе зақымдалмауы керек. Әйтпесе, тазалау құрылғысын пайдалануға болмайды.
Сондай-ақ, тазалауды бастамас бұрын, тазалау құрылғысында кір мен ылғал жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тазалау құрылғысын осы жерден сатып алуға болады.
Егер сіз IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғыңызды күніне бір рет тазаласаңыз, онда сіз тазалау құрылғысын шамамен 1 жыл бойы пайдалана аласыз. Осыдан кейін тазалау құрылғысы табиғи тозу себебінен жарамсыз болады.
Тазалау таяқшалары — бұл сіздің таптырмас көмекшілеріңіз. Олар тұтқыш пен қақпақтағы темекі қалдықтарын кетіру үшін қажет. Тазалау таяқшалары изопропил спиртінің сулы ерітіндісіне малынған.
Қыздыру элементінің бетінің «қараюы» қыздыру тиімділігі мен сеанс сапасына ешқандай әсер етпейді. Қыздыру элементі мінсіз таза болмаса қалыпты жағдай. Фирмалық дүкендерде біз қыздыру элементінің негізіндегі темекінің қалдықтарын кетіруге мүмкіндік беретін және қыздырудың арқасында одан дақты кетіретін кәсіби тазалауды жүргіземіз.
Жоқ, тұтқыштың қақпағын тазалау үшін IQOS-тың тазалау құрылғысынан басқа ешқандай тазалауқұралдарын пайдаланбаған жөн, бұл ретте, тек таза суды ғана пайдалануға болады. Тұтқыштың қақпағымен тазалау құрылғысы ылғалды тазалау рәсімінен кейін және мақсаты бойынша пайдаланар алдындатолығымен кебу тиіс. Тұтқыш пен қуат беру құрылғысы корпустарының сумен және/немесе басқасұйықтықтармен жанасуын немесе оларға батырылуын болдырмаңыз.
Тұтқыштың қыздырғыш элементін автоматты тазалау рәсімі Тұтқышта темекі стиктерін пайдаланудыңәрбір 20 сеансынан кейін іске қосылады. Осыған қоса, қажеттілік туындаған сайын тұтқышты тазалауқұрылғысының көмегімен қолмен тазалаған жөн. Автоматты тазалау IQOS 2.4, IQOS 2.4 P, IQOS 3, IQOS 3 DUO және IQOS ORIGINAL DUO құрылғылары үшін қол жетімді.
Орта есеппен, IQOS құрылғысымен өтетін әрбір сеанс шамамен 6 минутқа немесе 14 рет ішке тартуға созылады.
Темекі таяқшалары тек IQOS құрылғыларымен пайдалануға арналған. IQOS-та пайдаланылатын HeatControl™ технологиясының арқасында таяқшалардағы темекі жанбай қыздырылады, бұл ретте күл пайда болмайды. Сигарет жанған кезде оның ұзындығының шамамен 2/3 бөлігі жану процесін қамтамасыз етуге кетеді.
Егер Сіз қиналып жатсаңыз және таяқшаны тұтқышқа сала алмасаңыз, алдыңғы пайдаланғаннан кейін тұтқыштың қалпақшасында темекі тұрып қалмағанына көз жеткізуіңіз керек.
Темекі таяқшалары оларды IQOS құрылғысымен пайдалануға арналған, оларды жандыруға немесе оттың басқа әсеріне ұшыратуға болмайды.
IQOS пайдаланған кезде темекі таяқшасының қағаз түсінің өзгеруі оны қыздыру процесінде таяқшадағы темекіден ылғалдың бөлінуіне байланысты.
Сайттың тиісті бөлімінде темекі таяқшаларының ассортиментімен танысуға болады. Көрсетілген бөлімдегі ақпарат өзінің жасын растаған кәмелетке толған 21 жастан асқан пайдаланушыларға жеке кабинетте авторизациядан өткеннен кейін қолжетімді болады.
Әр қорапта 20 таяқша, әр блокта — 10 қорап және сәйкесінше 200 таяқша бар.
Бұл тамақ және медицина өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын полисүтқышқылынан (полилактидтен) жасалған биополимер үлдір. Бұл үлдір таяқшадағы темекі қыздырылған кезде пайда болатын темекі буының температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы деңгейде сақталуына мүмкіндік береді.
Мұндай мәселе келесі себептерге байланысты туындауы мүмкін:
• таяқшадағы темекінің қатты сығымдалуынан,
• құрылғыны пайдаланудың жеке ерекшелігіне байланысты,
• қалпақшаның / қыздыру элементінің негізінің ластануынан.
Келесі әрекеттер мәселені шешуге көмектеседі:
1) IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын жүйелі түрде тазалау (20 таяқшаны қолданған сайын);
2) Таяқшаны тұтқыштан шығармай, тұтқыштың қалпақшасын көтеріп, түсіріңіз. Бұл темекінің таяқша ішінде біркелкі таралуын қамтамасыз етеді;
3) Таяқшаны тұтқышқа салмас бұрын саусағыңызбен оның темекі бөлігін аздап басқылаңыз. Бұл сеанс кезінде таяқшаның темекі бөлігіндегі ауа айналымының жақсаруына ықпал етеді және қанық дәм береді;
4) Тым жиі немесе тым қатты ішке тартпау және ішке тарту арасында ұзағырақ үзілістер жасауға тырысу.
Акциздік маркаларды таяқшаларға қолдану заңмен талап етілмейді. Оның орнына мемлекет тарапынан бақылау мақсатында сәйкестендіру құралдары (цифрлық таңбалау) пайдаланылады. Бұл сәйкестендіру құралдары 2020 жылғы 1 қазанда өндірілетін және импортталатын темекі стикисіне салынады.
HEETS темекі стиктері туралы көбірек білу үшін қысқа бейнежазбаны көріңіз. Көбірек білу→
Құрылғыны -20°C және +58°C аралығындағы қоршаған орта температурасында пайдалануға болады
Сұйықтықтың кездейсоқ құрылғының қыздыру камерасының ішіне кіріп кетпегенін тексеру қажет. Ол үшін қалпақшасын алып, сұйықтық жоқ екендігініне көз жеткізіңіз. Қажет болса, құрылғыны тазалау таяқшаларымен және lil SOLID тазалау құрылғысымен құрғатыңыз және тазалаңыз.
Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуін және дәмі мен сезімнің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір 20 рет пайдаланудан кейін (темекі таяқшаларының әрбір пачкасынан кейін) құрылғыны термиялық тазалауды іске қосуға кеңес береміз.
Керамикалық жабыны бар өзек түріндегі арнайы қыздыру элементі
IQOS-та тұтқыштың ішіндегі темекі таяқшасы жүзі пішіміндегі қыздыру элементі көмегімен қыздырылады, ал lil SOLID құрылғысында дәл осындай жұмысты өзекше пішіміндегі қыздыру элементі орындайды. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес мұқият пайдалану және үнемі тазалау кезінде әрбір құрылғының қызмет мерзімі пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мерзімге сәйкес келеді. Екі элемент те темекіні жану процесінсіз, түтінсіз және күлсіз қыздырады. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты.
Мұндай мәселе келесі себептерге байланысты туындауы мүмкін:
• таяқшадағы темекінің қатты сығымдалуынан,
• құрылғыны пайдаланудың жеке ерекшелігіне байланысты,
• қалпақшаның / қыздыру элементінің негізінің ластануынан.
Келесі әрекеттер мәселені шешуге көмектеседі:
1) IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын жүйелі түрде тазалау (20 таяқшаны қолданған сайын);
2) Таяқшаны тұтқыштан шығармай, тұтқыштың қалпақшасын көтеріп, түсіріңіз. Бұл темекінің таяқша ішінде біркелкі таралуын қамтамасыз етеді;
3) Таяқшаны тұтқышқа салмас бұрын саусағыңызбен оның темекі бөлігін аздап басқылаңыз. Бұл сеанс кезінде таяқшаның темекі бөлігіндегі ауа айналымының жақсаруына ықпал етеді және қанық дәм береді;
4) Тым жиі немесе тым қатты ішке тартпау және ішке тарту арасында ұзағырақ үзілістер жасауға тырысу.
lil SOLID және IQOS құрылғыларында темекі түтіні жоқ, алайда осы құрылғылардың ұсынымдары әртүрлі. Сіздің таңдауыңыз тек сіздің қалауыңызға, мақсаттарыңызға байланысты анықталады.
lil SOLID құрылғысы — бұл түтінсіз өнім, онда:
• темекі дәмі мен құрылғы түстерінің таңдауы шектеулі
• дегенмен, осы «Барлығы біреуінде» құрылғысы қарапайым әрі қолайлы, ол темекінің отсыз, түтінсіз немесе күлсіз нағыз дәмін ұсынады.
• қарапайымдылықты және қолайлылықты бағалайтын клиенттерге арналған
IQOS құрылғысы — бұл әртүрлі ұсынымдары бар түтінсіз өнім:
• алуан түрлі дәмдер ассортименті — біздің дәм жөніндегі шеберлеріміз нағыз темекі дәмін беруді және қанағаттануды қамтамасыз ету үшін жасаған
• құрылғылар, түстер және стильді аксессуарлар портфолиосы
• сіздің құрылғыңызға арналған жеке опциялардың 500-ден астам нұсқасы.
IQOS және lil SOLID – темекіні ішінен қыздыратын екі түрлі темекі қыздыру жүйесі, бірақ олар пайдаланатын технологиясымен және қыздыру элементімен ерекшеленеді. IQOS-та тұтқыштың ішіндегі темекі таяқшасы жүзі пішіміндегі қыздыру элементі көмегімен қыздырылады, ал lil SOLID құрылғысында дәл осындай жұмысты өзекше пішіміндегі қыздыру элементі орындайды. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес мұқият пайдалану және үнемі тазалау кезінде әрбір құрылғының қызмет мерзімі пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мерзімге сәйкес келеді. Екі құрылғы да жану процесі жоқ, күлсіз және темекі түтінінің иісінсіз нағыз темекі дәмін және хош иісін сезінуге мүмкіндік береді. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты.
Екі құрылғы да сапаның қатаң бақылауынан өтеді және барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Біз өз клиенттерімізге жоғары сапалы өнімді ұсынамыз. Басқа нәрселерден басқа, біз өндіріс процесі барысында өнімдеріміздің ауқымды сынақтамалау мен сапасын тексерулерін, сондай-ақ клиенттердің тәжірибесін жақсарту және тек қана сенімді құрылғыларды шығару мақсатына жету үшін нарықтық зерттеулерді жүргіземіз. Біз серіктестерімізден біз нарықта ұсынатын өнімдерге арналған бірдей сапа стандарттарын ұстануын талап етеміз.
IQOS үлгілерінің барлығы бірдей 2 элементтен тұрмайды. Мысалы, IQOS 3 MULTI де «барлығы біреуінде» құрылғысы болып табылады. lil SOLID құрылғысы пайдалану кезіндегі барынша жайлылық пен қолайлылық үшін «Барлығы біреуінде» эргономділік дизайнына ие. Құрылғының толық заряды 20 сеансқа жетеді.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрылғыны 18 минут ішінде қатарынан 3 реттен артық пайдалануға болмайды, себебі ол салқындауы керек. Қатарынан 3 сеанстан кейін (арасында үзіліс жоқ), құрылғы автоматты түрде салқындатылады (құрылғы «ұйқы» режиміне өтеді). Үзіліске шамамен 3 минут 30 секунд жұмсалады. Бұдан әрі индикация Сіздің lil SOLID қайтадан қолдануға дайын екенін хабарлайды.
Иә, myIQOS бағдарламасы / Кеңейтілген кепілдік lil SOLID құрылғылары үшін де жарамды. Алайда, екі құрылғы да жоғары сапа стандарттарына сәйкес келеді және барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Біз өз клиенттерімізге жоғары сапалы өнімді ұсынамыз. Басқа нәрселерден басқа, біз өндіріс процесі барысында өнімдеріміздің ауқымды сынақтамалау мен сапасын тексерулерін, сондай-ақ клиенттердің тәжірибесін жақсарту және тек қана сенімді құрылғыларды шығару мақсатына жету үшін нарықтық зерттеулерді жүргіземіз. Біз серіктестерімізден біз нарықта ұсынатын өнімдерге арналған бірдей сапа стандарттарын ұстануын талап етеміз. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты.
Екі құрылғы да жоғары сапа стандарттарына сәйкес келеді, бірақ оларда пайдаланатын қыздыру технологиясымен ерекшеленеді, сонымен қатар бірқатар визуалды және техникалық айырмашылықтарға ие. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты. Егер Сіз әрі қарай қарапайым қолжетімді құрылғыны сатып алуды ойласаңыз, lil SOLID байқап көріңіз. Егер Сіз аксессуарлары көп және темекі таяқшалары толық жиынды, сәнді инновациялық құрылғы сатып алғыңыз келсе, IQOS-ты таңдаңыз.
IQOS 3 DUO және lil SOLID 2.0 құрылғылары аккумуляторды зарядтау үшін бірдей USB Type-C кабельдерін пайдаланады. Дегенмен, біз нақты құрылғы жиынтығында берілген түпнұсқа адаптерді және USB кабелін пайдалануды ұсынамыз.
Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуін және дәмі мен сезімнің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін құрылғыны әрбір 20 рет пайдаланудан кейін (Fiit темекі таяқшаларының әрбір пачкасынан кейін) тазалауға кеңес береміз.
IQOS тазалау құрылғысын lil SOLID құрылғысын тазалау үшін пайдалануға болмайды. Тиісті құрылғымен тазалау кезінде оңтайлы нәтижені алу үшін тазалау құрылғылары әрбір құрылғы үшін арнайы әзірленген. Басқа брендтің (басқа желідегі) тазалау құрылғысын пайдалану қыздыру элементінің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
IQOS тазалау таяқшаларын lil SOLID құрылғысын тазалау үшін пайдалануға болады.
Құрылғыны тазалау үшін тек түпнұсқа lil және тазалау таяқшаларын (жиынтықтағы немесе IQOS тазалау таяқшаларын) пайдаланыңыз. Басқа тазалау құралдары қыздыру элементін зақымдауына және құрылғының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, тазалау кезінде бұзылуына жол бермеу үшін шамадан тыс күш қолданбаңыз.
Иә, әрине, сіз құрылғыны жекелеу үшін lil SOLID 2.0 құрылғысының панелін сатып ала аласыз.
lil SOLID пайдалану қауіптерді жоққа шығармайды, бірақ бұл темекі шегуді жалғастыруға қарағанда жақсырақ. Қазіргі уақытта ФМИ және KT&G бірлескен зерттеулері жүргізілуде және жақын арада Сізге lil SOLID пайдаланған кезде темекі буындағы зиянды заттардың мөлшері туралы көбірек ақпарат бере аламыз.
Аккумулятор зарядының деңгейін келесі жолмен оңай тексеруге болады:
1) ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып, 1 секунд ұстап тұрыңыз;
2) заряд деңгейінің индикаторлары қосылады:
- 1 индикатор — төмен зарядтау деңгейі,
- 4 индикатор — құрылғы толығымен зарядталған.
IQOS 2.4 PLUS құрылғысын электр розеткасынан толығымен зарядтау үшін шамамен 90 минут қажет. Құрылғыны тек жиынтықтағы қуат беру адаптерімен және USB-кабелімен зарядтау ұсынылады.
IQOS 2.4 Plus құрылғысын қалыпты жұмыс істеуі үшін оны толығымен зарядтаудың қажеті жоқ. Алайда толық зарядта IQOS 2.4 Plus құрылғысын 20 ретке дейін пайдалануға болады.
IQOS 2.4 Plus құрылғысын қайта жүктеу үшін барлық индикаторлар жыпылықтаған сәтке дейін Bluetooth және құрылғыны қосу түймелерін бір уақытта басып тұру керек.
Тұтқыш келесі жағдайларда дірілдей бастайды:
- сессияның басында (қыздыруды бастау үшін түймені басқан кезде);
- сессия аяқталуға жақын болғанда (сессия аяқталғанға дейін 30 секунд бұрын).
Тұтқыштағы жыпылықтап тұрған немесе тұрақты индикатор келесілерді білдіруі мүмкін:
- Тұтқыш зарядталмаған;
- құрылғы жұмыс температурасынан тыс жұмыс істейді (10–40 °C);
- сіз пайдалану кезінде тұтқыш түймесін бастыңыз;
- Тұтқыштың ақаулығы.
Мәселені шешу үшін келесі нұсқалардың бірін қолданып көріңіз:
а) IQOS 2.4 Plus зарядтау құрылғысының қосулы екенін және оның заряд деңгейінің жеткілікті болғанын тексеріңіз;
ә) Тұтқышты Зарядтау құрылғысына салыңыз да, оның толық зарядталуын күтіңіз (4 минутқа дейін);
б) Тұтқыштың электрондық түйіспелерінің таза екеніне көз жеткізіңіз;
в) егер жоғарыда аталған әрекеттер көмектеспесе, құрылғыны қайта жүктеңіз;
г) егер құрылғы әлі жұмыс істемесе, сіз құрылғының онлайн диагностика қызметін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады
1. IQOS 2.4 Plus зарядтау құрылғысындағы Тұтқыштың индикаторы Тұтқыштың дұрыс жұмыс істемеуін білдіреді. Зарядтау процесінде индикатордың баяу лүпілі Тұтқыштың аккумуляторының қызмет ету мерзімі аяқталатынын білдіреді.
2. Зарядтау құрылғысы мәртебесінің төменгі индикаторы Зарядтау құрылғысының дұрыс жұмыс істемеуін немесе құрылғының жұмыс температурасынан тыс жұмыс істеуін білдіреді (10–40 °C).
3. Құрылғыңызды қайта жүктеңіз және оның жұмыс температурасының рұқат етілген диапазонында екеніне көз жеткізіңіз.
4. Егер құрылғы әлі жұмыс істемесе, сіз құрылғының онлайн диагностика қызметін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.
IQOS литий-ионды батареялардан жұмыс істейді, олар үшін жұмыс температурасының келесі диапазондары ұсынылған: IQOS 2.4Plus 10–40 ᵒC, IQOS 3 және IQOS 3 Multi 0–50 ᵒC. IQOS-ты өте төмен немесе жоғары температурада пайдалану және сақтау аккумулятордың өмірлік циклін қысқартуы мүмкін.
IQOS 2.4 PLUS құрылғысын электр розеткасынан толығымен зарядтау үшін шамамен 90 минут қажет. Біз түпнұсқа аксессуарлар көмегімен зарядтауды ұсынамыз. IQOS 2.4 Plus құрылғысын оның қалыпты жұмыс істеуі үшін оны әр жолы толығымен зарядтаудың қажеті жоқ. Алайда толық зарядта IQOS 2.4 Plus құрылғысын 20 есеге дейін пайдалануға болады.
Бұл түйме IQOS 2.4 PLUS құрылғысын дербес компьютермен немесе смартфонмен жұптастырған кезде бағдарламалық жасақтаманы жаңарту кезінде қажет.
Иә, шынында да, IQOS 2.4 Plus құрылғысы 2017 жылдан бастап сатылымда қолжетімді. Ең жаңа IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO шығуымен құрылғы IQOS 2.4Plus біртіндеп өзектілігін жоғалта бастады. Осыған байланысты біздің ресми дүкендерде және ресми сайтта осы құрылғыны жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылданды.
Иә, шынында да, IQOS 2.4 Plus құрылғысы 2017 жылдан бастап сатылымда қолжетімді. Ең жаңа IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO шығуымен құрылғы IQOS 2.4Plus біртіндеп өзектілігін жоғалта бастады. Осыған байланысты біздің ресми дүкендерде және ресми сайтта осы құрылғыны жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылданды.
Иә, шынында да, бұл құрылғы енді біздің сауда нүктелерімізде, IQOS ресми дүкендерінде және kz.iqos.com ресми сайтында сатылымда ұсынылмайды. Алайда, тауар сауда нүктесінде қолжетімді болған кезде, біз өндіруші белгілеген кепілдікке сәйкес бұзылған жағдайда ауыстыруды жүзеге асырамыз.
Сынған кезде біз сіздің IQOS 2.4Plus құрылғыңызды қоймада болған жағдайда ұқсас түске ауыстыра аламыз. Өкінішке орай, бұл құрылғыны жеткізу тоқтатылды, сондықтан біздің сауда нүктелерімізде қандай да бір түсті құрылғы болмауы мүмкін. Сіз бар түсті таңдай аласыз немесе IQOS 2.4Plus құрылғысын IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысына Eco-Upgrade бағдарламасы бойынша ауыстыру мүмкіндігін қарастыра аласыз.
Біз барлық нүктелерімізде IQOS 2.4Plus сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдадық, сондықтан Сіз оны біздің фирмалық дүкендерімізден және ресми сайтымыздан таба алмайсыз.
Иә, шынында да, біз осы құрылғыны сауда нүктелерінде және ресми сайтта жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылдадық. IQOS 2.4Plus аксессуарлары енді сатылымда жоқ және аксессуарлардың қосымша жеткізілімдері де болмайды.
Зарядтау деңгейін тексеру үшін — зарядтау құрылғысындағы түймені басыңыз.
Аккумулятордың зарядының күйін көрсету үшін индикаторлар үш секундқа жанады.
• 4 индикатор = 75%-дан астам зарядталған.
• 1 индикатор = төмен заряд деңгейі. IQOS құрылғыңызды зарядтау керек.
IQOS 3 MULTI құрылғысын электр розеткасынан толығымен зарядтау үшін шамамен 75 минут қажет. Құрылғыны тек түпнұсқалық қуат беру адаптерімен және USB-кабелімен зарядтау ұсынылады.
IQOS 3 Multi құрылғысын оның қалыпты жұмыс істеуі үшін оны толығымен зарядтаудың қажеті жоқ. Алайда, толық зарядта құрылғыны 10 сессияға дейін пайдалануға болады.
IQOS 3 Multi құрылғысын қайта жүктеу үшін түймені 10 секунд басып тұру керек, содан кейін оны жіберіңіз. Қайта жүктеуді растау үшін заряд деңгейінің индикаторы бірқалыпты жанып, сөнеді.
IQOS 3 Multi келесі жағдайларда дірілдей бастайды:
- Сессияның басында (қыздыруды бастау үшін түймені басқан кезде) — 1 діріл;
- Құрылғы пайдалануға дайын болғанда — 2 діріл;
- Сессия аяқталуға жақын болғанда (сессия аяқталғанға дейін 30 секунд бұрын) — 2 діріл.
Индикаторлардың ақ түсі қосымша зарядтау процесі, түсіру, пайдалануға дайын болу, батареяның толық заряды және т. б. әртүрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін. Индикаторлардың қызыл түсі құрылғының жұмысындағы қатені білдіреді немесе құрылғы жұмыс температурасынан тыс жұмыс істейді (0–50°C). Құрылғыны қайта жүктеп, оны қайтадан пайдалану қажет. Бұл көмектеспеді ме? Сіз Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.
IQOS литий-ионды батареялардан жұмыс істейді, олар үшін жұмыс температурасының келесі диапазондары ұсынылған: IQOS 2.4Plus 10–40 ᵒC, IQOS 3 және IQOS 3 Multi 0–50 ᵒC. IQOS-ты өте төмен немесе жоғары температурада пайдалану және сақтау аккумулятордың өмірлік циклін қысқартуы мүмкін.
Иә, шынында да, IQOS 3 Multi құрылғысы 2018 жылдың қараша айынан бастап сатылымда қолжетімді болды. Бұл үлгінің басты ерекшелігі қатарынан 10 сеансты пайдалану мүмкіндігі болды. Ең соңғы IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO шыққаннан кейін IQOS 3 MULTI құрылғысы өзектілігін жоғалта бастады. Осыған байланысты осы құрылғыны біздің ресми дүкендерде және ресми сайтта жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылданды.
Иә, шынында да, IQOS 3 Multi құрылғысы 2018 жылдың қараша айынан бастап сатылымда қолжетімді болды. Бұл үлгінің басты ерекшелігі қатарынан 10 сеансты пайдалану мүмкіндігі болды. Ең соңғы IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO шыққаннан кейін IQOS 3 MULTI құрылғысы біртіндеп өзектілігін жоғалта бастады. Осыған байланысты біздің ресми дүкендерде және ресми сайтта осы құрылғыны жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылданды.
Иә, шынында да, бұл құрылғы енді біздің сауда нүктелерімізге, IQOS ресми дүкендерінде және kz.iqos.com ресми сайтында сатылымда ұсынылмайды . Алайда, тауар сауда нүктесінде қолжетімді болған кезде, біз өндіруші белгілеген кепілдікке сәйкес бұзылған жағдайда ауыстыруды жүзеге асырамыз.
Сынған кезде біз сіздің IQOS 3 Multi құрылғыңызды қоймада болған жағдайда ұқсас түске ауыстыра аламыз. Өкінішке орай, бұл құрылғыны жеткізіу тоқтатылды, сондықтан біздің сауда нүктелерімізде қандай да бір түсті құрылғы болмауы мүмкін. Сіз бар түсті таңдай аласыз немесе IQOS 3 Multi құрылғысын IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысына Eco-Upgrade бағдарламасы бойынша ауыстыру мүмкіндігін қарастыра аласыз.
Біз барлық нүктелерімізде IQOS 3 Multi сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдадық, сондықтан Сіз оны біздің ресми дүкендерімізден және ресми сайтымыздан таба алмайсыз.
Иә, шынында да, біз осы құрылғыны сауда нүктелерінде және ресми сайтта жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылдадық. IQOS 3 Multi аксессуарлары енді сатылымда жоқ және аксессуарлардың қосымша жеткізілімдері болмайды.
Зарядтау деңгейін тексеру үшін — зарядтау құрылғысындағы түймені басыңыз.
Аккумулятордың зарядының күйін көрсету үшін индикаторлар үш секундқа жанады.
• 4 индикатор = 75%-дан астам зарядтау.
• 1 индикатор = төмен зарядтау деңгейі. Сіздің IQOS құрылғыңызды зарядтау керек
IQOS 3 электр розеткасынан толық зарядтау шамамен 120 минутты алады. Құрылғыны тек түпнұсқалық қуат беру адаптерімен және USB-кабелімен зарядтау ұсынылады.
IQOS 3 құрылғысын оның қалыпты жұмыс істеуі үшін оны толығымен зарядтаудың қажеті жоқ. Алайда, толық зарядта құрылғыны 20 есеге дейін пайдалануға болады.
Жоқ, жаңа зарядтау құрылғысы IQOS 2.4/2.4 PLUS құрылғыларымен үйлесімді емес.
IQOS 2.4/2.4 PLUS тұтқышының өлшемі IQOS 3 тұтқышының өлшемінен ерекшеленеді және тиісінше IQOS 3 зарядтау құрылғысына сыймайды.
Егер сіз IQOS 3 тұтқышын IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысына салсаңыз, онда IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысының индикаторы жыпылықтай бастайды, алайда IQOS 3 тұтқышы зарядталмайды.
Алдыңғы үлгіден айнымалы ток қуат адаптерін пайдалануға болады. Алайда, IQOS 3 USB кабелінде USB-C порты бар және алдыңғы үлгілермен қолдануға жарамайды.
IQOS 3 құрылғысын қайта жүктеу үшін зарядтау құрылғысындағы түймені 10 секунд басып тұру керек, содан кейін оны жіберіңіз. Зарядтау деңгейінің индикаторы жанады, екі рет жыпылықтайды, содан кейін қайта жүктеуді растау үшін қайтадан бірқалыпты жанады
Тұтқыш келесі жағдайларда дірілдей бастайды:
- сессияның басында (қыздыруды бастау үшін IQOS 3™ тұтқышының түймесін басқан кезде) — бір діріл;
- құрылғы пайдалануға дайын болғанда — 2 діріл;
- сессия аяқталуға жақын болғанда (сессия аяқталғанға дейін 30 секунд бұрын) — екі діріл
IQOS 3 индикаторларының ақ түсі қосымша зарядтау процесі, қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, батареяның толық заряды және т. б. сияқты әртүрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін. Индикаторлардың қызыл түсі (үзіліссіз немесе тұрақты) құрылғының жұмысындағы қатені білдіреді. Құрылғыны қайта жүктеп, оны қайтадан пайдаланып көріңіз. Бұл көмектеспеді ме? Сіз Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.
Индикаторлардың ақ түсі әр түрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін, мысалы, қосымша зарядтау процесі, құрылғыны қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, аккумулятордың толық заряды. Индикатордың қызыл түсі мынаны білдіруі мүмкін:
- Зарядтау құрылғысының бір төменгі индикаторы: құрылғының температурасы жұмыс ауқымынан тыс (0–50°C). -> Құрылғының жұмыс температурасы шегіне оралуын күтіңіз;
- Тұтқыш мәртебесінің индикаторы: Тұтқыш ақаулы. -> Құрылғыны қайта жүктеңіз.
Бұл көмектеспеді ме? Сіз Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.
IQOS 3 құрылғысының тек 3 индикация түрі бар: Қызыл, Ақ және Көк. Сары индикация жоқ. Егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысында сары индикаторларға тап болсаңыз, бұл темекі бөлшектері жарық индикаторларына түсіп, зарядтау құрылғысын СП-да тазалау керек дегенді білдіреді. Бұл жұмыс функционалына ешқандай әсер етпейді, сонымен қатар қандай да бір ақаулар туралы сигнал бермейді.
IQOS литий-ионды батареялардан жұмыс істейді, олар үшін жұмыс температурасының келесі диапазондары ұсынылған: IQOS 2.4 Plus 10–40 ᵒC, IQOS 3 және IQOS 3 Multi 0–50 ᵒC. IQOS-ты өте төмен немесе жоғары температурада пайдалану және сақтау аккумулятордың өмірлік циклін қысқартуы мүмкін.
IQOS ORIGINALS DUO / IQOS 3 DUO үйлесімді түрде IQOS 3 және біздің ең соңғы технологияларымыздың ең жақсысын біріктірді.
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышы — IQOS отбасындағы ең шағын және ең жылдам зарядталады.
Енді сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтаусыз қатарынан екі сеанс ішінде пайдалана аласыз.
Зарядтау деңгейін тексеру үшін — зарядтау құрылғысындағы түймені басыңыз.
Аккумулятордың зарядының күйін көрсету үшін индикаторлар үш секундқа жанады.
4 индикатор = 75%-дан астам зарядтау.
1 индикатор = төмен зарядтау деңгейі. Сіздің IQOS құрылғыңызды зарядтау керек
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысын желіден толық зарядтау үшін шамамен 120 минут қажет. Құрылғыны тек түпнұсқалық қуат беру блогымен және USB-кабелімен зарядтаңыз.
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысы жұмыс істеу үшін толық зарядтауды қажет етпейді, бірақ оны алғаш рет пайдаланар алдында толық зарядтауды ұсынамыз. Зарядтау құрылғысын толық зарядтау 20 сеансты қамтамасыз етеді.
Жоқ, жаңа зарядтау құрылғысы IQOS 2.4/2.4 PLUS құрылғыларымен үйлесімді емес.
IQOS 2.4/2.4 PLUS тұтқышының өлшемі IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышының өлшемінен ерекшеленеді және IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысына сыймайды.
Егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышын IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысына салсаңыз, онда IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысының индикаторы жыпылықтай бастайды, алайда IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышы зарядталмайды.
Сіз құрылғының алдыңғы нұсқаларынан IQOS қуат беру блогын пайдалана аласыз. Алайда, жаңа құрылғының USB кабелінің түрі (C түрі) IQOS 2.4/2.4 PLUS-тен ерекшеленеді.
Егер сіздің IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғыңыз зарядталған болса, бірақ жұмыс істемесе — оны қайта жүктеңіз. IQOS зарядтау құрылғысындағы түймені басып, индикаторлар сөнгенше оны 10 секунд ұстап тұрыңыз , содан кейін босатыңыз. Қайта жүктеуді растау үшін барлық индикаторлар сөніп, екі рет жыпылықтайды және қайтадан бірқалыпты жанады.
Тұтқыштың зарядтау мәртебесін екі тәсілмен тексере аласыз:
1. IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышының зарядтау мәртебесін тексеру үшін түймені басып, босатыңыз:
- 2 индикатор = сізге қатарынан 2 сеанс қолжетімді;
- 1 индикатор = сізге 1 сеанс қолжетімді;
- бірде-бір индикатор жанбайды — тұтқыш зарядталмаған.
2. IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысында тұтқыштың зарядтау мәртебесін тексеру үшін зарядтау құрылғысының түймесін басып, босатыңыз:
- 2 индикатор = сізге қатарынан 2 сеанс қолжетімді;
- 1 индикатор = сізге 1 сеанс қолжетімді;
- бірде-бір индикатор жанбайды — тұтқыш зарядталмаған.
МАҢЫЗДЫ: егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышын және IQOS 3 зарядтау құрылғысын пайдалансаңыз, онда индикаторлардың жұмысы ерекшеленуі мүмкін. Кейбір жағдайларда тұтқыштың зарядталу мәртебесін білу үшін IQOS 3 зарядтау құрылғысының тігілмесін жаңарту қажет болуы мүмкін.
Діріл сигналдары жүйесі IQOS-ты ыңғайлы және интуитивті пайдалану үшін жасалған. IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO діріл сигналдары жүйесі IQOS 3-тен өзгеше емес.
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO пайдалану кезінде сіз келесі діріл сигналдарын сезе аласыз:
- Пайдаланар алдында тұтқыш түймесін басқаннан кейін — бір діріл сигналы. Бұл IQOS қызып жатқанын білдіреді;
- Тұтқыш пайдалануға дайын — екі діріл сигналы;
- Және келесі 2 діріл сигналы — сеанс аяқталғанға дейін 30 секунд бұрын.
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO индикаторларының ақ түсі қосымша зарядтау процесі, қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, батареяның толық заряды және т. б. сияқты әртүрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін. Индикаторлардың қызыл түсі (үзіліссіз немесе тұрақты) құрылғының жұмысындағы қатені білдіреді. Құрылғыны қайта жүктеп, оны қайтадан пайдаланып көріңіз. Бұл көмектеспеді ме? Сіз құрылғыны Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.
Индикаторлардың ақ түсі әр түрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін, мысалы, қосымша зарядтау процесі, құрылғыны қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, аккумулятордың толық заряды.
Индикатордың қызыл түсі мынаны білдіруі мүмкін:
- Зарядтау құрылғысының бір төменгі индикаторы: құрылғының температурасы жұмыс ауқымынан тыс (0–50°C). -> Құрылғының жұмыс температурасы шегіне оралуын күтіңіз жане құрылғыны қайта жүткеңіз;
- Тұтқыш мәртебесінің индикаторы: Тұтқыш ақаулы. -> Құрылғыны қайта жүктеңіз.
Бұл көмектеспеді ме? Сіз құрылғыны Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.
IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысының тек 3 индикация түрі бар: Қызыл, Ақ және Көк. Сары индикация жоқ. Егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысында сары индикаторларға тап болсаңыз, бұл темекі бөлшектері жарық индикаторларына түсіп, зарядтау құрылғысын СП-да тазалау керек дегенді білдіреді. Бұл жұмыс функционалына ешқандай әсер етпейді, сонымен қатар қандай да бір ақаулар туралы сигнал бермейді.
IQOS ORIGINALS DUO / IQOS 3 DUO кең температуралар диапазонында жұмыс істеуге арналған, бірақ таяқшаның дәмі 0°-тан 50° C-қа дейінгі температурада пайдалану кезінде ең жақсы ашылады. IQOS-ты өте төмен немесе жоғары температурада пайдалану және сақтау аккумулятордың өмірлік циклін қысқартуы мүмкін.
Егер сіз lil SOLID 2.0 құрылғысын алғаш рет пайдаланып жатсаңыз, сізге құрылғыны ұйқы режимінен шығару керек – түймені 2 секунд ішінде басып тұрыңыз немесе зарядтау құрылғысын зарядтау ағытпасына қосыңыз. Батареяны толық зарядтау үшін шамамен 2 сағат қажет.
1. Құрылғының жоғары бөлігіндегі қыздыру камерасының қақпағын жылжытыңыз және ашыңыз;
2. Fiit темекі таяқшасын ол қыздыру камерасының түбіне тимейінше, таяқшаның темекі бөлігін төменбағыттап қыздыру камерасына салыңыз;
3. Түймені басып, діріл сезілмейінше 2 секундқа басып тұрыңыз. 2 секундтан кейін жарық диодты индикатор ашық көгілдір түсте жыпылықтайды және бір уақытта діріл сезілетін болады. Шамамен 25 секунд ішінде алдын ала қыздыру процесі басталады. Алдын ала қыздыру процесінің ұзақтығы қоршаған ортаға байланысты өзгеруі мүмкін. Алдын ала қыздыру процесі аяқталғанда, жарық диодты индикатор жанады және бір уақытта діріл орын алады. Ол алдын ала қыздырудың аяқталғанын және таяқша пайдалануға дайын екенін білдіреді.
Құрылғы пайдалануға дайын!
Қайсысы бірінші орын алатынына байланысты сізге 14 сору немесе 5 минут беріледі. Сеанстың соңына дейін 30 секунд қалғаны немесе 3 сору қалғаны туралы (қайсысы бірінші орын алатынына байланысты) сигнал беру үшін, бір діріл болады, ал жарық диодты индикатор сеанстың соңына дейін ашық көгілдір түсте жыпылықтайды. Сеанс аяқталғанда, жарық диодты индикатор және құрылғы автоматты түрде өшіріледі. Сізге түймені басу қажет емес.
Таяқшаны шығарып алу үшін оны 3 немесе одан да көп рет бір бағытта айналдырыңыз.
Сіз құрылғыны үзіліссіз қатарынан 3 ретке дейін пайдалана аласыз.
• Дәмі: Fiit және HEETS темекі таяқшалары бір өндірістік стандарттарға сәйкес өндірілсе де, біз әртүрлі темекі қоспаларын пайдаланамыз. Сол себепті әр бұйымның бірегей дәмдік құрамы бар.
• Ассортимент: Fiit желісінде 5 түрлі дәм бар, ал HEETS ассортиментінде классикалық темекіден бастап жидектер мен жемістердің хош иісті ноталарына дейін таңдауға болатын 14 нұсқа бар. Егер сіз өзіңіздің мінсіз дәміңізді таппасаңыз, біздің Дәмдер жөніндегі гидіміз сізге көмектеседі.
• Технологиялар: lil SOLID 2.0 және IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғыларындағы қыздыру технологиялары әртүрлі. lil SOLID 2.0 құрылғысында темекі өзектің көмегімен ішінен қыздырылады, ал IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысында темекі HeatControl технологиясының көмегімен жүз арқылы ішінен қыздырылады.
• HEETS темекі таяқшалары тек IQOS құрылғысымен, ал Fiit – тек Iil SOLID құрылғысымен ғана пайдалануға арналғанын ескеріңіз.
lil SOLID 2.0 – бұл отсыз, күлсіз және сигарет түтінінің иісінсіз темекінің нағыз дәмін қамтамасыз ететін «Барлығы біреуінде» қарапайым және ыңғайлы құрылғысы. Девайста темекіні жандырудың орнына ішінен біркелкі қыздыру үшін өзек тәрізді қыздыру элементі бар технология қолданылады. lil SOLID тек Fiit темекі таяқшаларымен бірге қолдануға арналған.
lil SOLID 2.0 құрылғысының заряд деңгейін тексеру үшін түймені басыңыз немесе құрылғыны берілген USB-кабелі мен қуат блогы көмегімен розеткаға қосыңыз. Батарея зарядының мәртебесі: Көк (100 ~ 60%), Ашық көк (60 ~ 30%), Қызғылт сары (30 ~ 1%), Кызыл –(зарядтау керек)
1. Діріл 2 секунд ішінде пайда болса да, түймені басып, 8 секунд ұстаңыз
2. Құрылғы қайта іске қосылады және жарық диодты индикатор кезекпен қызыл, сарғыш, ашық көгілдір және көк түстерде екі реттен жыпылықтайды
3. Құрылғы толығымен қайта іске қосылғанда, жарық диодты индикатор 1 секунд ішінде ашық көгілдір түсте жанады және құрылғы бір уақытта екі рет дірілдейді.
Тазалау алдында құрылғыны әрқашан өшіріңіз. Соңғы пайдаланғаннан кейін оны суытыңыз.
1. Қыстырғышты пайдалану үшін ⊙ белгісі бар жағын абайлап ашыңыз
2. Щетканы пайдалану үшін белгісі бар жағын абайлап ашыңыз
3. Құрылғыдан қақпақты шешіп алыңыз
4. Қыстырғышты құрылғыға салыңыз және қыстырғышты айналдыру арқылы құрылғыны тазалаңыз
5. Щетканы құрылғыға қойыңыз және щетканы айналдыру арқылы құрылғыны тазалаңыз
Жоқ. Басқа дайындау құрылымына байланысты lil SOLID құрылғысымен темекіні пайдалануға болмайды. lilSOLID құрылғысымен пайдалану үшін арнайы Fiit темекі таяқшалары әзірленген.
ФМИ-дің мақсаты бәрібір шылым шегуді немесе басқа да құрамында никотині бар өнімдерді пайдалануды жалғастыратын 21 жастан асқан барлық ересектердің мүмкіндігінше тез арада шылым шегудің ең жақсы баламаларына ауысуы болып табылады.
Түтінсіз сигарет алмастырғыштары желісін дамыту мен коммерцияландыру бойынша тұрақты түрде күш-жігер жұмсауымызға қоса, Оңтүстік Кореядан тыс аймақтарда lil-ді коммерцияландыру ересек шылым шегушілерге дәм, баға және технологияны таңдау тұрғысынан көбірек мүмкіндіктер бере отырып, түтінсіз өнімдер портфелін толықтырады.
Маңызды ақпарат: IQOS және lil SOLID қауіпсіз болып табылмайды.
Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар. Тек шылым шегуді немесе құрамында никотин бар өнімдерді пайдалануды жалғастырғысы келетін 21 жасқа толған және одан асқан тұлғалардың пайдалануы үшін.
Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар. Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.
Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.
Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:
Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.
Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.
Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.
Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.
Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.
Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.
Осы Пайдалану шарттары туралы
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің (бұдан әрі Пайдалану шарттарының мәтінінде - "біз" немесе "біздің компания") иелігіндегі және осы компания пайдаланатын немесе оның атынан пайдаланылатын WWW.IQOS.COM (әрі қарай - "Веб-сайт"), сайтына қош келдіңіз. Біз Қазақстан Республикасының аумағында 040440000348 БСН-мен тіркелген компания болып табыламыз. Компанияның шаруашылық қызметінің негізгі орны: Ілияс Жансүгіров к., 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 . Веб-сайтына тіркелген кезде төмендегі Веб-сайтын пайдалануыңызға қатысты маңызды мәліметтер келтірілген шарттармен (бұдан әрі - «Пайдалану шарттары») танысып шығып, оларды қабылдауыңыз керек болады. Веб-сайтты пайдаланбас бұрын осы Пайдалану шарттарымен толық танысып шығуыңыз қажет, өйткені осы Шарттарды орындауыңыз міндетті болып табылады. Осы Веб-сайтының белгілі бір бөлімдерін қолданғанда немесе Веб-сайтындағы Біз ұсынған кез келген ақпаратты өз мүддеңізде пайдаланған кезде басқа шарттар мен талаптарды немесе авторлық құқықтар туралы ескертулерді орындау қажет болуы мүмкін екендігін ескеріңіз. Мұндай жағдайда, біз бұл туралы сізге хабарлаймыз, және де кейбір жағдайларда, Веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сізге осындай шарттармен немесе хабарламалардың қағидаларымен танысып шығып, олармен келісетіндігіңізді растауыңыз керек болады. Сондай-ақ, осы Шарттарға мезгіл-мезгіл өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін екендігін есте сақтаңыз. Барлық өзгерістер мен толықтырулар Веб-сайтта орналастырылатын болады, сондықтан Веб-сайтта енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бар-жоқтығын қарап отыруыңызды сұраймыз. Біз өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін Веб-сайтын пайдалануды жалғастыру арқылы Сіз Пайдалану шарттарының жаңа нұсқасын қабылдағаныңызды растайсыз.
Веб-сайтты пайдалану
Веб-сайтқа кіру мүмкіндігі берілетін, тіркелген, жасы 21- ге толған шылым шегетіндер мен темекіні тұтынушыларға бағытталған. Веб-сайтқа қол жеткізу және пайдалану жасы 21-де және одан үлкен адамдарға ғана рұқсат етіледі. Осы тармақты бұзатын болсаңыз, Веб-сайтын пайдалануға немесе немесе оған кіруге әрекет етуге құқыңыз жоқ. Тіркелген кезде және Веб-сайтқа тіркеулік жазба енгізгенде бізге атыңыз, туылған күніңіз, тұрғылықты орныңыздың толық мекен-жайы (қала, көше, үй, пошта индексі), электрондық поштаңыз және телефон нөміріңіз сияқты бірқатар жеке деректеріңізді беруіңіз қажет болады. Бұл Сіздің Веб-сайтымызға қол жеткізуіңіз үшін қойылған талаптарға сәйкестігіңізді тексеруіміз үшін қажет. Бір пайдаланушы веб-сайтта тек қана бір есеп жазбасын тіркеп, қолдана алады. Бұл мәліметтер Құпиялылықты сақтау туралы хабарламаларғасәйкес сақталатын болады.
Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер
Құпия сөзіңіз қатаң құпия ақпарат болып табылады және үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс. Құпия сөзді құпия сақтау қажет. Пайдаланушы өзінің тіркелгісінен орындалатын барлық әрекеттер үшін жауапкершілік көтереді. Олар оның қисынды бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс. Сіз Веб-сайтқа кіру үшін Құпия сөзді немесе басқа ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқылы емессіз. Тіркеу жазбаңызды Сізден басқа кез келген тұлғаның пайдалануы Сіздің тіркеу жазбаңыздың қолданыс әрекетін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болады. Әлдекім Сіздің тіркеу жазбаңызды рұқсатсыз пайдаланған жағдайда немесе тіркеу жазбаңызды немесе Веб-сайтын пайдаланумен байланысты қауіпсіздіктің басқа түрі бұзылса, бұл туралы бізді дереу хабардар етуіңіз қажет.
Веб-сайтына қолжетімділікті өзгерту және тоқтата тұру
Біздің өз қалауымызбен Веб-сайттың әрекет ету тәртібіне өзгерістер енгізуімізге, оны немесе оған, немесе оның қандай да бір бөлігіне қолжетімділікті тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқымыздың бар екендігін ескеріңіз. Мысалы, біз осы Пайдалану шарттары бұзылған жағдайда, Сіздің Веб-сайтқа қолжетімділігіңізді тоқтата тұруға құқылымыз. Сонымен қатар, біз Веб-сайтқа кез келген уақытта жаңартулар енгізуге және оның мазмұнын өзгертуге құқылымыз. Веб-сайтта ұсынылған ақпаратты жаңарту бойынша қажетті шараларды жүзеге асырғандығымызға қарамастан, Веб-сайтымыздың мазмұны кез келген уақытта ескіріп кетуі мүмкін екендігі есіңізде болсын, және мұндай ақпаратты жаңартуға біз міндетті емеспіз. Біз қателіктерді түзету немесе өзге де өзгерістерді енгізу үшін ағымдағы немесе жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында, бүкіл Веб-сайттың немесе оның кез келген бөлігінің қалыпты жұмысын тоқтатуға да құқылымыз.
Веб-сайт пен материалдарды пайдалану
Веб-сайт және оның мазмұны (бағдарламалық жасақтаманы, файлдарды, графиканы, деректерді, суреттерді және басқа да материалдарды шектеусіз қосқанда) (бұдан әрі - "Материалдар") біздің компанияның және (немесе) тапсырыс берушілеріміздің меншігі болып табылады. Біздің жазбаша рұқсатымызды алмай, Веб-сайт Материалдарын немесе оның басқа бөліктерін пайдалануға, оларға өзгерістер енгізуге, оларды көшіруге, жаңғыртуға, қайта басып шығаруға, жүктеуге, орналастыруға, тапсыруға, таратуға, сатуға, лицензиялауға, жалға беруге, ортақ қолжетімділік үшін орналастыруға немесе орындауға, редакциялауға, бейімдеуге немесе қандай да бір жолмен олардың негізінде туынды шығармалар шығаруға құқыңыз жоқ. Сондай-ақ Веб-сайттың және оның Материалдарының Сіздің жеке пайдалануыңыз үшін ұсынылатындығына байланысты, Веб-сайтты немесе оның Материалдарын коммерциялық мақсаттарда пайдалануға және оларға қол жеткізуге тыйым салынады. Біздің тарапымыздан алдын ала жазбаша рұқсат алмай, Веб-сайтты немесе Материалдарды шаруашылық қызмет мақсаттарында қолдануды, - Материалдарды таратуды, ортақ пайдалануды, көшіруді, жаңғыртуды, жариялауды, өзгерістер енгізуді, таратуды, тапсыруды, атқаруды, көрсетуді, лицензиялауды немесе - кері кодтарын ашуды шектеусіз қосқанда, Веб-сайтты немесе Материалдарды басқалай пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Сілтемелер
Веб-сайтта үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер болуы мүмкін екендігін атап өткен жөн. Мұндай сілтемелер Сізге қолайлы болу үшін беріледі және үшінші тұлғалардың веб-сайттарын алға бастыруды білдірмейді. Ондай сайттар мен ресурстарды біз тікелей бақыламайтындықтан, біз олардың жұмысқа қабілеттілігіне, мазмұнына, жарнамасына, өніміне немесе осындай сайттарда немесе ресурстарда ұсынылған басқа да материалдар үшін жауапты емеспіз. Біз үшінші тұлғалардың ондай веб-сайттарын қарамаймыз да, сондықтан келесіні ойыңызда сақтаңыз: - Біз ондай сайттарға қол жеткізу талаптары мен ондай сайттарда қолданылатын жеке ақпараттың құпиялығын сақтауға қатысты саясатты қоса алғанда, ондай веб-сайттары үшін жауап бермейміз, сондай-ақ олардың мазмұнын немесе қолжетімділігін қадағаламаймыз; - Біз ондай веб-сайттарынан тауарлар, қызметтер немесе ақпарат алуға қатысты қандай да бір тікелей немесе жанама міндеттемелер жүктемейміз; және де - Сіз осындай сайтқа өткен жағдайда, толық жауапкершілік пен тәуекелдер көтересіз. Сіздің біздің алдын ала жазбаша келісімімізсіз, басқа веб-сайттарынан Веб-сайтқа жиектемелер, сілтемелер және сыртқы сілтемелер жасауға құқыңыз жоқ. Мұндай келісім бірқатар талаптарды орындаған жағдайда берiлуi мүмкiн. Веб-сайтқа жиектемелер, сілтемелер немесе сыртқы сілтемелер жасау қажет болса, Қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Құпиялық және cookies файлдары
Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің, сондай-ақ біздің Құпиялылықты сақтау туралы хабарламаларымыздың қағидалары Сіз берген немесе Веб-сайт арқылы Сізден алынған (cookies файлдарын пайдаланумен қоса) Сіздің жеке деректеріңізді жинау, пайдалану, табыстау және өңдеу қағидаттарын белгілейді. Сіздің Веб-сайтты тиімдірек пайдалануыңыз үшін Веб-сайтта cookies файлдары пайдаланылады. Cookie файлдарын пайдалану туралы біздің хабарламамыз біз пайдаланылатын cookies файлдарының түріне, жұмыс істеуіне және ажыратылуына түсініктемені қамтиды. Веб-сайтты пайдаланбас бұрын Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіммен, Құпиялылықты сақтау туралы хабарламамен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен танысып шығуыңыз керек. Сонымен бірге, олардың қағидалары осы Пайдалану шартының қағидалары сияқты кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.
Жауапкершіліктен босату туралы (жауапкершіліктен бас тарту туралы) мәлімдеме
Біз қарапайым және түсінікті ақпараттық Веб-сайтын жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатсақ та, осы Пайдалану шарттарының мәтінінде басқаны тура көрсетпесек, осы Веб-сайты «өз қалпында» шартымен ұсынылады. Бұл біздің Сіздің алдыңызда осы Веб-сайтқа қатысты қандай да бір жауапкершілікті көтермейтінімізді (төмендегі «Жауапкершілікті шектеу» бөлімінің қағидаларына сәйкес) білдіреді. Осылайша, Веб-сайтын қолданған кезде, оның Сіздің мақсаттарыңызға сай болуы үшін жауапкершілік өзіңізге жүктеледі. Осыған байланысты, біз Веб-сайттың Сіздің мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізге сай болуы немесе жарамдылығы үшін жауапкершілік көтермейміз және келесі қағидаларға қатысты барлық тікелей немесе жанама міндеттемелерді есепке алмаймыз: -Веб-сайтқа жаңылыссыз және үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету; -Веб-сайтта немесе Веб-сайтқа қолжетімділік қамтамасыз етілетін серверде вирустардың немесе басқа да зиянды компоненттердің жоқтығына кепілдік беру; және де -Веб-сайтта келтірілген немесе Веб-сайттың шегінде табысталатын немесе Веб-сайттың жұмыс істеуіне байланысты басқалай ұсынылатын мазмұнның дәлдігін, тиісті мазмұнын, уақыттылылығын, толықтығын, сенімділігін, жоғары сапасын немесе сәйкестігін қамтамасыз ету. Біз Веб-сайтта немесе оның мазмұнында қателіктер мен олқылықтардың болмауына кепілдік бере алмаймыз және Веб-сайт мазмұнының дәлдігіне, толықтығына және өзектілігіне қатысты қандай да бір тікелей немесе жанама кепілдіктер, жорамалдар, уәделер немесе міндеттемелер ұсынбаймыз.
Жауапкершілікті шектеу
Біз сіздің алдыңызда компьютерлік вирустың әсері, заңды пайдаланушыларға қызмет көрсетуден бас тартуға алып келетін әрекеттердің нәтижесінде немесе сіздің біздің Веб-сайтымызды (Веб-сайттың кез-келген мазмұнына немесе ол арқылы жүгінуді қоса алғанда) немесе ондағы сілтеме келтірілген веб-сайттарды пайдалануыңыздың нәтижесінде компьютеріңізге, бағдарламалық жасақтамаңызға, басқа түрдегі деректеріңізге немесе жеке материалдарыңызға вирус жұқтыруы мүмкін басқа техникалық зиянды бағдарламалардың ықпалымен байланысты кез келген түрдегі залалдың немесе зиянның туындағаны үшін жауапкершілік көтермейміз. Сонымен қатар, сіз Веб-сайттың жұмыс істеуі интернет пен басқа да жабдықтың (біздің меншікті аппараттық жасақтаманы немесе веб-браузерді қоса алғанда) дұрыс әрі тиімді жұмысымен және үшінші тұлғалар көрсететін қызметтермен байланысты екендігін, сондай-ақ біздің тарапымыздан ондай жабдық пен қызметтерге қатысты міндеттемелер мен жауапкершіліктің жоқтығын мойындап, келісесіз. Егер сіз біздің Веб-сайтымыздың тұтынушысы және пайдаланушысы болсаңыз, онда біздің пайдаланушының өзінің ғана тұтынуы мақсатында Веб-сайтымызға қолжетімділік беретінімізді ескеруіңіз қажет. Сіздің біздің Веб-сайтымызды коммерциялық немесе іскерлік мақсаттарда пайдалануыңызға құқыңыз жоқ, және біз сіздің алдыңызда қандай да бір арнайы, жанама немесе айыппұлдық залалдардың немесе зиянның туындауы нәтижесінде, немесе деректердің жоғалуына, ұтылған пайдаға, кірістер алмауға, іскерлік мүмкіндіктердің немесе беделдің жоғалуына байланысты жауапкершілік көтермейміз. Веб-сайттың жұмыс істеу кезінде немесе Веб-сайттың Сізге немесе басқа тұлғаларға табысталуын жүзеге асыратын жүйелердің жұмыс істеуі кезінде Сіздің әрекеттеріңіздің нәтижесінде техникалық жаңылыстар пайда болған жағдайда, Сіз осындай жаңылыстар мен соларға байланысты туындайтын заңгерлік қызметтер мен сот шығындары үшін өкілдердің орынды гонорарын қоса алғанда, жоғалу жағдайлары, жауапкершілік сомалары, шығыстар, зиян мен залалдар үшін жауапкершілікті мойындап, оны көтеруге келісесіз.
Хұкімет
Осы Пайдалану шарттары мен Сіздің Веб-сайтты пайдалануыңыз Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледі.
Осы Пайдалану шарттарына сәйкес біздің басқа да маңызды құқықтарымыз
Біз осы Пайдалану шарттары бойынша өзіміздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді басқа ұйымдарға тапсыруға құқылымыз. Сонымен бірге, мұндай табыстау Сіздің құқықтарыңызды немесе біздің Пайдалану шарттары бойынша міндеттелерімізді қозғамайды. Біз осы Пайдалану шарттары бойынша сіздің міндеттемелеріңізге қатысты талап ету құқығын пайдаланбаған жағдайда, немесе біз сізге қатысты өзіміздің талап ету құқықтарымызды сот тәртібімен пайдаланбаған кезде, немесе осындай құқықтарды пайдалану кешіктірілген жағдайда, бұл біздің тарапымыздан сот арқылы құқықтарымыздың орындалуын талап ету құқығынан бас тартуды немесе сіздің ондай міндеттемелерді орындау бойынша міндетіңіздің жоқтығын білдірмейді. Біз осы Пайдалану шарттары бойынша міндеттемелеріңізді орындамауыңызға немесе бұзуыңызға байланысты сот арқылы талап ету құқығымызды пайдаланбау туралы шешім қабылдаған жағдайда, бұл туралы сізге жазбаша ескертеміз. Осы Пайдалану шарттарының әрбір тармағы жеке қолданылады. Бұл сот немесе басқа билік органы Пайдалану шарттарының қандай да бір тармағын заңсыз, құқыққа қайшы немесе орындауға келмейтін деп таныған жағдайда, қалған тармақтардың толық көлемде қолданылатынын білдіреді. Осы Пайдалану шарттары Сізден және біздің компаниядан басқа қандай да бір үшінші тұлғаларға құқықтар бермейді.
Біздің байланысушы тұлғаларымыз
Осы Пайдалану шарттарына немесе Веб-сайтқа немесе олармен байланысты қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда, біздің Көмек парақшамыз арқылы бізбен байланысыңыз немесе келесі мекенжайымыз бойынша бізге хат жолдаңыз: “Филип Моррис Қазақстан" ЖШС Ілияс Жансүгіров к., 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 және B40A6M8
"Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-нің (Осы Cookie файлдарын пайдалану туралы
хабарламада бұдан әрі - "біз" немесе "бізді") иелігіндегі және ол
пайдаланатын немесе оның атынан пайдаланылатын WWW.IQOS.COM веб-сайтына (бұдан әрі -
"Веб-сайт") қош келдіңіз.
Осы Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарлама біздің Cookie файлдарын
және ұқсас қадағалау технологияларын келушілер туралы белгілі бір
мәліметтерді автоматты түрде жинауға арналған веб-сайтымызда пайдалану
тәртібінің сипаттамасын қамтиды. Сонымен қатар, онда біз пайдаланатын
cookies файлдарын қалай қабылдауыңызға немесе олардан бас тартуыңызға
болатыны түсіндіріледі.
Сookies файлдары - бұл компьютеріңізде орналасқан, сіздің қандай да бір
веб-сайтқа кіруіңіз үшін қажетті шағын мәтіндік файлдар. Веб-сайттарының
иелері сookies файлдарын сайттардың жұмысын қамтамасыз ету немесе жұмыстың
тиімділігін арттыру және есепті ақпарат ұсыну үшін кеңінен пайдаланады.
Веб-сайтының иесі баптаған сookies файлдары "негізгі "cookies"деп аталады.
Веб-сайтының иесі емес, басқа тұлға баптаған сookies файлдары "бөгде
"cookies"деп аталады. "Бөгде "cookies" веб-сайтындағы тәуелсіз опциялардың
(мысалы, талдамалы құралдардың) жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. Ондай
бөгде cookies баптаумен айналысатын тұлғалар айтылған веб-сайтына кіргенде
де, қандай да бір басқа веб-сайттарына кірген кезде де сіздің
компьютеріңізді анықтай алады.
Біз оларды веб-сайтымызға кірген адамдар туралы белгілі бір мәліметтерді
жинау үшін пайдаланамыз. Мұнда компьютердің IP-мекенжайы, браузердің түрі
мен экранның ажыратымдылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ белгілі бір
талдамалы ақпаратты (мысалы, қандай беттер қаралғандығын және қанша уақыт
қаралғандығын) немесе қалаулар туралы мәліметтерді (мысалы, тілді таңдау)
жатқызуға болады.
Бұл мәліметтер бізге келушілердің веб-сайтымызды қалай пайдаланатынын және
оны қалайша атқарымдырақ етуге болатындығын түсінуге мүмкіндік береді.
Алайда мәліметтер, келушілер өз еріктерімен келіспесе, олардың тұлғасын біз
анықтай алмайтындай жиналады.
Біздің веб-сайт арқылы алынатын сookies файлдар мен олардың мақсаттары
төмендегі кестеде сипатталған.
WWW.IQOS.COM
сайтын пайдалану арқылы сіз негізгі cookies файлдарын пайдаланумен
келісесіз, өйткені сайтпен жұмыс негізгі cookies файлдарын пайдалануды
қажет етеді, оларсыз сайттың кейбір элементтері жұмыс істеуге қабілетсіз.
Егер де сіз негізгі cookies файлдарын қабылдағыңыз келмесе, онда сайтты
пайдалануды тоқтатып, браузеріңіздің баптаулары арқылы компьютеріңізде
жасалған cookies файлдарын жоюыңыз қажет.
Сонымен қатар, «Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын
басқа құралдарды пайдаланасыз ба?» тармағында көрсетілгендей, IQOS.KZ
"Google, Inc." корпорациясы (бұдан әрі - “Google”) ұсынған Google Analytics
сервисін пайдаланады.
«Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын басқа құралдарды
пайдаланасыз ба?» тармағындағы нұсқауларды орындап, сіз Google-дың бөгде
cookies-терін пайдаланудан бас тарта аласыз. Сізге жүйелік әкімшіңіздің
көмегі керек болуы мүмкін.
Егер де сіз бөгде cookies файлдарынан бас тартамын деп шешсеңіз, онда бұл
веб-сайтымыздың кейбір атқарымдық мүмкіндіктеріне теріс әсерін тигізуі
ықтимал екендігін есте сақтаңыз.
Жоқ. Қазіргі кезде біз мақсатты жарнама үшін веб-сайтымыз арқылы сookies файлдарын қабылдамаймыз, сондай-ақ мұны қандай да бір үшінші тұлғаларға жасауға рұқсат етпейміз.
IQOS.KZ "Google, Inc." корпорациясы (бұдан әрі - “Google”) ұсынған Google
Analytics сервисін пайдаланады. Google Analytics сервисі пайдаланушылардың
сайтты қолдануын талдауға көмектесетін cookies файлдарын пайдаланады.
Сookies файлдарының көмегімен алынған веб-сайтты пайдалану туралы
мәліметтер (IP-мекенжайларыңызды қоса алғанда), АҚШ-дағы Google
корпорациясына табысталады. IP-мекенжайының қайда екендігіне қарамастан
(Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер, Еуропалық экономикалық аймақ туралы
келісімнің басқа да тараптары немесе қандай да бір басқа мемлекет), Google
IP-мекенжайының соңғы октетін (IPv4 мекенжайлары үшін) немесе соңғы 80
битін (IPv6 мекенжайлары үшін) (“IP-бүркеу” деп аталатын) иесіздендіреді.
Google мұны оның “anonymizeIP” жүйесін барлық елдер үшін белсенді еткеніміз
себепті жасайды. Ақырында, Google иесіздендірілген ақпаратты АҚШ-тағы
серверлерде сақтайды. Google бұл мәліметтерді сіздің веб-сайтын
пайдалануыңызды бағалау, бізге веб-сайтының жұмысы туралы есептер дайындау
және веб-сайтының жұмысымен және интернетті қолданумен байланысты басқа да
қызметтер көрсету үшін біздің атымыздан пайдаланады. Google сіздің
IP-мекенжайыңызды өзінде бар қандай да бір басқа деректермен
байланыстырмайды.
«Сookies файлдарын қалай басқара аламын?», тармағында көрсетілгендей, сіз
браузердің қосылатын модулін жүктеп және орнатып, Google-дың деректер
(cookies пен IP-мекенжайлары) жинауына және оларды пайдалануына мына жерден
тыйым сала аласыз.
Қосымша мәліметтер алу үшін төмендегі сілтемелерге өтіңіз.
Біздің Google analytics серверін қолдану шарттарымызбен
,
деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша Google
ұсынатын мәліметтермен
,
Google-дың деректердің құпиялылығын сақтау туралы ескерту жасау
шарттарымен
танысып шығыңыз.
Жоқ. Веб-сайтымызға кірушілер туралы мәліметтерді жинау үшін біз жоғарыда сипатталған cookie файлдарын ғана пайдаланамыз.
Сookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамыз бойынша сізде сұрақтар
туындаса немесе ескертпе жасағыңыз келсе,
"Көмек"
бетіміз арқылы бізбен байланысыңыз немесе мына мекенжай бойынша бізге хат
жолдаңыз:
“Филип Моррис Қазақстан" ЖШС
040700 Қазақстан Республикасы
Алматы облысы, Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті, Жансүгіров к-сі, 1.
Осы ғаламдық хабарлама «Филип Моррис Интернэшнл» үлестес компанияларының тарапынан жиналатын және өңделетін дербес деректерге қатысты жалпы ережелерді сипаттайды. Осы хабарламаның қандай да бір ережесінің Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне немесе дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі келісімнің ережелеріне қайшы келген жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері және дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі келісімнің ережелері басым күшке ие болады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді қорғауға жауапты түрде қараймыз. Бұл хабарламада сізге біздің кім екеніміз, қандай дербес деректерді жинайтынымыз және оларды қалай өңдейтініміз туралы ақпарат бар. Қосымша ақпарат алу үшін әр бөлімде «қосымша ақпарат» («қосымша ақпарат») жазбасын басыңыз.
Сонымен қатар, сізді қызықтыратын қызметтерге қатысты біздің ақпаратты пайдалану шарттарымызды оқып шығыңыз. Оларда біздің бизнесті қалай жүргізетініміз туралы, сондай-ақ біздің ақпаратты пайдалану құқығымызға қатысты кез келген шектеулер туралы қосымша ақпарат келтірілген.
Біз кімбіз?
Біз «Филип Моррис Интернэшнл» (Philip Morris International) компаниясы тобының мүшесі болып табыламыз. Біздің деректемелеріңіз (атауы, мекен-жайы және т.б.) Сіздің дербес деректеріңізді жинау сәтінде (немесе жинау үшін) қолданба немесе сайттағы хабарламада немесе осы хабарламаға сілтеме бар электрондық хатта бөлек берілген болатын.
Толығырақ білу…
ФМИ: «Филип Морис Интернэшнл» жетекші халықаралық темекі өнімін өндіруші болып табылады. «Филип Морис Интернэшнл» тобы бірқатар компаниялардан немесе «үлестес тұлғалардан» тұрады.
ФМИ үлестес тұлғалары : «Филип Моррис Интернэшнл» компаниялар тобының әрбір мүшесі «ФМИ үлестес тұлғасы» болып табылады. «Біз» (немесе «бізді», немесе «біздің») Сіздің дербес деректеріңізді бірінші болып жинаған ФМИ үлестес тұлғасын білдіреді.
ФМИ өнімі : біздің өнімді немесе басқа ФМИ үлестес тұлғасының өнімін білдіреді.
Сіздің дербес деректеріңізді біз қалай жинаймыз?
Біз Сіздің дербес деректеріңізді әр түрлі жолдармен жинай аламыз.
Сіз бізге ақпаратты тікелей бере аласыз (мысалы, сайттағы тіркелу формасын толтыру немесе бізге қоңырау шалу арқылы).
Біз ақпаратты автоматты түрде жинай аламыз (мысалы, Сіз қолданбаны немесе ФМИ сайтын пайдаланған кезде).
Біз үшінші тараптардан ақпаратты ала аламыз (мысалы, Facebook немесе Twitter сияқты әлеуметтік желілердегі жалпыға қолжетімді ақпарат).
Осы хабарламада Сіз оларды пайдалана отырып, бізбен байланыса алатын барлық әдістерді «ФМИ байланысу нүктелері» («PMI touchpoints») деп атаймыз. ФМИ байланыс нүктелері физикалық (мысалы, дүкендер мен іс-шаралар) және виртуалды (мысалы, қолданбалар мен сайттар) нүктелерді қамтиды.
Толығырақ білу…
Біз Сіздің тікелей берген ақпаратыңызды жинай аламыз. Әдетте, бұл сіз:
біздің дерекқорларымызға Сіз туралы ақпаратты қосуға келіскен кезде (бұл, мысалы, қолданба арқылы немесе онлайн режимінде болуы мүмкін);
бөлшек сауда дүкендерінде ФМИ өнімдерін сатып алған кезіңізде;
ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктесін жүктеген немесе пайдаланған кезде (мысалы, қолданба немесе сайт);
бізбен ФМИ-мен байланысу нүктесі арқылы, электрондық пошта, әлеуметтік желілер немесе телефон арқылы хабарласқан кезде;
бізде құрылғыны тіркеген кезде;
ФМИ ақпараттық порталына жазылған кезде;
ФМИ баспасөз хабарламарын, ақпараттық немесе маркетингтік хабарламаларын алуға жазылған кезде;
ФМИ сауалнамаларына немесе ФМИ жарыстарына немесе науқандарына қатысқан кезде (заңмен рұқсат етілген жерде); немесе
ФМИ үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан кезде орын алады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді автоматты түрде жинай аламыз. Әдетте, бұл сіз:
ФМИ өнімдері сатылатын дүкенге барған кезде (мысалы, деректеріңізді кассада немесе мобильді технологияларды пайдаланып, дүкенде орналасқан сенсорлар арқылы жинау жолымен);
ФМИ үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан кезде (мысалы, осындай іс-шарада сатып алу арқылы немесе мобильді технологияларды пайдаланып, іс-шарада орналасқан сенсорлар арқылы);
бізбен байланысқан кезде (мысалы, ФМИ-мен байланысу нүктесі немесе әлеуметтік желілер арқылы);
ФМИ-мен байланысу нүктелерін пайдаланған кезде (мысалы, қолданбада немесе сайтта қадағалау механизмдері арқылы); немесе
біз жазылған әлеуметтік желілерде шектелмеген тұлғалар шеңберінде жарияланым орналастырған кезде (мысалы, қоғамдық пікірдің қандай екенін түсіне алуымыз үшін немесе ФМИ өнімдеріне қатысты сұрауларға жауап беру үшін).
Сонымен қатар, біз Сіздің дербес деректеріңізді cookie-файлдарын пайдалана отырып, сондай-ақ ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктелерінде ұқсас қадағалау технологияларын пайдалану арқылы автоматты түрде жинай аламыз. Нақты cookie-файлдар мен пайдаланатын технологиялар ФМИ-мен нақты байланысу нүктесіне байланысты болады. Cookie-файлдар туралы (соның ішінде «Гугл» (Google) пайдаланатын аналитикалық cookie-файлдары туралы), сондай-ақ ФМИ-мен байланысу нүктесінде қолданылатын ұқсас технологияларды, соның ішінде сookie-файлдарды қалай қолдана алатыныңыз туралы немесе олардан бас тарта алатыныңыз туралы білу үшін, өтінеміз, осындай ФМИ-мен байланысу нүктесінде немесе ол арқылы сookie-файлдары туралы хабарламамен танысыңыз...
Заңмен рұқсат етілген жағдайларда Сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғалардан ала аламыз. Мұнда ФМИ үлестес тұлғалары бір-бірімен бөлісетін ақпарат, үшінші тұлғалардың әлеуметтік желілеріндегі (мысалы, Facebook және Twitter) ашық дереккөздерден профильдік ақпарат (мысалы, сіздің қалауыңыз бен мүдделеріңіз), сонымен қатар шеткі маркетингтік агенттіктерден алынған маркетингтік тізімдер кіруі мүмкін.
Сондай-ақ, біз Сізге ақпаратты жинау сәтінде анық болатын басқа да жағдайларда ақпаратты жинай аламыз.
Біз Сіздің қандай дербес деректеріңізді жинаймыз?
Біз әр түрлі дербес деректерді жинай аламыз:
Сіздің тапсырыстарыңызды орындау үшін қажетті ақпарат
кепілдік қызметтерді ұсыну үшін қажетті ақпарат
Сіз формаларда немесе сауалнамаларда беретін ақпарат
Сіздің біздің дүкендер мен іс-шараларымызға барғаныңыз туралы ақпарат
Сіз колл-орталықтарға қоңырау шалған кезде беретін ақпарат
Сіздің қалауларыңыз бен мүдделеріңіз туралы ақпарат
Сіздің жасыңызды тексеру үшін қажетті ақпарат
Толығырақ білу…
Біз сізден тікелей алатын ақпарат Сіздің оны берген жағдайдан анық көрінеді. Мысалы:
ФМИ-мен байланысу нүктесі арқылы бізге тапсырыс берген кезде Сіз шот шығару өз есіміңізді, байланыс ақпаратын, реквизиттерді, сонымен қатар Сіздің тапсырысыңызды орындай алуымыз үшін өнімдердің қайсысын таңдағаныңызды хабарлайсыз;
Сізді қызықтыратын өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін өзіңіздің өнімдік артықшылықтар мен мүдделеріңіз туралы ақпаратты беруіңізге болады;
егер Сіз бізбен (немесе біздің өнімдерімізді немесе қызметтерді қолдайтын адаммен) кездесуге келіссеңіз, біз Сіздің есіміңізді және байланыс ақпаратын жинай аламыз;
біз жасыңызды растауға мүмкіндік беретін ақпаратты, мысалы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе сіздің бет-бейнеңізді сәйкестендіру үшін суретіңізді жинауымыз мүмкін.
Біз автоматты түрде жинайтын ақпарат негізінен мыналарға қатысты болады:
Сіздің сапарыңыз немесе қоңырауыңыз туралы ақпарат (мысалы, уақыт пен ұзақтығы);
дүкенде немесе іс-шара барысында (тікелей жақын жерлерді қоса алғанда): мұндай орындарға қаншалықты жиі барасыз, қандай жерлерге барасыз және онда қанша уақыт өткізесіз, сонымен қатар қандай сатып алу жүргізесіз;
Сіздің ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктесін пайдалануыңыз (мысалы, сіз кірген парақшалар, сіз келіп түскен парақша және Сіз өткен парақша, енгізілген іздеу шарттары немесе ФМИ-мен байланысу нүктесі ішінде сіз өтетін сілтемелер); және
құрылғыңыздың пайдалануы (мысалы, Сіздің IP-мекенжайыңыз немесе бірегей құрылғы сәйкестендіргіші, орналасқан жері туралы деректер, құрылғыңызда сақталған кез келген cookie-файлдары туралы мәліметтер).
Үшінші тараптардан жинайтын ақпарат, әдетте, жалпыға қолжетімді болатын, мысалы, әлеуметтік желілерде орналастырылған жазбалардағы профиль ақпараттары (мысалы, сіздің қалауларыңыз бен мүдделеріңіз) болып табылады.
Сіздің дербес деректеріңізді қандай мақсатта пайдаланамыз?
Бұл бөлімде біз дербес деректеріңізді пайдаланатын мақсаттарды сипаттаймыз. Дегенмен, бұл жаһандық хабарлама және қандай да бір мемлекеттің заңдары белгілі бір қызмет түрлерін шектейтін немесе тыйым салатын жағдайларда біз Сіздің дербес деректеріңізді көрсетілген мемлекетте мұндай мақсаттарда пайдаланбаймыз.
Жоғарыда айтылғандарды орындаған жағдайда, біз Сіздің дербес деректеріңізді келесі мақсаттар үшін пайдаланамыз:
Заңнамамен қарастырылған міндеттемелерді орындау үшін, мысалы, Сіздің жасыңызды, сонымен қатар Сіздің құрамында никотин болатын өнімді тұтынатыныңызды нақтылау үшін
Сізге өнімдерді сату, соның ішінде Сіздің тапсырыстарыңызды орындау және төлемдеріңізді өңдеу үшін
Сатылымға байланысты қызметтерді, соның ішінде Сіздің сұрауларыңыз бен өтінімдеріңізді өңдеумен қоса, сонымен қатар кепілдік қызметтерін ұсыну үшін
Өнімді нарыққа шығару үшін (заңмен рұқсат етілген жерлерде), соның ішінде бейілділік бағдарламаларын жүргізу, өнімдерді жетілдіру, нарық конъюнктурасын зерттеу, маркетингтік стратегияларды әзірлеу, маркетингтік науқандарды жүргізу және ФМИ өнімдерін сататын дүкендерге және іс-шараларға бару тәжірибеңізді бейімдеу үшін
ФМИ өнімін сату немесе алға жылжыту бойынша кампанияларға қатысу үшін ықтимал мүмкіндіктер туралы біз немесе біздің әскерлік серіктестеріміздің Сізге хабарлауы үшін
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қолдау үшін, соның ішінде есептік жазбаларыңызды жүргізу үшін, Сізге ФМИ-мен байланысу нүктелерін пайдалану мүмкіндігін беру үшін, бізбен немесе біздің өнімдерімізді немесе қызметтерді қолдайтын басқа біреумен кездесулеріңізді басқару үшін (мысалы, жаңа өнімге қатысты немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты), алаяқтықтың алдын алу үшін, соның ішінде ФМИ-мен байланысу нүктелеріне бару тәжірибеңізді бейімдеу үшін, сондай-ақ басқару және мәселелерді шешу мақсатында
Бизнесті талдау және жетілдіру үшін, соның ішінде ФМИ өнімдерін, дүкендер мен іс-шараларды, сонымен қатар біз (немесе біздің үлестес тұлғаларымыз) клиенттерімізге беретін ақпаратты жетілдіру үшін
Біз сізді хабардар ететін немесе Сіз туралы ақпарат алғаш рет жиналған нүктедегі орын алған жағдайда анық болатын мақсаттар үшін
Біз Сіз туралы ақпаратты төменде көрсетілген құқықтық негіздердің бірі бойынша пайдаланамыз (біз «Толығырақ білу» бөлімінде егжей-тегжейлі түсіндіреміз):
бізге қатысты заң бойынша міндеттемелерді сақтау;
біз тарабы болып табылатын келісімшартты орындау;
ақпаратты қорғау бойынша Сіздің мүдделеріңізден жоғары болатын заңды іскерлік мүдде;
жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы қолданылмаса - сіздің келісіміңіз (біз ақпаратты өңдеуден бұрын сұрайтын боламыз).
Толығырақ білу…
Жинаудың тиісті әдістерімен және пайдаланудың құқықтық негіздері көрсетілетін Сіз туралы ақпаратты пайдаланатын мақсаттар келесідей:
Мақсат |
Жинау әдісі және Өңдеудің құқықтық негіздері |
Заң талаптарын сақтау • жасыңызды, сондай-ақ құрамында никотин болатын өнімді тұтынуыңызды нақтылау |
Әдетте, Сіз бізге мұндай ақпаратты тікелей бересіз. Біз оны өнімді тек 21 жасқа толған және одан жоғары сатып алушыларға сату бойынша заңда белгіленген міндеттемелерді сақтауға міндетті болғандықтан немесе заңмен мұндай талап белгіленбеген мемлекеттерде пайдаланамыз, өйткені бізде 21 жасқа толған және одан жоғары сатып алушыларға сатудан тұратын заңды іскерлік мүдде бар, ол өзіңіз туралы ақпаратты қорғаумен байланысты Сіздің мүдделеріңізден, құқықтарыңыздан және бостандықтарыңыздан басым болады. |
Біздің өнімдерімізді сату Сіздің тапсырыстарыңызды орындау (соның ішінде түбіртек жіберу) төлемдеріңізді өңдеу • кепілдік қызметтерін ұсыну |
Әдетте, Сіз бізге мұндай ақпаратты тікелей бересіз (әдетте есім, мекен-жайы, электрондық пошта мекенжайы, төлем туралы ақпарат). Біз оны біздің өнімдерімізді сатып алушы ретінде Сіздің алдыңызда біздің келісім-шарттық міндеттерімізді орындау үшін пайдаланамыз. |
Сатылымға байланысты қызметтерді ұсыну Сіздің сұрауларыңыз бен өтінімдеріңізді өңдеу сізбен хабарласу жалпы басқару және мәселелерді шешу • бейілділік бағдарламаларын жүргізу |
Әдетте, Сіз бізге мұндай ақпаратты тікелей бересіз. Біз оны біздің клиенттерімізге сатылымға байланысты қызметтерді ұсынуға заңды іскерлік мүддеміз болғандықтан пайдаланамыз, бұл сіз туралы ақпаратты қорғаумен байланысты сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыздан жоғары болады. |
Өнімді сату (заңмен рұқсат етілген жерде) Сіздің қалауыңызды (мысалы, қандай өнімдер немесе іс-шаралар сізді қызықтыруы немесе Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес болуы мүмкін) түсіну және заңмен рұқсат етілген жерде сізге тікелей сату бейілділік бағдарламаларын жүргізу Сізді сауалнамаларға қатысуға және жүргізуге немесе нарық конъюнктурасын зерттеуге қатысуға және жүргізуге шақыру нарық конъюнктурасын зерттеу маркетингтік стратегияларды әзірлеу маркетингтік науқандарды жүргізу • ФМИ-мен байланысу нүктелерімен байланысты Сіздің тәжірибеңізді бейімдеу (мысалы, сіздің келулеріңізді дербестендіру үшін, мысалы сәлемдесу және сізді қызықтыратын ұсыныстар жасау арқылы) |
Бұл, әдетте, Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге (мысалы, Сіздің есіміңіз және байланыс деректеріңіз, сонымен қатар Сіз туралы әлеуметтік желілердегі ақпарат); біз автоматты түрде жинайтын ақпарат (мысалы, ФМИ-мен байланысу нүктелерін пайдалануды қадағалау бойынша технологияларды пайдалана отырып) және (заңмен рұқсат етілген) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпарат (мысалы, әлеуметтік желілерде орналастырылған жазбалар). Біз өз өнімдерімізді нарыққа шығаруды, ФМИ-мен байланысу нүктелерін басқаруды және өзіңіз туралы ақпаратты қорғаумен байланысты сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыздан жоғары болатын Сіздің тәжірибеңізді бейімдеуді қамтитын іскерлік мүддеміздің болуына негізделіп пайдаланамыз. |
Біздің өнімдерімізді сату (заңмен рұқсат етілген жерде) • Сізге ФМИ үлестес тұлғалары туралы ақпаратты беру, сондай-ақ оларды, олардың науқандарын, өнімдері мен қызметтерін, дүкендерін, іс-шаралары басқару үшін және темекі өнімін реттеу үшін; осы мақсаттарға жету үшін механизмдерді әзірлеу және жетілдіру |
Бұл, әдетте, Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге (мысалы, Сіздің есіміңіз және байланыс деректеріңіз, сонымен қатар Сіз туралы әлеуметтік желілердегі ақпарат); біз автоматты түрде жинайтын ақпарат (мысалы, cookie-файлдар мен ұқсас технологияларды пайдалану арқылы) және (заңмен рұқсат етілген) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпарат (мысалы, әлеуметтік желілерде орналастырылған жазбалар). Біз оны ақпаратты қорғаумен байланысты Сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыздан жоғары болатын, осындай заттарды сатуды қамтитын заңды іскерлік мүддеміздің болуы негізінде пайдаланамыз. Заң бойынша талап етілетін кейбір елдерде біз Сізге тек Сіздің келісіміңізбен ғана электронды материалдарды жібереміз. |
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарда қолдау көрсету тіркелгілерді басқару Сіздің есептік жазбаларыңызды басқару Сізге ФМИ-мен байланысу нүктелерін пайдалану мүмкіндігін беру (мысалы, Сізге тек авторландырылған пайдаланушыларға ғана берілетін ФМИ-мен байланысу нүктесінің секцияларында жүйеде қалуға рұқсат ете отырып) Сіздің тілге қатысты қызығушылықтарыңызды басқару, Сіздің себетіңізді Сізден соң бекіту Сізбен хат алмасу Сіздің бізбен немесе біздің өніміміз немесе қызметтерімізді қолдайтын біреумен кездесулеріңізді басқару (мысалы, жаңа өнәмге немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты) Тәжірибеңізді байыту ·мәселелерді басқару және шешу |
Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге (әдетте аты, құпиясөз (немесе баламасы)) және біз автоматты түрде жинайтын ақпарат (мысалы, Сіздің құрылғыңыз туралы ақпарат, cookie-файлдар және ұқсас қадағалау технологиялары). Біз оны біз қолдайтын ақпаратты пайдалану мақсаттарына сәйкес келетін негізде пайдаланамыз. Мысалы, сатып алуға қолдау көрсету немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету үшін есептік жазбаңызды басқаратын кезде біз өзіміздің келісім-шарттық міндеттерімізді өз өнімдерімізді сатып алушы ретінде Сіздің алдыңызда орындау үшін пайдаланамыз; біз Сізге өнімдерімізді көрсету үшін есептік жазбаңызды басқаратын кезде біз өнімді сатуды қолдаймыз және ақпаратты қорғаумен байланысты Сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыздан жоғары болатын, біздің өнімді сатуды қамтитын заңды іскерлік мүддеміздің болуы негізінде пайдаланамыз, және тағы басқалар. |
Бизнесті талдау және жетілдіру Бізге немесе бизнес-серіктестерімізге ФМИ өнімдерін алға жылжыту үшін ықтимал мүмкіндіктер туралы Сізге хабарлауға мүмкіндік беру • бизнесті талдау және жетілдіру мақсатында (соның ішінде ФМИ өнімдеріне, ФМИ өнімдерін сатумен айналысатын дүкендер, іс-шаралар, ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктелері және біз (немесе біздің үлестес тұлғаларымыз) клиенттерімізге беретін ақпарат |
Бұл, әдетте, Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге; біз автоматты түрде жинайтын ақпарат және (заңмен рұқсат етілген) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпарат. Біз оны біздің коммерциялық қызметтің тиімділігін талдау және арттыруды, өнімімізді жетілдіруді, ФМИ-мен байланысу нүктелерін, дүкендер мен іс-шараларды жетілдіруды қамтитын, сонымен қатар ФМИ өнімін алға жылжытуға қатысу үшін басқа тұлғаларды шақыруды қамтитын, ақпаратты қорғаумен байланысты Сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыздан жоғары тұратын біздің заңды іскерлік мүддеміздің бар болуы негізінде пайдаланамыз. |
Біз сіз туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілген заңды негіздердің бірімен байланыстырмаған жерде біз ақпаратты өңдеуден бұрын сіздің келісіміңізді сұраймыз (бұл жағдайлар жағдайдан анық болады).
Кейбір жағдайларда сіз туралы ақпаратты жоғарыда сипатталмаған тәсілдермен қолдана аламыз. Мұндай жағдайда, біз мұндай пайдалануды түсіндіретін қосымша құпиялық туралы хабарлама жібереміз. Осы хабарламамен бірге кез-келген қосымша хабарламаны оқығаныңыз жөн.
Сіздің дербес деректеріңізді кімге және қандай мақсаттарда береміз?
Сіздің дербес деректеріңізді келесі тұлғалармен бөлісуге құқылымыз:
ФМИ үлестес тұлғалары;
ФМИ үлестес тұлғаларына өнімдер немесе қызметтерді ұсынатын үшінші тұлғалар;
олардың пікірі бойынша Сіздің қызығушылықтарыңыздан шыға келе Сізді қызықтыруы мүмкін деп ойлайтын ұсыныстарды Сізге жібере алуы үшін ФМИ үлестес тұлғаларының мұқият іріктелген іскерлік серіктестері мен агенттіктері (біздің өнімдерге қатысты немесе олардың стилі мен кескініне сәйкес келетін жерлерде); және
заңмен талап етілген немесе рұқсат етілген басқа үшінші тараптар.
Толығырақ білу…
Басқа ФМИ үлестес тұлғаларына деректерді беру
Сіз туралы ақпарат ФМИ үлестес тұлғалары үшін дербес деректерді өңдеуді орталық басқару жүргізілетін «Филип Моррис Интернэшнл Менеджмент СА» (Philip Morris International Management SA) (штаб-пәтері Лозаннада орналасқан, Швейцария) компаниясына берілетін болады. «Филип Моррис Интернэшнл Менеджмент СА» Сіз туралы ақпаратты осы хабарламада сипатталған барлық мақсаттар үшін өңдейді.
Сіз туралы ақпарат осы хабарламада сипатталған барлық мақсаттар үшін Сіз өмір сүретін ел үшін жауапты ФМИ үлестес тұлғасына (егер бұл ақпаратты алғаш жинаған ФМИ үлестес тұлғасы болмаса) берілуі мүмкін.
Сіз туралы ақпарат Сізге көрсетілетін қызметтерімізді оңтайландыру үшін Сіз байланысатын кез келген басқа ФМИ үлестес тұлғасына (мысалы, егер Сіз сапарға шыққан болсаңыз және жаңа елде ФМИ өнімдерін қайдан сатып алуға болатынын білгіңіз келсе немесе ФМИ өнімдеріне қатысты қызмет көрсету немесе қолдауды алғыңыз келсе) берілуі мүмкін.
ФМИ үлестес тұлғаларының реквизиттерімен және олардың тіркелу елдері туралы ақпаратпен мұнда танысуға болады.
Деректерді үшінші тараптарға беру
Біз Сіз туралы ақпаратты ФМИ үлестес тұлғаларына немесе Сізге өнімдерді немесе қызметтерді (мысалы, кеңесшілер, төлем қызметтерін жеткізушілер, жеткізу қызметтерін жеткізушілер, бөлшек саудагерлер, өнім бойынша сарапшылар, ақпараттық қызметтерді жеткізушілер және жасты тексеру бойынша қызметтерді жеткізушілер) ұсынатын үшінші тұлғаларға бере аламыз.
Сіздің қалауыңыз бойынша Сізді қызықтыруы мүмкін деп ойлайтын өнім, қызметтер немесе науқандарға қатысты Сізге ұсыныстарды жібере алу үшін біз Сіз туралы ақпаратты ФМИ үлестес тұлғаларының мұқият іріктелген іскери серіктестері мен агенттіктеріне (біздің өнімдерімізге ұқсата алатын заттарға сәйкес, себебі олар, мысалы, ұқсас немесе толықтырушы бейнеге, стильге немесе құрылымдылыққа ие) бере аламыз.
Заңнамада талап етілген немесе рұқсат етілген жағдайда Сіз туралы ақпаратпен басқа үшінші тұлғалармен бөлісуіміз мүмкін, мысалы: реттеуші органдар; мемлекеттік департаменттер; құқық қорғау органдарының немесе басқа да мемлекеттік органдардың өтінмдеріне жауап ретінде; біз ақпаратты ашу қажет деп шешкен кезде немесе физикалық залал немесе қаржылық шығындарды болдырмау үшін тиісті деп санаған кезде немесе күдікті немесе іс жүзіндегі заңсыз әрекеттерге қатысты тергеуге байланысты; сондай-ақ компанияны қайта құрылымдау шеңберінде.
Сіз туралы ақпарат қайда жіберілуі мүмкін?
Кез-келген ұлтаралық компания сияқты, ФМИ үлестес тұлғалары бүкіл әлем бойынша ақпаратты таратады. Тиісінше, Сіз туралы ақпарат әлем бойынша берілуі мүмкін (егер Сіз туралы ақпарат Еуропалық экономикалық кеңістік шеңберінде жиналған болса, онда бұл оның одан тыс берілуі мүмкін екендігін білдіреді).
Толығырақ білу…
Егер сіз туралы ақпарат осы хабарламада сипатталғандай пайдаланылса, ол жиналған елдің немесе аумақтың ішінде де, одан тысқары да, соның ішінде деректерді қорғаудың тиісті стандарттары жоқ елге немесе аумаққа да берілуі мүмкін.
Мысалы, Еуропалық экономикалық аймақта («ЕЭА») орналасқан ФМИ үлестес тұлғалары жеке ақпаратты ЕЭА-дан тыс орналасқан ФМИ үлестес тұлғаларына жіберуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын ақпаратты жіберу келесіге сәйкес болады:
Eуропалық комиссияның іс-шаралардың жеткіліктілігі туралы шешімі негізінде;
тиісті қауіпсіздік шаралары ескерілген жағдайда, мысалы, ЕО үлгілік келісімдерін ескере отырып, немесе
сіз бен біздің арамыздағы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігін ескере отырып (немесе сіздің өтінішіңіз бойынша қабылданған шартқа дейінгі шараларды орындау) немесе біз бен үшінші тарап арасында сіздің атыңыздан жасалған шартты жасау және орындау кезінде, мысалы саяхатты ұйымдастыруға қатысты.
Барлық жағдайларда дербес деректерді қорғауға арналған тиісті қауіпсіздік шаралары дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес сол елдер мен аумақтарда қолданылады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді қалай қорғаймыз?
Біз дербес деректерді рұқсатсыз ашудан, пайдаланудан, өзгертуден немесе жоюдан қорғау үшін тиісті техникалық және ұйымдастыру шараларын жүзеге асырамыз. Қажет болған жағдайда біз сіз берген ақпаратты қорғауға көмектесетін шифрлауды және басқа технологияларды қолданамыз.Біз сондай-ақ қызмет көрсетуді жеткізушілерден құпиялық пен деректерді қорғаудың қатаң саясаттарын сақтауды талап етеміз.
Сіз туралы ақпарат қанша уақыт сақталады?
Біз сіздің дербес деректеріңізді ақпарат жиналған мақсаттарға жету үшін қажет болғанша сақтаймыз. Осыдан кейін біз оны жоямыз. Уақыт шеңбері ақпаратты жинау мақсатына байланысты өзгереді. Кейбір жағдайларда бізден ақпаратты жоюды сұрауға құқығыңыз бар екенін ескеріңіз. Бұған қоса, біз заң бойынша кейбір жағдайларда, мысалы, салық және бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін ақпаратты сақтауға міндеттіміз.
Толығырақ білу…
Әдетте, төмендегі кестеде сипатталған критерийлерге сәйкес деректерді сақтаймыз:
Түрі |
Түсіндіру / ақпаратты сақтау дың қарапайым критерийлері |
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар) (егер сіз виртуалды ФМИ байланысу нүктелерін пайдалансаңыз және Сізбен байланысуға болатын болса) |
Маркетинг профиліңіздегі ақпараттың көп бөлігі Сізбен маркетингтік қарым-қатынасымыз жалғасқанша сақталады; мысалы, сіз виртуалды ФМИ байланысу нүктелерін пайдалануды жалғастырсаңыз немесе біздің хабарламаларымызға жауап берсеңіз. Дегенмен, маркетинг профиліңіздің кейбір элементтері, мысалы, Сізбен қарым-қатынасымыздың жазбалары уақыт өте келе ескіреді, сондықтан біз оларды жинау мақсаттары үшін қажет болған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңдерінен (әдетте үш жыл) кейін автоматты түрде жоямыз. |
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар) (егер Сіз бізбен байланыспайтын болсаңыз) |
Жағдай жоғарыда сипатталғандай, бірақ біз Сізбен ұзақ уақыт бойы (әдетте 2 жыл) байланыста болмасақ, біз Сізге маркетингтік хабарламаларды жіберуді тоқтатамыз және оларға жауаптар тарихын жоямыз. Бұл, мысалы, осы уақыт ішінде іс-шараға қатысуға шақыру бар сілтемені ешқашан баспаған болсаңыз, ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктесінде тіркелмеген болсаңыз, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласпаған болсаңыз орын алады. Біз ақпаратты жоямыз, өйткені мұндай жағдайларда Сіз бұдан былай хабарламаларды алғыңыз келмейді деп есептейміз. |
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар) (егер сіз виртуалды ФМИ байланысу нүктелерін пайдалансаңыз және Сізбен байланысу мүмкін болмайтын болса) |
Егер сіз маркетингтік хабарламаларды алу үшін тіркелген болсаңыз, бірақ бізге берген ақпаратыңыз жұмыс істемесе, біз Сіздің деректеріңізді әдетте 6 ай бойы сақтаймыз, осылайша Сізде кері оралып, оны түзетуге мүмкіндігіңіз болады. |
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар) (аяқталмаған тіркеу) |
Егер Сіз дерекқорда тіркелу процесін бастаған болсаңыз, бірақ оны аяқтамаған болсаңыз (мысалы, жасыңызды растау процесін аяқтамаған болсаңыз немесе ФМИ байланысу нүктесін пайдалану шарттарын қабылдамаған болсаңыз), артқа оралып, процесті аяқтау мүмкіндігіне ие болу үшін біз Сіздің деректеріңізді тек 6 ай бойы сақтаймыз. |
. нарық конъюнктурасын зерттеу |
Егер сіз бізде басқа мақсаттар үшін тіркелмеген болсаңыз (мысалы, маркетингтік хабарламаларды алу, кепілдік беру, тұтынушыларға қызмет көрсету) және біз Сіз туралы ақпаратты нарық жағдайлары мен Сіздің қалауларыңызды түсіну үшін жалпыға қолжетімді дереккөздерден пайдалансақ, маркетингтік зерттеудің белгілі бір аспектісін аяқтау үшін біз деректеріңізді қысқа мерзімге сақтаймыз. |
. сатып алу және кепілдік |
Егер Сіз тауарларды сатып алсаңыз, біз мұндай сатып алулар туралы деректерді сатуды аяқтау үшін, сондай-ақ заңға сәйкес кез келген міндеттемелерді орындау үшін (мысалы, салық және бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін) сақтаймыз. Құрылғының кепілдік қызмет көрсетуіне де тіркелген болсаңыз, біз мұндай тіркеу деректерін кепілдікте көрсетілген мерзім ішінде сақтаймыз. |
. тұтынушыларға қызмет көрсету |
Егер Сіз тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарлассаңыз, біз мәселені (сұрауыңызды және біздің жауабымызды қоса) жазып аламыз және оны қарым-қатынасымызға қатысты болғанша сақтаймыз, мысалы, құрылғыға кепілдік бойынша ауыстыру қажет болса немесе Сіздің соңғы сұраулар өзекті болып табылатын болса. Уақытша жазбалар (мысалы, сіз дүкенге жіберуді сұраған телефон әңгімесінің автоматтандырылған жазбасы) көбірек тұрақты жазбалар жасалғанша маңызды болуы мүмкін және тек уақытша сақталады. |
. жүйелік аудит журналдары |
Жүйелік аудит журналдары әдетте бірнеше ай ғана сақталады. |
. бизнес-аналитика |
Бизнес талдаулар деректері, әдетте, ФМИ байланысу нүктелерін пайдаланғанда кезіңізде жиналады және осыдан кейін дара биліктен айырылады/біріктіріледі. |
Cіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?
Біздегі Сіз туралы ақпаратқа қатысты келесі құқықтардың кейбірі немесе барлығы Сізге тиесілі болуы мүмкін:
бізден оған рұқсат беруді сұрау;
оны түзетуді, жаңартуды немесе жоюды сұрау;
белгілі бір жағдайларда оны қолдануды шектеуді сұрау;
белгілі бір жағдайларда оны пайдалануымызға қарсы болу;
оны пайдалануға келісіміңізді қайтарып алу;
белгілі бір жағдайларда деректерді ауыстыруды талап ету;
оны тікелей маркетинг үшін пайдалануымыздан бас тарту; және
Сіздің еліңіздегі қадағалау органына шағым беру (егер бар болса).
Біз сізге құқықтарыңызды пайдаланудың жеңіл тәсілдерін ұсынамыз, мысалы «жазылымнан бас тарту» («unsubscribe») сілтемелері немесе Сіз алатын хабарламаларда байланыс мекенжайын беру.
Біз ұсынатын кейбір мобильді қолданбалар сізге жаңа хабарламаларды (push messages) жібере алады, мысалы, жаңа өнімдер немесе қызметтер туралы. Бұл хабарламаларды телефондағы немесе қолданбадағы баптауларда өшіруіңізге болады.
Толығырақ білу…
Сіздің құқықтарыңыз сіздің еліңіздің заңдарына байланысты. Егер сіз Еуропалық экономикалық аймақта болсаңыз, төмендегі кестеде көрсетілген құқықтарға ие боласыз. Егер сіз басқа мемлекетте болсаңыз, қосымша ақпаратты алу үшін бізбен байланысуыңызға болады (осы хабарламаның соңындаңы «Сұрақтармен кімге хабарласуға болады?» тармағын қараңыз).
Біздегі сіз туралы ақпаратқа қатысты құқық |
Қосымша ақпарат (ескерту: барлық осы құқықтарға қатысты кейбір заңды шектер бар) |
· бізден оған қолжетімділікке рұқсат беруді сұрау; |
Осымен келесі расталады: сіз туралы ақпаратты өңдейміз бе, жоқ па; біздің атымыз және байланыс деректеріміз; өңдеудің мақсаты; тиісті ақпарат санаттары; ақпаратпен бөлісетін тұлғалардың санаттары және егер тұлға ЕЭА-тан тыс болса және Eуропалық комиссияның іс-шаралардың жеткіліктілігі туралы , ақпаратты қорғаудың тиісті кепілдіктері туралы шешімі таралмайтын болса; ақпаратты сізден жинаған болмасақ, ақпарат көзі туралы (егер болса); Сіз үшін заңды салдары бар немесе сізге ұқсас түрде айтарлықтай әсер ететін профильді қоса алғанда, шешім қабылдаудың автоматтандырылған процестерін пайдалану туралы (егер біз сізге айтқанымыздай), сондай-ақ қолданылатын логика туралы ақпарат және сіз үшін ақпаратты осындай өңдеудің маңыздылығы мен болжамды салдары; және ақпаратты сақтау мерзімін анықтау критерийлері туралы. Сіздің сұрауыңыз бойынша біз сіз туралы пайдаланатын ақпараттың көшірмесін береміз (егер бұл басқалардың құқықтары мен бостандықтарына әсер етпесе). |
|
Біздегі дәл емес немесе толық емес ақпаратқа қатысты. |
|
Бұл құқық қолданылады, егер: біздегі ақпарат бұдан былай біз оны пайдаланған мақсаттар үшін талап етілмейді; біз ақпаратты Сіздің келісіміңіз негізінде пайдаланамыз және Сіз оны қайтарып ала аласыз (бұл жағдайда Сіз өзіңіз туралы барлық ақпаратты жойғыңыз келетінін көрсетпесеңіз, біз Сізбен бұдан былай хабарласпауымыз керек екенін есте сақтаймыз, бұл жағдайда біз Сіздің тілектеріңізді назарға аламыз); біз ақпаратты заңды іскерлік мүддеміздің негізінде пайдаланамыз және сіздің қарсылығыңыздан кейін оны пайдалануды жалғастыруға ешқандай басым мүдделілігіміз жоқ екенін анықтадық; ақпарат заңсыз алынған немесе қолданылған болса; немесе · заңды міндеттерге сәйкес болу үшін |
|
Бұл құқық Сіздің ісіңізді қарағанша уақытша қолданылады, егер сіз: біз пайдаланатын ақпараттың дұрыстығына наразылық білдірсеңіз; немесе ақпаратты заңды негізде пайдалануымызға қарсы болсаңыз (егер Сіз осы жағдайларда құқығыңызды пайдаланатын болсаңыз, біз Сіз туралы ақпаратты қайта пайдаланбас бұрын Сізге хабарлаймыз). Бұл құқық қолданылады, егер: біз оны заңсыз пайдаланамыз және Сіз деректерді жоюға қарсы болсаңыз; немесе • біз деректерге мұқтаж емеспіз, бірақ Сіз оны заңды маңызды әрекеттерді орындау үшін сақтауға қажет. |
· оны біздің пайдалануымызға қарсы болу |
Мұнда сізде екі құқық бар: біз Сіз туралы ақпаратты тікелей маркетинг үшін пайдаланатын болсақ: сіз «бас тарта» аласыз (оны ақтау қажет емес) және біз Сіздің талабыңызды орындаймыз; және (ii) біз сіз туралы ақпаратты маркетингтен тыс заңды әскерлік мүддеміз болғандықтан пайдалансақ, Сіз өзіңіздің нақты жағдайыңыздың контекстінде түсіндіру а |