IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

TEREA SMARTCORE темекі таяқшалары

TEREA темекі таяқшаларын қалай дұрыс салу керек?

Бәрі оңай әрі қарапайым. TEREA темекі таяқшасын IQOS ILUMA тұтқышына салған кезде TEREA логотипі беткі жағымен жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіп, сүзгідегі сызыққа дейін орналастыру қажет.  TEREA темекі таяқшасы аударылып тұрған кезде түймені басып, оны пайдалануға тырыссаңыз, құрылғы қосылмайды

IQOS ILUMA темекіні қалай қыздырады?

IQOS ILUMA және TEREA өнімдеріндегі SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ инновациялық индукциялық темекі қыздыру жүйесі темекіні қыздыру тәсілін толық өзгертеді. SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ жаңа индукциялық темекі қыздыру жүйесінің жүрегі – таяқшаның ішіне орналастырылған және темекіні кедергісіз қыздыру үшін тот баспайтын болатпен қапталған инновациялық металл қыздыру элементі. Бұл темекінің өзегінен бастап қыздырылатынын және нағыз дәмді және қандай да бір тазалау процесінсіз қолдану рақатын қамтамасыз ететінін білдіреді.

TEREA SMARTCORE STICKS™ өнімін жұтпаңыз және бөлшектемеңіз. Бұл өнімде өткір металл бөлшектер бар, жұтқан кезде олар ауыр жарақат келтіруі мүмкін. Құрылғыны балалар мен үй жануарлары жете алмайтын жерде сақтаңыз.

TEREA стикерінің ішінде не бар?

TEREA SMARTCORE STICKS™ темекі таяқшалары Сізге әлдеқайда сапалы, таза әрі жағымды темекі дәмін сездіру үшін SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ инновациялық жүйесін пайдаланып әзірленген.
TEREA SMARTCORE STICKS™ темекі таяқшасы мыналардан тұрады:
• Бітеуіш сүзгі: IQOS ILUMA тұтқышын пайдаланғаннан кейінгі темекі қалдығынсыз таза ұстайды және темекі таяқшасының оңай салынуын және алынуын қамтамасыз етеді.
• Темекі бөлігі: әбден іріктеп алынған, ұсақталған және арнайы дайындалған темекі қоспасы
• Қыздыру элементі: тот баспайтын болатпен қапталған және темекіні кедергісіз қыздыру үшін темекі бөлігінің ішіне орналастырылған инновациялық металл қыздыру элементі.
• Толық ацетат сүзгісі: жайлы әрі жеңіл тарту үшін оңтайлы көлемде аэрозоль жеткізілуін қамтамасыз етеді.
• Қорғаныш қабы: қағаздан жасалған жаңа қорғаныш қабы пайдаланғаннан кейінгі тазалықты қамтамасыз етеді.
• Суытатын сүзгі: аэрозоль температурасын төмендетеді. Ол целлюлоза ацетатынан дайындалған, бұл өте жақсы деңгейде суытуды қамтамасыз етеді.
• Мүштік сүзгі: TEREA темекі таяқшасының бұл бөлігі – мүштік.

IQOS ILUMA™ құрылғылары тек TEREA SMARTCORE STICKS™ өнімдерімен бірге пайдалануға арналған. IQOS ILUMA™ мен TEREA SMARTCORE STICKS™ темекі таяқшаларын бұрынғы IQOS нұсқаларымен бірге пайдаланбаңыз, себебі бұл құрылғыға зақым келтіруі мүмкін. TEREA SMARTCORE STICKS™ өнімін жұтпаңыз және бөлшектемеңіз. TEREA SMARTCORE STICKS™ өнімінде өткір металл бөлшектер бар, олар ағзаға түскен кезде ауыр жарақат келтіруі мүмкін. Балалар мен үй жануарлары жете алмайтын жерде сақтаңыз.

IQOS ILUMA құрылғысын пайдалану сеансының ұзақтығы қандай?

Пайдалану сеансы – қайсының бірінші орын алуына қарай, 6 минут немесе 14 рет тарту.

Неге TEREA таяқшасында екі сүзгі бар?

TEREA темекі таяқшасының екі шетіндегі ацетат сүзгілер қыздыру камерасын ластанудан сақтайды, осыған байланысты сізге бұдан былай құрылғыңызды темекі қалдығынан тазарту қажет болмайды.

TEREA таяқшаларын IQOS ILUMA құрылғысының кез келген моделінде пайдалануға бола ма?

Иә, болады. TEREA темекі таяқшалары IQOS ILUMA құрылғысының кез келген моделімен үйлесімді. Оларды IQOS-тың бұрынғы нұсқаларымен бірге пайдаланбаңыз, себебі бұл құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.

Пайдаланылған және пайдаланылмаған TEREA таяқшаларын қалай ажыратады?

Пайдаланылған темекі таяқшаларында олардың пайдаланылғанын анықтауға мүмкіндік беретін екі белгі болады. Сүзгінің айналасындағы қағаз аздап мыжылады, ал қағазда темекі буынан аздаған дақ қалады. Қателеспеу үшін темекі таяқшаларын пайдаланған соң бірден лақтырып отыруға кеңес береміз. TEREA таяқшаларын қайтадан пайдаланбаудың тағы бір тәсілі – оларды қорапқа TEREA логотипін төмен қаратып, аударылған күйде салу.

TEREA таяқшасын қалай кәдеге жарату керек?

Пайдаланып болған соң, темекі таяқшаларын қоқыстарды кәдеге жарату бойынша жергілікті ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз. IQOS ILUMA тек TEREA SMARTCORE STICKST темекі таяқшаларымен ғана пайдалануға арналған. IQOS ILUMAT және TEREA SMARTCORE STICKS™ темекі таяқшаларын бұрынғы IQOS нұсқаларымен бірге пайдаланбаңыз, себебі бұл құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.

TEREA SMARTCORE STICKS™ өнімін жұтпаңыз және бөлшектемеңіз. Бұл өнімде өткір металл бөлшектер бар, жұтқан кезде олар ауыр жарақат келтіруі мүмкін. Құрылғыны балалар мен үй жануарлары жете алмайтын жерде сақтаңыз.

IQOS 3 DUO немесе жүзі бар басқа құрылғыға TEREA таяқшасын салуға әрекет жасасам, не болады?

TEREA темекі таяқшалар тек IQOS ILUMA құрылғысында ғана пайдалануға арналған, сондықтан TEREA темекі таяқшаларын қыздыру элементі бар IQOS құрылғыларында пайдалануға тырыспаңыз, өйткені бұл құрылғыға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жаңа SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ жүйесінде тұтқыштағы қыздыру элементінің болмауына байланысты. Оның орнына TEREA темекі таяқшасының ішінде металл қыздыру элементі орналасады.

IQOS ILUMA құрылғысында HEETS таяқшасын пайдалануға әрекет жасасам, не болады?

Шын мәнінде, ештеңе. Құрылғы жай қосылмайды. Құрылғы өзіне TEREA темекі таяқшасы салынғанын анықтаған кезде ғана іске қосылады.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру