IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Сәу 11, 2025

Сақ болыңыз, алаяқтар! Оларға ұрынып қалмау үшін не істеу керек?

#USER_NAME#, соңғы уақытта алаяқтар айлакер болып барады, ал олардың қулықтары бұрынғыдан да тапқыр бола түсті. Аңдамай әрекет етсеңіз – олардың қақпанына түсесіз.


Алаяқтардан қорғану үшін қарапайым ережелерді біліп, байсалдылық таныту жеткілікті. Қырағы болыңыз: егжей-тегжейлерді нақтылаңыз, ақпаратты салғастырыңыз және тек сенімді дереккөздерге сүйеніңіз.


Жасанды нәрсені түпнұсқадан тез арада ажыратып, алданып қалмаудың тәсілдерін қарапайым сөздермен баяндаймыз.


3 қарапайым ереже:


1. Біз ақпаратты тек ресми арналарымызда, сондай-ақ 21 жасқа толған және одан асқан, шылым шегуді жалғастырғысы немесе құрамында никотині бар өнімдерді пайдаланғысы келетін адамдар үшін ғана жариялаймыз.

Көмек сөз:

жасыңыздың дұрыс енгізілгенін және ресми сайтта екеніңізді, оның домендік атауы мен парақша мекенжайы дұрыс көрсетілгенін әрқашан тексеріп отырыңыз.

Біздің шынайы IQOS байланыс арналарымыз:

      • Telegram бот: IQOSKZ_Support_bot

      • Instagram: Instagram iqos_kaz

      • Вебсайт: kz.iqos.com


Сайттарда ғана емес, әлеуметтік желілерде де қырағы болуды ұмытпаңыз – бұл өте маңызды.


2. Ақшаны жеке тұлғаларға аудармаңыз және деректеріңізді көрінген жерде қалдыра бермеңіз.

Көмек сөз:

деректеріңізді берудің немесе ақша төлеудің алдында сайттың мекенжайын әрқашан тексеріп отырыңыз.


IQOS ресми тауарлар дүкені – осында: kz.iqos.com және IQOSKZ_Support_bot Telegram боты арқылы.

Абай болыңыз:

тек ресми арналар және тексерілген онлайн дүкендер арқылы сатып алыңыз (мысалы, Kaspi.kz, Glovo, Wolt). IQOS өнімдерін қайдан сатып алуға болатыны туралы толық ақпарат осында ұсынылған.


Интернеттегі фишинг барған сайын жетілдірілген сипатқа ие болуда, бірақ мекенжайды тексеру көптеген алаяқтық схемаларынан құтқарады.


3. Күмәніңіз бар ма? Көп ойланбай, бірден бізге 2121 тегін нөміріне қоңырау шалыңыз. Қысылмаңыз, бәр әрдайым байланыстамыз.


Сақ болыңыз. Өзіңіз білетін дереккөздерге ғана сеніңіз.


Біз әрдайым жаныңыздамыз – біздің ресми арналарымыз сізге қашанда ашық.


Алаяқтардан қорғану тәсілдері: нақты кеңестер + «Өтірік/Шындық» мысалдары
1. Деректерді енгізер алдында сайттың URL мекенжайын тексеріп алыңыз

Алаяқтар кез келген сайттың көшірмесін айнытпай жасап, соның атынан әрекет ете алады. Тексеруге бірнеше секунд бөлсеңіз – деректеріңіз қауіпсіз болады. Есіңізде болсын: деректерді онлайн қорғау қарапайым қадамдардан басталады.


❌ Өтірік: iqos-promo-kz.shop

✅ Шындық: kz.iqos.com



2. Кіру үшін биометрияны қолданыңыз

Тағы бір қорғаныс деңгейін қосқыңыз келе ме? Саусақ ізі немесе Face ID арқылы кіруді қосыңыз.

Толық ақпарат – осында.

Кеңес:біреу сіздің құпиясөзіңізді біліп қойса, ол әлі де болса кіруі мүмкін – биометрия тек қосымша қорғаныс ретінде қолданылады. Сол себепті, бірден СМС немесе Face ID арқылы кіріп, құпиясөзді жеке кабинетте ауыстырыңыз. Көпке созбаңыз.



3. IQOS SMS-хабарламалары тек 2121 нөмірінен немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына хабарлама түрінде келеді

❌ Өтірік: +7700******7 – «Құттықтаймыз, сіз IQOS ұтып алдыңыз! Сілтеме бойынша өтіңіз!»

✅ Шындық: 2121 – 1111 тапсырыс үшін рахмет! Мәртебесін Telegram ботында, kz.iqos.com сайтында немесе 2121 нөмірі арқылы қадағалауға болады».


Егер сізге білгісіз жіберушіден хабарлама келсе – сілтемелерді ашпай, жай ғана өшіріп тастаңыз.



4. Брендтің дұрыс жазылуын қадағалаңыз

Алаяқтар атауда қатені байқамай қалатыныңызға үміттенеді. Алданып қалмаңыз.


❌ Өтірік: IQ0S, 1Q0S

✅ Шындық: IQOS



5. «Ғажайып» жеңілдіктерге сенбеңіз

«Филип Моррис Қазақстан» "жедел науқандар" және "жаппай сатылымдар" өткізбейді.


❌ Өтірік: «Асығыңыз! Небәрі 100 девайс арнайы бағамен қолжетімді!»

✅ Шындық: Сатылымдар тек ресми арналар арқылы жүзеге асырылады.


Асықтыру және үлкен жеңілдіктер – бұл күмән тудыратын жағдай.



Қорытынды

Интернетте алаяқтардан қорғану – әркімнің жауапкершілігі. Жалған IQOS сайты, IQOS фишингі, IQOS скамы, IQOS-пен жасалатын алаяқтық әрекеттер – мұның барлығынан қарапайым қауіпсіздік ережелерін білудің арқасында қорғануға болады. Сілтемелерді тексеріңіз, тек ресми дереккөздерге сеніңіз, эмоцияларға ерік бермеңіз.


Сақ болсаңыз, интернет қауіпсіз болуы мүмкін.


Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.