IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

Темекіге қарсы заң туралы сұрақтар

IQOS/lil SOLID құрылғыларын қоғамдық орындарда пайдалануға бола ма?

2020 жылғы 7 шілдеде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес темекіні қыздыру жүйелері кәдімгі сигареттерге теңестірілген және сигарет шегуге тыйым салынған барлық жерлерде IQOS/lil SOLID пайдалануға тыйым салынған. Яғни, темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салынады:
1) білім беру ұйымдарының орынжайларында және аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда;
2) денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайларында;
3) қоғамдық тамақтану пункттерінде;
4) мәдениет объектілерінде, музейлерде, кітапханалар мен лекторийларда, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерттік, байқау және көрме залдарында, спорт ұйымдарында және дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында, спорт ареналарында және бұқаралық демалысқа арналған басқа да құрылыстарда;
5) түнгі клубтарда, дискотекаларда;
6) жергілікті және алыс қатынастағы пойыздарда, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ қалалық, қала маңындағы және қалааралық автомобиль қоғамдық көлігінің салондарында, метрода, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын ортақ пайдаланылатын көлікте, таксиде;
7) әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында, қоғамдық көліктің жабық аялдамаларында;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
9) жұмыс орындары және жұмыс аймақтары болып табылатын үй-жайларда;
10) үйлердің кіреберістерінде;
11) автожанармай құю станцияларының үй-жайларында және аумағында;
12) балалар алаңдарында;
13) жерасты өткелдерінде;
14) оларда кәмелетке толмаған адамдар болған кезде автомобиль көлік құралында.
Егер темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген жағдайларда тыйым салынбайды.

Әуежайларда және құрамында никотин бар өнімдерді пайдалануға тыйым салынған басқа да қоғамдық орындарда IQOS/lil SOLID пайдаланғаны үшін қандай айыппұлдар көзделген?

Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұған тыйым салынған орындарда тұтынғаны үшін 15 АЕК, ал жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК.

Сіз жаңа «темекіге қарсы» заңның қолданылуына түстіңіз бе?

Иә, өзгерістер 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес құрамында никотин бар өнімдердің барлық түрлері, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдер, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, электрондық тұтыну жүйелері мен оларғв арналған сұйықтықта үшін реттеу белгіленеді. Дегенмен, барлық сервистер қалады, бірақ олардың кейбірінің шарттары өзгертілуі мүмкін (мысалы, дәм тату). Біз сізбен байланыста боламыз және әрдайым көмектесуге дайынбыз.

Маған IQOS-ты бұрын пайдалануға болатын мейрамханада/кафеде/барда енді пайдалануға рұқсат етпеді. Неліктен?

2020 жылдың шілдесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізілді, олар құрамында никотин бар өнімдерді, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға шектеулер белгілейді. Осыған байланысты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында темекіні қыздырудың электр жүйелерін және құрамында никотин бар өнімдердің басқа түрлерін пайдалануға тыйым салынады.

Маған фирмалық дүкенде IQOS пайдалану мүмкіндігін беруден бас тартты. Неліктен?

2020 жылдың шілдесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізілді, олар құрамында никотин бар өнімдерді, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға шектеулер белгілейді. Сауда орталықтарында және басқа сату орындарында темекі шегу аймағымен жабдықталған сауда нүктелерін қоспағанда, пайдалануға тыйым салынады.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру