IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

lil жүйесі

Неліктен ФМИ lil-ді қолдайды? Неліктен IQOS lil құрылғысын Оңтүстік Кореядан тыс жерлерде ұсынады?

ФМИ-дің мақсаты бәрібір шылым шегуді немесе басқа да құрамында никотині бар өнімдерді пайдалануды жалғастыратын 21 жастан асқан барлық ересектердің мүмкіндігінше тез арада шылым шегудің ең жақсы баламаларына ауысуы болып табылады. Түтінсіз сигарет алмастырғыштары желісін дамыту мен коммерцияландыру бойынша тұрақты түрде күш-жігер жұмсауымызға қоса, Оңтүстік Кореядан тыс аймақтарда lil-ді коммерцияландыру ересек шылым шегушілерге дәм, баға және технологияны таңдау тұрғысынан көбірек мүмкіндіктер бере отырып, түтінсіз өнімдер портфелін толықтырады. Маңызды ақпарат: IQOS және lil SOLID қауіпсіз болып табылмайды.

Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар. Тек шылым шегуді немесе құрамында никотин бар өнімдерді пайдалануды жалғастырғысы келетін 21 жасқа толған және одан асқан тұлғалардың пайдалануы үшін.

Мен lil SOLID құрылғысын өз талаптарыма сәйкес баптай аламын ба?

Біз lil SOLID зарядтауға арналған аксессуарларын - қуат блогы мен USB кабелін сатамыз.
Егер сіз жеке баптауға мүмкіндік беретін құрылғыны іздесеңіз, сіздің құрылғыңызға арналған 500-ден астам нұсқасын қамтитын IQOS құрылғысын қарастыруға кеңес береміз.

Аэрозолдың төмен деңгейі немесе оның болмауы

Егер сіз алдыңғы қолданумен салыстырғанда аз мөлшерде аэрозоль бар екенін түсінсеңіз, төмендегілерді тексергеніңізге көз жеткізіңіз:

  • Сіз басқа маркаларды немесе өнімдерді емес, Fiit темекі таяқшаларын пайдаланасыз
  • Сіз темекі таяқшасын зақымдамай немесе бұрамай, Fiit темекі таяқшасын lil SOLID құрылғысына дұрыс салдыңыз.
  • Сормас бұрын, сіз құрылғыны шамамен 25 секунд алдын ала қыздырасыз
  • Сіз lil SOLID құрылғысын (әрбір 20 таяқша пайдаланғаннан кейін) жүйелі түрде тазалайсыз
  • Сіз өзекшенің темекіні тиісті түрде қыздыруын және аэорозольді түзуін қамтамасыз ету алуы үшін сорулар арасында үзіліс жасай аласыз.

Мен Iil SOLID құрылғысымен әдеттегі темекіні қолдана аламын ба?

Жоқ. Басқа дайындау құрылымына байланысты lil SOLID құрылғысымен темекіні пайдалануға болмайды. lilSOLID құрылғысымен пайдалану үшін арнайы Fiit темекі таяқшалары әзірленген.

Fiit темекі таяқшалары темекімен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?

Темекілер мен Fiit темекі таяқшаларының құрамында тәуелділікті туғызатын никотин бар. Дегенмен бұл жалғыз ортақ аспект.
Темекілерде темекі жанады, ал Fiit таяқшаларында ол lil SOLID-пен бірге қолданылған кезде қызады.
lil SOLID темекіні жандырудың орнына оны қыздыратындықтан, Fiit қолданған кезде сізге мыналар ұнауы мүмкін: сигарет түтінінің иісі жок және де күл мен отсыз темекіні тұтыну.

Қыздырылатын Fiit темекі таяқшаларының қандай түрлері бар?

Fiit таяқшаларының төрт түрі бар:
Fiit REGULAR / VIOLA / CRISP/ TROPIC

Fiit lil SOLID-пен пайдалану үшін жасалған.

lil SOLID құрылғысын қалай тазалау керек?

Тазалау алдында құрылғыны әрқашан өшіріңіз. Соңғы пайдаланғаннан кейін оны суытыңыз.
1. Қыстырғышты пайдалану үшін ⊙ белгісі бар жағын абайлап ашыңыз
2. Щетканы пайдалану үшін белгісі бар жағын абайлап ашыңыз
3. Құрылғыдан қақпақты шешіп алыңыз
4. Қыстырғышты құрылғыға салыңыз және қыстырғышты айналдыру арқылы құрылғыны тазалаңыз
5. Щетканы құрылғыға қойыңыз және щетканы айналдыру арқылы құрылғыны тазалаңыз

Iil SOLID құрылғысын қалай қайта іске қосуға болады?

1. Діріл 2 секунд ішінде пайда болса да, түймені басып, 8 секунд ұстаңыз
2. Құрылғы қайта іске қосылады және жарық диодты индикатор кезекпен қызыл, сарғыш, ашық көгілдір және көк түстерде екі реттен жыпылықтайды
3. Құрылғы толығымен қайта іске қосылғанда, жарық диодты индикатор 1 секунд ішінде ашық көгілдір түсте жанады және құрылғы бір уақытта екі рет дірілдейді.

lil SOLID дегеніміз не?

lil SOLID – бұл отсыз, күлсіз және сигарет түтінінің иісінсіз темекінің нағыз дәмін қамтамасыз ететін «Барлығы біреуінде» қарапайым және ыңғайлы құрылғысы. Девайста темекіні жандырудың орнына ішінен біркелкі қыздыру үшін өзек тәрізді қыздыру элементі бар технология қолданылады. lil SOLID тек Fiit темекі таяқшаларымен бірге қолдануға арналған.

lil SOLID құрылғысының заряд деңгейін қалай тексеру керек?

lil SOLID құрылғысының заряд деңгейін тексеру үшін түймені басыңыз немесе құрылғыны берілген USB-кабелі мен қуат блогы көмегімен розеткаға қосыңыз. Батарея зарядының мәртебесі: Көк (100 ~ 60%), Ашық көк (60 ~ 30%), Қызғылт сары (30 ~ 1%), Кызыл –(зарядтау керек)

IQOS және lil SOLID ұсыныстарының арасындағы айырмашылық неде?

lil SOLID және IQOS құрылғыларында темекі түтіні жоқ, алайда осы құрылғылардың ұсынымдары әртүрлі. Сіздің таңдауыңыз тек сіздің қалауыңызға, мақсаттарыңызға байланысты анықталады.
lil SOLID құрылғысы — бұл түтінсіз өнім, онда:
• темекі дәмі мен құрылғы түстерінің таңдауы шектеулі
• дегенмен, осы «Барлығы біреуінде» құрылғысы қарапайым әрі қолайлы, ол темекінің отсыз, түтінсіз немесе күлсіз нағыз дәмін ұсынады.
• қарапайымдылықты және қолайлылықты бағалайтын клиенттерге арналған

IQOS құрылғысы — бұл әртүрлі ұсынымдары бар түтінсіз өнім:
• алуан түрлі дәмдер ассортименті — біздің дәм жөніндегі шеберлеріміз нағыз темекі дәмін беруді және қанағаттануды қамтамасыз ету үшін жасаған
• құрылғылар, түстер және стильді аксессуарлар портфолиосы
• сіздің құрылғыңызға арналған жеке опциялардың 500-ден астам нұсқасы
• ниеттестік және қолдау бағдарламалары, олардың шеңберінде кепілдік берілмеген бұзылу кезінде құрылғыны ауыстыру мүмкіндігі беріледі

Fiit және HEETS арасындағы айырмашылық неде?

• Дәмі: Fiit және HEETS темекі таяқшалары бір өндірістік стандарттарға сәйкес өндірілсе де, біз әртүрлі темекі қоспаларын пайдаланамыз. Сол себепті әр бұйымның бірегей дәмдік құрамы бар.
• Ассортимент: Fiit желісінде 5 түрлі дәм бар, ал HEETS ассортиментінде классикалық темекіден бастап жидектер мен жемістердің хош иісті ноталарына дейін таңдауға болатын 14 нұсқа бар. Егер сіз өзіңіздің мінсіз дәміңізді таппасаңыз, біздің Дәмдер жөніндегі гидіміз сізге көмектеседі.
• Технологиялар: lil SOLID 2.0 және IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғыларындағы қыздыру технологиялары әртүрлі. lil SOLID 2.0 құрылғысында темекі өзектің көмегімен ішінен қыздырылады, ал IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысында темекі HeatControl технологиясының көмегімен жүз арқылы ішінен қыздырылады.
• HEETS темекі таяқшалары тек IQOS құрылғысымен, ал Fiit – тек Iil SOLID құрылғысымен ғана пайдалануға арналғанын ескеріңіз.

lil SOLID құрылғысын қалай пайдалану керек?

Егер сіз lil SOLID құрылғысын алғаш рет пайдаланып жатсаңыз, сізге құрылғыны ұйқы режимінен шығару керек – түймені 2 секунд ішінде басып тұрыңыз немесе зарядтау құрылғысын зарядтау ағытпасына қосыңыз. Батареяны толық зарядтау үшін шамамен 2 сағат қажет.
1. Құрылғының жоғары бөлігіндегі қыздыру камерасының қақпағын жылжытыңыз және ашыңыз;
2. Fiit темекі таяқшасын ол қыздыру камерасының түбіне тимейінше, таяқшаның темекі бөлігін төменбағыттап қыздыру камерасына салыңыз;
3. Түймені басып, діріл сезілмейінше 2 секундқа басып тұрыңыз. 2 секундтан кейін жарық диодты индикатор ашық көгілдір түсте жыпылықтайды және бір уақытта діріл сезілетін болады. Шамамен 25 секунд ішінде алдын ала қыздыру процесі басталады. Алдын ала қыздыру процесінің ұзақтығы қоршаған ортаға байланысты өзгеруі мүмкін. Алдын ала қыздыру процесі аяқталғанда, жарық диодты индикатор жанады және бір уақытта діріл орын алады. Ол алдын ала қыздырудың аяқталғанын және таяқша пайдалануға дайын екенін білдіреді.
Құрылғы пайдалануға дайын!
Қайсысы бірінші орын алатынына байланысты сізге 14 сору немесе 5 минут беріледі. Сеанстың соңына дейін 30 секунд қалғаны немесе 3 сору қалғаны туралы (қайсысы бірінші орын алатынына байланысты) сигнал беру үшін, бір діріл болады, ал жарық диодты индикатор сеанстың соңына дейін ашық көгілдір түсте жыпылықтайды. Сеанс аяқталғанда, жарық диодты индикатор және құрылғы автоматты түрде өшіріледі. Сізге түймені басу қажет емес. Таяқшаны шығарып алу үшін оны 3 немесе одан да көп рет бір бағытта айналдырыңыз.
Сіз құрылғыны үзіліссіз қатарынан 3 ретке дейін пайдалана аласыз.

lil SOLID құрылғысын қандай ауа температурасында пайдалануға болады?

Құрылғыны -20°C және +58°C аралығындағы қоршаған орта температурасында пайдалануға болады

Индикатор неліктен жасыл, қызғылт сары, күлгін немесе басқа әдеттегіден тыс түсте жыпылықтайды?

Сұйықтықтың кездейсоқ құрылғының қыздыру камерасының ішіне кіріп кетпегенін тексеру қажет. Ол үшін қалпақшасын алып, сұйықтық жоқ екендігініне көз жеткізіңіз. Қажет болса, құрылғыны тазалау таяқшаларымен және lil SOLID тазалау құрылғысымен құрғатыңыз және тазалаңыз.

lil SOLID құрылғысының термиялық тазалауын қаншалықты жиі іске қосу керек?

Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуін және дәмі мен сезімнің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін әрбір 20 рет пайдаланудан кейін (темекі таяқшаларының әрбір пачкасынан кейін) құрылғыны термиялық тазалауды іске қосуға кеңес береміз.

lil SOLID қыздыру элементі неден жасалған?

Керамикалық жабыны бар өзек түріндегі арнайы қыздыру элементі

lil SOLID-те жүзінің орнына басқа қыздыру элементі бар. Ол IQOS-тың жүзінен беріктеу әрі сирек бұзылады ма?

IQOS-та тұтқыштың ішіндегі темекі таяқшасы жүзі пішіміндегі қыздыру элементі көмегімен қыздырылады, ал lil SOLID құрылғысында дәл осындай жұмысты өзекше пішіміндегі қыздыру элементі орындайды. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес мұқият пайдалану және үнемі тазалау кезінде әрбір құрылғының қызмет мерзімі пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мерзімге сәйкес келеді. Екі элемент те темекіні жану процесінсіз, түтінсіз және күлсіз қыздырады. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты.

Буынын төмен деңгейі немесе оның болмауы

Мұндай мәселе келесі себептерге байланысты туындауы мүмкін:

• таяқшадағы темекінің қатты сығымдалуынан,
• құрылғыны пайдаланудың жеке ерекшелігіне байланысты,
• қалпақшаның / қыздыру элементінің негізінің ластануынан.
Келесі әрекеттер мәселені шешуге көмектеседі:
1) IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын жүйелі түрде тазалау (20 таяқшаны қолданған сайын);
2) Таяқшаны тұтқыштан шығармай, тұтқыштың қалпақшасын көтеріп, түсіріңіз. Бұл темекінің таяқша ішінде біркелкі таралуын қамтамасыз етеді;
3) Таяқшаны тұтқышқа салмас бұрын саусағыңызбен оның темекі бөлігін аздап басқылаңыз. Бұл сеанс кезінде таяқшаның темекі бөлігіндегі ауа айналымының жақсаруына ықпал етеді және қанық дәм береді;
4) Тым жиі немесе тым қатты ішке тартпау және ішке тарту арасында ұзағырақ үзілістер жасауға тырысу.

IQOS және lil SOLID ұсынымдарының айырмашылығы қандай?

lil SOLID және IQOS құрылғыларында темекі түтіні жоқ, алайда осы құрылғылардың ұсынымдары әртүрлі. Сіздің таңдауыңыз тек сіздің қалауыңызға, мақсаттарыңызға байланысты анықталады.
lil SOLID құрылғысы — бұл түтінсіз өнім, онда:
• темекі дәмі мен құрылғы түстерінің таңдауы шектеулі
• дегенмен, осы «Барлығы біреуінде» құрылғысы қарапайым әрі қолайлы, ол темекінің отсыз, түтінсіз немесе күлсіз нағыз дәмін ұсынады.
• қарапайымдылықты және қолайлылықты бағалайтын клиенттерге арналған
IQOS құрылғысы — бұл әртүрлі ұсынымдары бар түтінсіз өнім:
• алуан түрлі дәмдер ассортименті — біздің дәм жөніндегі шеберлеріміз нағыз темекі дәмін беруді және қанағаттануды қамтамасыз ету үшін жасаған
• құрылғылар, түстер және стильді аксессуарлар портфолиосы
• сіздің құрылғыңызға арналған жеке опциялардың 500-ден астам нұсқасы.

lil SOLID-те жүзінің орнына басқа қыздыру элементі бар. Ол IQOS-тан немен ерекшеленеді?

IQOS және lil SOLID – темекіні ішінен қыздыратын екі түрлі темекі қыздыру жүйесі, бірақ олар пайдаланатын технологиясымен және қыздыру элементімен ерекшеленеді. IQOS-та тұтқыштың ішіндегі темекі таяқшасы жүзі пішіміндегі қыздыру элементі көмегімен қыздырылады, ал lil SOLID құрылғысында дәл осындай жұмысты өзекше пішіміндегі қыздыру элементі орындайды. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес мұқият пайдалану және үнемі тазалау кезінде әрбір құрылғының қызмет мерзімі пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мерзімге сәйкес келеді. Екі құрылғы да жану процесі жоқ, күлсіз және темекі түтінінің иісінсіз нағыз темекі дәмін және хош иісін сезінуге мүмкіндік береді. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты.

IQOS lil SOLID-ге қарағанда мықтырақ па?

Екі құрылғы да сапаның қатаң бақылауынан өтеді және барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Біз өз клиенттерімізге жоғары сапалы өнімді ұсынамыз. Басқа нәрселерден басқа, біз өндіріс процесі барысында өнімдеріміздің ауқымды сынақтамалау мен сапасын тексерулерін, сондай-ақ клиенттердің тәжірибесін жақсарту және тек қана сенімді құрылғыларды шығару мақсатына жету үшін нарықтық зерттеулерді жүргіземіз. Біз серіктестерімізден біз нарықта ұсынатын өнімдерге арналған бірдей сапа стандарттарын ұстануын талап етеміз.

Неліктен lil SOLID – бұл «барлығы біреуінде» құрылғы, ал IQOS құрылғысында тұтқыш пен зарядтау құрылғысы сияқты екі элемент бар?

IQOS үлгілерінің барлығы бірдей 2 элементтен тұрмайды. Мысалы, IQOS 3 MULTI де «барлығы біреуінде» құрылғысы болып табылады. lil SOLID құрылғысы пайдалану кезіндегі барынша жайлылық пен қолайлылық үшін «Барлығы біреуінде» эргономділік дизайнына ие. Құрылғының толық заряды 20 сеансқа жетеді.

Неліктен мен құрылғыны қатарынан 3 реттен артық пайдалана алмаймын?

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрылғыны 18 минут ішінде қатарынан 3 реттен артық пайдалануға болмайды, себебі ол салқындауы керек. Қатарынан 3 сеанстан кейін (арасында үзіліс жоқ), құрылғы автоматты түрде салқындатылады (құрылғы «ұйқы» режиміне өтеді). Үзіліске шамамен 3 минут 30 секунд жұмсалады. Бұдан әрі индикация Сіздің lil SOLID қайтадан қолдануға дайын екенін хабарлайды.

lil SOLID құрылғысында myIQOS / Кеңейтілген кепілдік бар ма? Құрылғы IQOS сияқты сенімді ме?

Иә, myIQOS бағдарламасы / Кеңейтілген кепілдік lil SOLID құрылғылары үшін де жарамды. Алайда, екі құрылғы да жоғары сапа стандарттарына сәйкес келеді және барлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Біз өз клиенттерімізге жоғары сапалы өнімді ұсынамыз. Басқа нәрселерден басқа, біз өндіріс процесі барысында өнімдеріміздің ауқымды сынақтамалау мен сапасын тексерулерін, сондай-ақ клиенттердің тәжірибесін жақсарту және тек қана сенімді құрылғыларды шығару мақсатына жету үшін нарықтық зерттеулерді жүргіземіз. Біз серіктестерімізден біз нарықта ұсынатын өнімдерге арналған бірдей сапа стандарттарын ұстануын талап етеміз. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты.

Неліктен lil SOLID құрылғысы IQOS-қа қарағанда арзанырақ? Ол нашарлау ма?

Екі құрылғы да жоғары сапа стандарттарына сәйкес келеді, бірақ оларда пайдаланатын қыздыру технологиясымен ерекшеленеді, сонымен қатар бірқатар визуалды және техникалық айырмашылықтарға ие. Құрылғыны таңдау тек Сіздің жеке қалауыңызға, мақсатыңызға байланысты. Егер Сіз әрі қарай қарапайым қолжетімді құрылғыны сатып алуды ойласаңыз, lil SOLID байқап көріңіз. Егер Сіз аксессуарлары көп және темекі таяқшалары толық жиынды, сәнді инновациялық құрылғы сатып алғыңыз келсе, IQOS-ты таңдаңыз.

lil SOLID зарядтау үшін IQOS зарядтау құрылғысын пайдалануға бола ма?

IQOS 3 DUO және lil SOLID 2.0 құрылғылары аккумуляторды зарядтау үшін бірдей USB Type-C кабельдерін пайдаланады. Дегенмен, біз нақты құрылғы жиынтығында берілген түпнұсқа адаптерді және USB кабелін пайдалануды ұсынамыз.

Iil SOLID құрылғымды қаншалықты жиі тазалау керек?

Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуін және дәмі мен сезімнің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін құрылғыны әрбір 20 рет пайдаланудан кейін (Fiit темекі таяқшаларының әрбір пачкасынан кейін) тазалауға кеңес береміз.

IQOS тазалау құрылғысын lil SOLID құрылғысына пайдалануға бола ма?

IQOS тазалау құрылғысын lil SOLID құрылғысын тазалау үшін пайдалануға болмайды. Тиісті құрылғымен тазалау кезінде оңтайлы нәтижені алу үшін тазалау құрылғылары әрбір құрылғы үшін арнайы әзірленген. Басқа брендтің (басқа желідегі) тазалау құрылғысын пайдалану қыздыру элементінің зақымдалуына әкелуі мүмкін.

IQOS тазалау таяқшаларын lil SOLID құрылғысына пайдалануға бола ма?

IQOS тазалау таяқшаларын lil SOLID құрылғысын тазалау үшін пайдалануға болады.

Құрылғыны қалыпты спиртке малынған мақта таяқшаларымен тазалай аламын ба?

Құрылғыны тазалау үшін тек түпнұсқа lil және тазалау таяқшаларын (жиынтықтағы немесе IQOS тазалау таяқшаларын) пайдаланыңыз. Басқа тазалау құралдары қыздыру элементін зақымдауына және құрылғының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, тазалау кезінде бұзылуына жол бермеу үшін шамадан тыс күш қолданбаңыз.

Мен lil SOLID құрылғысын өз талаптарыма сәйкес дербестіре аламын ба?

Иә, әрине, сіз құрылғыны жекелеу үшін lil SOLID құрылғысының панелін сатып ала аласыз.

lil SOLID пайдалану темекіге қарағанда аздау зиянды ма?

lil SOLID пайдалану қауіптерді жоққа шығармайды, бірақ бұл темекі шегуді жалғастыруға қарағанда жақсырақ. Қазіргі уақытта ФМИ және KT&G бірлескен зерттеулері жүргізілуде және жақын арада Сізге lil SOLID пайдаланған кезде темекі буындағы зиянды заттардың мөлшері туралы көбірек ақпарат бере аламыз.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру