IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

IQOS ILUMA

Менің жаңа IQOS ILUMA құрылғыма қандай аксессуарлар бар?

Текстуралы сақиналар жиынтығының көмегімен өз құрылғыңыздың сыртқы түрін қалағаныңызша өзгертіңіз.
Олар тек IQOS ILUMA PRIME және IQOS ILUMA құрылғыларына арналған.

АЛЫНАТЫН САҚИНАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Алуға арналған ыңғайлы құралы бар түстері әртүрлі үш сақинадан тұратын жиынтық стиліңіз бен көңіл күйіңізге сәйкес олардың орнын оңай ауыстыруға болады.

IQOS ILUMA PRIME үшін алынбалы қақпақ
IQOS ILUMA PRIME құрылғысына арналған жаңа алынбалы қақпақ көздің жауын алатын, ұстауға да жағымды әртүрлі түспен және материалмен ұсынылған.

БҮЙІРЛІК ПАНЕЛЬДЕР
Құрылғыңызға өзіндік келбет беру үшін жеңіл ауыстырылатын IQOS ILUMA бүйірлік панельдерінің жаңа нұсқаларының бірін таңдаңыз. Төрт нұсқадағы әрлеу мен түстердің алуан түрі сізді құрылғыңызға өзіндік келбет беруге шабыттандырады. Біздің премиум санаттағы бүйірлік панельдер берік алюминийден жасалған.

ҚАПТАР
IQOS ILUMA PRIME құрылғыңызды былғары қаппен қорғаңыз. Ол құрылғыңызды, оның сырт келбетін сақтауға арналған және бірнеше түс нұсқаларында қолжетімді. Оңай киіледі, құрылғыны сызат түсуден және майысудан қорғайды.
Өз IQOS ILUMA-ңызды силикон қаппен күтіп сақтаңыз. Ол құрылғыңызды, оның сырт келбетін сақтауға арналған және бірнеше түс нұсқаларында қолжетімді. Оңай киілетін қап құрылғыны сызат түсуден және майысудан қорғайды, сондай-ақ қолда жайлы ұсталуын қамтамасыз етеді.
Өз IQOS ILUMA-ңызды тоқыма қаппен күтіп сақтаңыз. Ол құрылғыңызды, оның сырт келбетін сақтауға арналған және бірнеше түс нұсқаларында қолжетімді. Оңай киіледі, құрылғыны сызат түсуден және майысудан қорғайды.

Бұрынғы IQOS құрылғыларының қуат беру адаптерін және зарядтау кабелін пайдалануға бола ма?

Құрылғының алдыңғы нұсқаларынан IQOS қуат көзін пайдалануға болады. Дегенмен, кабель С типті болуы керек.

Неге менің IQOS ILUMA құрылғымда автоматты қосылу қызметі жұмыс істемейді?

Егер сіздің IQOS ILUMA құрылғыңыз өздігінен қосылмаса, мыналарға (IQOS ILUMA ONE моделін санамағанда):
•TEREA темекі таяқшаларын пайдаланатыныңызға;
•Тұтқышта оларды дұрыс бағытта – TEREA логотипін жоғары қаратып, сүзгідегі жолаққа дейін орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
IQOS қолданбасын ашып, автоматты қосылу функциясын байқаусызда өшіріп алмағаныңызды тексеріңіз немесе IQOS ресми сату орындарына барыңыз.
Құрылғыңызды өшіріп қайта қосыңыз. IQOS ILUMA PRIME ™ тұтқышын зарядтағыш құрылғыға салыңыз. Индикаторлар өшіп, қайта жанғанша қосу түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.

Егер IQOS ILUMA™ тұтқышыңыз TEREA SMARTCORE STICKS™ темекі таяқшаларынсыз қосылса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:
•Өз құрылғыңызды жоғарыда көрсетілгендей өшіріп, қайта қосыңыз
•IQOS қолданбасында автоматты түрде қосылу функциясын өшіріңіз немесе IQOS ресми сату орындарына барыңыз.
Есіңізде болсын – сіз тұтқыштағы түймені 2 секунд басып тұрып, пайдалану сеансын қолмен іске қоса аласыз.
Егер мәселе жойылмаса, бізге хабарласыңыз немесе жақын маңдағы IQOS™ дүкеніне барып, көмекке жүгініңіз.

*Қыздыруды мәжбүрлеп іске қосу дұрыс жұмыс істеп тұрса, автоматты түрде қосылу функциясының жарамсыздығы кепілдік бойынша жөнделетін жарамсыздыққа жатпайды

Кеңейтілген функциялар деген не?

Пайдалануға жайлы болу үшін IQOS ILUMA жаңа кеңейтілген функциялармен жабдықталған (IQOS ILUMA ONE үшін қолжетімсіз).
Автоматты түрде қосылу
Сіз TEREA темекі таяқшасын тұтқышқа салған бойда IQOS ILUMA тұтқышыңыз автоматты түрде алдын ала қыздыруды бастайды.
*Бұл функция әдепкі баптау бойынша қолжетімді және оны IQOS қосымшасы арқылы немесе ресми сату орындарында өшіруге болады.

Тұтқыштың жай-күйін тексеру
Құрылғыны пайдаланбаған кезіңізде тұтқышты көтерсеңіз, бір немесе екі жарық индикаторы жанып, қолжетімді пайдалану сеанстарының саны көрсетіледі.
*Бұл функция әдепкі баптау бойынша қолжетімді және оны IQOS қосымшасы арқылы немесе ресми сату орындарында өшіруге болады.

Екі рет басу
Пайдалану сеансы кезінде жай ғана тұтқышты екі рет басыңыз, сол кезде тұтқыш пайдалану сеансының соңына дейін қанша уақыт қалғанын көрсетіп, дірілдей бастайды:
•3 діріл: 75-50%
•2 діріл: 50-25%
•1 діріл: < 25%
*Бұл функция әдепкі бойынша қолжетімді емес, бірақ сіз оны IQOS қолданбасы арқылы немесе ресми сату орындарында қоса аласыз.

Осы мүмкіндіктердің барлығын IQOS қолданбасында өзіңіз реттей аласыз немесе ресми IQOS сату нүктелеріндегі қызметкерлерге хабарласа аласыз. IOS қосымшасы туралы толығырақ сілтеме арқылы біле аласыз.

IQOS ILUMA PRIME дизайнының ерекшелігі қандай?

IQOS ILUMA PRIME – біздің премиум санаттағы құрылғымыз, инновациялық дизайны мен тамаша материалдарды қисынды пайдаланудың арқасында нағыз талғампаз пайдаланушыларымызға жақсы жарасады. Мысалы, IQOS ILUMA PRIME тұтқышы мен зарядтағыш құрылғының корпусы алюминийден жасалған, ал зарядтағыш құрылғының жапсырмасы былғарымен немесе матамен қапталған.

IQOS ILUMA-ның қандай жаңалықтары бар?

IQOS ILUMA жаңа инновациялық құрылғылары құрамында 2 модель ұсынылған:
• IQOS ILUMA PRIME: біздің нағыз мінсіз әрі заманауи құрылғымыз. Стиль ұсақ-түйек бөлшектеріне дейін ойластырылған.
• IQOS ILUMA: үйреншікті дизайн. Темекі тұтынудың инновациялық технологиялары
• IQOS ILUMA ONE: жинақы, «барлығы бір жерде» дизайны. Жолда пайдалануға өте жақсы және бір зарядталған соң 20 сеансқа дейін пайдалануға болады.

IQOS ILUMA және TEREA өнімдеріндегі SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ инновациялық индукциялық темекі қыздыру жүйесі темекіні қыздыру тәсілін толық өзгертеді. SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ жаңа индукциялық темекі қыздыру жүйесінің жүрегі – таяқшаның ішіне орналастырылған және темекіні кедергісіз қыздыру үшін тот баспайтын болатпен қапталған инновациялық металл қыздыру элементі. Бұл темекінің өзегінен бастап қыздырылатынын және нағыз дәмді және қандай да бір тазалау процесінсіз қолдану рақатын қамтамасыз ететінін білдіреді.

Бірқатар жаңа қызықты функциялардың арқасында сіз өз IQOS ILUMA құрылғыңызды баптай аласыз, мысалы:
• Темекіні қыздыруды қолмен немесе автоматты түрде қосу
• Ақылды ым-ишара
• Жарық түсінің қанықтығын реттеу және тағы басқалары.

Осы мүмкіндіктердің барлығын IQOS қолданбасында өзіңіз реттей аласыз немесе ресми IQOS сату нүктелеріндегі қызметкерлерге хабарласа аласыз. IOS қосымшасы туралы толығырақ сілтеме арқылы біле аласыз.

IQOS ILUMA деген не?

Су жаңа IQOS ILUMA моделі мен TEREA темекіні қыздыруды жаңа деңгейге шығарады. SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ инновациялық темекі қыздыру жүйесі темекіні TEREA темекі таяқшасының ішінен қыздырып, оны жағып жібермейді, бұл пайдалану кезінде анағұрлым сапалы, таза әрі жағымды әсер алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол әдеттегі темекіге қарағанда, зиянды химиялық заттарды орта есеппен 95%-ға аз шығарады.

Маңызды ақпарат: бұл міндетті түрде қатердің 95%-ға төмендейтінін білдірмейді. IQOS ILUMA зиянсыз емес.
*“95% аз” – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымысигарет түтінінде, никотинді қоспағанда, азайтуды ұсынатын, 9 зиянды зат деңгейінің орташа төмендеуі. kz.iqos.comсайтындағы «Маңызды ақпарат» бөлімін қараңыз.

TEREA темекі таяқшалары сізге тың дәм сезімін сыйлау үшін, сіздің қанық әрі үйлестірілген қоспаларды немесе балғын әрі хош иісті қоспаларды ұнататыныңызға қарамастан, нағыз темекі дәмінің алуан түрін ұсынады. Бұл осымен бітпейді. Инновациялық технологиялар тұтыну процесін жақсартады, ал түйсікпен түсінілетін функциялар мен баптаулар құрылғыны өз қажеттіліктеріңізге сәйкес дербестендіруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, кәсіби сервистік қызмет көрсетудің арқасында сіз қолдау мен артықшылықтарды пайдалана аласыз.

IQOS ILUMA үш нұсқада шығарылады:
• IQOS ILUMA Prime: нәзік әрі сәнді
• IQOS ILUMA: канондық дизайн
• IQOS ILUMA ONE: көркем

IQOS ILUMA қандай түстері бар?

IQOS ILUMA PRIME сәнді 4 түспен қолжетімді:
• Жасыл
• Алтын
• Қара
• Күлгін

Ал IQOS ILUMA және ILUMA ONE сәнді 5 түспен ұсынылды:
• Ақшыл сары
• Сұр
• Көгілдір
• Жасыл
• Алқызыл

IQOS ILUMA тек TEREA SMARTCORE STICKS™ темекі таяқшаларымен ғана пайдалануға арналған. IQOS ILUMA мен TEREA SMARTCORE STICKS™ өнімдерін алдыңғы IQOS буындарымен бірге пайдаланбаңыз, себебі ол құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.
TEREA SMARTCORE STICKS™ өнімін жұтпаңыз және бөлшектемеңіз. Бұл өнімде өткір металл бөлшектер бар, жұтқан кезде олар ауыр жарақат келтіруі мүмкін. Құрылғыны балалар мен үй жануарлары жете алмайтын жерде сақтаңыз.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру