IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

Сервистік қызмет көрсету

Құрылғыны орамасынан алғаш рет шығарғаннан кейін бірден пайдалануға болады ма?

Сіз IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін бірден пайдалана аласыз, себебі қуат беру құрылғысыныңбатареясы фабрикада қуатталады. Алайда кейбір жағдайларда аккумуляторға қуат беру қажет болады. Пайдаланар алдынданұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.

Егер менде құрылғыма байланысты мәселе туындаса, не істеуім керек?

Егер сіздің IQOS құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемей қалса, IQOS сату нүктелерінде IQOS диагностикасы мен сервистік қызметті ала аласыз немесе IQOS Қолдау Қызметіне 2121 нөмірі бойынша жүгіне аласыз. Сондай-ақ Құрылғыны онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, мұнда сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады.
Диагностиканы сайтта Жеке кабинеттегі «Менің құрылғыларым» бөлімінде немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында «Көмек» бөлімінде жүргізуге болады (бұдан әрі — «Диагностика»).

IQOS жүйесін алғашында қаншалықты көп уақыт ішінде қуаттау қажет?

Әдетте, IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін, қуат беру құрылғысы толық және пайдалануға дайын болады. Алғашқы және кейінгі кездерде қуат беру құрылғысы желіден 90 минут ішінде толығымен қуатталады. Тұтқыш қуат беру құрылғысында алты минут шамасында қуатталады.

Егер IQOS құрылғысында қыздыру элементі бұзылса, не істеу керек?

Егер IQOS тұтқышында қыздыру элементінің бір бөлігі сынып қалса немесе онда жарық пайда болса, онда құрылғыны жөндеуге болмайды және сізге жаңа құрылғы қажет болады.

Егер сіздің IQOS құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемей қалса, сіз IQOS сату нүктелерінде IQOS диагностикасы мен сервистік қызметін ала аласыз () немесе IQOS Қолдау қызметіне 2121 нөмірі бойынша жүгіне аласыз. Сондай-ақ Құрылғыны онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, мұнда сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады.
Диагностиканы сайтта Жеке кабинеттегі «Менің құрылғыларым» бөлімінде немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында «Көмек» бөлімінде жүргізуге болады (бұдан әрі — «Диагностика»).

IQOS сервис орталықтары қыздыру элементін ауыстырады ма?

Егер сіздің IQOS тұтқышыңызда қыздыру элементі сынған болса, Сізге жаңа тұтқыш қажет болады.
Тұтқышыңызды ауыстыру үшін Сіз IQOS ресми дүкендеріне немесе 2121 нөмірі бойынша клиенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңыз керек, егер қол жетімді болса, кепілдік берілмеген жағдайларда ауыстыру қызметін пайдалана аласыз. Сондай ақ сізге Рестарт сауда бағдарламалары аясында жаңа тұтқышты немесе құрылғыны сатып алу ұсынылуы мүмкін немесе Эко-апгрейд
Біз IQOS қыздыру элементін өз бетіңізше немесе IQOS уәкілеттік бермеген қызмет көрсету орталықтарында ауыстырмауды ұсынамыз. Дайындаушы зауытта әр құрылғы қыздыру температурасын дұрыс беру және ұстап тұру үшін патенттелген жабдықта жеке калибрлеуден өтеді. IQOS-тың қыздыру элементін оны алдағы уақытта бұзылмай істейтіндей етіп ешқандай қызмет көрсету орталығы ауыстыра алмайды.

IQOS тұтқышындағы қалпақша жабылмаса не істеу керек?

Құрылғыны дұрыс жауып жүргеніңізге көз жеткізіңіз. Қақпақтағы ойық Тұтқыштағы қуат түймесінің шығыңқысына сәйкес келуі керек. Егер сіз бәрін дұрыс жасап, бірақ IQOS Тұтқышындағы қалпақша әлі де сарт еткізіп бекітілмесе, онда тазалағыш құрылғымен және IQOS тазалау таяқшаларымен тазартуды жүргізіңіз. Қыздыру элементінің негізін және қалпақшаның төменгі бөлігін темекіден тазарту маңызды. Егер мәселе шешілмесе, құрылғыны мұқият қарап шығыңыз. IQOS қалпақшасы сынып, онда көрінетін зақымданулар болуы мүмкін. Бұл жағдайда сізге жаңа қалпақша сатып алу қажет болады.

IQOS құрылғысын қалай бөлшектеуге (жөндеуге) болады?

Біз IQOS құрылғысын өз бетінше немесе IQOS уәкілеттік бермеген сервистік орталықтарда бөлшектеуге немесе жөндеуге кеңес бермейміз.
Өндіруші зауытта әр құрылғы қыздыру температурасын дұрыс беру және ұстап тұру үшін патенттелген жабдықта жеке калибрлеуден өтеді. IQOS құрылғысы болашақта дұрыс жұмыс істейтін етіп ешқандай қызмет көрсету орталығы бөлшектей немесе жөндей алмайды.
Егер сіздің IQOS сынып қалса, біз сізге көмектесуге тырысамыз. Ауыстыру тәсілдері туралы толығырақ Менің IQOS құрылғым жұмыс істемесе/ нашар жұмыс істесе (сынып қалса) не істеу керек? деген сұраққа жауаптан көре аласыз

Тұтқыш / Таяқша пайдалану кезінде қызады

Пайдалану кезінде таяқшалардың қызып кетуіне мыналар себеп болуы мүмкін:

1. Ішке тарту арасындағы аралықты (8–15 секунд) сақтамау. Егер сіз ішке тартуды өте тез, қатарынан, ішке тарту арасындағы аралықты сақтамай жасасаңыз, онда таяқша бүтіндей қыздыруды өзіне алып, суып үлгермейді.
2. Ластанған қалпақша. Қалпақша – тұтқыштың маңызды элементі, ол таяқшаға ауа жіберуге жауап береді. Егер қалпақша ұзақ уақыт тазаланбаса, қақпақтың бүкіл ішкі бөлігі темекі бөлшектерімен бітеле бастайды, таяқшаға ауа беру нашарлайды, ішке тартудың өзі толыққанды болмайды (қатты, ыңғайсыз), пайдалану және желдету процесі бұзылады. Тиісінше, ішке тарту кезінде таяқшалар іс жүзінде суымайды және қыза бастайды, жылу қалпақшаға және тұтқышқа көбірек беріледі, сондықтан сіз осындай ыңғайсыздыққа тап болуыңыз мүмкін.

Қалпақшаны күнделікті негізде IQOS-қа арналған тазартқыш таяқшалармен тазалау керек, сонымен қатар 3-4 күнде бір рет жылы сумен жууға болады. Қалпақшаны тұтқышқа орнатпас бұрын оны міндетті түрде кептіріп алу керек.

Неліктен IQOS зарядталмайды?

FDA – бұл АҚШ Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын және АҚШ аумағында темекі өнімдерін өндіруді,маркетингті және сатуды бақылау арқылы қоғамның денсаулығын қорғауға және алға жылжытуға жауапты мемлекеттік орган. Темекі өнімдерінен басқа, ұйым азық-түлі

IQOS құрылғысының микробағдарламасын қалай жаңартуға болады?

IQOS құрылғысының микробағдарламасын жаңарту өте оңай. Сізге IOS немесе Android негізіндегі ұялы телефон қажет. Сондай-ақ, Windows немесе MacOS негізіндегі компьютерде микробағдарламаны жаңартуға болады.
IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына өту арқылы сіз үшін микробағдарламаны жаңартудың кез келген ыңғайлы әдісін таңдай аласыз.
Микробағдарламаны жаңарту үшін мыналарды орындау қажет:
1) негізгі мәзірде "Көмек" түймесін басу;
2) көмек мәзірінде "БЖ жаңарту" түймесін басу;
3) "Өз бетінше жаңарту" түймесін таңдау;
4) нұсқауларды орындау

Егер сізде қиындықтар туындаса, IQOS қолдау қызметіне ұялы телефоннан 2121 нөміріне қоңырау шалып (қоңырау шалу тегін), IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына немесе Instagram iqos_kaz Instagram аккаунтына жазып, сондай-ақ біздің info@iqos.kz электрондық мекенжайымызға жазу арқылы жүгіне аласыз

IQOS/lil SOLID құрылғысын түпнұсқа аксессуарларды (қуат беру блогы және USB кабелі) пайдаланбай зарядтауға бола ма?

Біз IQOS құрылғыңызды түпнұсқа емес зарядтау аксессуарларымен (қуат беру блогы және USB-кабелі) зарядтамауға кеңес береміз, себебі бұл литий-ионды батареяның зақымдалуына немесе құрылғының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл ретте, мұндай жағдайларға кепілдік қолданылмайды және жаңа IQOS құрылғысын сатып алу қажет болады.

Пайдалану кезінде бу аз шығады.

Өкінішке орай, мұндай ыңғайсыздық бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін.

1. Кеуіп кеткен таяқшалар. Пайдалану процесі таяқшаның өзіне байланысты. Егер темекі қатты сығылған болса, онда мәселені шешу үшін оны саусақтарыңызбен жұмсартып алу жеткілікті. Сондай-ақ, таяқшалар дұрыс сақтамау нәтижесінде тым кеуіп кетуі мүмкін. Ылғалдың түсуіне жол бермейтін үлдірдің астында таяқшалар өз қасиеттерін жоғалтпайды. Ашылғаннан кейін таяқшалары бар қорапты құрғақ жерде сақтау керек. Көбінесе тұтынушылар ашылғаннан кейін, қорапты ашық күйде сақтайды, осылайша таяқшаларды кептіріп жібереді, бұл оларды пайдалану кезінде ұсынылмайды.
2. Тазалау кезінде тұтқыгты қатты бетке қағады. Көбінесе пайдаланушылар IQOS тазалау құрылғысымен тазалағаннан кейін, темекінің қалдықтары тұтқыштан түсіп кетуі үшін құрылғыны қатты бетке қосымша қағады. Металл «жалпая» бастайды (деформацияланады), бұл кейіннен пайдалану процесін бұзады. Егер кепілдік мерзімі жарамды болса, онда тұтқышты myIQOS бағдарламасы шеңберіде ауыстыруға болады
3. Егер қалпақша ластанған болса, онда темекі бөлшектерінің немесе конденсаттың түсуі әсерінен ауа өткізгіш бітеліп қалуы мүмкін. Бұл мәселе сонымен қатар жағымсыз иіс пен ыстың себебі болады. Қалпақшаны ыстық суға 5–10 минутқа салуға болады, әрі қарай жуыңыз және қайтадан тұтқышқа орнатпас бұрын міндетті түрде құрғатып алыңыз.

Құрылғы көлік сияқты ыстық жерде ұзақ уақыт бойы жатқаннан кейін оны пайдалануғабола ма?

Құрылғыларды осындай жағдайларда ұзақ уақытқа қалдырмаған жөн, себебі осының салдарынан литий-ионды батарея айтарлықтай зақымдану мүмкін.

Ылғалды құрылғыны пайдалануға бола ма?

Құрылғы суланған жағдайда, оны пайдаланбаңыз, себебі ылғалдылық оның бұзылуына әкеліп соқтыруымүмкін. Пайдаланбас бұрын құрылғының толығымен құрғатылуына көз жеткізіңіз.

Тұтқыштың іске қосу батырмасын басқаннан кейін ішінен шыққан буды аңғардым, бұлқалыпты жағдай ма?

Тұтқышта темекі стигін пайдалану кезінде темекі буының түзілуі қалыпты жағдай болып табылады. Тұтқышты қуат беру құрылғысында автоматты түрде тазалаған кезде дәл осындай булану үдерісі көріністабу мүмкін.

Пайдалану кезінде құрылғы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай ма?

Тұтқыштың ішіне орнатылған қыздырғыш элементі темекі стигінің ішіндегі темекіні 350 градусқа дейін жанусыз қыздырады. Осыған орай, пайдалану кезінде және пайдаланудан кейін біраз уақыт бойы тұтқыш қыздырылу мүмкін; бұл қалыпты жағдай. IQOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайындағы қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған.

Менің IQOS құрылғымды қалай онлайн ауыстыруға болады?

Тіпті ең жоғары сапалы өнімдер де кейде істен шығуы мүмкін — сіздің IQOS құрылғысын пайдалана алмай қалуыңыз қаншалықты ыңғайсыз екенін біз білеміз. Кепілдік бойынша ауыстыруды жүзеге асырғыңыз келе ме? Бұл оп-оңай: 2121 нөмірі бойынша тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына хабарласып, қашықтан сервистік қызметті ала аласыз және қажет болған жағдайда IQOS құрылғысының ақаулы құрамдасын ауыстыруды жүзеге асыра аласыз.

Менің IQOS құрылғымның батареясын ауыстыруға бола ма?

Жоқ, біз IQOS құрылғысының батареясын жөндеу не ауыстыруды жүзеге асырмаймыз. Ақаулық анықталған жағдайда, біз қолданыстағы кепілдік шеңберінде құрылғыны немесе ақаулы құрамдасын (тұтқыш/зарядтау құрылғысы) ауыстырамыз. IQOS құрылғыларына берілетін кепілдік сатып алған күннен бастап 12 ай жарамды. Сатып алу туралы дәлелдер болмаған жағдайда, компания кепілдік мерзімін өз деректері негізінде өндірілген күннен бастап мына жерден таба аласыз.

Ақаулы IQOS құрылғысын қандай жағдайда ауыстыруға болады?

Құрылғыны IQOS™ пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес пайдаланған жағдайда. Қолдау көрсету қызметінің қомандасы сервистік қызмет көрсетеді немесе кепілдік шарттарына сәйкес келетін құрылғының ақаулы құрамдастарын ауыстырады. Бұл кепілдіктің ережелері сатып алу елінде ғана жарамды. IOQS кепілдігі неге қолданылмайды:
1. Қалыпты тозудан туындаған зақымдар 2. Косметикалық зақымдар (мысалы, сызаттар, ойықтар, сынған пластик және т. б.) 3. Дұрыс пайдаланбау, кернеудің тұрақсыздығы, ұқыпсыз ұстау, сұйықтықпен жанасу немесе жану салдарынан болатын зақымдар 4. Құрылғыны сәйкес келмейтін өнімдермен бірге пайдаланудан туындаған ақаулар 5. Пайдаланушы немесе IQOS аккредиттемеген қызмет көрсетуші ұйым тарапынан құрылғыны ашу, өзгерту немесе жөндеу әрекеті салдарынан оның бүлінуі немесе істен шығуы 6. Тиісті IQOS пайдаланушы нұсқаулығында берілген нұсқауларды сақтамау салдарынан туындаған зақымдану немесе ақаулық
Ауыстыру және кепілдік туралы толығырақ ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Қуат беру құрылғысын ішінде тұтқыш болмай-ақ қуаттауға бола ма?

Иә. Сіз қуат беру құрылғысын ішінде тұтқыш бар болғанда да, болмағанда да қуаттай аласыз.

Ішінде темекі стигі болған кезде тұтқышты қуаттауға бола ма?

Жоқ. Егер темекі стигі тұтқышта орналасатын болса, сіз қуат беру құрылғысының қақпағын жаба алмайсыз,бұл ретте оның қақпағы тұтқышты қосымша қуаттау мақсатында ашық болу тиіс.

Менің құрылғымды шетелде ауыстыруға бола ма?

Сервистік қызмет көрсету тек тіркелген IQOS пайдаланушылары үшін қолжетімді. IQOS пайдаланушыларына қолдау көрсететін елдер тізімін халықаралық қолдау көрсету қызметіне мына нөмір арқылы хабарласып біле аласыз: +41 21 547 88 88*.
1. Негізгі мәзірден құрылғыны сатып алған елді таңдаңыз.
2. Біз құрылғыңызға қашықтықтан диагностика жасап, сізге қандай әрекеттерді орындау керектігін айтамыз.
3. Назар аударыңыз! Қарым-қатынас сатып алған елдің тілінде жүзеге асырылатын болады.
4. Қолдау көрсету қызметінің жұмыс уақыты сатып алу еліне байланысты
*Қоңырау үшін телефон нөміріңіздің теңгерімінен ақы алынуы мүмкін. Қоңырау шалмас бұрын ұялы байланыс операторымен кеңесіңіз
**Назар аударыңыз! Сіз құрылғыны сатып алған елді таңдауыңыз керек.
*** Сервистік қызмет көрсету IQOS бар елдерде қолжетімді.

Қолдау қызметіне қалай хабарласа аламын?

Сіз IQOS қолдау қызметіне ұялы телефоннан 2121 нөміріне қоңырау шалып (қоңырау шалу тегін), IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына немесе iqos_kaz Instagram аккаунтына жазып, сондай-ақ біздің info@iqos.kz электрондық поштамызға жазу арқылы жүгіне аласыз

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру