IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Кіру

Телефон
Email
+7(---)-------
СМС-кодты қабылдау
Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркеу
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Кіру

Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркелу
Артқа

Для восстановления пароля
введите ваш Email

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Құпиясөзді өзгерту

Кемінде 8 таңба
Тек латын әріптері
Бір немесе бірнеше сандар
Бас және кіші әріптер
Жіберу

Маңызды ақпарат

Түтінсіз өнімдерге көшуде ФМИ компаниясының ұсынатын стандарттары

ФМИ компаниясы сапалы, ғылыми білімдер негізінде әзірленген түтінсіз өнімдердің кең таңдауын ұсынады, оларды қолдану жай сигарет шегуге қарағанда жақсырақ таңдау болып табылады. Біз түтінсіз өнімдеріміздің күндердің бір күнінде сигареттерді алмастыратынына сенеміз.

  • Сигарет шегу маңызды ауруларды тудырады және тәуелділікті тудырады. Кез келген темекі шегуші қабылдай алатын жақсы шешім, — бұл темекіден және никотиннен толығымен бас тарту екені сөзсіз.
  • Балалар мен жасөспірімдер темекіні немесе никотинді ешбір түрінде тұтынбауы тиіс.
  • ФМИ компаниясының түтінсіз өнімдері тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.
  • Біз темекі немесе құрамында никотин бар өнімдерін ешқашан тұтынбаған немесе темекі шегуден және құрамында никотин бар өнімдерін тұтынудан бас тартқан адамдарға ФМИ компаниясының түтінсіз өнімдерін ұсынбаймыз. Біздің түтінсіз өнімдеріміз темекі шегуден бас тартуға көмектесетін құрал да емес, темекі шегуді тоқтатуға балама да емес.
  • ФМИ компаниясының түтінсіз өнімдері зиянсыз емес және құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар. Алайда, түтінсіз өнімдерге көшу — темекі шегуді жалғастырғанға қарағанда анағұрлым жақсырақ таңдау.
  • Біз түтінсіз өнімдерді ересек пайдаланушыларымызға олардың біздің өнімдерімізге толық көшу жолында кеңес және ұсыныс беру арқылы қолдау көрсетеміз.
  • Тұтынушылар түтінсіз өнімдердің артықшылығын сезінуі үшін оларға толығымен көшуі және темекі шегуден мүлде бас тартуы тиіс.
  • 8. Біз тұтынушыларға біздің түтінсіз өнімдеріміздің қауіпсіздігі туралы барлық қажетті ақпаратты береміз.

Сақтық шаралары және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар

Темекі және никотин

  • IQOS™ және lil™ жүйелерімен қолданылатын темекі таяқшаларында тәуелділік тудыратын никотин бар.
  • IQOS және lil толық қауіпсіз болып табылмайды. Темекі мен никотинге байланысты денсаулыққа қауіптерді төмендетудің ең жақсы тәсілі — темекі мен никотинді тұтынудан толығымен бас тарту.
  • Никотині бар өнімдердің кейбір тұтынушылары іштің ауыруы, кеудедегі ауырсыну, тұншығу сезімі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, бас айналуы, ауыз құрғақтығы, тамақ құрғақтығы, қызыл иектің қабынуы, бас ауруы, әлсіздік, мұрынның бітелуі, жүрек айну, ауыздың тітіркенуі, қатты жүрек соғысы, тамақтың тітіркенуі және құсу туралы хабарлады.
  • Жүрек аурулары зардабын шегетін немесе қаупі бар адамдар, диабетиктер, эпилептиктер немесе құрысуды бастан кешіретін адамдар никотині бар өнімдерді тұтынбауы тиіс.
  • Оларды жүктілік немесе бала емізу кезінде де қолдануға болмайды. Егер сіз жүкті болсаңыз, бала емізсеңіз немесе жүктімін деп ойласаңыз, сізге темекіден және никотиннен толығымен бас тартқан жөн.
  • Темекі шегуден бас тарту немесе IQOS, lil және олармен бірге берілетін темекі таяқшаларға немесе құрамында никотині бар басқа өнімдерге көшу белгілі бір дәрілерді (мысалы, теофиллин, клозапин, ропинирол) дозалауын түзетуді талап етуі мүмкін.
  • Егер сізде денсаулығыңыздың жай-күйі IQOS және lil-ді пайдалануға мүмкіндік беретіні-бермейтіні туралы сұрақтар болса, дәрігермен кеңесіңіз.

Темекі құрамдас таяқшаларды пайдалану

Келесілерді ғана пайдалануға болады:

  • IQOS ILUMA PRIME \ IQOS ILUMA ONE \ IQOS ILUMA™ немесе бұрынғы буынның құрылғылары TEREA™ темекі таяқшаларымен,
  • IQOS ORIGINALS DUO \ 3 DUO™ немесе бұрынғы буынның құрылғылары HEETS™ темекі таяқшаларымен,
  • lil SOLID™, Fiit™ темекі таяқшаларымен,
  • IQOS немесе lil құрылғыларын сигареттермен немесе оларға ұқсас өнімдермен бірге пайдалануға болмайды. Мұндай әрекеттер жарақатқа әкелуі мүмкін.

TEREA, HEETS, Fiit темекі таяқшаларын қандай да бір түрде түрлендіруге немесе TEREA, HEETS, Fiit таяқшаларына қандай да бір заттарды қоспаңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.

Өнімді қолданар алдында тұтынушылар өнімді қауіпсіз пайдалану туралы маңызды ақпаратты қамтитын сақтық шаралары және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарының толық нұсқасын оқып шығуы тиіс.

IQOS ILUMA PRIME \ IQOS ILUMA үшін қауіпсіздік туралы ескертулер мен нұсқаулар IQOS ILUMA ONE үшін қауіпсіздік туралы ескертулер мен нұсқаулар IQOS 2.4 үшін қауіпсіздік туралы ескертулер мен нұсқаулар IQOS 3 үшін қауіпсіздік туралы ескертулер мен нұсқаулар IQOS 3 Multi үшін қауіпсіздік туралы ескертулер мен нұсқаулар IQOS ORIGINALS DUO \ 3 DUO үшін қауіпсіздік туралы ескертулер мен нұсқаулар lil SOLID 2.0 үшін сақтық шаралары және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар lil SOLID Ez үшін сақтық шаралары және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар

Аккумулятордың сапалық сипаттамаларының нашарлауы

IQOS және lil SOLID құрылғыларында, тұтқыштарын қоса, литий-ионды аккумулятор бар. Құрылғыларда пайдаланылатын литий-ионды аккумулятор — шығындалатын құрамдасы, оның сапалық сипаттамалары пайдалану үдерісінде уақыт өте келе төмендейді. Бұл барлық литий-ионды аккумуляторларға тән табиғи үдеріс. Аккумулятор ескірген сайын ішіндегі белсенді құрамбөліктері зарядты ұстау қабілетін жоғалтады, бұл аккумулятордың жоғары сыйымдылығының және пайдалы энергияның тұрақты төмендеуіне апарады. Сонымен қатар, белсенді құрамбөліктері энергияны беруде тиімсіз бола бастайды, бұл аккумулятордың электронды құрылғы құрамдастарының жұмысы үшін жеткілікті қуатты қамтамасыз ету қабілетінің төмендеуіне апарады. Нәтижесінде, кейбір жағдайларда пайдалану ұзақтығы қысқаруы, ал құрылғыны бір толық зарядпен ішке тартудың немесе пайдалану циклдарының саны азаюы мүмкін. Оның үстіне, бірінен кейін бірден екінші пайдалану қысқарақ немесе мүлде болмауы мүмкін.

Аккумулятор — химиялық жүйе, ол үшін қызмет ету мерзімі бойы неғұрлым тиімдірек жұмыс істеуі және сыйымдылығының төмендеуі мен сапалық сипаттамаларының нашарлау мұмкіндіктерін мейлінше азайту мақсатында зарядтау және заряды таусылу кезінде белгілі бір температуралық аралықтарды сақтау қажет. Құрылғыңыздың қызмет ететін белгілі бір жұмыс аралығы болғанына қарамастан, құрылғыны осы аралықтың шегінде пайдалану аккумулятор зарядының тез таусылуына және сапалық сипаттамаларының нашарлауына апаруы мүмкін. Құрылғының қызмет мерзімін мейлінше ұзарту үшін құрылғыңыз пайдаланушының талаптарын ескерумен әзірленген зарядтау параметрлерін басқаруға арналған бағдарламалық қамсыздандырумен қамтамасыз етілген. Мұндай алгоритмдер аккумулятордың қызмет мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ олар ешқашан литий-ионды аккумуляторлардың табиғи ескіру механизмдерін тоқтата немесе бәсеңдете алмайды. Құрылғының жоғары және төмен температураларда жұмыс істеуі аккумулятордың сапалық сипаттамаларының табиғи нашарлауын үдетеді және зарядының тез таусылуына апарады. Құрылғыңызды пайдаланбайтын болсаңыз да, аккумуляторларда уақыт өте келе сапалық сипаттамалары нашарлауы мүмкін химиялық жүйелер бар. Аккумулятордың зарядының тез таусылуы мен сапалық сипаттамаларының нашарлау үдерісін бәсеңдету мақсатында біз құрылғыны ұсынылатын температуралық аралықта зарядтауға, ұзақ уақыт бойы заряды таусылған күйде қалдырмауға және құрылғымен бірге жеткізілетін зарядтау кабельдері мен қуат беру адаптерлерін пайдаланушының нұсқаулықтарына сәйкес пайдалануға кеңес береміз.

ЖҚС бөліміндегі маңызды ақпарат туралы осы жерде оқыңыз.