IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

IQOS 3

IQOS 3 аккумуляторы деңгейін қалай тексеруге болады?

Зарядтау деңгейін тексеру үшін — зарядтау құрылғысындағы түймені басыңыз.

Аккумулятордың зарядының күйін көрсету үшін индикаторлар үш секундқа жанады.

• 4 индикатор = 75%-дан астам зарядтау.
• 1 индикатор = төмен зарядтау деңгейі. Сіздің IQOS құрылғыңызды зарядтау керек

IQOS 3 құрылғысы қаншалықты ұзақ зарядталады?

IQOS 3 электр розеткасынан толық зарядтау шамамен 120 минутты алады. Құрылғыны тек түпнұсқалық қуат беру адаптерімен және USB-кабелімен зарядтау ұсынылады.

IQOS 3 зарядтау құрылғысын әр уақытта соңына дейін зарядтау керек пе?

IQOS 3 құрылғысын оның қалыпты жұмыс істеуі үшін оны толығымен зарядтаудың қажеті жоқ. Алайда, толық зарядта құрылғыны 20 есеге дейін пайдалануға болады.

IQOS 2.4/2.4P тұтқышын IQOS 3 зарядтау құрылғысы көмегімен және керісінше зарядтауға бола ма?

Жоқ, жаңа зарядтау құрылғысы IQOS 2.4/2.4 PLUS құрылғыларымен үйлесімді емес.

IQOS 2.4/2.4 PLUS тұтқышының өлшемі IQOS 3 тұтқышының өлшемінен ерекшеленеді және тиісінше IQOS 3 зарядтау құрылғысына сыймайды.

Егер сіз IQOS 3 тұтқышын IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысына салсаңыз, онда IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысының индикаторы жыпылықтай бастайды, алайда IQOS 3 тұтқышы зарядталмайды.

IQOS 3 зарядтау құрылғысының алдыңғы моделінен қуат адаптері мен USB кабелін пайдалануға бола ма?

Алдыңғы үлгіден айнымалы ток қуат адаптерін пайдалануға болады. Алайда, IQOS 3 USB кабелінде USB-C порты бар және алдыңғы үлгілермен қолдануға жарамайды.

IQOS 3 құрылғысын қалай қайта жүктеуге болады?

IQOS 3 құрылғысын қайта жүктеу үшін зарядтау құрылғысындағы түймені 10 секунд басып тұру керек, содан кейін оны жіберіңіз. Зарядтау деңгейінің индикаторы жанады, екі рет жыпылықтайды, содан кейін қайта жүктеуді растау үшін қайтадан бірқалыпты жанады

IQOS 3 құрылғысының діріл сигналдары нені білдіреді?

Тұтқыш келесі жағдайларда дірілдей бастайды:
- сессияның басында (қыздыруды бастау үшін IQOS 3™ тұтқышының түймесін басқан кезде) — бір діріл;
- құрылғы пайдалануға дайын болғанда — 2 діріл;
- сессия аяқталуға жақын болғанда (сессия аяқталғанға дейін 30 секунд бұрын) — екі діріл

IQOS 3 тұтқышындағы индикаторлар нені білдіреді?

IQOS 3 индикаторларының ақ түсі қосымша зарядтау процесі, қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, батареяның толық заряды және т. б. сияқты әртүрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін. Индикаторлардың қызыл түсі (үзіліссіз немесе тұрақты) құрылғының жұмысындағы қатені білдіреді. Құрылғыны қайта жүктеп, оны қайтадан пайдаланып көріңіз. Бұл көмектеспеді ме? Сіз Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.

IQOS 3 зарядтау құрылғысындағы индикаторлар нені білдіреді?

Индикаторлардың ақ түсі әр түрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін, мысалы, қосымша зарядтау процесі, құрылғыны қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, аккумулятордың толық заряды. Индикатордың қызыл түсі мынаны білдіруі мүмкін:
- Зарядтау құрылғысының бір төменгі индикаторы: құрылғының температурасы жұмыс ауқымынан тыс (0–50°C). -> Құрылғының жұмыс температурасы шегіне оралуын күтіңіз;
- Тұтқыш мәртебесінің индикаторы: Тұтқыш ақаулы. -> Құрылғыны қайта жүктеңіз.
Бұл көмектеспеді ме? Сіз Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.

IQOS 3 зарядтау индикаторлары сары түспен жанады.

IQOS 3 құрылғысының тек 3 индикация түрі бар: Қызыл, Ақ және Көк. Сары индикация жоқ. Егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысында сары индикаторларға тап болсаңыз, бұл темекі бөлшектері жарық индикаторларына түсіп, зарядтау құрылғысын СП-да тазалау керек дегенді білдіреді. Бұл жұмыс функционалына ешқандай әсер етпейді, сонымен қатар қандай да бір ақаулар туралы сигнал бермейді.

IQOS 3 құрылғысының дұрыс жұмыс істеуі үшін қандай температура оңтайлы?

IQOS литий-ионды батареялардан жұмыс істейді, олар үшін жұмыс температурасының келесі диапазондары ұсынылған: IQOS 2.4 Plus 10–40 ᵒC, IQOS 3 және IQOS 3 Multi 0–50 ᵒC. IQOS-ты өте төмен немесе жоғары температурада пайдалану және сақтау аккумулятордың өмірлік циклін қысқартуы мүмкін.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру