IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

IQOS 2.4 PLUS

IQOS 2.4 PLUS аккумуляторы деңгейін қалай тексеруге болады?

Аккумулятор зарядының деңгейін келесі жолмен оңай тексеруге болады:
1) ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып, 1 секунд ұстап тұрыңыз;
2) заряд деңгейінің индикаторлары қосылады:
- 1 индикатор — төмен зарядтау деңгейі,
- 4 индикатор — құрылғы толығымен зарядталған.

IQOS 2.4 PLUS құрылғысы қаншалықты ұзақ зарядталады?

IQOS 2.4 PLUS құрылғысын электр розеткасынан толығымен зарядтау үшін шамамен 90 минут қажет. Құрылғыны тек жиынтықтағы қуат беру адаптерімен және USB-кабелімен зарядтау ұсынылады.

IQOS 2.4 PLUS зарядтау құрылғысын әр уақытта соңына дейін зарядтау керек пе?

IQOS 2.4 Plus құрылғысын қалыпты жұмыс істеуі үшін оны толығымен зарядтаудың қажеті жоқ. Алайда толық зарядта IQOS 2.4 Plus құрылғысын 20 ретке дейін пайдалануға болады.

IQOS 2.4 PLUS құрылғысын қалай қайта жүктеуге болады?

IQOS 2.4 Plus құрылғысын қайта жүктеу үшін барлық индикаторлар жыпылықтаған сәтке дейін Bluetooth және құрылғыны қосу түймелерін бір уақытта басып тұру керек.

IQOS 2.4 PLUS құрылғысының діріл сигналдары нені білдіреді?

Тұтқыш келесі жағдайларда дірілдей бастайды:
- сессияның басында (қыздыруды бастау үшін түймені басқан кезде);
- сессия аяқталуға жақын болғанда (сессия аяқталғанға дейін 30 секунд бұрын).

IQOS 2.4 PLUS тұтқышындағы қызыл индикатор нені білдіреді?

Тұтқыштағы жыпылықтап тұрған немесе тұрақты индикатор келесілерді білдіруі мүмкін:
- Тұтқыш зарядталмаған;
- құрылғы жұмыс температурасынан тыс жұмыс істейді (10–40 °C);
- сіз пайдалану кезінде тұтқыш түймесін бастыңыз;
- Тұтқыштың ақаулығы.

Мәселені шешу үшін келесі нұсқалардың бірін қолданып көріңіз:
а) IQOS 2.4 Plus зарядтау құрылғысының қосулы екенін және оның заряд деңгейінің жеткілікті болғанын тексеріңіз;
ә) Тұтқышты Зарядтау құрылғысына салыңыз да, оның толық зарядталуын күтіңіз (4 минутқа дейін);
б) Тұтқыштың электрондық түйіспелерінің таза екеніне көз жеткізіңіз;
в) егер жоғарыда аталған әрекеттер көмектеспесе, құрылғыны қайта жүктеңіз;
г) егер құрылғы әлі жұмыс істемесе, сіз құрылғының онлайн диагностика қызметін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады

IQOS 2.4 PLUS зарядтау құрылғысындағы қызыл индикатор нені білдіреді?

1. IQOS 2.4 Plus зарядтау құрылғысындағы Тұтқыштың индикаторы Тұтқыштың дұрыс жұмыс істемеуін білдіреді. Зарядтау процесінде индикатордың баяу лүпілі Тұтқыштың аккумуляторының қызмет ету мерзімі аяқталатынын білдіреді.
2. Зарядтау құрылғысы мәртебесінің төменгі индикаторы Зарядтау құрылғысының дұрыс жұмыс істемеуін немесе құрылғының жұмыс температурасынан тыс жұмыс істеуін білдіреді (10–40 °C).
3. Құрылғыңызды қайта жүктеңіз және оның жұмыс температурасының рұқат етілген диапазонында екеніне көз жеткізіңіз.
4. Егер құрылғы әлі жұмыс істемесе, сіз құрылғының онлайн диагностика қызметін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.

IQOS 2.4 PLUS құрылғысының дұрыс жұмыс істеуі үшін қандай температура оңтайлы?

IQOS литий-ионды батареялардан жұмыс істейді, олар үшін жұмыс температурасының келесі диапазондары ұсынылған: IQOS 2.4Plus 10–40 ᵒC, IQOS 3 және IQOS 3 Multi 0–50 ᵒC. IQOS-ты өте төмен немесе жоғары температурада пайдалану және сақтау аккумулятордың өмірлік циклін қысқартуы мүмкін.

IQOS 2.4 PLUS толық зарядтау қанша уақытты алады?

IQOS 2.4 PLUS құрылғысын электр розеткасынан толығымен зарядтау үшін шамамен 90 минут қажет. Біз түпнұсқа аксессуарлар көмегімен зарядтауды ұсынамыз. IQOS 2.4 Plus құрылғысын оның қалыпты жұмыс істеуі үшін оны әр жолы толығымен зарядтаудың қажеті жоқ. Алайда толық зарядта IQOS 2.4 Plus құрылғысын 20 есеге дейін пайдалануға болады.

IQOS 2.4 PLUS құрылғысындағы Bluetooth түймесі не үшін қажет?

Бұл түйме IQOS 2.4 PLUS құрылғысын дербес компьютермен немесе смартфонмен жұптастырған кезде бағдарламалық жасақтаманы жаңарту кезінде қажет.

Бұрын сатылымда IQOS 2.4Plus болды, ол қайда кетті?

Иә, шынында да, IQOS 2.4 Plus құрылғысы 2017 жылдан бастап сатылымда қолжетімді. Ең жаңа IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO шығуымен құрылғы IQOS 2.4Plus біртіндеп өзектілігін жоғалта бастады. Осыған байланысты біздің ресми дүкендерде және ресми сайтта осы құрылғыны жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылданды.

Мен IQOS 2.4Plus құрылғысын досымнан көрдім оны сатып алғым келеді.

Иә, шынында да, IQOS 2.4 Plus құрылғысы 2017 жылдан бастап сатылымда қолжетімді. Ең жаңа IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO шығуымен құрылғы IQOS 2.4Plus біртіндеп өзектілігін жоғалта бастады. Осыған байланысты біздің ресми дүкендерде және ресми сайтта осы құрылғыны жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылданды.

Менде IQOS 2.4Plus бар, бірақ мен оны енді сатылымда көріп жүрген жоқпын. Егер құрылғы сынып қалса, мен оны ауыстыра аламын ба?

Иә, шынында да, бұл құрылғы енді біздің сауда нүктелерімізде, IQOS ресми дүкендерінде және kz.iqos.com ресми сайтында сатылымда ұсынылмайды. Алайда, тауар сауда нүктесінде қолжетімді болған кезде, біз өндіруші белгілеген кепілдікке сәйкес бұзылған жағдайда ауыстыруды жүзеге асырамыз.

Менде IQOS 2.4Plus сынып қалды, мен сол түсті құрылғыға ауыстыра аламын ба?

Сынған кезде біз сіздің IQOS 2.4Plus құрылғыңызды қоймада болған жағдайда ұқсас түске ауыстыра аламыз. Өкінішке орай, бұл құрылғыны жеткізу тоқтатылды, сондықтан біздің сауда нүктелерімізде қандай да бір түсті құрылғы болмауы мүмкін. Сіз бар түсті таңдай аласыз немесе IQOS 2.4Plus құрылғысын IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысына Eco-Upgrade бағдарламасы бойынша ауыстыру мүмкіндігін қарастыра аласыз.

Сізде сатылымда IQOS 2.4Plus жоқ, басқа жерден сатып ала аламын ба?

Біз барлық нүктелерімізде IQOS 2.4Plus сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдадық, сондықтан Сіз оны біздің фирмалық дүкендерімізден және ресми сайтымыздан таба алмайсыз.

Менде IQOS 2.4Plus бар, бірақ ол сатылымнан кетіп қалды, бұл аксессуарлары да кетеді дегенді білдіре ме?

Иә, шынында да, біз осы құрылғыны сауда нүктелерінде және ресми сайтта жеткізуді және сатуды тоқтату туралы шешім қабылдадық. IQOS 2.4Plus аксессуарлары енді сатылымда жоқ және аксессуарлардың қосымша жеткізілімдері де болмайды.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру