IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO алдыңғы құрылғылардан қалай ерекшеленеді?

IQOS ORIGINALS DUO / IQOS 3 DUO үйлесімді түрде IQOS 3 және біздің ең соңғы технологияларымыздың ең жақсысын біріктірді.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышы — IQOS отбасындағы ең шағын және ең жылдам зарядталады.

Енді сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтаусыз қатарынан екі сеанс ішінде пайдалана аласыз.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысының аккумуляторының зарядтау деңгейін қалай тексере аламын?

Зарядтау деңгейін тексеру үшін — зарядтау құрылғысындағы түймені басыңыз.

Аккумулятордың зарядының күйін көрсету үшін индикаторлар үш секундқа жанады.

4 индикатор = 75%-дан астам зарядтау.
1 индикатор = төмен зарядтау деңгейі. Сіздің IQOS құрылғыңызды зарядтау керек

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысын толық зарядтау қанша уақытты алады?

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысын желіден толық зарядтау үшін шамамен 120 минут қажет. Құрылғыны тек түпнұсқалық қуат беру блогымен және USB-кабелімен зарядтаңыз.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысын әрқашан толық зарядтауым керек пе?

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысы жұмыс істеу үшін толық зарядтауды қажет етпейді, бірақ оны алғаш рет пайдаланар алдында толық зарядтауды ұсынамыз. Зарядтау құрылғысын толық зарядтау 20 сеансты қамтамасыз етеді.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысымен және керісінше IQOS 2.4/2.4 PLUS тұтқышын зарядтауға бола ма?

Жоқ, жаңа зарядтау құрылғысы IQOS 2.4/2.4 PLUS құрылғыларымен үйлесімді емес.

IQOS 2.4/2.4 PLUS тұтқышының өлшемі IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышының өлшемінен ерекшеленеді және IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысына сыймайды.

Егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышын IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысына салсаңыз, онда IQOS 2.4/2.4 PLUS зарядтау құрылғысының индикаторы жыпылықтай бастайды, алайда IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышы зарядталмайды.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысын зарядтауға арналған құрылғының алдыңғы нұсқасынан IQOS қуат беру блогы мен USB кабелін пайдалана аламын ба?

Сіз құрылғының алдыңғы нұсқаларынан IQOS қуат беру блогын пайдалана аласыз. Алайда, жаңа құрылғының USB кабелінің түрі (C түрі) IQOS 2.4/2.4 PLUS-тен ерекшеленеді.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысын қалай қайта жүктеуге болады?

Егер сіздің IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғыңыз зарядталған болса, бірақ жұмыс істемесе — оны қайта жүктеңіз. IQOS зарядтау құрылғысындағы түймені басып, индикаторлар сөнгенше оны 10 секунд ұстап тұрыңыз , содан кейін босатыңыз. Қайта жүктеуді растау үшін барлық индикаторлар сөніп, екі рет жыпылықтайды және қайтадан бірқалыпты жанады.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышының зарядтау мәртебесін қалай тексеруге болады (ықтимал сеанстар саны)?

Тұтқыштың зарядтау мәртебесін екі тәсілмен тексере аласыз:

1. IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышының зарядтау мәртебесін тексеру үшін түймені басып, босатыңыз:

- 2 индикатор = сізге қатарынан 2 сеанс қолжетімді;
- 1 индикатор = сізге 1 сеанс қолжетімді;
- бірде-бір индикатор жанбайды — тұтқыш зарядталмаған.
2. IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысында тұтқыштың зарядтау мәртебесін тексеру үшін зарядтау құрылғысының түймесін басып, босатыңыз:

- 2 индикатор = сізге қатарынан 2 сеанс қолжетімді;
- 1 индикатор = сізге 1 сеанс қолжетімді;
- бірде-бір индикатор жанбайды — тұтқыш зарядталмаған.

МАҢЫЗДЫ: егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышын және IQOS 3 зарядтау құрылғысын пайдалансаңыз, онда индикаторлардың жұмысы ерекшеленуі мүмкін. Кейбір жағдайларда тұтқыштың зарядталу мәртебесін білу үшін IQOS 3 зарядтау құрылғысының тігілмесін жаңарту қажет болуы мүмкін.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысының діріл сигналдары нені білдіреді?

Діріл сигналдары жүйесі IQOS-ты ыңғайлы және интуитивті пайдалану үшін жасалған. IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO діріл сигналдары жүйесі IQOS 3-тен өзгеше емес.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO пайдалану кезінде сіз келесі діріл сигналдарын сезе аласыз:
- Пайдаланар алдында тұтқыш түймесін басқаннан кейін — бір діріл сигналы. Бұл IQOS қызып жатқанын білдіреді;
- Тұтқыш пайдалануға дайын — екі діріл сигналы;
- Және келесі 2 діріл сигналы — сеанс аяқталғанға дейін 30 секунд бұрын.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO тұтқышындағы индикаторлар нені білдіреді?

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO индикаторларының ақ түсі қосымша зарядтау процесі, қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, батареяның толық заряды және т. б. сияқты әртүрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін. Индикаторлардың қызыл түсі (үзіліссіз немесе тұрақты) құрылғының жұмысындағы қатені білдіреді. Құрылғыны қайта жүктеп, оны қайтадан пайдаланып көріңіз. Бұл көмектеспеді ме? Сіз құрылғыны Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау құрылғысындағы индикаторлар нені білдіреді?

Индикаторлардың ақ түсі әр түрлі ағымдағы әрекеттерді білдіруі мүмкін, мысалы, қосымша зарядтау процесі, құрылғыны қайта жүктеу, пайдалануға дайын болу, аккумулятордың толық заряды.
Индикатордың қызыл түсі мынаны білдіруі мүмкін:
- Зарядтау құрылғысының бір төменгі индикаторы: құрылғының температурасы жұмыс ауқымынан тыс (0–50°C). -> Құрылғының жұмыс температурасы шегіне оралуын күтіңіз жане құрылғыны қайта жүткеңіз;
- Тұтқыш мәртебесінің индикаторы: Тұтқыш ақаулы. -> Құрылғыны қайта жүктеңіз.
Бұл көмектеспеді ме? Сіз құрылғыны Онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, содан кейін сізге осы мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы Жеке кабинетте Менің құрылғыларым бөлімінде жүргізуге болады немесе IQOS ресми сату дүкендеріне баруға болады.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO зарядтау индикаторлары сары түспен жанады.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысының тек 3 индикация түрі бар: Қызыл, Ақ және Көк. Сары индикация жоқ. Егер сіз IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысында сары индикаторларға тап болсаңыз, бұл темекі бөлшектері жарық индикаторларына түсіп, зарядтау құрылғысын СП-да тазалау керек дегенді білдіреді. Бұл жұмыс функционалына ешқандай әсер етпейді, сонымен қатар қандай да бір ақаулар туралы сигнал бермейді.

IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғыларында жұмыс температуралары диапазоны қандай?

IQOS ORIGINALS DUO / IQOS 3 DUO кең температуралар диапазонында жұмыс істеуге арналған, бірақ таяқшаның дәмі 0°-тан 50° C-қа дейінгі температурада пайдалану кезінде ең жақсы ашылады. IQOS-ты өте төмен немесе жоғары температурада пайдалану және сақтау аккумулятордың өмірлік циклін қысқартуы мүмкін.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру