• Алғашқы қадамдар Құрылғыны қолдану, тазалау және зарядтау жөніндегі кеңестер мен ұсынымдар
  • Диагностикалау Құрылғыны диагностикалау және ақауларын анықтау
  • Сұрақтар мен жауаптар
  • IQOS IQOS-пен алғашқы қадамдар
    slider-image-0
  • lil lil-пен алғашқы қадамдар
    slider-image-1
  • IQOS IQOS диагностикалау
    slider-image-0
  • lil lil диагностикалау
    slider-image-1
  • Сұрақтар мен жауаптар

    IQOS деген не?
    IQOS (Айкос) — бұл шылым шегуге балама болып табылатын темекі қыздыру жүйесі. IQOS-та темекіні жандырмай, түтінсіз және күлсіз ішінен қыздыратын, дәмі мен хош иісін ашатын HeatControl™ технологиясы қолданылады.
    Толығырақ білу
    IQOS пайдаланған кезде түтін шығады ма?
    Жоқ, IQOS пайдалану кезінде темекі буы түзіледі, жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекінің нағыз дәмін сезінуге мүмкіндік береді.
    IQOS жүйесі тәуелділік туғыза ма?
    Қыздырылатын темекі таяқшаларында қолданылатын темекіде табиғи түрде никотин бар, ал никотин өз кезегінде тәуелділік тудырады.
    Кәдімгі сигареттер мен IQOS пайдаланудың айырмашылығы неде?
    IQOS – бұл 21 жастан асқан шылым шегушілерге арналған балама.
    IQOS жанусыз, күлсіз және сигарет түтінінсіз шынайы темекі дәмінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
    IQOS-қа толық ауысу – шылым шегуді жалғастырудан гөрі денсаулығыңызға қаупі азырақ.*
    [Маңызды: тәуекелдерді жоққа шығармайды, аэрозольдің құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар]
    * Дереккөз: Шылым шегуді жалғастырумен салыстырғанда IQOS туралы деректердің жиынтығы негізінде.
    Никотин зиянды ма?
    Никотин тәуелділікті тудырады. Алайда, бұл темекі шегуге қатысты аурулардың негізгі себебі емес. IQOS никотинді темекі сияқты жеткізеді. Біздің клиникалық зерттеулеріміз IQOS-пен темекі таяқшасын пайдаланғанда сіңірілетін никотин мөлшері мен жылдамдығы бір темекі шеккенмен салыстырарлық екенін көрсетті.
    "IQOS бөліп шығаратын зиянды заттектердің деңгейі сигаретпен салыстырғанда орта есеппен 95% төмен" дегенді қалай түсінуге болады?
    Темекі жанудың орнына қыздырылатындықтан, темекі түтініндегі зиянды және әлеуетті тұрғыдан зиянды болатын заттардың деңгейі ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын стандартты темекінің түтініне қарағанда, орташа есеппен алғанда, 95%-ға қысқарады*.
    *Бұл Канаданың Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан белгіленген қарқынды машиналық шегу режимі қолданылған зерттеу барысында пайдаланылған, шайыр деңгейі 9,4 мг (3R4F) болатын, зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын стандартты темекінің түтінімен салыстырғанда, IQOS жүйесін пайдаланған кезде түзілетін темекі буынында өлшенген әрбір зиянды және әлеуетті тұрғыда зиянды зат концентрациясының (таяқшаға шаққандағы салмағының) орташа төмендеу шамасы. Төмендеу шамасын есептеу кезінде никотин ескерілмеген.
    IQOS менің денсаулығым үшін қауіпсіз бе?
    Жоқ. IQOS-қа толық ауысу шылым шегуді жалғастырудан гөрі Сіздің денсаулығыңызға аз қауіп төндірсе де, IQOS қолданған кезде пайда болатын аэрозольдің құрамында тәуелділік тудыратын зат – никотин бар. Егер Сіз шылым шегудің денсаулығыңызға әсері туралы алаңдасаңыз, темекі мен никотинді тұтынудан мүлдем бас тарту сіз үшін ең жақсы таңдау болады. Бұл ретте, IQOS-қа толық ауысу шылым шегуді жалғастырудан гөрі жақсырақ таңдау болып табылады.
    IQOS пайдалану тіс эмалінің түсіне әсер ете ме?
    IQOS қолданған кезде бөлініп шығатын темекі буы сигареттің түтініне қарағанда тістеріңізді айтарлықтай аз бояйды*
    Маңызды: назар аударыңыз: егер Сіздің тістеріңіз темекі түтінінен шыққан өңезбен жабылған болса, IQOS-қа көшу қарайған түсін азайтпайды.
    * Швейцарияда адам тістеріне және тіс пломбаларына арналған ең көп таралған материалдарға жүргізілген клиникалық емес зертханалық зерттеумен расталған. Нақты жағдайлардан айырмашылығы, нәтижелерге әсер етуі мүмкін кофе, шай немесе шарап сияқты басқа бояғыштар үлгілерге әсер етпеді..
    Кәдімгі сигареттерді IQOS-пен бірге қолдануға бола ма?
    IQOS құрылғысымен кәдімгі сигареттерді пайдалануға болмайды. IQOS тек HEETS темекі таяқшаларымен жұмыс істеу үшін арнайы жасалған және керісінше, оларды тек бірге пайдалану арқылы сіз PMI зерттеулерімен дәлелденген IQOS жүйесін пайдаланудың барлық артықшылықтарын толық сезе аласыз.
    Біздің барлық зерттеулеріміз IQOS-ты HEETS темекі таяқшаларымен бірге қолдануға негізделген.
    IQOS шылым шегуді тастауға көмектесе ме?
    IQOS шылым шегуден бас тартуға балама емес. Темекіні тұтынумен байланысты денсаулыққа қауіп төндіреді деп алаңдайтын 21 жастан асқан темекі шегушілер үшін темекіні тұтынудың барлық түрлерінен бас тарту ең жақсы таңдау болады.
    Электрлік құрылғы ретінде IQOS жүйесінің қауіпсіздігіне кепілдік берілген бе?
    QOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайында, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған. IQOS жүйесінің Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттеріне сәйкес жасап шығарылғанын куәландыратын «ЕАС» таңбасын (орамасынан) көре аласыз.
    Пайдалану кезінде құрылғы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай ма?
    Тұтқыштың ішіне орнатылған қыздырғыш элементі темекі стигінің ішіндегі темекіні 350 градусқа дейін жанусыз қыздырады. Осыған орай, пайдалану кезінде және пайдаланудан кейін біраз уақыт бойы тұтқыш қыздырылу мүмкін; бұл қалыпты жағдай. IQOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайындағы қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған.
    Құрылғы қаншалықты ұзақ жұмыс істейтін болады? Пайдалану мерзімінің аяқталу күні бар ма?
    Құрылғыны Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолданған жағдайда, IQOS жүйесінің барлық элементтерінің оны жасап шығарушының тарапынан белгіленген сатып алу сәтінен бастап 12 айды құрайтын қызмет ету мерзімі болады.
    Ылғалды құрылғыны пайдалануға бола ма?
    Құрылғы суланған жағдайда, оны пайдаланбаңыз, себебі ылғалдылық оның бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Пайдаланбас бұрын құрылғының толығымен құрғатылуына көз жеткізіңіз.
    Құрылғы көлік сияқты ыстық жерде ұзақ уақыт бойы жатқаннан кейін оны пайдалануға бола ма?
    Құрылғыларды осындай жағдайларда ұзақ уақытқа қалдырмаған жөн, себебі осының салдарынан литий-ионды батарея айтарлықтай зақымдану мүмкін.
    Сызат пайда болғаннан кейін құрылғыны пайдалану қауіпсіз бола ма?
    Зақымдалған құрылғыны пайдаланбаңыз, бұл кері сипаттағы зардаптарға әкеліп, жарақат алудың себебі болу мүмкін.
    Құрылғыны орамасынан алғаш рет шығарғаннан кейін бірден пайдалануға болады ма?
    Сіз IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін бірден пайдалана аласыз, себебі қуат беру құрылғысының батареясы фабрикада қуатталады. Алайда кейбір жағдайларда, сіз сатып алғанға дейін құрылғы біраз уақыт бойы сақталып жатқан кезде, аккумуляторға қуат беру қажет болады. Пайдаланар алдында нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.
    Тұтқыштың іске қосу батырмасын басқаннан кейін ішінен шыққан буды аңғардым, бұл қалыпты жағдай ма?
    Тұтқышта темекі стигін пайдалану кезінде темекі буының түзілуі қалыпты жағдай болып табылады. Тұтқышты қуат беру құрылғысында автоматты түрде тазалаған кезде дәл осындай булану үдерісі көрініс табу мүмкін.
    IQOS жүйесін алғашында қаншалықты көп уақыт ішінде қуаттау қажет?
    Әдетте, IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін, қуат беру құрылғысы толық және пайдалануға дайын болады. Алғашқы және кейінгі кездерде қуат беру құрылғысы желіден 90 минут ішінде толығымен қуатталады. Тұтқыш қуат беру құрылғысында алты минут шамасында қуатталады.
    Ішінде темекі стигі болған кезде тұтқышты қуаттауға бола ма?
    Жоқ. Егер темекі стигі тұтқышта орналасатын болса, сіз қуат беру құрылғысының қақпағын жаба алмайсыз, бұл ретте оның қақпағы тұтқышты қосымша қуаттау мақсатында ашық болу тиіс.
    Қуат беру құрылғысын ішінде тұтқыш болмай-ақ қуаттауға бола ма?
    Иә. Сіз қуат беру құрылғысын ішінде тұтқыш бар болғанда да, болмағанда да қуаттай аласыз.
    Тұтқышты қандай жиілікпен тазалау қажет?
    Тұтқыштың қыздырғыш элементін автоматты тазалау рәсімі Тұтқышта темекі стиктерін пайдаланудың әрбір 20 сеансынан кейін іске қосылады. Осыған қоса, қажеттілік туындаған сайын тұтқышты тазалау құрылғысының көмегімен қолмен тазалаған жөн.
    Тұтқыштың қақпағын тазалау үшін сабынды пайдалануға бола ма?
    Жоқ, тұтқыштың қақпағын тазалау үшін IQOS-тың тазалау құрылғысынан басқа ешқандай тазалау құралдарын пайдаланбаған жөн, бұл ретте, тек таза суды ғана пайдалануға болады. Тұтқыштың қақпағы мен тазалау құрылғысы ылғалды тазалау рәсімінен кейін және мақсаты бойынша пайдаланар алдында толығымен кебу тиіс. Тұтқыш пен қуат беру құрылғысы корпустарының сумен және/немесе басқа сұйықтықтармен жанасуын немесе оларға батырылуын болдырмаңыз.
    Егер құрылғыны шетелде сатып алған болсам, оған сервистік қызмет көрсетіле ме?

    Сіз IQOS CARE PLUS бағдарламасына қатысып, шетелде сервистік қызметке ие бола аласыз. Толық ақпарат Халықаралық Қолдау бөлімінде.

    Егер IQOS пайдалануда проблемалар бар болса, не істеуім керек?

    Сізге IQOS сауда нүктелерінде IQOS-қа диагностика жасалып, сервистік қызмет көрсетіле алады, не болмаса  IQOS қолдау қызметіне 88000801221 нөмірінде таба аласыз.

    IQOS үшін FDA шешімі нені білдіреді?
    АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA)зиянды заттардың адам ағзасына әсерінің төмендегені туралы өтінішпен модификацияланған қатері барөнім ретінде IQOS-ті сатуға рұқсат берді.
    Бұл ресми түрде осындай мәртебеге ие болған алғашқы жәнежалғыз темекі қыздыру жүйесі.
    Бұл шешім IQOS-тің сигареттен түбегейлі ерекшеленетінін және темекішегуді жалғастырудан гөрі 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегушілер үшін ең жақсы таңдау болыптабылатынын көрсетеді.
    IQOS – бұл темекі тұтынудың инновациялық баламасы, оның негізінде отсыз, түтінсіз және күлсіз қыздырупроцесі жатыр. Темекі шегу кезінде темекі 800°C-ден жоғары температурада жанып, түтін мен күлшығарады. Сигареттерден ерекшелігі, IQOS темекіні нағыз дәмін аша отырып, бірақ жануға жол бермей, 350°C температураға дейін қыздырады. IQOS-ті тұтынған кезде темекі буындағы зиянды және ықтималзиянды заттардың деңгейі темекі шегу кезінде бөлінетін түтінмен салыстырғанда орта есеппен 95%-ға азаяды*.
    Маңызды ақпарат:
    IQOS зиянды емес болып табылмайды. Тек 21 жасқа толған және асқан тұлғаларғаарналған.
    *Дереккөз: «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясының Жапония мен АҚШ-та 3 ай бойы жүргізгензерттеуінің нәтижелері. Зерттеу барысында IQOS-ке көшкен темекі шегушілерге дәстүрлі темекі шегудіжалғастырған темекі шегушілермен салыстырғанда 15 зиянды химиялық заттардың әсері өлшенді.
    FDA деген не?
    FDA – бұл АҚШ Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын және АҚШ аумағында темекі өнімдерін өндіруді,маркетингті және сатуды бақылау арқылы қоғамның денсаулығын қорғауға және алға жылжытуға жауаптымемлекеттік орган.
    Темекі өнімдерінен басқа, ұйым азық-түлік, дәрі-дәрмектер, косметика құралдары және т. б. қауіпсіздігінежауап береді. FDA қызметі заңнамалық актілермен реттеледі («Тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер жәнекосметика туралы федералдық заң» — «Federal Food, Drug and Cosmetic Act»).
    Эко-апгрейд дегеніміз не?
    IQOS пайдаланушыларына арналған бағдарлама ескі құрылғыны қайта өңдеуге тапсырып, жаңа IQOS ORIGINALS DUO құрылғысын жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін береді.
    Эко-апгрейд бағдарламасы бойынша қандай құрылғыны тапсыра аламын?
    Эко-апгрейд бағдарламасы бойынша белсенді және мерзімі өткен кепілдігі бар IQOS 2.4/2.4P/3/Multi үлгілерінің құрылғылары, сондай-ақ кепілдіктен тыс lil Solid 2.0 құрылғысы қабылданады.
    Эко-апгрейд бағдарламасын қай жерде қолдана аламын?
    Эко-апгрейдті бүкіл Қазақстан бойынша үйге тегін жеткізу қызметімен сайтта, барлық ресми дүкендерде, серіктестер дүкендерінде, сондай-ақ IQOS Kazakhstan Telegram-арнасында рәсімдеуге болады.
    Эко-апгрейд бағдарламасына қанша рет қатыса аламын?
    Эко-апгрейд бағдарламасын күнтізбелік жылда 3 рет пайдалануға болады.
    Құрылғымды қорапсыз қабылдай ма?
    Қорап талап етілмейді.
    Егер құрылғым істемей тұрса/кепілдіктен тыс болса ше?
    Бұл бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне әсер етпейді. Белсенді және мерзімі өткен кепілдігі бар IQOS 2.4/2.4 P/3/Multi үлгілерінің құрылғыларын, сондай-ақ кепілдіктен тыс lil Solid 2.0 құрылғысын тапсыра аласыз.
    Эко-апгрейд бағдарламасы бойынша сатып алынған жаңа IQOS ORIGINALS DUO құрылғысына кепілдік беріле ме?
    Жаңа IQOS ORIGINALS DUO, кез келген жаңа құрылғы сияқты, 1 жылдық кепілдікке ие
    ЭКО-апгрейд бағдарламасы бойынша тапсырған құрылғыны қайтарып ала аламын ба?
    Бағдарлама ережелеріне сәйкес сіз құрылғыны қайтарымсыз негізде тапсырасыз
    Лимиттелген коллекциядағы құрылғылар бағдарламаға қатыса ма?
    Иә, сіз лимиттелген топтамасындағы IQOS 2.4/2.4P үлгілерін тапсыра аласыз
    Мен құрылғымды Эко-апгрейд бағдарламасы бойынша тапсырғаннан кейін не болады?
    Біз ескі құрылғыны қайта өңдеуге жібереміз, ал сіз бағдарламаның мүшесі мәртебесіне және жаңа IQOS ORIGINALS DUO құрылғысын сатып алуға берілетін жеңілдікке ие боласыз
    Эко-апгрейд бағдарламасынан бөлек, жаңа IQOS ORIGINALS DUO-ны сатып алу үшін қосымша жеңілдіктерді немесе сертификаттарды пайдалана аламын ба?
    Басқа жеңілдіктер мен арнайы ұсынымдар Эко-апгрейд бағдарламасы бойынша берілетін жеңілдікпен жинақталмайды
    Эко-апгрейд бағдарламасы бойынша екі немесе одан да көп құрылғыны тапсыра аламын ба?
    1 қаңтардан басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын бір күнтізбелік жыл ішінде сіз ең көбі 3 құрылғыны тапсыра аласыз
    Эко-апгрейд бағдарламасы бойынша әртүрлі жиынтықтардан алынған тұтқыш пен зарядтау құрылғысын тапсыра аламын ба?
    Иә, бағдарлама шарттары әртүрлі жиынтықтардан алынған тұтқыш пен зарядтау құрылғысын тапсыруға мүмкіндік береді
    Қандай төлем тәсілдері қолжетімді?
    Сіз тапсырыстың сомасын екі тәсілмен төлеуіңізге болады:

    - біздің сайтымызда онлайн-тапсырыс рәсімдеген кезде банк картасымен. Қаржыны аудару тапсырысты рәсімдеу және жеткізуге беру кезінде орындалады.
    - Kaspi QR пайдаланумен Kaspi мобильді қосымшасында*. Төлем және қаржыны аудару тапсырысты алу кезінде орындалады.

    *Қолма-қол ақшамен төлеу немесе Kaspi аудару жасау қолжетімсіз.
    Жеңілдіктер, бонустар және ваучерлер
    1. Сіз өзіңіздің ұсынымдар кодыңызбен бөлісіп, жеңілдікке ваучер алуыңызға болады. Сіз сілтемесі бойынша «Менің ваучерлерім» бөлімінде кодыңызды тексеруге және қолжетімді ваучерлер санын білуіңізге болады. «Жеңілдіктер сыйлаңыз» бағдарламасы туралы сілтемесі бойынша толығырақ білуге болады.
    2. Kaspi QR арқылы төлем жасаған кезде тұтынушы бонустарды жинақтап, тапсырысқа төлем жасау кезінде жинақталған бонустарды пайдалануына болады.
    Бонустар туралы ақпарат
    Кепілдік пен чекті қалай алуға болады?
    Тауар сәтті жеткізілгеннен кейін екі күн ішінде сіздің электрондық поштаңызға чек жіберіледі. Егер сіз құрылғыны IQOS дүкенінен немесе серіктестердің нүктелерінен сатып алсаңыз, чек сатып алу кезінде беріледі.
    Құрылғының кепілдік шарттары қаптама ішінде орналасқан, кепілдік құрылғыны сатып алған күннен бастап іске қосылады.
    Кепілдіктің сіздің құрылғыңызға қолданылуын kz.iqos.com сайтындағы жеке кабинеттен, Telegram (@IQOS Kazakhstan) чат-ботынан немесе 2121 нөмірі бойынша қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы біле аласыз.
    Қалай Kaspi QR арқылы тапсырысқа төлем жасауға және тапсырысты алуға болады?
    1. Тапсырысты алған кезде өзіңізді тапсырысты рәсімдеген және төлем жасаған (егер төлем алдында жасалса) тұлға және жасқа күмән болса, 21 жастан асқан тұлға ретінде сәйкестендіру мақсатында сіз курьерге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуге тиіссіз.
    2. Жеке басыңызды және жасыңызды сәйкестендіргеннен кейін сіз Kaspi мобильді қосымшасын ашасыз. Kaspi мәзірінде QR таңдау қажет — экранда сканер ашылады.
    3. Курьердің қосымшасында QR-кодты сканерлейсіз. Картамен төлеу үшін "Kaspi Gold" төлеу тәсілін таңдайсыз және телефон экранында сатып алуды растайсыз.
    4. Сатып алуға табысты төлем жасағаннан кейін сізге растау кодымен СМС-хабарлама келеді. Тапсырысты жеткізу фактісін растау үшін осы кодты курьерге айту қажет.
    Kaspi QR арқылы тапсырысты қалай кредитке немесе бөліп төлеуге алуға болады?
    1. - Kaspi Red көмегімен тапсырысқа төлем жасау үшін QR кодты сканерлегенге дейін Kaspi Red клубына кіру үшін өтінімді рәсімдеу қажет. Өтінімді рәсімдеу бойынша гид.

    - Kaspi-ден кредиттің немесе сатып алуға бөліп төлеудің көмегімен тапсырысқа төлем жасау үшін алдын ала өтінімді рәсімдеу қажет.
    Кредитті рәсімдеу туралы ақпарат.

    2. Тапсырысты алған кезде өзіңізді тапсырысты рәсімдеген тұлға және, күмән болса, 21 жастан асқан тұлға ретінде сәйкестендіру мақсатында сіз курьерге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуге тиіссіз.
    3. Аталған сәйкестендіруден және растаудан кейін сіз Kaspi мобильді қосымшасын ашасыз. Kaspi мәзірінде QR таңдау қажет — экранда сканер ашылады.
    4. Курьердің қосымшасында QR-кодты сканерлейсіз. Картамен төлеу үшін «кредит» немесе «бөліп төлеу» тәсілін таңдайсыз және телефон экранында сатып алуды растайсыз.
    5. Сатып алуға табысты төлем жасағаннан кейін сізге растау кодымен СМС-хабарлама келеді. Тапсырысты жеткізу фактісін растау үшін осы кодты курьерге айту қажет.
    Төлемнің өткендігі туралы Kaspi мобильді қосымшасының қай жерінен көруге болады?
    Табысты төлем жасау жағдайында тұтынушыға Kaspi мобильді қосымшасында хабарлама келеді. Сондай-ақ, төлем жасау фактін «Менің банкім» бөліміндегі үзінді көшірмелерден тексеруге болады.
    Сұрақтарыңыз қалса, бізге хабарласыңыз
    Егер сізде қосымша сұрақтар пайда болса, сіз 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS қолдау қызметімізге хабарласуыңызға (қоңырау соғу ақысыз), бізге IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботқа немесе iqos_kaz Instagram-ға жазуыңызға болады.
    Жеткізу құны
    Құны 3500 теңгеден асатын тапсырыстарды жеткізу ақысыз іске асырылады. Құны 3500 теңгеден төмен тапсырыстарды жеткізу құны 1500 теңгені құрайды.
    Құрылғыны және heets\fiit жеткізу мерзімдері
    Құрылғыларды және HEETS пен Fiit таяқшаларын бір күн ішінде жеткізу ҚР 25 қаласына қолжетімді —Алматы, Есік, Қаскелен, Ұзынағаш, Талғар, Өтеген Батыр, Қапшагай, Павлодар, Екібастұз, Қарағанды,Саран, Шахтинск, Теміртау, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент, Атырау, Қызылорда,Өскемен, Петропавл, Семей, Орал. Жеткізу мерзімдері елді мекенге байланысты өзгеруі мүмкін. Жеткізушарттары мен мерзімдерімен сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.
    Аксессуарларды жеткізу мерзімдері
    Аксессуарларды жеткізу Алматы қаласындағы қоймадан іске асырылады. Жеткізу мерзімдері елді мекенге байланысты. Жеткізу шарттары мен мерзімдерімен сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.
    Тапсырыстың ішіндегісін, жеткізу әдісін немесе мекенжайын қалай өзгертуге болады?
    Сіз «себет» бөліміндегі тапсырыстың ішіндегісін төлем жасалғанға дейін өзгерте аласыз. Егер сіз тапсырысты рәсімдеген болсаңыз, сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:;
    - тапсырысты жою үшін 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS қолдау қызметіне хабарласу (қоңырау соғу ақысыз), осыдан кейін сіз сайтта жаңа тапсырыс жасауыңызға болады;
    - тапсырысты жоюға ресми IQOSKZ_Support_bot Telegram-бот арқылы сұрау жіберу немесе бізге iqos_kaz Instagram-ға хабарласу.;
    Егер сіз елді мекен шегінде жеткізу мекенжайын нақтылағыңыз немесе өзгерткіңіз келсе, жеткізуді растау үшін кіру қоңырауы кезінде сізге жаңа мекенжайды курьерге хабарлау немесе 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS қолдау қызметіне хабарласу (қоңырау соғу ақысыз) қажет.
    Дербес деректерді: аты-жөніңізді, телефон нөмірін, электрондық поштаны өзгерту үшін 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS Қолдау Қызметіне хабарласыңыз (қоңырау соғу ақысыз).
    Сіз жеткізу әдісін төлем жасалғанға дейін өзгерте аласыз. Егер сіз тапсырысты рәсімдеген болсаңыз, тапсырысты жою үшін 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS қолдау қызметіне хабарласу қажет (қоңырау соғу ақысыз), осыдан кейін сіз сайтта жаңа жеткізу әдісімен жаңа тапсырыс жасауыңызға болады.
    Өз тапсырысыңды қалай қадағалауға болады?
    Тапсырысты рәсімдегеннен кейін cіз электрондық пошта бойынша жеткізу статусын қадағалауға сілтемемен растау аласыз. Сондай-ақ, сіз тапсырыстың статусын IQOS.com жеке кабинетінде, ресми IQOSKZ_Support_bot Telegram-бот арқылы немесе біздің Instagram аккаунтымызға жеке хабарлама жіберуарқылы тексеруіңізге болады. Сондай-ақ, сіз 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады (қоңырау соғу ақысыз).
    Тапсырысты алу ережелері
    Тауарды курьерден қабылдаған кезде сатып алушы жеткізілген тауарды қарап шығуға және оның тауардың мәлімделген санына, ассортиментіне, жиынтықтылығына және қаптамасының бүтіндігіне сәйкестігін тексеруге міндетті. Жеткізілген тауарға шағымдар болмаса, сатып алушы ілеспе жүкқұжатқа немесе жеткізу тізіліміне қол қояды немесе курьерге телефондық нөмірге келген SMS-хабарламасынан алынған тиісті кодты хабарлайды.<br/>
    Тапсырысты алу үшін сатып алушы курьерге өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі тиіс. Курьер алушының тапсырысты рәсімдеген және төлем жасаған егер төлем алдында жасалса тұлға және жасқа күмән болса, 21 жастан асқан тұлға екендігіне көз жеткізген соң тапсырыс көрсетілген мекенжай бойынша сатып алушының қолына беріледі.
    Тапсырысты қалай қайтаруға болады? Тапсырысты қалай жоюға болады?
    Тапсырысты қайтып алуды немесе жоюды рәсімдеу үшін сіз 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOSқолдау қызметіне хабарласа аласыз (қоңырау соғу ақысыз). Сондай-ақ, сіз ресми IQOSKZ_Support_bot Telegram-бот немесе Instagram арқылы сұрау жібере аласыз.

    Сіз қайтып алуды рәсімдеу тәртібі туралы толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуыңызға болады.
    Сұрақтарыңыз қалса, бізге хабарласыңыз
    Егер сізде қосымша сұрақтар пайда болса, сіз 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS қолдау қызметімізге хабарласуыңызға (қоңырау соғу ақысыз), бізге IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботқа немесе Instagram-ға жазуыңызға болады.
    Тест-Драйв бағдарламасы тегін бе?
    Иә, біз Тест-драйв кезеңіне тек қайтарылатын кепілдік жарнасын ғана аламыз. Бұл соманы бағдарлама аяқталғаннан кейін толық көлемде қайтарамыз. Құрылғыны сатып алған жағдайда, кепілдік жарнасы сатып алу сомасына есептеледі.
    Кепілдік жарнасы маған қашан қайтарылады?
    Сіз таңдаған кепілдік жарнасын енгізу тәсіліне байланысты:
    • Қолма-қол ақшамен төлеген кезде, кепілдік жарнасы сату орындарында қолма-қол ақшамен қайтарылады
    • Картамен төлеген кезде, кепілдік жарнасы құрылғының Тест-драйв кезеңі аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде қайтарылады (есептеу мерзімі, шотыңыз ашылған банктің шарттарына байланысты)
    Кепілдік жарнасын картамен төлеген кезде қолма-қол ақшамен қайтарып алуға болады ма?
    Иә, кепілдік жарнасын картамен төлеген кезде сату орындарында қолма-қол ақшамен қайтарып алуға болады
    Зарядтағышты/тазартқыш таяқшаны жоғалтып алсам, не болады?
    Құрылғыны берілген жиынтықтауында қайтарған жөн. Дегенмен, тіпті зарядтағыш/тазартқыш таяқша жоғалған болса да, құрылғыны қайтаруды рәсімдейміз.
    Қабылдау-табыстау актісін жоғалтып алсам, не істеу керек?
    Бұл жағдайда, қайтаруға сәл көп уақыт жұмсалады. Базамыздан акт көшірмесін тапқан соң, қайтаруды рәсімдейміз.
    Құрылғылар тазартылады ма?
    Иә, құрылғылар әрбір пайдаланушыдан кейін міндетті түрде тазартылып, өңделеді.
    Құрылғы Тест-драйв бағдарламасы бойынша неше күнге беріледі
    Құрылғы 14 күнге беріледі
    Тест-драйв күндерін ұзартуға болады ма?
    Иә, ұялы телефоннан 2121 нөміріне қоңырау шалып, Тест-драйв мерзімін 30 күнге дейін ұзартуға болады. Тест-драйв кезеңін ұзартқан кезде бағдарламаның шарттары өзгермейді.
    Рестарт дегеніміз не?
    Рестарт — бұл IQOS 3 DUO пайдаланушыларына өз құрылғысын/тұтқышын тапсырып, 5 HEETS қорабы бар жиынтықпен қоса жаңа IQOS ORIGINALS DUO-ға жеңілдік алуға мүмкіндік беретін бағдарлама.
    Бағдарлама бойынша қандай құрылғыны тапсыра аламын?
    Рестарт бағдарламасы бойынша сіз кепілдік мерзімінің 8 айы өткеннен кейін IQOS 3 DUO толық жиынтығын (зарядтау құрылғысы және тұтқыш) немесе кепілдік мерзімінің 6 айы өткеннен кейін тек тұтқышты тапсыра аласыз. Кепілдік мерзімінің аяқталу күнін жеке кабинетте көре аласыз.
    Бағдарламаны қай жерлерде пайдалануға болады?
    Рестарт бүкіл Қазақстан аумағында үйге тегін жеткізу қызметімен сайтта, барлық IQOS ресми дүкендерінде және серіктес дүкендерінде әрекет етеді.
    Бағдарламаға қанша рет қатыса аламын?
    Егер сіздің құрылғыңыз/тұтқышыңыз бағдарлама шарттарына сәйкес келсе, сіз бағдарламаға саны шексіз рет қатыса аласыз.
    Құрылғыны/тұтқышты қорапсыз қабылдай ма?
    Құрылғының/тұтқыштың қорабының болуы талап етілмейді.
    Егер құрылғым/тұтқышым істемей тұрса/кепілдік кезеңінде болса ше?
    IQOS 3 DUO құрылғысының толық жиынтығы (зарядтау құрылғысы және тұтқыш) кепілдік мерзімінің 8 айы өткеннен кейін немесе кепілдік мерзімінің 6 айы өткеннен кейін тек тұтқыш кез келген күйінде қабылданады.
    Құрылғымның кепілдік мерзімін қайдан білуге болады?
    Кепілдік мерзімін жеке кабинетте біле аласыз.
    Бағдарлама бойынша сатып алынған жаңа IQOS ORIGINALS DUO-ға кепілдік беріле ме?
    Жаңа IQOS ORIGINALS DUO, кез келген жаңа құрылғы сияқты, 1 жылдық кепілдікке ие.
    Бағдарлама бойынша тапсырған құрылғыны қайтарып ала аламын ба?
    Жоқ, бағдарлама ережелеріне сәйкес сіз құрылғыны қайтарымсыз негізде тапсырасыз.
    Бағдарламаға лимиттелген топтамасының құрылғылары қатыса ма?
    Иә, сіз лимиттелген топтамасының IQOS 3 DUO үлгілерін тапсыра аласыз.
    Мен құрылғымды бағдарлама бойынша тапсырғаннан кейін не болады?
    Құрылғыны тапсырғаннан кейін сіз HEETS таяқшаларының 5 қорабымен жиынтықта жаңа IQOS ORIGINALS DUO-ны сатып алуға жеңілдік аласыз.
    Рестарт бағдарламасынан бөлек жаңа IQOS ORIGINALS DUO-ны сатып алу үшін қосымша жеңілдіктерді пайдалана аламын ба?
    Басқа жеңілдіктер мен арнайы ұсынымдар Рестарт бағдарламасы бойынша берілетін жеңілдікпен жинақталмайды.
    Бағдарлама бойынша екі немесе одан да көп құрылғыны тапсыруға бола ма?
    Иә, егер құрылғыларыңыз бағдарламаның шарттарына сәйкес келсе, сіз екі немесе одан да көп құрылғыны тапсыра аласыз.
    Бағдарлама бойынша әртүрлі жинақтардан алынған тұтқыш пен зарядтау құрылғысын тапсыруға бола ма?
    Иә, сіз әртүрлі жинақтардан алынған тұтқыш пен зарядтау құрылғысын тапсыра аласыз.
    Тауарды менің қалама жеткізіп берудің шарттары қандай?
    Сіз өз қалаңызға жеткізіп беру шарттарын осы жерде қарап біле аласыз
    Тегін жеткізу қалай жұмыс істейді?
    3500 тг-денжоғары сомаға онлайн тапсырыс жасағанда жеткізу тегін жүзеге асырылады. Жеткізу мерзімін есептеу үшін арнайы калькуляторды қолдана аласыз.
    Ең өзекті ақпаратты алу үшін 2121 телефоны бойынша IQOS қолдау қызметіне хабарласыңыз.
    Мен ақша қаражатын қалай қайтара аламын?
    Тапсырысты қайтып алуды немесе жоюды рәсімдеу үшін сіз 2121 нөмірі арқылы мобильді телефоннан IQOS қолдау қызметіне хабарласа аласыз (қоңырау соғу ақысыз). Сондай-ақ, сіз ресми IQOSKZ_Support_bot Telegram-бот немесе Instagram арқылы сұрау жібере аласыз. Сіз қайтып алуды рәсімдеу тәртібі туралы толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуыңызға болады.
    Мен ақша қаражатын қайтарғанда, тапсырыстан бас тарттым ба?
    Ақша қаражатын қайтару 14 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
    IQOS/lil Solid 2.0-ні қайдан сатып алуға болады?
    Сіз IQOS-ты/lil мына жерлерде:
    — біздің сайтта Сатып алу бөлімінде;
    IQOS ресми дүкендерінде;
    серіктес дүкендерде;
    2121 телефонмен тапсырыс беру арқылы;
    — kaspi.kz сайтында немесе қолданбасында Қыздыру жүйелері бөлімінде
    — Glovo-да Дүкендер мен сыйлықтар бөліміндегі Түтінсіз өнімдер-де
    * kz.iqos.com сайтында тапсырыс беру үшін сізге тіркелу және жеке кабинетте жасыңызды растау қажет.
    *Құрылғылардың құны сату арнасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін
    HEETS/FEET-ті қайдан сатып ала аламын?
    Сіз HEETS/FEET-ті мына жерлерде сатып ала аласыз:
    — біздің сайтта Сатып алу бөлімінде;
    IQOS ресми дүкендерінде;
    серіктес дүкендерде;
    — Glovo-да Дүкендер мен сыйлықтар бөліміндегі Түтінсіз өнімдер-де
    * kz.iqos.com сайтында тапсырыс беру үшін сізге тіркелу және жеке кабинетте жасыңызды растау қажет.
    *Құрылғылардың құны сату арнасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін
    IQOS/lil Solid 2.0 қанша тұрады?
    IQOS жүйесінің құнын мына жерлерден біле аласыз:
    — біздің сайтта Cатып алу бөлімінен;
    — IQOS Қолдау Қызметінен 2121 нөмірі бойынша
    IQOS ресми дүкендерінен;
    серіктес дүкендерден;
    — kaspi.kz сайты немесе қолданбасындағы Қыздыру жүйелері бөлімінен
    — Glovo-да Дүкендер мен сыйлықтар бөліміндегі Түтінсіз өнімдер-ден.
    * kz.iqos.com сайтында тапсырыс беру үшін сізге тіркелу және жеке кабинетте жасыңызды растау қажет.
    *Құрылғылардың құны сату арнасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін
    Қолданыста болған IQOS құрылғысын сатып алу керек пе?
    Біз қолданыста болған IQOS құрылғысын сатып алуды ұсынбаймыз, себебі ол сынған болуы мүмкін. Сондай-ақ, сіз бұл құрылғыны қаншалықты ұзақ пайдаланғаныңызды нақты біле алмайсыз және оның аккумуляторының ресурсы айтарлықтай төмендетілген немесе нөлге тең болуы мүмкін.
    Егер бұл құрылғы бөлшектелген/жөнделген болса, онда ол дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін, сонымен қатар пайдаланылуы қауіпті болуы мүмкін және бұл құрылғылар кеңейтілген кепілдік шарттарына жатпайды.
    IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғыларын қоғамдық орындарда пайдалануға бола ма?
    2020 жылғы 7 шілдеде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес темекіні қыздыру жүйелері кәдімгі сигареттерге теңестірілген және сигарет шегуге тыйым салынған барлық жерлерде IQOS/lil SOLID 2.0 пайдалануға тыйым салынған. Яғни, темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салынады:
    1) білім беру ұйымдарының орынжайларында және аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда;
    2) денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайларында;
    3) қоғамдық тамақтану пункттерінде;
    4) мәдениет объектілерінде, музейлерде, кітапханалар мен лекторийларда, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерттік, байқау және көрме залдарында, спорт ұйымдарында және дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында, спорт ареналарында және бұқаралық демалысқа арналған басқа да құрылыстарда;
    5) түнгі клубтарда, дискотекаларда;
    6) жергілікті және алыс қатынастағы пойыздарда, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ қалалық, қала маңындағы және қалааралық автомобиль қоғамдық көлігінің салондарында, метрода, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын ортақ пайдаланылатын көлікте, таксиде;
    7) әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында, қоғамдық көліктің жабық аялдамаларында;
    8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
    9) жұмыс орындары және жұмыс аймақтары болып табылатын үй-жайларда;
    10) үйлердің кіреберістерінде;
    11) автожанармай құю станцияларының үй-жайларында және аумағында;
    12) балалар алаңдарында;
    13) жерасты өткелдерінде;
    14) оларда кәмелетке толмаған адамдар болған кезде автомобиль көлік құралында.
    Егер темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген жағдайларда тыйым салынбайды.
    Әуежайларда және құрамында никотин бар өнімдерді пайдалануға тыйым салынған басқа да қоғамдық орындарда IQOS/lil SOLID 2.0 пайдаланғаны үшін қандай айыппұлдар көзделген?
    Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұған тыйым салынған орындарда тұтынғаны үшін 15 АЕК, ал жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК.
    Сіз жаңа «темекіге қарсы» заңның қолданылуына түстіңіз бе?
    Иә, өзгерістер 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес құрамында никотин бар өнімдердің барлық түрлері, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдер, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, электрондық тұтыну жүйелері мен оларғв арналған сұйықтықта үшін реттеу белгіленеді. Дегенмен, барлық сервистер қалады, бірақ олардың кейбірінің шарттары өзгертілуі мүмкін (мысалы, дәм тату). Біз сізбен байланыста боламыз және әрдайым көмектесуге дайынбыз.
    Маған IQOS-ты бұрын пайдалануға болатын мейрамханада/кафеде/барда енді пайдалануға рұқсат етпеді. Неліктен?
    2020 жылдың шілдесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізілді, олар құрамында никотин бар өнімдерді, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға шектеулер белгілейді. Осыған байланысты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында темекіні қыздырудың электр жүйелерін және құрамында никотин бар өнімдердің басқа түрлерін пайдалануға тыйым салынады.
    Маған фирмалық дүкенде IQOS пайдалану мүмкіндігін беруден бас тартты. Неліктен?
    2020 жылдың шілдесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізілді, олар құрамында никотин бар өнімдерді, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға шектеулер белгілейді. Сауда орталықтарында және басқа сату орындарында темекі шегу аймағымен жабдықталған сауда нүктелерін қоспағанда, пайдалануға тыйым салынады.
    Болашақта сұрақтарым болса, кіммен байланыса аламын?
    Сіз барлық сұрақтар бойынша ақпаратты біздің IQOS ресми дүкендеріміздің консультанттарынан және IQOS серіктестік сату орындарынан немесе ұялы телефоннан 2121 нөмірі бойынша IQOS қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы (қоңырау шалу тегін), бізге IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына немесе "Iqos_kaz" Instagram аккаунтына жазу арқылы біле аласыз.
    IQOS пайдаланған кезде пайда болатын «темекі буы» дегеніміз не?
    Темекі буы — бұл темекі қыздырылған кезде пайда болатын аэрозоль. Бу негізінен судан, глицериннен және никотиннен тұрады.
    Электрлік құрылғы ретінде IQOS жүйесінің қауіпсіздігіне кепілдік берілген бе?
    IQOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайында, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған. IQOS жүйесінің Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттеріне сәйкес жасап шығарылғанын куәландыратын «ЕАС» таңбасын (орамасынан)көре аласыз.
    IQOS-ты багажға/қол жүгіне салып ұшақ бортына алуға бола ма?
    Ұшақ бортында IQOS тасымалдауға тыйым салынбайды. Бірақ, әуе компаниялары осы мәселеде тасымалдау ережелерін, шектеулерді немесе тыйымдарды белгілеу құқығын өзіне қалдырады.
    IQOS-ты ұшақта тек қол жүгімен тасымалдауға болады.
    Құрылғының құрамында литий-ионды аккумулятор бар, оның өз пайдалану шарттары бар, сондықтан жарылыс қаупі мен тұтану қаупіне байланысты құрылғыны багажға тапсыруға болмайды.
    Ұшу кезінде құрылғы қуат түймесі құрылғыны іске қоса алмайтындай жағдайларда қымтаулы қаптамада болуы керек.
    Құрылғыны бортта пайдалануға және зарядтауға қатаң тыйым салынады.
    IQOS-пен ынтымақтастық
    Ынтымақтастық мәселесі бойынша info@iqos.kz электрондық поштасына хабарласуға болады
    Сіз 3R4F темекісінің түтінімен салыстырғанда орта есеппен 95%-ға азаяды депмәлімдейтін IQOS шығарындыларын қалай өлшейсіз?
    Бұл пайыз ДДСҰ және АҚШ-тағы FDA сияқты әйгілі қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдары 3R4F анықтамалық темекісінен шығатын түтінмен салыстырғанда IQOS темекі буында табылуына қатысты әрекет етуге басымдық берген белгілі бір құрамдастар деңгейлерінің орташа азаюын білдіреді. Осы мақсатта біз темекі буын және түтінді Канада Денсаулық сақтау министрлігінің машинамен қарқынды темекі шегу режимінде жинаймыз (55 мл ішке тарту көлемі, 2 секундтық ішке тарту ұзақтығы, 30 секундтықаралықта ішке тарту), әр таяқша негізінде салыстыруды пайдаланамыз. Редукциялық есептеулер никотинді қоспайды.
    3R4F темекісі дегеніміз не?
    Бұл — ғылыми зерттеу мақсаттарында АҚШ-тағы Кентукки университеті өз бетінше жасаған темекі. Бұлтемекіні зерттеуде әдетте қолданылатын компаратор. Бұл берілген зерттеу деректерін басқа зерттеу деректерімен салыстыруға мүмкіндік береді. 3R4F зерттеу темекілері тұтынушыларға сату үшін қолжетімді емес.
    IQOS пен электрондық сигареттің айырмашылығы неде?
    IQOS құрылғысында жанусыз темекіні қыздыру технологиясы пайдаланылады. Оны пайдалану кезінде өз алдына темекі буы түзіледі, жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекінің толыққанды дәмін сезінуге мүмкіндік береді. Құрамында сұйықтық бар электрондық сигареттен айырмашылығы, IQOS таяқшаларында нағыз темекі бар.
    Мен IQOS жүйесін сатып алмас бұрын пайдаланып көрсем бола ма?
    IQOS-ты 14 күнге Тест-Драйвқа алып сатып алмас бұрын құрылғыны жеке сынап көре аласыз. Бағдарлама туралы толығырақ Тест-Драйв бөлімінен біліп алыңыз. Сондай-ақ Сіз біздің кез келген ресми IQOS дүкенімізге немесе Сіздің қалаңыздағы серіктес дүкенге хабарласып, IQOS туралы толық кеңес ала аласыз.
    Құрылғының Сериялық нөмірі дегеніміз не?
    Құрылғының сериялық нөмірі — бұл оның шығу тегі мен тарихын анықтауға болатын әрбір құрылғының сериялық нөмірі.
    IQOS 2.4/2.4P Зарядтау құрылғысында сериялық нөмір индикация панелінің артқы жағында, QR кодының жанында, ал Тұтқышта – Қалпақшаның астында, қосу түймесіне қарсы орналасқан.
    IQOS 3/3 DUO/ORIGINALS DUO Зарядтау құрылғысында сериялық нөмір ауыстырылатын бүйірлік панельдің астында, Тұтқышта – Қалпақшаның астында, қосу түймесіне қарсы орналасқан.
    Multi-де сериялық нөмір қалпақшаның астында, қосу түймесінің артқы жағында орналасқан.
    lil Solid 2.0 құрылғысында сериялық нөмір қыздыру камерасының жанындағы қалпақшаның астында орналасқан.
    Құрылғыны өзім қалай тіркей аламын(байланыстыра аламын)?
    Сайттағы есептік жазбаға құрылғыларды байланыстыру үшін жеке кабинетке Менің құрылғыларым бөліміне өтіңіз. Әрі қарай, құрылғының қорабындағы нөмірді немесе элементтердің әрқайсысында тікелей пайдаланып, Тұтқыш пен Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірін енгізіңіз.
    Құрылғыларды Telegram есептік жазбасына байланыстыру үшін негізгі мәзірден «Құрылғыны тіркеу» түймесін басыңыз. Әрі қарай «Тіркеу» түймесін басыңыз және құрылғының қорабындағы нөмірді немесе элементтердің әрқайсысында тікелей пайдаланып, Тұтқыш пен Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірін енгізіңіз.
    Сеансты қалай жақсартуға болады?
    Мұнда IQOS және таяқшаларды пайдалану бойынша бірнеше ұсынымдар берілген:
    - Сеанс ұзақтығын және дәм беруді арттыру үшін жиі емес және терең емес ішке тарту жасаңыз;
    - Түпнұсқа аксессуарларды қолдана отырып, Тұтқыштың/Құрылғың толық суығаннан кейін күнделікті тазалауды жүргізіңіз.
    IQOS сақтаудың ең жақсы әдісі қандай?
    IQOS-ты судан, тікелей күн жарығынан және/немесе жоғары температурадан алыс сақтаңыз. IQOS-ты төтенше температураның әсеріне ұшыратпаңыз (суық немесе ыстық мезгілде, мысалы, машинада), себебі аккумулятор немесе электроника зақымдалуы немесе тез тозуы мүмкін.
    IQOS Қолдау Қызметінен қабылданбаған қоңырау
    IQOS/lil SOLID 2.0 пайдаланушыларына IQOS Қамқорлық Қызметінен қоңырау келіп түсуі мүмкін телефон нөмірлерінің тізімі:
    +7 499 270 34 62
    +7 705 926 71 53
    +7 727 355 14 69
    +7 705 926 71 57
    +7 727 355 14 82
    +7 705 926 71 35
    Арнайы ұсынымдар мен қызметтер туралы қайдан білуге болады?
    Сіз барлық сұрақтар бойынша ақпаратты біздің IQOS фирмалық дүкендеріміздің консультанттарынан және IQOS серіктестік сату орындарынан немесе ұялы телефоннан 2121 нөмірі бойынша IQOS қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы (қоңырау шалу тегін), бізге IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына немесе "Iqos_kaz" Instagram аккаунтына жазу арқылы біле аласыз.
    IQOS фирмалық дүкендері мен IQOS серіктестік сату нүктелерінің айырмашылығы неде?
    Сауда нүктелерінің екі түрінде өнім ассортименті мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы сәл өзгеше болуы мүмкін. Сізге ең жақын IQOS фирмалық дүкенін немесе IQOS серіктестік сату нүктесін таңдау үшін kz.kz.iqos.com сайтындағы дүкендер картасын пайдаланыңыз.
    IQOS клиенттері туралы Қолдау Қызметіне қалай хабарласуға болады?
    Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, бізге Telegram IQOSKZ_Support_bot чат-ботына жазыңыз немесе 2121 қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалыңыз.
    IQOS мобильді қолданба
    Қазіргі уақытта біздің мобильді қолданбамыз әзірленуде, біздің сайттағы жаңалықтарды қадағалаңыз
    Дербес деректерді қалай өзгертуге болады?
    Дербес деректерді өзгерту немесе түзету үшін 2121 қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалу қажет. Электрондық поштаны Профиль бөліміндегі жеке кабинетте түзетуге болады. Клиенттерге қызмет көрсету менеджері қажет болған жағдайда есептік жазбаңызды өшіруге және жаңасын жасауға көмектесе алады, содан кейін Сіз Жеке кабинетте тіркеле аласыз.
    Fiit және HEETS арасындағы айырмашылық неде?
    • Дәмі: Fiit және HEETS темекі таяқшалары бір өндірістік стандарттарға сәйкес өндірілсе де, біз әртүрлі темекі қоспаларын пайдаланамыз. Сол себепті әр бұйымның бірегей дәмдік құрамы бар.
    • Ассортимент: Fiit желісінде 5 түрлі дәм бар, ал HEETS ассортиментінде классикалық темекіден бастап жидектер мен жемістердің хош иісті ноталарына дейін таңдауға болатын 14 нұсқа бар. Егер сіз өзіңіздің мінсіз дәміңізді таппасаңыз, біздің Дәмдер жөніндегі гидіміз сізге көмектеседі.
    • Технологиялар: lil SOLID 2.0 және IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғыларындағы қыздыру технологиялары әртүрлі. lil SOLID 2.0 құрылғысында темекі өзектің көмегімен ішінен қыздырылады, ал IQOS ORIGINALS DUO/IQOS 3 DUO құрылғысында темекі HeatControl технологиясының көмегімен жүз арқылы ішінен қыздырылады.
    • HEETS темекі таяқшалары тек IQOS құрылғысымен, ал Fiit – тек Iil SOLID құрылғысымен ғана пайдалануға арналғанын ескер
    lil SOLID 2.0 дегеніміз не?
    lil SOLID 2.0 бұл темекі түтінінің исі және күлі жоқ, жанбайтын темекінің нағыз дәмін қамтамасыз ететін «Барлығы біреуінде» қарапайым және ыңғайлы құрылғысы.
    lil SOLID 2.0 темекіні жандырмай ішінен біркелкі қыздыруға арналған өзекше пішінді қыздыру элементі бар технологияны қолданады.
    lil SOLID тек Fiit темекі таяқшаларымен бірге пайдалану үшін жасалған.
    lil SOLID 2.0 құрылғысын қалай пайдалану керек?
    Егер сіз lil SOLID 2.0 құрылғысын алғаш рет пайдаланып жатсаңыз, сізге құрылғыны ұйқы режимінен шығару керек – түймені 2 секунд ішінде басып тұрыңыз немесе зарядтау құрылғысын зарядтау ағытпасына қосыңыз. Батареяны толық зарядтау үшін шамамен 2 сағат қажет.
    1. Құрылғының жоғары бөлігіндегі қыздыру камерасының қақпағын жылжытыңыз және ашыңыз
    2. Fiit темекі таяқшасын ол қыздыру камерасының түбіне тимейінше, таяқшаның темекі бөлігін төмен бағыттап қыздыру камерасына салыңыз
    3. Түймені басып, діріл сезілмейінше 2 секундқа басып тұрыңыз. 2 секундтан кейін жарық диодты индикатор ашық көгілдір түсте жыпылықтайды және бір уақытта діріл сезілетін болады. Шамамен 25 секунд ішінде алдын ала қыздыру процесі басталады. Алдын ала қыздыру процесінің ұзақтығы қоршаған ортаға байланысты өзгеруі мүмкін. Алдын ала қыздыру процесі аяқталғанда, жарық диодты индикатор жанады және бір уақытта діріл орын алады. Ол алдын ала қыздырудың аяқталғанын және таяқша пайдалануға дайын екенін білдіреді.
    Құрылғы пайдалануға дайын!
    Қайсысы бірінші орын алатынына байланысты сізге 14 сору немесе 5 минут беріледі. Сеанстың соңына дейін 30 секунд қалғаны немесе 3 сору қалғаны туралы (қайсысы бірінші орын алатынына байланысты) сигнал беру үшін, бір діріл болады, ал жарық диодты индикатор сеанстың соңына дейін ашық көгілдір түсте жыпылықтайды. Сеанс аяқталғанда, жарық диодты индикатор және құрылғы автоматты түрде өшіріледі. Сізге түймені басу қажет емес.
    Таяқшаны шығарып алу үшін оны 3 немесе одан да көп рет бір бағытта айналдырыңыз.
    Сіз құрылғыны 3 таяқша арасында үзіліссіз қатарынан 3 ретке дейін пайдалана аласыз.
    lil SOLID 2.0 құрылғысының заряд деңгейін қалай тексеру керек?
    LIL SOLID 2.0 құрылғысының заряд деңгейін тексеру үшін түймені басыңыз немесе құрылғыны берілген USB кабелі мен қуат блогы көмегімен розеткаға қосыңыз.
    Батарея зарядының мәртебесі: Көк (100 ~ 60%), Ашық көк (60 ~ 30%), Қызғылт сары (30 ~ 1%), Кызыл – (зарядтау керек)
    Iil SOLID 2.0 құрылғысын қалай қайта іске қосуға болады?
    1. Діріл 2 секунд ішінде пайда болса да, түймені басып, 8 секунд ұстаңыз
    2. Құрылғы қайта іске қосылады және жарық диодты индикатор кезекпен қызыл, сарғыш, ашық көгілдір және көк түстерде екі реттен жыпылықтайды
    3. Құрылғы толығымен қайта іске қосылғанда, жарық диодты индикатор 1 секунд ішінде ашық көгілдір түсте жанады және құрылғы бір уақытта екі рет дірілдейді.
    lil SOLID 2.0 құрылғысын қалай тазалау керек?

    Тазалау алдында құрылғыны әрқашан өшіріңіз. Соңғы пайдаланғаннан кейін оны суытыңыз.

    1. Қыстырғышты пайдалану үшін ⊙ белгісі бар жағын абайлап ашыңыз
    2. Щетканы пайдалану үшін белгісі бар жағын абайлап ашыңыз
    3. Құрылғыдан қақпақты шешіп алыңыз
    4. Қыстырғышты құрылғыға салыңыз және қыстырғышты айналдыру арқылы құрылғыны тазалаңыз
    5. Щетканы құрылғыға қойыңыз және щетканы айналдыру арқылы құрылғыны тазалаңыз

    Қыздырылатын Fiit темекі таяқшаларының қандай түрлері бар?
    Fiit таяқшаларының төрт түрі бар:
    Fiit REGULAR / VIOLA / CRISP/ TROPIC

    Fiit lil SOLID-пен пайдалану үшін жасалған.
    Fiit темекі таяқшалары темекімен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?
    Темекілер мен Fiit темекі таяқшаларының құрамында тәуелділікті туғызатын никотин бар. Дегенмен бұл жалғыз ортақ аспект.
    Темекілерде темекі жанады, ал Fiit таяқшаларында ол lil SOLID-пен бірге қолданылған кезде қызады.
    lil SOLID темекіні жандырудың орнына оны қыздыратындықтан, Fiit қолданған кезде сізге мыналар ұнауы мүмкін: сигарет түтінінің иісі жок және де күл мен отсыз темекіні тұтыну.
    Мен Iil SOLID құрылғысымен әдеттегі темекіні қолдана аламын ба?
    Жоқ. Басқа дайындау құрылымына байланысты lil SOLID құрылғысымен темекіні пайдалануға болмайды. lil SOLID құрылғысымен пайдалану үшін арнайы Fiit темекі таяқшалары әзірленген.
    Аэрозолдың төмен деңгейі немесе оның болмауы
    Егер сіз алдыңғы қолданумен салыстырғанда аз мөлшерде аэрозоль бар екенін түсінсеңіз, төмендегілерді тексергеніңізге көз жеткізіңіз:
    • Сіз басқа маркаларды немесе өнімдерді емес, Fiit темекі таяқшаларын пайдаланасыз
    • Сіз темекі таяқшасын зақымдамай немесе бұрамай, Fiit темекі таяқшасын lil SOLID құрылғысына дұрыс салдыңыз.
    • Сормас бұрын, сіз құрылғыны шамамен 25 секунд алдын ала қыздырасыз
    • Сіз lil SOLID құрылғысын (әрбір 20 таяқша пайдаланғаннан кейін) жүйелі түрде тазалайсыз
    • Сіз өзекшенің темекіні тиісті түрде қыздыруын және аэорозольді түзуін қамтамасыз ету алуы үшін сорулар арасында үзіліс жасай аласыз.
    IQOS және lil SOLID ұсыныстарының арасындағы айырмашылық неде?
    Lil SOLID және IQOS құрылғыларында темекі түтіні жоқ, алайда осы құрылғыларда әртүрлі ұсыныстар бар. Сіздің таңдауыңыз тек сіздің қалауларыңыз, мақсаттарыңыз және табыс деңгейіңіз бойынша анықталады.
    Lil SOLID құрылғысы - бұл түтінсіз өнім, ол:
    • темекі дәмі және құрылғы түстерін шектеулі таңдауға ие
    • жеке опциялары немесе аксессуарлары жоқ
    • дегенмен, осы «Барлығы біреуінде» құрылғысы қарапайым және практикалық, ол темекінің өртсіз, түтінсіз немесе күлсіз нағыз дәмін ұсынады.
    • қарапайымдылықты және қолайлылықты бағалайтын клиенттерге арналған.


    IQOS құрылғысы - бұл әртүрлі ұсыныстары бар түтінсіз өнім:
    • дәмнің алуан ассортименті - нағыз темекі дәмін беру және қанағаттануды қамтамасыз ету үшін біздің шеберлерімізбен талғамға сай жасалған
    • құрылғылар, түстер және стильді аксессуарлар портфолиосы
    • сіздің құрылғыңызға арналған жеке опциялардың 500-ден астам нұсқасы
    • бейілділік және қолдау бағдарламалары
    Мен lil SOLID 2.0 құрылғысын өз талаптарыма сәйкес баптай аламын ба?
    Біз lil SOLID зарядтауға арналған аксессуарларын - қуат блогы мен USB кабелін сатамыз.
    Егер сіз жеке баптауға мүмкіндік беретін құрылғыны іздесеңіз, сіздің құрылғыңызға арналған 500-ден астам нұсқасын қамтитын IQOS құрылғысын қарастыруға кеңес береміз.
    Неліктен ФМИ lil-ді қолдайды? Неліктен IQOS lil құрылғысын Оңтүстік Кореядан тыс жерлерде ұсынады?
    ФМИ мақсаты темекі шегуді немесе басқа никотині бар өнімдерді пайдалануды жалғастыратын барлық ересектерді темекінің тиімді алмастырғыштарына мүмкіндігінше тезірек ауыстыру болып табылады.
    Түтінсіз темекі алмастырғыштары желісін дамыту және коммерцияландыру бойынша біздің тұрақты күш салуларымыздан басқа, Оңтүстік Кореядан тыс lil коммерциализациясы түтінсіз құрылғылардың портфолиосын толықтырады, бұл ересек темекі шегушілерге талғамды, бағаны және технологияны таңдау тұрғысынан көбірек мүмкіндіктерді береді.
    Маңызды ақпарат: IQOS және lil SOLID қауіпсіз болып табылмайды.

    Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар. Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.

    phone-icon 2121
    ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ Кіру Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.

    SMS - коды бойынша кіру

    SMS - кодты қабылдау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    SMS - коды бойынша кіру

    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    send-again-icon Кодты қайта жіберу
    Растау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

    Растау

    Құпия сөзбен кiру

    Растау Смс-код арқылы кіру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Құпия сөзбен кiру

    Растау
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

    ЖІБЕРУ Кіру

    Құпиясөзді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

    ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

    ЖІБЕРУ Кіру

    SMS - коды бойынша кіру

    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    send-again-icon Кодты қайта жіберу
    Растау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

    Растау

    Пароль изменен

    Растау

    Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру

    Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

    Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:

    • маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
    • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
    • бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
    • тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
    • маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.

    Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.

    Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.

    Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.

    Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.

    Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.

    Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.

    Келісемін. SMS кодын алу Келіспеймін. Сайтқа өту
    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    Кодты қайта жіберу
    Растау
    Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.
    ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
    ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
    COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
    2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
    ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

    Жалғастыру