ЖАРИЯ ОФЕРТА
(барлық елеулі талапты қамтитын бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасасуға ұсыныс)
2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап жарамды
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС жиырма бір жасқа толған, темекіні, темекі өнімдерін немесе құрамында никотин бар өнімді (никотинді тәуелділікті емдеуге арналған препарат емес) тұтынушы болып табылатын, Тауарды (анықтамасы төменде берілген) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, тек қана жеке немесе өзге де мақсатта сатып алуға мүдделі кез келген жеке тұлғаға төмендегі жария шартты жасауды ұсынады:
ЖАРИЯ ШАРТ
«Филип Моррис Казахстан» ЖШС ішкі сауда объектілерінде бөлшек сатып алу-сату
Преамбула
Осы бөлшек сатып алу-сату жария шарты (бұдан әрі - «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және бірінші тараптан, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90, пошталық индексі: B40A6M8 немесе 040700 мекенжайында тіркелген заңды тұлға және екінші тараптан, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Тауарды (анықтамасы төменде берілген) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, тек қана жеке немесе өзге де мақсатта сатып алу ниеті бар және жалпы Шартқа қосылу арқылы, өзгеріссіз Сатушының шарттарында осы Шартты жасасу туралы ұсынымды (жария офертаны) қабылдаған кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлғаның арасындағы қарым-қатынастарды реттейді.
Тараптар осы Шарт Тауарды бөлшек сатып алу-сату мәселелері бойынша Сатып алушы мен Сатушының өзара әрекеттестігінің жалпы және негізгі шарттарын регламенттейтінін мойындайды. Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де шарттарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Сатушының Сауда нысанында немесе Қолдау қызметіне жүгіну арқылы танысуға болатын Сатушының жекелеген бұйрығында, қағидасында немесе өзге де құжаттарында қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де шарттар болуы мүмкін.
Анықтамалар
1.1. Тауар - IQOS, BONDS 2 by IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, атап айтқанда қыздырылатын темекі таяқшалары (стиктер), TEREA, BLENDS, сондай-ақ Сатушының прейскурантына (тізбесіне) сәйкес Сатушы Сатып алушыға Тауарларды қою, олардың үлгілерін көрсету немесе Сатушыда бар сатылатын Тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну арқылы белгілі бір бағаға сатуға ұсынған кез келген өзге Тауар. Сатушы сатуға ұсынатын Тауарлардың тізбесін ол біржақты тәртіппен анықтайды.
1.2. Тараптар – бірге айтылған кезде Сатушы мен Сатып алушы.
1.3. Акцепт – Сатып алушының осы офертаны толық және сөзсіз қабылдауы және Сатушы белгілеген шарттарда Тауарға ақы төлеу жолымен Шартқа қосылуы туралы жауабы.
1.4. Сатушының сауда объектісі – Сатушы бөлшек сауданы жүзеге асыратын сауда объектісі
1.5. Қолдау қызметі – Тұтынушыға Тапсырыс, Тауарлар және оларды жеткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Тұтынушыға қажетті өзге де ақпаратты беруге жауапты Сатушының байланыс орталығы. Телефон нөмірі: 2121
Шарттың мәні
2.1. Сатушы Тауарды Сатып алушының меншігіне оны кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшін беруге міндеттенеді, ал Сатып алушы Тауарды Шарт жасалған сәтте қолданыста болған Сатушының баға прейскурантына және осы Шарттың, оның ішінде Сатушының бұйрығымен (бұйрықтарымен) және (немесе) өзге де құжаттарымен белгіленген басқа да талаптарға сәйкес төлейді және қабылдайды.
2.2. Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де шарттарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Сатушының Сауда нысанында немесе Қолдау қызметіне жүгіну арқылы танысуға болатын Сатушының жекелеген бұйрығында, қағидасында немесе өзге де құжаттарында қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де шарттар болуы мүмкін.
2.2.1. BONDS 2 by IQOS құрылғысын және Blends қыздырылатын темекі таяқшаларын (стиктерін) сату тек қана Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай қалаларының аумағында орналасқан Сатушының ішкі сауда объектілерінде жүзеге асырылады.
2.2.2. Сатушы тиісті бұйрық шығару жолымен BONDS 2 by IQOS құрылғысын және BLENDS қыздырылатын темекі таяқшаларын (стиктерін) сатуға рұқсат етілетін елді мекендердің тізбесін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
2.3. Тауарды бөлшек сатуды жүзеге асыру кезінде Сатушы мыналарды басшылыққа алады:
і) IQOS, BONDS 2 by IQOS жүйелері жиырма бір жасқа толған, темекіні, темекі өнімдерін және/немесе құрамында никотин бар өнімдерді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынуды жалғастырғысы келетін Тұтынушыларға арналған;
іі) Сатушы IQOS, BONDS 2 by IQOS өнімдерін ешқашан шылым шекпеген немесе темекіні, темекі өнімдерін және/немесе құрамында никотин бар өнімді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынбаған немесе шылым шегуді немесе темекіні, темекі өнімдерін және/немесе құрамында никотин бар өнімді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынуды қойған адамдарға ұсынбайды;
iii) Сатушының мақсаты кез келген жағдайда шылым шегуді жалғастыратын жиырма бір жасқа толған әрбір шылым шегушіні IQOS, BONDS 2 by IQOS сияқты түтінсіз өнімдерге ауыстыру. Сатушы оқыту, кеңес беру және жеке таныстырылымдар өткізу арқылы IQOS, BONDS 2 by IQOS-қа көшу кезінде жиырма бір жасқа толған шылым шегушілерді қолдауға дайын;
iv) IQOS, BONDS 2 by IQOS қолдану темекіні тастауға балама емес. Темекі шегуден денсаулығына төнетін қауіп үшін уайымдайтын Тұтынушылар/Сатып алушылар темекі тұтынуды толығымен тоқтатуы немесе темекіні тастауы керек;
v) IQOS, BONDS 2 by IQOS барлық артықшылығын толық сезіну үшін жиырма бір жасқа толған Тұтынушының сигареттен бас тартып, тек IQOS BONDS 2 by IQOS қолдануы қажет;
vi) IQOS, BONDS 2 by IQOS-ты пайдалану денсаулық үшін қатерді жоққа шығармайды немесе темекіге зиянсыз балама болып табылмайды, бірақ темекі шегумен салыстырғанда анағұрлым жақсы таңдау болып табылады.
2.4. Сатып алушыға, соның ішінде Тауарды сатқаннан кейінгі кезеңде сапалы қызмет көрсету мақсатында Сатушы Сатып алушыларға (жиырма бір жасқа толған Тұтынушыларға) Қолдау қызметі арқылы да Тауарға қатысты ақпарат немесе кеңестер береді.
Шарт жасасу және оның талаптарын өзгерту тәртібі
3.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария Шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасы мен Шарттың басқа да талаптарын Сатушы Шарт жасасу сәтінде басқалардың алдында бір Сатып алушыға Шарт жасасуға қатысты артықшылық көрсетпей, барлық Сатып алушы үшін бірдей етіп белгілейді.
3.2. Осы Шарт ҚР Заңнамасы (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабы) бойынша қосылу шарты болып табылады. Сатып алушы Құптаған сәттен бастап Шарт тиісті нысанда оған тұтастай, өзгертусіз қосылу жолымен жасалған болып есептеледі.
3.3. Сатушы Тараптар Шартты жасасқанға дейін Жария Офертаның және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Шарттың жаңа редакциясы ол бекітілген күннен бастап күшіне енеді. Тараптар Шарт жасасқаннан кейін оған өзгеріс енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте жол беріледі.
3.4. Шарт жасасар алдында Сатып алушы сатушы-кеңесшінің талабы бойынша Сатып алушының нақты жасын айқындау мақсатында оған жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда сатушы-кеңесші Сатып алушыға Тауарларды сатудан бас тартады.
3.5. Сатып алушының құптауы Сатып алушының Тауарды сатып алу талаптарымен танысуын және келісімін растау, сондай-ақ Сатып алушының осы Шарттың талаптарында осы Шартты Сатушымен бірге жасасуға келісімін растау болып табылады. Сатушының сауда объектісіне Сатып алушының әрбір рет келуі онымен Шарт жасасу үшін дербес негіз ретінде қарастырылады.
4. 4. Тауар туралы жалпы ережелер
4.1. Сатушы осы арқылы Сатып алушыны Сатушы сатуға ұсынатын Тауардың техникалық регламенттер немесе (қажет болса) стандарттау жөніндегі құжаттар талаптарына сәйкес келетініне сендіреді.
4.2. Тараптар Сатушының сауда объектілерінде орналастырылған барлық ақпараттық материал (бейнероликтер, баспа өнімдері және т.б.) жалпы, анықтамалық сипатқа ие екенін және түсін, өлшемдері мен нысандарын қоса алғанда, Тауар қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы ең толық және өзекті ақпарат Сатып алушыны қызықтыратын Тауардың заттаңбасында болады. Сатып алушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақ туындаған жағдайда, Сатып алушы Тауарды Сатып алудан бұрын Сатушының сатушы-кеңесшілеріне Тауар туралы өзін қызықтыратын ақпаратты, соның ішінде жеке таныстырылымды алу үшін жүгінуге құқылы.
4.3. Осы Шартты құптау арқылы Сатып алушы оны қызықтыратын Тауар, оның атауы, саны, төлем тәртібі туралы барлық ақпараттың алынғанын, ақпарат толық көлемде берілгенін, уақтылы берілгенін, қандай да бір қосымша сұрақ жоқ екенін, осы Шарттың талаптары түсінікті екенін және оған тұтастай қосылу жолымен, өзгеріссіз қабылданғанын растайды.
4.4. тушы сату сәтінде Сатушының нақты сауда объектісінің қоймасында бар тиісті сападағы Тауарды ғана сатуға ұсынады. Витриналарда ұсынылған және тиісті түрде таңбаланған Тауардың үлгілері сатылуға тиесілі емес.
4.5. Тараптар Сатушының қоймасында Сатушының бағалар прейскурантында көрсетілген Тауардың белгілі бір түрінің қысқа мерзімде болмауы мүмкін екенін мойындайды. Мұндай жағдайда Сатушы қоймада осындай Тауардың болуын тез арада жаңғыртуға немесе Тауардың ассортиментін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Сатушының бағалар прейскурантына тиісті өзгеріс енгізуге қажетті күш-жігер жұмсауы тиіс.
4.6. Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты тәуекелдер Тауарға ақы төлеу және оны Сатып алушыға беру сәтінде Сатушыдан Сатып алушыға өтеді.
4.7. Тауарлардың белгілі бір түрлеріне сапа кепілдігі беріледі. Сапа кепілдігі қолданылатын Тауарлардың және олардың толымдаушы бұйымдарының кепілдік мерзімі мен қызмет ету мерзімі Тауарларға қатысты құжаттар жиынтығына кіретін тиісті құжаттарда көрсетілген (бұдан әрі – «Кепілдік мерзімі»). Кепілдік мерзімін анықтайтын Тауарларға қатысты құжаттар жиынтығына кіретін арнайы құжаттардың болмауы мұндай Тауарларға сапа кепілдігі берілмегенін білдіреді.
4.8. Тауардың түріне байланысты оны Сатушының сауда объектісінде сатпас бұрын, Тауардың жұмысқа қабілеттілігі тексерілуі мүмкін. Ол үшін Тауарды ашу және тексеру, өнімнің жиынтықтылығын, сапасын тексеру жүргізіледі. Барлық жиынтықтама өнімділігі тексеріледі. Қажет болған жағдайда Тауар қалай пайдаланылатыны көрсетіледі.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Сатушы мыналарға міндеттенеді:
5.1.1. Сатып алушыға тиісті сападағы Тауарды осы Шарт тәртібі мен талаптары бойынша беру.
5.1.2. Сатып алушыға тиісті түрде сақталған және тасымалданған жағдайда Тауардың сақталуын қамтамасыз ететін осындай Тауар үшін қолайлы тәсілмен қапталған болуы тиіс Тауарды беру.
5.1.3. Тауар түріне байланысты Тауармен бір мезгілде Сатып алушыға Тауардың керек-жарақтарын, сондай-ақ оған қатысты құжаттарды беру.
5.1.4. Сатып алушыға Тауар туралы қажетті және сенімді ақпаратты уақтылы беру. Сатып алушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына, Тауарды тиімді және қауіпсіз қолданудың мақсаты мен шарттары туралы мәліметтерге қатысты сұрақ туындаған жағдайда, Шарт жасасар алдында Сатып алушы Сатушыдан кеңес алу үшін жүгінуі керек.
5.1.5. Сатушы анықтаған Тауарларға Сатып алушыға Сатушының Ішкі сауда объектісінде көрсетуге арналған ұқсас үлгіде, Сатушы және/немесе Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында осындай тексеру көзделген Тауар түрлеріне қатысты Тауардың тұтынушылық қасиеттерін сынауға мүмкіндік беру.
5.1.6. Осы Шарттың талаптарына, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сатып алушының наразылықтарын, өтініштерін қарауға және Сатып алушының негізделген және заңды талаптарын қанағаттандыруға шаралар қабылдау.
5.2. Сатушы келесі әрекеттерді орындауға құқылы:
5.2.1. Тауардың тауар сипаты жоғалған, Тауардың сыртқы зақымдануы анықталған, белгілі бір түрдегі Тауарда және осы Тауарға ілеспе немесе кепілдік құжаттарында көрсетілген сәйкестендіру сипаттамалары (сериялық нөмірі) сәйкес келмеген, егер Тауар пайдалануда болған және онда пайдалану іздері болған жағдайда, Сатып алушының Тауарды Сатушыдан сатып алғанына дәлелдері болмаған кезде, Сатып алушының тиісті сападағы Тауарды қайтару, айырбастау жөніндегі талабын (наразылығын) қанағаттандырудан бас тарту. Сатып алушы тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған кезде Сатушы Сатып алушыдан тиісті сападағы Тауарды айырбастауды немесе қайтаруды ұйымдастыру үшін Сатушы шеккен шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
5.2.2. Өз қалауы бойынша Тауарға ақы төлеуді талап етуге, не болмаса, егер Сатып алушы Шартты бұза отырып, Тауарды қабылдаудан және/немесе оған ақы төлеуден бас тартса, Шартты орындаудан бас тарту.
5.2.3. Сатып алушы Құптаған сәтке дейін Тауарлардың бағасын біржақты тәртіппен өзгерту.
5.2.4. Сатып алушыдан Сатушыға (оның өкіліне) Сатып алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуді талап ету және Сатушыға (оның өкіліне) осы жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі туралы ақпарат беру.
5.3 Сатып алушы мыналарға міндетті:
5.3.1. Тауар құнын прейскурантта (тізбеде) көрсетілген бағаларға сәйкес төлеу.
5.3.2. Сатып алу кезінде талап етілетін Тауардың нақты атауын, талап етілетін Тауарды дәл анықтау үшін қажетті барлық деректі (түсі, жасалу нұсқасы және т.б.) хабарлау.
5.3.3. Сатып алу-сатуды рәсімдеген кезде Сатушыға өзі туралы сенімді және жеткілікті ақпарат беру.
5.3.4. Сатушыға (оның өкіліне) Сатып алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсыну және Сатушыға (оның өкіліне) осы жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі туралы ақпарат беру.
5.4 Сатып алушы келесі әрекеттерді орындауға құқылы:
5.4.1. Тауар туралы ақпарат алу.
5.4.2. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін Тауарды алу.
5.4.3. Тиісті сападағы Тауарды сатып алу.
5.4.4. Тиісті және тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару. Тиісті емес сападағы Тауарды алмастыру немесе қайтару Шарт талаптарымен реттеледі.
5.4.5. Сатушыдан Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты алу.
5.4.6. Сатушымен және/немесе Қазақстанның қолданыстағы заңнамасымен осындай тексеру көзделген Тауар түрлеріне қатысты Сатушының сауда объектілерінен Тауарларды сатып алу кезінде олардың жұмыс қабілеттілігін тексеру.
6. Бағасы және төлеу тәртібі
6.1. Тауардың бағасы теңгемен прейскурантта (тізбеде), сондай-ақ төлем құжаттарында көрсетіледі. Тауардың бағасы қосылған құн салығымен көрсетіледі.
6.2. Сатылмаған Тауардың бағасын бағалар прейскурантына (тізбесіне) өзгерістер енгізу жолымен Сатушы біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін.
6.3. Тауар үшін төлеу төменде аталған тәсілдермен жүргізілуі мүмкін:
• қолма-қол ақшаны пайдаланып төлемдер жасау;
• қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау (төлем карталарын және өзге де электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып).
6.4. Сатушы Сатушының ережелерімен немесе өзге де құжаттарымен белгіленетін жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсыныстарды қолдануға құқылы, олар туралы ақпарат Сатушының сауда объектісінде Сатып алушыға қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте Сатушы жеңілдікті немесе өзге де арнайы ұсынымдарды алу шарттарын белгілеуге құқылы.
7. Тараптардың Жауапкершілігі
7.1. Сатушы Тауарларды тиісінше пайдаланбауы салдарынан Сатып алушыға келтірілген залал үшін жауапты болмайды. Тараптар Сатушының осы Шарт бойынша жауапкершілігі нақты залалмен шектеледі деген келісімге келді.
7.2. Тараптар өзара міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан не болмаса зиян келтіруден туындаған алынбаған кірісті бір-біріне өтеу түрінде бір-бірінің алдындағы жауапкершіліктен босатылады.
7.3. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына ҚР Азаматтық кодексіне, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауапкершілікке ие болады.
7.4. Сатып алушының тиісті сападағы тауарды айырбастау, қайтару туралы талаптарын, сондай-ақ сапасыз Тауарды сатқан жағдайда Сатып алушының талаптарын орындауды кешіктіргені үшін өсімпұл талап қойылған күннен бастап талаптарды қанағаттандырған күнге дейін кешіктірілген әрбір күн үшін тауар құнының 0,1%-ын құрайды.
7.5. Егер орындамау соғыс немесе әскери іс-қимылдар, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және басқа да дүлей зілзалалар, мемлекеттік билік органдарының актілері немесе әрекеттері, кеден ережелерінің өзгеруі, осы Шарт жасалғаннан кейін Тараптардың еркіне қарамастан туындаған импортты және (немесе) экспортты шектеу сияқты еңсерілмейтін жағдаяттардың салдары болып табылса, Тараптар өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Өз міндеттемелерін орындай алмайтын Тарап бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді және оған уәкілетті органдар немесе ұйымдар берген осындай жағдаяттардың болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
8. Кепілдік жағдайы туындаған кезде Тауарды алмастыру немесе қайтару
8.1. Егер Сатушы ол туралы Сатып алушы Қолдау қызметіне жүгіну арқылы біле алатын қосымша өзгеше тәртіп белгілемесе, кепілдік мерзімі ішінде Тауар кемшіліктері анықталған жағдайда, Сатып алушы осындай Тауарды (сатып алу орны) сатып алған Сатушының сауда объектісіне наразылықпен жүгінеді.
8.2. Кепілдік беру жағдайы орын алған кезде Тауарды айырбастау немесе қайтару осы Шартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кепілдік жағдайы туындаған кезде Сатып алушы Сатушыға қайтарған Тауардың ақысын қайтару осы Шарттың 9.4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
8.3. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлардың тізбесі осы Шартқа №1 қосымшада белгіленеді. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік берілмейтін жағдайлардың тізбесі де Тауарларға қатысты құжаттар жиынтығына кіретін дайындаушының тиісті құжатында көзделуі мүмкін.
8.4. Шарттың осы бабы негізінде Тауарды ауыстыру кезінде берілген (алмастыру ретінде) Тауардың кепілдік мерзімі қайта белгіленбейді.
8.5. Тауарды алмастыру белгіленген нысандағы Тұтынушының өтініші бойынша жүргізіледі (осы Шартқа № 2 қосымша).
8.6. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кепілдікті қызмет көрсету шеңберінде осы Жария офертаға сәйкес кепілдікті жағдайға түсетін IQOS, BONDS 2 by IQOS құрылғысын оның ақаулығына байланысты ауыстыру kz.iqos.com сайтында жарияланған «Сервистер мен артықшылықтар» бағдарламасының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
8.7. Осы Шарттың 8.1-тармағында белгіленген кепілдіктен тыс, Тауардың жекелеген түрлері үшін Сатушы бұйрықпен Тауарды ауыстырудың қосымша арнайы шарттарын белгілеуге құқылы.
9. Тауарды айырбастау немесе қайтару
9.1. Егер Тауар пайдаланылмаған болса, оның тауар сипаты, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, затбелгілері сақталған болса, сондай-ақ Сатып алушыда осындай Тауардың құнын Сатушыға төлеу фактісін растайтын төлем құжаты бар болса, Сатушыға қайтару немесе Сатушының тиісті сападағы Тауарды басқа түстегі ұқсас Тауарға айырбастауы және т.б. Сатып алушы осындай Тауарды Сатушыдан сатып алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Тауарды қайтаруға, айырбастауға жүгінген жағдайда мүмкін болады. Егер Сатып алушының төлем құжаты жоғалған болса, Тауарды сатып алу және оны Сатушыға төлеу фактісін растау құрылғының сәйкестендіру сипаттамалары (сериялық нөмірі) бойынша Сатушының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша жүзеге асырылады.
9.1.1. Тиісті сападағы Тауарды қайтарған кезде Тауардың тауар сипаты, жиынтықтылығы, Тауарда пайдалану іздерінің болмауы көзбен шолып тексеріледі.
9.1.2. Тиісті сападағы Тауардың тауар сипаты мен тұтынушылық қасиеттері Шарттың 9.1-т. сәйкес төмендегі шарттарда сақталған болып, ал Тауар қолданыста болмаған болып саналады:
• Тауардың қаптамасында/бетінде зақымданудың болмауы;
• жұмыс істейтін IQOS немесе BONDS 2by IQOS құрылғысының, қуат беру блогының, USB кабелінің болуы;
• Тауар бетінде сызат немесе өзге де зақымданудың болмауы.
тұтқышта және қуат беру құрылғысында темекі бөлшектерінің және темекі иісінің болмауы, тұтқыштың қыздыру камерасының бүтіндігі;
• қуат беру құрылғысында жапсырманың, қуат беру блогында қорғаныш үлдірінің және USB кабелінде бекіту сақинасының болуы;
• Тауардың сәйкестендіру сипаттамалары (сериялық нөмірі) сақталды;
• қуат беру құрылғысы мен тұтқыш үшін пластик тұғырықтың, пайдаланушы нұсқаулығының және үш тілде жазылған кепілдіктің болуы.
Тауар қорабында үлдірдің болмауы тауар сипаының бұзылуы ретінде қарастырылмайды.
9.1.3. Сатып алушыға тиісті сападағы Тауарды қайтару, айырбастау Сатып алушының тиісті сападағы Тауарды қайтаруға, айырбастауға белгіленген нысандағы (осы Шартқа №2, №3 Қосымша) өтініші бойынша жүзеге асырылады.
9.2. Тиісті емес сападағы Тауарды қайтару немесе айырбастау Сатып алушының Тауарды қайтаруға, айырбастауға белгіленген нысандағы (осы Шартқа №2 қосымша, №3 қосымша) өтініші бойынша Тауар сатып алынған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде келесі шартта жүзеге асырылады:
9.2.1. Тиісті емес сападағы тауар – жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, өнімдер бойынша техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оны пайдалануға қарамастан сатылған Тауар.
9.2.2. Тиісті емес сападағы Тауарға қатысты Сатып алушы өз қалауы бойынша осындай Тауарды айырбастау немесе қайтару туралы мәлімдеуге құқылы.
9.2.3. Сатып алушы тиісті емес сападағы Тауарды қайтаруды, айырбастауды оның тауар сипатының сақталуына қарамастан, бірақ азық-түлікке жатпайтын Тауардың жиынтықтылығы сақталған және оның сериялық нөмірі Сатушының деректерімен сәйкес келген жағдайда жүргізеді.
9.2.4. Тиісті емес сападағы Тауарды алмастыру Сатып алушының қалауы бойынша Сатушыда бар ұқсас немесе өзге де жаңа Тауарға ұқсас бағада жүзеге асырылады.
9.2.5. Тиісті емес сападағы Тауарды ауыстыру мақсатында Сатып алушы Сатушыға тиісті емес сападағы Тауарды, сондай-ақ осындай Тауарға ақы төлеу және оны сатып алу фактісін растайтын құжатты беруі тиіс.
9.3. Шарттың 9.1 және 9.2-тармақтарының негізінде Тауарды ауыстыру/айырбастау жағдайында, Сатып алушы, егер Сатушы Сатып алушы қолдау қызметіне жүгіну арқылы біле алатын қосымша өзгеше тәртіпті белгілемесе, Сатып алушы осындай Тауарды сатып алған (сатып алу орны) Сатушының сауда объектісіне ауыстыру туралы өтінішпен жүгінеді.
9.4. Бұрын Сатушының сауда объектілерінде сатып алынған Тауарды қайтару кезінде төленген ақшаны қайтару, егер Тауарды қайтару сатып алынған күні жүзеге асырылса, Сатушының сауда объектісінде (сатып алу орны) қолма-қол ақшаны беру арқылы немесе егер Тауарды қайтару сатып алу күнінен кейін жүзеге асырылса, Сатушы Сатып алушының өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Сатып алушының өтініште көрсетілген банк шотына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.
9.5. Тауарды айырбастауды, ауыстыруды немесе қайтаруды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, бұл ретте Сатып алушының мұндай әрекеттерді Сатушының сауда объектісіне бару арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған кезде, Сатып алушы Тауарды айырбастау, ауыстыру немесе қайтару себептерін анықтау, Тауардың жай-күйін диагностикалау және курьерлік қызметтің көмегімен Тауарды айырбастауды, ауыстыруды немесе қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін 2121 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша тегін) Сатушының қолдау қызметіне жүгінуі қажет. Тауарларды айырбастаудың, ауыстырудың немесе қайтарудың бұл әдісі Астана мен Алматы қалаларында қолданылмайды, ол жерде Сатушының сауда объектілеріне (сатып алу орнына) жүгіну ұсынылады.
10. Дербес деректер
10.1. Сатушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының барлық қолданылатын талабын сақтай отырып, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген дербес деректер операторының қағидаттарын, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып, дербес деректер субъектісі ретінде Сатып алушының дербес деректерінің құпиялылығы мен өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
11. Қорытынды ережелер
11.1. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС ішкі сауда объектілерінде бөлшек сауда-саттық жария шартына № 1 қосымша
IQOS ILUMA/ IQOS ILUMA i электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдікті және кепілдіксіз жағдайлардың тізбесі
1) Кепілдік емес жағдайлар:
Тұтқыштың зақымдануы
Повреждение зарядного устройства
2) Гарантийные случаи:
Держатель
Қуат беру құрылғысы
BONDS 2 by IQOS темекіні қыздыру құрылғыларына арналған кепілдік және кепілдік емес жағдайлардың тізбесі
1) Кепілдік емес жағдайлар:
2) Кепілдік жағдайлары:
Держатель
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС ішкі сауда объектілерінде бөлшек сауда-саттық жария шартына №2 қосымша
Тауарды айырбастау/ауыстыру актісі
___________ қ. 20__ ж. «__» __________
Осы Акт келесілер арасында жасалды: бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________________________________________________________________(ТАӘ)
Жеке куәлік / төлқұжат №_______________, берілген күні мен берген орган _____________________,
Тіркелген мекенжайы ______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________,
бір тараптан және
Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, екінші тараптан, төмендегі туралы
1. Сатып алушы Сатушыға келесі тауарды қайтарып берді, ал Сатушы Сатып алушыдан оны қабылдады:
| Тауардың атауы, артикулы | Тауардың сәйкестендіру нөмірі | Тауардың түпнұсқа қаптамасының сәйкестендіру нөмірі |
|---|---|---|
|
|
|
|
Тауар сатып алынған орын: __________________________________________________________________
Тауар сатып алынған күн: «__» ______________20__ жыл.
2. Сатушы қабылданған тауардың орнына Сатып алушыға келесі тауарды берді, ал Сатып алушы Сатушыдан оны қабылдады:
| Тауардың атауы, артикулы | Тауардың сәйкестендіру нөмірі | Тауардың түпнұсқа қаптамасының сәйкестендіру нөмірі |
|---|---|---|
|
|
|
|
Тауардың берілген орын: _______________________________________________________________________
Тауар берілген күн: «__» ______________20__ жыл.
| Тауарды айырбастау/ауыстыру негізі | Тауарды айырбастау/ауыстыру себебін сипаттаңыз |
|---|---|
|
14 күнтізбелік күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастау |
|
|
30 күнтізбелік күн ішінде тиісті емес тауарды айырбастау |
|
|
Кепілдік жағдайы басталған кезде ауыстыру |
|
|
Бұйрық бойынша қосымша арнайы шартқа сәйкес ауыстыру |
|
|
Басқасы |
Қолдары:
Сатып алушы:
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС
___________ ____________________ Сатушы: ___________ ____________________
Қолы Қолдың толық жазылуы Қолы Қолдың толық жазылуы