IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

Айырбастау, қайтару, кепілдікті қызмет көрсету

kz.iqos.com интернет-дүкені арқылы сатып алынған тиісті сападағы IQOS/lil SOLID құрылғысын айырбастау/қайтару

Тиісті сападағы IQOS/lil SOLID құрылғысын kz.iqos.com интернет дүкенінде сатып алған жағдайда қайтару мерзімі сатып алынған күннен бастап 14 күнді құрайды.

Тиісті сападағы IQOS/lil SOLID құрылғысын қайтару үшін келесі шарттар сақталуы керек:

• Өнім қолданыста болмаған,
• Қаптамасы сақталған,
• Тауарлық түрі сақталған,
• Сатушыдан алынған барлық құжаттар сақталған: кепілдік талоны, пайдалану жөніндегі нұсқаулық,
• Тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық заттаңбалары сақталған,
• Тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын чек немесе басқа құжат сақталған жөн.

Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Келесі жағдайларда қайтарудан бас тартылуы мүмкін:

• тауар қолданыста болған,
• ақаулары бар (жасырын өндірістік ақауларды қоспағанда, жарықтар, сызаттар, сынықтар, механикалық зақымданулар),
• толық жиынтықталымда немесе зауыттық қаптамада болмаса.

Бөлшек сауда дүкенінен сатып алынған тиісті сападағы IQOS/lil SOLID құрылғысын айырбастау/қайтару

Тиісті сападағы IQOS құрылғысын бөлшек сауда желісінде сатып алған жағдайда қайтару мерзімі сатып алынған күннен бастап 14 күнді құрайды.

Тиісті сападағы IQOS құрылғысын қайтару үшін келесі шарттар сақталуы керек:

• Өнім қолданыста болмаған,
• Қаптамасы сақталған,
• Тауарлық түрі сақталған,
• Сатушыдан алынған барлық құжаттар сақталған: кепілдік талоны, пайдалану жөніндегі нұсқаулық,
• Тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық заттаңбалары сақталған,
• Тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын чек немесе басқа құжат сақталған жөн.

Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Келесі жағдайларда қайтарудан бас тартылуы мүмкін:

• тауар қолданыста болған,
• ақаулары бар (жасырын өндірістік ақауларды қоспағанда, жарықтар, сызаттар, сынықтар, механикалық зақымданулар),
• толық жиынтықталымда немесе зауыттық қаптамада болмаса.

IQOS-ты қайтару тәртібі

Қайтаруды рәсімдеу үшін сіз IQOS қолдау көрсету қызметіне хабарласа аласыз: ұялы телефоннан 2121 нөміріне қоңырау шалу (қоңырау шалу тегін), IQOSKZ_Support_bot ресми Telegram-боты немесе Instagram iqos_kaz арқылы өтінім жіберу. Қайтарып алуды рәсімдеу тәртібі туралы толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуыңызға болады.

Қаражатты қайтару шарттары

Ақша қаражатын қайтару 14 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Толық шарттар сілтеме бойынша

Мен сатып алу растамасын жоғалтып алдым — сонда да ақаулы IQOS құрылғысы үшін қаражатты қайтарып ала аламын ба?

Егер құрылғы kz.iqos.com сайтында немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында онлайн сатып алынса: қайтаруды жүзеге асыру үшін төлем туралы чектің болуы міндетті емес. Егер құрылғы сіздің аккаунтыңызға тіркеусіз сатып алынса: өкінішке қарай, сатып алуды растаусыз тауарды/қаражатты қайтару мүмкін емес. Сізге IQOS құрылғысын сатып алғаныңызды растайтын құжатты (төлем чегі), бізден келген электрондық хатты немесе хабарламаны табуды ұсынамыз. Сіз сатып алымды тиісті түрде растағаннан кейін ғана ақаулы IQOS құрылғысын қайтарып, қаражатты қайтарып ала аласыз.

Егер менің IQOS/lil SOLID құрылғым жұмыс істемесе/ нашар жұмыс істесе (сынып қалса) не істеу керек?

Егер сіздің IQOS/lil SOLID құрылғыңыз дұрыс жұмыс істемей қалса, сіз IQOS сату нүктелерінде IQOS диагностикасы мен сервистік қызметін ала аласыз немесе IQOS Қолдау қызметіне 2121 нөмірі бойынша жүгіне аласыз. Сондай-ақ Құрылғыны онлайн диагностикалау сервисін пайдалана аласыз, мұнда сізге мәселені шешудің нұсқалары ұсынылады. Диагностиканы сайтта Жеке кабинеттегі «Менің құрылғыларым» бөлімінде немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында «Көмек» бөлімінде жүргізуге болады (бұдан әрі — «Диагностика»). Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз әрқашан IQOS қолдау қызметіне 2121 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша қоңырау шалып, бізге IQOS Kazakhstan Telegram-ботына, iqos_kaz Instagram аккаунтына жазып немесе info@iqos.kz электрондық поштасына жазу арқылы жүгіне аласыз

Егер құрылғыны шетелде сатып алсам, ол бойынша маған сервистік қызмет көрсетіле ме?

Иә, сіз шетелде сатып алынған құрылғылар бойынша сервистік қызметті ала аласыз. Бұл үшін сервистік қызмет көрсету шеңберінде құрылғыңызды ауыстырудың қолжетімділігін нақтылау үшін +41215478888* нөмірі бойынша IQOS халықаралық қолдау қызметіне алдын ала қоңырау шалу қажет.
Халықаралық қолдау қызметіне хабарласқан кезде IQOS Құрылғысын сатып алған елді таңдау қажет.
Құрылғыны сатып алған елдегі IQOS қолдау қызметі ауыстыру/сервистік қызмет көрсету мүмкіндігін растағаннан кейін, сіздің өтініміңіз Қазақстан Республикасындағы IQOS қолдау қызметіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасының қолдау қызметі сізбен байланысады және алынған өтінімге сәйкес ауыстыруды/сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді.

*Ұялы байланыс операторының тарифтеуіне сәйкес қоңырау шалу үшін төлем алынуы мүмкін.

Кепілдік мерзімі қалай есептеледі?

Құрылғыны IQOS фирмалық дүкендерінен сатып алған жағдайда, кепілдік мерзімі сатып алынған күннен бастап 12 айды құрайды. Құрылғыны серіктес дүкеннен сатып алған жағдайда, кепілдік мерзімі өндірілген күннен бастап есептеледі және сатып алған күні туралы растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін түзетілуі мүмкін.

Сапасы сай емес тауарды ауыстыру/қайтару

Тиісті емес сападағы Тауарды қайтару немесе ауыстыру Сатып алушының өтініші бойынша Тауарды сатып алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
Сатып алушы тарапынан тауарды ауыстыру немесе қайтару себебі өндірістік ақау болуы мүмкін.
Кепілдік мерзімі бар сапасы тиісті емес тауарды ауыстыру немесе қайтару үшін IQOS фирмалық дүкендерінде немесе жеке кабинетте Онлайн-диагностика сервисінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін алдын ала диагностика жүргізу қажет. Диагностика нәтижелеріне сүйене отырып, біз бұл тауарды ұқсас тауарға ауыстырамыз немесе оған төленген ақшаны қайтарамыз.
Тиісті емес сападағы Тауарды қайтару үшін Сатып алушы Сатушыға тиісті емес сападағы Тауарды, сондай-ақ осындай Тауарға ақы төлеу және оны сатып алу фактісін растайтын құжатты беруі тиіс.

Келесі жағдайларда ауыстырудан (қайтарудан) бас тартылуы мүмкін:
• әдеттегі тозу нәтижесінде IQOS қандай да бір элементінің зақымдалуы;
• элементтің сыртқы түрінің ақауы (мысалы, сызаттар, ойықтар, сынған пластик);
• дұрыс пайдаланбау, кернеудің секіруі, дұрыс тасымалданбау, сұйықтықпен жанасу немесе отпен жанасу салдарынан IQOS элементінің зақымдануы (мысалы, қыздыру элементінің сынуы);
• IQOS элементімен үйлесімді емес заттарды пайдаланудан туындаған ақаулық;
• пайдаланушының өзінің немесе PMI уәкілеттік бермеген жүйесінің қызмет көрсету орталығының IQOS элементтерін ашуға, өзгертуге немесе жөндеуге әрекет жасаған нәтижесінде бүліну немесе ақаулық;
• IQOS пайдаланушы нұсқаулығын бұза отырып, элементті пайдалану нәтижесінде бүліну немесе ақаулық. Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлшек сауда дүкенінен немесе kz.iqos.com интернет-дүкенінен сатып алынған аксессуарларды, тиісті сападағы USB кабельдерін айырбастау/қайтару

Тиісті сападағы аксессуарларды, usb кабельдерін айырбастау (қайтару) мерзімі, оларды дүкенде сатып алған жағдайда, сатып алған күннен бастап 14 күнді құрайды.

Тиісті сападағы тауарды ауыстыру (қайтару) үшін келесі шарттар сақталуы керек:

1. Тауар қолданыста болмаған,
2. Қаптамасы сақталған,
3. Тауарлық түрі сақталған,
4. Сатушыдан алынған барлық құжаттар сақталған: кепілдік талоны, пайдалану жөніндегі нұсқаулық,
5. Тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық заттаңбалары сақталған,
6. Тауарды сатып алу фактісі мен шарттарын растайтын чек немесе басқа құжат сақталған – міндетті емес.

Қайтару Тауарларды қайтару тәртібі тармағында сипатталған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Келесі жағдайларда ауыстырудан (қайтарудан) бас тартылуы мүмкін:

- тауар қолданыста болған,
- ақаулары бар (жасырын өндірістік ақауларды қоспағанда, жарықтар, сызаттар, сынықтар, механикалық зақымданулар),
- толық жиынтықталымда немесе зауыттық қаптамада болмаса.

IQOS/lil SOLID құрылғысында уәкілетті қызмет көрсету орталықтары бар ма?

Жоқ, қазіргі уақытта IQOS-та IQOS/lil SOLID уәкілетті қызмет көрсету орталығы жоқ. Бірақ сіз IQOS ресми дүкендерінен, сондай-ақ серіктестер дүкендерінен құрылғыларға сервистік қызмет көрсетуді немесе консультация ала аласыз. Сауда нүктелерінің өзекті мекенжайларын «Дүкендерді табу» бөлімінен нақтылауға болады. IQOS уәкілеттік бермеген бөгде ұйымдардың көмегіне жүгінбеңіз.

Құрылғы бұзылған жағдайда дүкенге жүгінгенде өзіммен бірге не алуым керек?

Сату нүктесіне барған кезде сізде болуы керек:

- сынған құрылғы
- жеке басын растайтын құжат
- сатып алуды растайтын чектер немесе басқа құжаттар (егер сіз бұрын құрылғыны тіркемеген болсаңыз)
- жиынтықтағы қалған құрылғылар (диагностика үшін – жақсырақ)

IQOS кепілдігін қалай пайдалануға болады?

Тіпті ең жоғары сапалы өнімдер де кейде істен шығуы мүмкін — сіздің IQOS құрылғысын пайдалана алмай қалуыңыз қаншалықты ыңғайсыз екенін біз білеміз. Ақаулы құрылғыны кепілдік бойынша ауыстырып алғыңыз келе ме? Бұл оп-оңай — IQOS дүкендеріне барып, біздің мамандарымызға жүгіне аласыз, олар құрылғының мәселелерін шешуге және қажет болған жағдайда ақаулы құрамдасын ауыстыруға көмектеседі. Сондай-ақ, сіз 2121 нөмірі бойынша тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына хабарласып, кепілдік бойынша ақаулы құрылғыны қалай ауыстыруға болатыны жөнінде қажетті ақпаратты ала аласыз.

Кепілдік мерзімі қандай?

IQOS құрылғыларына берілетін кепілдік сатып алған күннен бастап 12 ай жарамды. Сатып алу туралы дәлелдер болмаған жағдайда, компания кепілдік мерзімін өз деректері негізінде өндірілген күннен бастап немесе сатып алу күнін анықтау мүмкін болмаса, өндіру күнінен бастап 15 ай мерзімге ерікті негізде айқындау құқығын өзіне қалдырады.

Менің IQOS құрылғыма кепілдік қолданылады ма?

IQOS құрылғыларына берілетін кепілдік сатып алған күннен бастап 12 ай жарамды. Сатып алу туралы дәлелдер болмаған жағдайда, компания кепілдік мерзімін өз деректері негізінде өндірілген күннен бастап немесе сатып алу күнін анықтау мүмкін болмаса, өндіру күнінен бастап 15 ай мерзімге ерікті негізде айқындау құқығын өзіне қалдырады.Осы кезең ішінде кепілдік шарттары орындалған жағдайда, біз сервистік қызмет көрсетеміз және қажет болса құрылғыны ауыстырамыз.
Сіз «кепілдіксіз жағдайлардағы» қосымша кепілдік қамтуды ала аласыз, ол «Сервистер мен артықшылықтар» тегін сервисінің көмегімен кепілдіктің бүкіл қолданылу мерзіміне жарамды халықаралық кепілдікті қоса алғанда, құрылғының әрбір құрамдасына бір рет қолжетімді болады. Сіз бұл сервисті IQOS құрылғысын тіркегеннен кейін пайдалана аласыз.

IQOS кепілдігі нені қамтымайды?

1. Қалыпты тозудан туындаған зақымдар
2. Косметикалық зақымдар (мысалы, сызаттар, ойықтар, сынған пластик және т. б.)
3. Дұрыс пайдаланбау, кернеудің тұрақсыздығы, ұқыпсыз ұстау, сұйықтықпен жанасу немесе жану салдарынан болатын зақым
4. Құрылғыны сәйкес келмейтін өнімдермен бірге пайдаланудан туындаған ақаулар
5. Пайдаланушы немесе IQOS аккредиттемеген қызмет көрсетуші ұйым тарапынан құрылғыны ашу, өзгерту немесе жөндеу әрекеті салдарынан оның бүлінуі немесе істен шығуы
6. Тиісті IQOS пайдаланушы нұсқаулығында берілген нұсқауларды сақтамау салдарынан туындаған зақымдану немесе ақаулық

Мен IQOS-ты шетелде сатып алдым, кепілдікті қалай пайдалана аламын?

Сервистік қызмет көрсету тек тіркелген IQOS пайдаланушылары үшін қолжетімді. IQOS пайдаланушыларына қолдау көрсететін елдер тізімін халықаралық қолдау көрсету қызметіне мына нөмір арқылы хабарласып біле аласыз: +41 21 547 88 88*.
1. Негізгі мәзірден құрылғыны сатып алған елді таңдаңыз.
2. Біз құрылғыңызға қашықтықтан диагностика жасап, сізге қандай әрекеттерді орындау керектігін айтамыз.
3. Назар аударыңыз! Қарым-қатынас сатып алған елдің тілінде жүзеге асырылатын болады.
4. Қолдау көрсету қызметінің жұмыс уақыты сатып алу еліне байланысты
*Қоңырау үшін телефон нөміріңіздің теңгерімінен ақы алынуы мүмкін. Қоңырау шалмас бұрын ұялы байланыс операторымен кеңесіңіз
**Назар аударыңыз! Сіз құрылғыны сатып алған елді таңдауыңыз керек.
*** Сервистік қызмет көрсету IQOS бар елдерде қолжетімді.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру