Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.
Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:
маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.
Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.
Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.
Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.
Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.
Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.
Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
Осы Пайдалану шарттары туралы
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің (бұдан әрі Пайдалану шарттарының мәтінінде
- "біз" немесе "біздің компания")
иелігіндегі және осы компания пайдаланатын немесе оның атынан
пайдаланылатын KZ.IQOS.COM (әрі қарай - "Веб-сайт"), сайтына қош келдіңіз. Біз Қазақстан
Республикасының аумағында 040440000348 БСН-мен тіркелген компания болып
табыламыз. Компанияның шаруашылық қызметінің негізгі орны: Ілияс Жансүгіров
к., 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700
немесе B40A6M8 . Веб-сайтына тіркелген кезде төмендегі Веб-сайтын
пайдалануыңызға қатысты маңызды мәліметтер келтірілген шарттармен (бұдан
әрі - «Пайдалану шарттары») танысып шығып, оларды
қабылдауыңыз керек болады. Веб-сайтты пайдаланбас бұрын осы Пайдалану
шарттарымен толық танысып шығуыңыз қажет, өйткені осы Шарттарды орындауыңыз
міндетті болып табылады. Осы Веб-сайтының белгілі бір бөлімдерін
қолданғанда немесе Веб-сайтындағы Біз ұсынған кез келген ақпаратты өз
мүддеңізде пайдаланған кезде басқа шарттар мен талаптарды немесе авторлық
құқықтар туралы ескертулерді орындау қажет болуы мүмкін екендігін
ескеріңіз. Мұндай жағдайда, біз бұл туралы сізге хабарлаймыз, және де
кейбір жағдайларда, Веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сізге
осындай шарттармен немесе хабарламалардың қағидаларымен танысып шығып,
олармен келісетіндігіңізді растауыңыз керек болады. Сондай-ақ, осы
Шарттарға мезгіл-мезгіл өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін
екендігін есте сақтаңыз. Барлық өзгерістер мен толықтырулар Веб-сайтта
орналастырылатын болады, сондықтан Веб-сайтта енгізілген өзгерістер мен
толықтырулардың бар-жоқтығын қарап отыруыңызды сұраймыз. Біз өзгерістер мен
толықтырулар енгізгеннен кейін Веб-сайтын пайдалануды жалғастыру арқылы
Сіз Пайдалану шарттарының жаңа нұсқасын қабылдағаныңызды
растайсыз.
Веб-сайтты пайдалану
Веб-сайтқа кіру мүмкіндігі берілетін, тіркелген, жасы 21- ге толған шылым
шегетіндер мен темекіні тұтынушыларға бағытталған. Веб-сайтқа қол жеткізу
және пайдалану жасы 21-де және одан үлкен адамдарға ғана рұқсат етіледі.
Осы тармақты бұзатын болсаңыз, Веб-сайтын пайдалануға немесе немесе оған
кіруге әрекет етуге құқыңыз жоқ. Тіркелген кезде және
Веб-сайтқа тіркеулік жазба енгізгенде бізге атыңыз, туылған күніңіз,
тұрғылықты орныңыздың толық мекен-жайы (қала, көше, үй, пошта индексі),
электрондық поштаңыз және телефон нөміріңіз сияқты бірқатар жеке
деректеріңізді беруіңіз қажет болады. Бұл Сіздің Веб-сайтымызға қол
жеткізуіңіз үшін қойылған талаптарға сәйкестігіңізді тексеруіміз үшін
қажет. Бір пайдаланушы веб-сайтта тек қана бір есеп жазбасын тіркеп,
қолдана алады. Бұл мәліметтер
Құпиялылықты сақтау туралы хабарламаларғасәйкес
сақталатын болады.
Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер
Құпия сөзіңіз қатаң құпия ақпарат болып табылады және үшінші тұлғаларға
берілмеуі тиіс. Құпия сөзді құпия сақтау қажет. Пайдаланушы өзінің
тіркелгісінен орындалатын барлық әрекеттер үшін жауапкершілік көтереді.
Олар оның қисынды бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс. Сіз Веб-сайтқа кіру
үшін Құпия сөзді немесе басқа ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқылы
емессіз. Тіркеу жазбаңызды Сізден басқа кез келген тұлғаның пайдалануы
Сіздің тіркеу жазбаңыздың қолданыс әрекетін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға
негіз болады. Әлдекім Сіздің тіркеу жазбаңызды рұқсатсыз пайдаланған
жағдайда немесе тіркеу жазбаңызды немесе Веб-сайтын пайдаланумен байланысты
қауіпсіздіктің басқа түрі бұзылса, бұл туралы бізді дереу хабардар етуіңіз
қажет.
Веб-сайтына қолжетімділікті өзгерту және тоқтата тұру
Біздің өз қалауымызбен Веб-сайттың әрекет ету тәртібіне өзгерістер
енгізуімізге, оны немесе оған, немесе оның қандай да бір бөлігіне
қолжетімділікті тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқымыздың бар екендігін
ескеріңіз. Мысалы, біз осы Пайдалану шарттары бұзылған жағдайда, Сіздің
Веб-сайтқа қолжетімділігіңізді тоқтата тұруға құқылымыз. Сонымен қатар, біз
Веб-сайтқа кез келген уақытта жаңартулар енгізуге және оның мазмұнын
өзгертуге құқылымыз. Веб-сайтта ұсынылған ақпаратты жаңарту бойынша қажетті
шараларды жүзеге асырғандығымызға қарамастан, Веб-сайтымыздың мазмұны кез
келген уақытта ескіріп кетуі мүмкін екендігі есіңізде болсын, және мұндай
ақпаратты жаңартуға біз міндетті емеспіз. Біз қателіктерді түзету немесе
өзге де өзгерістерді енгізу үшін ағымдағы немесе жоспардан тыс техникалық
қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында, бүкіл Веб-сайттың немесе оның кез
келген бөлігінің қалыпты жұмысын тоқтатуға да құқылымыз.
Веб-сайт пен материалдарды пайдалану
Веб-сайт және оның мазмұны (бағдарламалық жасақтаманы, файлдарды,
графиканы, деректерді, суреттерді және басқа да материалдарды шектеусіз
қосқанда) (бұдан әрі - "Материалдар") біздің компанияның
және (немесе) тапсырыс берушілеріміздің меншігі болып табылады. Біздің
жазбаша рұқсатымызды алмай, Веб-сайт Материалдарын немесе оның басқа
бөліктерін пайдалануға, оларға өзгерістер енгізуге, оларды көшіруге,
жаңғыртуға, қайта басып шығаруға, жүктеуге, орналастыруға, тапсыруға,
таратуға, сатуға, лицензиялауға, жалға беруге, ортақ қолжетімділік үшін
орналастыруға немесе орындауға, редакциялауға, бейімдеуге немесе қандай да
бір жолмен олардың негізінде туынды шығармалар шығаруға құқыңыз жоқ.
Сондай-ақ Веб-сайттың және оның Материалдарының Сіздің жеке пайдалануыңыз
үшін ұсынылатындығына байланысты, Веб-сайтты немесе оның Материалдарын
коммерциялық мақсаттарда пайдалануға және оларға қол жеткізуге тыйым
салынады. Біздің тарапымыздан алдын ала жазбаша рұқсат алмай, Веб-сайтты
немесе Материалдарды шаруашылық қызмет мақсаттарында қолдануды, -
Материалдарды таратуды, ортақ пайдалануды, көшіруді, жаңғыртуды,
жариялауды, өзгерістер енгізуді, таратуды, тапсыруды, атқаруды, көрсетуді,
лицензиялауды немесе - кері кодтарын ашуды шектеусіз қосқанда, Веб-сайтты
немесе Материалдарды басқалай пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Сілтемелер
Веб-сайтта үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер болуы мүмкін екендігін
атап өткен жөн. Мұндай сілтемелер Сізге қолайлы болу үшін беріледі және
үшінші тұлғалардың веб-сайттарын алға бастыруды білдірмейді. Ондай сайттар
мен ресурстарды біз тікелей бақыламайтындықтан, біз олардың жұмысқа
қабілеттілігіне, мазмұнына, жарнамасына, өніміне немесе осындай сайттарда
немесе ресурстарда ұсынылған басқа да материалдар үшін жауапты емеспіз. Біз
үшінші тұлғалардың ондай веб-сайттарын қарамаймыз да, сондықтан келесіні
ойыңызда сақтаңыз: - Біз ондай сайттарға қол жеткізу талаптары мен ондай
сайттарда қолданылатын жеке ақпараттың құпиялығын сақтауға қатысты саясатты
қоса алғанда, ондай веб-сайттары үшін жауап бермейміз, сондай-ақ олардың
мазмұнын немесе қолжетімділігін қадағаламаймыз; - Біз ондай веб-сайттарынан
тауарлар, қызметтер немесе ақпарат алуға қатысты қандай да бір тікелей
немесе жанама міндеттемелер жүктемейміз; және де - Сіз осындай сайтқа өткен
жағдайда, толық жауапкершілік пен тәуекелдер көтересіз. Сіздің біздің алдын
ала жазбаша келісімімізсіз, басқа веб-сайттарынан Веб-сайтқа жиектемелер,
сілтемелер және сыртқы сілтемелер жасауға құқыңыз жоқ. Мұндай келісім
бірқатар талаптарды орындаған жағдайда берiлуi мүмкiн. Веб-сайтқа
жиектемелер, сілтемелер немесе сыртқы сілтемелер жасау қажет болса, Қолдау
қызметіне хабарласыңыз.
Құпиялық және cookies файлдары
Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің, сондай-ақ біздің
Құпиялылықты сақтау туралы хабарламаларымыздың
қағидалары Сіз берген немесе Веб-сайт арқылы Сізден алынған (cookies
файлдарын пайдаланумен қоса) Сіздің жеке деректеріңізді жинау, пайдалану,
табыстау және өңдеу қағидаттарын белгілейді. Сіздің Веб-сайтты тиімдірек
пайдалануыңыз үшін Веб-сайтта cookies файлдары пайдаланылады.
Cookie файлдарын пайдалану туралы
біздің хабарламамыз біз пайдаланылатын cookies файлдарының түріне, жұмыс
істеуіне және ажыратылуына түсініктемені қамтиды. Веб-сайтты пайдаланбас
бұрын Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіммен,
Құпиялылықты сақтау туралы хабарламамен
және
Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен
танысып шығуыңыз керек. Сонымен бірге, олардың қағидалары осы Пайдалану
шартының қағидалары сияқты кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.
Жауапкершіліктен босату туралы (жауапкершіліктен бас тарту туралы)
мәлімдеме
Біз қарапайым және түсінікті ақпараттық Веб-сайтын жасау үшін қолдан
келгеннің бәрін жасап жатсақ та, осы Пайдалану шарттарының мәтінінде
басқаны тура көрсетпесек, осы Веб-сайты «өз қалпында» шартымен ұсынылады.
Бұл біздің Сіздің алдыңызда осы Веб-сайтқа қатысты қандай да бір
жауапкершілікті көтермейтінімізді (төмендегі «Жауапкершілікті шектеу»
бөлімінің қағидаларына сәйкес) білдіреді. Осылайша, Веб-сайтын қолданған
кезде, оның Сіздің мақсаттарыңызға сай болуы үшін жауапкершілік өзіңізге
жүктеледі. Осыған байланысты, біз Веб-сайттың Сіздің мақсаттарыңыз бен
міндеттеріңізге сай болуы немесе жарамдылығы үшін жауапкершілік көтермейміз
және келесі қағидаларға қатысты барлық тікелей немесе жанама
міндеттемелерді есепке алмаймыз: -Веб-сайтқа жаңылыссыз және үздіксіз қол
жеткізуді қамтамасыз ету; -Веб-сайтта немесе Веб-сайтқа қолжетімділік
қамтамасыз етілетін серверде вирустардың немесе басқа да зиянды
компоненттердің жоқтығына кепілдік беру; және де -Веб-сайтта келтірілген
немесе Веб-сайттың шегінде табысталатын немесе Веб-сайттың жұмыс істеуіне
байланысты басқалай ұсынылатын мазмұнның дәлдігін, тиісті мазмұнын,
уақыттылылығын, толықтығын, сенімділігін, жоғары сапасын немесе сәйкестігін
қамтамасыз ету. Біз Веб-сайтта немесе оның мазмұнында қателіктер мен
олқылықтардың болмауына кепілдік бере алмаймыз және Веб-сайт мазмұнының
дәлдігіне, толықтығына және өзектілігіне қатысты қандай да бір тікелей
немесе жанама кепілдіктер, жорамалдар, уәделер немесе міндеттемелер
ұсынбаймыз.
Жауапкершілікті шектеу
Біз сіздің алдыңызда компьютерлік вирустың әсері, заңды пайдаланушыларға
қызмет көрсетуден бас тартуға алып келетін әрекеттердің нәтижесінде немесе
сіздің біздің Веб-сайтымызды (Веб-сайттың кез-келген мазмұнына немесе ол
арқылы жүгінуді қоса алғанда) немесе ондағы сілтеме келтірілген
веб-сайттарды пайдалануыңыздың нәтижесінде компьютеріңізге, бағдарламалық
жасақтамаңызға, басқа түрдегі деректеріңізге немесе жеке материалдарыңызға
вирус жұқтыруы мүмкін басқа техникалық зиянды бағдарламалардың ықпалымен
байланысты кез келген түрдегі залалдың немесе зиянның туындағаны үшін
жауапкершілік көтермейміз. Сонымен қатар, сіз Веб-сайттың жұмыс істеуі
интернет пен басқа да жабдықтың (біздің меншікті аппараттық жасақтаманы
немесе веб-браузерді қоса алғанда) дұрыс әрі тиімді жұмысымен және үшінші
тұлғалар көрсететін қызметтермен байланысты екендігін, сондай-ақ біздің
тарапымыздан ондай жабдық пен қызметтерге қатысты міндеттемелер мен
жауапкершіліктің жоқтығын мойындап, келісесіз. Егер сіз біздің
Веб-сайтымыздың тұтынушысы және пайдаланушысы болсаңыз, онда біздің
пайдаланушының өзінің ғана тұтынуы мақсатында Веб-сайтымызға қолжетімділік
беретінімізді ескеруіңіз қажет. Сіздің біздің Веб-сайтымызды коммерциялық
немесе іскерлік мақсаттарда пайдалануыңызға құқыңыз жоқ, және біз сіздің
алдыңызда қандай да бір арнайы, жанама немесе айыппұлдық залалдардың немесе
зиянның туындауы нәтижесінде, немесе деректердің жоғалуына, ұтылған
пайдаға, кірістер алмауға, іскерлік мүмкіндіктердің немесе беделдің
жоғалуына байланысты жауапкершілік көтермейміз. Веб-сайттың жұмыс істеу
кезінде немесе Веб-сайттың Сізге немесе басқа тұлғаларға табысталуын жүзеге
асыратын жүйелердің жұмыс істеуі кезінде Сіздің әрекеттеріңіздің
нәтижесінде техникалық жаңылыстар пайда болған жағдайда, Сіз осындай
жаңылыстар мен соларға байланысты туындайтын заңгерлік қызметтер мен сот
шығындары үшін өкілдердің орынды гонорарын қоса алғанда, жоғалу жағдайлары,
жауапкершілік сомалары, шығыстар, зиян мен залалдар үшін жауапкершілікті
мойындап, оны көтеруге келісесіз.
Хұкімет
Осы Пайдалану шарттары мен Сіздің Веб-сайтты пайдалануыңыз Қазақстан
Республикасының заңнамасында реттеледі.
Осы Пайдалану шарттарына сәйкес біздің басқа да маңызды құқықтарымыз
Біз осы Пайдалану шарттары бойынша өзіміздің құқықтарымыз бен
міндеттерімізді басқа ұйымдарға тапсыруға құқылымыз. Сонымен бірге, мұндай
табыстау Сіздің құқықтарыңызды немесе біздің Пайдалану шарттары бойынша
міндеттелерімізді қозғамайды. Біз осы Пайдалану шарттары бойынша сіздің
міндеттемелеріңізге қатысты талап ету құқығын пайдаланбаған жағдайда,
немесе біз сізге қатысты өзіміздің талап ету құқықтарымызды сот тәртібімен
пайдаланбаған кезде, немесе осындай құқықтарды пайдалану кешіктірілген
жағдайда, бұл біздің тарапымыздан сот арқылы құқықтарымыздың орындалуын
талап ету құқығынан бас тартуды немесе сіздің ондай міндеттемелерді орындау
бойынша міндетіңіздің жоқтығын білдірмейді. Біз осы Пайдалану шарттары
бойынша міндеттемелеріңізді орындамауыңызға немесе бұзуыңызға байланысты
сот арқылы талап ету құқығымызды пайдаланбау туралы шешім қабылдаған
жағдайда, бұл туралы сізге жазбаша ескертеміз. Осы Пайдалану шарттарының
әрбір тармағы жеке қолданылады. Бұл сот немесе басқа билік органы Пайдалану
шарттарының қандай да бір тармағын заңсыз, құқыққа қайшы немесе орындауға
келмейтін деп таныған жағдайда, қалған тармақтардың толық көлемде
қолданылатынын білдіреді. Осы Пайдалану шарттары Сізден және біздің
компаниядан басқа қандай да бір үшінші тұлғаларға құқықтар бермейді.
Біздің байланысушы тұлғаларымыз
Осы Пайдалану шарттарына немесе Веб-сайтқа немесе олармен байланысты қандай
да бір мәселелер туындаған жағдайда, біздің Көмек парақшамыз арқылы бізбен
байланысыңыз немесе келесі мекенжайымыз бойынша бізге хат жолдаңыз:
“Филип Моррис Қазақстан" ЖШС Ілияс Жансүгіров к., 90, Өтеген батыр
ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700
және B40A6M8
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА 2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
"Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-нің (Осы Cookie файлдарын пайдалану туралы
хабарламада бұдан әрі - "біз" немесе "бізді") иелігіндегі және ол
пайдаланатын немесе оның атынан пайдаланылатын WWW.IQOS.COM веб-сайтына (бұдан әрі -
"Веб-сайт") қош келдіңіз.
Осы Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарлама біздің Cookie файлдарын
және ұқсас қадағалау технологияларын келушілер туралы белгілі бір
мәліметтерді автоматты түрде жинауға арналған веб-сайтымызда пайдалану
тәртібінің сипаттамасын қамтиды. Сонымен қатар, онда біз пайдаланатын
cookies файлдарын қалай қабылдауыңызға немесе олардан бас тартуыңызға
болатыны түсіндіріледі.
Сookies файлдары дегеніміз не?
Сookies файлдары - бұл компьютеріңізде орналасқан, сіздің қандай да бір
веб-сайтқа кіруіңіз үшін қажетті шағын мәтіндік файлдар. Веб-сайттарының
иелері сookies файлдарын сайттардың жұмысын қамтамасыз ету немесе жұмыстың
тиімділігін арттыру және есепті ақпарат ұсыну үшін кеңінен пайдаланады.
Веб-сайтының иесі баптаған сookies файлдары "негізгі "cookies"деп аталады.
Веб-сайтының иесі емес, басқа тұлға баптаған сookies файлдары "бөгде
"cookies"деп аталады. "Бөгде "cookies" веб-сайтындағы тәуелсіз опциялардың
(мысалы, талдамалы құралдардың) жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. Ондай
бөгде cookies баптаумен айналысатын тұлғалар айтылған веб-сайтына кіргенде
де, қандай да бір басқа веб-сайттарына кірген кезде де сіздің
компьютеріңізді анықтай алады.
Сookies файлдарын не үшін пайдаланамыз?
Біз оларды веб-сайтымызға кірген адамдар туралы белгілі бір мәліметтерді
жинау үшін пайдаланамыз. Мұнда компьютердің IP-мекенжайы, браузердің түрі
мен экранның ажыратымдылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ белгілі бір
талдамалы ақпаратты (мысалы, қандай беттер қаралғандығын және қанша уақыт
қаралғандығын) немесе қалаулар туралы мәліметтерді (мысалы, тілді таңдау)
жатқызуға болады.
Бұл мәліметтер бізге келушілердің веб-сайтымызды қалай пайдаланатынын және
оны қалайша атқарымдырақ етуге болатындығын түсінуге мүмкіндік береді.
Алайда мәліметтер, келушілер өз еріктерімен келіспесе, олардың тұлғасын біз
анықтай алмайтындай жиналады.
Біздің веб-сайт арқылы алынатын сookies файлдар мен олардың мақсаттары
төмендегі кестеде сипатталған.
Сookies файлдарын қалай басқара аламын?
WWW.IQOS.COM
сайтын пайдалану арқылы сіз негізгі cookies файлдарын пайдаланумен
келісесіз, өйткені сайтпен жұмыс негізгі cookies файлдарын пайдалануды
қажет етеді, оларсыз сайттың кейбір элементтері жұмыс істеуге қабілетсіз.
Егер де сіз негізгі cookies файлдарын қабылдағыңыз келмесе, онда сайтты
пайдалануды тоқтатып, браузеріңіздің баптаулары арқылы компьютеріңізде
жасалған cookies файлдарын жоюыңыз қажет.
Сонымен қатар, «Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын
басқа құралдарды пайдаланасыз ба?» тармағында көрсетілгендей, IQOS.KZ
"Google, Inc." корпорациясы (бұдан әрі - “Google”) ұсынған Google Analytics
сервисін пайдаланады.
«Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын басқа құралдарды
пайдаланасыз ба?» тармағындағы нұсқауларды орындап, сіз Google-дың бөгде
cookies-терін пайдаланудан бас тарта аласыз. Сізге жүйелік әкімшіңіздің
көмегі керек болуы мүмкін.
Егер де сіз бөгде cookies файлдарынан бас тартамын деп шешсеңіз, онда бұл
веб-сайтымыздың кейбір атқарымдық мүмкіндіктеріне теріс әсерін тигізуі
ықтимал екендігін есте сақтаңыз.
Мақсатты жарнамамен айналысасыз ба?
Жоқ. Қазіргі кезде біз мақсатты жарнама үшін веб-сайтымыз арқылы сookies
файлдарын қабылдамаймыз, сондай-ақ мұны қандай да бір үшінші тұлғаларға
жасауға рұқсат етпейміз.
Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын басқа құралдарды
пайдаланасыз ба?
IQOS.KZ "Google, Inc." корпорациясы (бұдан әрі - “Google”) ұсынған Google
Analytics сервисін пайдаланады. Google Analytics сервисі пайдаланушылардың
сайтты қолдануын талдауға көмектесетін cookies файлдарын пайдаланады.
Сookies файлдарының көмегімен алынған веб-сайтты пайдалану туралы
мәліметтер (IP-мекенжайларыңызды қоса алғанда), АҚШ-дағы Google
корпорациясына табысталады. IP-мекенжайының қайда екендігіне қарамастан
(Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер, Еуропалық экономикалық аймақ туралы
келісімнің басқа да тараптары немесе қандай да бір басқа мемлекет), Google
IP-мекенжайының соңғы октетін (IPv4 мекенжайлары үшін) немесе соңғы 80
битін (IPv6 мекенжайлары үшін) (“IP-бүркеу” деп аталатын) иесіздендіреді.
Google мұны оның “anonymizeIP” жүйесін барлық елдер үшін белсенді еткеніміз
себепті жасайды. Ақырында, Google иесіздендірілген ақпаратты АҚШ-тағы
серверлерде сақтайды. Google бұл мәліметтерді сіздің веб-сайтын
пайдалануыңызды бағалау, бізге веб-сайтының жұмысы туралы есептер дайындау
және веб-сайтының жұмысымен және интернетті қолданумен байланысты басқа да
қызметтер көрсету үшін біздің атымыздан пайдаланады. Google сіздің
IP-мекенжайыңызды өзінде бар қандай да бір басқа деректермен
байланыстырмайды.
«Сookies файлдарын қалай басқара аламын?», тармағында көрсетілгендей, сіз
браузердің қосылатын модулін жүктеп және орнатып, Google-дың деректер
(cookies пен IP-мекенжайлары) жинауына және оларды пайдалануына мына жерден
тыйым сала аласыз.
Қосымша мәліметтер алу үшін төмендегі сілтемелерге өтіңіз.
Біздің Google analytics серверін қолдану шарттарымызбен
,
деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша Google
ұсынатын мәліметтермен
,
Google-дың деректердің құпиялылығын сақтау туралы ескерту жасау
шарттарымен
танысып шығыңыз.
Веб-сайтына кіру санын есепке алуға арналған, cookie файлдарын пайдаланумен
байланысты емес технологияларды (Web Beacons, LSOs сынды және т.б.)
пайдаланасыз ба?
Жоқ. Веб-сайтымызға кірушілер туралы мәліметтерді жинау үшін біз жоғарыда
сипатталған cookie файлдарын ғана пайдаланамыз.
Қосымша мәліметтерді қайдан ала аламын?
Сookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамыз бойынша сізде сұрақтар
туындаса немесе ескертпе жасағыңыз келсе,
"Көмек"
бетіміз арқылы бізбен байланысыңыз немесе мына мекенжай бойынша бізге хат
жолдаңыз:
“Филип Моррис Қазақстан" ЖШС
040700 Қазақстан Республикасы
Алматы облысы, Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті, Жансүгіров к-сі, 1.
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Осы ғаламдық хабарлама «Филип Моррис Интернэшнл» үлестес
компанияларының тарапынан жиналатын және өңделетін дербес деректерге
қатысты жалпы ережелерді сипаттайды. Осы хабарламаның қандай да бір
ережесінің Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне немесе
дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі келісімнің ережелеріне
қайшы келген жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері
және дербес деректерді жинау және өңдеу жөніндегі келісімнің ережелері
басым күшке ие болады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді қорғауға жауапты түрде қараймыз. Бұл
хабарламада сізге біздің кім екеніміз, қандай дербес деректерді
жинайтынымыз және оларды қалай өңдейтініміз туралы ақпарат бар. Қосымша
ақпарат алу үшін әр бөлімде «қосымша ақпарат» («қосымша ақпарат»)
жазбасын басыңыз.
Сонымен қатар, сізді қызықтыратын қызметтерге қатысты біздің ақпаратты
пайдалану шарттарымызды оқып шығыңыз. Оларда біздің бизнесті қалай
жүргізетініміз туралы, сондай-ақ біздің ақпаратты пайдалану құқығымызға
қатысты кез келген шектеулер туралы қосымша ақпарат келтірілген.
Біз кімбіз?
Біз «Филип Моррис Интернэшнл» (Philip Morris International) компаниясы
тобының мүшесі болып табыламыз. Біздің деректемелеріңіз (атауы, мекен-жайы
және т.б.) Сіздің дербес деректеріңізді жинау сәтінде (немесе жинау үшін)
қолданба немесе сайттағы хабарламада немесе осы хабарламаға сілтеме бар
электрондық хатта бөлек берілген болатын.
Толығырақ білу…
ФМИ:
«Филип Морис Интернэшнл» жетекші халықаралық темекі өнімін өндіруші болып
табылады. «Филип Морис Интернэшнл» тобы бірқатар компаниялардан немесе
«үлестес тұлғалардан» тұрады.
ФМИ үлестес тұлғалары
: «Филип Моррис Интернэшнл» компаниялар тобының әрбір мүшесі «ФМИ үлестес
тұлғасы» болып табылады. «Біз» (немесе «бізді», немесе «біздің») Сіздің
дербес деректеріңізді бірінші болып жинаған ФМИ үлестес тұлғасын білдіреді.
ФМИ өнімі
: біздің өнімді немесе
басқа ФМИ үлестес тұлғасының өнімін білдіреді.
Сіздің дербес деректеріңізді біз қалай жинаймыз?
Біз Сіздің дербес деректеріңіздіәр түрлі жолдармен жинай
аламыз.
Сіз бізге ақпаратты тікелей бере аласыз (мысалы, сайттағы тіркелу формасын
толтыру немесе бізге қоңырау шалу арқылы).
Біз ақпаратты автоматты түрде жинай аламыз (мысалы, Сіз қолданбаны немесе
ФМИ сайтын пайдаланған кезде).
Біз үшінші тараптардан ақпаратты ала аламыз (мысалы, Facebook немесе
Twitter сияқты әлеуметтік желілердегі жалпыға қолжетімді ақпарат).
Осы хабарламада Сіз оларды пайдалана отырып, бізбен байланыса алатын барлық
әдістерді «ФМИ байланысу нүктелері» («PMItouchpoints»)
деп атаймыз. ФМИ байланыс нүктелері физикалық (мысалы, дүкендер мен
іс-шаралар) және виртуалды (мысалы, қолданбалар мен сайттар) нүктелерді
қамтиды.
Толығырақ білу…
Біз Сіздің тікелей берген ақпаратыңызды жинай аламыз. Әдетте, бұл сіз:
біздің дерекқорларымызға Сіз туралы ақпаратты қосуға келіскен кезде (бұл,
мысалы, қолданба арқылы немесе онлайн режимінде болуы мүмкін);
бөлшек сауда дүкендерінде ФМИ өнімдерін сатып алған кезіңізде;
ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктесін жүктеген немесе пайдаланған кезде
(мысалы, қолданба немесе сайт);
бізбен ФМИ-мен байланысу нүктесі арқылы, электрондық пошта, әлеуметтік
желілер немесе телефон арқылы хабарласқан кезде;
бізде құрылғыны тіркеген кезде;
ФМИ ақпараттық порталына жазылған кезде;
ФМИ баспасөз хабарламарын, ақпараттық немесе маркетингтік хабарламаларын
алуға жазылған кезде;
ФМИ сауалнамаларына немесе ФМИ жарыстарына немесе науқандарына қатысқан
кезде (заңмен рұқсат етілген жерде); немесе
ФМИ үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан кезде орын алады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді автоматты түрде жинай аламыз. Әдетте, бұл
сіз:
ФМИ өнімдері сатылатын дүкенге барған кезде (мысалы, деректеріңізді кассада
немесе мобильді технологияларды пайдаланып, дүкенде орналасқан сенсорлар
арқылы жинау жолымен);
ФМИ үлестес тұлғасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан кезде (мысалы, осындай
іс-шарада сатып алу арқылы немесе мобильді технологияларды пайдаланып,
іс-шарада орналасқан сенсорлар арқылы);
бізбен байланысқан кезде (мысалы, ФМИ-мен байланысу нүктесі немесе
әлеуметтік желілер арқылы);
ФМИ-мен байланысу нүктелерін пайдаланған кезде (мысалы, қолданбада немесе
сайтта қадағалау механизмдері арқылы); немесе
біз жазылған әлеуметтік желілерде шектелмеген тұлғалар шеңберінде
жарияланым орналастырған кезде (мысалы, қоғамдық пікірдің қандай екенін
түсіне алуымыз үшін немесе ФМИ өнімдеріне қатысты сұрауларға жауап беру
үшін).
Сонымен қатар, біз Сіздің дербес деректеріңізді cookie-файлдарын пайдалана
отырып, сондай-ақ ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктелерінде ұқсас қадағалау
технологияларын пайдалану арқылы автоматты түрде жинай аламыз. Нақты
cookie-файлдар мен пайдаланатын технологиялар ФМИ-мен нақты байланысу
нүктесіне байланысты болады. Cookie-файлдар туралы (соның ішінде «Гугл»
(Google) пайдаланатын аналитикалық cookie-файлдары туралы), сондай-ақ
ФМИ-мен байланысу нүктесінде қолданылатын ұқсас технологияларды, соның
ішінде сookie-файлдарды қалай қолдана алатыныңыз туралы немесе олардан бас
тарта алатыныңыз туралы білу үшін, өтінеміз, осындай ФМИ-мен байланысу
нүктесінде немесе ол арқылы сookie-файлдары туралы хабарламамен
танысыңыз...
Заңмен рұқсат етілген жағдайларда Сіздің дербес деректеріңізді үшінші
тұлғалардан ала аламыз. Мұнда ФМИ үлестес тұлғалары бір-бірімен бөлісетін
ақпарат, үшінші тұлғалардың әлеуметтік желілеріндегі (мысалы, Facebook және
Twitter) ашық дереккөздерден профильдік ақпарат (мысалы, сіздің қалауыңыз
бен мүдделеріңіз), сонымен қатар шеткі маркетингтік агенттіктерден алынған
маркетингтік тізімдер кіруі мүмкін.
Сондай-ақ, біз Сізге ақпаратты жинау сәтінде анық болатын басқа да
жағдайларда ақпаратты жинай аламыз.
Біз Сіздің қандай дербес деректеріңізді жинаймыз?
Біз әр түрлі дербес деректерді жинай аламыз:
Сіздің тапсырыстарыңызды орындау үшін қажетті ақпарат
кепілдік қызметтерді ұсыну үшін қажетті ақпарат
Сіз формаларда немесе сауалнамаларда беретін ақпарат
Сіздің біздің дүкендер мен іс-шараларымызға барғаныңыз туралы ақпарат
Сіз колл-орталықтарға қоңырау шалған кезде беретін ақпарат
Сіздің қалауларыңыз бен мүдделеріңіз туралы ақпарат
Сіздің жасыңызды тексеру үшін қажетті ақпарат
Толығырақ білу…
Біз сізден тікелей алатын ақпарат Сіздің оны берген жағдайдан анық
көрінеді. Мысалы:
ФМИ-мен байланысу нүктесі арқылы бізге тапсырыс берген кезде Сіз шот шығару
өз есіміңізді, байланыс ақпаратын, реквизиттерді, сонымен қатар Сіздің
тапсырысыңызды орындай алуымыз үшін өнімдердің қайсысын таңдағаныңызды
хабарлайсыз;
Сізді қызықтыратын өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін өзіңіздің өнімдік
артықшылықтар мен мүдделеріңіз туралы ақпаратты беруіңізге болады;
егер Сіз бізбен (немесе біздің өнімдерімізді немесе қызметтерді қолдайтын
адаммен) кездесуге келіссеңіз, біз Сіздің есіміңізді және байланыс
ақпаратын жинай аламыз;
біз жасыңызды растауға мүмкіндік беретін ақпаратты, мысалы, жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе сіздің бет-бейнеңізді
сәйкестендіру үшін суретіңізді жинауымыз мүмкін.
Біз автоматты түрде жинайтын ақпарат негізінен мыналарға қатысты болады:
Сіздің сапарыңыз немесе қоңырауыңыз туралы ақпарат (мысалы, уақыт пен
ұзақтығы);
дүкенде немесе іс-шара барысында (тікелей жақын жерлерді қоса алғанда):
мұндай орындарға қаншалықты жиі барасыз, қандай жерлерге барасыз және онда
қанша уақыт өткізесіз, сонымен қатар қандай сатып алу жүргізесіз;
Сіздің ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктесін пайдалануыңыз (мысалы, сіз
кірген парақшалар, сіз келіп түскен парақша және Сіз өткен парақша,
енгізілген іздеу шарттары немесе ФМИ-мен байланысу нүктесі ішінде сіз
өтетін сілтемелер); және
құрылғыңыздың пайдалануы (мысалы, Сіздің IP-мекенжайыңыз немесе бірегей
құрылғы сәйкестендіргіші, орналасқан жері туралы деректер, құрылғыңызда
сақталған кез келген cookie-файлдары туралы мәліметтер).
Үшінші тараптардан жинайтын ақпарат, әдетте, жалпыға қолжетімді болатын,
мысалы, әлеуметтік желілерде орналастырылған жазбалардағы профиль
ақпараттары (мысалы, сіздің қалауларыңыз бен мүдделеріңіз) болып табылады.
Сіздің дербес деректеріңізді қандай мақсатта пайдаланамыз?
Бұл бөлімде біз дербес деректеріңізді пайдаланатын мақсаттарды сипаттаймыз.
Дегенмен, бұл жаһандық хабарлама және қандай да бір мемлекеттің заңдары
белгілі бір қызмет түрлерін шектейтін немесе тыйым салатын жағдайларда біз
Сіздің дербес деректеріңізді көрсетілген мемлекетте мұндай мақсаттарда
пайдаланбаймыз.
Жоғарыда айтылғандарды орындаған жағдайда, біз Сіздің дербес деректеріңізді
келесі мақсаттар үшін пайдаланамыз:
Заңнамамен қарастырылған міндеттемелерді орындау үшін, мысалы, Сіздің
жасыңызды, сонымен қатар Сіздің құрамында никотин болатын өнімді
тұтынатыныңызды нақтылау үшін
Сізге өнімдерді сату, соның ішінде Сіздің тапсырыстарыңызды орындау және
төлемдеріңізді өңдеу үшін
Сатылымға байланысты қызметтерді, соның ішінде Сіздің сұрауларыңыз бен
өтінімдеріңізді өңдеумен қоса, сонымен қатар кепілдік қызметтерін ұсыну
үшін
Өнімді нарыққа шығару үшін (заңмен рұқсат етілген жерлерде), соның ішінде
бейілділік бағдарламаларын жүргізу, өнімдерді жетілдіру, нарық
конъюнктурасын зерттеу, маркетингтік стратегияларды әзірлеу, маркетингтік
науқандарды жүргізу және ФМИ өнімдерін сататын дүкендерге және іс-шараларға
бару тәжірибеңізді бейімдеу үшін
ФМИ өнімін сату немесе алға жылжыту бойынша кампанияларға қатысу үшін
ықтимал мүмкіндіктер туралы біз немесе біздің әскерлік серіктестеріміздің
Сізге хабарлауы үшін
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қолдау үшін, соның ішінде есептік
жазбаларыңызды жүргізу үшін, Сізге ФМИ-мен байланысу нүктелерін пайдалану
мүмкіндігін беру үшін, бізбен немесе біздің өнімдерімізді немесе
қызметтерді қолдайтын басқа біреумен кездесулеріңізді басқару үшін (мысалы,
жаңа өнімге қатысты немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты),
алаяқтықтың алдын алу үшін, соның ішінде ФМИ-мен байланысу нүктелеріне бару
тәжірибеңізді бейімдеу үшін, сондай-ақ басқару және мәселелерді шешу
мақсатында
Бизнесті талдау және жетілдіру үшін, соның ішінде ФМИ өнімдерін, дүкендер
мен іс-шараларды, сонымен қатар біз (немесе біздің үлестес тұлғаларымыз)
клиенттерімізге беретін ақпаратты жетілдіру үшін
Біз сізді хабардар ететін немесе Сіз туралы ақпарат алғаш рет жиналған
нүктедегі орын алған жағдайда анық болатын мақсаттар үшін
Біз Сіз туралы ақпаратты төменде көрсетілген құқықтық негіздердің бірі
бойынша пайдаланамыз (біз «Толығырақ білу» бөлімінде егжей-тегжейлі
түсіндіреміз):
бізге қатысты заң бойынша міндеттемелерді сақтау;
біз тарабы болып табылатын келісімшартты орындау;
ақпаратты қорғау бойынша Сіздің мүдделеріңізден жоғары болатын заңды
іскерлік мүдде;
жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы қолданылмаса - сіздің келісіміңіз (біз
ақпаратты өңдеуден бұрын сұрайтын боламыз).
Толығырақ білу…
Жинаудың тиісті әдістерімен және пайдаланудың құқықтық негіздері
көрсетілетін Сіз туралы ақпаратты пайдаланатын мақсаттар келесідей:
Мақсат
Жинау әдісі және Өңдеудің құқықтық негіздері
Заң талаптарын сақтау
• жасыңызды, сондай-ақ құрамында никотин болатын өнімді
тұтынуыңызды нақтылау
Әдетте, Сіз бізге мұндай ақпаратты тікелей бересіз.
Біз оны өнімді тек 21 жасқа толған және одан жоғары сатып
алушыларға сату бойынша заңда белгіленген міндеттемелерді
сақтауға міндетті болғандықтан немесе заңмен мұндай талап
белгіленбеген мемлекеттерде пайдаланамыз, өйткені бізде 21
жасқа толған және одан жоғары сатып алушыларға сатудан
тұратын заңды іскерлік мүдде бар, ол өзіңіз туралы
ақпаратты қорғаумен байланысты Сіздің мүдделеріңізден,
құқықтарыңыздан және бостандықтарыңыздан басым болады.
Біздің өнімдерімізді сату
Сіздің тапсырыстарыңызды орындау (соның ішінде түбіртек
жіберу)
төлемдеріңізді өңдеу
• кепілдік қызметтерін ұсыну
Әдетте, Сіз бізге мұндай ақпаратты тікелей бересіз (әдетте
есім, мекен-жайы, электрондық пошта мекенжайы, төлем туралы
ақпарат).
Біз оны біздің өнімдерімізді сатып алушы ретінде Сіздің
алдыңызда біздің келісім-шарттық міндеттерімізді орындау
үшін пайдаланамыз.
Сатылымға байланысты қызметтерді ұсыну
Сіздің сұрауларыңыз бен өтінімдеріңізді өңдеу
сізбен хабарласу
жалпы басқару және мәселелерді шешу
• бейілділік бағдарламаларын жүргізу
Әдетте, Сіз бізге мұндай ақпаратты тікелей бересіз.
Біз оны біздің клиенттерімізге сатылымға байланысты
қызметтерді ұсынуға заңды іскерлік мүддеміз болғандықтан
пайдаланамыз, бұл сіз туралы ақпаратты қорғаумен байланысты
сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыздан
жоғары болады.
Өнімді сату (заңмен рұқсат етілген жерде)
Сіздің қалауыңызды (мысалы, қандай өнімдер немесе
іс-шаралар сізді қызықтыруы немесе Сіздің
қажеттіліктеріңізге сәйкес болуы мүмкін) түсіну және заңмен
рұқсат етілген жерде сізге тікелей сату
бейілділік бағдарламаларын жүргізу
Сізді сауалнамаларға қатысуға және жүргізуге немесе нарық
конъюнктурасын зерттеуге қатысуға және жүргізуге шақыру
нарық конъюнктурасын зерттеу
маркетингтік стратегияларды әзірлеу
маркетингтік науқандарды жүргізу
• ФМИ-мен байланысу нүктелерімен байланысты Сіздің
тәжірибеңізді бейімдеу (мысалы, сіздің келулеріңізді
дербестендіру үшін, мысалы сәлемдесу және сізді
қызықтыратын ұсыныстар жасау арқылы)
Бұл, әдетте, Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге (мысалы,
Сіздің есіміңіз және байланыс деректеріңіз, сонымен қатар
Сіз туралы әлеуметтік желілердегі ақпарат); біз автоматты
түрде жинайтын ақпарат (мысалы, ФМИ-мен байланысу
нүктелерін пайдалануды қадағалау бойынша технологияларды
пайдалана отырып) және (заңмен рұқсат етілген) біз үшінші
тұлғалардан алатын ақпарат (мысалы, әлеуметтік желілерде
орналастырылған жазбалар).
Біз өз өнімдерімізді нарыққа шығаруды, ФМИ-мен байланысу
нүктелерін басқаруды және өзіңіз туралы ақпаратты қорғаумен
байланысты сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен
бостандықтарыңыздан жоғары болатын Сіздің тәжірибеңізді
бейімдеуді қамтитын іскерлік мүддеміздің болуына негізделіп
пайдаланамыз.
Біздің өнімдерімізді сату (заңмен рұқсат етілген
жерде)
• Сізге ФМИ үлестес тұлғалары туралы ақпаратты беру,
сондай-ақ оларды, олардың науқандарын, өнімдері мен
қызметтерін, дүкендерін, іс-шаралары басқару үшін және
темекі өнімін реттеу үшін; осы мақсаттарға жету үшін
механизмдерді әзірлеу және жетілдіру
Бұл, әдетте, Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге (мысалы,
Сіздің есіміңіз және байланыс деректеріңіз, сонымен қатар
Сіз туралы әлеуметтік желілердегі ақпарат); біз автоматты
түрде жинайтын ақпарат (мысалы, cookie-файлдар мен ұқсас
технологияларды пайдалану арқылы) және (заңмен рұқсат
етілген) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпарат (мысалы,
әлеуметтік желілерде орналастырылған жазбалар).
Біз оны ақпаратты қорғаумен байланысты Сіздің мүдделеріңіз,
құқықтарыңыз бен бостандықтарыңыздан жоғары болатын,
осындай заттарды сатуды қамтитын заңды іскерлік мүддеміздің
болуы негізінде пайдаланамыз.
Заң бойынша талап етілетін кейбір елдерде біз Сізге тек
Сіздің келісіміңізбен ғана электронды материалдарды
жібереміз.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарда қолдау көрсету
тіркелгілерді басқару
Сіздің есептік жазбаларыңызды басқару
Сізге ФМИ-мен байланысу нүктелерін пайдалану мүмкіндігін
беру (мысалы, Сізге тек авторландырылған пайдаланушыларға
ғана берілетін ФМИ-мен байланысу нүктесінің секцияларында
жүйеде қалуға рұқсат ете отырып)
Сіздің тілге қатысты қызығушылықтарыңызды басқару, Сіздің
себетіңізді Сізден соң бекіту
Сізбен хат алмасу
Сіздің бізбен немесе біздің өніміміз немесе қызметтерімізді
қолдайтын біреумен кездесулеріңізді басқару (мысалы, жаңа
өнәмге немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты)
Тәжірибеңізді байыту
·мәселелерді басқару және шешу
Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге (әдетте аты, құпиясөз
(немесе баламасы)) және біз автоматты түрде жинайтын
ақпарат (мысалы, Сіздің құрылғыңыз туралы ақпарат,
cookie-файлдар және ұқсас қадағалау технологиялары).
Біз оны біз қолдайтын ақпаратты пайдалану мақсаттарына
сәйкес келетін негізде пайдаланамыз. Мысалы, сатып алуға
қолдау көрсету немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету үшін
есептік жазбаңызды басқаратын кезде біз өзіміздің
келісім-шарттық міндеттерімізді өз өнімдерімізді сатып
алушы ретінде Сіздің алдыңызда орындау үшін пайдаланамыз;
біз Сізге өнімдерімізді көрсету үшін есептік жазбаңызды
басқаратын кезде біз өнімді сатуды қолдаймыз және ақпаратты
қорғаумен байланысты Сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен
бостандықтарыңыздан жоғары болатын, біздің өнімді сатуды
қамтитын заңды іскерлік мүддеміздің болуы негізінде
пайдаланамыз, және тағы басқалар.
Бизнесті талдау және жетілдіру
Бізге немесе бизнес-серіктестерімізге ФМИ өнімдерін алға
жылжыту үшін ықтимал мүмкіндіктер туралы Сізге хабарлауға
мүмкіндік беру
• бизнесті талдау және жетілдіру мақсатында (соның ішінде
ФМИ өнімдеріне, ФМИ өнімдерін сатумен айналысатын дүкендер,
іс-шаралар, ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктелері және біз
(немесе біздің үлестес тұлғаларымыз) клиенттерімізге
беретін ақпарат
Бұл, әдетте, Сіз бізге беретін ақпаратпен бірге; біз
автоматты түрде жинайтын ақпарат және (заңмен рұқсат
етілген) біз үшінші тұлғалардан алатын ақпарат.
Біз оны біздің коммерциялық қызметтің тиімділігін талдау
және арттыруды, өнімімізді жетілдіруді, ФМИ-мен байланысу
нүктелерін, дүкендер мен іс-шараларды жетілдіруды қамтитын,
сонымен қатар ФМИ өнімін алға жылжытуға қатысу үшін басқа
тұлғаларды шақыруды қамтитын, ақпаратты қорғаумен
байланысты Сіздің мүдделеріңіз, құқықтарыңыз бен
бостандықтарыңыздан жоғары тұратын біздің заңды іскерлік
мүддеміздің бар болуы негізінде пайдаланамыз.
Біз сіз туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілген заңды негіздердің бірімен
байланыстырмаған жерде біз ақпаратты өңдеуден бұрын сіздің келісіміңізді
сұраймыз (бұл жағдайлар жағдайдан анық болады).
Кейбір жағдайларда сіз туралы ақпаратты жоғарыда сипатталмаған тәсілдермен
қолдана аламыз. Мұндай жағдайда, біз мұндай пайдалануды түсіндіретін
қосымша құпиялық туралы хабарлама жібереміз. Осы хабарламамен бірге
кез-келген қосымша хабарламаны оқығаныңыз жөн.
Сіздің дербес деректеріңізді кімге және қандай мақсаттарда береміз?
Сіздің дербес деректеріңізді келесі тұлғалармен бөлісуге құқылымыз:
ФМИ үлестес тұлғалары;
ФМИ үлестес тұлғаларына өнімдер немесе қызметтерді ұсынатын үшінші
тұлғалар;
олардың пікірі бойынша Сіздің қызығушылықтарыңыздан шыға келе Сізді
қызықтыруы мүмкін деп ойлайтын ұсыныстарды Сізге жібере алуы үшін ФМИ
үлестес тұлғаларының мұқият іріктелген іскерлік серіктестері мен
агенттіктері (біздің өнімдерге қатысты немесе олардың стилі мен кескініне
сәйкес келетін жерлерде); және
заңмен талап етілген немесе рұқсат етілген басқа үшінші тараптар.
Толығырақ білу…
Басқа ФМИ үлестес тұлғаларына деректерді беру
Сіз туралы ақпарат ФМИ үлестес тұлғалары үшін дербес деректерді өңдеуді
орталық басқару жүргізілетін «Филип Моррис Интернэшнл Менеджмент СА»
(Philip Morris International Management SA) (штаб-пәтері Лозаннада
орналасқан, Швейцария) компаниясына берілетін болады. «Филип Моррис
Интернэшнл Менеджмент СА» Сіз туралы ақпаратты осы хабарламада сипатталған
барлық мақсаттар үшін өңдейді.
Сіз туралы ақпарат осы хабарламада сипатталған барлық мақсаттар үшін Сіз
өмір сүретін ел үшін жауапты ФМИ үлестес тұлғасына (егер бұл ақпаратты
алғаш жинаған ФМИ үлестес тұлғасы болмаса) берілуі мүмкін.
Сіз туралы ақпарат Сізге көрсетілетін қызметтерімізді оңтайландыру үшін Сіз
байланысатын кез келген басқа ФМИ үлестес тұлғасына (мысалы, егер Сіз
сапарға шыққан болсаңыз және жаңа елде ФМИ өнімдерін қайдан сатып алуға
болатынын білгіңіз келсе немесе ФМИ өнімдеріне қатысты қызмет көрсету
немесе қолдауды алғыңыз келсе) берілуі мүмкін.
ФМИ үлестес тұлғаларының реквизиттерімен және олардың тіркелу елдері туралы
ақпаратпен мұнда танысуға болады.
Деректерді үшінші тараптарға беру
Біз Сіз туралы ақпаратты ФМИ үлестес тұлғаларына немесе Сізге өнімдерді
немесе қызметтерді (мысалы, кеңесшілер, төлем қызметтерін жеткізушілер,
жеткізу қызметтерін жеткізушілер, бөлшек саудагерлер, өнім бойынша
сарапшылар, ақпараттық қызметтерді жеткізушілер және жасты тексеру бойынша
қызметтерді жеткізушілер) ұсынатын үшінші тұлғаларға бере аламыз.
Сіздің қалауыңыз бойынша Сізді қызықтыруы мүмкін деп ойлайтын өнім,
қызметтер немесе науқандарға қатысты Сізге ұсыныстарды жібере алу үшін біз
Сіз туралы ақпаратты ФМИ үлестес тұлғаларының мұқият іріктелген іскери
серіктестері мен агенттіктеріне (біздің өнімдерімізге ұқсата алатын
заттарға сәйкес, себебі олар, мысалы, ұқсас немесе толықтырушы бейнеге,
стильге немесе құрылымдылыққа ие) бере аламыз.
Заңнамада талап етілген немесе рұқсат етілген жағдайда Сіз туралы
ақпаратпен басқа үшінші тұлғалармен бөлісуіміз мүмкін, мысалы: реттеуші
органдар; мемлекеттік департаменттер; құқық қорғау органдарының немесе
басқа да мемлекеттік органдардың өтінмдеріне жауап ретінде; біз ақпаратты
ашу қажет деп шешкен кезде немесе физикалық залал немесе қаржылық
шығындарды болдырмау үшін тиісті деп санаған кезде немесе күдікті немесе іс
жүзіндегі заңсыз әрекеттерге қатысты тергеуге байланысты; сондай-ақ
компанияны қайта құрылымдау шеңберінде.
Сіз туралы ақпарат қайда жіберілуі мүмкін?
Кез-келген ұлтаралық компания сияқты, ФМИ үлестес тұлғалары бүкіл әлем
бойынша ақпаратты таратады. Тиісінше, Сіз туралы ақпарат әлем бойынша
берілуі мүмкін (егер Сіз туралы ақпарат Еуропалық экономикалық кеңістік
шеңберінде жиналған болса, онда бұл оның одан тыс берілуі мүмкін екендігін
білдіреді).
Толығырақ білу…
Егер сіз туралы ақпарат осы хабарламада сипатталғандай пайдаланылса, ол
жиналған елдің немесе аумақтың ішінде де, одан тысқары да, соның ішінде
деректерді қорғаудың тиісті стандарттары жоқ елге немесе аумаққа да берілуі
мүмкін.
Мысалы, Еуропалық экономикалық аймақта («ЕЭА») орналасқан ФМИ үлестес
тұлғалары жеке ақпаратты ЕЭА-дан тыс орналасқан ФМИ үлестес тұлғаларына
жіберуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын ақпаратты жіберу келесіге сәйкес
болады:
тиісті қауіпсіздік шаралары ескерілген жағдайда, мысалы, ЕО үлгілік
келісімдерін ескере отырып, немесе
сіз бен біздің арамыздағы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігін
ескере отырып (немесе сіздің өтінішіңіз бойынша қабылданған шартқа дейінгі
шараларды орындау) немесе біз бен үшінші тарап арасында сіздің атыңыздан
жасалған шартты жасау және орындау кезінде, мысалы саяхатты ұйымдастыруға
қатысты.
Барлық жағдайларда дербес деректерді қорғауға арналған тиісті қауіпсіздік
шаралары дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес сол
елдер мен аумақтарда қолданылады.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді қалай қорғаймыз?
Біз дербес деректерді рұқсатсыз ашудан, пайдаланудан, өзгертуден немесе
жоюдан қорғау үшін тиісті техникалық және ұйымдастыру шараларын жүзеге
асырамыз. Қажет болған жағдайда біз сіз берген ақпаратты қорғауға
көмектесетін шифрлауды және басқа технологияларды қолданамыз.Біз сондай-ақ
қызмет көрсетуді жеткізушілерден құпиялық пен деректерді қорғаудың қатаң
саясаттарын сақтауды талап етеміз.
Сіз туралы ақпарат қанша уақыт сақталады?
Біз сіздің дербес деректеріңізді ақпарат жиналған мақсаттарға жету үшін
қажет болғанша сақтаймыз. Осыдан кейін біз оны жоямыз. Уақыт шеңбері
ақпаратты жинау мақсатына байланысты өзгереді. Кейбір жағдайларда бізден
ақпаратты жоюды сұрауға құқығыңыз бар екенін ескеріңіз. Бұған қоса, біз заң
бойынша кейбір жағдайларда, мысалы, салық және бухгалтерлік есеп мақсаттары
үшін ақпаратты сақтауға міндеттіміз.
Толығырақ білу…
Әдетте, төмендегі кестеде сипатталған критерийлерге сәйкес деректерді
сақтаймыз:
Түрі
Түсіндіру / ақпаратты сақтаудың қарапайым критерийлері
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар) (егер
сіз виртуалды ФМИ байланысу нүктелерін пайдалансаңыз және
Сізбен байланысуға болатын болса)
Маркетинг профиліңіздегі ақпараттың көп бөлігі Сізбен
маркетингтік қарым-қатынасымыз жалғасқанша сақталады;
мысалы, сіз виртуалды ФМИ байланысу нүктелерін пайдалануды
жалғастырсаңыз немесе біздің хабарламаларымызға жауап
берсеңіз. Дегенмен, маркетинг профиліңіздің кейбір
элементтері, мысалы, Сізбен қарым-қатынасымыздың жазбалары
уақыт өте келе ескіреді, сондықтан біз оларды жинау
мақсаттары үшін қажет болған жағдайда белгілі бір уақыт
кезеңдерінен (әдетте үш жыл) кейін автоматты түрде жоямыз.
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар) (егер
Сіз бізбен байланыспайтын болсаңыз)
Жағдай жоғарыда сипатталғандай, бірақ біз Сізбен ұзақ уақыт
бойы (әдетте 2 жыл) байланыста болмасақ, біз Сізге
маркетингтік хабарламаларды жіберуді тоқтатамыз және оларға
жауаптар тарихын жоямыз. Бұл, мысалы, осы уақыт ішінде
іс-шараға қатысуға шақыру бар сілтемені ешқашан баспаған
болсаңыз, ФМИ-мен виртуалды байланысу нүктесінде
тіркелмеген болсаңыз, тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласпаған болсаңыз орын алады. Біз ақпаратты
жоямыз, өйткені мұндай жағдайларда Сіз бұдан былай
хабарламаларды алғыңыз келмейді деп есептейміз.
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар) (егер
сіз виртуалды ФМИ байланысу нүктелерін пайдалансаңыз және
Сізбен байланысу мүмкін болмайтын болса)
Егер сіз маркетингтік хабарламаларды алу үшін тіркелген
болсаңыз, бірақ бізге берген ақпаратыңыз жұмыс істемесе,
біз Сіздің деректеріңізді әдетте 6 ай бойы сақтаймыз,
осылайша Сізде кері оралып, оны түзетуге мүмкіндігіңіз
болады.
. Сізге сату (соның ішінде маркетингтік хабарламалар)
(аяқталмаған тіркеу)
Егер Сіз дерекқорда тіркелу процесін бастаған болсаңыз,
бірақ оны аяқтамаған болсаңыз (мысалы, жасыңызды растау
процесін аяқтамаған болсаңыз немесе ФМИ байланысу нүктесін
пайдалану шарттарын қабылдамаған болсаңыз), артқа оралып,
процесті аяқтау мүмкіндігіне ие болу үшін біз Сіздің
деректеріңізді тек 6 ай бойы сақтаймыз.
. нарық конъюнктурасын зерттеу
Егер сіз бізде басқа мақсаттар үшін тіркелмеген болсаңыз
(мысалы, маркетингтік хабарламаларды алу, кепілдік беру,
тұтынушыларға қызмет көрсету) және біз Сіз туралы ақпаратты
нарық жағдайлары мен Сіздің қалауларыңызды түсіну үшін
жалпыға қолжетімді дереккөздерден пайдалансақ, маркетингтік
зерттеудің белгілі бір аспектісін аяқтау үшін біз
деректеріңізді қысқа мерзімге сақтаймыз.
. сатып алу және кепілдік
Егер Сіз тауарларды сатып алсаңыз, біз мұндай сатып алулар
туралы деректерді сатуды аяқтау үшін, сондай-ақ заңға
сәйкес кез келген міндеттемелерді орындау үшін (мысалы,
салық және бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін) сақтаймыз.
Құрылғының кепілдік қызмет көрсетуіне де тіркелген
болсаңыз, біз мұндай тіркеу деректерін кепілдікте
көрсетілген мерзім ішінде сақтаймыз.
. тұтынушыларға қызмет көрсету
Егер Сіз тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына
хабарлассаңыз, біз мәселені (сұрауыңызды және біздің
жауабымызды қоса) жазып аламыз және оны қарым-қатынасымызға
қатысты болғанша сақтаймыз, мысалы, құрылғыға кепілдік
бойынша ауыстыру қажет болса немесе Сіздің соңғы сұраулар
өзекті болып табылатын болса. Уақытша жазбалар (мысалы, сіз
дүкенге жіберуді сұраған телефон әңгімесінің
автоматтандырылған жазбасы) көбірек тұрақты жазбалар
жасалғанша маңызды болуы мүмкін және тек уақытша сақталады.
. жүйелік аудит журналдары
Жүйелік аудит журналдары әдетте бірнеше ай ғана сақталады.
. бизнес-аналитика
Бизнес талдаулар деректері, әдетте, ФМИ байланысу
нүктелерін пайдаланғанда кезіңізде жиналады және осыдан
кейін дара биліктен айырылады/біріктіріледі.
Cіздің қандай құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз бар?
Біздегі Сіз туралы ақпаратқа қатысты келесі құқықтардың кейбірі немесе
барлығы Сізге тиесілі болуы мүмкін:
бізден оған рұқсат беруді сұрау;
оны түзетуді, жаңартуды немесе жоюды сұрау;
белгілі бір жағдайларда оны қолдануды шектеуді сұрау;
белгілі бір жағдайларда оны пайдалануымызға қарсы болу;
оны пайдалануға келісіміңізді қайтарып алу;
белгілі бір жағдайларда деректерді ауыстыруды талап ету;
оны тікелей маркетинг үшін пайдалануымыздан бас тарту; және
Сіздің еліңіздегі қадағалау органына шағым беру (егер бар болса).
Біз сізге құқықтарыңызды пайдаланудың жеңіл тәсілдерін ұсынамыз, мысалы
«жазылымнан бас тарту» («unsubscribe») сілтемелері немесе Сіз алатын
хабарламаларда байланыс мекенжайын беру.
Біз ұсынатын кейбір мобильді қолданбалар сізге жаңа хабарламаларды (push
messages) жібере алады, мысалы, жаңа өнімдер немесе қызметтер туралы. Бұл
хабарламаларды телефондағы немесе қолданбадағы баптауларда өшіруіңізге
болады.
Толығырақ білу…
Сіздің құқықтарыңыз сіздің еліңіздің заңдарына байланысты. Егер сіз
Еуропалық экономикалық аймақта болсаңыз, төмендегі кестеде көрсетілген
құқықтарға ие боласыз. Егер сіз басқа мемлекетте болсаңыз, қосымша
ақпаратты алу үшін бізбен байланысуыңызға болады (осы хабарламаның
соңындаңы «Сұрақтармен кімге хабарласуға болады?» тармағын қараңыз).
Біздегі сіз туралы ақпаратқа қатысты құқық
Қосымша ақпарат (ескерту: барлық осы құқықтарға қатысты
кейбір заңды шектер бар)
· бізден оған қолжетімділікке рұқсат беруді сұрау;
ақпаратты сізден жинаған болмасақ, ақпарат көзі туралы
(егер болса);
Сіз үшін заңды салдары бар немесе сізге ұқсас түрде
айтарлықтай әсер ететін профильді қоса алғанда, шешім
қабылдаудың автоматтандырылған процестерін пайдалану туралы
(егер біз сізге айтқанымыздай), сондай-ақ қолданылатын
логика туралы ақпарат және сіз үшін ақпаратты осындай
өңдеудің маңыздылығы мен болжамды салдары; және
ақпаратты сақтау мерзімін анықтау критерийлері туралы.
Сіздің сұрауыңыз бойынша біз сіз туралы пайдаланатын
ақпараттың көшірмесін береміз (егер бұл басқалардың
құқықтары мен бостандықтарына әсер етпесе).
түзетуді немесе жаңартуды сұрау
Біздегі дәл емес немесе толық емес ақпаратқа қатысты.
оны жоюды сұрау
Бұл құқық қолданылады, егер:
біздегі ақпарат бұдан былай біз оны пайдаланған мақсаттар
үшін талап етілмейді;
біз ақпаратты Сіздің келісіміңіз негізінде пайдаланамыз
және Сіз оны қайтарып ала аласыз (бұл жағдайда Сіз өзіңіз
туралы барлық ақпаратты жойғыңыз келетінін көрсетпесеңіз,
біз Сізбен бұдан былай хабарласпауымыз керек екенін есте
сақтаймыз, бұл жағдайда біз Сіздің тілектеріңізді назарға
аламыз);
біз ақпаратты заңды іскерлік мүддеміздің негізінде
пайдаланамыз және сіздің қарсылығыңыздан кейін оны
пайдалануды жалғастыруға ешқандай басым мүдделілігіміз жоқ
екенін анықтадық;
ақпарат заңсыз алынған немесе қолданылған болса; немесе
· заңды міндеттерге сәйкес болу үшін
оны пайдалануды шектеуді сұрау
Бұл құқық Сіздің ісіңізді қарағанша уақытша қолданылады,
егер сіз:
біз пайдаланатын ақпараттың дұрыстығына наразылық
білдірсеңіз; немесе
ақпаратты заңды негізде пайдалануымызға қарсы болсаңыз
(егер Сіз осы жағдайларда құқығыңызды пайдаланатын
болсаңыз, біз Сіз туралы ақпаратты қайта пайдаланбас бұрын
Сізге хабарлаймыз).
Бұл құқық қолданылады, егер:
біз оны заңсыз пайдаланамыз және Сіз деректерді жоюға қарсы
болсаңыз; немесе
• біз деректерге мұқтаж емеспіз, бірақ Сіз оны заңды
маңызды әрекеттерді орындау үшін сақтауға қажет.
· оны біздің пайдалануымызға қарсы болу
Мұнда сізде екі құқық бар:
біз Сіз туралы ақпаратты тікелей маркетинг үшін
пайдаланатын болсақ: сіз «бас тарта» аласыз (оны ақтау
қажет емес) және біз Сіздің талабыңызды орындаймыз; және
(ii) біз сіз туралы ақпаратты маркетингтен тыс заңды әскерлік мүддеміз болғандықтан пайдалансақ, Сіз өзіңіздің нақты жағдайыңыздың контекстінде түсіндіру арқылы оны осы мақсаттарда пайдалануымызға қарсылық білдіре аласыз, және біз Сіздің қарсылығыңызды қарастырамыз.
оны пайдалану туралы келісіміңізді қайтарып алу
Сіз туралы ақпаратты пайдалануымыздың заңды негізі келісім
болған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайлар жағдайдан анық
байқалады.
деректерді ауыстыру үшін
Егер:
сіз бізге деректер ұсынсаңыз; және
біз бұл деректерді автоматтандырылған құралдар арқылы және
Сіздің келісіміңіз негізінде немесе Сіздің алдыңыздағы
келісімшарттық міндеттемелерімізді орындау негізінде
пайдаланатын болсақ, онда Сіздің бізден деректерді жиі
қолданылатын пішімде қайтарып алуға құқығыңыз бар,
сондай-ақ, егер бұл біз үшін техникалық мүмкін болса,
деректерді басқа біреуге беруді талап етуге құқығыңыз бар.
· мемлекетіңіздегі қадағалаушы органға шағым беру
Әрбір Еуропалық экономикалық аймақ елі осы мақсат үшін бір
немесе бірнеше мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуі тиіс.
Олардың байланыс мәліметтерін мына жерден таба аласыз:
Сіздің орналасқан мемлекетіңізге байланысты Сізде белгілі бір қосымша
құқықтар болуы мүмкін.
Егер сіз Францияда болсаңыз, толығырақ білу ...
Егер сіз Францияда болсаңыз, сіз қайтыс болған жағдайда сіз туралы бізде сақталатын ақпарат (атап айтқанда, біз оны сақтауымыз немесе жоюымыз керек пе және басқалардың оны көруге құқығы бар ма) туралы нұсқаулар беруге құқығыңыз бар. Сіздің құқықтарыңыз:
Француздық деректерді қорғауды қадағалау органымен тіркелген («CNIL» деп
аталатын) цифрлық қызмет жеткізушісіне жалпы нұсқаулар беру (бұл нұсқаулар
сіз туралы барлық ақпаратты пайдалануға қолданылады); немесе
бізге тек сіз туралы ақпаратты пайдалануда қолданылатын нақты нұсқауларды
беру.
Нұсқауларыңыз бізден Сіз туралы ақпаратты үшінші тарапқа беруді талап етуі мүмкін (бірақ ақпарат басқа тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын болса, олардың құпиялық құқықтарын құрметтеу міндеттемеміз нұсқауларды бұлжытпай орындай алмайтынымызды білдіреді). Нұсқауларыңызды орындауға жауапты үшінші тарапты тағайындай аласыз. Егер Сіз үшінші тарапты тағайындамасаңыз, Сіздің мұрагерлеріңіз (нұсқаулықтарыңызда басқаша көрсетпесеңіз) Сіз қайтыс болғаннан кейін Сіз туралы ақпаратқа қатысты құқықтарыңызды пайдалануға құқылы болады:
Сіздің жылжымайтын мүлкіңізді басқару үшін (бұл жағдайда Сіздің мұрагерлеріңіз Сіздің мұрагерлеріңізге берілетін отбасылық естеліктер ретінде қарастырылуы мүмкін кез келген цифрлық тауарларды немесе деректерді қоса алғанда, жылжымайтын мүлікті басқаруға пайдалы болуы мүмкін ақпаратты анықтау және алу үшін сіз туралы ақпаратқа қол жеткізе алады); және
тараптардың Сіздің қайтыс болуыңызға байланысты Сіз туралы ақпаратты пайдалануын қамтамасыз ету үшін (мысалы, Сіздің есептік жазбаңызды жабу және оны пайдалануды шектеу, сондай-ақ сіз туралы ақпаратты жаңарту).
Кез келген уақытта нұсқауларыңызды өзгерте аласыз немесе алып тастай
аласыз. Сіз қайтыс болған жағдайда Сіз туралы ақпаратты өңдеу туралы
қосымша ақпарат алу үшін 1978 жылғы 6 қаңтардағы 78-17 Заңының 40-1-бабын
қараңыз. Егер Сіз қайтыс болсаңыз, әдепкі бойынша Сіз өзіңіздің есептік
жазбаңызды пайдалануды тоқтатасыз және Сіз туралы ақпаратты біздің сақтау
саясатымызға сәйкес біз жоямыз (толығырақ ақпарат алу үшін «Мәліметтер
қанша уақыт сақталады» бөлімін қараңыз).
Сұрақтармен кімге хабарласуға болады?
Егер Сізде қандай да бір сұрақ туындаса немесе Сіздің құқықтарыңыздың кез
келгенін қолданғыңыз келсе, тиісті ФМИ үлестес тұлғасына хабарласа аласыз.
Егер Сіздің еліңізде деректерді қорғау органы болса, Сіз кез-келген
сұрақтар немесе мәселелермен осындай органмен байланысуға құқығыңыз бар.
Егер тиісті ФМИ үлестес тұлғасы Сіздің сұрақтарыңызды немесе
мәселелеріңізді шеше алмаса, онда Сіз сондай-ақ кез келген мемлекеттік
сотқа соттық қорғау үшін жүгіне аласыз.
Осы хабарламаға өзгерістер
Біз осы хабарламаға (және құпиялықты сақтау туралы кез келген қосымша
хабарламаға) уақыт өте келе өзгерістерді енгізуге құқылымыз. Егер мұндай
хабарлама заң бойынша міндетті болатын болса, біз Сізді өзгерістер туралы
хабардар етеміз.
Соңғы өзгерістер 2020 жылдың 19-шілдесінде енгізілген.
Маңызды ақпарат
Түтінсіз өнімдерге көшуде ФМИ компаниясының ұсынатын стандарттары
ФМИ компаниясы сапалы, ғылыми білімдер негізінде әзірленген түтінсіз өнімдердің кең таңдауын ұсынады, оларды қолдану жай сигарет шегуге қарағанда жақсырақ таңдау болып табылады. Біз түтінсіз өнімдеріміздің күндердің бір күнінде сигареттерді алмастыратынына сенеміз.
Сигарет шегу маңызды ауруларды тудырады және тәуелділікті тудырады. Кез келген темекі шегуші қабылдай алатын жақсы шешім, — бұл темекіден және никотиннен толығымен бас тарту екені сөзсіз.
Балалар мен жасөспірімдер темекіні немесе никотинді ешбір түрінде тұтынбауы тиіс.
ФМИ компаниясының түтінсіз өнімдері тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.
Біз темекі немесе құрамында никотин бар өнімдерін ешқашан тұтынбаған немесе темекі шегуден және құрамында никотин бар өнімдерін тұтынудан бас тартқан адамдарға ФМИ компаниясының түтінсіз өнімдерін ұсынбаймыз. Біздің түтінсіз өнімдеріміз темекі шегуден бас тартуға көмектесетін құрал да емес, темекі шегуді тоқтатуға балама да емес.
ФМИ компаниясының түтінсіз өнімдері зиянсыз емес және құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар. Алайда, түтінсіз өнімдерге көшу — темекі шегуді жалғастырғанға қарағанда анағұрлым жақсырақ таңдау.
Біз түтінсіз өнімдерді ересек пайдаланушыларымызға олардың біздің өнімдерімізге толық көшу жолында кеңес және ұсыныс беру арқылы қолдау көрсетеміз.
Тұтынушылар түтінсіз өнімдердің артықшылығын сезінуі үшін оларға толығымен көшуі және темекі шегуден мүлде бас тартуы тиіс.
8. Біз тұтынушыларға біздің түтінсіз өнімдеріміздің қауіпсіздігі туралы барлық қажетті ақпаратты береміз.
Сақтық шаралары және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар
Темекі және никотин
IQOS™ және lil™ жүйелерімен қолданылатын темекі таяқшаларында тәуелділік тудыратын никотин бар.
IQOS және lil толық қауіпсіз болып табылмайды. Темекі мен никотинге байланысты денсаулыққа қауіптерді төмендетудің ең жақсы тәсілі — темекі мен никотинді тұтынудан толығымен бас тарту.
Никотині бар өнімдердің кейбір тұтынушылары іштің ауыруы, кеудедегі ауырсыну, тұншығу сезімі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, бас айналуы, ауыз құрғақтығы, тамақ құрғақтығы, қызыл иектің қабынуы, бас ауруы, әлсіздік, мұрынның бітелуі, жүрек айну, ауыздың тітіркенуі, қатты жүрек соғысы, тамақтың тітіркенуі және құсу туралы хабарлады.
Жүрек аурулары зардабын шегетін немесе қаупі бар адамдар, диабетиктер, эпилептиктер немесе құрысуды бастан кешіретін адамдар никотині бар өнімдерді тұтынбауы тиіс.
Оларды жүктілік немесе бала емізу кезінде де қолдануға болмайды. Егер сіз жүкті болсаңыз, бала емізсеңіз немесе жүктімін деп ойласаңыз, сізге темекіден және никотиннен толығымен бас тартқан жөн.
Темекі шегуден бас тарту немесе IQOS, lil және олармен бірге берілетін темекі таяқшаларға немесе құрамында никотині бар басқа өнімдерге көшу белгілі бір дәрілерді (мысалы, теофиллин, клозапин, ропинирол) дозалауын түзетуді талап етуі мүмкін.
Егер сізде денсаулығыңыздың жай-күйі IQOS және lil-ді пайдалануға мүмкіндік беретіні-бермейтіні туралы сұрақтар болса, дәрігермен кеңесіңіз.
Темекі құрамдас таяқшаларды пайдалану
Келесілерді ғана пайдалануға болады:
IQOS ILUMA PRIME \ IQOS ILUMA™ немесе бұрынғы буынның құрылғылары TEREA™ темекі таяқшаларымен,
IQOS ORIGINALS DUO \ 3 DUO™ немесе бұрынғы буынның құрылғылары HEETS™ темекі таяқшаларымен,
lil SOLID™, Fiit™ темекі таяқшаларымен,
IQOS немесе lil құрылғыларын сигареттермен немесе оларға ұқсас өнімдермен бірге пайдалануға болмайды. Мұндай әрекеттер жарақатқа әкелуі мүмкін.
TEREA, HEETS, Fiit темекі таяқшаларын қандай да бір түрде түрлендіруге немесе TEREA, HEETS, Fiit таяқшаларына қандай да бір заттарды қоспаңыз. Бұл сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.
Өнімді қолданар алдында тұтынушылар өнімді қауіпсіз пайдалану туралы маңызды ақпаратты қамтитын сақтық шаралары және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарының толық нұсқасын оқып шығуы тиіс.
IQOS және lil SOLID құрылғыларында, тұтқыштарын қоса, литий-ионды аккумулятор бар. Құрылғыларда пайдаланылатын литий-ионды аккумулятор — шығындалатын құрамдасы, оның сапалық сипаттамалары пайдалану үдерісінде уақыт өте келе төмендейді. Бұл барлық литий-ионды аккумуляторларға тән табиғи үдеріс. Аккумулятор ескірген сайын ішіндегі белсенді құрамбөліктері зарядты ұстау қабілетін жоғалтады, бұл аккумулятордың жоғары сыйымдылығының және пайдалы энергияның тұрақты төмендеуіне апарады. Сонымен қатар, белсенді құрамбөліктері энергияны беруде тиімсіз бола бастайды, бұл аккумулятордың электронды құрылғы құрамдастарының жұмысы үшін жеткілікті қуатты қамтамасыз ету қабілетінің төмендеуіне апарады. Нәтижесінде, кейбір жағдайларда пайдалану ұзақтығы қысқаруы, ал құрылғыны бір толық зарядпен ішке тартудың немесе пайдалану циклдарының саны азаюы мүмкін. Оның үстіне, бірінен кейін бірден екінші пайдалану қысқарақ немесе мүлде болмауы мүмкін.
Аккумулятор — химиялық жүйе, ол үшін қызмет ету мерзімі бойы неғұрлым тиімдірек жұмыс істеуі және сыйымдылығының төмендеуі мен сапалық сипаттамаларының нашарлау мұмкіндіктерін мейлінше азайту мақсатында зарядтау және заряды таусылу кезінде белгілі бір температуралық аралықтарды сақтау қажет. Құрылғыңыздың қызмет ететін белгілі бір жұмыс аралығы болғанына қарамастан, құрылғыны осы аралықтың шегінде пайдалану аккумулятор зарядының тез таусылуына және сапалық сипаттамаларының нашарлауына апаруы мүмкін. Құрылғының қызмет мерзімін мейлінше ұзарту үшін құрылғыңыз пайдаланушының талаптарын ескерумен әзірленген зарядтау параметрлерін басқаруға арналған бағдарламалық қамсыздандырумен қамтамасыз етілген. Мұндай алгоритмдер аккумулятордың қызмет мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ олар ешқашан литий-ионды аккумуляторлардың табиғи ескіру механизмдерін тоқтата немесе бәсеңдете алмайды. Құрылғының жоғары және төмен температураларда жұмыс істеуі аккумулятордың сапалық сипаттамаларының табиғи нашарлауын үдетеді және зарядының тез таусылуына апарады. Құрылғыңызды пайдаланбайтын болсаңыз да, аккумуляторларда уақыт өте келе сапалық сипаттамалары нашарлауы мүмкін химиялық жүйелер бар. Аккумулятордың зарядының тез таусылуы мен сапалық сипаттамаларының нашарлау үдерісін бәсеңдету мақсатында біз құрылғыны ұсынылатын температуралық аралықта зарядтауға, ұзақ уақыт бойы заряды таусылған күйде қалдырмауға және құрылғымен бірге жеткізілетін зарядтау кабельдері мен қуат беру адаптерлерін пайдаланушының нұсқаулықтарына сәйкес пайдалануға кеңес береміз.
ЖҚС бөліміндегі маңызды ақпарат туралы осы жерде оқыңыз.
ЖАРИЯ ОФЕРТА
(барлық елеулі талапты қамтитын бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасасу туралы ұсыныс)
2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жарамды.
«Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Тауарларды сатып алуға мүдделі кез келген жеке тұлғаға төмендегі жария шартты жасасуды ұсынады:
Wolt қолданбасы арқылы Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату
ЖАРИЯ ШАРТЫ
Кіріспе
Осы бөлшектеп сатып алу-сату жария шарты (бұдан әрі «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайы бойынша тіркелген, пошта индексі: B40A6M8 немесе 040700 заңды тұлға, бір тараптан, және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Wolt платформасы арқылы Тауарларды (олардың анықтамасы төменде берілген) сатып алуға мүдделі, Шартты жасасу туралы ұсынысты (жария офертаны) акцептеген кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға, екінші тараптан, Сатушының өзгеріссіз талаптарымен Жеке кабинет арқылы Wolt технологиялық платформасы (бұдан әрі «Платформа» ) арқылы Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату мәселелері бойынша жалпы және негізгі өзара әрекеттесу талаптарын регламенттейді.
1. Анықтамалар
Тауар – IQOS/IQOS ILUMA/lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, атап айтқанда, HEETS/FIIT/TEREA қыздырылатын темекі таяқшалары, сондай-ақ Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушыда бар, Сатушының каталогіне сәйкес Сатушы сату үшін Тұтынушыға белгілі бір бағамен ұсынған кез келген басқа тауарлар. Сатушы сату үшін ұсынатын Тауарлардың тізімі мен олардың құнын ол біржақты тәртіппен айқындайды және олар Сатушының каталогінде көрсетіледі.
Каталог – бірге Платформаны құрайтын Wolt интернет-ресурсында (бұдан әрі Интернет-ресурс) немесе Қолданбада орналастырылған, Тауарлардың ассортименті мен тиісті бағалары көрсетілген, Сатушы сату үшін Тұтынушыға ұсынатын Тауарлар тізімі.
Тапсырыс – Платформада таңдалған Тауарларды сатып алу және Тұтынушы көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу жөніндегі Тұтынушының тиісті түрде рәсімделген сауалы.
Қолдау қызметі – Тапсырысты қабылдауға және өңдеуге, сондай-ақ Тауарды жеткізуді және сатуды ұйымдастыруға жауапты Сатушының байланыс орталығы, телефон нөмірі: 2121.
Тараптар – бірге атаған кезде, Сатушы мен Тұтынушы.
Кепілдік жарна – Тұтынушы Тауарға тиісті Тапсырысты рәсімдегеннен кейін Тараптар қол жеткізген Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім негізінде болашақта олардың арасында Сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін Тұтынушы Сатушыға беретін ақшалай сома.
Қолданба - Интернет желісіндегі Wolt веб-тораптарында Сатушының контентін өңдеуге, жариялауға (орналастыруға) және белгілі бір (Қолданбада тіркелген) адамдар тобына Сатушының контентімен танысуға мүмкіндік беретін онлайн-сервис түріндегі компьютерлік бағдарлама.
Контент - Қолданбада өңдеу үшін Сатушы ұсынған анықтамалық сипаттағы ақпарат.
Жеке басты куәландыратын құжат - тұлғаны сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық нысан, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
босқын куәлігі;
Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
шетелдік паспорт;
қайтып оралуға арналған куәлік;
туу туралы куәлік.
Шарттың мәні
Сатушы Тауарды кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшін Тұтынушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы Тауарды Тапсырыс рәсімдеу кезінде қолданылатын Тауарлар каталогіне және осы Шарттың басқа да талаптарына, соның ішінде Сатушының бұйрықтарымен және (немесе) өзге де құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес төлейді және қабылдайды.
Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де талаптарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Платформада немесе Қолдау қызметіне хабарласып таныса алатын Сатушының жекелеген бұйрықтарында, қағидаларында немесе өзге де құжаттарында болуы мүмкін қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де ережелер болуы мүмкін.
Шарт жасасу және оның талаптарын өзгерту тәртібі
Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасын және Шарттың басқа да талаптарын Сатушы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Шарт жасасуға қатысты бір Тұтынушыға басқа тұтынушылар алдында артықшылық бермей, барлық Тұтынушылар үшін бірдей етіп белгілейді.
Сатушы Тапсырыс рәсімделген сәтке дейін Жария оферта мен оның ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Тапсырыс рәсімделгеннен кейін оған өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.
Тұтынушының Қолданбада тіркелуі және Қолданбадағы "IQOS түтінсіз өнімдері" бетіне кіруі офертаны алудың, оның барлық талаптарымен және оны акцептеу тәртібімен танысудың растамасы болып табылады. Тұтынушы Шарт талаптарына сәйкес жиынтығында мынадай іс-әрекеттерді жасаған кезде, Тұтынушы офертаны акцептеген деп танылады (акцепт жасалған деп танылады), ал Шарт жасалған деп танылады:
Қолданбаны пайдалана отырып, Тауарға тапсырысты рәсімдеу;
Кепілдік жарнаны төлеу;
Сатушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын оған Тауар берілген сәтке дейін тікелей ұсыну арқылы Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанын растау.
Тұтынушының Шарттың осы тармағында жоғарыда көрсетілген кез келген әрекетті жасамауы немесе Шарт талаптарын бұза отырып жасауы Тұтынушының осы жария офертаны қабылдаудан және Шартты жасасудан бас тартуы болып саналады. Тұтынушының акцепт жасауы Тұтынушының Тауарды сатып алу талаптарымен танысуы мен келісуінің растамасы, сондай-ақ Тұтынушының Сатушымен осы Шарттың талаптарымен Тауарды сатып алу-сату шартын жасасуға келісуінің растамасы болып табылады. Тұтынушының Тапсырысты әрбір рәсімдеуі осындай Тапсырыста айқындалған Тауарға қатысты онымен Шарт жасасу үшін дербес негіз ретінде қаралады. Тұтынушы Тауарға тапсырыс рәсімдеуді аяқтаған және Сатушы осы тапсырысты қабылдаған сәттен бастап Тұтынушының Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім жасасуға акцептісі жасалған болып саналады, ал Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісімнің өзі осы Шартта көзделген талаптармен Сатушымен жасалған болып саналады.
Тауар туралы жалпы ережелер
Тараптар Платформада орналастырылған барлық ақпараттық материалдардың (бейне, фото, мәтін және т.б.) анықтамалық сипатқа ие екенін және Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары, соның ішінде түсі, өлшемдері мен пішіндері туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы ең толық және өзекті ақпарат Тұтынушыны қызықтыратын Тауардың таңбаламасында болады. Тұтынушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тұтынушы Тауарды сатып алмас бұрын Сатушының ішкі сауда нысандарына немесе Қолдау қызметіне Тауар туралы қызықтыратын ақпаратты алу үшін, соның ішінде дербес презентация үшін жүгінуге құқылы. Мекенжайлары көрсетілген Сатушының ішкі сауда нысандарының тізімі Платформаның тиісті бөлімінде қолжетімді.
Сатушы тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушының қоймасында бар тиісті сападағы Тауарды сатуға ұсынады. Осы арқылы Тараптар Тауарлар каталогінде көрсетілген белгілі бір түрдегі Тауардың Сатушы қоймасында қысқа мерзім бойы болмауы мүмкін екенін мойындайды. Бұл жағдайда Сатушы мұндай Тауардың қоймада болуын тезірек қалпына келтіруге немесе Тауар ассортиментін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Тауарлар каталогіне тиісті өзгерістер енгізуге қажетті күш салуы тиіс.
Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты тәуекелдер Тауар Тұтынушыға берілген сәтте Сатушыдан Тұтынушыға ауысады. Меншік құқығының ауысу орны — Тауарды Тұтынушыға беру орны.
Тауарлардың белгілі бір түрлеріне кепілдік беріледі. Кепілдік қолданылатын Тауарлардың кепілдік мерзімі мен қызмет ету мерзімі (бұдан әрі «Кепілдік мерзімі») Тауарлар жиынтығына кіретін тиісті құжаттарда көрсетілген. Кепілдік мерзімін анықтайтын, Тауарлар жиынтығына кіретін арнайы құжаттардың болмауы мұндай Тауарларға кепілдік көзделмегенін білдіреді.
Қолданбада тіркелу
Тұтынушының Қолданбада тіркелуі және "IQOS түтінсіз өнімдері" бетіне кіруі Тұтынушыға Платформаға кіруге және Тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Тіркелуге мүдделі тұлға жиырма бір жастан асқанын растауы керек.
Жиырма бір жасқа толмаған тұлға Тауарларға тапсырыс бере алмайды.
Тапсырысты рәсімдеу және Кепілдік жарнаны төлеу тәртібі
Тұтынушының Тапсырысты рәсімдеуі мынадай дәйекті әрекеттерді орындау жолымен жүзеге асырылады:
- Платформаға қол жеткізу үшін Тұтынушының Қолданбада тіркелуі;
- «Себеттегі» Тауарлар ассортиментін тексеру және «Тапсырыс беру» опциясын таңдау;
- қалыптастырылған Тапсырыс талаптарын көрсету (тексеру) (Тұтынушының деректері, жеткізу мекенжайы, Тұтынушының байланыс телефон нөмірі);
- «Төлеу» опциясын таңдау, Тұтынушы көрсеткен жеткізу мекенжайына сәйкес жеткізуді ескере отырып, Тапсырыстың қорытынды құнымен танысу;
- Қолданбада көзделген төлем платформаларының көмегімен кепілдік жарна сомасын төлеу.
Кепілдік жарнаны сәтті төлегеннен кейін Тұтынушы Сатушының Тауарға тапсырысты қабылдағаны туралы ақпарат алады.
Тауардың құны және Кепілдік жарнаны төлеу талаптары
Тауардың құны Каталогте, сондай-ақ төлем құжаттарында Тауардың бірлігі үшін теңгемен көрсетіледі. Тауардың құны қосылған құн салығын ескере отырып көрсетіледі.
Тауарды Тұтынушыға дейін жеткізу құны Платформаның жеткізу тарифтері мен талаптарына сәйкес жеткізу мекенжайын ескере отырып қалыптастырылады.
Тауардың құнын Сатушы Каталогке өзгерістер енгізу арқылы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген және Кепілдік жарнаны төлеген Тауарлардың бағасы өзгертуге жатпайды.
Кепілдік жарнаның сомасы Тапсырыс құнының 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде айқындалады (Тауар және жеткізу құны) және Тұтынушы оны Қолданбада көзделген төлем платформаларының көмегімен төлейді.
Сатушы өзінің қағидаларында немесе өзге құжаттарында белгіленген жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсыныстарды қолдануға құқылы, олар туралы ақпарат Тұтынушыға Платформада қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте Сатушы жеңілдіктер немесе өзге де арнайы ұсыныстар алу талаптарын белгілеуге құқылы.
Тауарды жеткізу
Тауарды Тұтынушыға жеткізуді курьерлер Платформаны пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Жеткізу кезінде Тапсырыста көрсетілген Тауар Тапсырысты рәсімдеу кезінде дербес деректері көрсетілген Тұтынушыға ғана және Тұтынушы жиырма бір жасқа толғанын растаған жағдайда ғана жеке беріледі.
Тұтынушы Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) оған Тауарды бергенге дейін Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанын анықтау мақсатында Сатушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
Тұтынушы Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған және/немесе Тұтынушы өзі ұсынған құжатқа сәйкес жиырма бір жасқа толмаған жағдайда, Сатушы Тапсырысты орындау күшін жояды және Тұтынушыға Кепілдік жарнаның сомасын қайтарады.
Тұтынушы Шарттың 8.3-тармағының талаптарын орындағаннан және оған Сатушы (оның өкілі) берген Тауарды қабылдағаннан кейін Сатушы Кепілдік жарнаның сомасын тиісті Тапсырыста көрсетілген Тауардың және жеткізудің құнын төлеу есебіне есептейді.
Тауардың кездейсоқ опат болу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға табыстаған сәттен бастап Тұтынушыға өтеді.
Сатушының Тауарды Тұтынушыға беру міндеті Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға табыстаған кезде орындалған болып есептеледі.
Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару
Кепілдік мерзімі ішінде Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, Тұтынушы Қолдау қызметіне хабарласып біле алатын басқа тәртіпті Сатушы қосымша анықтамаса, Тұтынушы Қолдау қызметіне шағымданады.
Кепілдік жағдай туындаған кезде, Тауар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес айырбасталады немесе қайтарылады.
Азық-түліктік емес Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі осы Шарттың №1 қосымшасында белгіленеді. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік емес жағдайлардың тізімі де Тауар жиынтығына кіретін дайындаушының тиісті құжатында көзделуі мүмкін.
Тауарды Шарттың осы бабы негізінде айырбастаған кезде, берілген (ауыстыру ретінде) Тауарға кепілдік мерзімі қайтадан есептелмейді.
Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Сатушы тиісті емес сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша шығыстарды көтереді.
Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша айырбасталады.
Осы Жария офертаға сәйкес кепілдік жағдайға жататын IQOS/IQOS ILUMA/lil SOLID құрылғысы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кепілдік қызмет көрсету шеңберінде www.kz.iqos.com сайтында орналастырылған myIQOS (бұрынғы CarePlus) бағдарламасының талаптарына сәйкес ауыстырылады.
Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару
Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару қажет болған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару тәртібі туралы ақпарат алу үшін Қолдау қызметіне жүгінеді.
Тиісті сападағы Тауар қолданыста болмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, жапсырмалары, сондай-ақ Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, оны қайтару және айырбастау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес күнтізбелік он төрт күн ішінде жүзеге асырылады.
Тауар келесі жағдайларда қолданыста болмаған және оның тауарлық түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған болып саналады:
Тауар қаптамасына/бетіне зақым келмеуі;
жұмыс істейтін зарядтау құрылғысының, ұстағыштың, қуат беру блогының, USB кабелінің болуы;
Тауар беттерінде сызаттардың немесе өзге де зақымдардың болмауы.
ұстағышта және зарядтау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, ұстағыш жүзінің (қыздыру элементінің) тұтастығы;
тазалау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, сондай-ақ жиынтықтылық – ілгектің болуы, щеткалардың тұтастығы;
зарядтау құрылғысында жапсырманың, қуат беру блогында қорғағыш үлдірдің және USB кабелінде бекітетін сақинаның болуы;
Тауардың сериялық нөмірі сақталған;
зарядтау құрылғысы мен ұстағышқа арналған пластик қойғыштың, үш тілдегі пайдаланушы нұсқаулығы мен кепілдіктің болуы.
Тауар қорабында үлдірдің болмауы тауарлық түрдің бұзылуы ретінде қарастырылмайды.
Тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша барлық шығыстарды көтереді.
Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша айырбасталады.
Дербес деректер
Сатушы Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді қорғау саласындағы барлық қолданылатын талаптарын сақтай отырып, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңында белгіленген дербес деректер операторының принциптерін, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып, дербес деректер субъектісі ретіндегі Тұтынушының өзіне ұсынылған дербес деректерінің құпиялылығын және өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тапсырысты рәсімдеу арқылы Тұтынушы Сатушыда бар Тұтынушының дербес деректері Тапсырысты жеткізу үшін қажетті көлемде Платформаны пайдаланатын курьерге берілуі мүмкін екеніне өз келісімін береді. Сатушының курьерге мұндай ақпарат беруін Тараптар ақпаратты заңды түрде тарату, яғни ақпаратты жинау мақсаттарына сәйкес тарату деп таниды.
Қорытынды ережелер
Осы Шарттың талаптары мен Платформаны пайдаланудың жалпы талаптары арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, Платформаны пайдаланудың жалпы талаптары басым күшке ие болады.
Тұтынушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.
Сатушы Тұтынушыны хабардар етпей, осы Шартты біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттың жаңа редакциясы Тұтынушыны таныстыру үшін Платформада орналастырылған күннен бастап күшіне енеді.
Wolt қолданбасы арқылы Тауарды бөлшектеп сатып алу-сату жария шартының №1 қосымшасы
IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі
1) Кепілдік емес жағдайлар:
Ұстағыштың зақымдануы
С101
Механикалық зақым
С002
Қыздыру элементі зақымданған
С004
Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы
Зарядтау құрылғысының зақымдануы
С101
Механикалық зақым
С010
Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы
С005
Қақпақтың ілмегі мен серіппесінің зақымдануы
2) Кепілдік жағдайлар:
Ұстағыш
B004
Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз
B043
Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері
B102
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр
B103
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды
D001
Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)
Зарядтау құрылғысы ұстағышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды
B038
Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл түспен жанып тұр
B064
Құрылғының заряды 20 (жиырма) пайдалану сеансына (ILUMA ONE) жетпейді
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері
B104
Зарядтау құрылғысы зарядталмайды
D001
Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)
Азық-түліктік емес тауар – lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі
1) Кепілдік емес жағдайлар:
С046
Сұйықтықтың тиюі
С101
Механикалық зақым
С028
Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы
2) Кепілдік жағдайлар:
B004
Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 5 (бес) минуттан аз
B019
Индикатор қызғылт сары түспен жанып тұр
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері
B102
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр
B104
Құрылғы зарядталмайды
ЖАРИЯ ОФЕРТА
(барлық елеулі талапты қамтитын бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасасу туралы ұсыныс)
2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жарамды.
«Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Тауарларды сатып алуға мүдделі кез келген жеке тұлғаға төмендегі жария шартты жасасуды ұсынады:
Glovo қолданбасы арқылы Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату
ЖАРИЯ ШАРТЫ
Кіріспе
Осы бөлшектеп сатып алу-сату жария шарты (бұдан әрі «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайы бойынша тіркелген, пошта индексі: B40A6M8 немесе 040700 заңды тұлға, бір тараптан, және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Glovo платформасы арқылы Тауарларды (олардың анықтамасы төменде берілген) сатып алуға мүдделі, Шартты жасасу туралы ұсынысты (жария офертаны) акцептеген кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға, екінші тараптан, Сатушының өзгеріссіз талаптарымен Жеке кабинет арқылы Glovo технологиялық платформасы (бұдан әрі «Платформа» ) арқылы Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату мәселелері бойынша жалпы және негізгі өзара әрекеттесу талаптарын регламенттейді.
1. Анықтамалар
Тауар – IQOS/IQOS ILUMA/lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, атап айтқанда, HEETS/FIIT/TEREA қыздырылатын темекі таяқшалары, сондай-ақ Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушыда бар, Сатушының каталогіне сәйкес Сатушы сату үшін Тұтынушыға белгілі бір бағамен ұсынған кез келген басқа тауарлар. Сатушы сату үшін ұсынатын Тауарлардың тізімі мен олардың құнын ол біржақты тәртіппен айқындайды және олар Сатушының каталогінде көрсетіледі.
Каталог – бірге Платформаны құрайтын Glovo интернет-ресурсында (бұдан әрі Интернет-ресурс) немесе Қолданбада орналастырылған, Тауарлардың ассортименті мен тиісті бағалары көрсетілген, Сатушы сату үшін Тұтынушыға ұсынатын Тауарлар тізімі.
Тапсырыс – Платформада таңдалған Тауарларды сатып алу және Тұтынушы көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу жөніндегі Тұтынушының тиісті түрде рәсімделген сауалы.
Қолдау қызметі – Тапсырысты қабылдауға және өңдеуге, сондай-ақ Тауарды жеткізуді және сатуды ұйымдастыруға жауапты Сатушының байланыс орталығы, телефон нөмірі: 2121.
Тараптар – бірге атаған кезде, Сатушы мен Тұтынушы.
Кепілдік жарна – Тұтынушы Тауарға тиісті Тапсырысты рәсімдегеннен кейін Тараптар қол жеткізген Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім негізінде болашақта олардың арасында Сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін Тұтынушы Сатушыға беретін ақшалай сома.
Қолданба - Интернет желісіндегі Glovo веб-тораптарында Сатушының контентін өңдеуге, жариялауға (орналастыруға) және белгілі бір (Қолданбада тіркелген) адамдар тобына Сатушының контентімен танысуға мүмкіндік беретін онлайн-сервис түріндегі компьютерлік бағдарлама.
Контент - Қолданбада өңдеу үшін Сатушы ұсынған анықтамалық сипаттағы ақпарат.
Жеке басты куәландыратын құжат - тұлғаны сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық нысан, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
босқын куәлігі;
Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
шетелдік паспорт;
қайтып оралуға арналған куәлік;
туу туралы куәлік.
Шарттың мәні
Сатушы Тауарды кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшін Тұтынушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы Тауарды Тапсырыс рәсімдеу кезінде қолданылатын Тауарлар каталогіне және осы Шарттың басқа да талаптарына, соның ішінде Сатушының бұйрықтарымен және (немесе) өзге де құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес төлейді және қабылдайды.
Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де талаптарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Платформада немесе Қолдау қызметіне хабарласып таныса алатын Сатушының жекелеген бұйрықтарында, қағидаларында немесе өзге де құжаттарында болуы мүмкін қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де ережелер болуы мүмкін.
Шарт жасасу және оның талаптарын өзгерту тәртібі
Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасын және Шарттың басқа да талаптарын Сатушы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Шарт жасасуға қатысты бір Тұтынушыға басқа тұтынушылар алдында артықшылық бермей, барлық Тұтынушылар үшін бірдей етіп белгілейді.
Сатушы Тапсырыс рәсімделген сәтке дейін Жария оферта мен оның ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Тапсырыс рәсімделгеннен кейін оған өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.
Тұтынушының Қолданбада тіркелуі және Қолданбадағы "IQOS түтінсіз өнімдері" бетіне кіруі офертаны алудың, оның барлық талаптарымен және оны акцептеу тәртібімен танысудың растамасы болып табылады. Тұтынушы Шарт талаптарына сәйкес жиынтығында мынадай іс-әрекеттерді жасаған кезде, Тұтынушы офертаны акцептеген деп танылады (акцепт жасалған деп танылады), ал Шарт жасалған деп танылады:
Қолданбаны пайдалана отырып, Тауарға тапсырысты рәсімдеу;
Кепілдік жарнаны төлеу;
Сатушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын оған Тауар берілген сәтке дейін тікелей ұсыну арқылы Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанын растау.
Тұтынушының Шарттың осы тармағында жоғарыда көрсетілген кез келген әрекетті жасамауы немесе Шарт талаптарын бұза отырып жасауы Тұтынушының осы жария офертаны қабылдаудан және Шартты жасасудан бас тартуы болып саналады. Тұтынушының акцепт жасауы Тұтынушының Тауарды сатып алу талаптарымен танысуы мен келісуінің растамасы, сондай-ақ Тұтынушының Сатушымен осы Шарттың талаптарымен Тауарды сатып алу-сату шартын жасасуға келісуінің растамасы болып табылады. Тұтынушының Тапсырысты әрбір рәсімдеуі осындай Тапсырыста айқындалған Тауарға қатысты онымен Шарт жасасу үшін дербес негіз ретінде қаралады. Тұтынушы Тауарға тапсырыс рәсімдеуді аяқтаған және Сатушы осы тапсырысты қабылдаған сәттен бастап Тұтынушының Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім жасасуға акцептісі жасалған болып саналады, ал Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісімнің өзі осы Шартта көзделген талаптармен Сатушымен жасалған болып саналады.
Тауар туралы жалпы ережелер
Тараптар Платформада орналастырылған барлық ақпараттық материалдардың (бейне, фото, мәтін және т.б.) анықтамалық сипатқа ие екенін және Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары, соның ішінде түсі, өлшемдері мен пішіндері туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы ең толық және өзекті ақпарат Тұтынушыны қызықтыратын Тауардың таңбаламасында болады. Тұтынушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тұтынушы Тауарды сатып алмас бұрын Сатушының ішкі сауда нысандарына немесе Қолдау қызметіне Тауар туралы қызықтыратын ақпаратты алу үшін, соның ішінде дербес презентация үшін жүгінуге құқылы. Мекенжайлары көрсетілген Сатушының ішкі сауда нысандарының тізімі Платформаның тиісті бөлімінде қолжетімді.
Сатушы тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушының қоймасында бар тиісті сападағы Тауарды сатуға ұсынады. Осы арқылы Тараптар Тауарлар каталогінде көрсетілген белгілі бір түрдегі Тауардың Сатушы қоймасында қысқа мерзім бойы болмауы мүмкін екенін мойындайды. Бұл жағдайда Сатушы мұндай Тауардың қоймада болуын тезірек қалпына келтіруге немесе Тауар ассортиментін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Тауарлар каталогіне тиісті өзгерістер енгізуге қажетті күш салуы тиіс.
Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты тәуекелдер Тауар Тұтынушыға берілген сәтте Сатушыдан Тұтынушыға ауысады. Меншік құқығының ауысу орны — Тауарды Тұтынушыға беру орны.
Тауарлардың белгілі бір түрлеріне кепілдік беріледі. Кепілдік қолданылатын Тауарлардың кепілдік мерзімі мен қызмет ету мерзімі (бұдан әрі «Кепілдік мерзімі») Тауарлар жиынтығына кіретін тиісті құжаттарда көрсетілген. Кепілдік мерзімін анықтайтын, Тауарлар жиынтығына кіретін арнайы құжаттардың болмауы мұндай Тауарларға кепілдік көзделмегенін білдіреді.
Қолданбада тіркелу
Тұтынушының Қолданбада тіркелуі және "IQOS түтінсіз өнімдері" бетіне кіруі Тұтынушыға Платформаға кіруге және Тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Тіркелуге мүдделі тұлға жиырма бір жастан асқанын растауы керек.
Жиырма бір жасқа толмаған тұлға Тауарларға тапсырыс бере алмайды.
Тапсырысты рәсімдеу және Кепілдік жарнаны төлеу тәртібі
Тұтынушының Тапсырысты рәсімдеуі мынадай дәйекті әрекеттерді орындау жолымен жүзеге асырылады:
- Платформаға қол жеткізу үшін Тұтынушының Қолданбада тіркелуі;
- «Себеттегі» Тауарлар ассортиментін тексеру және «Тапсырыс беру» опциясын таңдау;
- қалыптастырылған Тапсырыс талаптарын көрсету (тексеру) (Тұтынушының деректері, жеткізу мекенжайы, Тұтынушының байланыс телефон нөмірі);
- «Төлеу» опциясын таңдау, Тұтынушы көрсеткен жеткізу мекенжайына сәйкес жеткізуді ескере отырып, Тапсырыстың қорытынды құнымен танысу;
- Қолданбада көзделген төлем платформаларының көмегімен кепілдік жарна сомасын төлеу.
Кепілдік жарнаны сәтті төлегеннен кейін Тұтынушы Сатушының Тауарға тапсырысты қабылдағаны туралы ақпарат алады.
Тауардың құны және Кепілдік жарнаны төлеу талаптары
Тауардың құны Каталогте, сондай-ақ төлем құжаттарында Тауардың бірлігі үшін теңгемен көрсетіледі. Тауардың құны қосылған құн салығын ескере отырып көрсетіледі.
Тауарды Тұтынушыға дейін жеткізу құны Платформаның жеткізу тарифтері мен талаптарына сәйкес жеткізу мекенжайын ескере отырып қалыптастырылады.
Тауардың құнын Сатушы Каталогке өзгерістер енгізу арқылы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген және Кепілдік жарнаны төлеген Тауарлардың бағасы өзгертуге жатпайды.
Кепілдік жарнаның сомасы Тапсырыс құнының 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде айқындалады (Тауар және жеткізу құны) және Тұтынушы оны Қолданбада көзделген төлем платформаларының көмегімен төлейді.
Сатушы өзінің қағидаларында немесе өзге құжаттарында белгіленген жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсыныстарды қолдануға құқылы, олар туралы ақпарат Тұтынушыға Платформада қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте Сатушы жеңілдіктер немесе өзге де арнайы ұсыныстар алу талаптарын белгілеуге құқылы.
Тауарды жеткізу
Тауарды Тұтынушыға жеткізуді курьерлер Платформаны пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Жеткізу кезінде Тапсырыста көрсетілген Тауар Тапсырысты рәсімдеу кезінде дербес деректері көрсетілген Тұтынушыға ғана және Тұтынушы жиырма бір жасқа толғанын растаған жағдайда ғана жеке беріледі.
Тұтынушы Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) оған Тауарды бергенге дейін Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанын анықтау мақсатында Сатушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
Тұтынушы Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған және/немесе Тұтынушы өзі ұсынған құжатқа сәйкес жиырма бір жасқа толмаған жағдайда, Сатушы Тапсырысты орындау күшін жояды және Тұтынушыға Кепілдік жарнаның сомасын қайтарады.
Тұтынушы Шарттың 8.3-тармағының талаптарын орындағаннан және оған Сатушы (оның өкілі) берген Тауарды қабылдағаннан кейін Сатушы Кепілдік жарнаның сомасын тиісті Тапсырыста көрсетілген Тауардың және жеткізудің құнын төлеу есебіне есептейді.
Тауардың кездейсоқ опат болу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға табыстаған сәттен бастап Тұтынушыға өтеді.
Сатушының Тауарды Тұтынушыға беру міндеті Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға табыстаған кезде орындалған болып есептеледі.
Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару
Кепілдік мерзімі ішінде Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, Тұтынушы Қолдау қызметіне хабарласып біле алатын басқа тәртіпті Сатушы қосымша анықтамаса, Тұтынушы Қолдау қызметіне шағымданады.
Кепілдік жағдай туындаған кезде, Тауар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес айырбасталады немесе қайтарылады.
Азық-түліктік емес Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі осы Шарттың №1 қосымшасында белгіленеді. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік емес жағдайлардың тізімі де Тауар жиынтығына кіретін дайындаушының тиісті құжатында көзделуі мүмкін.
Тауарды Шарттың осы бабы негізінде айырбастаған кезде, берілген (ауыстыру ретінде) Тауарға кепілдік мерзімі қайтадан есептелмейді.
Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Сатушы тиісті емес сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша шығыстарды көтереді.
Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша айырбасталады.
Осы Жария офертаға сәйкес кепілдік жағдайға жататын IQOS/IQOS ILUMA/lil SOLID құрылғысы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кепілдік қызмет көрсету шеңберінде www.kz.iqos.com сайтында орналастырылған myIQOS (бұрынғы CarePlus) бағдарламасының талаптарына сәйкес ауыстырылады.
Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару
Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару қажет болған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару тәртібі туралы ақпарат алу үшін Қолдау қызметіне жүгінеді.
Тиісті сападағы Тауар қолданыста болмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, жапсырмалары, сондай-ақ Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, оны қайтару және айырбастау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес күнтізбелік он төрт күн ішінде жүзеге асырылады.
Тауар келесі жағдайларда қолданыста болмаған және оның тауарлық түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған болып саналады:
Тауар қаптамасына/бетіне зақым келмеуі;
жұмыс істейтін зарядтау құрылғысының, ұстағыштың, қуат беру блогының, USB кабелінің болуы;
Тауар беттерінде сызаттардың немесе өзге де зақымдардың болмауы.
ұстағышта және зарядтау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, ұстағыш жүзінің (қыздыру элементінің) тұтастығы;
тазалау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, сондай-ақ жиынтықтылық – ілгектің болуы, щеткалардың тұтастығы;
зарядтау құрылғысында жапсырманың, қуат беру блогында қорғағыш үлдірдің және USB кабелінде бекітетін сақинаның болуы;
Тауардың сериялық нөмірі сақталған;
зарядтау құрылғысы мен ұстағышқа арналған пластик қойғыштың, үш тілдегі пайдаланушы нұсқаулығы мен кепілдіктің болуы.
Тауар қорабында үлдірдің болмауы тауарлық түрдің бұзылуы ретінде қарастырылмайды.
Тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша барлық шығыстарды көтереді.
Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша айырбасталады.
Дербес деректер
Сатушы Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді қорғау саласындағы барлық қолданылатын талаптарын сақтай отырып, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңында белгіленген дербес деректер операторының принциптерін, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып, дербес деректер субъектісі ретіндегі Тұтынушының өзіне ұсынылған дербес деректерінің құпиялылығын және өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тапсырысты рәсімдеу арқылы Тұтынушы Сатушыда бар Тұтынушының дербес деректері Тапсырысты жеткізу үшін қажетті көлемде Платформаны пайдаланатын курьерге берілуі мүмкін екеніне өз келісімін береді. Сатушының курьерге мұндай ақпарат беруін Тараптар ақпаратты заңды түрде тарату, яғни ақпаратты жинау мақсаттарына сәйкес тарату деп таниды.
Қорытынды ережелер
Осы Шарттың талаптары мен Платформаны пайдаланудың жалпы талаптары арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, Платформаны пайдаланудың жалпы талаптары басым күшке ие болады.
Тұтынушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.
Сатушы Тұтынушыны хабардар етпей, осы Шартты біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттың жаңа редакциясы Тұтынушыны таныстыру үшін Платформада орналастырылған күннен бастап күшіне енеді.
Glovo қолданбасы арқылы Тауарды бөлшектеп сатып алу-сату жария шартының №1 қосымшасы
IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі
1) Кепілдік емес жағдайлар:
Ұстағыштың зақымдануы
С101
Механикалық зақым
С002
Қыздыру элементі зақымданған
С004
Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы
Зарядтау құрылғысының зақымдануы
С101
Механикалық зақым
С010
Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы
С005
Қақпақтың ілмегі мен серіппесінің зақымдануы
2) Кепілдік жағдайлар:
Ұстағыш
B004
Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз
B043
Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері
B102
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр
B103
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды
D001
Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)
АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA)зиянды заттардың адам ағзасына әсерінің төмендегені туралы өтінішпен модификацияланған қатері барөнім ретінде IQOS-ті сатуға рұқсат берді.
Бұл ресми түрде осындай мәртебеге ие болған алғашқы жәнежалғыз темекі қыздыру жүйесі.
Бұл шешім IQOS-тің сигареттен түбегейлі ерекшеленетінін және темекішегуді жалғастырудан гөрі 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегушілер үшін ең жақсы таңдау болыптабылатынын көрсетеді.
IQOS – бұл темекі тұтынудың инновациялық баламасы, оның негізінде отсыз, түтінсіз және күлсіз қыздырупроцесі жатыр. Темекі шегу кезінде темекі 800°C-ден жоғары температурада жанып, түтін мен күлшығарады. Сигареттерден ерекшелігі, IQOS темекіні нағыз дәмін аша отырып, бірақ жануға жол бермей, 350°C температураға дейін қыздырады. IQOS-ті тұтынған кезде темекі буындағы зиянды және ықтималзиянды заттардың деңгейі темекі шегу кезінде бөлінетін түтінмен салыстырғанда орта есеппен 95%-ға азаяды*.
Маңызды ақпарат:
IQOS зиянды емес болып табылмайды. Тек 21 жасқа толған және асқан тұлғаларғаарналған.
*Дереккөз: «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясының Жапония мен АҚШ-та 3 ай бойы жүргізгензерттеуінің нәтижелері. Зерттеу барысында IQOS-ке көшкен темекі шегушілерге дәстүрлі темекі шегудіжалғастырған темекі шегушілермен салыстырғанда 15 зиянды химиялық заттардың әсері өлшенді.
FDA деген не?
FDA – бұл АҚШ Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын және АҚШ аумағында темекі өнімдерін өндіруді,маркетингті және сатуды бақылау арқылы қоғамның денсаулығын қорғауға және алға жылжытуға жауаптымемлекеттік орган.
Темекі өнімдерінен басқа, ұйым азық-түлік, дәрі-дәрмектер, косметика құралдары және т. б. қауіпсіздігінежауап береді. FDA қызметі заңнамалық актілермен реттеледі («Тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер жәнекосметика туралы федералдық заң» — «Federal Food, Drug and Cosmetic Act»).
Тіркелу туралы сұрақтарыңыз болса, бізбен байланысыңыз:
Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет