IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

Жалпы сұрақтар

IQOS-пен ынтымақтастық

Ынтымақтастық мәселесі бойынша info@iqos.kz электрондық поштасына хабарласуға болады

Болашақта сұрақтарым болса, кіммен байланыса аламын?

Сіз барлық сұрақтар бойынша ақпаратты біздің IQOS ресми дүкендеріміздің консультанттарынан және IQOS серіктестік сату орындарынан немесе ұялы телефоннан 2121 нөмірі бойынша IQOS қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы (қоңырау шалу тегін), бізге IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына немесе iqos_kaz Instagram аккаунтына жазу арқылы біле аласыз.

IQOS фирмалық дүкендері мен IQOS серіктестік сату нүктелерінің айырмашылығы неде?

Сауда нүктелерінің екі түрінде өнім ассортименті мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы сәл өзгеше болуы мүмкін. Сізге ең жақын IQOS фирмалық дүкенін немесе IQOS серіктестік сату нүктесін таңдау үшін kz.iqos.com сайтындағы дүкендер картасын пайдаланыңыз.

IQOS клиенттері туралы Қолдау Қызметіне қалай хабарласуға болады?

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, бізге Telegram IQOSKZ_Support_bot чат-ботына жазыңыз немесе 2121 қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалыңыз.

IQOS Қолдау Қызметінен қабылданбаған қоңырау

IQOS/lil SOLID 2.0 пайдаланушыларына IQOS Қамқорлық Қызметінен қоңырау келіп түсуі мүмкін телефон нөмірлерінің тізімі:
+7 499 270 34 62
+7 705 926 71 53
+7 727 355 14 69
+7 705 926 71 57
+7 727 355 14 82
+7 705 926 71 35

Арнайы ұсынымдар мен қызметтер туралы қайдан білуге болады?

Сіз барлық сұрақтар бойынша ақпаратты біздің IQOS фирмалық дүкендеріміздің консультанттарынан және IQOS серіктестік сату орындарынан немесе ұялы телефоннан 2121 нөмірі бойынша IQOS қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы (қоңырау шалу тегін), бізге IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына немесе iqos_kaz Instagram аккаунтына жазу арқылы біле аласыз.

IQOS сақтаудың ең жақсы әдісі қандай?

IQOS-ты судан, тікелей күн жарығынан және/немесе жоғары температурадан алыс сақтаңыз. IQOS-ты төтенше температураның әсеріне ұшыратпаңыз (суық немесе ыстық мезгілде, мысалы, машинада), себебі аккумулятор немесе электроника зақымдалуы немесе тез тозуы мүмкін.

Сеансты қалай жақсартуға болады?

Мұнда IQOS және таяқшаларды пайдалану бойынша бірнеше ұсынымдар берілген:
- Сеанс ұзақтығын және дәм беруді арттыру үшін жиі емес және терең емес ішке тарту жасаңыз;
- Түпнұсқа аксессуарларды қолдана отырып, Тұтқыштың/Құрылғың толық суығаннан кейін күнделікті тазалауды жүргізіңіз.

3R4F темекісі дегеніміз не?

Бұл — ғылыми зерттеу мақсаттарында АҚШ-тағы Кентукки университеті өз бетінше жасаған темекі. Бұлтемекіні зерттеуде әдетте қолданылатын компаратор. Бұл берілген зерттеу деректерін басқа зерттеу деректерімен салыстыруға мүмкіндік береді. 3R4F зерттеу темекілері тұтынушыларға сату үшін қолжетімді емес.

Сіз 3R4F темекісінің түтінімен салыстырғанда орта есеппен 95%-ға азаяды депмәлімдейтін IQOS шығарындыларын қалай өлшейсіз?

Бұл пайыз ДДСҰ және АҚШ-тағы FDA сияқты әйгілі қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдары 3R4F анықтамалық темекісінен шығатын түтінмен салыстырғанда IQOS темекі буында табылуына қатысты әрекет етуге басымдық берген белгілі бір құрамдастар деңгейлерінің орташа азаюын білдіреді. Осы мақсатта біз темекі буын және түтінді Канада Денсаулық сақтау министрлігінің машинамен қарқынды темекі шегу режимінде жинаймыз (55 мл ішке тарту көлемі, 2 секундтық ішке тарту ұзақтығы, 30 секундтықаралықта ішке тарту), әр таяқша негізінде салыстыруды пайдаланамыз. Редукциялық есептеулер никотинді қоспайды.

IQOS пайдалану тіс эмалінің түсіне әсер ете ме?

IQOS қолданған кезде бөлініп шығатын темекі буы сигареттің түтініне қарағанда тістеріңізді айтарлықтай аз бояйды*
Маңызды: назар аударыңыз: егер Сіздің тістеріңіз темекі түтінінен шыққан өңезбен жабылған болса, IQOS-қа көшу қарайған түсін азайтпайды.
* Швейцарияда адам тістеріне және тіс пломбаларына арналған ең көп таралған материалдарға жүргізілген клиникалық емес зертханалық зерттеумен расталған. Нақты жағдайлардан айырмашылығы, нәтижелерге әсер етуі мүмкін кофе, шай немесе шарап сияқты басқа бояғыштар үлгілерге әсер етпеді..

"IQOS бөліп шығаратын зиянды заттектердің деңгейі сигаретпен салыстырғанда орта есеппен 95% төмен" дегенді қалай түсінуге болады?

Темекі жанудың орнына қыздырылатындықтан, темекі түтініндегі зиянды және әлеуетті тұрғыдан зиянды болатын заттардың деңгейі ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын стандартты темекінің түтініне қарағанда, орташа есеппен алғанда, 95%-ға қысқарады*.
*Бұл Канаданың Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан белгіленген қарқынды машиналық шегу режимі қолданылған зерттеу барысында пайдаланылған, шайыр деңгейі 9,4 мг (3R4F) болатын, зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын стандартты темекінің түтінімен салыстырғанда, IQOS жүйесін пайдаланған кезде түзілетін темекі буынында өлшенген әрбір зиянды және әлеуетті тұрғыда зиянды зат концентрациясының (таяқшаға шаққандағы салмағының) орташа төмендеу шамасы. Төмендеу шамасын есептеу кезінде никотин ескерілмеген.

Кәдімгі сигареттер мен IQOS пайдаланудың айырмашылығы неде?

IQOS – бұл 21 жастан асқан шылым шегушілерге арналған балама.
IQOS жанусыз, күлсіз және сигарет түтінінсіз шынайы темекі дәмінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
IQOS-қа толық ауысу – шылым шегуді жалғастырудан гөрі денсаулығыңызға қаупі азырақ.*
[Маңызды: тәуекелдерді жоққа шығармайды, аэрозольдің құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар]
* Дереккөз: Шылым шегуді жалғастырумен салыстырғанда IQOS туралы деректердің жиынтығы негізінде.

IQOS жүйесі тәуелділік туғыза ма?

Қыздырылатын темекі таяқшаларында қолданылатын темекіде табиғи түрде никотин бар, ал никотин өз кезегінде тәуелділік тудырады.

IQOS пайдаланған кезде түтін шығады ма?

Жоқ, IQOS пайдалану кезінде темекі буы түзіледі, жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекінің нағыз дәмін сезінуге мүмкіндік береді.

Никотин зиянды ма?

Никотин тәуелділікті тудырады. Алайда, бұл темекі шегуге қатысты аурулардың негізгі себебі емес. IQOS никотинді темекі сияқты жеткізеді. Біздің клиникалық зерттеулеріміз IQOS-пен темекі таяқшасын пайдаланғанда сіңірілетін никотин мөлшері мен жылдамдығы бір темекі шеккенмен салыстырарлық екенін көрсетті.

IQOS менің денсаулығым үшін қауіпсіз бе?

Жоқ. IQOS-қа толық ауысу шылым шегуді жалғастырудан гөрі cіздің денсаулығыңызға аз қауіп төндірсе де, IQOS қолданған кезде пайда болатын аэрозольдің құрамында тәуелділік тудыратын зат – никотин бар. Егер cіз шылым шегудің денсаулығыңызға әсері туралы алаңдасаңыз, темекі мен никотинді тұтынудан мүлдем бас тарту сіз үшін ең жақсы таңдау болады. Бұл ретте, IQOS-қа толық ауысу шылым шегуді жалғастырудан гөрі жақсырақ таңдау болып табылады.

Кәдімгі сигареттерді IQOS-пен бірге қолдануға бола ма?

IQOS құрылғысымен кәдімгі сигареттерді пайдалануға болмайды. IQOS тек HEETS темекі таяқшаларымен жұмыс істеу үшін арнайы жасалған және керісінше, оларды тек бірге пайдалану арқылы сіз PMI зерттеулерімен дәлелденген IQOS жүйесін пайдаланудың барлық артықшылықтарын толық сезе аласыз.
Біздің барлық зерттеулеріміз IQOS-ты HEETS темекі таяқшаларымен бірге қолдануға негізделген.

IQOS шылым шегуді тастауға көмектесе ме?

IQOS шылым шегуден бас тартуға балама емес. Темекіні тұтынумен байланысты денсаулыққа қауіп төндіреді деп алаңдайтын 21 жастан асқан темекі шегушілер үшін темекіні тұтынудың барлық түрлерінен бас тарту ең жақсы таңдау болады.

IQOS-ты багажға/қол жүгіне салып ұшақ бортына алуға бола ма?

Ұшақ бортында IQOS тасымалдауға тыйым салынбайды. Бірақ, әуе компаниялары осы мәселеде тасымалдау ережелерін, шектеулерді немесе тыйымдарды белгілеу құқығын өзіне қалдырады.
IQOS-ты ұшақта тек қол жүгімен тасымалдауға болады.
Құрылғының құрамында литий-ионды аккумулятор бар, оның өз пайдалану шарттары бар, сондықтан жарылыс қаупі мен тұтану қаупіне байланысты құрылғыны багажға тапсыруға болмайды.
Ұшу кезінде құрылғы қуат түймесі құрылғыны іске қоса алмайтындай жағдайларда қымтаулы қаптамада болуы керек.
Құрылғыны бортта пайдалануға және зарядтауға қатаң тыйым салынады.

IQOS пайдаланған кезде пайда болатын «темекі буы» дегеніміз не?

Темекі буы — бұл темекі қыздырылған кезде пайда болатын аэрозоль. Бу негізінен судан, глицериннен және никотиннен тұрады.

Электрлік құрылғы ретінде IQOS жүйесінің қауіпсіздігіне кепілдік берілген бе?

IQOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайында, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған. IQOS жүйесінің Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттеріне сәйкес жасап шығарылғанын куәландыратын «ЕАС» таңбасын (орамасынан)көре аласыз.

Мен IQOS жүйесін сатып алмас бұрын пайдаланып көрсем бола ма?

IQOS-ты 14 күнге Тест-Драйвқа алып сатып алмас бұрын құрылғыны жеке сынап көре аласыз. Бағдарлама туралы толығырақ Тест-Драйв бөлімінен біліп алыңыз. Сондай-ақ Сіз біздің кез келген ресми IQOS дүкенімізге немесе Сіздің қалаңыздағы серіктес дүкенге хабарласып, IQOS туралы толық кеңес ала аласыз.

IQOS пен электрондық сигареттің айырмашылығы неде?

IQOS құрылғысында жанусыз темекіні қыздыру технологиясы пайдаланылады. Оны пайдалану кезінде өз алдына темекі буы түзіледі, жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекінің толыққанды дәмін сезінуге мүмкіндік береді. Құрамында сұйықтық бар электрондық сигареттен айырмашылығы, IQOS таяқшаларында нағыз темекі бар.

Дербес деректерді қалай өзгертуге болады?

Дербес деректерді өзгерту немесе түзету үшін 2121 қолдау қызметінің нөміріне қоңырау шалу қажет. Электрондық поштаны Профиль бөліміндегі жеке кабинетте түзетуге болады. Клиенттерге қызмет көрсету менеджері қажет болған жағдайда есептік жазбаңызды өшіруге және жаңасын жасауға көмектесе алады, содан кейін Сіз Жеке кабинетте тіркеле аласыз.

Құрылғының Сериялық нөмірі дегеніміз не?

Құрылғының сериялық нөмірі — бұл оның шығу тегі мен тарихын анықтауға болатын әрбір құрылғының сериялық нөмірі.
IQOS 2.4/2.4P Зарядтау құрылғысында сериялық нөмір индикация панелінің артқы жағында, QR кодының жанында, ал Тұтқышта – Қалпақшаның астында, қосу түймесіне қарсы орналасқан.
IQOS 3/3 DUO/ORIGINALS DUO Зарядтау құрылғысында сериялық нөмір ауыстырылатын бүйірлік панельдің астында, Тұтқышта – Қалпақшаның астында, қосу түймесіне қарсы орналасқан.
Multi-де сериялық нөмір қалпақшаның астында, қосу түймесінің артқы жағында орналасқан.
lil Solid 2.0 құрылғысында сериялық нөмір қыздыру камерасының жанындағы қалпақшаның астында орналасқан.

Құрылғыны өзім қалай тіркей аламын(байланыстыра аламын)?

Сайттағы есептік жазбаға құрылғыларды байланыстыру үшін жеке кабинетке Менің құрылғыларым бөліміне өтіңіз. Әрі қарай, құрылғының қорабындағы нөмірді немесе элементтердің әрқайсысында тікелей пайдаланып, Тұтқыш пен Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірін енгізіңіз.
Құрылғыларды Telegram есептік жазбасына байланыстыру үшін негізгі мәзірден «Құрылғыны тіркеу» түймесін басыңыз. Әрі қарай «Тіркеу» түймесін басыңыз және құрылғының қорабындағы нөмірді немесе элементтердің әрқайсысында тікелей пайдаланып, Тұтқыш пен Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірін енгізіңіз.

IQOS құрылғыңыздың нөмірін қалай табуға болады

Егер сіз құрылғыны тіркеп қойған болсаңыз, құрылғы нөмірін жеке кабинетте «Менің құрылғыларым» бөлімінен таба аласыз. Сонымен қатар, құрылғы нөмірі IQOS құрылғысының түпнұсқа қаптамасының төменгі жағында, сондай-ақ шотта көрсетілген.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру