IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сұрақтар мен жауаптар

IQOS үшін таяқшалар

IQOS пайдаланудың бір сеансы қанша уақытқа / ішке тартуға есептелген?

Орта есеппен, IQOS құрылғысымен өтетін әрбір сеанс шамамен 6 минутқа немесе 14 рет ішке тартуға созылады.

IQOS арналған таяқша сүзгісінің ішінде не үлдір бар?

Бұл тамақ және медицина өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын полисүтқышқылынан (полилактидтен) жасалған биополимер үлдір. Бұл үлдір таяқшадағы темекі қыздырылған кезде пайда болатын темекі буының температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы деңгейде сақталуына мүмкіндік береді.

HEETS таяқшаларын тұтынған кезде ішке қаншалықты жиі тартуға болады? IQOS пайдаланудың бір сеансы қанша уақытқа / ішке тартуға есептелген?

HEETS стиктерін 6 минут бойы немесе 14 рет ішке тартуға болады (қайсысы бірінші орын алуына байланысты). Бұл
Нақты пайдалану уақыты тұтынушының жеке әдеттеріне байланысты екенін ескеру қажет.

Тұтқышқа таяқшаны сала алмай отырмын, не істеу керек?

Егер Сіз қиналып жатсаңыз және таяқшаны тұтқышқа сала алмасаңыз, алдыңғы пайдаланғаннан кейін тұтқыштың қалпақшасында темекі тұрып қалмағанына көз жеткізуіңіз керек.

Неліктен сеанс кезінде IQOS/lil Solid 2.0 құрылғысындағы таяқша «тартылмайды» және темекі буы аз болады?

Мұндай мәселе келесі себептерге байланысты туындауы мүмкін:

• таяқшадағы темекінің қатты сығымдалуынан,
• құрылғыны пайдаланудың жеке ерекшелігіне байланысты,
• қалпақшаның / қыздыру элементінің негізінің ластануынан.

Келесі әрекеттер мәселені шешуге көмектеседі:
1) IQOS/lil SOLID 2.0 құрылғысын жүйелі түрде тазалау (20 таяқшаны қолданған сайын);
2) Таяқшаны тұтқыштан шығармай, тұтқыштың қалпақшасын көтеріп, түсіріңіз. Бұл темекінің таяқша ішінде біркелкі таралуын қамтамасыз етеді;
3) Таяқшаны тұтқышқа салмас бұрын саусағыңызбен оның темекі бөлігін аздап басқылаңыз. Бұл сеанс кезінде таяқшаның темекі бөлігіндегі ауа айналымының жақсаруына ықпал етеді және қанық дәм береді;
4) Тым жиі немесе тым қатты ішке тартпау және ішке тарту арасында ұзағырақ үзілістер жасауға тырысу.

Неліктен IQOS қолданғаннан кейін темекі таяқшасының қағазы қоңыр түске боялады?

IQOS пайдаланған кезде темекі таяқшасының қағаз түсінің өзгеруі оны қыздыру процесінде таяқшадағы темекіден ылғалдың бөлінуіне байланысты.

IQOS таяқшасын кәдімгі сигарет сияқты пайдалануға (шегуге) бола ма?

Темекі таяқшалары оларды IQOS құрылғысымен пайдалануға арналған, оларды жандыруға немесе оттың басқа әсеріне ұшыратуға болмайды.

HEETS стиктерін басқа құрылғылармен пайдалануға бола ма?

HEETS стиктері тек қыздыру элементі бар IQOS құрылғыларында (IQOS ORIGINALS DUO, IQOS 3 DUO\3, IQOS MULTI, IQOS 2.4 Plus) қолдануға арналған.

Неліктен IQOS таяқшалары кәдімгі сигареттерден қысқа?

Темекі таяқшалары тек IQOS құрылғыларымен пайдалануға арналған. IQOS-та пайдаланылатын HeatControl™ технологиясының арқасында таяқшалардағы темекі жанбай қыздырылады, бұл ретте күл пайда болмайды. Сигарет жанған кезде оның ұзындығының шамамен 2/3 бөлігі жану процесін қамтамасыз етуге кетеді.

HEETS темекі стиктеріндегі фильтр туралы нені білген маңызды?

HEETS темекі стиктері туралы көбірек білу үшін қысқа бейнежазбаны көріңіз. Көбірек білу

HEETS стиктерінде никотин бар ма?

HEETS темекі стиктері (сонымен қатар TEREA және Fiit) құрамында никотин бар. IQOS құрылғысын пайдалану барысында шығарылатын бу аэрозолінде никотин бар.

Неліктен IQOS таяқшалар қорабында акциз маркасы жоқ?

Акциздік маркаларды таяқшаларға қолдану заңмен талап етілмейді. Оның орнына мемлекет тарапынан бақылау мақсатында сәйкестендіру құралдары (цифрлық таңбалау) пайдаланылады. Бұл сәйкестендіру құралдары 2020 жылғы 1 қазанда өндірілетін және импортталатын темекі стикисіне салынады.

HEETS таяқшаларын қалай дұрыс сақтау керек?

HEETS таяқшаларының жарамдылық мерзімі жоқ, оларды кез келген уақытта пайдалануға болады.
Ең жақсы дәм мен сапаны сақтау үшін HEETS таяқшаларын сақтау бойынша біздің нұсқауларымызды орындаңыз:
• HEETS таяқшаларын тікелей күн сәулесінде сақтамаңыз • HEETS таяқшаларын ылғал әсеріне ұшыратпаңыз • HEETS қаптамалары герметикалық түрде жабылуы керек, оларды құрғақ жерде сақтау қажет

Темекі таяқшаларының қандай дәмдері бар?

Сайттың тиісті бөлімінде темекі таяқшаларының ассортиментімен танысуға болады. Көрсетілген бөлімдегі ақпарат өзінің жасын растаған кәмелетке толған 21 жастан асқан пайдаланушыларға жеке кабинетте авторизациядан өткеннен кейін қолжетімді болады.

Қорапта/блокта қанша таяқша бар?

Әр қорапта 20 таяқша, әр блокта — 10 қорап және сәйкесінше 200 таяқша бар.

HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары (стиктері) (темекі таяқшалары) дегеніміз не?

HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары (стиктер) IQOS құрылғылары (IQOS ORIGINALS DUO, IQOS 3 DUO\3, IQOS MULTI, IQOS 2.4 Plus) үшін арнайы жасалған.
IQOS құрылғылары таяқшалардағы темекіні жандырусыз қыздырады. Бұл ретте түтін мен күлсіз иістің минималды көлемі шығарылады.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру