ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

ЖАРИЯ ОФЕРТА

(барлық маңызды шарттарды қамтитын бөлшек сатып алу-сату шартын жасасу туралы ұсыным)


«Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырма бір жасқа толған, темекіні, темекі өнімдерін немесе никотин құрамды өнімді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушы болып табылатын және тауарды (оның анықтамасы төменде берілген) тек қана жеке немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану үшін сатып алуға мүдделі кез келген жеке тұлғаға төмендегі жария шартты жасасуға ұсынады:


ЖАРИЯ ШАРТ

www.kaspi.kz/shop интернет-ресурсында өнімдерді бөлшек сатып алу-сату


Кіріспе

Осы бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты (бұдан әрі — «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайы бойынша тіркелген заңды тұлға, пошта индексі: B40A6M8 немесе 040700, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, бір жағынан, және жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және өнімді (оның анықтамасы төменде берілген) тек қана жеке немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану үшін www.kaspi.kz/shop интернет-ресурсынан (бұдан әрі — «Интернет-ресурс») сатып алу ниеті бар кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға, бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, екінші жағынан, арасындағы қатынастарды реттейді, ол Сатушының шарттарында өзгеріссіз Шарт жасасу туралы ұсынысты (жария офертаны) Шартқа тұтастай қосылу жолымен акцептеген.

Тараптар осы арқылы осы Шарт Тұтынушы мен Сатушының өнімді бөлшек сатып алу-сату мәселелері бойынша өзара іс-қимылының жалпы және негізгі шарттарын регламенттейтінін мойындайды.


1. Анықтамалар

1.1. Тауар — IQOS темекі қыздыру жүйесі, IQOS темекі қыздыру жүйесіне арналған аксессуарлар, сондай-ақ Сатушының Каталогына сәйкес Тапсырыс ресімдеу сәтінде Сатушыда қолда бар, Сатушы Тұтынушыға белгілі бір бағамен сатуға ұсынған кез келген өзге де өнімдер. Сатуға ұсынылатын Тауарлардың тізбесі және олардың құнын Сатушы біржақты тәртіппен айқындайды және Сатушының Каталогында көрсетіледі.

1.2. Каталог — Интернет-ресурста орналастырылған, Сатушы Тұтынушыға сатуға ұсынатын, Тауарлардың ассортименті мен тиісті бағалары көрсетілген Тауарлардың тізбесі.

1.3. Тапсырыс — Тұтынушының Интернет-ресурста таңдалған Тауарларды сатып алуға және Тұтынушы көрсеткен мекенжай бойынша жеткізуге тиісті түрде ресімделген сұрау салуы.

1.4. Қолдау көрсету қызметі — Тұтынушыға Тапсырыс, Тауарлар және оларды жеткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Тұтынушыға қажетті өзге де ақпаратты беруге жауапты Сатушының байланыс орталығы. Телефон нөмірі: 2121.

1.5. Сатушының сауда объектісі — Сатушының Тауарларын бөлшек сатуда өткізу жүзеге асырылатын сауда объектісі.

1.6. Тараптар — Сатушы және Тұтынушы бірге аталғанда.

1.7. Кепілді жарна — Тұтынушы Тауарға тиісті Тапсырысты ресімдегеннен кейін кепілді жарна төлеу туралы Тараптар қол жеткізген келісім негізінде болашақта олардың арасында Шарт жасасуды қамтамасыз ету үшін Тұтынушы Сатушыға төлейтін ақшалай сома.


2. Шарттың мәні

2.1. Сатушы Тауарды кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшін Тұтынушыға меншікке беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы Тауарды Тапсырыс ресімдеу сәтінде қолданылып жүрген Тауарлар Каталогына және осы Шарттың басқа да шарттарына, оның ішінде Сатушының бұйрығымен (бұйрықтарымен) және (немесе) Сатушының өзге де құжаттарымен белгіленген шарттарға сәйкес төлейді және қабылдайды.

2.2. Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де шарттарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Интернет-ресурста немесе Қолдау көрсету қызметіне жүгіну арқылы танысуға болатын Сатушының жекелеген бұйрықтарында, қағидаларында немесе өзге де құжаттарында қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де шарттар болуы мүмкін.


3. Шарт жасасу және оның шарттарын өзгерту тәртібі

3.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасы және Шарттың басқа да шарттары Сатушы тарапынан Тапсырысты ресімдеу сәтінде Шарт жасасуға қатысты бір Тұтынушыға екіншісінен артықшылық бермей, барлық Тұтынушылар үшін бірдей белгіленеді.

3.2. Сатушы Тапсырысты ресімдеген сәтке дейін жария офертаның және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Тапсырыс ресімделгеннен кейін оған өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.

3.3. Офертаны алуды, оның барлық шарттарымен және оны акцептеу тәртібімен танысуды растау Тұтынушыны Интернет-ресурста тіркеу және Сатушының Интернет-ресурстағы парақшасына кіру болып табылады. Оферта Тұтынушы тарапынан акцептелген деп танылады (акцепт жасалған деп танылады), ал Шарт Тұтынушы Шарт шарттарына сәйкес жиынтығында мынадай іс-әрекеттерді жасаған кезде жасалған деп танылады:

3.3.1. Интернет-ресурста Тауарға Тапсырысты ресімдеу;

3.3.2. Кепілді жарнаны төлеу;

3.3.3. Сатушыға (оның өкіліне) Тапсырысты ресімдеген және Кепілді жарнаны төлеген тұлға ретінде Тұтынушыны сәйкестендіру мақсатында, ал Сатушыда (оның өкілінде) Тұтынушының жиырма бір жасқа толуына күмән туындаған жағдайда – сондай-ақ оның көрсетілген жасқа жеткенін растау мақсатында, оған Тауар берілген сәтке дейін Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсыну.

3.4. Жеке басын куәландыратын құжатты штрих-код арқылы сканерлеу процедурасы тек Тұтынушының жасын тексеру үшін қолданылатын қолжетімді жүйелер арқылы Тұтынушының деректерін тексеру үшін ғана жүзеге асырылады.

3.5. Тұтынушының осы Шарт тармағында жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің кез келгенін орындамауы немесе Тұтынушының оларды Шарт шарттарын бұза отырып жасауы Тұтынушының осы жария офертаны қабылдаудан және Шарт жасасудан бас тартуы болып есептеледі. Тұтынушының акцепт жасауы Тұтынушының Тауарды сатып алу шарттарымен танысқанын және келіскенін растау, сондай-ақ Тұтынушының осы Шарттың шарттарында Сатушымен Тауарды сатып алу-сату шартын жасасуға келісімін растау болып табылады. Тұтынушының Тапсырысты әрбір ресімдеуі осындай Тапсырыспен айқындалған Тауарға қатысты онымен Шарт жасасу үшін дербес негіз ретінде қаралады. Тұтынушының Кепілді жарнаны төлеу туралы келісім жасасуға акцепті жасалған болып есептеледі, ал Кепілді жарнаны төлеу туралы келісімнің өзі Тұтынушының Тауарға Тапсырысты ресімдеуі аяқталған және Сатушы осы Тапсырысты қабылдаған сәттен бастап осы Шартта көзделген шарттарда Сатушымен жасалған болып есептеледі.


4. Тауар туралы жалпы ережелер

4.1. Тараптар Интернет-ресурста орналастырылған барлық ақпараттық материалдардың (бейне, фото, мәтін және т.б.) анықтамалық сипатқа ие екенін және түсі, өлшемдері мен нысандарын қоса алғанда, Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы ең толық және өзекті ақпарат тікелей Тұтынушыны қызықтыратын Тауардың таңбалауында болады. Тұтынушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тауарды сатып алмас бұрын Тұтынушы Сатушының ішкі сауда объектілеріне немесе Қолдау көрсету қызметіне Тауар туралы қызықтыратын ақпаратты алу үшін, оның ішінде дербес презентация үшін жүгінуге құқылы.

4.2. Сатушы Тапсырысты ресімдеу сәтінде Сатушының қоймасында бар тиісті сапалы Тауарды сатуға ұсынады. Тараптар Тауарлар Каталогында көрсетілген белгілі бір түрдегі тауардың Сатушының қоймасында қысқа мерзімді болмауы мүмкіндігін осы арқылы мойындайды. Бұл жағдайда Сатушы мұндай Тауардың қоймада болуын тезірек қалпына келтіруге немесе Тауар ассортиментін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Тауарлар Каталогына тиісті өзгерістер енгізуге қажетті күш салуы тиіс.

4.3. Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты Тәуекелдер Тауарды Тұтынушыға берген сәтте Сатушыдан Тұтынушыға ауысады.

4.4. Тауарлардың белгілі бір түрлеріне кепілдік беріледі. Кепілдік қолданылатын Тауарлардың кепілдік мерзімі мен қызмет мерзімі Тауарлар жиынтығына кіретін тиісті құжаттарда (бұдан әрі – «Кепілдік мерзімі») көрсетілген. Кепілдік мерзімін анықтайтын Тауарлар жиынтығына кіретін арнайы құжаттардың болмауы мұндай Тауарларға кепілдік берілмегенін білдіреді.


5. Интернет-ресурста тіркелу

5.1. Тұтынушыны Интернет-ресурста тіркеу және Сатушының парақшасына кіру Тұтынушыға Интернет-ресурсқа қол жеткізуге және Тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Сатушының Интернет-ресурстағы парақшасына кіруге мүдделі тұлға оның жиырма бір жастан асқанын растау қажет.

5.2. Жиырма бір жасқа толмаған тұлға Сатушының Интернет-ресурстағы парақшасына кіре алмайды және Тауарларға тапсырыс бере алмайды.


6. Тапсырысты ресімдеу және Кепілді жарнаны төлеу тәртібі

6.1. Тұтынушының Тапсырысты ресімдеуі мынадай дәйекті әрекеттерді орындау жолымен жүзеге асырылады:

- Тұтынушыны Интернет-ресурсқа қол жеткізу үшін Интернет-ресурста тіркеу;

- Интернет-ресурста орналастырылған Каталогтан Тауарды таңдау және таңдалған Тауарлардың «Себетін» қалыптастыру;

- «Себеттегі» Тауарлар ассортиментін тексеру және «Тапсырыс беру» опциясын таңдау;

- қалыптастырылған Тапсырыс шарттарын көрсету (тексеру) (Тұтынушының деректері, жеткізу мекенжайы, Тұтынушының байланыс телефон нөмірі);

- «Төлем» опциясын таңдау, Тұтынушы көрсеткен жеткізу мекенжайына сәйкес жеткізуді ескере отырып, Тапсырыстың қорытынды құнымен танысу;

- Интернет-ресурста көзделген төлем құралдарының көмегімен Кепілді жарна сомасын төлеу.

6.2. Кепілді жарнаны сәтті төлегеннен кейін Тұтынушы Сатушының Тауарға Тапсырысты қабылдағаны туралы ақпарат алады.

6.3. Интернет-ресурста қолжетімді Тапсырыс құнын төлеудің әртүрлі тәсілдері (бөліп төлеудің әртүрлі түрлерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді) Тұтынушыға Тапсырыс құнын тиісті төлем әдісімен төлеуге мүмкіндік беретін провайдерлер мен компаниялардың тиісті шарттарымен реттеледі. Төлем тәсілдеріне, төлем кестелеріне, осындай төлем тәсілдерінің шарттарына қатысты барлық мәселелер, шағымдар, талаптар және өзге де өтініштер, сондай-ақ төлем тәсіліне қатысты өзге де мәселелер Тұтынушы тікелей осындай төлем тәсілдерінің компанияларына немесе провайдерлеріне жіберуге жатады.


7. Тауардың құны және Кепілді жарнаны төлеу шарттары

7.1. Тауардың құны Каталогта, сондай-ақ төлем құжаттарында Тауардың бірлігі үшін теңгемен көрсетіледі. Тауардың құны қосылған құн салығын ескере отырып көрсетіледі.

7.2 Тауарды Қазақстан Республикасындағы барлық қолжетімді қалаларға Тұтынушыға жеткізу құны тегін болып табылады.

7.3. Тауардың құнын Сатушы Каталогқа өзгерістер енгізу арқылы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Тұтынушы Тапсырысты ресімдеген және кепілді жарнаны төлеген Тауарлардың бағасы өзгертуге жатпайды.

7.4. Кепілді жарнаның сомасы Тапсырыстың 100 % (жүз пайыз) мөлшерінде айқындалады (Тауар және жеткізу құны) және Тұтынушы Интернет-ресурста көзделген төлем құралдарының көмегімен төлейді.

7.5. Сатушы ережеде немесе Сатушының өзге де құжаттарында белгіленген, олар туралы ақпарат Тұтынушыға Алаңда қолжетімді болуға тиіс жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсынымдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте Сатушы жеңілдіктер немесе өзге де арнайы ұсынымдар алу шарттарын белгілеуге құқылы.


8. Тауарды жеткізу

8.1. Сатушы Тапсырыс ресімделген және Кепілді жарна төленген Тауарды Тұтынушы Тапсырыста көрсеткен орынға (жеткізу мекенжайына) жеткізуді жүзеге асырады. Тауарларды жеткізудің болжамды мерзімдері тапсырысты ресімдеу кезінде жеткізу мекенжайын таңдау сәтінде көрсетіледі.

8.2. Жеткізу кезінде Тапсырыста көрсетілген Тауар тек Тапсырысты ресімдеу кезінде дербес деректері көрсетілген Тұтынушыға ғана және тек Тұтынушы оның кемінде жиырма бір жасқа толғанын растаған жағдайда ғана жеке беріледі.

8.3. Тұтынушы өзіне Тауарды Сатушы (оның өкілі) бергенге дейін Тұтынушының жасын тексеру үшін пайдаланылатын қолжетімді жүйелер арқылы сканерлеу және Тұтынушының жиырма бір жасқа толуын кейіннен анықтау мақсатында Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуге міндетті.

8.4. Тұтынушы Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған және/немесе Тұтынушы өзі ұсынған құжат бойынша жиырма бір жасқа толмаған жағдайда, Сатушы Тапсырыстың орындалуын жояды және Тұтынушыға Кепілді жарнаның сомасын қайтарады.

8.5. Тұтынушы Шарттың 8.3-тармағының талаптарын орындағаннан және оған Сатушы (оның өкілі) берген Тауарды қабылдағаннан кейін Кепілді жарнаның сомасын Сатушы тиісті Тапсырыста көрсетілген Тауардың және жеткізудің құнын төлеу есебіне есептейді.

8.6. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі Тұтынушыға Тауар берілген және Тұтынушы Сатушының өкіліне алынған смс-хабарламадан немесе IQOSKZ_Support_bot Телеграм ботынан кодты хабарлаған сәттен бастап ауысады.

8.7. Сатушының Тауарды Тұтынушыға беру міндеті Сатушы (оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға тапсырған сәтте орындалған болып есептеледі.

8.8. Сатушыдан (оның өкілінен) Тауарды қабылдау кезінде Тұтынушы жеткізілген Тауарды қарап шығуға және оның мәлімделген санына, ассортиментіне, Тауардың толықтығына және қаптаманың тұтастығына сәйкестігін тексеруге міндетті. Жеткізілген Тауарға шағымдар болмаған жағдайда Тұтынушы Сатушының өкіліне смс-хабарламадан немесе IQOSKZ_Support_bot Телеграм ботынан кодты хабарлайды. Тұтынушының хабарлаған коды Тұтынушының Тауарға шағымданбағанын және Сатушы Тауарды Тұтынушыға беру жөніндегі өз міндетін толық және тиісті түрде орындағанын куәландырады.

Егер Тұтынушы Сатушының өкіліне смс немесе IQOSKZ_Support_bot Телеграм-ботынан алынған кодты беруден бас тартқан жағдайда, Тапсырыс Тұтынушыға берілмейді. Жеткізілген Тауарға шағымдар болған жағдайда (салымсыздық, жөнелту тізімдемесінде көрсетілгеннен өзгеше Тауардың салымы, өзге де наразылықтар) Тұтынушының нұсқауы бойынша Сатушының өкілі анықталған сәйкессіздіктер туралы акт жасайды және Тауар Тұтынушыға берілмейді, Тұтынушы осындай Тауарды қабылдауға шешім қабылдаған және Сатушының өкіліне смс-хабарламадан немесе IQOSKZ_Support_bot Телеграм ботынан кодты хабарлаған жағдайларды қоспағанда. Бұл ретте, Тұтынушы Тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Қолдау көрсету қызметі анықталған сәйкессіздіктер туралы акт жасаған Сатушының өкілінен ақпарат алған кезде тиісті Тауарды жеткізу немесе Кепілді жарнаны қайтару бойынша одан әрі іс-қимылдарды айқындау үшін Тауарды қабылдамаған Тұтынушымен байланысады.


9. Сапасыз Тауарды қайтару

9.1. Кепілдік мерзімі ішінде Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, Тұтынушы 2121 қысқа нөмірі бойынша Қолдау көрсету қызметіне шағыммен жүгінеді немесе Каспи-дүкенде Тауарды қайтаруға өтінімді ресімдейді, егер Сатушы өзге тәртіпті қосымша анықтамаса, бұл туралы Тұтынушы Қолдау көрсету қызметіне хабарласу арқылы біле алады.

9.2. Кепілдік жағдай туындаған кезде тауарды қайтару Каспи-дүкен алаңында (Тұтынушының жеке кабинетінде) қайтаруға өтінім ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

9.3. Азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік бермейтін жағдайлардың тізбесі осы Шартқа №1 қосымшада белгіленеді. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік бермейтін жағдайлардың тізбесі де Тауар жиынтығына кіретін дайындаушының тиісті құжатында көзделуі мүмкін.

9.4. Сапасыз тауар қайтарылған жағдайда Сатушы сапасыз Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша шығыстарды көтереді.


10. Тиісті сападағы тауарды айырбастау немесе қайтару

10.1. Тиісті сападағы тауарды Сатушыға ұқсас Тауарға қайтару Сатып алушы Тауарды айырбастауға немесе қайтаруға Сатушыдан осындай Тауарды сатып алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүгінген жағдайда мүмкін болады, егер Тауар пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары сақталған болса, сондай-ақ Сатып алушыда осындай Тауардың құнын Сатушыға төлеу фактісін растайтын төлем құжаты болса.

10.2. Тауар пайдаланылмаған болып саналады және оның тауарлық түрі мен тұтыну қасиеттері келесі жағдайларда сақталады:

· Тауардың қаптамасына/бетіне зақым келтірілмеуі;

· жұмыс істейтін қуат беру құрылғысының, тұтқыштың, USB кабелінің болуы;

· Тауар беттерінде сызаттардың немесе өзге де зақымдардың болмауы.

· тұтқыш пен қуат беру құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы;

· қуат беру құрылғысында жапсырманың, қуат беру блогында қорғаныс ораманың және USB кабелінде бекітетін сақинаның болуы;

· Тауардың сериялық нөмірі сақталған;

· қуат беру құрылғысы мен тұтқышқа арналған пластикалық тұғырдың, пайдаланушы нұсқаулығының және үш тілдегі кепілдіктің болуы.

Тауар қорабында пленканың болмауы тауарлық түрдің бұзылуы ретінде қарастырылмайды.

10.3. Тауарды қайтару рәсімін бастау үшін Тұтынушы мынадай қолжетімді тәсілдердің бірін таңдай алады:

2121 қысқа нөмірі бойынша Қолдау көрсету қызметіне жүгіну;

— Kaspi.kz интернет-ресурсында Тұтынушының жеке кабинетінде Тауарды қайтаруға өтінім ресімдеу.

10.4. Интернет-ресурста Тұтынушының жеке кабинетінде өтінімді тіркегеннен кейін Сатушының Қолдау көрсету қызметінің қызметкері қайтару себебін нақтылау, сондай-ақ Тауарды курьерге беру мекенжайы мен уақытын келісу үшін Тұтынушымен байланысады.

10.5. Тауарды 10.3-тармақта көрсетілген тәсілдермен қайтару курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады. Белгіленген уақытта курьер Тұтынушымен байланысады және тауарды алады.

10.6. Қайтарылған Тауар үшін Тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару Сатушы Тауарды қабылдаған және оның тиісті жай-күйін растаған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде 10.1-тармаққа және 10.2-тармаққа сәйкес интернет-ресурстағы Тұтынушының жеке шотына жүзеге асырылады.

10.7. Егер 10.2-тармағында белгіленген шарттар бұзылған жағдайда, Сатушы тиісті сападағы Тауарды қайтарудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. 10.8. Тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша барлық шығыстарды көтереді.


11. Сапасыз тауарды айырбастау

11.1. Интернет-ресурста сатып алынған Тауарды айырбастау төменде белгіленген шарттар мен мерзімдерді сақтай отырып, Сатушының ресми сауда объектісіне жүгіну арқылы ғана жүзеге асырылады.

11.2. Интернет-ресурста сатып алынған Тауарды айырбастауды жүзеге асыру үшін Сатып алушы Тауарды, оның төленгенін растайтын құжатты (оның ішінде электрондық чекті немесе Kaspi жеке кабинетінен алынған мәліметтерді), сондай-ақ осы шартта көзделген өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.

11.3. Сатушының ресми сауда объектілерінің тізімі туралы ақпаратты Сатушының Қолдау көрсету қызметі арқылы немесе Сатушының ресми сайтынан алуға болады.


12. Дербес деректер

Сатушы дербес деректер субъектісі ретінде Тұтынушының өзіне ұсынылған дербес деректерінің құпиялылығын және өңделуін Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының барлық қолданылатын талаптарын сақтай отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында белгіленген дербес деректер операторының қағидаттарын, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тапсырысты ресімдеу арқылы Тұтынушы Сатушыда бар Тұтынушының дербес деректерінің тапсырысты жеткізу үшін қажетті көлемде Тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын курьерге берілуі мүмкін екендігіне өз келісімін береді. Сатушының курьерге мұндай ақпарат беруін Тараптар ақпаратты заңды тарату, яғни ақпаратты оны жинау мақсаттарына сәйкес тарату деп таниды.


13. Қорытынды ережелер

13.1. Осы шарттың талаптары мен Пайдаланушы келісімінің талаптары немесе Интернет-ресурста тауарларды бөлшек саудада сатып алу-сатуға қолданылатын басқа да құжаттардың талаптары арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, осы Шарттың талаптары басым күшке ие болады.

13.2. Тұтынушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.

13.3. Осы шартты Сатушы Тұтынушыны хабардар етпей біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттың жаңа редакциясы Тұтынушыны таныстыру үшін алаңда орналастырылған күннен бастап күшіне енеді.



Интернет-ресурста Тауарды бөлшек саудада сатып алу-сату жария шартына №1 қосымша

IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлардың тізбесі


1) Кепілдік емес жағдайлар: Тұтқыштың зақымдануы

C101

Механикалық зақым

C002

Қыздыру элементі зақымданған

C004

Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы


Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101

Механикалық зақым

С010

Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы

C005

Қақпақтың ілмегі мен серіппесінің зақымдануы


2) Кепілдік жағдайлары:

Ұстағыш

B004

Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз/p>

B043

Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B103

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


Зарядтау құрылғысы

B006

Зарядтау құрылғысындағы ұстағышты зарядтау индикаторы жанбайды

B032

Зарядтау құрылғысы ұстағышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды

B038

Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл түспен жанып тұр

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B104

Зарядтау құрылғысы зарядталмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


IQOS ILUMA электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі

1) Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағыштың зақымдануы

С101

Механикалық зақым

С004

Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы

С069

Стик сегменті қыздыру камерасынан алынбайды

С042

Қыздыру камерасының зақымдануы

Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101

Механикалық зақым

С010

Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы


2) Кепілдік жағдайлар:

Ұстағыш

B004

Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз

B043

Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B103

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды

B067

Түймені басқан кезде, қыздыру қосылмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


Зарядтау құрылғысы

B006

Зарядтау құрылғысындағы ұстағышты зарядтау индикаторы жанбайды

B032

Зарядтау құрылғысы ұстағышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды

B038

Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл түспен жанып тұр

B064

Құрылғының заряды 20 (жиырма) пайдалану сеансына (ILUMA ONE) жетпейді

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B104

Зарядтау құрылғысы зарядталмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.