IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаз 4, 2021

Темекі қыздыру жүйелері дегеніміз не?

Біз жанусыз темекі қыздыру жүйесі туралы бұрыннан бері ойланып жүрдік. Бірнеше жылдық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерден кейін Филип Моррис Интернешнл (ФМИ) басқа жағдайда никотині бар өнімдерді қолдануды жалғастыратын ересек темекі тұтынушыларына қарапайым шылымға инновациялық балама болып табылатын өз идеясын жүзеге асырды.

Шылымды тарту үшін оны тұтандыру керек. Шылым ұшындағы температура 600°C құрайды, ал тарту кезінде ол 800°C-ден асуы мүмкін. Дәл осы жану процесінде темекі шегуші түтінмен бірге жұтатын зиянды және ықтимал зиянды химиялық заттардың көп бөлігі бөлінеді.

ФМИ ұсынған IQOS темекі қыздыру жүйелері өңделген темекіні 350 °C-ге дейін қыздырып, оның дәмін жанусыз, күлсіз және шылым түтінінің иісінсіз ашады. IQOS темекі қыздыру жүйесінде жанудың болмауының арқасында түтін пайда болмайды және шылымдармен салыстырғанда зиянды химиялық заттар 95%-ға аз бөлінеді*. Бұл IQOS қолданғанда қауіптің 95 %-ға азаятынын немесе мүлдем қауіп болмайтынын білдірмейтінін айта кеткен маңызды.

IQOS-тың қарапайым шылымнан тағы бір артықшылығы оның жағымсыз иісті едәуір азайтуға мүмкіндік беретіндігінде, яғни сіз айналаңыздағыларға көп қолайсыздық тудырмайсыз. Темекінің жанусыз қыздырылуының арқасында IQOS-ты қолдану кезінде қайталама темекі түтіні пайда болмайды.

*Эталонды шылым түтінімен (3R4F) салыстырғанда бірқатар зиянды химиялық заттар (никотинді есепке алмағанда) деңгейінің орташа төмендеуі.

 

Темекі қыздыру жүйелері дегеніміз не?

«Темекі қыздыру жүйелері» немесе «қыздырылатын темекі өнімдері» атауы айтып тұрғандай, мұнда темекі жанбайды, қызады. 

HeatControl™ инновациялық технологияларының арқасында IQOS-та темекі жанусыз 350°C-ге дейін қызады. Сіз темекі шегу кезінде қолыңызға, шашыңызға және киіміңізге сіңіп қалатын жанусыз, күлсіз және жағымсыз иіссіз темекінің дәмі мен хош иісін сезінесіз.

 

IQOS темекі қыздыру жүйелері

Біз IQOS темекі қыздыру жүйелерінің үш үлгісін екі орындалу нұсқасында ұсынамыз. Бірінші нұсқа екі негізгі құрамдастан — тұтқыш және зарядтау құрылғысынан тұрады. Екінші нұсқасы — құрамына тұтқыш пен зарядтау құрылғысы кіретін «барлығын қамтитын» құрылғы. IQOS темекі қыздыру жүйелері басқа жағдайда темекі шегуді немесе құрамында никотині бар басқа да өнімдерді пайдалануды жалғастыра беретін ересек темекі тұтынушыларға арналған.

 

Қазіргі уақыттағы бірінші санаттағы ең заманауи темекі қыздыру жүйесі — IQOS ORIGINALS DUO. IQOS ORIGINALS DUO тұтқышын қатарынан екі рет зарядтаусыз және зарядтау құрылғысын толық зарядтағаннан соң 20 рет қолдануға болады. Жиынтыққа зарядтау құрылғыларымыздың ішіндегі ең жылдамы кіреді (алғашқы пайдалану алдындағы зарядтау уақыты — бар болғаны 1 минут 50 секунд), ал IQOS аксессуарларының кең сұрыпталымының арқасында пайдаланушы опцияларының саны 1000-нан асады.

Барлық құрылғыларды салыстыру

 

IQOS темекі қыздыру жүйелері қалай жұмыс істейді?

Барлық IQOS темекі қыздыру жүйелерінің жұмыс істеу принципі бірдей. Алдымен HEETS темекі таяқшасын тұтқышқа қойыңыз. Сосын қыздырғышты қосу үшін түймені басыңыз және ішке тартыңыз. Сеанс аяқталғаннан соң жай ғана HEETS темекі таяқшасын тұтқыштан алып, лақтырыңыз.

 

Біздің мақсатымыз — жоғары сапа.

Біз негізгі күш-жігерімізді IQOS ересек пайдаланушыларын жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге бағыттаймыз және бұл ретте темекіні өңдеу шешуші рөл атқарады. HEETS-тің әрбір таяқшасында оны қыздыру жүйесінде қолдануға мүмкіндік беретін бірегей патенттелген престеу технологиясын қолдана отырып, арнайы өңдеуден өткен темекі бар. Өңдеу процесінде жоғары сапалы темекі жапырақтары ұнтақ тәрізді күйге дейін ұсақталады және престеледі, содан кейін темекі тілімшелеріне кесіледі. Бұл тілімшелер сығылу жолымен темекі өзегіне сығымдалып, басқа құрамдастармен бірге HEETS темекі таяқшасын қалыптастырады. 

IQOS-қа арналған HEETS темекі таяқшалары шылымды еске салатын темекіден ләззат алуға мүмкіндік береді және қанықтыдан нәзіктікке дейінгі бірнеше дәммен, соның ішінде ментол және басқа да жаңа хош иістермен ұсынылады. Әрбір ересек IQOS қолданушысы өзінің сүйікті HEETS дәмін табатынына сенімдіміз.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру