IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаз 8, 2021

Әртүрлі темекі қыздыру жүйелеріне шолу және салыстыру

Темекі қыздыру жүйелері басқа баламалар болмаған жағдайда темекі шегуді әрі қарай жалғастыра беретін немесе құрамында никотині бар басқа да өнімдерді пайдаланатын ересек темекі тұтынушылары үшін қарапайым шылымдарға инновациялық балама болып табылады. Темекі қыздыру жүйелерінде темекінің дәмі мен хош иісі жанусыз қыздырудың арқасында ашылады. IQOS темекі қыздыру жүйелері ересек қолданушыларға жанусыз, күлсіз және шылым түтінінің иісінсіз жоғары сапалы темекімен рақаттануға мүмкіндік береді. Алайда IQOS-ты пайдалану денсаулық үшін қауіптерді жоққа шығармайды.

Темекі қыздыру жүйелерінің оннан астам түрлері бар. Олар туралы көбірек біліңіз және олардың бір-бірінен несімен ерекшеленетінін көріңіз.  

 

Қандай темекі қыздыру жүйелері бар?

Біздің ең заманауи түтінсіз өнімдеріміздің бірі HEETS (немесе Жапонияда - Heatsticks) арнайы темекі таяқшаларын қыздыратын күрделі электрондық жүйе болып табылады. HeatControl™ патенттелген технологиясының арқасында IQOS-тағы темекі жанусыз, құрамында никотині бар будың пайда болуы үшін қажетті температураға дейін қыздырылады. 

Алайда біз мұнымен тоқтап қалған жоқпыз. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің арқасында біз темекіні қыздырудың тағы бір революциялық жүйесін — TEEPS-ті жасап шығара алдық. IQOS сияқты TEEPS те темекі дәмін ашады және жанусыз никотин бөледі. Темекі одан бөлінген көмір жылу көзінің көмегімен қыздырылады, ал HeatControl™ патенттелген технологиясының арқасында темекінің шынайы дәмінен ләззат алуға мүмкіндік беретін қыздыру температурасын тиімді бақылау жүзеге асырылады.

 

Қыздырылатын темекі қандай дәмдермен ұсынылады?

Арнайы IQOS үшін HEETS темекі таяқшалары жасалған. IQOS ересек пайдаланушылары нағыз ләззат алуы үшін HEETS темекі таяқшаларының барлығы өндіріс процесінде мұқият бақылаудан өтеді. 

 

Сіздерге жетпес бұрын IQOS-қа арналған темекі таяқшалары бірнеше кезеңнен тұратын сатыдан өтеді. Алдымен түрлі елдердегі фермерлер темекіні мұқият өсіреді. Содан кейін біздің араластыру шеберлеріміз дәм мен хош иіс сипаттамаларына (мысалы, қанықтылық, жетілу, беріктік) ерекше назар аудара отырып, ең жақсы үлгілер мен сұрыптарды таңдайды. Және ең соңында мамандарымыз ересек IQOS қолданушылары ләззат алатын HEETS дәмдерін жасап шығарады.

Темекі классикасын қайта ойластыра отырып, HEETS дәм сезімдерінің кең спектрін — қанықтыдан бастап таңдаулыға дейін, соның ішінде ментол қосылған темекі және кез-келген талғамға сай жаңа хош иісті қоспаларды ұсынады. Осылайша, IQOS пайдаланушылары өздері үшін ең лайықтысын таңдап алу үшін қыздырылатын темекінің әртүрлі дәмдерін татып, салыстыра алады. HEETS темекі таяқшалары толығымен қауіпсіз емес және тәуелділік тудырады.

Біз IQOS ересек пайдаланушылары жаңа дәмдерді ашқанды ұнатататынын білеміз. Міне сондықтан да біз әрдайым жаңа дәмге ие болатын HEETS ғаламын құрдық, және IQOS ересек пайдаланушыларын ләззаттың көптеген зерттелмеген қырлары күтуде. Біздің ұсынымдар бағдарламамыз IQOS ересек пайдаланушыларына өздері үшін сүйікті HEETS дәмін таңдауға көмектеседі.

МАҢЫЗДЫ: IQOS ТЕМЕКІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ЗИЯНСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІЛІК ТУДЫРАДЫ.

 

Темекі қыздыру жүйелері мен электрондық шылымдар арасындағы айырмашылығы неде?

Темекіні қыздыру жүйелері мен электрондық шылымдар әдеттегі шыдымдардың түтінсіз баламасы болғанымен, олардың арасында түбегейлі айырмашылықтар бар.

Электрондық шылымдар ұүрамында темекі жоқ. Оларда құрамында никотин мен хош иістер бар электрондық шылымдарға арналған арнайы сұйықтық қыздырылады және аэрозоль пайда болады, оны бу деп те атайды, осыдан процестің атауы — «булану» шыққан.

Темекіні қыздыру жүйелерінде табиғи түрде темекіде болатын никотин бар. Электрондық шылымдар құрамында темекіден алынатын және электрондық шылымдарға арналған сұйықтыққа қосылатын никотин бар. 

 

Темекіні қыздыру жүйесін пайдалану мен «булану» арасындағы айырмашылық неде?

«Булану» электрондық шылым немесе ұқсас құрылғы шығаратын, көбінесе бу деп аталатын аэрозольді жұту және шығару процесі. Бұл термин мұндай құрылғылар темекі түтінін шығармайтындықтан қолданылады. Оның орнына аэрозоль түзіледі. 

 

Өзіңіз үшін біздің қыздырылған темекі дәмдерін ашыңыз.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.