IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаз 11, 2021

IQOS темекі қыздыру жүйелері неліктен ересек тұтынушылар арасында танымалдылыққа ие болуда

Темекі қыздыру жүйелері ересек қолданушыларға жанусыз темекі дәмінен ләззат алуға мүмкіндік бере отырып, хош иіс пен никотинді шығарады. Жанусыз темекі өнімдері ретінде де белгілі IQOS темекі қыздыру жүйелерінің ересек тұтынушылар үшін танымал баламаға айналуы таң қаларлық емес: олар түтінсіз, күлсіз және темекі түтінінің иісінсіз темекі дәмінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Бірақ шылым шегуден IQOS-ты қолдана бастауға ауысудың себептері мұнымен бітпейді. IQOS-та табиғи темекі пайдаланылып қана қоймай, шылымдармен салыстырғанда зиянды химиялық заттар орташа есеппен 95%-ға* аз бөлінеді. Маңызды ақпарат: бұл қауіптің 95%-ға төмендеуін білдірмейді. IQOS-ты пайдалану қауіптерді жоққа шығармайды.

Бұдан бөлек, IQOS-ты пайдалану белсенді емес темекі шегуге әкелмейді, демек, сіз айналаңыздағыларға келтіретін қолайсыздықты азайтасыз. Сіздің қолдарыңызда, шашыңызда және киіміңізде шылымдарды шеккенге қарағанда иіс аз болады. Осы артықшылықтардың барлығы IQOS-ты шылымдардың үздік баламасы етеді және неліктен 14 миллионнан астам ересек тұтынушының IQOS-ты қарапайым шылымдардан артық көретіндігін түсіндіреді**.

*Эталонды шылым түтінімен (3R4F) салыстырғанда бірқатар зиянды химиялық заттар (никотинді есепке алмағанда) деңгейінің орташа төмендеуі.

**Дереккөз: 2021 жылғы шілдедегі жағдай бойынша. ФМИ HeatSticks темекі таяқшаларын тұтыну соңғы 7 күн ішінде қыздырылатын барлық темекінің 70%-дан астамын құраған темекі қыздыру жүйелерінің пайдаланушылары есепке алынды. ФМИ қаржылық есептері немесе бағалауы, IQOS пайдаланушыларының сауалнамалары және ФМИ нарығын зерттеу.

 

Темекі қыздыру жүйелері басқа қарапайым шылымдардың баламаларынан несімен ерекшеленеді?

Шылымдар және никотинді тұтынудың басқа әдістері ұзақ уақыт бойы қолданылады. Алайда жақында пайда болған технологиялық әзірлемелер (темекі қыздыру жүйелері және электрондық шылымдар) басқа баламалар болмаған жағдайда темекі шегуді әрі қарай жалғастыра беретін немесе құрамында никотині бар басқа да өнімдерді пайдаланатын ересек темекі тұтынушылары үшін баламаға айналды.

IQOS темекі қыздыру құрылғысы ересек тұтынушылар арасында танымал, темекіні жанусыз қыздырады. Бұл IQOS-тың шылымнан басты ерекшелігі. IQOS темекі қыздыру жүйесінде жанудың болмауының арқасында түтін мен күл пайда болмайды.

Темекіні қыздыру жүйелері сияқты электрондық шылымдар түтін шығармайды, өйткені оларда жану жоқ. Алайда IQOS пен HEETS-ке қарағанда электрондық шылымдардың құрамында темекі жоқ. Оның орнына оларда құрамында никотин мен хош иістер бар электрондық шылымдарға арналған арнайы сұйықтық қыздырылады және соның салдарынан аэрозоль пайда болады.

 

IQOS ересек пайдаланушыларының арасында қыздырылатын темекінің қандай дәмдері танымал? / IQOS ересек пайдаланушыларының арасында танымал HEETS темекі таяқшаларының дәмдері

Ересек тұтынушылар арасында танымал арнайы IQOS темекі қыздыру жүйелері үшін жасалған HEETS темекі таяқшалары шылымдарды тұтыну кезінде пайда болатын жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекінің дәмінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Сондықтан IQOS ересек пайдаланушылары толықтай жағымды сәттер мен дәмдерді сезіне алады.

Темекі классикасын қайта ойластыра отырып, HEETS дәм сезімдерінің кең спектрін — қанықтыдан бастап таңдаулыға дейін, соның ішінде ментол қосылған темекі және барлық IQOS ересек пайдаланушыларына ұнайтын жаңа хош иісті қоспаларды ұсынады. HEETS темекі таяқшаларын хош иіске, дәмге және күштілік деңгейіне қарап таңдауға болады. Төмен беріктік деңгейі жұмсақ әрі таңдаулы дәмді, ал жоғары беріктік қанығырақ дәмнен ләззат алуға мүмкіндік береді.

IQOS ересек пайдаланушылары арасында көбірек танымал HEETS темекі таяқшаларына жеңіл ағаш және жаңғақ ноталары бар куырылған темекі жапырағының жұмсақ дәміне ие Amber selection жатады. Қыздырылатын темекінің тағы да бір танымал дәмі — HEETS Yellow selection. Бұл темекі таяқшалары қанық татымды ноталары бар жағымды хош иіске ие. Ал ментолды жақсы көретіндер үшін біз әлсіз ажыратылатын түрлі татымды ноталары бар салқындатқыш және балғын жалбыз дәмді HEETS Turquoise selection темекі таяқшаларын әзірледік.

 

Біз IQOS ересек пайдаланушылары жаңа дәмдерді ашқанды ұнатататынын білеміз. Сондықтан біз HEETS темекі таяқшаларының сұрыпталымын үнемі кеңейтіп отырамыз, олардың арасында IQOS-тың әрбір ересек пайдаланушысы өзінің сүйікті дәмін таба алады.

Ересек пайдаланушылар арасында танымал темекі қыздыру жүйелері туралы көбірек біліңіз.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру