• IQOS IQOS-пен алғашқы қадамдар
    slider-image-0
  • lil lil-пен алғашқы қадамдар
    slider-image-1
  • IQOS IQOS диагностикалау
    slider-image-0
  • lil lil диагностикалау
    slider-image-1
  • Құжаттар тізімі arrow-icon

    03.05.2023 жылғы № 81 бұйрыққа № 1 Қосымша

    “myIQOS” бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу ережелері

    03.05.2023 бастап қолданылады

    1.1. Бағдарламаны «Филип Моррис Казахстан» ЖШС (бұдан әрі - ФМҚ) Қазақстан Республикасының аумағында Қатысушының https://kz.iqos.com/ веб-сайтына (бұдан әрі - «Сайт»), 2121 нөмірі бойынша Қолдау қызметіне (бұдан әрі - «Қолдау қызметі»), ФМҚ ішкі сауда объектілеріне (бұдан әрі - «IQOS ресми дүкендері») және тізімі https://kz.iqos.com/ru/magaziny/ сілтемесі бойынша (бұдан әрі – «серіктестің дүкендері») келтірілген ФМҚ-мен шарттың негізінде тиісті қызметтерді көрсететін серіктестердің ішкі сауда объектілеріне жүгінуі арқылы өткізіледі.

    1.2. Бағдарламаға 21 жастан асқан және жиынтығында мынадай өлшемшарттарға жауап беретін кез келген жеке тұлға Қатысушы бола алады (бұдан әрі - «Қатысушы»):

    a) IQOS ФМҚ жүйесінің дерекқорына тіркелген пайдаланушылар болып табылады (бұдан әрі – «ФМҚ дерекқоры»);

    b) ФМҚ дерекқорына тіркелген (IQOS байланған құрылғысы) сериялық нөмірі бар кем дегенде бір IQOS немесе lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі бар (бұдан әрі – «IQOS/lil SOLID құрылғысы» немесе «Құрылғы»).

    1.3. Қатысушыға Бағдарлама шеңберінде келесі артықшылықтар мен қосымша қызметтер (бұдан әрі – «Қызметтер») қолжетімді:

    a) Осы Ережелердің 5-бабында көрсетілген тәртіппен IQOS/lil SOLID құрылғыларын халықаралық қолдау.

    b) Осы Ережелердің 4-бабында көрсетілген тәртіпте IQOS/lil SOLID құрылғыларының кепілдікті емес жағдайлары туындаған кезде қызмет көрсету.

    c) IQOS құрылғысын сатып алған сәттен бастап IQOS/lil SOLID құрылғысын пайдаланудың бірінші айында телефон арқылы құрылғыны пайдалануға қатысты консультациялар үшін қолжетімді болатын IQOS/lil SOLID қолдау қызметінің жеке кеңесшісі қызметі (тек IQOS/lil SOLID құрылғысын алғаш сатып алған Қатысушылар үшін).

    d) Hypercare – қашықтағы байланыс арналарын пайдалана отырып, жаңа пайдаланушыларды қолдау бағдарламасы: IQOS/lil SOLID тұтынушылар дерекқорына тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық нысанда берілетін Құрылғыны пайдалануға қатысты ақпарат пен ұсыныстар, егер Қатысушы IQOS/lil SOLID-қа қатысты электрондық пошта арқылы жіберілімдерді алуға келіскен болса.

    e) Өзін-өзі диагностикалау құралы: Қатысушыға IQOS/lil SOLID құрылғысының белгілі бір мәселелерін диагностикалауға және шешуге көмектесетін немесе Қатысушының IQOS/lil SOLID құрылғысын кепілдік немесе кездейсоқ зақымдалуды өтеу шеңберінде ауыстыруға құқығы бар-жоғын тексеруге арналған ақпаратты қамтитын онлайн құрал.

    f) Ауыстыру үшін IQOS/lil SOLID құрылғысын тегін жеткізу: диагностика нәтижелері бойынша құрылғыны ауыстыру қажет болса. Қатысушы кепілдік немесе кепілдіксіз жағдайларда IQOS/lil SOLID құрылғысын ауыстыруға құқылы, бұл қызмет ауыстыру үшін IQOS/lil SOLID құрылғысын тегін жеткізуді қамтамасыз етеді.

    1.4. Кез келген Қызметті пайдаланып, Қатысушы Бағдарламаның осы Ережелерін сақтауға келіседі. Соған ұқсас, егер Қатысушы басқа Құрылғыны тіркесе немесе егер ФМҚ осы Шарттарды өзгертсе және Қатысушы кез келген Қызметті пайдалануды жалғастырса, Қатысушы осы Ережелерді сақтаумен келіседі.

    1.5. Егер Қатысушы жоғарыдағы 1.2-тармақта аталған өлшемшарттардың кем дегендеу біреуіне сәйкес келмесе, Қатысушының Бағдарламаға қатысуы аяқталады.

    1.6. Бұл Ережелер ФМҚ қалауы бойынша өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Жаңартылған Ережелер Сайтта жариялағаннан және IQOS ресми дүкендері мен серіктестің дүкендерінде орналастырғаннан бастап күшіне енеді.

    1.7. ФМҚ қосымша ескертусіз және себептерін түсіндірусіз Бағдарламаны өткізуді тоқтату немесе шарттарды өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

    1.8. Бағдарлама 2023 жылғы 3 мамырдан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі, содан кейін ФМҚ қалауымен жаңғыртыла алады.

    2. Құрылғыларға қойылатын талаптар/Тіркелу

    2.1. Қызметтер Құрылғылардың келесі үлгілеріне қатысты қолжетімді:

    a) IQOS 2.4, IQOS 2.4+, IQOS 3, IQOS 3 DUO және олардың кез келген жаңартылған үлгілері;

    b) IQOS 3 MULTI;

    c) lil SOLID

    d) Қазақстан Республикасындағы ФМҚ-да ресми ұсынылған IQOS/lil SOLID кез келген басқа электрлік темекі қыздыру жүйесі.

    2.2. Құрылғы оқылатын және жарамды сериялық нөмірге ие болуы керек.

    2.3. ФМҚ дерекқорына тіркелу барысында Қатысушы барлық қажетті ақпаратты дәл және толық нысанда ұсынуы және осы ақпаратты өзекті күйінде сақтауы қажет. Егер Қатысушы өтінім нысанындағы міндетті өрістерді толтырмаса (шылым шегушінің жасы, мәртебесі, электрондық пошта мекенжайы және/немесе телефон нөмірі), Қатысушыны ФМҚ дерекқорына тіркеуге өтінім қаралмайды. Егер Қатысушы дәл емес немесе толық емес ақпарат ұсынса, ФМҚ Қатысушыға Қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

    2.4. Қызметтер тек қана бағдарлама Қатысушысына ұсынылады және үшінші тұлғаларға көрсетіле алмайды.

    3. Қызметтерді пайдалану кезеңі

    3.1. Қатысушы құрылғының немесе құрылғының құрамдасының ауыстырылуын тек IQOS/lil SOLID құрылғысының (Қазақстан Республикасының аумағы үшін өндірілген) кепілдік мерзімі ішінде ғана пайдалана алады.)

    3.2. Егер Қатысушы осы Ережелердің кез келгенін бұзса, ФМҚ Қатысушыға Қызметтерді ұсынудан бас тарта алады.

    4. Кепілдікті емес жағдайлар туындаған кезде IQOS/lil SOLID құрылғысына сервистік қызмет көрсету тәртібі

    4.1. Егер lil SOLID құрылғысы, IQOS зарядтау құрылғысы және/немесе IQOS тұтқышы Тауардың функционалдығына әсер ететін және құрылғыны дұрыс пайдаланбау салдарынан туындамайтын кездейсоқ және байқаусызда зақымданса, мынадай құжаттарға сәйкес кепілді жағдайларға жатпайтын Тауардың ақаулығына байланысты, Бағдарламаға Қатысушы lil SOLID құрылғысы, IQOS зарядтау құрылғысына және/немесе IQOS тұтқышына (бұдан әрі – «Тауар») сервистік қызмет көрсету туралы өтінішпен IQOS ресми дүкеніне, Сайтқа немесе серіктес дүкендеріне жүгінуге құқылы:

    a) ФМҚ ішкі сауда объектілерінде бөлшек сатып алу-сату туралы жария оферта,

    b) kz.iqos.com электрондық коммерция интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сату туралы жария оферта,

    c) Қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, телефондық тапсырыс арқылы Тауарларды бөлшек сатып алу-сату туралы жария оферта және/немесе

    d) тауар-ілеспе құжаттарда келтірілген Кепілдік шарттары. Сайт немесе Қолдау қызметі арқылы жүгінген кезде Қатысушының мекенжайына Қатысушының тұрғылықты елді мекенінің орналасуына байланысты Қатысушымен келісілген мерзімдерде курьерлік жеткізуді ұйымдастыруға болады.

    4.2. Кепілді емес жағдайлар туындаған кезде ақаулы құрамдасты (тауарды) ауыстыру Қатысушыда бар әрбір тіркелген Тауарға қатысты осындай Тауарды сатып алған күннен бастап 1 жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

    4.3. Құрылғыны Ауыстыру рәсімінің шеңберінде Қатысушыға сондай типті Құрылғы ұсынылады. Егер ауыстыруды жүзеге асыру үшін бірдей типтегі Құрылғы болмаса, ауыстыру ретінде зақымдалған Құрылғыға функционалды түрде баламалы санаттағы Құрылғы беріледі. Егер Құрылғы құрамдастарының бірі, мысалы IQOS 3 DUO Құрылғысының тұтқышы немесе зарядтау құрылғысы зақымдалса, онда тек қана зақымдалған құрамдас ауыстырылады. Құрылғының зақымдалған құрамдастары ФМҚ-да қалады.

    4.4. Кепілдікті емес жағдайларға қатысты шектеулер:

    a) Қатысушыға нұсқаулықтарға және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес Құрылғыны пайдалану және қызмет көрсету қажет. Осы тармақты сақтамаған жағдайда, Қатысушыға Құрылғыға сервистік қызмет көрсетілмеуі мүмкін.

    b) Қатысушы әрбір тіркелген Құрылғы үшін кепілдікті емес зақымдалу жағдайында Құрылғыны немесе Құрылғы құрамдасын бір ауыстыруға құқығы бар. Бірінші ауыстырудан кейін кепілдікті емес жағдайлар туындаған кезде ауыстыру мүмкіндігін ұсыну тоқтатылады. Алайда Қатысушы бұрынғыдай қалған Қызметтерді, соның ішінде кепілдік мерзімі аяқталғанша (Кепілдік мерзімі жаңа құрылғы үшін ұзартылмайды) Құрылғысына қатысты ФМҚ тарапынан барлық кепілдік міндеттемелерін алуы мүмкін.

    c) Қатысушы мына жағдайларда Құрылғыны ауыстыра алмайды:

    Қатысушы осы Ережелердің 2.1-тармағында келтірілген Құрылғылар тізіміне кірмейтін өнімді ауыстыруға ұсынды;

    Құрылғының зақымы дұрыс емес қолданумен немесе түрлендіру және Құрылғыны өзгерту әрекетімен, кернеудің серпілісімен туындады;

    Құрылғының сериялық нөмірі өзгертілді, бүлінді немесе жойылды;

    Құрылғы ФМҚ мақұлдамаған тәсілмен ашылды, түрлендірілді немесе өзгертілді;

    Құрылғыда оның функционалдығына әсер етпейтін косметикалық зақым ғана бар, оның ішінде микро жарықтар, сызаттар, ойықтар, шеттеріндегі сынған пластик және жабын түсінің өзгеруі, құрылғының қалыпты тозуы және/немесе қолданылуы салдарынан болатын зақым немесе сыну;

    ақаулық Құрылғыны сәйкес келмейтін өніммен қолданудан туындады;

    5. IQOS/lil SOLID құрылғысына халықаралық қолдау көрсету тәртібі

    5.1. Қатысушы кепілдік жағдайына түсетін ақаулыққа байланысты, сондай-ақ осы Ережелердің 4.1-тармағында көзделген кездейсоқ зақымдалған жағдайда оның ақаулығына байланысты сервистік қызмет көрсету өтінішімен Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан және IQOS/lil SOLID құрылғыларына қатысты халықаралық қолдау көрсететін IQOS құрылғыларын ресми сату нүктелеріне жүгінуге құқылы.

    5.2. IQOS құрылғысы ақаулы болса және халықаралық қолдау көрсететін елдер тізімін нақтылау үшін, Қатысушы халықаралық желіге +41215478888 нөмірі бойынша хабарласады. Халықаралық желіге қоңырау шалу үшін Қатысушы төлейді.

    5.3. Қатысушы халықаралық желіге жүгінген кезде Қазақстан Республикасын IQOS/lil SOLID Құрылғысын сатып алу елі ретінде таңдайды.

    5.4. Қазақстан Республикасының IQOS/lil SOLID Қолдау қызметі сервистік қызмет көрсету мүмкіндігін және құрылғыны ауыстыру қолжетімділігін растаған кезде, ол өтінімді Қатысушы орналасқан елді қолдау қызметіне жібереді.

    5.5. Орналасқан елдің қолдау қызметі Қатысушыға хабарласады, Қазақстан Республикасының IQOS Қолдау қызметінң құрастырылған өтініміне сәйкес сервистік қызмет көрсетеді.

    5.6. Сервистік қызмет көрсету шоғыры, соның ішінде Құрылғылардың қолжетімділігі орналасқан елге байланысты ерекшелене алады. Бұл қызмет заңды құқықтарыңызға және Қазақстан Республикасында әрекет ететін Құрылғыға арналған кепілдік құқықтарына әсер етпейді.

    5.7. Осы Ережелердің 4.4-тармағында келтірілген шектеулер (Шектеулер) Халықаралық Қолдау (International Assistance) бағдарламасы шеңберінде кездейсоқ зақымдалған кезде ауыстыруға қолданылады.

    5.8. Құрылғыны Қазақстан Республикасынан тыс сатып алған және осы Ережелерге сәйкес Қатысушылар болып табылмайтын 21 жастағы және одан асқан жеке тұлғалар оған Құрылғыға сервистік қызмет көрсету өтінішімен Қолдау қызметіне, IQOS ресми дүкендеріне және Қазақстан Республикасындағы серіктестің дүкендеріне жүгінуге құқылы.

    6. Қатысушының міндеттемелері.

    6.1. Қатысушы мыналармен келіседі:

    a) ФМҚ қызметкерлерінен басқа, есептік жазбасының деректерін үшінші тұлғаларға беру;

    b) Құрылғыны ауыстырған жағдайда ауыстырылған Құрылғы ФМҚ меншігі екендігімен, ал берілген Құрылғы Қатысушының меншігіне ауысатындығымен.

    c) қолданыстағы заңнаманы сақтау.

    7. Басқа шарттар.

    7.1. Қазіргі уақытта Қызметтер тегін ұсынылады.

    7.2. Қатысушылар ұсынатын дербес деректерді өңдеудің толық ақпараты мекенжайында қолжетімді біздің "Тұтынушылардың дербес деректерінің құпиялылығын сақтау туралы хабарландыруда" сипатталған.

    7.3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Мәселелер туындаған кезде сіз 2121 қысқа нөмірі бойынша клиенттерді қолдау қызметіне қоңырау шала аласыз немесе Telegram-дағы чат-ботқа жаза аласыз (@IQOS Kazakhstan) немесе IQOS фирмалық дүкендері мен серіктестің дүкендеріне жүгіне аласыз.


    Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар. Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.

    phone-icon 2121
    ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ Кіру Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.

    SMS - коды бойынша кіру

    SMS - кодты қабылдау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    SMS - коды бойынша кіру

    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    send-again-icon Кодты қайта жіберу
    Растау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

    Растау

    Құпия сөзбен кiру

    Растау Смс-код арқылы кіру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Құпия сөзбен кiру

    Растау
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

    ЖІБЕРУ Кіру

    Құпиясөзді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

    ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

    ЖІБЕРУ Кіру

    SMS - коды бойынша кіру

    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    send-again-icon Кодты қайта жіберу
    Растау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

    Растау

    Пароль изменен

    Растау

    Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру

    Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

    Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:

    • маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
    • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
    • бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
    • тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
    • маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.

    Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.

    Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.

    Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.

    Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.

    Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.

    Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.

    Келісемін. SMS кодын алу Келіспеймін. Сайтқа өту
    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    Кодты қайта жіберу
    Растау
    Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.
    ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
    ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
    COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
    2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
    ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

    Жалғастыру