ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛҒАН САТЫП АЛУШЫҒА «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛҒАН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНДА ТІРКЕЛГЕНІ ҮШІН СЫЙЛЫҚ БЕРУ ШАРТТАРЫ

2019 жылдың 1 наурызынан бастап жарамды.

1. Жалпы ережелер

1.1. Сатып алушылардың-кәмелетке толған шылымқұмарлардың (әрі қарай – «Сатып алушы») «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-ның (әрі қарай – «ФМҚ») кәмелетке толған пайдаланушыларының деректер базасында (әрі қарай – «Деректер базасы») тіркелгені үшін ФМҚ Сатып алушыларға IQOS ресми дүкендерінде (әрі қарай – «дүкендер») немесе iqos.com электрондық сауда веб-сайтында (әрі қарай – «сайт») келесі жолы сауда жасауға 15% шегерімдік welcome-ваучерді (әрі қарай – «ваучер») сыйға береді.

2. Сатып алушының welcome-ваучерді алу шарттары

2.1. Сатып алушы Деректер базасында дүкендегі сатушы-кеңесшінің көмегімен, сайтта сатушы-жеке кеңесшінің көмегімен немесе өз бетімен тіркеледі.

2.2. Сатып алушы бірінші рет IQOS 2.4P немесе «IQOS 3 + IQOS 3 Multi» жиынтығын арнайы ұсыныс бойынша немесе IQOS 3 құрылғысын дүкеннен немесе сайттан сатушы-жеке кеңесшіден немесе өз бетімен сатып алады.

2.3. Жоғарыдағы 2.1 және 2.2 тармақтарда көрсетілген барлық шарттарды сақтаған кезде Сатып алушы IQOS жүйесін алғаш сатып алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде Деректер базасында тіркелген кезде көрсеткен ұялы телефон нөміріне хабарлама алу арқылы 15% шегерімдік бірегей біржолғы ваучер алады (ваучердің үлгісі: WE-**********) (2.2-тармаққа сәйкес).

2.4. Егер Сатып алушы алғашқы IQOS жүйесін сатып алған кезде (2.2-тармаққа сәйкес) ФМҚ ұсынған басқа кодтарды, шегерімдерді немесе ваучерлерді пайдаланса, Деректер базасында тіркелгені үшін ваучер алмайды.

2.5. Егер Сатып алушы қандай да бір себептермен автоматты түрде ваучерді алмаған жағдайда, Сатып алушы сайттағы онлайн-чат арқылы немесе Telegram мессенджері арқылы 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ 2121 нөміріне IQOS мәтіні жазылған SMS жіберу арқылы Қолдау қызметіне хабарласқаны жөн.

2.6. Сатып алушы жоғарыдағы 2.5-тармағында сипатталған әдістермен өзінің ваучерін біле алады.

3.  Welcome-ваучерді пайдалану

3.1.  Ваучерді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

3.2. Сатып алушы ваучерді алғашқы IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін (2.2-тармаққа сәйкес) келесі жолы сауда жасаған кезде сайтта «Сізде код бар ма?» жолында немесе дүкендерде сатушы-кеңесшіге ваучерді хабарлай отырып пайдалана алады.

3.3. Ваучер сайттағы немесе дүкендердегі барлық қол жетімді тауарларға біржолғы 15% шегерім береді, бұл ретте ваучер төлем құралы, валютаның немесе бағалы қағаздардың кез келген түрі болмайды және бола алмайды. Ваучер қолма-қол ақшалай/қолма-қол ақшасыз қаражатқа айырбасталмайды, үшінші тұлғаларға сатылмайды немесе берілмейді. Ваучер сайтта немесе дүкендерде төлем құралы ретінде қолданылмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ваучер бойынша шегерімдер сайттағы және (немесе) IQOS дүкендеріндегі өзге шегерімдермен жинақталмайды, сондай-ақ «Шегерімдер сыйлаңыз» ұсынымдар бағдарламасы шеңберінде алынған ұсынымдар коды немесе ваучер бойынша берілетін шегеріммен жинақталмайды.

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.