IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Кіру

Телефон
Email
+7(---)-------
СМС-кодты қабылдау
Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркеу
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Кіру

Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркелу
Артқа

Для восстановления пароля
введите ваш Email

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Құпиясөзді өзгерту

Кемінде 8 таңба
Тек латын әріптері
Бір немесе бірнеше сандар
Бас және кіші әріптер
Жіберу
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

Бұл құжат 2022 жылғы 10 наурызға дейін
тіркелген тұлғаларға қолданылады және
2022 жылғы 11 наурызда жарияланған
дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің
жаңартылған нысаны
қабылданған сәтке дейін қолданылады.

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ

Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не (бұдан әрі – «Компания») және Компания тартатын тұлғаларға тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін, тұрғылықты мекенжайды, телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын және өзге де деректерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, келесі мақсаттар үшін дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін:

  • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компанияның белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнамасы туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну;
  • маған Компанияның тауарларын сату;
  • мені сауалнамалар мен зерттеулерге қатысуға шақыру;
  • маған вебсайттарға, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе Компанияның мобильді қосымшаларына қолжетімділікті ұсыну.

Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін маған поштаны, телефонды, электрондық поштаны, SMS, MMS, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, вебсайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарламалар жіберу арқылы хабарласуға рұқсат етемін.

Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің дербес деректерімді сақтауға, менің дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге беруге және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғаларына, Компанияның контрагенттеріне әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып, мен туралы қосымша ақпарат іздеуге және жинауға құқылы.

Мен осы келісімді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы немесе Қазақстан, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жіберу арқылы кез келген уақытта кері қайтарып, сондай-ақ дербес деректерді толықтыра немесе өзгерте аламын. Келісім кері қайтарылған жағдайда, барлық дербес деректер Компанияның деректер базасынан жойылуы тиіс.

Мен ұсынған дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға берген дербес деректерімнің менің жеке, отбасылық құпиям емес екенін растаймын.

Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және Компанияның дерекқорында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарға қолданылады.