IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

2021 жылғы 03 қарашадағы № 190 БҰЙРЫҚ

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. 2021 жылғы 08 қарашадан бастап 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 161 Бұйрықтың күші жойылсын.

2. 2021 жылғы 08 қарашадан бастап осы бұйрықтың ажырамас бөлігі болып табылатын аталмыш Бұйрықтың қосымшаларына сәйкес «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығына арнайы ұсыныс» (бұдан әрі – «Бағдарлама» ) бағдарламасына қатысу ережелері бекітілсін және бағдарламаны өткізу басталсын.

3. 2021 жылғы 08 қарашадағы жағдай бойынша осы бұйрықтың 1-тармағында қарастырылған бұйрықпен бекітілген «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығына арнайы ұсыныс» (бұдан әрі – «Күші жойылған бағдарлама») бағдарламасына қатысқан, Күші жойылған бағдарламаның ваучерлерін пайдаланбаған қатысушылар бар болса, Күші жойылған бағдарламаның мұндай ваучерлерін осы бұйрықпен бекітілген Бағдарлама шеңберінде, тәртібінде және шарттарында қолдануға рұқсат етілсін.

4. 2021 жылғы 08 қарашадан бастап «2021 жылғы 5 тамыздағы № 135 Бұйрыққа және 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 300 Бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» 27.09.2021 № 166 Бұйрықтың күші жойылсын».

5. kz.iqos.com веб-сайтында, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») ішкі сауда нысандарында орналастыру арқылы және (немесе) ФМҚ деректер қорында тіркелген IQOS жүйесінің пайдаланушыларымен ФМҚ пайдаланатын басқа да коммуникация құралдары арқылы 21 жасқа толған барлық мүдделі тұлғаларға жеткізілсін.

6. Төмендетілген тәуекелді өнімдердің тұтынушылары үшін белсенділік жөніндегі менеджер Мария Агаджанян, қашықтықтан сату және тұтынушыларды қолдау жөніндегі менеджер Изимова Жанаргуль, төмендетілген тәуекелді өнімдердің цифрлық технологиялары жөніндегі менеджер Мироненко Иван осы бұйрықтың орындалуы үшін жауапты болып тағайындалсын.

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директор ___________________________ Баибурский В.

Төмендетілген тәуекелді өнімдердің және цифрлық технологиялардың маркетингі жөніндегі директор ___________________________ Айсу Г.

Өткізу жөніндегі директор ___________________________ Леонов А.


2021 жылғы 03 қарашадағы № 190 Бұйрыққа қосымша

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығына арнайы ұсыныс» (бұдан әрі – «Ережелер»)

2021 жылғы 08 қарашада, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 10.00 бастап күшіне енеді.

1. Жалпы ережелер

1.1. «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығына арнайы ұсыныс» бағдарламасы (бұдан әрі – «Бағдарлама») шеңберінде «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қолдау қызметімен (бұдан әрі – «ФМҚ») қолдау қызметіне кіріс қоңыраулар телефон нөмірі: 2121, қолдау қызметінен шығыс қоңыраулар телефон нөмірілері: +77079267171, +77059267110, +77273551446, +74992703462 арқылы өзара әрекеттестікті іске асыратын қатысушыға («Филип Моррис Қазақстан» ЖШС IQOS жүйесін пайдаланушыларының Деректер қорында тіркелген, 21 жастағы және одан асқан жеке тұлға, бұдан әрі – «Қатысушы») осы Ережелерде қарастырылған шарттарға сәйкес болған жағдайда «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығын сатып алуға осы Ережелерде қарастырылған өлшемдегі шегеріммен ваучер (бұдан әрі – «Ваучер») алуға мүмкіндік беріледі.

1.2. Бағдарлама ФМҚ тауарларының бөлшек сауда-саттығы арнасында қолдау қызметінің агенттері арқылы телефонмен тапсырыс беру (колл-орталық) арқылы, ФМҚ бөлшек сауда нысандарында (бұдан әрі – «IQOS дүкендері»), iqos.com ФМҚ электрондық коммерция сайтында (бұдан әрі – «Сайт») 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді, одан кейін ФМҚ қарауына сай ұзартылуы мүмкін. Бағдарламаның әрекет ету тәртібі осы Ережелермен анықталған.

1.3. Бағдарламаға қатысу үшін осы Ережелердің 1.4-тармағында қарастырылған өлшемшарттарға жауап беретін Қатысушы ФМҚ қолдау қызметіне хабарласып, Бағдарламаға қатысуға ниеті туралы мәлімдеуі тиіс. Сондай-ақ, ФМҚ қолдау қызметінің агенттері осы Ережелердің 1.4-тармағында қарастырылған өлшемшарттарға жауап беретін Қатысушылармен шығыс қоңыраулар бойынша хабарласуына болады.

1.4. Қатысушының Бағдарламаға қатысуына мүмкіндік беретін өлшемшарттарға келесілер кіреді:
- ФМҚ ішкі деректер қорында Қатысушының атына тіркелген (байланыстырылған) кез келген үлгідегі бір ғана IQOS немесе lil SOLID 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі (бұдан әрі – «Құрылғы») бар;
- Қатысушының Құрылғыны сатып алу күні – 12 (он екі) ай және одан көп. Егер Құрылғыны сату күні ФМҚ ішкі қорында көрсетілмеген болса, шарттарға сәйкес болып Құрылғының өндірілген күнінен 15 (он бес) ай қабылданады;

2. Қатысушының Ваучерді алу және пайдалану шарттары

2.1. Қатысушы осы Ережелердің 1.4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға жауап берген жағдайда және осы Ережелердің 1.3-тармағында қарастырылған тәртіпте Бағдарламаға қатысуға ниеті туралы мәлімдеген болса, Қатысушы «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығын (бұдан әрі – «Жаңа құрылғы») сатып алуға 6000 (алты мың) теңге көлеміндегі шегеріммен Ваучер алады. Қатысушы Жаңа құрылғыны сатып алу үшін Ваучерді келесі жолмен пайдалана алады:
- сатушы-кеңесшіге Ваучер нөмірін хабарлау арқылы IQOS дүкендерінде;
- «Сізде код бар ма?» өрісінде Ваучерді көрсету арқылы Сайтта;
- қолдау қызметінің агентіне Ваучерді хабарлау арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемді пайдаланумен телефонмен тапсырыс арқылы (ФМҚ қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы) (бұдан әрі – «Телефон бойынша тапсырыс»).

2.2. Ваучердің көмегімен IQOS дүкендерінде, Сайтта немесе Телефон бойынша тапсырыс арқылы Жаңа құрылғыны сатып алу кезінде ФМҚ Жаңа құрылғыны Қатысушының атына тіркеуді (құрылғыны байланыстыру) іске асырады.

2.3. Ваучердің көмегімен Сайт арқылы Жаңа құрылғыны сатып алу кезінде Қатысушы Ваучерді өз бетінше белсендіреді және Сайтта көрсетілген нұсқаулар бойынша Жаңа құрылғыны өзінің атына тіркеуді (құрылғыны байланыстыру) растайды.

2.4. Қатысушы Ваучерді Бағдарламаның әрекет ету мерзімі ішіндегі кез келген басқа сәтте пайдаланғысы келсе, Ваучер IQOS ФМҚ жүйесі пайдаланушыларының Деректер қорында тіркелу кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS-хабарламамен 2 (екі) сағат ішінде автоматты түрде жіберіледі.

2.5. Қатысушы қандай да бір себеппен Ваучерді автоматты түрде алмаған жағдайда Қатысушы Қолдау қызметіне 8 8000 80 12 21 телефоны (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Сайттағы онлайн-чат немесе Telegram @IQOSKZ_Support мессенджері арқылы, сондай-ақ 2121 нөміріне IQOS мәтінімен SMS жіберу арқылы хабарлауына болады.

2.6. Қатысушы өз Ваучерін жоғарыда 2.5-тармақта сипатталған әдістермен біле алады.

2.7. Ваучерді пайдаланумен Жаңа құрылғыны Сайтта немесе Телефон бойынша тапсырыс беру арқылы сатып алу кезінде тасушы Қатысушыға тауарды (Жаңа құрылғыны) жеткізеді және жүкқұжат бойынша табыстайды. Жеткізген кезде тасушы Қатысушыны Жаңа құрылғыны сатып алуға тапсырысты рәсімдеген тұлға ретінде сәйкестендіреді, бұл үшін Қатысушының жеке басын куәландыратын құжатты тексереді. Сондай-ақ, Қатысушының 21 жасқа толғандығына күмәнданған жағдайда тасушы Қатысушының жеке басын куәландыратын құжатты тексереді.
Тасушы келесі жағдайларда сатудан бас тартады:
- Қатысушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуден бас тартқан болса;
- Жаңа құрылғыны сатып алуға тапсырысты рәсімдеген тұлға 21 жасқа толмаған болса;
- жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен тұлғаны Жаңа құрылғыны сатып алуға тапсырысты рәсімдеген Қатысушы ретінде сәйкестендіру мүмкін болмаса;
- басқа жағдай ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарында белгіленбеген болса.

2.8. Бағдарлама бойынша сатып алынатын Жаңа құрылғыны қайтару, айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кепілдік Бағдарлама аясында сатып алынған құрылғыларға Бағдарлама аясынан тыс сатып алынған құрылғыларға сияқты қолданылады.

2.9. Сыйлық сертификаттары Жаңа құрылғыға төлем жасауға қабылданбайды.

3. Шектеулер

3.1. Бағдарлама бойынша Ваучерлер Жаңа құрылғыны сатып алуға Ережелерде көрсетілген өлшемде бір реттік шегерім береді. Бұл ретте Ваучер төлем құралы, валютаның немесе бағалы қағаздардың кез келген түрі болып табылмайды және бола алмайды. Ваучерді қолма-қол / қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айырбастауға немесе сатуға болмайды. Ваучерді Cайтта немесе IQOS дүкендерінде төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ваучер бойынша шегерім Сайттағы, IQOS дүкендеріндегі және (немесе) Телефон бойынша тапсырыс беру кезіндегі басқа шегерімдермен жинақталмайды, сондай-ақ «Шегерімдер сыйлаңыз» ұсынымдар бағдарламасының аясында алынған ұсынымдар коды немесе ваучер бойынша шегеріммен жинақталмайды.

3.2. Бағдарлама шеңберінде алынған ваучерлер Қатысушы алған күннен бастап күнтізбелік 75 (жетпіс бес) күн ішінде әрекет етеді және Қатысушы оларды Бағдарламаның өткізілу кезеңінде ғана пайдалана алады. Бұл ретте қолдау қызметінің агенті қоңырау шалу кезінде Ваучерді Қатысушыға беруде (тағайындауда) Ваучердің әрекет ету мерзімі туралы хабарлайды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін, егер ол ФМҚ-ның қалауы бойынша ұзартылмаса, Ваучерлер қосымша ескертусіз жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

4.1. ФМҚ Бағдарлама Ережелерін IQOS дүкендері мен Сайтта жаңартылған Ережелерді орналастыру арқылы біржақты тәртіппен өзгертуі және (немесе) толықтыруы мүмкін. Бағдарламаның жаңартылған Ережелері осындай орналастыру сәтінен бастап күшіне енеді. Бағдарлама Ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін Ваучерлерді пайдалануды жалғастыра отырып, Қатысушы Бағдарламаның жаңартылған Ережелерімен келісетінін растайды.

4.2. ФМҚ қосымша ескертусіз және себептерін түсіндірместен Бағдарламаның өткізілуін болдырмау құқығын өзіне қалдырады.


27 желтоқсан 2021 жылғы №232 БҰЙРЫҚ

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. 28 желтоқсан 2021 ж. бастап 03 қараша 2021 жылғы № 190 Бұйрығымен бекітілген «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығына арнайы ұсыныс» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ (бұдан әрі – «Ережелер») мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Ережелердің 1.1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«1.1. «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығына арнайы ұсыныс» бағдарламасы (бұдан әрі – «Бағдарлама») шеңберінде «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») қолдау қызметімен қолдау қызметіне кіріс қоңыраулар телефон нөмірі: 2121, қолдау қызметінен шығыс қоңыраулар телефон нөмірілері: +77079267171, +77059267110, +77273551446, +74992703462 арқылы өзара әрекеттестікті іске асыратын немесе ФМҚ бөлшек сату объектілеріне хабарласатын қатысушыға («Филип Моррис Қазақстан» ЖШС IQOS жүйесін пайдаланушыларының Деректер қорында тіркелген, 21 жастағы және одан асқан жеке тұлға, бұдан әрі – «Қатысушы») осы Ережелерде қарастырылған шарттарға сәйкес болған жағдайда «lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі» жиынтығын сатып алуға осы Ережелерде қарастырылған өлшемдегі шегеріммен ваучер (бұдан әрі – «Ваучер») алуға мүмкіндік беріледі.».

1.2. Ережелердің 1.3-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«1.3. Бағдарламаға қатысу үшін осы Ережелердің 1.4-тармағында қарастырылған өлшемшарттарға жауап беретін Қатысушы ФМҚ қолдау қызметіне байланысып немесе IQOS дүкендеріндегі сатушы-кеңесшілерге хабарласып, Бағдарламаға қатысуға ниеті туралы мәлімдеуі тиіс. Сондай-ақ, ФМҚ қолдау қызметінің агенттері осы Ережелердің 1.4-тармағында қарастырылған өлшемшарттарға жауап беретін Қатысушылармен шығыс қоңыраулар бойынша хабарласа алады.».

1.3. Ережелердің 1.4-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«1.4. Қатысушының Бағдарламаға қатысуына мүмкіндік беретін өлшемшарттарға келесілер кіреді:
- Келесі үлгілердің ішінен кез келген IQOS электр темекі қыздыру жүйесінің кем дегенде біреуі Қатысушыға тиесілі деп есептеледі (ФМҚ-ның ішкі Деректер қорына байланған): 2.4/2.4 Р, 3 немесе 3 Multi (бұдан әрі – «Құрылғы»).».

2. Ережелердің қолданылу мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын. Бұл үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Ережелердің 1.2-тармағы келесі редакцияда баяндалсын: «1.2. Бағдарлама ФМҚ тауарларының бөлшек сауда-саттығы арнасында қолдау қызметінің агенттері арқылы телефонмен тапсырыс беру (колл-орталық) арқылы, ФМҚ бөлшек сауда нысандарында (бұдан әрі – «IQOS дүкендері»), iqos.com ФМҚ электрондық коммерция сайтында (бұдан әрі – «Сайт») 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді, одан кейін ФМҚ қарауына сай ұзартылуы мүмкін. Бағдарламаның әрекет ету тәртібі осы Ережелермен анықталған.».

3. kz.iqos.com веб-сайтында, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») ішкі сауда нысандарында орналастыру арқылы және (немесе) ФМҚ деректер қорында тіркелген IQOS жүйесінің пайдаланушыларымен ФМҚ пайдаланатын басқа да коммуникация құралдары арқылы 21 жасқа толған барлық мүдделі тұлғаларға жеткізілсін.

4. Төмендетілген тәуекелді өнімдердің тұтынушылары үшін белсенділік жөніндегі менеджер Мария Агаджанян, төмендетілген тәуекелді өнімдердің цифрлық технологиялары жөніндегі менеджер Мироненко Иван, төмендетілген тәуекелді өнімдерді сату объектілерін басқару жөніндегі менеджер Цацкин Сергей осы бұйрықтың орындалуы үшін жауапты болып тағайындалсын.

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директор __________________________ Баибурский В.

Төмендетілген тәуекелді өнімдердің және
цифрлық технологиялардың маркетингі жөніндегі директор ___________________________ Айсу Г.

Өткізу жөніндегі директор ___________________________ Леонов А.

24.01.2022 ж. № 15 БҰЙРЫҚ

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. 2021 жылғы 3 қарашадағы № 190 Бұйрықпен (2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 232 Бұйрықпен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен) бекітілген «lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесі» жиынтығына арнайы ұсыныс» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ (бұдан әрі – «Ережелер») 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап келесі өзгерістер енгізілсін:

1.1. Ережелердің 2.1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«2.1. Қатысушы осы Ережелердің 1.4-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға жауап берген жағдайда және осы Ережелердің 1.3-тармағында қарастырылған тәртіпте Бағдарламаға қатысуға ниеті туралы мәлімдеген болса, Қатысушы «lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесі» жиынтығын (бұдан әрі – «Жаңа құрылғы») сатып алуға 4000 (төрт мың) теңге көлеміндегі жеңілдікпен Ваучер алады. Қатысушы Жаңа құрылғыны сатып алу үшін Ваучерді келесі жолмен пайдалана алады:

- сатушы-кеңесшіге Ваучер нөмірін хабарлау арқылы IQOS дүкендерінде;

- «Сізде код бар ма?» өрісінде Ваучерді көрсету арқылы Сайтта;

- қолдау қызметінің агентіне Ваучерді хабарлау арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемді пайдаланумен телефонмен тапсырыс арқылы (ФМҚ қолдау қызметіне қоңырау шалу арқылы) (бұдан әрі – «Телефон бойынша тапсырыс»)».

2. Осы бұйрықтың орындалуына жауапты тұлғалар ретінде тұтынушыларға арналған бағдарламалар жөніндегі менеджер Мария Агаджанян, тәуекелі төмендетілген өнімнің ақпараттық технологиялар жөніндегі менеджер Мироненко Иван, тәуекелі төмендетілген өнім саудасы нысандарын басқару жөніндегі менеджер Сергей Цацкин тағайындалсын.

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директор __________________________ Баибурский В.

Төмендетілген тәуекелді өнімдердің және
цифрлық технологиялардың маркетингі жөніндегі директор ___________________________ Айсу Г.

Өткізу жөніндегі директор ___________________________ Леонов А.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру