IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

ЖАРИЯ ОФЕРТА

(барлық елеулі талапты қамтитын бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасасу туралы ұсыныс)

2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жарамды.

«Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Тауарларды сатып алуға мүдделі кез келген жеке тұлғаға төмендегі жария шартты жасасуды ұсынады:

Wolt қолданбасы арқылы Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату

ЖАРИЯ ШАРТЫ

Кіріспе

Осы бөлшектеп сатып алу-сату жария шарты (бұдан әрі «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайы бойынша тіркелген, пошта индексі: B40A6M8 немесе 040700 заңды тұлға, бір тараптан, және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Wolt платформасы арқылы Тауарларды (олардың анықтамасы төменде берілген) сатып алуға мүдделі, Шартты жасасу туралы ұсынысты (жария офертаны) акцептеген кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға, екінші тараптан, Сатушының өзгеріссіз талаптарымен Жеке кабинет арқылы Wolt технологиялық платформасы (бұдан әрі «Платформа» ) арқылы Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату мәселелері бойынша жалпы және негізгі өзара әрекеттесу талаптарын регламенттейді..

1. Анықтамалар

Тауар – IQOS, IQOS ILUMA, lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, атап айтқанда, HEETS/FIIT/TEREA қыздырылатын темекі таяқшалары, сондай-ақ Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушыда бар, Сатушының каталогіне сәйкес Сатушы сату үшін Тұтынушыға белгілі бір бағамен ұсынған кез келген басқа тауарлар. Сатушы сату үшін ұсынатын Тауарлардың тізімі мен олардың құнын ол біржақты тәртіппен айқындайды және олар Сатушының каталогінде көрсетіледі.

Каталог – бірге Платформаны құрайтын интернет-ресурста Wolt (бұдан әрі Интернет-ресурс) немесе Қолданбада орналастырылған, Тауарлардың ассортименті мен тиісті бағалары көрсетілген, Сатушы сату үшін Тұтынушыға ұсынатын Тауарлар тізімі.

Тапсырыс – Платформада таңдалған Тауарларды сатып алу және Тұтынушы көрсеткен мекенжай бойынша жеткізу жөніндегі Тұтынушының тиісті түрде рәсімделген сауалы.

Қолдау қызметі – Тапсырысты қабылдауға және өңдеуге, сондай-ақ Тауарды жеткізуді және сатуды ұйымдастыруға жауапты Сатушының байланыс орталығы, телефон нөмірі 2121.

Тараптар– бірге атаған кезде, Сатушы мен Тұтынушы.

Кепілдік жарна – Тұтынушы Тауарға тиісті Тапсырысты рәсімдегеннен кейін Тараптар қол жеткізген Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім негізінде болашақта олардың арасында Сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін Тұтынушы Сатушыға беретін ақшалай сома.

Қолданба - Интернет желісіндегі Wolt веб-тораптарында Сатушының контентін өңдеуге, жариялауға (орналастыруға) және белгілі бір (Қолданбада тіркелген) адамдар тобына Сатушының контентімен танысуға мүмкіндік беретін онлайн-сервис түріндегі компьютерлік бағдарлама.

Контент - Қолданбада өңдеу үшін Сатушы ұсынған анықтамалық сипаттағы ақпарат.

Жеке басты куәландыратын құжат - тұлғаны сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық нысан, атап айтқанда:

• Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

• Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

• шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

• азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

• Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

• Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

• босқын куәлігі;

• Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;

• шетелдік паспорт;

• қайтып оралуға арналған куәлік;

• туу туралы куәлік.

2. Шарттың мәні

2.1. Сатушы Тауарды кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшін Тұтынушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы Тауарды Тапсырыс рәсімдеу кезінде қолданылатын Тауарлар каталогіне және осы Шарттың басқа да талаптарына, соның ішінде Сатушының бұйрықтарымен және (немесе) өзге де құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес төлейді және қабылдайды.

2.2. Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де талаптарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Платформада немесе Қолдау қызметіне хабарласып таныса алатын Сатушының жекелеген бұйрықтарында, қағидаларында немесе өзге де құжаттарында болуы мүмкін қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де ережелер болуы мүмкін.

3. Шарт жасасу және оның талаптарын өзгерту тәртібі

3.1 Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасын және Шарттың басқа да талаптарын Сатушы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Шарт жасасуға қатысты бір Тұтынушыға басқа тұтынушылар алдында артықшылық бермей, барлық Тұтынушылар үшін бірдей етіп белгілейді.

3.2 Сатушы Тапсырыс рәсімделген сәтке дейін Жария оферта мен оның ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Тапсырыс рәсімделгеннен кейін оған өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.

3.3 Тұтынушының Қолданбада тіркелуі және Қолданбадағы "IQOS түтінсіз өнімдері" бетіне кіруі офертаны алудың, оның барлық талаптарымен және оны акцептеу тәртібімен танысудың растамасы болып табылады. Тұтынушы Шарт талаптарына сәйкес жиынтығында мынадай іс-әрекеттерді жасаған кезде, Тұтынушы офертаны акцептеген деп танылады (акцепт жасалған деп танылады), ал Шарт жасалған деп танылады:

3.3.1 Қолданбаны пайдалана отырып, Тауарға тапсырысты рәсімдеу;

3.3.2 Кепілдік жарнаны төлеу;

3.3.3 Сатушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын оған Тауар берілген сәтке дейін тікелей ұсыну арқылы Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанын растау.

3.4 Тұтынушының Шарттың осы тармағында жоғарыда көрсетілген кез келген әрекетті жасамауы немесе Шарт талаптарын бұза отырып жасауы Тұтынушының осы жария офертаны қабылдаудан және Шартты жасасудан бас тартуы болып саналады. Тұтынушының акцепт жасауы Тұтынушының Тауарды сатып алу талаптарымен танысуы мен келісуінің растамасы, сондай-ақ Тұтынушының Сатушымен осы Шарттың талаптарымен Тауарды сатып алу-сату шартын жасасуға келісуінің растамасы болып табылады. Тұтынушының Тапсырысты әрбір рәсімдеуі осындай Тапсырыста айқындалған Тауарға қатысты онымен Шарт жасасу үшін дербес негіз ретінде қаралады. Тұтынушы Тауарға тапсырыс рәсімдеуді аяқтаған және Сатушы осы тапсырысты қабылдаған сәттен бастап Тұтынушының Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім жасасуға акцептісі жасалған болып саналады, ал Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісімнің өзі осы Шартта көзделген талаптармен Сатушымен жасалған болып саналады.

4. Тауар туралы жалпы ережелер

4.1 Тараптар Платформада орналастырылған барлық ақпараттық материалдардың (бейне, фото, мәтін және т.б.) анықтамалық сипатқа ие екенін және Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары, соның ішінде түсі, өлшемдері мен пішіндері туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы ең толық және өзекті ақпарат Тұтынушыны қызықтыратын Тауардың таңбаламасында болады. Тұтынушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тұтынушы Тауарды сатып алмас бұрын Сатушының ішкі сауда нысандарына немесе Қолдау қызметіне Тауар туралы қызықтыратын ақпаратты алу үшін, соның ішінде дербес презентация үшін жүгінуге құқылы. Мекенжайлары көрсетілген Сатушының ішкі сауда нысандарының тізімі Платформаның тиісті бөлімінде қолжетімді.

4.2 Сатушы тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушының қоймасында бар тиісті сападағы Тауарды сатуға ұсынады. Осы арқылы Тараптар Тауарлар каталогінде көрсетілген белгілі бір түрдегі Тауардың Сатушы қоймасында қысқа мерзім бойы болмауы мүмкін екенін мойындайды. Бұл жағдайда Сатушы мұндай Тауардың қоймада болуын тезірек қалпына келтіруге немесе Тауар ассортиментін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Тауарлар каталогіне тиісті өзгерістер енгізуге қажетті күш салуы тиіс.

4.3. 4.3 Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты тәуекелдер Тауар Тұтынушыға берілген сәтте Сатушыдан Тұтынушыға ауысады. Меншік құқығының ауысу орны — Тауарды Тұтынушыға беру орны.

4.4 Тауарлардың белгілі бір түрлеріне кепілдік беріледі. Кепілдік қолданылатын Тауарлардың кепілдік мерзімі мен қызмет ету мерзімі (бұдан әрі «Кепілдік мерзімі») Тауарлар жиынтығына кіретін тиісті құжаттарда көрсетілген. Кепілдік мерзімін анықтайтын, Тауарлар жиынтығына кіретін арнайы құжаттардың болмауы мұндай Тауарларға кепілдік көзделмегенін білдіреді.

5. Қолданбада тіркелу

5.1 Тұтынушының Қолданбада тіркелуі және "IQOS түтінсіз өнімдері" бетіне кіруі Тұтынушыға Платформаға кіруге және Тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Тіркелуге мүдделі тұлға жиырма бір жастан асқанын растауы керек.

5.2. Жиырма бір жасқа толмаған тұлға Тауарларға тапсырыс бере алмайды.

6. Тапсырысты рәсімдеу және Кепілдік жарнаны төлеу тәртібі

6.1 Тұтынушының Тапсырысты рәсімдеуі мынадай дәйекті әрекеттерді орындау жолымен жүзеге асырылады:

- Платформаға қол жеткізу үшін Тұтынушының Қолданбада тіркелуі;

- Платформада орналастырылған Каталогтен Тауарды таңдау және таңдалған Тауарлардың "себетін" қалыптастыру;

- "Себеттегі" Тауарлар ассортиментін тексеру және "Тапсырыс беру" опциясын таңдау;

- қалыптастырылған Тапсырыс талаптарын көрсету (тексеру) (Тұтынушының деректері, жеткізу мекенжайы, Тұтынушының байланыс телефон нөмірі);

- "Төлеу" опциясын таңдау, Тұтынушы көрсеткен жеткізу мекенжайына сәйкес жеткізуді ескере отырып, Тапсырыстың қорытынды құнымен танысу;

- Қолданбада көзделген төлем платформаларының көмегімен кепілдік жарна сомасын төлеу.

6.2. Кепілдік жарнаны сәтті төлегеннен кейін Тұтынушы Сатушының Тауарға тапсырысты қабылдағаны туралы ақпарат алады.

7. Тауардың құны және Кепілдік жарнаны төлеу талаптары

7.1. Тауардың құны Каталогте, сондай-ақ төлем құжаттарында Тауардың бірлігі үшін теңгемен көрсетіледі. Тауардың құны қосылған құн салығын ескере отырып көрсетіледі.

7.2 Тауарды Тұтынушыға дейін жеткізу құны Платформаның жеткізу тарифтері мен талаптарына сәйкес жеткізу мекенжайын ескере отырып қалыптастырылады.

7.3 Тауардың құнын Сатушы Каталогке өзгерістер енгізу арқылы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген және Кепілдік жарнаны төлеген Тауарлардың бағасы өзгертуге жатпайды.

7.4 Кепілдік жарнаның сомасы Тапсырыс құнының 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде айқындалады (Тауар және жеткізу құны) және Тұтынушы оны Қолданбада көзделген төлем платформаларының көмегімен төлейді.

7.5 Сатушы өзінің қағидаларында немесе өзге құжаттарында белгіленген жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсыныстарды қолдануға құқылы, олар туралы ақпарат Тұтынушыға Платформада қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте Сатушы жеңілдіктер немесе өзге де арнайы ұсыныстар алу талаптарын белгілеуге құқылы.

8. Тауарды жеткізу

8.1 Тауарды Тұтынушыға жеткізуді курьерлер Платформаны пайдалану арқылы жүзеге асырады.

8.2 Жеткізу кезінде Тапсырыста көрсетілген Тауар Тапсырысты рәсімдеу кезінде дербес деректері көрсетілген Тұтынушыға ғана және Тұтынушы жиырма бір жасқа толғанын растаған жағдайда ғана жеке беріледі.

8.3 Тұтынушы Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) оған Тауарды бергенге дейін Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанын анықтау мақсатында Сатушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.

8.4 Тұтынушы Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған және/немесе Тұтынушы өзі ұсынған құжатқа сәйкес жиырма бір жасқа толмаған жағдайда, Сатушы Тапсырысты орындау күшін жояды және Тұтынушыға Кепілдік жарнаның сомасын қайтарады.

8.5 Тұтынушы Шарттың 8.3-тармағының талаптарын орындағаннан және оған Сатушы (оның өкілі) берген Тауарды қабылдағаннан кейін Сатушы Кепілдік жарнаның сомасын тиісті Тапсырыста көрсетілген Тауардың және жеткізудің құнын төлеу есебіне есептейді.

8.6 Тауардың кездейсоқ опат болу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға табыстаған сәттен бастап Тұтынушыға өтеді.

8.7 Сатушының Тауарды Тұтынушыға беру міндеті Сатушы (сенімхат бойынша оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға табыстаған кезде орындалған болып есептеледі.

9. Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару

9.1 Кепілдік мерзімі ішінде Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, Тұтынушы Қолдау қызметіне хабарласып біле алатын басқа тәртіпті Сатушы қосымша анықтамаса, Тұтынушы Қолдау қызметіне шағымданады.

9.2 Кепілдік жағдай туындаған кезде, Тауар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес айырбасталады немесе қайтарылады.

9.3 Азық-түліктік емес Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі осы Шарттың №1 қосымшасында белгіленеді. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік емес жағдайлардың тізімі де Тауар жиынтығына кіретін дайындаушының тиісті құжатында көзделуі мүмкін.

9.4 Тауарды Шарттың осы бабы негізінде айырбастаған кезде, берілген (ауыстыру ретінде) Тауарға кепілдік мерзімі қайтадан есептелмейді.

9.5 Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Сатушы тиісті емес сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша шығыстарды көтереді.

9.6 Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша айырбасталады.

9.7. Осы Жария офертаға сәйкес кепілдік жағдайға жататын IQOS/IQOS ILUMA/lil SOLID құрылғысы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кепілдік қызмет көрсету шеңберінде kz.iqos.com сайтында орналастырылған myIQOS (бұрынғы CarePlus) бағдарламасының талаптарына сәйкес ауыстырылады.

10. Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару

10.1 Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару қажет болған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару тәртібі туралы ақпарат алу үшін Қолдау қызметіне жүгінеді.

10.2 Тиісті сападағы Тауар қолданыста болмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, жапсырмалары, сондай-ақ Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, оны қайтару және айырбастау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес күнтізбелік он төрт күн ішінде жүзеге асырылады.

10.3 Тауар келесі жағдайларда қолданыста болмаған және оның тауарлық түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған болып саналады:

• Тауар қаптамасына/бетіне зақым келмеуі;

• жұмыс істейтін зарядтау құрылғысының, ұстағыштың, қуат беру блогының, USB кабелінің болуы;

• Тауар беттерінде сызаттардың немесе өзге де зақымдардың болмауы.

• ұстағышта және зарядтау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, ұстағыш жүзінің (қыздыру элементінің) тұтастығы;

• тазалау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, сондай-ақ жиынтықтылық – ілгектің болуы, щеткалардың тұтастығы;

• зарядтау құрылғысында жапсырманың, қуат беру блогында қорғағыш үлдірдің және USB кабелінде бекітетін сақинаның болуы;

• Тауардың сериялық нөмірі сақталған;

• зарядтау құрылғысы мен ұстағышқа арналған пластик қойғыштың, үш тілдегі пайдаланушы нұсқаулығы мен кепілдіктің болуы.

Тауар қорабында үлдірдің болмауы тауарлық түрдің бұзылуы ретінде қарастырылмайды.

10.4 Тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша барлық шығыстарды көтереді.

10.5 Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша айырбасталады.

11. Дербес деректер

Сатушы Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді қорғау саласындағы барлық қолданылатын талаптарын сақтай отырып, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңында белгіленген дербес деректер операторының принциптерін, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып, дербес деректер субъектісі ретіндегі Тұтынушының өзіне ұсынылған дербес деректерінің құпиялылығын және өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тапсырысты рәсімдеу арқылы Тұтынушы Сатушыда бар Тұтынушының дербес деректері Тапсырысты жеткізу үшін қажетті көлемде Платформаны пайдаланатын курьерге берілуі мүмкін екеніне өз келісімін береді. Сатушының курьерге мұндай ақпарат беруін Тараптар ақпаратты заңды түрде тарату, яғни ақпаратты жинау мақсаттарына сәйкес тарату деп таниды.

12. Қорытынды ережелер

12.1 Осы Шарттың талаптары мен Платформаны пайдаланудың жалпы талаптары арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, Платформаны пайдаланудың жалпы талаптары басым күшке ие болады.

12.2 Тұтынушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.

12.3 Сатушы Тұтынушыны хабардар етпей, осы Шартты біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттың жаңа редакциясы Тұтынушыны таныстыру үшін Платформада орналастырылған күннен бастап күшіне енеді




Wolt қолданбасы арқылы Тауарды бөлшектеп сатып алу-сату жария шартының №1 қосымшасы

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі

1)Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағыштың зақымдануы

С101

 Механикалық зақым

С002

 Қыздыру элементі зақымданған

С004

 Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы

Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101

 Механикалық зақым

С010

 Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы

С005

 Қақпақтың ілмегі мен серіппесінің зақымдануы

2) Кепілдік жағдайлар:

Ұстағыш

B004

 Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз

B043

 Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен

B101

 Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

 Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B103

 Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды

D001

 Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

Зарядтау құрылғысы

B006

 Зарядтау құрылғысындағы ұстағышты зарядтау индикаторы жанбайды

B032

 Зарядтау құрылғысы ұстағышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды

B038

 Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл түспен жанып тұр

B101

 Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B104

 Зарядтау құрылғысы зарядталмайды

D001

 Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

IQOS ILUMA электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі

1) Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағыштың зақымдануы

С101

 Механикалық зақым

С004

 Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы

С069

 Стик сегменті қыздыру камерасынан алынбайды

С042

 Қыздыру камерасының зақымдануы

Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101

 Механикалық зақым

С010

 Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы

2) Кепілдік жағдайлар:

Ұстағыш

B004

 Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз

B043

 Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен

B101

 Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

 Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B103

 Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды

B067

 Түймені басқан кезде, қыздыру қосылмайды

D001

 Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

Зарядтау құрылғысы

B006

 Зарядтау құрылғысындағы ұстағышты зарядтау индикаторы жанбайды

B032

 Зарядтау құрылғысы ұстағышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды

B038

 Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл түспен жанып тұр

B064

 Құрылғының заряды 20 (жиырма) пайдалану сеансына (ILUMA ONE) жетпейді

B101

 Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B104

 Зарядтау құрылғысы зарядталмайды

D001

 Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

Азық-түліктік емес тауар – lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі

1) Кепілдік емес жағдайлар:

С046

 Сұйықтықтың тиюі

С101

 Механикалық зақым

С028

 Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы

2) Кепілдік жағдайлар:

B004

 Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 5 (бес) минуттан аз

B019

 Индикатор қызғылт сары түспен жанып тұр

B101

 Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

 Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B104

 Құрылғы зарядталмайды

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру