Құжаттар тізімі arrow-icon

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Өткізу жөніндегі директоры мен

Тәуекелі төмен өнімдерін және

цифрлық технологиялар маркетингі

жөніндегі директорының

16.11.2021 ж. №201 бұйрығымен бекітілген

«Филип Моррис Казахстан» ЖШС офертасы -

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне

және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесіне

тест-драйв жүргізуге арналған шарт

Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2021 жылғы 22 қарашаның 10:00-ден бастап жарамды

ФМҚ-ның Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – «ҚР») заңнамасында белгіленген тұтынушылар алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында, атап айтқанда: тұтынушыға тауар - IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесі мен оның ерекшеліктері туралы ақпарат ұсыну, оның жұмыс істеу қағидасымен барынша егжей-тегжейлі танысу, ыңғайлылығын тексеру, дұрыс пайдалану туралы ақпарат беру, тұтынушының IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйелері мен олардың ерекшеліктері туралы, сондай-ақ IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтынушылық қасиеттерінің тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы кейіннен шешім қабылдауы үшін IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі туралы жеке пікірін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі темекі тұтынушы болып табылатын, ФМҚ деректер базасында тіркелген және ҚР заңнамасына сәйкес жоғарыда келтірілген өз құқықтарын жүзеге асыруға мүдделі, жиырма бір жасқа толған жеке тұлғаға төменде қарастырылғандай, өзгертулерсіз, тұтастай қосылу жолымен IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне тест-драйв жүргізу үшін төмендегі шартқа отыруды ұсынады:

Преамбула

IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне тест-драйв жүргізуге арналған осы Шарт (бұдан әрі - «Шарт») Жарғы негізінде әрекет ететін, өткізу жөніндегі директор А.Леонов және тәуекелі төмен өнімдерін және цифрлық технологиялар маркетингі жөніндегі директорының Айсу Гокче тұлғаларында бұдан әрі «ФМҚ» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС бір тараптан және темекі тұтынушы болып табылатын, ФМҚ деректер базасында тіркелген және өзгертулерсіз, толықтай ФМҚ талаптарымен Шартқа отыру туралы ұсынысты (офертаны) қабылдаған, жиырма бір жастан асқан жеке тұлға болып табылатын «Тұтынушы» арасындағы қатынастарды реттейді.

Тараптар осы Шарт IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне Тест-драйв жүргізу мәселелері бойынша ФМҚ мен Тұтынушының өзара әрекеттестігінің жалпы және негізгі талаптарын регламенттейтінін мойындайды.

Бұл ретте, ФМҚ төменде көрсетілген шарттарда тест-драйвтан басқа, Тұтынушыларға жоғарыда аталған, оның ішінде ФМҚ-ның ішкі сауда объектілерінде IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің қасиеттерін көрсету және тауар туралы, оны дұрыс пайдалану туралы ақпарат ұсыну арқылы өз құқықтарын жүзеге асырудың өзге де мүмкіндіктерін ұсынады.


1. Анықтамалар

1.1. Тұтынушы – ФМҚ деректер базасында тіркелген, ҚР заңнамасында, соның ішінде тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру үшін Үлгіге Тест-драйв өткізуге ниет білдірген, 21 жасқа толған және одан асқан жеке тұлға

1.2. ФМҚ – БСН 040440000348, В40А6М8, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров к-сі, 90 мекенжайы бойынша тіркелген және орналасқан, ҚР аумағында IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің импорттаушысы және сатушысы, сондай-ақ ҚР аумағында тұтынушылардың наразылықтарын қабылдауға уәкілетті ұйым болып табылатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС.

1.3. Үлгі – ФМҚ-ға тиесілі және осы Шартқа сәйкес қайтарымды негізде Тест-драйв мақсаттары үшін Тұтынушыға ұсынылатын, ФМҚ қалауы бойынша таңдалатын, белгілі бір модельдегі бұрын пайдалануда болған IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесі.

1.4. Тест-драйв - Тұтынушыға тауар - IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі мен оның ерекшеліктері туралы Тұтынушының жеке пікірін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтынушылық қасиеттерінің Тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы кейіннен шешім қабылдау үшін осы Шартқа сәйкес ФМҚ-ның Тұтынушыға қайтарымды негізде Үлгіні ұсыну арқылы IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйелерінің жұмыс істеу қағидасымен барынша егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қолайлылықты тексеру, дұрыс пайдалану туралы ақпарат беру туралы ақпарат ұсынуды білдіретін, жеңіл түсінуі үшін қызмет ететін шартты белгі.

1.5. Ішкі сауда объектілері – ФМҚ ішкі сауда объектілері: IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесін сатуды жүзеге асыратын ФМҚ-ның бөлшек сауда нүктелері және ФМҚ-ның тәуекелі төмен өнімдерін ұтқыр сату бөлімінің жеке кеңесшілері (бұдан әрі - «Коучтар»).

1.6. Серіктес – осы Шарттың талаптарына, сондай-ақ ФМҚ-мен тиісті шарттың талаптарына сәйкес Тест-драйвқа арналған Үлгілердің берілуін жүзеге асыратын ФМҚ қатыстырған тұлға.

1.7. Тараптар – ФМҚ, Тұтынушы, сондай-ақ бірге аталғанда Серіктес.

1.8. Сайт – ФМҚ сайты: kz.iqos.com.

1.9. Қолдау қызметі – 8-8000-80-12-21 (қоңырау шалушы үшін тегін) немесе 2121 телефон нөмірі бойынша электрлік темекі қыздыру жүйесіне қатысты Тұтынушыларға ақпарат беруге жауапты ФМҚ бөлімшесі.

1.10. Кепілдік жарна – Тұтынушының Үлгіні Шартта белгіленген ең ұзақ мерзімде қайтару міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету үшін Тұтынушының ФМҚ пайдасына төлейтін ақша сомасы. lil Solid 2.0 моделінің Үлгісі үшін Кепілдік жарна сомасы 2 000 теңгені (бес мың теңгені), IQOS 3 DUO моделінің Үлгісі үшін Кепілдік жарна сомасы 5 000 теңгені (он мың теңгені) құрайды.

1.11.Акцепт - Тұтынушының осы Офертаны толық және сөзсіз қабылдайтыны туралы жауабы және осы Шартта белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын, Шартқа өзгертулерсіз, толықтай қосылуы.

1.12. Арна - Үлгіге Тест-драйв өткізу жүзеге асырылатын субъект/құрал: Ішкі сауда объектілері, Сайт немесе Серіктес.

2. Шарттың мәні

2.1. ФМҚ осы Шарттың талаптарымен Тест-драйв өткізуді келесі Арналар арқылы қамтамасыз етеді: Ішкі сауда объектілері, Серіктестер, сондай-ақ осы Шарттың талаптарына сәйкес Акцепт жасаған тұтынушыға Сайт арқылы.

2.2. ФМҚ келесілерді басшылыққа алады:

i) IQOS және lil Solid 2.0 жүйелері 21 жасқа толған және одан асқан, темекі өнімдерін тұтынуды жалғастыруды қалайтын темекі шегушілерге арналған;

ii) ФМҚ ешқашан темекі шекпеген немесе темекіні тұтынуды толығымен тастаған адамдарға IQOS-ты және lil Solid 2.0-ты ұсынбайды;

iii) ФМҚ мақсаты – кез келген жағдайда темекі шегуді жалғастыратын 21 жасқа толған және одан асқан әрбір темекі шегушіні IQOS және lil Solid 2.0 сияқты осындай түтінсіз өнімдерге ауыстыру. ФМҚ оқыту, кеңес беру және ФМҚ белгілеген шарттарда жеке таныстырылымдар өткізу арқылы IQOS-қа немесе lil Solid 2.0-ке көшу кезінде 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегушілерді қолдауға дайын;

iv) IQOS және lil Solid 2.0 темекі шегуді тоқтатуды алмастырмайды. Темекі тұтынудан денсаулығына төнетін қауіп жайында уайымдайтын Тұтынушылар темекі тұтынуды барлық ықтимал нысандарда толығымен тоқтатуы және осы Шартқа қосылмауы тиіс;

v) IQOS-тың немесе lil Solid 2.0-тың барлық артықшылықтарын толық сезіну үшін 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегуші темекіден бас тартып, тек IQOS-ты немесе lil Solid 2.0-ты ғана пайдалануы тиіс;

vi) IQOS-ты және lil Solid 2.0-ты пайдалану денсаулық үшін қатерді жоққа шығармайды немесе темекіге зиянсыз балама болып табылмайды, бірақ темекі шегумен салыстырғанда анағұрлым жақсы таңдау болып табылады.

2.3. ФМҚ Тараптар шарт жасасқанға дейін Оферта/Шарт талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Тараптар Шарт жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте оған өзгерістер енгізуге жол беріледі.

2.4. Шарт ҚР заңнамасы бойынша қосылу шарты болып табылады. Тұтынушы Акцепт жасаған сәттен бастап Шарт тиісті нысанда оған тұтастай, өзгертулерсіз қосылу жолымен жасалған болып есептеледі.

2.5. ФМҚ Тұтынушыларға Тест-драйв жүргізу кезінде IQOS және lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесіне қатысты, сондай-ақ 8-8000-80-12-21 (қоңырау шалушы үшін тегін) немесе 2121 телефон нөмірі бойынша қолдау қызметі арқылы Тест-драйв өткізу тәртібіне қатысты ақпарат немесе кеңес береді.

2.6. Осы Шарттың Тараптары осы Шартта көзделген жағдайларда ФМҚ Кепілдік жарнаны ұстап қалғанына қарамастан, ФМҚ Тұтынушысы Үлгіні қайтару шарттарында Тест-драйв мерзіміне Тұтынушыға Үлгіні беретіндігімен келіседі. Осылайша, егер Кепілдік жарна ұсталынған болса, істің кез-келген жағдайында Үлгі осы Шартта қарастырылған тәртіппен ФМҚ-ға қайтарылуы керек.


3. ТЕСТ-ДРАЙВ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ


3.1. Үлгіге меншік құқығы ФМҚ-ға тиесілі, Серіктеске де, Тұтынушыға да берілмейді. Тұтынушы Тест-драйв өткізу мерзімінде Үлгінің сақталуы мен жарамдылығы үшін жауапты болады және оны Тұтынушыға берілген күйде қайтаруды жүзеге асырады. Осы Шарттың мақсаттарына сай Тараптармен Үлгінің сақталуы мен жарамдылығы деп келесілер ұғынылады:

(1) IQOS-ты/lil Solid 2.0-ты ФМҚ-ға/Серіктеске қайтару сәтінде IQOS-ты немесе lil Solid 2.0-ты мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі;

(2) IQOS-ты/lil Solid 2.0-ты ФМҚ-ға/Серіктеске қайтару сәтінде IQOS-тың/lil Solid 2.0-тың барлық сыртқы элементтерінің бүтіндігі (механикалық зақымданулардың болмауы);

(3) Тұтынушының Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісі бойынша алған жиынтықта қайтаруы.

3.2. Тұтынушыға Үлгіні берудің техникалық мүмкіндігі болған жағдайда және ФМҚ мен Серіктесте осы Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушы Акцепт жасалған кезде беруге болатын Үлгілер (тиісті модельдер) болған жағдайда Үлгіні Тест-драйв шеңберінде беруді ФМҚ Ішкі сауда объектілері, Серіктестер немесе Сайт арқылы жүзеге асырады. ФМҚ белгілі бір уақытта қандай да бір Арнада Үлгіні (оның жеке модельдерін) беру мүмкіндігіне кепілдік бермейді. Мұндай беру мүмкіндігі тек белгілі бір уақытта Арнада (олардың тиісті модельдерін қоса) Үлгілердің болуына байланысты. Тест-драйв шеңберінде Сайт арқылы Үлгіні беру Сайттың өзінде көрсетілген қадамдық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады. Бір Тұтынушыға Тест-драйв мақсаттарында бір Үлгі беріледі.

3.3. ФМҚ бөлшек сауда нүктелерінің орналасқан орындары Сайтта жарияланған, сондай-ақ мұндай ақпаратты Қолдау қызметіне жүгіну жолымен алуға болады. Тест-драйв өткізуді жүзеге асыратын Серіктес объектілерінің орналасқан жерлерін ФМҚ және Серіктес олардың бірлескен қалауы бойынша анықтайды. Тест-драйв өткізуді жүзеге асыратын Серіктес объектілерінің тұрақты орналасу орындары Сайтта жарияланған. Үлгіні Тест-драйв мақсаттарында Коучтар арнасында және Сайт арқылы беру Тұтынушы мен Коуч арасында келісілген немесе Тұтынушы Сайтта көрсеткен орында жүргізіледі.

3.4. Тұтынушының осы ОфертаныШартты толық және сөзсіз қабылдауы Тұтынушының Шарт талаптарына сәйкес жиынтықта келесі әрекеттерді орындауы болып табылады:

3.4.1. мұндай тіркеу болмаған кезде Тұтынушыны ФМҚ деректер базасына тіркеу, себебі ол Тұтынушының осы Шартқа отыруы және орындауы үшін қажетті өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруін қамтиды;

3.4.2 Тұтынушының Кепілдік жарна сомасын төмендегі 3.5-тармақта көрсетілген тәртіппен енгізуі,

3.4.2. Тұтынушының Тест-драйв үлгісін, Қабылдау-тапсыру актісін алғанын және осы Шартпен келісуі немесе Шарттың 3.7-тармағында көрсетілген тәртіппен Қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюын растауы.

Тұтынушының Шарттың осы тармағының жоғарыда аталған әрекеттерінің кез келгенін орындамауы немесе Шарт талаптарын бұзып орындауы Тұтынушының осы Офертаны қабылдаудан және Шарт жасасудан бас тартуы болып есептеледі. Тұтынушының Акцептті орындауы Тұтынушының осы Офертаның және Шарттың талаптарымен танысқанын және келісетінін растау болып табылады. Тұтынушының Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім жасасуға акцепті жасалған болып есептеледі, ал Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісімнің өзі Тұтынушы төмендегі 3.5-тармақта көзделген тәртіпте Кепілдік жарна сомасын енгізген сәттен бастап, осы Шартта көзделген талаптармен ФМҚ-мен жасалған болып есептеледі.

3.5. Тұтынушының Кепілдік жарна сомасын енгізуін Тұтынушы арнаға байланысты төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:

3.5.1. Сайт арқылы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Epay төлем бетінде осы бетте көрсетілген қадамдық нұсқауларға сәйкес Тұтынушының төлем банк картасы арқылы Кепілдік жарна сомасын Тұтынушының енгізу жолы. Осы 3.5.1-тармақша шеңберінде Тұтынушының Кепілдік жарна сомасын енгізгенін растау ретінде. Тұтынушыға ФМҚ-ның деректер базасында тіркелу кезінде ол көрсеткен электрондық пошта мекенжайына тіркелген электрондық чегі бар электрондық хабарлама жіберіледі.

3.5.2. Серіктестер және Коучтар арқылы: ФМҚ-ның деректер базасында тіркелу кезінде көрсетілген Тұтынушының ұялы байланыс абоненттік нөміріне (бұдан әрі - «Телефон нөмірі») SMS-хабарлама арқылы жіберілетін ФМҚ немесе Серіктес жасайтын сілтеме бойынша «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС операторы инфрақұрылымының көмегімен Тұтынушының төлем банк картасы арқылы Тұтынушының Кепілдік жарна сомасын енгізу жолы. «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС Тұтынушының Кепілдік жарнаны енгізгенін растау ретінде соңғысына Тұтынушы мен «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС арасында жасалған шартқа сәйкес электрондық хабарлама пішімінде сауда чегін ұсынады.

3.5.3. ФМҚ-ның бөлшек сауда нүктелерінде: ФМҚ кассасына қолма-қол ақшаны енгізу арқылы немесе терминал арқылы төлем банк картасымен не болмаса оператор - «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС инфрақұрылымының көмегімен Кепілдік жарна сомасын төлеу үшін Тұтынушының Телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы ФМҚ жасайтын сілтеме бойынша Тұтынушының төлем банк картасы арқылы. ФМҚ Тұтынушының Кепілдік жарна сомасын қолма-қол төлегенін растау ретінде оған чек береді. «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС Тұтынушының Кепілдік жарнаны енгізгенін растау ретінде соңғысына Тұтынушы мен «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС арасында жасалған шартқа сәйкес электрондық хабарлама пішімінде сауда чегін ұсынады.

3.6. Кепілдік жарнаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Epay төлем беті арқылы төлем банк картасымен немесе «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС операторының инфрақұрылымы арқылы төлеген кезде, тиісінше «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС PCI DSS қауіпсіздік стандарты бойынша Тұтынушының банк картасының деректерін қорғайды және өзгертеді. Тұтынушының төлем банк картасының деректері тек шифрленген түрде ғана беріледі және Сайтта немесе ФМҚ-ның басқа жүйелерінде сақталмайды. ФМҚ Тұтынушының төлем банк картасының деректеріне қол жеткізе алмайды және оларды сақтамайды. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне тиісінше «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС кепілдік береді. Қосымша сәйкестендіру ережелері мен әдістері туралы, сондай-ақ ықтимал комиссиялар туралы ақпаратты төлем банк картасын берген банкте нақтылау қажет.

3.7. Тұтынушы Кепілдік жарна сомасын жоғарыда келтірілген тәсілдердің бірімен енгізгеннен кейін, ФМҚ Тұтынушыға Үлгіні нысаны осы Шартқа 1-қосымшада келтірілген Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісі негізінде береді. ФМҚ Тұтынушыға Тест-драйв үшін Үлгіні беру фактісін растау ретінде немесе Серіктес Тұтынушыға Тұтынушының телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды, онда тиісті код, Үлгінің сериялық нөмірі және осы Шартқа сілтеме қамтылады. Тұтынушы ФМҚ-ға немесе Серіктеске SMS-хабарламадағы кодты хабарлайды және сол арқылы оған Тест-драйв Үлгісін ұсынғанын растайды, Тұтынушы тарапынан Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісін, сондай-ақ осы Шартпен келісетінін растайды.

SMS-хабарламаны жіберу/алу қандай да бір себептермен мүмкін емес болған жағдайда, Тараптар қағаз тасымалдағыштағы Үлгінің Қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

3.7. Тұтынушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген ең ұзақ мерзімінен кешіктірмей Үлгіні қайтару міндеттемесін қабылдайды. Үлгіні қайтару Үлгі алынған Арнаға байланысты жүзеге асырылады:

3.7.1. егер Үлгі Серіктес арнасы арқылы алынған болса, Тұтынушының Үлгіні Серіктеске қайтаруы оның орналасқан/берілген жері бойынша жүзеге асырылады;

3.7.2. егер Үлгі Коуч арнасы арқылы алынған болса, Тұтынушының Үлгіні қайтаруы Тұтынушы мен Коуч арасында келісілген жерде немесе ФМҚ-ның кез-келген бөлшек сауда нүктесінде жүзеге асырылады;

3.7.3. егер Үлгі ФМҚ бөлшек сауда нүктелерінде алынған болса, Тұтынушының Үлгіні қайтаруы ФМҚ-ның немесе Коучтың кез-келген бөлшек сауда нүктесінде жүзеге асырылады;

3.7.4. егер Үлгі Сайт арқылы алынған болса, қайтару Тұтынушының орналасқан жеріндегі Сайтта рәсімделетін қайтару нысаны бойынша сұрату жолымен курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

3.8. Тұтынушының Үлгіні ФМҚ-ға немесе Серіктеске қайтаруы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісін растау және / немесе оған қол қою арқылы жүзеге асырылады. Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісін растау және/немесе оған қол қою Үлгіні қайтару фактісін растайды. Үлгіні қайтару фактісін растау үшін ФМҚ немесе Серіктес Тұтынушыға оның телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды, онда тиісті код, Үлгінің сериялық нөмірі және осы Шартқа сілтеме қамтылады. Тұтынушы ФМҚ-ға немесе Серіктеске SMS-хабарламадағы кодты хабарлайды және сол арқылы Үлгіні қайтаруды растайды, Тұтынушы тарапынан Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісін растайды. SMS-хабарламаны жіберу/алу қандай да бір себептермен мүмкін емес болған жағдайда, Тараптар қағаз тасымалдағыштағы Үлгінің Қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

3.9. Тұтынушы Үлгіні үшінші тұлғаларға, оның ішінде бүкіл Тест-драйв кезеңі ішінде 21 жасқа толмаған тұлғаларға бермей, Үлгіні жеке өзі пайдалану міндеттемесін қабылдайды.

3.10. Осы Шартқа сәйкес Үлгі қайтарылғаннан кейін ФМҚ Кепілдік жарнаны Тұтынушыға келесі тәртіпте қайтарады:

3.10.1. егер Кепілдік жарнаны төлеу «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Epay төлем беті арқылы жүргізілсе, онда Кепілдік жарна сомасын Тұтынушыға қайтару тиісті Қабылдау-тапсыру актісі расталған/қол қойылған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде бұрын Кепілдік жарна сомасы енгізілген оның төлем банк картасына жүзеге асырылады,

3.10.2. егер Кепілдік жарнаны төлеу «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС операторының инфрақұрылымы арқылы жүргізілген болса, онда Кепілдік жарна сомасын Тұтынушыға қайтару бұрын Кепілдік жарна сомасын енгізу жүзеге асырылған оның төлем банк картасына тиісті Қабылдау-тапсыру актісі расталған/қол қойылған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде «WOOPPAY(ВУППЭЙ)» ЖШС операторының инфрақұрылымы көмегімен жүзеге асырылады.

3.10.3. егер Кепілдік жарнаны төлеу ФМҚ кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы немесе ФМҚ бөлшек сауда нүктелері арнасындағы және Сайттағы терминал арқылы төлем банк картасы арқылы жүргізілсе, Кепілдік жарна сомасын қайтару Үлгіні қайтарғаннан кейін тікелей ФМҚ бөлшек сауда нүктесіндегі ФМҚ кассасында Тұтынушыға қолма-қол ақшамен төлеу тәсілімен жүзеге асырылады.

3.11. Тұтынушы келіскен жағдайда оның осы Келісім-шарт бойынша енгізген Кепілді жарна сомасы Ішкі сауда нысандарында немесе Сайт арқылы көрсетілген Арналардың тиісті Жария офертасы бойынша және осы Келісім-шарттың шарттарына сәйкес Тұтынушы Үлгіні қайтару жөніндегі міндеттемені орындаған жағдайда жаңа электр темекі қыздыру жүйесін сатып алу құнын төлеуге жатқызылуы мүмкін.


4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. ФМҚ Тұтынушының Үлгіні дұрыс пайдаланбауы салдарынан Тұтынушыға және / немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залалы үшін немесе Тұтынушы осы Шартта белгіленген тыйымдарды бұза отырып, Үлгіні қандай да бір себептермен берген үшінші тұлға үшін жауап бермейді. Тараптар осы Шарт бойынша ФМҚ жауапкершілігі нақты залалмен шектеледі және ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденуі тиіс деген келісімге келді.

4.2. Тараптар өзара міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан не болмаса зиян келтіруден туындаған алынбаған табыстарды бір-біріне өтеу түрінде бір-бірінің алдындағы жауапкершіліктен босатылады.

4.3. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауапкершілікке ие болады.

4.4. Егер орындамау соғыс немесе әскери іс-қимылдар, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және басқа да дүлей зілзалалар, мемлекеттік билік органдарының актілері немесе әрекеттері, кеден ережелерінің өзгеруі, осы Шарт жасалғаннан кейін Тараптардың еркіне қарамастан қызметті, туындаған импортты және (немесе) экспортты шектеу сияқты еңсерілмейтін жағдаяттардың салдары болып табылса, Тараптар өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Өз міндеттемелерін орындай алмайтын Тарап бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді және оған уәкілетті органдар немесе ұйымдар берген осындай жағдаяттардың болуын растайтын құжаттарды ұсынады.

4.5. Тұтынушы алынған Үлгі расталған және / немесе Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған сәттен бастап жоғалған, бүлінген немесе (толық немесе ішінара) функционалдылығы жойылған жағдайда, материалдық жауапкершілікке ие болады. ФМҚ Тұтынушыға Тұтынушының Үлгіні таныстыруы үшін, сондай-ақ Тұтынушы осы Шартта көзделген тыйымдарды бұза отырып Үлгіні берген үшінші тұлғаға танысуы үшін берген Үлгі жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда және соның салдарынан Тұтынушы ФМҚ-ға берілген Үлгіні қайтара алмаса, сондай-ақ егер Тұтынушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде қайтару үшін белгіленген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн өткен соң қайтармаса, ФМҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, ФМҚ-ның құқықтарын қорғау үшін қажетті кез келген әрекеттерге, соның ішінде олармен шектелмейтін сот органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда Тұтынушының Үлгіні Тұтынушының кінәсінен қайтару міндеттемесін орындамауының салдары ретінде, Тұтынушы төлеген кепілдік жарна сомасы ФМҚ-ның иелігіне, пайдалануына және билігіне өтеді.


5. Қорытынды ережелер

5.1. ФМҚ мен Тұтынушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады. Шартты ФМҚ Тұтынушыға ескертпестен, біржақты тәртіпте өзгерте алады. Шарттың жаңа редакциясы ол бекітілгеннен күннен бастап және ФМҚ Ішкі сауда объектілерінде, Тұтынушыға таныстыру үшін Серіктестерде болған кезде, сондай-ақ осы Шарттың ережелеріне сәйкес Тұтынушының телефон нөміріне жіберілетін SMS-хабарламадағы сілтеме бойынша күшіне енеді.


Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Өткізу жөніндегі директоры мен Т әуекелі төмен өнімдерін және цифрлық технологиялар маркетингі жөніндегі директорыны ң

16.11. 2021 жылғы № 201 Бұйрығымен бекітілген

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне Тест-драйв өткізу Оферта-шартына №1 қосымша

ҮЛГІНІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ

Күні

[КК.АА.ЖЖЖЖ]

[қалаелді мекен]

[Берілген жердің атауы ]

Осы Акт келесілер арасында жасалды:

Бұдан әрі «ФМҚ» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС, бір тараптан және

бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын

Тегі Аты Әкесінің аты

ЖСН

Туған күні

Телефоны, екінші тараптан, мазмұны келесідей

1. ФМҚ келесі мүлкін берді, ал Тұтынушы ФМҚ-ның мүлкін алды:

IQOS немесе lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): IQOS Зарядтау құрылғысынан немесе lil Solid 2.0 құрылғысынан, IQOS ұстағышынан (тек IQOS үшін), қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

IQOS зарядтау құрылғысының немесе lil Solid 2.0 құрылғысының сериялық нөмірі

(IQOS ұстағышының сериялық нөмірі (тек IQOS үшін)

2. Үлгіні ФМҚ Тұтынушыға IQOS/lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесімен Тұтынушының (үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) жеке өзі танысуы мақсатында ғана ұсынған.

3. Үлгі Тұтынушыға осы Актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн мерзіміне берілді. Тұтынушының алынған Үлгіні мерзімінен бұрын қайтаруына жол беріледі. Үлгіні қайтару Үлгі алынған арнаға байланысты жүзеге асырылады: 1) егер Үлгі Серіктес арнасы арқылы алынған болса, Тұтынушының Үлгіні қайтаруы Серіктеске оның орналасқан/Үлгіні берген жері бойынша жүзеге асырылады; 2) егер Үлгі Коучтар арнасы арқылы алынған болса, Тұтынушының Үлгіні қайтаруы Тұтынушы мен Коуч арасында келісілген жерде немесе ФМҚ-ның кез келген бөлшек сауда нүктесінде жүзеге асырылады; 3) егер Үлгі ФМҚ-ның бөлшек сауда нүктесінде алынған болса, Тұтынушының үлгіні қайтаруы ФМҚ-ның кез-келген бөлшек сауда нүктесінде немесе Коучта жүзеге асырылады; 4) егер Үлгі Сайт арқылы алынған болса, қайтару курьерлік қызметпен Тұтынушының орналасқан жеріндегі сайтта ресімделетін қайтару нысаны арқылы сұрау салу жолымен жүзеге асырылады не болмаса Тұтынушы ФМҚ-ның кез келген бөлшек сауда нүктесіне қайтаруды жүзеге асырады.

4. Тұтынушы IQOS және (немесе) lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне тест-драйв жүргізуге арналған Оферта-Шартпен танысқанын және онымен келісетінін растайды, Пайдаланушының нұсқаулығын (басшылығын) және Үлгіні пайдалануға қатысты қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты сақтауға және алынған Үлгіні ФМҚ-ға барлық керек-жарақтарымен (сол жиынтықта), Тұтынушыға берілген күйінде және түрінде қайтаруға міндеттенеді. Тұтынушы ФМҚ-ны сынған / істен шыққан (Үлгіні қауіпсіз пайдалану мүмкін болмаған кезде) не болмаса Тұтынушы алған Үлгіні немесе оның бөліктерін жоғалтқан барлық жағдайлар туралы дереу телефон арқылы хабардар етуге міндеттенеді. Тұтынушыларды Қолдау қызметінің телефоны: 8-800-080-12-21 немесе 2121.

5. ФМҚ Тұтынушыға танысу үшін берген Үлгі жоғалған, мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған немесе бүлінген жағдайда және соның салдарынан Тұтынушы ФМҚ-ға берілген Үлгіні қайтара алмаса, сондай-ақ егер Тұтынушы Үлгіні осы Актінің 3-тарм. көрсетілген Үлгіні қайтару мерзімі аяқталған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн өткен соң қайтармаса, ФМҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, ФМҚ-ның құқықтарын қорғау үшін қажетті кез келген әрекеттерге, соның ішінде олармен шектелмейтін сот органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда Тұтынушының Үлгіні қайтару міндеттемесін орындамауының салдарынан Тұтынушы енгізген Кепілдік жарна сомасы ФМҚ иелігіне, пайдалануына және билігіне өтеді.

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Тұтынушы

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Тұтынушы ФМҚ-ның келесі мүлкін қайтарды, ал ФМҚ ол мүлікті қабылдады:

IQOS немесе lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): IQOS зарядтау құрылғысынан немесе lil Solid 2.0 құрылғысынан, IQOS ұстағышынан (тек IQOS үшін), қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

IQOS Зарядтау құрылғысының немесе lil Solid 2.0 құрылғысының сериялық нөмірі

IQOS ұстағышының сериялық нөмірі (тек IQOS үшін)

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Тұтынушы

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар. Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.

phone-icon 2121
ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ Кіру Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.

SMS - коды бойынша кіру

SMS - кодты қабылдау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

SMS - коды бойынша кіру

____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
send-again-icon Кодты қайта жіберу
Растау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

Растау

Құпия сөзбен кiру

Растау Смс-код арқылы кіру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Құпия сөзбен кiру

Растау
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

ЖІБЕРУ Кіру

Құпиясөзді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

ЖІБЕРУ Кіру

SMS - коды бойынша кіру

____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
send-again-icon Кодты қайта жіберу
Растау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

Растау

Пароль изменен

Растау

Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру

Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:

  • маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
  • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
  • бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
  • тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
  • маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.

Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.

Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.

Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.

Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.

Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.

Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.

Келісемін. SMS кодын алу Келіспеймін. Сайтқа өту
____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
Кодты қайта жіберу
Растау
Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру