«Филип Моррис Казахстан» ЖШС офертасы -
IQOS ILUMA ONE, IQOS ILUMA i индукциялық темекіні қыздыру жүйесінің үлгісіне
тест-драйв өткізуге арналған шарт
ФМҚ-ның Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – «ҚР») заңнамасында белгіленген тұтынушылар алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында, атап айтқанда: тұтынушыға тауар - IQOS ILUMA ONE, IQOS ILUMA i индукциялық темекі қыздыру жүйесі (бұдан әрі бірлесіп – «IQOS») мен олардың ерекшеліктері туралы ақпарат ұсыну, оның жұмыс істеу қағидасымен барынша егжей-тегжейлі танысу, ыңғайлылығын тексеру, дұрыс пайдалану туралы ақпарат беру, тұтынушының IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі мен оның ерекшеліктері туралы, сондай-ақ IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесінің тұтынушылық қасиеттерінің тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы кейіннен шешім қабылдауы үшін IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесі туралы жеке пікірін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі темекі тұтынушы болып табылатын, ФМҚ деректер базасында тіркелген және ҚР заңнамасына сәйкес жоғарыда келтірілген өз құқықтарын жүзеге асыруға мүдделі, жиырма бір жасқа толған жеке тұлғаға төменде қарастырылғандай, өзгертулерсіз, тұтастай қосылу жолымен IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне тест-драйв жүргізу үшін төмендегі шартқа отыруды ұсынады
Преамбула
IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне тест-драйв жүргізуге арналған осы Шарт (бұдан әрі - «Шарт»), бұдан әрі «ФМҚ» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС бір тараптан және темекі тұтынушы болып табылатын, ФМҚ деректер базасында тіркелген және өзгертулерсіз, толықтай ФМҚ талаптарымен Шартқа отыру туралы ұсынысты (офертаны) қабылдаған, жиырма бір жастан асқан жеке тұлға болып табылатын «Тұтынушы» арасындағы қатынастарды реттейді.
Тараптар осы Шарт IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне Тест-драйв жүргізу мәселелері бойынша ФМҚ мен Тұтынушының өзара әрекеттестігінің жалпы және негізгі талаптарын регламенттейтінін мойындайды.
Бұл ретте, ФМҚ төменде көрсетілген шарттарда тест-драйвтан басқа, Тұтынушыларға жоғарыда аталған, оның ішінде ФМҚ-ның ішкі сауда объектілерінде IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесінің қасиеттерін көрсету және тауар туралы, оны дұрыс пайдалану туралы ақпарат ұсыну арқылы өз құқықтарын жүзеге асырудың өзге де мүмкіндіктерін ұсынады.
1. Анықтамалар
1.1. Тұтынушы-21 жасқа толған және одан асқан, ФМҚ дерекқорында тіркелген, ҚР заңнамасында көзделген өз құқықтарын, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы өз құқықтарын жүзеге асыру үшін үлгінің Тест-драйвын жүргізуге ниет білдірген жеке тұлға.
1.2. ФМҚ-Ілияс Жансүгіров көшесі, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы, В40А6М8, БСН 040440000348 мекенжайында тіркелген және орналасқан, ҚР аумағында IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесінің импорттаушысы және сатушысы, сондай-ақ шағым қабылдауға уәкілетті ұйым болып табылатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС ҚР аумағындағы тұтынушылар.
1.3. Үлгі-ФМҚ-ға тиесілі және осы Шартқа сәйкес қайтарымды негізде Тест-драйв мақсаттары үшін Тұтынушыға ұсынылатын, ФМҚ қалауы бойынша таңдалатын, белгілі бір модельдегі бұрын пайдалануда болған IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесі
1.4. Тест-драйв - Тұтынушыға тауар - IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі мен оның ерекшеліктері туралы Тұтынушының жеке пікірін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтынушылық қасиеттерінің Тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы кейіннен шешім қабылдау үшін осы Шартқа сәйкес ФМҚ-ның Тұтынушыға қайтарымды негізде Үлгіні ұсыну арқылы IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесінің жұмыс істеу қағидасымен барынша егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қолайлылықты тексеру, дұрыс пайдалану туралы ақпарат беру туралы ақпарат ұсынуды білдіретін, жеңіл түсінуі үшін қызмет ететін шартты белгі.
1.5. Ішкі сауда объектілері-ФМҚ Ішкі сауда объектілері: IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесін іске асыратын ФМҚ бөлшек сауда нүктелері.
1.6. Тараптар - ФМҚ, тұтынушы.
1.7. Сайт – ФМК сайты: kz.iqos.com.
1.8. Қолдау қызметі - 2121 телефон нөмірі бойынша индукциялық темекі қыздыру жүйесіне қатысты Тұтынушыларға ақпарат беруге жауапты ФМҚ бөлімшесі.
1.9. Токенизация – осы Шарттың талаптарына сай Үлгіні қайтару бойынша міндеттемені орындау мақсатымен, Тұтынушының EPAY төлем бетіндегі банк картасының деректерін көрсету және (немесе) қолжетімділігі Тұтынушының ұялы телефон операторының нөміріне жіберілетін СМС хабарлама арқылы ФМҚ-ға ұсынылатын, төлемдерді Қамтамасыз ету және (немесе) төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті әрекеттерді орындау мүмкіндігін білдіретін, оңай қабылдау үшін қызмет ететін шартты белгі. Токенизация функциясы Visa / Mastercard / American Express / UPI жүйелерінің төлем карталары үшін қолжетімді. Тұтынушының банктік картасының деректері тек шифрланған түрде беріледі және сайтта, ФМҚ-ның кез келген басқа жүйелерінде сақталмайды. ФМҚ Тұтынушының банк картасының деректеріне қол жеткізе алмайды және оларды сақтамайды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне кепілдік береді. Қосымша сәйкестендірудің қағидалары мен әдістері туралы, сондай-ақ ықтимал комиссиялар туралы ақпаратты банк картасын берген банкте нақтылау қажет.
1.10. Қамтамасыз ету - Үлгіні уақтылы қайтармаған немесе мүлдем қайтармаған жағдайда, Үлгіні уақтылы қайтару бойынша өз міндеттемесін қамтамасыз ету мақсатында Тұтынушы Токенизация функциясы арқылы ФМҚ-ға берген деректері бар Тұтынушының банктік картасынан осы Шарттың тәртібімен және талаптарында ФМҚ есептен шығаратын ақшалай сома. IQOS ILUMA ONE моделінің Үлгісі үшін Қамтамасыз ету сомасы 13 000 теңгені (он үш мың теңге) құрайды, IQOS ILUMA i моделінің Үлгісі үшін Қамтамасыз ету сомасы 29 000 теңгені (жиырма тоғыз мың теңге) құрайды.
1.11. Акцепт - осы Шартта белгіленген тәртіппен жасалатын Тұтынушының осы Офертаны толық және сөзсіз қабылдауы және Шартқа тұтастай, өзгеріссіз қосылу туралы жауабы.
1.12. Арна-үлгінің Тест-драйвын жүргізу жүзеге асырылатын субъект / құрал: Ішкі сауда объектілері, Сайт.
1.13. Хабарлама - Тұтынушы ФМҚ дерекқорында тіркелген кезде көрсеткен ұялы телефон нөмірін қолданып, СМС хабарлама немесе тиісінше Телеграм арнасындағы хабарлама арқылы Тұтынушыға ФМҚ жолдайтын электрондық хабарлама.
1.14. Телеграм арнасы - Тұтынушыларға арналған IQOSKZ_Support_bot ресми телеграм-боты.
2. Шарттың Мәні
2.1. ФМҚ осы Шарттың талаптарымен Тест-драйв өткізуді келесі Арналар арқылы қамтамасыз етеді: Ішкі сауда объектілері, сондай-ақ осы Шарттың талаптарына сәйкес Акцепт жасаған тұтынушыға Сайт арқылы
2.2. ФМҚ келесілерді басшылыққа алады:
i) IQOS жүйелері 21 жасқа толған және одан асқан, темекі өнімдерін тұтынуды жалғастыруды қалайтын темекі шегушілерге арналған;
ii) ФМҚ ешқашан темекі шекпеген немесе темекіні тұтынуды толығымен тастаған адамдарға IQOS-ты ұсынбайды;
iii) ФМҚ мақсаты – кез келген жағдайда темекі шегуді жалғастыратын 21 жасқа толған және одан асқан әрбір темекі шегушіні IQOS сияқты осындай түтінсіз өнімдерге ауыстыру. ФМҚ оқыту, кеңес беру және ФМҚ белгілеген шарттарда жеке таныстырылымдар өткізу арқылы IQOS-қа көшу кезінде 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегушілерді қолдауға дайын;
iv) IQOS темекі шегуді тоқтатуды алмастырмайды. Темекі тұтынудан денсаулығына төнетін қауіп жайында уайымдайтын Тұтынушылар темекі тұтынуды барлық ықтимал нысандарда толығымен тоқтатуы және осы Шартқа қосылмауы тиіс;
v) IQOS-тың барлық артықшылықтарын толық сезіну үшін 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегуші темекіден бас тартып, тек IQOS-ты ғана пайдалануы тиіс;
vi) IQOS-ты пайдалану денсаулық үшін қатерді жоққа шығармайды немесе темекіге зиянсыз балама болып табылмайды, бірақ темекі шегумен салыстырғанда анағұрлым жақсы таңдау болып табылады.
2.3. ФМҚ Тараптар шарт жасасқанға дейін Оферта/Шарт талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Тараптар Шарт жасасқаннан кейін оған өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте жол беріледі.
2.4. Шарт ҚР заңнамасы бойынша қосылу шарты болып табылады. Тұтынушы Акцепт жасаған сәттен бастап Шарт тиісті нысанда оған тұтастай, өзгертулерсіз қосылу жолымен жасалған болып есептеледі.
2.5. ФМҚ Тұтынушыларға Тест-драйв жүргізу кезінде IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесіне қатысты, сондай-ақ 2121 телефон нөмірі бойынша қолдау қызметі арқылы Тест-драйв өткізу тәртібіне қатысты ақпарат немесе кеңес береді.
2.6. Осы Шарттың Тараптары үлгіні Тұтынушыға осы Шартта көзделген жағдайларда ФМҚ қамтамасыз ету сомасы есептен шығарылғанына қарамастан, ФМҚ тұтынушысының үлгіні қайтаруы шарттарында Тест-драйв мерзіміне беретіндігімен келіседі. Осылайша, егер қамтамасыз ету сомасы есептен шығарылған болса, кез келген жағдайда үлгі осы Шартта көзделген тәртіппен ФМҚ-ға қайтарылуға жатады.
3. ТЕСТ-ДРАЙВ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
3.1. Үлгіге меншік құқығы ФМҚ-ға тиесілі, Тұтынушыға берілмейді. Тұтынушы Тест-драйв өткізу мерзімінде Үлгінің сақталуы мен жарамдылығы үшін жауапты болады және оны Тұтынушыға берілген күйде қайтаруды жүзеге асырады. Осы Шарттың мақсаттарына сай Тараптармен Үлгінің сақталуы мен жарамдылығы деп келесілер ұғынылады:
(1) IQOS-ты ФМҚ-ға қайтару сәтінде IQOS-ты мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі;
(2) IQOS-ты ФМҚ-ға қайтару сәтінде оның барлық сыртқы элементтерінің бүтіндігі (механикалық зақымданулардың болмауы);
(3) Тұтынушының Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісі бойынша алған жиынтықта қайтаруы.
3.2. Тұтынушыға Үлгіні берудің техникалық мүмкіндігі болған жағдайда және ФМҚ осы Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушы Акцепт жасалған кезде беруге болатын Үлгілер (тиісті модельдер) болған жағдайда Үлгіні Тест-драйв шеңберінде беруді ФМҚ Ішкі сауда объектілері немесе Сайт арқылы жүзеге асырады. ФМҚ белгілі бір уақытта қандай да бір Арнада Үлгіні (оның жеке модельдерін) беру мүмкіндігіне кепілдік бермейді. Мұндай беру мүмкіндігі тек белгілі бір уақытта Арнада (олардың тиісті модельдерін қоса) Үлгілердің болуына байланысты. Тест-драйв шеңберінде Сайт арқылы Үлгіні беру Сайттың өзінде көрсетілген қадамдық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады. Бір Тұтынушыға Тест-драйв мақсаттарында бір Үлгі беріледі.
3.3. ФМҚ бөлшек сауда нүктелерінің орналасқан орындары Сайтта жарияланған, сондай-ақ мұндай ақпаратты Қолдау қызметіне жүгіну жолымен алуға болады. Үлгіні Тест-драйв мақсаттары үшін Сайт арқылы беру Тұтынушы Сайтта көрсеткен жерде жүргізіледі.
3.4. Осы Шарттың Офертасын Тұтынушының толық және сөзсіз акцепті Тұтынушының жиынтығында Шарттың талаптарына сәйкес мынадай әрекеттерді жасауы болып табылады:
3.4.1. мұндай тіркеу болмаған кезде Тұтынушыны ФМҚ деректер базасына тіркеу, себебі ол Тұтынушының осы Шартқа отыруы және орындауы үшін қажетті өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруін қамтиды;
3.4.2 төменде 3.5-тармақта көрсетілген тәртіппен Үлгіні уақтылы қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында токенизация функциясы арқылы банк картасының деректерін енгізу;
3.4.3. Тұтынушының Тест-драйв үлгісін, қабылдау-тапсыру актісін және осы Шартпен келісімін алғанын немесе осы Шарттың 3.8-тармағында көрсетілген тәртіппен қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғанын растауы.
Тұтынушының Шарттың осы тармағының жоғарыда аталған әрекеттерінің кез келгенін орындамауы немесе Шарт талаптарын бұзып орындауы Тұтынушының осы Офертаны қабылдаудан және Шарт жасасудан бас тартуы болып есептеледі. Тұтынушының Акцептті орындауы Тұтынушының осы Офертаның және Шарттың талаптарымен танысқанын және келісетінін растау болып табылады. Токенизация функциясы қолданылған жағдайда: Тұтынушының Қамтамасыз ету шарттарына акцепті жасалған болып есептеледі, ал қамтамасыз ету туралы келісімнің өзі Тұтынушы төменде 3.5-тармақта көзделген тәртіппен токенизация функциясын пайдаланған сәттен бастап осы Шартта көзделген шарттарда ФМҚ-мен жасалған болып есептеледі.
3.5. Үлгіні уақтылы қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында Токенизация функциясы арқылы банк картасының деректерін енгізуді Тұтынушы арнаға байланысты төменде көрсетілген әдістердің бірімен жүргізеді:
3.5.1. Сайт арқылы: тұтынушы осы бетте көрсетілген қадамдық нұсқаулықтарға сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Epay төлем бетінде оның жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін банк картасының деректерін енгізу арқылы. Тұтынушының банктік картасының жұмыс қабілеттілігін растау ретінде 50 теңге мөлшерінде тестілік есептен шығару және осы соманы одан әрі қайтару мүмкін.
3.5.2. ФМҚ бөлшек сауда нүктелерінде: Тұтынушы осы бетте көрсетілген қадамдық нұсқаулықтарға сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Epay төлем бетінде оның жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін банк картасының деректерін енгізу жолымен. Тұтынушының банктік картасының жұмыс қабілеттілігін растау ретінде 50 теңге мөлшерінде тестілік есептен шығару және осы соманы одан әрі қайтару мүмкін. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еpay төлем бетіне сілтеме
3.6. Токенизация функциясы қолданылған жағдайда: осы Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушы Үлгіні уақтылы қайтармаған немесе қайтармаған жағдайда ФМҚ осы Шарттың 1.10-тармағында көзделген мөлшерде ақша сомасын Токенизация функциясымен Тұтынушы шифрланған түрде көрсеткен Тұтынушының банктік картасынан есептен шығаруға құқылы. Осы тармақта көзделген ақша сомасы есептен шығарылғаннан кейін немесе Тұтынушы Үлгіні уақтылы қайтарған жағдайда, Тұтынушының банктік картасының шифрланған деректері (Токен) ФМҚ жүйелерінен жойылуға жатады.
3.7. Тұтынушы банктік картаның деректерін Токенизация функциясы арқылы жоғарыда келтірілген әдістердің бірімен енгізгеннен кейін ФМҚ Тұтынушыға осы Шартқа 1-қосымшада келтірілген Үлгіні қабылдау-беру актісі негізінде Үлгі береді. Тест-драйв үшін Үлгіні Тұтынушыға беру фактісін растау үшін ФМҚ Тұтынушыға тиісті коды, Үлгінің сериялық нөмірі және осы Шартқа сілтеме бар хабарлама жіберуді бастамалайды. Тұтынушы ФМҚ-ға Хабарламадағы кодты хабарлайдыжәне осылайша оған Үлгіні Тест-драйвқа ұсынғанын растайды, Үлгіні тұтынушы тарапынан қабылдау-тапсыру актісін, сондай-ақ осы Шартпен келісімді растайды.
Егер қандай да бір себептермен Хабарлама жіберу/алу мүмкін болмаса, Тараптар үлгіні қабылдау-беру актісіне қағаз жеткізгіште қол қояды.
3.8. Тұтынушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген ең ұзақ мерзімінен кешіктірмей Үлгіні қайтару міндеттемесін қабылдайды. Үлгіні қайтару Үлгі алынған арнаға қарамастан, осы Шартта көзделген кез келген арнада жүзеге асырылады.
3.9. Тұтынушының Үлгіні ФМҚ қайтаруы Үлгіні қабылдау-беру актісін растау және/немесе қол қою арқылы жүзеге асырылады. Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісін растау және/немесе оған қол қою Үлгіні қайтару фактісін растайды. Үлгіні қайтару фактісін растау үшін ФМҚ тұтынушыға тиісті кодты, Үлгінің сериялық нөмірін және осы Шартқа сілтемені қамтитын Хабарлама жіберуді бастамалайды. Тұтынушы ФМҚ-ға Хабарламадан кодты хабарлайды және сол арқылы үлгінің қайтарылуын растайды, Үлгіні Тұтынушы тарапынан қабылдау-беру актісін растайды. Егер қандай да бір себептермен Хабарлама жіберу/алу мүмкін болмаса, Тараптар үлгіні қабылдау-беру актісіне қағаз жеткізгіште қол қояды.
3.10. Тұтынушы Үлгіні үшінші тұлғаларға, оның ішінде бүкіл Тест-драйв кезеңі ішінде 21 жасқа толмаған тұлғаларға бермей, Үлгіні жеке өзі пайдалану міндеттемесін қабылдайды.
4. Тараптардың Жауапкершілігі
4.1. ФМҚ Тұтынушының немесе Тұтынушы осы Шартта белгіленген тыйымдарды бұза отырып, қандай да бір себептермен үлгіні берген үшінші тұлғаның үлгіні тиісінше пайдаланбауы салдарынан Тұтынушыға және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін жауапты болмайды. Тараптар осы Шарт бойынша ФМҚ жауапкершілігі нақты залалмен шектеледі және ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденуі тиіс деген келісімге келді.
4.2. Тараптар өзара міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан не болмаса зиян келтіруден туындаған алынбаған табыстарды бір-біріне өтеу түрінде бір-бірінің алдындағы жауапкершіліктен босатылады.
4.3. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына осы Шарттың ережелеріне сәйкес, ал осы Шартта реттелмеген бөлігінде - «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауапты болады.
4.4. Егер орындамау соғыс немесе әскери іс-қимылдар, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және басқа да дүлей зілзалалар, мемлекеттік билік органдарының актілері немесе әрекеттері, кеден ережелерінің өзгеруі, осы Шарт жасалғаннан кейін Тараптардың еркіне қарамастан қызметті, туындаған импортты және (немесе) экспортты шектеу сияқты еңсерілмейтін жағдаяттардың салдары болып табылса, Тараптар өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Өз міндеттемелерін орындай алмайтын Тарап бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді және оған уәкілетті органдар немесе ұйымдар берген осындай жағдаяттардың болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
4.5. Тұтынушы үлгіні қабылдау-беру актісі расталған және/немесе қол қойылған сәттен бастап алынған Үлгінің функционалдығы (толық немесе ішінара) жоғалған, бүлінген немесе жоғалған жағдайда материалдық жауаптылықта болады. ФМҚ Тұтынушыға Тұтынушының Үлгіні таныстыруы үшін, сондай-ақ Тұтынушы осы Шартта көзделген тыйымдарды бұза отырып Үлгіні берген үшінші тұлғаға танысуы үшін берген Үлгі жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда және соның салдарынан Тұтынушы ФМҚ-ға берілген Үлгіні қайтара алмаса, сондай-ақ егер Тұтынушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде қайтару үшін белгіленген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн өткен соң қайтармаса, ФМҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, ФМҚ-ның құқықтарын қорғау үшін қажетті кез келген әрекеттерге, соның ішінде олармен шектелмейтін сот органдарына жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда, Тұтынушының кінәсінен Үлгіні қайтару бойынша Тұтынушының міндеттемесін орындамау салдарынан осы Шартта көзделген тәртіппен ФМҚ есептен шығаратын қамтамасыз ету сомасы ФМҚ-ның иелігіне, пайдалануына және билік етуіне өтеді.
5. Қорытынды ережелер
5.1. ФМҚ мен Тұтынушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады. Шартты ФМҚ Тұтынушыға ескертпестен, біржақты тәртіпте өзгерте алады. Шарттың жаңа редакциясы ол бекітілгеннен күннен бастап және ФМҚ Ішкі сауда объектілерінде, Тұтынушыға таныстыру үшін болған кезде, сондай-ақ осы Шарттың ережелеріне сәйкес Тұтынушының телефон нөміріне жіберілетін SMS-хабарламадағы сілтеме бойынша күшіне енеді.
Офертаға – IQOS ILUMA ONE, IQOS ILUMA i индукциялық темекіні қыздыру жүйесі үлгісінің
тест-драйвын жүргізуге арналған шартқа №1 қосымша
ҮЛГІНІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ
Күні |
[КК.АА.ЖЖЖЖ] |
||
[қала елді мекен] |
[Беру орнының атауы ] |
||
Осы Акт келесілер арасында:
Бұдан әрі «ФМҚ» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС, бір тараптан және
Тегі Аты Әкесінің аты |
|
ЖСН |
|
Туған күні |
|
Телефон |
Телефоны, екінші тараптан, мазмұны келесідей
1. ФМҚ келесі мүлкін берді, ал Тұтынушы ФМҚ-ның мүлкін алды:
IQOS ILUMA і зарядтау құрылғысынан немесе IQOS ILUMA і тұтқышынан (тек IQOS ILUMA і үшін) немесе IQOS ILUMA ONE құрылғысынан (тек IQOS ILUMA ONE үшін), қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабелінен тұратын IQOS ILUMA ONE немесе IQOS ILUMA і индукциялық темекіні қыздыру жүйесінің жиынтығы (бұдан әрі – «IQOS»), (бұдан әрі - «Үлгі»).
IQOS (зарядтау) құрылғысының сериялық нөмірі |
|
IQOS тұтқышының сериялық нөмірі |
2. Үлгіні ФМҚ Тұтынушыға IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесімен Тұтынушының (үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) жеке өзі танысуы мақсатында ғана ұсынған.
3. Үлгі Тұтынушыға осы Актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн мерзіміне берілді. Тұтынушының алынған Үлгіні мерзімінен бұрын қайтаруына жол беріледі. Үлгіні қайтару Үлгі алынған арнаға қарамастан, Шартта көзделген кез келген Арнада жүзеге асырылады.
4. Тұтынушы IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне тест-драйв жүргізуге арналған Оферта-Шартпен танысқанын және онымен келісетінін растайды, Пайдаланушының нұсқаулығын (басшылығын) және Үлгіні пайдалануға қатысты қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты сақтауға және алынған Үлгіні ФМҚ-ға барлық керек-жарақтарымен (сол жиынтықта), Тұтынушыға берілген күйінде және түрінде қайтаруға міндеттенеді. Тұтынушы ФМҚ-ны сынған / істен шыққан (Үлгіні қауіпсіз пайдалану мүмкін болмаған кезде) не болмаса Тұтынушы алған Үлгіні немесе оның бөліктерін жоғалтқан барлық жағдайлар туралы дереу телефон арқылы хабардар етуге міндеттенеді. Тұтынушыларды Қолдау қызметінің телефоны 2121.
ФМҚ Тұтынушыға танысу үшін берген Үлгі жоғалған, мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған немесе бүлінген жағдайда және соның салдарынан Тұтынушы ФМҚ-ға берілген Үлгіні қайтара алмаса, сондай-ақ егер Тұтынушы Үлгіні осы Актінің 3-тарм. көрсетілген Үлгіні қайтару мерзімі аяқталған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн өткен соң қайтармаса, ФМҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, ФМҚ-ның құқықтарын қорғау үшін қажетті кез келген әрекеттерге, соның ішінде олармен шектелмейтін сот органдарына жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда Тұтынушының Үлгіні қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамау салдарынан 1.10-тармақта көзделген қамтамасыз ету сомасы. Тұтынушының банктік картасынан ФМҚ есептен шығаратын IQOS ILUMA ONE, IQOS ILUMA і темекіні қыздырудың индукциялық жүйесі Үлгісінің тест-драйвын жүргізуге арналған Оферта-Шарт ФМҚ-ға иелік етуге, пайдалануға және билік етуге ауысады.
Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:
Филип Моррис Қазақстан ЖШС |
Тұтынушы |
ТАӘ____________________________ қолы_________________________ |
ТАӘ____________________________ қолы_________________________ |
Тұтынушы ФМҚ-ны қайтарып, ФМҚ-ның келесі мүлкін қабылдады:
IQOS ILUMA зарядтау құрылғысынан немесе IQOS ILUMA ONE құрылғысынан, IQOS ILUMA тұтқышынан (тек IQOS үшін), қуат көзінен (адаптерден), USB кабелінен, немесе IQOS ILUMA ONE темекіні қыздырудың электр жүйесінің жиынтығы (бұдан әрі - «Үлгі»).
IQOS (зарядтау) құрылғысының сериялық нөмірі |
|
IQOS тұтқышының сериялық нөмірі |
Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.
ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС |
Тұтынушы |
ТАӘ____________________________ қолы_________________________ |
ТАӘ____________________________ қолы_________________________ |