ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs' template with page ''

ЖАРИЯ ОФЕРТА

(барлық елеулі талапты қамтитын бөлшектеп сатып алу-сату шартын
жасасу туралы ұсыныс)

2026 жылғы 25 сәуірінен бастап қолданылады

«Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырма бір жасқа толған, темекіні, темекі өнімдерін немесе құрамында никотин бар өнімнің (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушысы болып табылатын және Тауарларды (анықтамасы төменде берілген) тек қана жеке немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану үшін сатып алуға мүдделі кез келген жеке тұлғаға төмендегі жария шартты жасасуды ұсынады:


Тауарларды kz.iqos.com электрондық коммерцияның интернет-ресурсында бөлшек саудада сатып алу-сатудың


ЖАРИЯ ШАРТЫ


Преамбула

Осы жария бөлшек саудада сатып алу-сату шарты (бұдан әрі – «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90, пошта индексі: B40A6M8 немесе 040700 мекенжайы бойынша тіркелген «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бір тараптан, және темекі тұтынушысы болып табылатын және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын Тауарларды сатып алуға мүдделі, жиырма бір жасқа толған кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға (анықтамасы төменде берілген) kz.iqos.com электрондық коммерцияның интернет-ресурсында (бұдан әрі – «Интернет-ресурс») кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке немесе өзге де пайдалану үшін ғана және ұсынысты акцептеген, kz.iqos.com интернет-ресурсында тұтастай Шартқа қосылу жолымен Сатушының талаптарын өзгертпей Шарт жасасу туралы ұсынысты (жария оферта) акцептеген, екінші тараптан, арасындағы өзара әрекеттесудің жалпы және негізгі шарттарын регламенттейді.


Анықтамалар

1.1 Тауар - IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесі, IQOS индукциялық темекі қыздыру жүйесінің аксессуарлары, қыздырылатын темекі бар өнімдер, атап айтқанда TEREA және DELIA қыздырылатын темекі таяқшалары, сондай-ақ Сатушы Тұтынушыға Сатушының каталогына сәйкес белгілі бір бағамен сатуға ұсынатын, Тапсырыс беру кезінде Сатушының қоймасында қолжетімді кез келген басқа өнімдер. Сатуға ұсынылатын Тауарлардың тізбесі және олардың құнын Сатушы біржақты тәртіппен айқындайды және Сатушының Каталогында көрсетіледі.

1.2 Каталог - Интернет-ресурстың тиісті бөлімінде жарияланған, Сатушының Тұтынушыға Тауарлар ассортименті мен тиісті бағаларын көрсете отырып ұсынатын Тауарлар тізбесі.

1.3. Тапсырыс – Тұтынушының Интернет-ресурста таңдап алған Тауарларды сатып алу және Тұтынушыға жеткізу үшін тиісті түрде ресімделген сұрау салуы.

1.4. Қолдау қызметі – Тұтынушыға Тапсырыс, Тауарлар және оларды жеткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Тұтынушыға қажетті өзге де ақпаратты беруге жауапты Сатушының байланыс орталығы. Телефон нөмірі: 2121.

1.5. Тараптар – Сатушы мен Тұтынушының бірге айтылуы.

1.6. Кепiлдiк жарна – Тұтынушы Тауарға тиiстi Тапсырысты ресiмдегеннен кейiн Тараптар қол жеткiзген кепiлдiк жарнаны төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде болашақта олардың арасында Шарт жасасуды қамтамасыз ету үшiн Тұтынушы Сатушыға төлейтiн ақша сомасы.

1.7. Хат – ФМҚ деректер базасына тіркеу кезінде Тұтынушының көрсеткен мобильді телефон нөмірін пайдалана отырып, ФМҚ Тұтынушыға тиісінше СМС хат арқылы жіберетін немесе Телеграмдағы хат арқылы жіберетін электрондық хаты.

1.8 Телеграм арнасы – Тұтынушыларға арналғанIQOSKZ_Support_bot ресми телеграм-боты.


2. Шарттың мәні

2.1. Сатушы Тауарды кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшiн Тұтынушының меншiгiне беруге мiндеттенедi, ал Тұтынушы Тауардың Каталогына және осы Шарттың басқа да талаптарына, оның iшiнде Сатушының бұйрықтарында және (немесе) өзге де құжаттарында белгiленгендерге сәйкес ақы төлейдi және Тауарды қабылдайды.

2.2. Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де шарттарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Интернет-ресурста таныса алатын Сатушының жекелеген бұйрықтарында, қағидаларында немесе өзге де құжаттарында қамтылуы мүмкін қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де ережелер болуы мүмкін, Тұтынушы олармен Интернет-ресурста немесе Қолдау қызметіне жүгіну жолымен таныса алады.

3. Шарт жасасу және оның талаптарын өзгерту тәртібі

3.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария Шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасын және Шарттың басқа да талаптарын Сатушы Тапсырысты ресімдеу сәтіне Шарт жасасуға қатысты бір Тұтынушыға басқасынан артықшылық көрсетпей, барлық Тұтынушылар үшін бірдей етіп белгілейді.

3.2. Сатушы Тапсырысты ресiмдеген сәтке дейiн Жария Оферта мен оның ажырамас бөлiгi болып табылатын Шарттың талаптарын бiр жақты тәртiппен өзгертуге құқылы. Тапсырыс ресiмделгеннен кейiн оған өзгерiстер енгiзуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жол берiледi.

3.3. Тұтынушының Интернет-ресурста тіркелуі оферта алуды, оның барлық талаптарымен және оны акцептеу тәртібімен танысуды растауы болып табылады. 3.3.1 және 3.3.2-тармақшаларда көрсетілген төмендегі жағдайларда Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушы көрсетілген жағдайлардың әрқайсысына қатысты іс-қимылдар жиынтығын жасаған кезде Оферта Тұтынушы акцептеген (акцепт жасалған болып танылады), ал Шарт жасалған болып танылады:

3.3.1. Кепілдік жарнаны төлеген кезде:

3.3.1.1. Тауарға Тапсырысты ресімдеу;

3.3.1.2. Кепілдік жарнаны төлеу;

3.3.1.3. Тұтынушыны Тапсырысты ресімдеген және Кепілдік жарнаны төлеген адам ретінде сәйкестендіру мақсатында, ал Сатушыда (оның өкілінде) Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда, сондай-ақ оның көрсетілген жасқа толғанын растау мақсатында, Тауарды оған берген сәтке дейін Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсету.

3.3.2. Тауарды жеткізген кезде төлем жасау кезінде:

3.3.2.1 Тауарға Тапсырысты ресімдеу;

3.3.2.2. Тұтынушыны Тапсырысты ресімдеген тұлға ретінде сәйкестендіру мақсатында, ал Сатушыда (оның өкілінде) Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда, сондай-ақ оның көрсетілген жасқа толғанын растау мақсатында, Тауарды оған берген сәтке дейін Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсету.

3.3.2.3. осы Шартта көзделген талаптарға сәйкес Тауардың ақысын төлеу;

Тұтынушының Шарттың осы тармағында жоғарыда көрсетілген әрекеттердің кез келгенін жасамауы немесе оларды Шарттың талаптарын бұза отырып жасауы Тұтынушының осы жария офертаны қабылдаудан және Шарт жасасудан бас тартуы болып есептеледі. Тұтынушының акцепті жасауы Тұтынушының Тауарды сатып алу талаптарымен танысқанын және келісімін растау, сондай-ақ осы Шарттың талаптарында Сатушымен Тауарды сатып алу-сату шартын жасасуға Тұтынушының келіскенін растау болып табылады. Тұтынушының Тапсырысты әрбiр ресiмдеуi онымен осындай Тапсырыспен айқындалған Тауарға қатысты Шарт жасасу үшiн дербес негiз ретiнде қаралады. Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеу жағдайлары үшін – Тұтынушының Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім жасасу үшін акцепт жасалды деп есептеледі, ал Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісімнің өзі Тұтынушы Тауарға Тапсырысты ресімдеуді аяқтаған және осы Тапсырысты Сатушы қабылдаған кезден бастап осы Шартта көзделген шарттарда Сатушымен жасалды деп есептеледі.

4. Тауар туралы жалпы ережелер

4.1. Тараптар Интернет-ресурста жарияланған барлық ақпараттық материалдар (бейне, фото, мәтін және т.б.) анықтамалық сипатта екенін және Тауардың түсін, өлшемдері мен нысандарын қоса алғанда, қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы анағұрлым толық және өзектi ақпарат Тұтынушыны қызықтыратын Тауардың тiкелей таңбалауында болады. Тұтынушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тауарды сатып алудан бұрын Тұтынушы Сатушының ішкі сауда объектілеріне немесе Қолдау қызметіне Тауар туралы өзін қызықтыратын ақпаратты алу үшін, оның ішінде дербес таныстырылым үшін жүгінуге құқылы. Сатушының мекенжайлары жазылған ішкі сауда объектілерінің тізімі Интернет-ресурстың тиісті бөлімінде бар.

4.2. Сатушы Тапсырысты ресiмдеу сәтiнде Сатушының қоймасында бар тиiстi сападағы Тауарды сатуға ұсынады. Тараптар осымен Тауарлар Каталогында көрсетiлген Тауардың белгiлi бiр түрiнiң Сатушының қоймасында қысқа мерзiмге болмауы мүмкiндiгiн мойындайды. Бұл жағдайда Сатушы қоймада осындай Тауардың болуын тез арада қалпына келтiруге қажеттi күш-жiгерiн жұмсауға не Тауар ассортиментiн қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда Тауарлар Каталогына тиiстi өзгерiстер енгiзуге тиiс.

4.3. Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты тәуекелдер Тауарды Тұтынушыға беру сәтінде Сатушыдан Тұтынушыға өтеді.

4.4. Тауарлардың белгілі бір түрлеріне кепілдік беріледі. Кепілдік қолданылатын Тауарлардың кепілдік мерзімі мен қызмет мерзімі Тауарлар жиынтығына кіретін тиісті құжаттарда көрсетілген (бұдан әрі – «Кепілдік мерзімі»). Кепілдік мерзімін айқындайтын Тауарлар жиынтығына кіретін арнайы құжаттардың болмауы мұндай Тауарлар үшін кепілдік көзделмегенін білдіреді.

5. Интернет-ресурста тіркелу

5.1. Интернет-ресурста тіркелу Тұтынушыға Интернет-ресурсқа қол жеткізу және Тапсырыс жасау құқығын береді.

5.2. Жиырма бір жасқа толмаған адамның Интернет-ресурста тіркелуге құқығы жоқ.

5.3. Интернет-ресурста тіркелу үшін Интернет-ресурста тіркелуге мүдделі адам тіркеу нысанында жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуі қажет. Сатушы Интернет-ресурста тіркелуге мүдделі адамның жасын оның ЖСН-ін жалпыға қолжетімді көздерде пайдалана отырып тексеруді жүзеге асырады және тұлға жиырма бір жасқа толған жағдайда ғана Интернет-ресурста тіркелгенін растайды.

5.4. Егер тексеру нәтижелері бойынша Интернет-ресурста тіркелуге мүдделі адамның жиырма бір жасқа толмағаны анықталса, Сатушы мұндай адамды Интернет-ресурста тіркеуден бас тартады. Интернет-ресурста, жалпыға қолжетімді көздерде тіркелуге мүдделі адамның жасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, Сатушы осы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесін Сатушының электрондық поштасына жіберу арқылы немесе Сатушы айқындайтын өзге де тәсілмен ұсынуды сұратуға құқылы. Құжаттың түпнұсқалығына немесе оның деректерінің жалғандығына қатысты күмән болған жағдайда Сатушы жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуды сұратуға құқылы.

5.5. Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелу кезінде Тұтынушы ұсынатын деректердің дәлдігі мен дұрыстығына жауапты болады.

5.6. Тұтынушы Интернет-ресурста тіркеу кезінде Тұтынушы көрсеткен құпиясөзді үшінші тұлғаларға хабарламауға міндеттенеді. Тұтынушыда оның құпиясөзінің қауіпсіздігіне немесе үшінші тұлғалардың есептік жазбаны рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігіне қатысты күмән туындаған жағдайда, Тұтынушы өзінің құпиясөзін Интернет-ресурста дереу ауыстыруы қажет.

6. Тапсырысты ресімдеу және Кепілдік жарнаны төлеу тәртібі

6.1. Тұтынушының Тапсырысты ресімдеуі келесі ретті іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:

• «Сатып алу» бөліміне өту, Тауарлар Каталогынан Тауарды таңдауды жүзеге асыру және «Себетке» таңдалған Тауарларды қосу;

• «Себеттегі» ассортименттің таңдалған Тауарларға сәйкестігін тексеру, қажет болса «Себетке» Тауарларды қосу немесе алып тастау, содан кейін «Тапсырысты ресімдеу» батырмасын басу;

• «Дербес деректер» секциясында тегі, аты, телефон нөмірінің дұрыс болу сәйкестігін тексеру, сондай-ақ қаланы ашылатын тізімнен таңдау және пошта индексін, көше атауын, үй нөмірін, пәтер нөмірін (егер қолданылса) көрсету жолымен тиісті бөлімде жеткізу орнын (мекенжайын) көрсету, содан кейін «Төлем» бөліміне өту үшін «Келесі қадам» басу;

• «Төлем» бөлімінде жеткізу құнын қоса алғанда, Тапсырыстың қорытынды құнымен танысу және ұсынылған төлем тәсілдерінің бірін таңдау: Кепілдік жарнаны төлеу немесе Тауарды жеткізу кезінде оны төлеу;

• тиісті тармаққа белгі қою арқылы Жеткізу талаптарын қоса алғанда, Жария офертамен және Жария шартпен танысу мен келісуді растау, содан кейін «Растау» басу;

• Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеуді таңдаған жағдайда Epay төлем бетінде банк картасының деректерін енгізу және төлемді жасау (Кепілдік жарнаны төлеу) үшін қажетті әрекеттерді орындау. Осыдан кейін төлем сәтті авторизацияланған жағдайда жүйе Тапсырыс нөмірі туралы хабарлайтын kz.iqos.com интернет-ресурсына қайтару жүзеге асырылады. Авторизация расталған жағдайда, Тапсырыс берілген талаптарға сәйкес автоматты түрде өңделеді;

• Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеуді таңдаған жағдайда – Кепілдік жарнаны табысты төлегеннен кейін Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелген кезде Тұтынушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына Тапсырысты растау туралы мәліметтер және егжей-тегжейлі жазылған электрондық хат алады;

• Тапсырысты ресімдеген кезде Тауарды жеткізген кезде төлем жасауды таңдаған жағдайда – Тапсырыс табысты ресімделгеннен кейін Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелген кезде Тұтынушы көрсеткен электрондық поштасына Тапсырысты растау туралы мәліметтер және толық жазылған электрондық хат алады;

6.2. Тұтынушының Тапсырысты Интернет-ресурста Телеграм арнасы арқылы ресімдеуі Телеграм арнасында келесі ретті іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:

• Телеграм арнасының мәзіріндегі тиісті өрісті таңдап, «Дүкен» бөліміне өту, одан әрі «Сатып алуларға өту» бөліміне өту;

• жеткізу қаласын растау (қажет болған жағдайда жеткізу қаласын дұрыс қалаға өзгерту);

• Тауарды таңдауды жүзеге асыру және «Себетке» өту;

• «Себеттегі» тапсырыс ассортименті мен сомасы таңдалған Тауарларға сәйкес келетінін тексеру және қажет болған жағдайда «Себеттегі» Тауарларды қосу немесе алып тастау, содан кейін «Тапсырысты ресімдеу» батырмасын басу;

• сақталған болса жеткізу мекенжайын таңдау. Егер сақталған жеткізу мекенжайы болмаса, Тапсырыстың өзекті жеткізу мекенжайын енгізіңіз;

• төлеу тәсілін таңдау: Тапсырысты ресімдеуген кезде Кепілдік жарнаны төлеу немесе Тауарды жеткізген кезде төлеу;

• төлем тәсілін таңдағаннан кейін, жария офертамен танысуды растау және тапсырысты төлеуге өту қажет;

• Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеуді таңдаған жағдайда – банк картасының деректерін тиісті жолдарға енгізу және төлемді жүзеге асыру (Кепілдік жарнаны төлеу) үшін қажетті іс-әрекеттерді орындау қажет. Осыдан кейін Телеграм арнасына қайтару жүзеге асырылады, онда жүйе төлемді сәтті авторизациялаған жағдайда Тапсырыс нөмірі туралы хабарлайды және Тапсырыс берілген талаптарға сәйкес автоматты түрде өңделетін болады;

• Тауарды жеткізген кезде төлемді таңдаған жағдайда – Тапсырысты табысты ресімдегеннен кейін Тұтынушы Тапсырысты растау туралы мәліметтер және егжей-тегжейлері жазылған Телеграм арнасы арқылы Хатты, Интернет-ресурста тіркелген кезде Тұтынушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына электрондық хат алады.

7. Тауардың құны және Кепілдік жарнаны төлеу немесе Тауарды жеткізген кезде төлем жасау талаптары

7.1. Тауардың құны Тауар бірлігі үшін Каталогта, сондай-ақ төлем құжаттарында теңгемен көрсетіледі. Тауардың құны қосылған құн салығы ескеріле отырып көрсетіледі.

7.2. Тауарды Тұтынушыға дейін жеткізу құны Тауардың құнына қосылмаған. Тұтынушы Жеткізу құнын Интернет-ресурста көрсетілген тарифтерге және Тапсырысты ресімдеу аяқталған сәттегі қолданыстағы жеткізу талаптарына сәйкес төлейді.

7.3. Тауардың құнын және жеткізу құнын Сатушы тиісінше Каталогқа және Интернет-ресурсқа өзгерістер енгізу жолымен біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. Бұл ретте Тұтынушы Тапсырыс ресiмдеген және Кепiлдiк жарна төлеген (егер осы Шарттың 6.1-тармағына сәйкес таңдап алынған төлем тәсiлiне байланысты қолданылатын болса) Тауарлардың бағасы мен жеткiзу құны өзгертуге жатпайды.

7.4. Кепілдік жарнаның сомасы Тапсырыс құнының (Тауардың және жеткізудің құны) 100 %-ы (жүз пайыздық) мөлшерінде айқындалады және Тұтынушы оны банк картасының көмегімен төлейді.

7.5. Банк картасымен кепілдік жарнаны төлеу «Қазақстан Халық Банкі» АҚ төлем беті арқылы жүзеге асырылады. Кепілдік жарнаны онлайн банк картасымен төлеген кезде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ PCI DSS қауіпсіздік стандарты бойынша Тұтынушының банк картасының деректерін қорғайды және өңдейді. Тұтынушының банк картасының деректері тек шифрланған түрде беріледі және Сатушының Интернет-ресурсында немесе қандай да бір өзге жүйелерінде сақталмайды. Сатушы Тұтынушының банк картасының деректеріне кіре алмайды және оларды сақтамайды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне кепілдік береді. Қосымша сәйкестендіру ережелері мен әдістері туралы, сондай-ақ ықтимал комиссиялар туралы ақпаратты банк картасын берген банкте нақтылау қажет.

7.6. Әлеуетті сатып алушылар тарапынан тауарды сатып алу бойынша осы Шартта көзделген мақсаттарға сәйкес келмейтін жосықсыз әрекеттердің жолын кесу үшін Сатушы келесі шектеу белгілейді: Тұтынушы бір төлем карточкасын пайдалана отырып, Интернет-ресурста жиырма төрт сағат ішінде саны бестен аспайтын Кепілдік жарна төлемін жасауға құқылы.

7.7. Тауарды жеткізген кезде оны төлеу сомасы Тапсырыс құнының (Тауардың және жеткізілімнің құны) 100 %-ы мөлшерінде айқындалады және Тұтынушы «Kaspi Bank» АҚ электрондық банк қызметтерін алу тәсілі ретінде QR-код (бұдан әрі – «QR кодымен төлеу») көмегімен төлейді.

7.8. Тауарды жеткізген кезде оны төлеу үшін Сатушы (оның өкілі) QR коды жасайды, оны Тұтынушы «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасы арқылы сканерлеуі тиіс. Тұтынушы QR кодымен төлем жасау үшін «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасында көрсетілген барлық нұсқаулықтарды орындауы тиіс. QR кодымен төлеген кезде «Kaspi Bank» АҚ Тұтынушының төлем деректерін қорғайды және өңдейді. Тұтынушының банк картасының деректері тек шифрланған түрде беріледі және Сатушының Интернет-ресурсында немесе қандай да бір өзге жүйелерінде сақталмайды. Сатушы Тұтынушының банк картасының деректеріне кіре алмайды және оларды сақтамайды. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «Kaspi Bank» АҚ кепілдік береді. Қосымша сәйкестендіру ережелері мен әдістері туралы, сондай-ақ ықтимал комиссиялар туралы ақпаратты «Kaspi Bank» АҚ банкінде нақтылау қажет.

7.9. Сатушы Сатушының ережелерімен немесе өзге де құжаттарымен белгіленген жеңілдіктерді және өзге де арнайы ұсынымдарды қолдануға құқылы, олар туралы ақпарат Тұтынушыға Интернет-ресурста қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте Сатушы жеңiлдiктер немесе өзге де арнайы ұсыныстар алу талаптарын белгiлеуге құқылы.

8. Тауарды жеткізу

8.1. Сатушы Тапсырыс ресімделген Тауарды жеткізуді іске асырады, ал Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеу таңдалған жағдайда Кепілдік жарна да төленген болса, Тұтынушының Тапсырыста көрсеткен жеткізу орнына (мекенжайына) жеткізеді. Тауарларды жеткізу тәсілдері, құны, сондай-ақ болжамды мерзімдері Интернет-ресурстың тиісті бөлімінде жарияланған Жеткізу талаптарында және Тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетіледі.

8.2. Тұтынушы Тапсырыс мәртебесін Қолдау қызметінен Telegram мессенджері немесе Интернет-ресурста көрсетілген онлайн чат арқылы біле алады.

8.3. Тауарларды жеткізу аумағы Қазақстан Республикасының шегімен шектелген.

8.4. Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеген жағдайда, Сатушы (оның өкілі) Тұтынушыны Тапсырысты ресімдеген және Кепілдік жарнаны төлеген тұлға ретінде сәйкестірген жағдайда ғана Тапсырыста көрсетілген Тауарды жеткізген кезде Тұтынушыға беріледі, ал Сатушыда (оның өкілінде) Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанына күмән болған жағдайда да Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушының көрсеткен жасқа толғанын растаған жағдайда ғана беріледі. Тұтынушыны сәйкестендіру және (қажет болған жағдайда) оның жасын растау Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша жүзеге асырылады.

8.5. Тұтынушы оған Сатушы (оның өкілі) Тауарды бергенге дейін Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуге және Сатушыға (оның өкіліне) осы жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі туралы ақпарат беруге міндетті.

8.6. Тұтынушы Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған және/немесе Тұтынушы ұсынған құжатқа сәйкес жиырма бір жасқа толмаған жағдайда, Сатушы Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеу таңдалған жағдайда, Тапсырыстың орындалуын жояды және Тұтынушыға Кепілдік жарнаның сомасын қайтарады. Бұл ретте Сатушы Кепiлдiк жарна сомасынан жеткiзу құнын ұстап қалуға құқылы.

8.7. Тұтынушы Шарттың 8.5-тармағының талаптарын орындағаннан және оған Сатушы (оның өкілі) берген Тауарды қабылдағаннан кейін не Тұтынушы Тауардың және жеткізудің құнын QR кодымен төлеуді жүзеге асырады, не Кепілдік жарнаның сомасын Сатушы тиісті Тапсырыста көрсетілген Тауар мен жеткізудің құнын төлеу есебіне жатқызады.

8.8. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі Тауарды берген сәттен Тұтынушыға бастап ауысады.

8.9. Сатушының Тауарды Тұтынушыға беру міндеті Сатушы (оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға берген сәтте орындалды деп есептеледі.

8.10. Тауарды Сатушыдан (оның өкiлiнен) қабылдаған кезде Тұтынушы жеткiзiлген Тауарды қарап шығуға және оның Тауардың мәлiмделген санына, ассортиментiне, жиынтығына және қаптамасының тұтастығына сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi. Жеткізілген Тауарға қатысты шағымдар болмаған жағдайда, егер мұндай Хатты жіберуді Сатушы (оның өкілі) Тауар жеткізілген кезде бастаған болса, Тұтынушы Тапсырысты жариялаған кезде Тұтынушы көрсеткен телефон нөміріне Хатта алынған тиісті код туралы Сатушыға (оның өкіліне) хабарлайды.

Сатушыға (немесе оның өкіліне) Хаттағы кодты айту Тұтынушының Тауарға шағымын білдірмегенін және Сатушының Тауарды Тұтынушыға беру міндеттемесін толық және тиісті түрде орындағанын білдіреді. Жеткізілген Тауарға шағымдар болған жағдайда (толық салмау, жөнелту тізімдемесінде көрсетілгеннен өзгеше Тауарды салу, өзге де шағымдар) Тұтынушының нұсқауы бойынша Сатушының өкілі анықталған сәйкессіздіктер туралы акт жасайды және Тұтынушы осындай Тауарды қабылдауға шешім қабылдаған және ол туралы актіде және жеткізу тізілімінде атап өткен жағдайларды қоспағанда, Тауар Тұтынушыға берілмейді. Бұл ретте Тұтынушы Тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Қолдау қызметі анықталған сәйкессіздіктер туралы актіні жасаған Сатушының өкілінен ақпарат алғаннан кейін тиісті Тауарды жеткізу немесе Кепілдік жарнаны қайтару (Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеуді таңдаған жағдайда) жөніндегі одан кейінгі іс-әрекеттерді айқындау үшін Тауарды қабылдамаған Тұтынушымен байланысады.

8.11. Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелген кезде және Тапсырысты ресімдеген кезде берілген барлық ақпараттың дұрыстығы мен дәйектілігіне жауапты болады. Тараптар осымен Тұтынушы дұрыс емес немесе дәйексіз ақпарат берген жағдайда Сатушы Тауарды уақтылы және тиісінше жеткізілуіне кепілдік бере алмайтынымен келіседі.

9. Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару

9.1. Кепiлдiк мерзiмi iшiнде Тауардың кемшiлiктерi анықталған жағдайда, егер Сатушы өзге тәртiптi қосымша белгiлемесе, Тұтынушы Қолдау қызметіне шағым түсіреді, ол жайында Тұтынушы Қолдау қызметіне жүгіну арқылы біле алады.

9.2. Кепілдік беру жағдайы туындаған кезде Тауарды айырбастау немесе қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қайтарылған Тауар үшін ақша қаражатын Сатушы төмендегідей аударады:

• Тапсырысты ресімдеген кезде Кепілдік жарнаны төлеуді таңдаған жағдайда – бұрын сатып алу үшін төлем жүргізілген Тұтынушының банк картасына ғана. Тұтынушының банк картасына ақшаны аудару тәртібі мен мерзімдері Тұтынушы мен Тұтынушыға қызмет көрсететін банк арасында жасалған тиісті Шартпен белгіленеді;

• Тапсырысты ресімдеген кезде Тауарды жеткізген кезде төлем жасауды таңдаған жағдайында (QR кодымен төлеу) – Тұтынушының «Kaspi Bank» АҚ банк шотына. Тұтынушының банк шотына ақшаны есептеу тәртібі мен мерзімдері Тұтынушы мен Тұтынушыға қызмет көрсететін банк арасында жасалған тиісті шартпен белгіленеді.

9.3. Азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлардың тізбесі осы Шартқа №1 қосымшада белгіленеді. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік берілмейтін жағдайлардың тізбесі де Тауардың жиынтығына кіретін дайындаушының тиісті құжатында көзделуі мүмкін.

9.4. Шарттың осы бабының негізінде Тауарды айырбастау кезінде берілген (айырбастау ретінде) Тауардың кепілдік мерзімі қайта есептелмейді.

9.5. Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда Сатушы Тиісті емес сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу жөніндегі шығыстарды көтереді.

9.6. Тауарды айырбастау белгіленген нысандағы Тұтынушының өтініші (осы Шартқа № 2-қосымша) бойынша жүзеге асырылады.

9.7. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кепілдікті қызмет көрсету шеңберінде осы Жария офертаға сәйкес кепілдікті жағдайға түсетін IQOS құрылғысын оның ақаулығына байланысты ауыстыру kz.iqos.com сайтында жарияланған «Сервистер мен артықшылықтар» бағдарламасының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

10. Тиісті сападағы тауарды айырбастау немесе қайтару

10.1. Тиісті сападағы Тауарды айырбастауды немесе қайтаруды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару тәртібі туралы ақпарат алу үшін Қолдау қызметіне жүгінеді.

10.2. Тиісті сападағы Тауарды қайтару және айырбастау, егер ол қолданылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, заттаңбалары, сондай-ақ Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес күнтізбелік он төрт күн ішінде жүзеге асырылады.

10.3. Келесі жағдайларда Тауар қолданылмаған және оның тауарлық түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған болып есептеледі:

• Тауардың қаптамасында/бетінде зақымданудың болмауы;

• IQOS жұмысқа қабілетті құрылғысының, қуат беру блогының, USB кабелінің болуы;

• Тауардың беттерінде сызаттардың немесе өзге де зақымданулардың болмауы.

• ұстағышта және зарядтау құрылғысында темекі бөлшектерінің және темекі иісінің болмауы;

• зарядтау құрылғысында жапсырманың, қуат беру блогында қорғаныш үлдірінің және USB кабелінде бекіту сақинасының болуы;

• Тауардың сериялық нөмірі сақталған;

• зарядтау құрылғысы мен ұстағыш үшін пластикалық тұғырықтың, пайдаланушы нұсқаулығының және үш тілдегі кепілдіктің болуы.

Тауар қорабында үлдірдің болмауы тауарлық түрдің бұзылуы ретінде қарастырылмайды.

10.4. Тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда Тұтынушы Сатушының мекенжайына тиісті сападағы Тауарды жеткізу жөніндегі барлық шығыстарды көтереді.

10.5. Тауарды айырбастау Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша жүзеге асырылады.

11. Дербес деректер

11.1. Сатушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының барлық қолданылатын талаптарын сақтай отырып, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңында белгіленген дербес деректер операторының қағидаттарын, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып, дербес деректердің субъектісі ретінде Тұтынушының дербес деректерінің құпиялығын және өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

12. Қорытынды ережелер

12.1. Тұтынушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.

12.2. Осы Шартты Сатушы Тұтынушыны хабардар етпей бiржақты тәртiппен өзгертуi мүмкiн. Шарттың жаңа редакциясы Тұтынушы танысуы үшін Интернет-ресурста жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Тауарды kz.iqos.com электрондық коммерцияның Интернет-ресурсында бөлшек саудада сатып алу-сатудың жария шартына №1-қосымша

IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлардың тізбесі

1) Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағыштың зақымдануы

C101
Механикалық зақымдану
C002
Қыздыру элементі зақымдалған
C004
Ұстағаыштың зарядтау түйіспелерінің зақымдануы

Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101
Механикалық зақымдану
С010
Зарядтауға арналған USB қосқышының зақымдануы
C005
Қақпақтың ілмегі мен серіппесінің зақымдануы

2) Кепілдік жағдайлары:

Ұстағыш

B004
Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан кем
B043
Ұстағыш аккумуляторының аз сыйымдылығы
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа ақаулары
B102
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтайды
B103
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанады немесе қосылмайды
D001
Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

Зарядтау құрылғысы

B006
Зарядтау Құрылғысындағы Тұтқышты зарядтау индикаторы жанбайды
B032
Зарядтау Құрылғысы Тұтқышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды
B038
Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл жарықпен жанады
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа ақаулары
B104
Зарядтау құрылғысы зарядталмайды
D001
Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

IIQOS ILUMA темекіні қыздырудың электр жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлардың тізбесі

1) Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағыштың зақымдануы

С101
Механикалық зақымдану
С004
Ұстағаыштың зарядтау түйіспелерінің зақымдануы
С069
Стик сегменті қыздыру камерасынан алынбайды
С042
Қыздыру камерасының зақымдануы
С007
Сенсорлық экран зақымдалған

Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101
Механикалық зақымдану
С010
Зарядтауға арналған USB қосқышының зақымдануы

2) Кепілдік жағдайлары:

Ұстағыш

B004
Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан кем
B043
Ұстағыш аккумуляторының аз сыйымдылығы
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа ақаулары
B102
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтайды
B103
Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанады немесе қосылмайды
B067
Батырманы басқан кезде қыздыру қосылмайды
В072
Үзіліс режимі қолжетімді емес
В073
Сенсорлық экран ұстағышқа жауап бермейді
D001
Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)

Зарядтау құрылғысы

B006
Зарядтау Құрылғысындағы Тұтқышты зарядтау индикаторы жанбайды
B032
Зарядтау құрылғысы Ұстағышты 20 (жиырма) реттен кем зарядтайды
B038
Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл жарықпен жанады
B064
Құрылғының заряды 20 (жиырма) пайдалану сеансына жетпейді (ILUMA ONE)
B101
Бағдарламалық жасақтаманың басқа ақаулары
B104
Зарядтау құрылғысы зарядталмайды
D001
Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


Тауарларды kz.iqos.com электрондық коммерция интернет-ресурсында бөлшек сатып алу-сатудың

жария шартына №2-қосымша

Тауарды айырбастау/ауыстыру актісі


___________ қ. 20__ ж. «__» __________

Осы Акт келесілер арасында жасалды: бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________________________________________________________________(ТАӘ)

Жеке куәлік / төлқұжат №_______________, берілген күні мен берген орган _____________________,

Тіркелген мекенжайы ______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________,

бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, бір тараптан және

бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС екінші тараптан төмендегі туралы:


Тұтынушы Сатушыға қайтару жүргізді, ал Сатушы Тұтынушыдан келесі тауарды қабылдады:


Тауардың атауы, артикулы Тауардың сәйкестендіру нөмірі Тауардың түпнұсқалық қаптамасының сәйкестендіру нөмірі

 

 

 

Тауар сатып алынған күн: 20__ жылғы «__» ______________.

2. Сатушы қабылданған тауардың орнына Тұтынушыға тауарды берді, ал Тұтынушы Сатушыдан келесі тауарды қабылдады:

Тауардың атауы, артикулы Тауардың сәйкестендіру нөмірі Тауардың түпнұсқалық қаптамасының сәйкестендіру нөмірі

 

 

 

Тауар берілген орны: _______________________________________________________________________

Тауар берілген күн: 20__ жылғы «__» ______________.

Тауарды айырбастау/ауыстыру негізі Тауарды айырбастау/ауыстыру себебін сипаттаңыз

14 күнтізбелік күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастау

30 күнтізбелік күн ішінде тиісті емес тауарды айырбастау

Кепілдік жағдайы басталған кезде ауыстыру

Бұйрық бойынша қосымша арнайы шартқа сәйкес ауыстыру

Басқасы

Қолдары:

Тұтынушы:

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

___________  ____________________ Сатушы: ___________  ____________________

Қолы   Қойылған қолды ашып көрсету                 Қолы      Қойылған қолды ашып көрсету



Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.