ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаз 1, 2025

Әрі қарай не болады? Әрі қарай — Милан!

Біздің режиссеріміз Гоша Каракешишян IQOS жайлы бес оқиғаны таңдап қойды, енді сол оқиғалардың авторлары жақында Миланда өтетін Sensorium Worlds шарасына аттанады.

  • Айгерим
    Крыкбаева

    Қытайлық компанияда заңгерлік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істей жүріп, мен тез түсіндім: мұнда құрмет көрсетудің өзіндік ерекше формалары бар екен. Солардың бірі — бірге темекі тарту. Егер саған темекі ұсынса — демек, сені өз ортасына қабылдады. Ал егер шетте қалсаң — бейресми ортадан тыссың. Барлығы шегетін. Көп шегетін. Қытай темекісінің иісі өте өткір, кейде ескі кілемді өртеп жатқандай сезіледі.

    Мұндай сәттер жиі болатын, кеңседегі ауа да үнемі темекі түтініне қанық еді. Тіпті шекпейтін қытайлық бас директорымыз да ештеңе демей, жай ғана үндемей қабылдайтын.

    2020 жылдың қаңтарында мен кеңсеге IQOS алып келдім. Тек өзім үшін. Ешкімге тиіспей. Бірақ көп ұзамай темекі тартатын бөлмеде сұрақтар пайда бола бастады:
    — Бұл не нәрсе?
    — Иіс шықпай ма?
    — Заңды ма өзі?

    Мен, заңгер ретінде, жай ғана жымиып жауап беретінмін:
    — Заңды. Қауіпі аз. Ең бастысы — айналадағы адамдарға кедергі жасамайды.

    Бір-екі аптадан кейін әріптестерімнің жартысы IQOS-қа ауысты. Темекі «міндетті рәсім» болудан қалып, өткеннің еншісінде қалды.

    Қазір әзілдеп айтамын: бұйрық өтпеген жерде IQOS көмектесті. Заңгер — компания мүддесін қорғайды. Ал IQOS — менің өкпемді.

    Толығырақ оқу
  • Рахиль
    Кушекова

    Біз күйеуіммен IQOS арқасында таныстық. Сенбейсіз бе? 100% шындық! Жаңа жыл. Таныстар үлкен коттедж жалдап, 2020 жылды қарсы алуға кеш ұйымдастырды. Ол кезде ешкім пандемия басталады деп ойлаған жоқ. Бірақ, қалай Жаңа жылды қарсы алсаң — солай өткізесің дейді ғой. Әрине, таныстар өз таныстарын шақырды, сол себепті кеште мен танымайтын адамдар көп болды.

    Өзім танитындар қонақтарды қарсы алып жүрген соң, ішім пысып, телефоныма үңіліп отырдым. Сол сәтте жаныма бір жігіт келіп отырды да: «IQOS-ты пайдалансам бола ма?» — деді. Оның дәл осы «пайдалансам» деген сөзіне таңғалып, неге жай ғана «шегуге бола ма» деп айтпағанын сұрадым. Осылай әңгімеміз басталып кетті. Ол жуырда IQOS дүкеніне барғанын, сол жерде сатушыдан осы сөз тіркесін естігенін айтты. Сатушы IQOS-ты шекпейді, пайдаланады деп түсіндірген екен.

    Содан кейін әңгімеден әңгіме шығып, қалай сағат 12 болғанын байқамай да қалдық. Айналамызда адамдар бокал көтеріп, бір-бірін құттықтап жатты. Біз де бір-бірімізді Жаңа жылмен құттықтадық. Сол кезде мен өзім де байқамай: «Қалай Жаңа жылды қарсы алсаң — солай өткізесің» деппін. Ол жымиып қойды.

    Содан бері 5 жылдан аса уақыт өтті. Біз бірге карантинді, басқа қалаға көшуді, бақытты сәттерді, үйлену тойымызды бірге өткіздік... Ал ол әлі күнге дейін Amber-ді «пайдаланады», мен де кейін оған қосылдым.

    Толығырақ оқу
  • Рустам
    Раимкулов

    Жұбайым менен темекінің иісі қатты шығады деп жиі шағымданатын. Астанада қыста далаға шығып шегу — оңай шаруа емес: суық, қолайсыз, жалпы сезім де көңіл көншітпейді... Кейін балалар өмірімізге келді, жағдай мүлде жайсыз бола бастады. Бір күні маған IQOS қолданып көруге мүмкіндік туды — сол баяғы футляры бар нұсқасы, «қаламды» бөлек зарядтап, стик салып пайдаланасың — өте ыңғайлы екен. Бірден ұнады: үйде тыныш, жұбайым риза, өзімді де жеңілірек сезіне бастадым.

    Кейін кеңсеге жаңа әріптес келді. IQOS-ты жиі сұрайтын болды. Өзі менен де көп шегетін, бірақ стиктерді алып жүрмейтін — басында біраз мазалайтын. Бірақ бір күні оның түскі асқа бармайтынын байқадым, «қарным аш емес» дейтін. Кейін білдім: қаржылай жағдайы қиын екен, жаңа жұмысқа тұрған, оған расымен оңай емес болыпты.

    Сол кезде түсіндім: ол IQOS сұрағанда — бұл оған күнделікті күйбеңнің ортасында сәл тыныс алуға, екі-үш минутқа болсын бар нәрсені ұмытып демалуға мүмкіндік.

    Бір сәтте өзіме жаңа құрылғы алып, ескісін соған беруді ұйғардым. Осылай әңгімелесіп кеттік, бірге шықтық, жақынырақ араласа бастадық. Жай ғана өмір сынынан шаршаған жақсы жігіт екен. Жақсы достар болып кетпесек те, араласамыз. Ол шын көңілімен алғыс білдірді. Маған да жеңіл болды — адами тұрғыда.

    Толығырақ оқу
  • Игорь
    Ким

    Әрбір темекі шегетін адамның басында болатын жағдай шығар. Көлік айдап келе жатып темекі тартсаң, күл жан-жаққа шашылады. Кейде тіпті шалбарға не орындыққа түсіп, күйдіріп тастайды. Мен де сондай жағдайға тап болдым.

    Бір күні шаруамен кетіп бара жатып, терезені ашып, темекі шеге бастадым. Өзім де байқамай қалдым — күл жаңа ғана алған шалбарыма түсіп, күйдіріп жіберіпті. Үйге келгенде кішкентай тесік пайда болғанын көрдік. Жұбайым күліп: «Жаңасын алуға тура келеді», — деді. Сол күні-ақ барып, жаңасын алдық.

    Бірге сауда орталығында жүріп, IQOS дүкенін байқадым, бірақ мән бермедім. Көлікпен үйге қайтып бара жатып тағы да темекі тарттым. Сенбейсіз, бірақ жаңа шалбарымды тағы күйдіріп алдым. Жұбайым шыдамай: «Саған IQOS алып берген дұрыс шығар. Әйтпесе күнде шалбар сатып алуға тура келеді», — деді.

    Сол кезде мен де түсіндім — бұл бір белгі секілді. Келесі күні IQOS дүкеніне барып, өзіме құрылғы сатып алдым.

    Содан бері IQOS қолданамын. Күл жоқ, иіс жоқ, киім де аман, жұбайым да риза.

    Толығырақ оқу
  • Ренат
    Брекешев

    Офис. Кешкі уақыт.
    Терезенің ар жағында — жарқыраған қала. Ішімде — толқу. Үш минуттан кейін маңызды кездесу. Инвестормен. Қатал. Екінші мүмкіндік жоқ.

    Бұрын осындай сәттерде сыртқа шығып темекі тартатынмын. Өзіңді жинау үшін. Бірақ темекінің иісі киімге сіңіп, кейін өзіме ұнамай қалатын. Кейде сол иіс үшін-ақ қоңырау соқпай қоятындарын сезетінмін.

    Қазір бәрі басқаша. IQOS-ты қолыма аламын. Бір терең дем. Жеңіл иіс. Ішім тынышталады. Басымда — тек жоспар мен сенімділік.

    Есік ашылады. Мен дайынмын. Иіс те жоқ, асығыстық та жоқ. Тек сабыр мен сенімділік бар.

    IQOS — мен үшін жай әдет емес. Ол — дайындықтың бір бөлігі. Өзімнің ең жақсы нұсқам болуға көмектеседі.

    Толығырақ оқу

Олармен бірге көптен күткен сапарға кім баратынын білу уақыты келді! Алтыншы оқиғаға арналған дауыс беру аяқталды, және сіздердің қолдауларыңыздың арқасында бізде тағы бір жеңімпаз бар:

Венера
Габдрахманова

«Қалай мен байқамай екі Айкостың иесі болып шықтым»
Жұмыс күні, ыстық. Орындыққа отырып, аздап тынығып алмақ болдым. Айкосымды алып, бірнеше рет тарттым. Жарайды, ары қарай жұмыс істеу керек. Мундштукты әдеттегідей сөмкеме салдым, ал футлярды — орындықта қалдырдым. Өзімде бәрі бар деп сенімді түрде кетіп бара жатырмын.

Бірнеше аялдамадан кейін автобус ішінде отырғанда миымда найзағай жарқ етті:
«Тоқта... Мундштук сөмкеде... Ал футляр?.. Футляр қайда?!»
Сөмкеге үңілдім, ақтарып жатырмын... жоқ. Жүрек соғады, жағдай өрт кезіндегідей:
— Бітті. Жоғалттым. Енді қалай өмір сүрем?..

Алғашқы аялдамада түсіп қалдым. Айкос дүкенін байқап қалдым — өмірлік маңызды дәрі іздегендей сол жаққа қарай бет алдым.
— Маған тез арада Айкос керек, бәрібір қандайы, — дедім.
Сатушы Lil моделін берді. Ойланып жатпастан алдым.

Кешке қоңырау келді. Нөмірі таныс.
— Венера, сәлем! — деді мен қызмет көрсететін көрші дүкендегі сатушы қыз. — Орындықтың үстінен Айкос тауып алдық, жанында сенің атың жазылған панель бар. Бұл сенің Айкосың ба?
— Әрине, менікі! — деп күлдім. — Ол, сірә, таза ауада жалғыз тыныстағысы келген болар.

Келесі күні барып, оны алып кеттім. Енді менде екі Айкос бар — біреуі ескі, атым жазылған, біреуі жаңа Lil.

Мораль? Кейде заттар жоғалу үшін емес, қайта оралу үшін кетеді... Жаңартумен бірге

Толығырақ оқу

Алтыншы жеңімпазды таңдауға белсенді қатысқандарыңыз үшін рақмет! Біздің Telegram-бот арқылы жобаның соңғы жаңалықтарын бақылап отыра аласыз.

Телеграм-ботқа өту

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.