IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаз 2, 2021

Электрондық сигаретті қалай қауіпсіз зарядтауға болады?

Дәстүрлі сигарет шегуден булануға ауысқанда, кейбір айырмашылықтарды есте ұстаған жөн, мысалы, электрондық сигаретті зарядтау керек. Бастапқыда бұл әдеттен тыс нәрсе болып көрінуі мүмкін. Құрылғының қауіпсіздігі туралы сұрақтар да туындауы мүмкін. Бұл мақалада біз электрондық сигаретті, дәлірек айтқанда, аккумулятор батареясын қауіпсіз пайдалану туралы айтатын боламыз. Электрондық сигаретті қауіпсіз зарядтауға және құрылғыны жарамды күйде сақтауға көмектесетін маңызды жағдайларды көрнекі көрсетіп, пайдалы кеңестер береміз.


IQOS құрылғылары электронды темекі емес. IQOS құрылғыларында қолданылатын темекіні қыздыру технологиясы туралы толығырақ сілтемені басу арқылы біле аласыз.


Электрондық булану туралы айтатын болсақ, электрондық сигареттердің зиянсыз емес екенін ескеру қажет. Электрондық сигаретке арналған сұйықтықтардың көп бөлігінде тәуелділікті тудыратын никотин бар. Темекі мен никотинді тұтынудан толық бас тарту кез келген ересек шылым шегуші* қабылдай алатын ең дұрыс шешім екені даусыз. Шылым шегуді немесе құрамында никотин бар басқа өнімдерді тұтынуды жалғастыратындар үшін электрондық сигарет сияқты түтінсіз балама өнімдерге ауысу шылым шегумен салыстырғанда қауіпсіз таңдау болуы мүмкін.

Электрондық сигареттің қауіпсіздігіне келетін болсақ, аккумулятор батареясын дұрыс пайдаланудың маңызын жете бағаламауға болмайды. Электрондық сигареттің басым көпшілігінде сыртқы немесе ішкі аккумулятор пайдаланылады. Үлкен үлгілерінде сыртқы аккумулятор жиі кездеседі. Оны уақыт өте келе алмастыру керек. Шағын үлгілерінде көбінесе кіріктірілген аккумулятор пайдаланылады. Бұлай пайдалану өте ыңғайлы және электрондық сигареттің жарамдылығын сақтауға арналған USB қуат беру құрылғысының болуын ғана қажет етеді. Сіз қолданатын үлгіде қандай аккумулятор типінің пайдаланылатыны маңызды емес. Электрондық сигареттің аккумулятор батареясын пайдаланғанда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау құрылғыға дұрыс қызмет көрсетудің шешуші факторы болып табылады.

Электрондық сигарет аккумуляторының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер неліктен туындайды?

Электрондық сигарет аккумуляторының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер көбінесе құрылғыны тиісінше күтуді елемеу себебінен болады. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, сізге электрондық сигаретіңіздің аккумулятор жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін бірнеше қадамды ұсынамыз.

Құрылғыда зақымдалған жерлердің бар-жоғын әрдайым тексеріп отырыңыз, онда туындаған мәселерді жеткізушіге түсіндіруден қорықпаңыз. Егер олай жасамасаңыз, кішігірім ішкі зақымдалу үлкен мәселелердің шығуына әкелуі мүмкін. Құрылғы жұмысындағы ақаулар оңай шешілетін мәселеден басталуы мүмкін.

Құрылғы жиынтығына кіретін USB қуат беру құрылғысын ғана пайдаланыңыз. Кей кезде балама қуат беру құрылғысын пайдаланған ыңғайлы болып көрінеді. Бірақ бұдан құрылғы зақымдалуы мүмкін. Пайдаланылатын қуат беру құрылғысымен үйлесімді болмау – электрондық сигареттің аккумулятор батареясының зақымдалуының жиі кездесетін себебі.

Әрдайым батареяны тексеріп, алмастырып отырыңыз: ескі батареялар ақауы болып тұрып жұмыс істеуі және құрылғыны зақымдауы әбден мүмкін. Ескі батарея дегеніміз – ықтимал қауіп, оны уақыты келгенде алмастыру оңай.

Құрылғыны ноутбукке қоспауға тырысыңыз, электр қуат көзінің желісін таңдаған қашанда дұрыс болады. Бір қарағанда ноутбукке қосу өте орынды идея болып көрінуі мүмкін. Ал расында ноутбуктер электрондық сигареттің қуат беру порты ретінде жұмыс істеуге арналмаған. Құрылғылардың үйлесімді болмауы батареяның зақымдалуына әкелуі мүмкін. Электрондық сигареттің түпнұсқа қуат беру құрылғысын пайдаланатыныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғыны мінсіз күйде сақтау көп уақытты алмайды және электрондық сигареттің бұзылуына байланысты жайсыз жағдайлардан қорғайды. Бұл — электрондық сигаретті тиісті түрде күту себептерінің бірі. Бірақ мұны қалай істеу керек?

Электрондық сигарет пен батареяны қалай күту керек?

Электрондық сигаретті күнделікті қолдану кезінде оның қызмет ету ұзақтығына айтарлықтай әсер ететін бірнеше тәсіл бар. Электрондық сигаретті тиісті түрде күту үшін мыналарды істей аласыз:

Шамадан тыс зарядтаудан аулақ болыңыз. Бұл батарея мен құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік туралы айтатын болсақ, осы кеңеске құлақ салсаңыз, ақаулардың шығуынан оңай құтыла аласыз.

Пайдаланғаннан кейін электрондық сигаретті өшіріңіз. Өшіру арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, құрылғының энергиясын үнемдей аласыз және заряды таусылған электрондық сигаретке байланысты жайсыз жағдайлардан аулақ бола аласыз.

Смартфоныңызды не кез келген басқа электрондық құрылғыны тікелей күн сәулесі түсетін жерде қалдырмайтыныңыз анық. Дәл солай құрылғыны да күн сәулесінен немесе температура жоғары болатын жерлерден алыс ұстаңыз. Бұл тұрғыда электрондық сигареттің олардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Жайлы қоршаған ортада да электрондық сигаретті тікелей жылу немесе жарық көздерінен алыс ұстаңыз.

Құрылғының контактілерін таза ұстаңыз. Осылайша жұмыс сипаттамаларының нашарлауына жол бермеуге болады. Электрондық сигаретіңіздің қызмет мерзімі ұзаққа жарайды, онда оны неге жақсы күйде ұстамасқа? Кішкене тазалау құрылғының ұзақ жұмыс істеуіне қатты әсер етеді.

Осы қарапайым қадамдардың арқасында:

• Бұзылудың алдын ала аласыз.

• Қызмет мерзімін ұзарта аласыз.

• Электрондық сигареттің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.

Құрылғыны тиісінше күту оның жарамдылығын ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі. Кез келген басқа электрондық құрылғыдағыдай өндірушінің қауіпсіз зарядтау нұсқауларын қолдану қажет.

Электрондық сигареттің аккумулятор батареясын зарядтауға қанша уақыт кетеді?

Кететін уақыт әртүрлі болуы мүмкін, өйткені барлық электрондық сигарет бір-бірінен өзгеше болады. Бұл — сенімді түрде айтуға болатын жалғыз нәрсе. Құрылғының пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Толық зарядтау уақыты сайып келгенде жеке пайдалану режиміне байланысты екенін ұмытпаңыз. Сондай-ақ батарея өлшемінің әсері туралы ұмытпаған жөн. Кейбір құрылғыларда батареяның жұмыс уақыты басқаларға қарағанда ұзағырақ болуы мүмкін. Құрылғыны тұрақты зарядтауға кеңес береміз. Алайда әр жолы қысқа мерзімге зарядтаңыз. Мұндайда батареяға түсетін жүктеме төмендеп, ұзақ уақытқа зарядтау қажеттілігі азаяды. Электрондық сигареттің батареясына үздіксіз түсетін жүктеме уақыт өте оның зақымдалуына әкелуі мүмкін, бұл оның қызмет мерзіміне әсерін тигізеді.

Батареяны қанша уақыттан кейін алмастыру керек?

Кірістіріктірілген батареялар алмастырылмайды. Сондықтан оларды алмастыру туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Сізге тек құрылғының жалпы күйін қадағалап отыру керек. Сыртқы аккумуляторларға келетін болсақ, ең дұрыс шешім — батареяда физикалық зақымдалу белгілерінің бар-жоғын әрдайым тексеріп отыру. Зақымдалған электрондық сигарет батареясын қауіпсіздік мақсатында алмастыру керек.

Электрондық сигаретті зарядтауға қалдырсаңыз не болады?

Электрондық сигаретті түні бойы зарядтауға бола ма деп ойлайтын шығарсыз? Бұлай зарядтау ыңғайлы болып көрінуі мүмкін. Дегенмен батареяны қысқа мерзімге зарядтаған дұрыс. Жалпы электрондық сигаретті түні бойы немесе заряд деңгейін басқара алмайтын ұзақ мерзім ішінде зарядтау ұсынылмайды. Сонымен қатар зақымдалу жағдайын (смартфонмен бірдей) болдырмау үшін құрылғы толық зарядтала салысымен, USB қуат беру құрылғысын ажырату керек.

*Құрылғыны қысқа уақыт аралығында зарядтасаңыз, зарядтау кезінде электрондық сигаретті пайдалануға бола ма деп ойлауыңыз мүмкін.

Зарядтау кезінде электрондық сигаретті пайдалануға бола ма?

Пайдаланбаған дұрыс, себебі батареяға түсетін қысым артады. Электрондық сигаретті зарядтау кезіндегі булану ыңғайлылығы үшін жеке басыңыздың және аккумулятор батареясының қауіпсіздігіне қауіп төндірудің қажеті жоқ. Оның орнына құрылғыны қысқа уақыт аралығында зарядтаңыз. Сонда оны зарядтау кезінде пайдалану қажет емес.

Электрондық сигареттің қауіпсіздігі бойынша берілген ақпаратты қарап шыққан соң, құрылғының сенімділігі жайлы ойлануыңыз мүмкін.

Сізге сәйкес келетін электрондық сигаретті қалай таңдауға болады?

Сізге сәйкес келетін электрондық сигаретті таңдағанда, құрылғының қауіпсіздігіне сенімді болуыңыз керек. Сондықтан өзіңіз нарықты зерттеп, сіздің қажеттіліктеріңізді толықтай қанағаттандыратын сенуге тұрарлық құрылғыны табу мүмкіндігін қолданғаныңыз жөн. Құрылғыны беделді өндіруші шығаратындықтан, оның ұзаққа жарайтынына сенімді бола аласыз. Индукциялық темекі қыздыру жүйесі бар IQOS құрылғыларының жаңа буыны. Жүзсіз және тазалауды қажет етпейтін бірегей Smartcore™ технологиясы бар құрылғылар - бұл жаңа деңгейдегі өзгерістер!




Бұл мақала тек білім беру және ақпараттық мақсаттарда пайдалануға арналған. Мақалада берілген ақпараттың бір бөлігі сыртқы тәуелсіз дереккөздерге негізделген: біз мұндай ақпараттың дәлдігін, өзектілігін немесе толықтығын еш растамаймыз және оған байланысты кепілдік бермейміз. Материал 21 жасқа толған және одан асқан, темекіні немесе құрамында никотин бар өзге өнімдерді тұтынушыларға арналған. Электрондық сигарет зиянсыз емес және оның құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар. Шылым шегуші* — 21 жасқа толған және одан асқан, темекіні немесе құрамында никотин бар өзге өнімдерді тұтынушы.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру