IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қар 1, 2021

Никотинді емес, шылымдарды алмастырады

Никотин — бұл табиғи темекіде, сондай-ақ қызанақ, баялды, жасыл бұрыш және картоп сияқты кейбір жемістер мен көкөністерде кездесетін зат. Көптеген адамдар темекі шегуден туындаған аурулардың негізгі себебі никотин деп санайды. Никотин тәуелділік тудырады, алайда зерттеушілер мен денсаулық сақтау органдарының деректері бойынша, бұл басты себеп емес; темекі шегуге байланысты аурулар (мысалы, онкологиялық және жүрек-тамыр аурулары) негізінен темекі түтініндегі токсиндер мен канцерогендерді ішке тартудан туындайды.

Шылымның жанып тұрған ұшының температурасы 600 градус Цельсиге дейін жетеді және одан жоғары болады, бұл химиялық реакцияны тудырады. Жану процесінде 6000-нан астам химиялық заттар пайда болады, олардың көбі темекі шеккеннен пайда болатын ауруларды тудырады. Осылайша, никотин тәуелділік тудырады, бірақ темекі шегуге байланысты аурулардың пайда болуының негізгі себебі емес. Мұның себебі— жану процесі. 

Бұдан шығудың ең жақсы жолы темекі шегуден толық бас тарту. Алайда, өз әдеттерінен бас тартуды жоспарламайтын ересек тұтынушылар жануды болдырмайтын шылымдардың баламаларын қолдана алады. Осылайша, жануды қажет етпейтін және түтін шығармайтын, бірақ сондай сезімдер және никотиннің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін шылымдарға баламаны табу оңай.

 

Қазіргі уақытта шылымдарға қандай баламалар бар?

Нарықта шылымдарға бірқатар баламалар ұсынылған. Жануды болдырмайтын белгілі баламалардың қатарына электрондық шылымдар мен вейптер жатады. Бұдан бөлек басқа да технология бар — «жанусыз қыздыру» немесе темекіні қыздыруға арналған құрылғы. Мысалы, IQOS темекі қыздыруға арналған құрылғысында темекі қыздырылады, бірақ жанбайды. Демек, IQOS-ты пайдалану түтін мен күлдің пайда болуына әкелмейді.

IQOS — нарықта ұсынылған темекіні қыздыру жүйесі, ол шылымдарға үздік балама болып табылады. HeatControl™ бірегей технологиясының көмегімен IQOS құрылғысында темекі буын бөле отырып, құрамында табиғи өңделген темекі бар HEETS темекі таяқшаларын 350 градус Цельсиден төмен температураға дейін қыздырылады. Шылымдармен салыстырғанда IQOS зиянды заттарды орта есеппен 95%-ға азырақ бөледі*.

*Маңызды ақпарат: IQOS-ты пайдалану қауіптерді жоққа шығармайды. Аэрозоль құрамында тәуелділік тудыратан никотин бар.

 

Шылымдарға балама іздейтін көптеген темекі шегушілер үшін пайдалану және никотин деңгейінен сезімдер маңызды. Никотинді алу әдісі және онымен байланысты сезімдер тұрғысынан шылымдарға қанағаттанарлық балама таба отырып, басқа жағдайда темекі шегуді немесе басқа никотин бар өнімдерді тұтынуды тұтынуды жалғастыратын ересек темекі шегушілер осы баламаның пайдасына орай темекіні толығымен тастай алады. 

 

Осылайша, никотиннен бас тартпай, шылымдарды тастауға бола ма?

Иә! IQOS — ересек тұтынушыларға арналған шылымдарға баламалардың бірі.

IQOS құрылғылары үшін HEETS таяқшаларында қолданылатын табиғи темекінің құрамында никотин бар. IQOS пайдалану кезінде никотинді бөлу көлемі мен жылдамдығы іс жүзінде шылым шегуге ұқсас, соның арқасында IQOS ересек пайдаланушылары шылым шегуге ұқсас сезімдерге ие болады**.

 

*Эталонды шылым түтінімен (3R4F) салыстырғанда зиянды химиялық заттардың (никотинді есепке алмағанда) деңгейі «95 %-ға аз». Бұл қауіптердің 95%-ға төмендеуін білдірмейді. Маңызды ақпаратты IQOS.com сайтынан қараңыз.

**Дереккөз: АҚШ пен Жапонияда 160 ересек темекі шегушілердің қатысуымен нақты (амбулаториялық) жағдайларда жүргізілген 3 айлық клиникалық зерттеулер.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру