IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қыр 24, 2021

IQOS вейпингке арналған құрылғы болып табыла ма?

Бізден IQOS вейпингке арналған құрылғы болып табыла ма деп жиі сұрайды.

Оның жауабы қандай? Бұл екі құрылғы да ересек шылым шегушілерге арналған қарапайым шылымдарға түтінсіз балама болып табылады, алайда IQOS — бұл вейп емес!

 

IQOS пен вейптің айырмашылығы неде?

Төменде IQOS пен вейптер арасындағы маңызды айырмашылықтар келтірілген.

1. Технологиясы. IQOS темекіні қыздыруға арналған өнімдер санатына жатады. Бұл құрылғыларда темекіні жағудың орнына оны қыздыратын IQOS SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ сияқты инновациялық темекі қыздыру жүйелері қолданылады. Екінші жағынан, электрондық шылымдар деп те аталатын вейптер вейпинг сұйықтығын қыздыру және буландыру арқылы жұмыс істейді.

2. Темекі. IQOS құрылғыларында табиғи темекі жапырақтарынан дайындалған темекі пайдаланылады, олар жиналғаннан кейін арнайы өңдеуден өтеді және темекі таяқшаларына нығыздалады. Таяқшалар темекі дәмін шығара отырып қыздырылады, бұл ретте темекі жанбайды. TEREA, HEETS, Fiit таяқшалары қауіптердің болуын жоққа шығармайды. Олардың құрамында табиғи темекі бар, олай болса тәуелділік тудыратын никотин де бар деген сөз. Екінші жағынан, вейптерде табиғи темекі қолданылмайды. Оның орнына вейпинг сұйықтығы қолданылады, ол дәмдердің кең ассортиментінде қолжетімді. Кейбір вейпинг сұйықтықтарында никотин бар, ал басқаларында жоқ. 

3. Әсерлер. IQOS темекі шегуге ұқсас сезімдерді қамтамасыз етеді. IQOS — бұл темекінің табиғи дәмі мен қанағаттану сезімі. Вейптерга келетін болсақ, сұйықтықтарды пайдалану есебінен оларды қолдану темекі шегуден өзгешеленеді.

4. Өнімдер ассортименті. Қазіргі уақытта IQOS темекі қыздыруға арналған бірқатар құрылғылар қолжетімді, мысалы, IQOS ILUMA, lil SOLID Ez. Кейбір IQOS құрылғыларының жеке тұтқышы мен зарядтау құрылғысы бар, басқа үллгілерде бұл құрамдастар біріктірілген. Осындай алуан түрлі сипаттамаларының арқасында ересек темекі шегушілер ең лайықты IQOS құрылғысын таңдай алады.

 

IQOS — бұл вейп емес.

IQOS — бұл вейп емес, шылымдарға үздік балама болып табылатын құрылғы. Шылым түтінінің құрамындағы зиянды заттардың көпшілігі темекінің жануы нәтижесінде пайда болатыны белгілі. Шылымдарға қарағанда, IQOS-ты пайдалану поцесінде темекі жанбайды, демек, түтін пайда болмайды. IQOS-қа толық көшудің шылым шегуді жалғастырудан гөрі қауіпсіз. IQOS шылымдарға қарағанда зиянды заттарды орта есеппен 95%-ға азырақ бөледі.* Маңызды ақпарат: IQOS-ты пайдалану қауіптерді жоққа шығармайды. Аэрозоль құрамында тәуелділік тудыратан никотин бар.

*Эталонды шылымдардың түтінімен (3R4F) салыстырғанда зиянды химиялық заттар (никотинді есепке алмағанда) деңгейінің орташа төмендеуі. Бұл қауіптердің 95%-ға төмендеуін білдірмейді.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру