ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Жел 26, 2025

Түтінсіз баламалар туралы танымал мифтерді талдаймыз

Қазақстанда түтінсіз баламалар барған сайын көбірек байқалуда — және қызығушылықпен бірге мифтер де пайда болуда. Ненің шындық, ненің жалған екенін анықтаймыз.


Түтінсіз баламалар дегеніміз не және олар не үшін қажет?

Бұл — никотинді жандырмай қолдану тәсілдері. Сигареттен басты айырмашылығы — түтін жоқ, демек зиянды заттар аз.

Маңызды: түтінсіз өнімдер зиянсыз емес. Оларда әлі де тәуелділікті тудыратын никотин бар.

Түтінсіз баламалардың қандай түрлері белгілі? Қазір талдап көрейік!


1. Электрондық сигареттер

Электрондық сигареттер — бұл дәстүрлі сигареттерге балама бола алатын қайта зарядталатын құрылғылар. Темекінің орнына олар никотин мен хош иісі бар сұйықтықты пайдаланады (немесе никотинсіз). Қыздырылған кезде бұл сұйықтық аэрозольге айналады: түтін жоқ, тек бу ғана.

Қолданғаннан кейін лақтырылатын бір реттік модельдер бар, ал көп рет қолданылатын модельдер зарядтау және ауыстырылатын картридждермен жабдықталған.

Маңызды: 2024 жылдан бастап Қазақстанда темекі шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады, ал 2025 жылдан бастап оларды сату, тарату мақсатында сақтауға, жөнелтуге, тасымалдауға да тыйым салынады.


2. Шайнайтын, иіскейтін темекі және снюс.

Шайнайтын темекіні шекпейді, тек аузында ұстайды. Никотин ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы сіңеді.

Иіскейтін темекі — ұсақталған хош иісті жапырақтар.

Снюс — бұл порциялық пакеттердегі түтінсіз темекінің скандинавиялық нұсқасы. Насвай — дәстүрлі түрде Орталық Азия елдерінде кең таралған шайнау қоспасы. Оның құрамына темекі, күл, әк, өсімдік компоненттері мен хош иістендіргіштер кіруі мүмкін.

Назар аударыңыз: шегуге арналмаған темекі өнімдерін, оның ішінде шайнайтын, иіскейтін темекі мен снюсты (насыбайды) сату, тарату мақсатында әкелуге, өндіруге, сақтауға, жөнелтуге, тасымалдауға, сатуға және таратуға тыйым салынады.


3. Темекі қыздыру жүйелері

Темекі қыздыру жүйелері — темекіні жандырмай қыздыратын түтінсіз баламалар. Осының арқасында никотин мен темекінің дәмі бар, бірақ сигареттерге тән түтін, күл және иіс жоқ аэрозоль пайда болады.

Түтінсіз баламалардың айналасында көптеген мифтер бұрыннан бар. Біз 6 негізгі мифті талдағымыз келеді.

Қазақстанда түтінсіз өнімдер туралы әңгіме басталған кезде жиі пайда болатын темекі қыздыру жүйелері туралы мифтерді талдаймыз.


1-миф: Бұл қауіпсіз

Жоқ. Никотин қалады, сондықтан тәуелділік қаупі де бар. Темекі қыздыру жүйелері сигареттермен салыстырғанда зиянды химиялық заттарды едәуір аз шығарады¹

¹Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сигарет түтінінде азайтуды ұсынатын 9 зиянды заттың (никотинді қоспағанда) мөлшерінің төмендеуі. kz.iqos.com сайтындағы «Маңызды ақпарат» бөлімін қараңыз.


2-миф: Оларда никотин жоқ

Бар. Әрдайым дерлік. Пішініне қарамастан, бұл — никотин. Ол тәуелділік тудырады.


3-миф: Бұл тек темекіні тастағысы келетіндерге арналған.

Жоқ. Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар. Тек никотинді қолдануды жалғастырғысы келетін 21 жастан асқан адамдар үшін ғана.

Түтінсіз өнімдер темекі немесе никотин бар өнімдерді тұтынудан бас тартуға балама болып табылмайды және никотинге тәуелділікті емдеу құралы болып табылмайды.


4-миф: Егер бұл сигарет болмаса, онда барлық жерде қолдануға болады.

Түтінсіз — «әрқашан орынды» дегенді білдірмейді. Белгілі бір жерлерде мұндай құрылғыларды тұтынуға тыйым салынуы мүмкін.

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді белгілі бір жерлерде, оның ішінде қоғамдық мекемелерде, таксиді қоса алғанда қоғамдық көлікте, оқу орындарында, үйлердің кіреберістерінде және т.б. тұтынуға тыйым салуды белгілейді.


5-миф: Бұл темекі шегу мәселесін мәңгілікке шешеді

Жоқ. Бұл никотинге тәуелділіктен құтылу емес, тұтыну тәсілін өзгерту. Ең жақсы шешім — никотинді тұтынудан мүлдем бас тарту.

IQOS ILUMA құрылғылары — Қазақстан нарығында ұсынылған белгілі түтінсіз баламалардың бірі. Бұл темекі қыздыру жүйелері: жану жоқ, бірақ темекі бар.

Сигареттегі темекінің жануынан көп мөлшердегі тұншықтырғыз газ бөлініп шығады. IQOS ILUMA құрылғыларында темекі жанбайды, сондықтан шылыммен салыстырғанда иісті газды (CO) орта есеппен 98 %-ға азырақ бөледі және басқа зиянды заттардың деңгейі де айтарлықтай төмен.²

Маңызды ақпарат: бұл тәуекелдің 98%-ға азаюын білдірмейді және тұншықтырғыш газ сигарет түтініндегі көптеген зиянды заттың бірі ғана. IQOS ILUMA i зиянсыз емес. Оның құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар.


²Біз Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы никотинді қоспағанда, сигарет түтінінде азайту үшін ұсынған тоғыз зиянды заттың деңгейін өлшедік және олар орта есеппен 95%-ға төмендеді.

«IQOS» құрылғылары никотинді тұтынудан бас тартқысы келмейтін 21 жастан асқан тұлғалар үшін дәстүрлі сигареттерді шегудің ең жақсы баламасы болып табылады. Дегенмен IQOS өнімдері мен құрылғылары зиянсыз емес және құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар екенін атап өткен жөн.

«IQOS» құрылғылары туралы толығырақ «Технология және ғылым және IQOS» бөлімінен біле аласыз. «Каталог» бөлімінде тапсырыс бере аласыз.


Және соңында

Қазақстандағы түтінсіз баламалар зиянсыз емес және адам ағзасына тәуелділік тудыратын никотинді жеткізеді.

21 жастан асқан кез келген шылым шегуші қабылдай алатын ең жақсы шешім — бұл темекі мен никотинді тұтынудан толықтай бас тарту. IQOS темекіден бас тартуға балама немесе темекіні тастауға көмектесетін құрал болып табылмайды.

Бұл мақала жалпы ақпарат пен білім беру мақсаттарына арналған. Осы мақаладағы кейбір ақпарат сыртқы, үшінші тарап көздеріне негізделген және біз мұндай ақпараттың дәлдігіне, сенімділігіне немесе толықтығына қатысты ешқандай мәлімдеме немесе кепілдік бермейміз.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.