IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қыр 20, 2021

IQOS және электрондық шылымдар: айырмашылығы неде?

IQOS темекіні қыздыруға арналған құрылғылар мен электрондық шылымдар — басқаша жағдайда темекі шегуді немесе құрамында никотині бар басқа өнімдерді пайдалануды жалғастыратын ересек темекі шегушілерге арналған шылымдарға түтінсіз балама болып табылады.

Бұл шылымдарға қарағанда түтін шығармайтын электрондық құрылғылар. Алайда IQOS темекі қыздыру жүйесі мен электрондық шылымдар арасында айырмашылық бар: IQOS құрылғысы сұйықтықты буландыру үшін емес, темекі буын бөле отырып, табиғи темекіні қыздыру үшін қолданылады.

IQOS темекі қыздыруға арналған құрылғыларда мұқият іріктелген, ұсақталған және сығымдалған табиғи темекіден тұратын TEREA, HEETS немесе Fiit темекі таяқшалары пайдаланылады. Өңдеудің мұндай әдісі дәм тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

TEREA™ тек IQOS ILUMA™ құрылғысымен үйлесімді.
HEETS™ тек алдыңғы IQOS™ буындарымен үйлесімді.
Fiit™ тек lil SOLID Ez™ құрылғысымен үйлесімді.

 

Электрондық шылымдар дегеніміз не?

Электрондық шылымдар — бұл қарапайым шылымдарға түтінсіз балама болып табылатын қолмен жұмыс істейтін электрондық құрылғылар. Әдетте, олар аккумулятормен жұмыс істейді және көптеген пайдаланушылар бу деп атайтын аэрозоль бөлу мақсатында сұйықтықтарды жылытуға қызмет етеді. Сұйықтықтарда әртүрлі дәмдік қоспалар, соның ішінде никотин бар.

 

Электрондық шылымдар қалай жұмыс істейді?

Электрондық шылымдардың бірнеше түрі бар. Олар өлшемі, қуаты, құрылымын өзгерту мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді, бір реттік және қайта пайдалануға болатын түрлері болады. Алайда, мұндай құрылғылардың көпшілігінің құрылымы мен жұмыс қағидасы ұқсас.

 

Жұмыс қағидасы:

Электрондық шылымдар сұйықтықтарды 100-ден 250 градус Цельсиге дейін температуралардың кең диапазонында қыздыруды және булануды қамтамасыз етеді. Сұйықтық бактан келіп түседі және аккумулятордан қуат алатын қыздыру элементімен байланысады. Пайда болған бу құрылғыдан мүштік арқылы шығады. 

 

Құрамдас бөліктері:

Аккумулятор — бүкіл құрылғы үшін энергия көзі. Көп жағдайда қыздыру элементі мен электрондық құрамдастардың қуатын қамтамасыз ететін қайта зарядталатын аккумулятор қолданылады.

Бак — камераға немесе қыздыру элементіне берер алдында сұйықтықты сақтауға арналған контейнер. Кейбір электрондық шылымдарда бір реттік капсулалар немесе контейнерлер қолданылады.

Сұйықтық — бұл электрондық шылым ішіндегі булануға арналған қоспа. Сұйықтықтардың құрамы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ, әдетте, олардың құрамында пропиленгликоль, глицерин, никотин, дәмдік және басқа да қоспалар бар.

Жылытқыш — бұл булануға әкелетін қыздыру элементімен жанасу арқылы сұйықтықты беруді және жылытуды қамтамасыз ететін құрамдастар жиынтығы. Электрондық шылымдардың көпшілігінде «пілте және шиыршық» жүйесі қолданылады. Пілте сұйықтықты табиғи түрде сіңіреді және оның металл қыздыру шарғысымен байланысын қамтамасыз етеді.

Бергіштер мен электрондық құрамдастар — құрылғының қызуын бақылау және жұмысын басқару үшін қолданылады. Бұл қарапайым басумен қосу түймелері, жарықдиодтар, аккумулятор индикаторлары және тіпті күрделі ағын бергіштері болуы мүмкін.

Мүштік — бұл құрылғыдан пайда болған бу шығатын камера немесе арна.

 

IQOS деген не?

IQOS ILUMA — Philip Morris International компаниясы әзірлеген SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ темекіні қыздырудың инновациялық технологиясымен жабдықталған темекі қыздыруға арналған құрылғы. Бұл темекі қыздыру технологиясы сондай-ақ «жанусыз қыздыру» деп те аталады, өйткені шылымдармен болатын жағдайдағы сияқты темекінің жануының орнына оның қыздырылуын қамтамасыз етеді.

IQOS ILUMA-дағы SMARTCORE INDUCTION SYSTEM™ бірегей технологиясы жану процесін болдырмайды, осылайша сигареттермен салыстырғанда зиянды заттардың бөлінуін айтарлықтай азайтады. IQOS пен электрондық шылымдар — бұл шылымдардың түтінсіз баламалары, алайда IQOS ересек пайдаланушысы жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекі дәмін сезеді. IQOS темекі қыздыру жүйесін пайдалану қауіптерді жоққа шығармайды, алайда ол шылымдарға қарағанда зиянды заттарды орта есеппен 95%-ға азырақ бөледі. IQOS ересек пайдаланушылары қоршаған адамдарға жайсыздықты азайта отырып, темекі дәмінен ләззат ала алады. Сеанстан кейін IQOS ересек пайдаланушысы таяқшасын тұтқыштан алып, кәдеге жаратады.

Қазіргі уақытта бірқатар IQOS құрылғылары таңдау үшін қолжетімді, мысалы, IQOS ILUMA, lil SOLID Ez. IQOS темекі қыздыруға арналған кейбір құрылғыларының жеке тұтқышы мен зарядтау құрылғысы бар, басқа үлгілерде бұл құрамдастар біріктірілген. Осындай алуан сипаттамалардың арқасында ересек темекі шегушілер IQOS темекі қыздыруға арналған ең лайықты құрылғыны таңдай алады.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру