ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаң 22, 2020

Жанбастан қызу: бұл қалай жұмыс істейді

IQOS қалай жұмыс істейді? Не үшін темекіні қыздырған жақсы және темекі түтінімен салыстырғанда будың зияны қаншалықты аз болып табылады?

Осы туралы Caravan.kz тілшісі «Филип Моррис Интернешнл» компаниясының ғылыми-зерттеу мәселелері жөніндегі басқарушысы Дмитрий Улуповтан сұрауды ұйғарды.

– Дмитрий, қазақстандықтар үшін IQOS әлі де айтарлықтай жаңа өнім. Оның қыр-сырын бәрі біле бермейді. Сондықтан, алғашқы сұрақ физика мен химия процесіне қатысты делік. Біз темекі түтінінде мыңнан астам у барын білеміз. Неліктен темекіні жандырмай қыздырған кезде осы заттар түзілмейді?

– Неге адамдар темекі тартады дегеннен бастайық. Темекі құрамындағы негізгі әсер ететін зат – никотин, табиғи алкалоид. Никотиннің қауіпсіз емес зат екені сөзсіз, ол өзіне тәуелділік тудырады. Бірақ шылымқор, тіпті шылымқұмар тұтынатын мөлшерлерде никотиннің токсикологиялық қауіптілігі жоқ. Бұл ғылыммен дәлелденген. Қауіптілікті темекіні жандыру өнімдері тудырады. Осы тұста кейбір аңыздарды, мысалы, сигаралардың қауіпсіздігі сияқты аңыздарды жоққа шығару қажет. Сигара, темекі немесе кальян шегетіндер олардың шегу әдісінің қауіпті емес екенін жиі айтып жатады, себебі сигарада немесе темекіде тек табиғи темекі жапырағы, ал сигаретте қағаз қолданылады. Өкінішке орай, олар қателеседі. Елестетіңізші, егер темекіні қайың немесе емен жапырағымен алмастырса, жану өнімдері сондай-ақ болады. Қандай органиканы жандырсаңыз да, көптеген зиянды заттар аласыз.

Енді темекі шегу процесінің физикасы мен химиясын талдайық. Бықсыған кезде (бықсу – ашық отсыз жану түрі) сигареттің ұшында температура 750–800 градусқа жетеді. Ішке тартқан кезде ол 900 – 1000 градусқа дейін жетеді. Бықсу – тотықтандырғыш процесс, мұндайда бүкіл органика жанып кетеді. Көміртегі диоксиді (көмірқышқыл газы), көміртегі монооксиді (иісті газ), азот оксиді мен басқа бірқатар қоспалар бөлінеді. Иә, бұл өте зиянды газдар, алайда жану немесе бықсу – келесі аймақта, жану аймағына шамамен бір сантиметр жақын тұрған және әлі бықси бастамаған темекі қабаттарында болатынмен салыстырғанда біршама «таза» процесс.

Бұл аймақ жоғары температуралы ыдырау аймағы деп аталады. Мұнда температура 450 – 750 градусқа жетеді, әлі бықси қоймады, бірақ жана бастағанда-ақ күшті химиялық процестер басталады. Бықси бастаған сигареттің ұшымен көршілес аймақтағы жоғары температуралы ыдырау – бүтіндей бір химиялық фабрика, мұнда мыңдаған заттар синтезделеді. Дәл осы тұста өте көп қауіпті қоспалар түзіледі, бұл көптеген ғылыми зерттеулермен анықталып, көрсетілген: 450 градустан жоғары температурадан бастап темекіден зиянды заттардың бөлінуінің көшкін тәрізді өсімі байқалады.

– Ал келесі, аса суық жерде не болады?

– Сигарет фильтріне жақынырақ дистилляция аймағы деп атайтын жоғары емес температураларға қатысты аймақ жасалады. Дәл осы жерде 100 бен 380 градус аралығындағы температураларда темекінің құрамындағы заттар – әртүрлі хош иісті өсімдік компонеттері, эфирлер, қант және соның ішінде никотиннің өзі де буға айланады. Осылайша, көріп отырғанымыздай, осы дистилляция аймағын қыздыруға арналған отын ретінде сигареттің көп бөлігі босқа жанып кетеді, мұндайда мыңдаған зиянды және улы заттар бөлінеді. Шылымқұмар никотин мен жану мен ыдырау температураларынан алыс температуралардағы дистилляция аймағында бөлінетін темекі құрамындағы өзіне ұнайтын кейбір қайталанбас хош иістер үшін шылым шегеді. Бірақ, олармен бірге соңғы екі процесс барысында бөлінетін көптеген зиянды компонеттерді де иіскеуге мәжбүр.

– IQOS-та жану мен ыдырау аймағының жоқ екенін инженерлік жетістіктерден көрініп тұр ма?

– Тура солай. Ойластыра келе, ФМИ зерттеушілері процестен оның зиянды жоғары температуралы бөлігін алып тастап, никотин мен темекі жапырағының хош иісті компонеттері буға айналатын температураларды ғана қалдыру керектігін анықтады. Темекіні қатаң берілген температураға – максимум 350 градусқа дейін қыздыру зиянды әсерді азайту тұрғысынан да айқын болды.

Ақыры, біз IQOS-тағы процеске қол жеткіздік, мұнда көбінде сигарет түтінінде болатын зиянды заттардың көбі IQOS ішінде темекіні қыздырғанда мүлде байқалмайды. Құрамында кейбір заттар бар, бірақ олар аз шоғырланған. Егер темекі түтінінде болатын аса қауіпті улар мен зиянды заттар тізімін алып қарасақ, онда олардың үлесі бойынша орташа есеппен 95 процентке және одан жоғары жеткен. Осыларды басшылыққа ала отырып, жану процесін қыздыру процесіне теңестіру (яғни сигареттерді темекіні түтінсіз қыздыру жүйесіне теңестіру) ең аз дегенде қисынсыз әрі ғылыми емес болатын еді. Бұл әсер ету жағынан да, алынатын нәтижесі тұрғысынан да мүлде әртүрлі болып келетін өнімдер.

– Айтпақшы, темекі буында күйе мен шайыр да жоқ па?

– Иә, IQOS-та алынатын темекі буының темекі түтінінен тағы бір өте маңызды ерекшелігі құрамында қатты заттардың болмауында. Темекі түтінінде жану барысында түзілетін көміртектің кішігірім қатты бөлшектері бар. Сіз оларды, мысалы, шегіп болған сигарет түтінінен көре аласыз. Фильтр жартылай ұстап қалған бөлшектер (бірақ олардың наномөлшерін есепке ала отырып, барлығы емес) оны қоңыр реңкке бояйды. Осы бөлшектердің едәуір үлесі шылымқұмардың өкпесіне түседі, олар альвеолалар мен бронхиолаларда жылдар бойы жинала береді. Сондай-ақ қатты заттардың өңезі салдарынан шылымқұмарлардың тістері сарғайып кетеді. Егер біз темекіні қыздырған кезде түзілетін будың физикалық құрамын талдайтын болсақ, онда оның құрамында қатты бөлшектер мүлде байқалмайды. Бу құрамында сұйықтықтың микроскопиялық бөлшектері ғана болады, оларды көбінде қыздырылатын темекі стигінің (темекі стигі – Авт.) ішіндегі арнайы биополимерлі фильтр ұстап қалады.

– Айтпақшы, сіздердің оппоненттеріңіз IQOS темекі буында бәрібір формальдегид табылды деп есептейді.

– Осы тұста формальдегид, мысалы, үйлеріміздегі ламинатта немесе тұсқағаздарда да болатынын айта кеткім келеді. Заттың болу-болмауы маңызды емес – адамның тұтынатын мөлшері маңызды. Мегаполис атмосферасында ондаған зат бар, алайда мәселе олардың қаншалықты көптігінде. Кез келген токсиколог бір зат мөлшерлемесіне байланысты ағзаға зиян келтіретінін, келтірмейтінін айтып береді. Осы тұста сандық салыстыру – бір заттың сигарет түтіні мен IQOS буында қанша болатыны маңызды. Осы зерттеулердің барлығы клиникаға дейінгі және клиникалық деңгейде өткізілді. Олардың нәтижелері – барлығына қолжетімді.

– Қызығушылық танытушыларға айтыңызшы, осы зерттеулермен толығырақ қай жерде танысуға болады?

– Мысалы, FDA сайтында (Food and Drug Administration, АҚШ азық-түлік пен дәрілік препараттар сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқармасы. – Авт.). Pmiscience.com сайтында, сондай-ақ беделді ғылыми журналдардағы жарияланымдардан біздің клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулеріміздің барлығының нәтижелерін, IQOS жүйелеріндегі темекі буының химиялық құрамы талдамаларының деректері, оның физикалық сипаттамаларын көруге болады. Осы деректердің барлығы ашық тұр – «Филип Моррис Интернешнл» компаниясында зерттеулеріміздің барлығының ашықтық деңгейі өте жоғары.

Бұдан басқа, ФМИ Intervals онлайн-платформасын жасау арқылы ақпараттың теңдессіз ашықтығына өтті, ол қызығушылық танытатын барлық ғалымдарға, зерттеушілерге өздігінен талдау жасау үшін біздің барлық клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулеріміздің «шикі», яғни бастапқы, әлі өңделмеген және топтастырылмаған зертханалық деректер деп аталатын деректерді жүктей алады. Әдетте зерттеулер аудиті кезінде ресми мемлекеттік органдар (FDA), мысалы фармкомпаниялар талап ете алатын деректер ауқымы, бірақ бұлар ашық түрде жарияланбайды. Қандай да бір күмән туындаған жағдайда (егер олар біз деректерді статистикалық талдағанда айла-амал қолданды деп күмәндаса делік), зертеушілер түпнұсқаны алып, барлығын өздері тексеріп алулары үшін осы ақпаратты толық жариялаймыз.

– Тағы бір техникалық сұрақ. Бізде Қазақстанда кейбір қоғамшылдар камера алдында IQOS темекі стигін ашып, ішінен биополимер фильтрді шығарады да: «Мынау целлофан, ол улы заттар бөле отырып, ериді» деп жатады. Темекі стигінің қалай жұмыс істейтінін және ондағы мына биополимер фильтрдің қандай рөл атқаратынын толығырақ талқылайық?

– Меніңше, IQOS темекі стигіне қатысты «фильтр» сөзін қолданған да дұрыс емес. Себебі сигареттен ерекшелігі мұнда фильтрлейтін ештеңе жоқ. Темекі стигінің ішіндегі биополимер бөлігі (жұқа полимер қабықшаға ұқсас зат) фильтрлеу үшін емес, аэрозольді суытып, су буының жартысын қоюландыру үшін, яғни ылғалдың кейбір артық мөлшерін алып тастау үшін қажет. Яғни стиктің биополимер бөлігін тағайындау – ішке тартатын аэрозольдің ылғалдылығы мен температурасы пайдаланушы үшін жайлы болуы керек. Фильтрдің соңғы бөлігіне келетін болсақ (пайдаланушы темекі стигін пайдаланғанда ерніне салатын жағы), ол ацетат талшығынан және темекі стигінің сыртқы түрінің өзі шылымқұмар үшін үйреншікті болу үшін ғана жасалған. Осы фильтрде ешқандай да зат қалмайды деуге болады.

Ал енді биополимер фильтр туралы толығырақ. Оның еритіні, оның «целлофан» екені туралы ақпараттың бәрі шындыққа жатпайды. Бұл целлофан емес, полилактид – жүгері крахмалынан алынған сүт қышқылының полимері. Полилактид тағам өнеркәсібінде және медицинада пластиктің орнына кеңінен пайдаланылады, себебі ол биологиялық ыдырап кетеді, сәйкесінде адамның ағзасы үшін зиянды емес. Сондай-ақ ол биологиялық түрде адам тіндерімен үйлесімді, сондықтан оны өздігінен сорылып кететін хирургиялық жіптердді дайындау үшін және кардиологиялық стенттер үшін қолданады. Тағам өнеркәсібінде полилактид қаптама материалдар мен қабықшаларда кеңінен пайдаланылады, мысалы, одан шұжықтардың немесе қысқа шұжықтардың жеуге жарамды қабықшасы дайындалады.

Зерттеулер IQOS темекі стигінде осы полилактидті фильтрді штатты пайдалану ешқандай зиянды заттар бөлмейтінін көрсетті.

– Әңгімемізді тұжырымдай келе: бүгінде ғылым түтінсіз өнімдерді, соның ішінде IQOS-ты кімдерге пайдалануды ұсынады?

– Ешқашан шылым шекпегендерге IQOS-ты еш жағдайда да пайдалануға болмайды. Иә, темекі шегумен салыстырғанда, IQOS кәмелетке толған шылымқұмарлар үшін ең жақсы балама екенін дәлелдейтін ғылыми зерттеулердің бірқатар кешені өткізілді. Бірақ осы ретте осыны тағы бір рет айтайықшы: IQOS – зиянсыз емес. Бұл кәмелетке толған шылымқұмарларға арналған қаупі төмендетілген балама өнім. Басқа ешкімге арналмаған. Әрине, ең дұрысы – шылым шегуден, оны алмастыратын кез келген өнімнен, мейлі ол вейптар болсын, темекі қыздыру жүйелері болсын, құрамында никотин бар сағыздар болсын, снюстар немесе қандай зат болса да олардан толық бас тарту. Егер шылымқұмар никотинге тәуелділіктен толық бас тартқысы келмесе, онда жану үрдісі жоқ, қаупі төмендетілген өнімдерді пайдаланғаны дұрыс.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.