IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаз 22, 2021

Темекі қыздыру жүйелері қалай жұмыс істейді?

Қыздыру жүйесін қолданған кезде темекі қыздырылады, бірақ жанбайды. Нәтижесі қалай екен? Темекі дәмі жанусыз, күлсіз және шылымдарды тұтынғанда пайда болатын түтінсіз.

Барлық темекі қыздыру жүйелері жылу көзіне ие. Кейбір темекі қыздыру жүйелері электрондық, және қыздыру температурасы әртүрлі құрылғыларда әр түрлі болады. Олардың басты ерекшелігі темекінің жану температурасына жетпейтіндігінде.

 

Темекі қыздыру жүйелері бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

Темекі қыздыру жүйелерін сонымен қатар қыздырылатын темекі өнімдері деп те атайды, себебі онда темекі жанбайды, тек қана қыздырылады. Былайша айтқанда, қыздырылатын темекі өнімдері мен темекі қыздыру жүйелері бір-бірін алмастыратын терминдер болып табылады.

Біздің IQOS құрылғыларымыздың ішінде HEETS арнайы темекі таяқшаларын қыздыратын күрделі электрондық жүйе орналасқан. IQOS темекі қыздыру жүйелерінде сіздің смартфоныңыз сияқты тұрақты түрде зарядтауды қажет ететін зарядтау құрылғысы бар. Зарядталғаннан кейін IQOS темекі қыздыру жүйесі пайдалануға дайын және сізге HEETS темекі таяқшасын құрылғыға салу ғана қалады. Қыздыру процесін іске қосатын түймені басқаннан кейін IQOS ересек пайдаланушысы бөлінетін буды ішке тартады. Сессия аяқталғаннан кейін пайдаланылған темекі таяқшасын құрылғыдан алып тастап, лақтыру қажет.

Темекіні жанусыз қыздырудың арқасында шылымдармен салыстырғанда химиялық зиянды заттар 95 %-ға аз бөлінеді *. Маңызды ақпарат: бұл қауіптің 95%-ға төмендеуін білдірмейді. IQOS-ты пайдалану қауіптерді жоққа шығармайды.

* «зиянды химиялық заттар 95%-ға кем» IQOS аэрозоліндегі зиянды заттар деңгейінің (никотинді есепке алмағанда) эталондық шылым (3R4F) түтінімен салыстырғанда орташа төмендеуін білдіреді. «Маңызды ақпаратты» қараңыз.

 

IQOS үздік технологиясы

IQOS-тың әрбір элементі идеядан іске асыруға дейінгі барлық жасалу кезеңдерінде мұқият бақылаудан өтеді.

IQOS өндірісінің негізінде HeatControl ™ технологиясы жатыр. Біздің Швейцарияда әзірленген жүйемізде темекі жану температурасына жетпей, қатаң 350 ⁰C-ге дейін ғана қыздырылады.

HEETS темекі таяқшаларын қыздыру IQOS құрылғысының ішінде орналасқан алтын және платиналы жолдар жағылған жүз пішініндегі керамикалық қыздыру элементінің көмегімен жүзеге асырылады. Осының арқасында IQOS ересек пайдаланушылары кәдімгі шылымдарға тән түтінсіз, күлсіз және иіссіз темекінің шынайы дәмін алады.

 

Темекі дәмі

Біз негізгі күш-жігерімізді IQOS ересек пайдаланушыларын жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге бағыттаймыз және бұл ретте темекіні өңдеу шешуші рөл атқарады. HEETS-тің әрбір таяқшасында оны қыздыру жүйесінде қолдануға мүмкіндік беретін бірегей патенттелген престеу технологиясын қолдана отырып, арнайы өңдеуден өткен темекі бар. Өңдеу процесінде жоғары сапалы темекі жапырақтары ұнтақ тәрізді күйге дейін ұсақталады және престеледі, содан кейін темекі тілімшелеріне кесіледі. Бұл тілімшелер темекі өзегіне нығыздау арқылы енгізіледі. Басқа компоненттермен бірге HEETS темекі таяқшасын құрайды, ол шылымдарды тұтыну кезіндегідей, дәмге қанағаттануды қамтамасыз етеді. **

IQOS пен HEETS ересек пайдаланушылардың шылым шегетін уақытқа жақын ұзақтығы бар темекіні тұтынудан ләззат алуы үшін арнайы жасалған. HEETS темекі таяқшасымен әрбір сеанс орта есеппен 6 минутқа немесе 14 рет тартуға дейін созылады. Есте сақтау керек бір ғана нәрсе — аз жиі және терең тартулар HEETS темекі таяқшасымен сеанстың ұзақтығын арттырады.

IQOS-қа арналған HEETS темекі таяқшалары ментол қосылған темекі мен жаңа хош иістендірілген қоспаларды қоса алғанда, қаныққаннан бастап таңдаулыға дейінгі көптеген дәмдермен ұсынылған. Әрбір ересек IQOS пайдаланушысы өзі үшін сүйікті HEETS дәмін таңдайтынына сенімдіміз.

IQOS темекі қыздыру жүйелері мен оларды жасауда қолданылатын технологиялар туралы көбірек біліңіз осы жерде.

** Дереккөз: АҚШ пен Жапонияда 160 ересек темекі шегушілердің қатысуымен шынайы жағдайларда (амбулаториялық) өткізілген үш айлық клиникалық зерттеулер.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру