IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қыр 27, 2021

Электрондық шылымдарға арналған сұйықтықтар және HEETS темекі таяқшалары

Электрондық шылымдар мен темекі қыздыру құрылғыларында маңызды ұқсастық бар: бұл басқа жағдайда темекі шегуді жалғастыратын немесе никотині бар басқа өнімдерді қолданатын ересек темекі шегушілерге баламалар. Бұл құрылғылар темекінің жануынан бас тарту есебінен түтіннің бөлінуіне, мысалы шылымның жануы кезіндегідей, жол бермейді.

Алайда, электрондық шылымдар мен темекі қыздыру құрылғылары жұмысының түтінсіз процестерінің негізінде жатқан қағидалар айтарлықтай ерекшеленеді. Электрондық шылымдарда сұйықтық, ал темекіні қыздыру жүйелерінде темекі таяқшалары қолданылады.

 

Электрондық шылымдарға арналған сұйықтық дегеніміз не?

Айта кету керек, электрондық шылымдарда табиғи темекі қолданылмайды. Олар электрондық шылымға арналған сұйықтықты пайдаланады, оны вейпинг сұйықтығы деп те атайды. Сұйықтықтарда әртүрлі дәмдік қоспалар, соның ішінде никотин де бар (олардың кейбірінде никотин жоқ).

 

HEETS темекі таяқшалары дегеніміз не?

Электрондық шылымдармен салыстырғанда, IQOS темекіні қыздыруға арналған құрылғыларда тиісті түрде өңделген және сығымдалған табиғи темекі пайдаланылады. HEETS таяқшалары темекіні қыздыруға арналған құрылғыларымен пайдалануға арналған.

HEETS таяқшалары табиғи өңделген темекі жапырақтарынан жасалады және темекінің әдеттегі дәмін қамтамасыз етеді. Олар шамамен 14 тартуға есептелген, бұл дерлік шылымға барабар. HEETS темекі таяқшалары қауіптерді жоққа шығармайды және тәуелділік тудыруы мүмкін; олардың құрамында табиғи темекінің құрамдасы болып табылатын никотин бар.

 

HEETS таяқшалары мен вейпинг сұйықтықтарының айырмашылығы неде?

HEETS таяқшалары мен сұйықтықтардың басты айырмашылығы пайдаланушылардың әсерлерінде.

Сұйықтық электрондық шылым ыдысынан келіп түседі және аккумулятормен жұмыс істейтін қыздыру элементімен байланысқа түседі. Сұйықтықты жылыту оның булануына және мүштік арқылы дем алуға болатын будың пайда болуына әкеледі. Түтін мен күл пайда болмайды — тек бу пайда болады. Құрылғының ересек пайдаланушысы буланған сұйықтықтың дәмін сезінеді.

Екінші жағынан, HEETS темекі таяқшалары IQOS темекі қыздыру құрылғысына салынып, белгілі бір температураға дейін қыздырылады. IQOS құрылғысындағы HEETS таяқшасын қыздыру арнайы қыздыру жүзінің көмегімен жүзеге асырылады. Қыздыру температурасы 350 градус Цельсиден жоғары көтерілмейді, бұл жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекінің дәмін қамтамасыз етеді.  Бұл жағдайда да тек бу шығады.

Екі баламаның да өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ HEETS таяқшалары мен вейпинг сұйықтықтарының ұқсастығын атап өткен жөн: бұл ересек темекі шегушілер үшін темекі шегуді жалғастырудың баламалары. Егер сіз басқа жағдайда темекі шегуді немесе никотині бар басқа өнімдерді қолдануды жалғастыра беретін, бірақ құрамында темекі жоқ түтінсіз балама нұсқаларды қарастыруға дайын ересек темекі шегуші болсаңыз, сізді электрондық шылымдар мен олардығ сұйықтықтары қызықтыруы мүмкін. Алайда, егер сізді темекі шегуге жақын дәм мен сезімдерді қамтамасыз ететін түтінсіз құрылғы қызықтырса, онда IQOS — шылым шегуді жалғастырудың үздік баламасы. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: IQOS-ТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАУІПТЕРДІ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ.

 

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.