IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қаз 1, 2021

Электрондық шылымдардың құрамында темекі бар ма?

Қазіргі уақытта ересек темекі шегушілерге әртүрлі сипаттамалары мен функциялары бар темекі шегудің бірқатар баламалары қолжетімді. Кейбір ересек темекі шегушілер шылымдардың барлық баламаларын «электрондық шылымдар» деген бір санатқа қате біріктіреді. Электрондық шылымдар — бұл шылым шегудің түтінсіз баламаларының бірі ғана және ол табиғи темекіні қолдануды қарастырмайтынын білесіз бе? Сонымен қатар, сіз электрондық шылымдарға қарағанда құрамында табиғи темекі бар басқа балама өнімдер туралы білесіз бе?

Осындай баламаларды қарастырып көрейікші. 

 

Электрондық шылымдардан бастайық. Электрондық шылымдар дегеніміз не?

Электрондық шылымдар, сондай-ақ вейп деп аталады, темекі шегудің баламаларының бірі. Электрондық шылымдардың басты ерекшелігі, оларда табиғи темекі қолданылмайтындығында. Бұл құрылғылар сұйықтықтарды қыздыру арқылы жұмыс істейді (кейде вейпинг сұйықтықтары деп аталады), олар буланған кезде құрылғыдан мүштік арқылы шығатын бу қалыптастырады.

Электрондық шылымдардың ересек тұтынушысы темекіні ішке тартқан кезде, жану болмайды. Бұл процесте түтін емес, бу шығады. Сондықтан электрондық шылымдарды кейде қарапайым шылымдарға түтінсіз балама деп атайды. Электрондық шылымдарға арналған сұйықтықтар әртүрлі дәмдік қоспаларды, соның ішінде темекіні қамтиды және құрамында никотин болатын да, никотин болмайтын да түрлері болуы мүмкін. Кейбір сұйықтықтарды қыздырудан шыққан бу темекіге ұқсайды, бірақ табиғи темекісі бар электрондық шылым болмайды.

 

Егер электрондық шылымдарда темекі болмаса, онда ол темекі шегудің қандай баламаларында қолданылады?

Егер сіз басқа жағдайда темекі шегуді немесе никотині бар басқа өнімдерді қолдануды жалғастыра беретін, бірақ түтінсіз баламаларды қарастыруға дайын ересек темекі шегуші болсаңыз, «құрамында темекі бар электрондық шылымдар» жоқ екенін ескеруіңіз керек. Мүмкін сіздің таңдауыңыз — темекі қыздыру жүйесі шығар.

«Жанусыз қыздыру» технологиясымен жабдықталған темекіні қыздыруға арналған құрылғылар түтін шығармайды. Темекіні қыздыруға арналған құрылғыларда арнайы өңдеуден өтетін және таяқша пішініне ие болатын табиғи темекі пайдаланылады. Содан кейін темекі таяқшалары құрылғыға салынып, қатаң белгіленген температураға дейін қыздырылады. Бақыланатын қыздыру табиғи темекінің жануын болдырмайды, бұл жанудың және түтіннің жоқтығын білдіреді. Алайда темекі температурасының жоғарылауы оның дәмінің шығуына әкеледі.

IQOS — «жанусыз қыздыру» технологиясы бар құрылғы нұсқаларының бірі. IQOS технологиясымен пайдалану үшін арнайы табиғи темекіден жасалған таяқшалар әзірленді HEETS. HEETS таяқшалары арнайы өңдеуден өткен табиғи сығылған темекі жапырақтарынан жасалады. Таяқшалар шамамен 14 тартуға есептелген, бұл дерлік шылымға тең. Сонымен қатар, HEETS темекі таяқшаларын IQOS құрылғысында қыздырғыш жүз көмегімен қыздыру қағидасы, бірінші кезекте, темекіні қыздыруды қамтамасыз етеді (темекі таяқшасының қағаз қабығын емес), бұл үйреншікті темекі дәмін бөлуге ықпал етеді. HEETS темекі таяқшалары қауіптерді жоққа шығармайды және тәуелділік тудыруы мүмкін; олардың құрамында табиғи темекінің құрамдасы болып табылатын никотин бар.

Электрондық шылымдар мен темекі қыздыру жүйелерінің арасынан қалай таңдау жасауға болады?

Ересек темекі шегуші темекіге балама іздеп, электрондық шылымдар мен темекі қыздыру құрылғыларының арасындағы басты айырмашылықты түсінген кезде, таңдау жеке қалауларға байланысты болады. Табиғи темекінің орнына электрондық шылымда булану сұйықтығы қолданылады, бұл түтін мен күлдің пайда болуын болдырмайды.

Екінші жағынан, қатарына IQOS кіретін темекі қыздыруға арналған құрылғыларда түтін шығармай, темекі дәмін қамтамасыз ететін HEETS сияқты қалыпталған темекі таяқшалары қолданылады.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру