ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Мам 7, 2024

Электронды темекі мен вейп дегеніміз не?

Электронды темекі мен вейп құрылғылары бірдей ме? Бұл құрылғылар шылым шегудің түтінсіз баламасы болып табылады және олардың электронды темекіге арналған арнайы сұйықтықты қыздыру механизмі ұқсас. Қыздыру нәтижесінде булану деп аталатын процесс жүреді.

Әлем бойынша өндірушілер жергілікті заңнамада белгіленген жасқа жеткен шылым шегушілерге үлкен таңдау ұсынады: әртүрлі пішіндегі және форматтағы электронды темекілер, бір реттік құрылғылар, қайта зарядтау мүмкіндігі бар жүйелер және бак пен бокс-модтары бар ауқымды күрделі құрылғылар.

Назар аударыңыз: 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда шегуге арналмаған темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), олардың хош иістендіргіштері мен сұйықтықтарын сатуға және таратуға тыйым салынды.

 

 

Электронды темекі мен вейп құрылғыларының негізгі жұмыс принциптері

«Вейп» немесе «электронды темекі» деп арнайы сұйықтықты қыздыру барысында бу шығаратын аккумулятор батареядан жұмыс істейтін электронды құрылғыларды атайды. Әдетте электронды темекілер қайта зарядталатын немесе қайта зарядталмайтын литий батареясымен жабдықталады, бөлек сатылатын бакпен немесе алдын ала толтырылған капсулалармен не картридждермен жарақталады. Багы бар электронды темекінің жұмысы бакты аккумулятормен қыздырылатын сұйықтықпен толтырғанда ғана мүмкін болады.

Білтесі мен шарғысы бар вейп құрылғыларында сұйықтықты қыздыру ішкі механизм — атомайзер (буландырғыш) жұмысының арқасында жүзеге асады. Әдетте электронды темекі сұйықтығының құрамында бу шығаруға қажетті басқа компоненттерді қоса глицерин, пропиленгликоль, хош иіс пен дәм қоспалары және никотин бар.

 

Электронды темекінің алуан түрлері

Электронды темекі мен вейп құрылғылары бірдей болғанымен, бұл құрылғылардың әртүрлі типтері болады: вейп-модтар, вейп-қаламдар, pod жүйелері және түрі темекіге ұқсайтын құрылғылар.

Электронды құрылғылардың батареясы олардың стиліне байланысты: үлкенірек вейп модтарында қайта зарядталатын батареяларды қайта зарядтау немесе ауыстыру үшін шығарып алуға болады; шағын бір реттік құрылғыларда батарея жүйеге кіріктірілген.

 

IQOS түтінсіз темекі қыздыру жүйелері

Егер сіз IQOS электронды темекі деп ойласаңыз, бұл олай емес. IQOS-та жану процесі жоқ болғанымен, арнайы сұйықтықтың орнына нығыздалған табиғи темекі қолданылады. Бұл түбегейлі айырмашылық IQOS-ты вейп санатына қосуға мүмкіндік бермейді.

Сондықтан IQOS-ты шылым шегудің түтінсіз баламасы деп атаған дұрысырақ, оны пайдалану үшін бактар мен модтары бар күрделі жүйелерді білу қажет емес, өйткені IQOS құрылғылары — никотинді тұтынудан бас тартқысы келмейтін 21 жастан асқан адамдар үшін дәстүрлі шылым шегудің ең жақсы баламасы. Дегенмен IQOS өнімдері мен құрылғылары зиянсыз емес және құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар екенін атап өткен жөн.

IQOS желісіндегі соңғы инновациялық өнімдердің бірі — IQOS ILUMA темекі қыздыру құрылғысы. Шылымнан айырмашылығы — IQOS ILUMA темекіні күйдірмейді, сондықтан түтін шығармайды. IQOS шылыммен салыстырғанда зиянды химиялық заттарды орташа есеппен 95%-ға азырақ бөледі.* Алайда бұл міндетті түрде қауіптің 95% төмендеуін білдірмейді. IQOS зиянсыз емес. IQOS ILUMA құрылғыларында арнайы әзірленген TEREA темекі стиктері пайдаланылады, олар құрылғы ішіне салынады. IQOS ILUMA тазалауды қажет етпейтінін айта кету маңызды — құрылғыларда индукциялық қыздыру технологиясы қолданылады, соның арқасында темекі ішінен қыздырылып, күл қалдырмайды, өйткені қыздыру элементі стиктің ішінде орналасқан**. IQOS ILUMA желісінде TEREA стиктерінің көптеген дәмдері бар, олар қарқындылығы мен хош иісі бойынша ерекшеленеді. TEREA Silver-ден бастап капсуласы бар жаңа TEREA желісіне дейін 21 жастан асқан әрбір шылым шегуші өз қалауына сай келетін дәмді таба алады.

 

Сіз өзіңізге IQOS ILUMA-ны ашып, TEREA стиктерін таңдай аласыз.

Егер сізде әлі де түтінсіз құрылғыларға, соның ішінде электронды темекіге қатысты сұрақтарыңыз қалса, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілетін «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне кіруді ұсынамыз

 

IQOS өнімдері мен құрылғылары зиянсыз емес және адам ағзасына тәуелділік тудыратын никотинді жеткізеді. 21 жастан асқан кез келген шылым шегуші қабылдай алатын ең жақсы шешім — бұл темекі мен никотинді тұтынудан толық бас тарту. IQOS темекіден бас тартуға балама немесе темекіні тастауға көмектесетін құрал болып табылмайды.

 

*«95%-ға аз» бұл никотинді қоспағанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сигарет түтінінде азайтуды ұсынатын 9 зиянды зат деңгейінің орташа төмендеуі. kz.iqos.com сайтындағы «Маңызды ақпарат» бөлімін қараңыз.

** Стик —қыздырылатын темекі таяқшасы

 

Бұл мақала тек білім мен ақпарат беру мақсатында пайдалануға арналған. Мақалада берілген ақпараттың бір бөлігі сыртқы тәуелсіз дереккөздерге негізделген. Біз мұндай ақпараттың дәлдігін, өзектілігін немесе толықтығын еш растамаймыз және оған қатысты ешқандай кепілдік бермейміз.

 

 

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.