IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ

КІРІСПЕ

Біз «Филип Моррис Интернэшнл» (Philip Morris International) (бұдан әрі «біз», «бізге» немесе «ФМИ») тобының мүшесі болып табыламыз. Біз өзімізді («сіз» немесе «сіздің (дердің)») сәйкестендіріп, сізге www.iqos.comсайтында («Интернет сайт») өзіміздің байланыс деректерімізді бердік, соған байланысты осы нұсқаулық берілді.

Біз өзіңіз құрған контентті (« пайдаланушымен құрылған контент» немесе «ПҚК») қолданғымыз келеді. Контентті бере отырып, шарттармен («Шарт») келісесіз, онда сіз бізге осы құжатта көрсетілген сіздің контентіңізді қолдануға мүмкіндік бересіз.

ПҚК-ны бермес бұрын сізге заңды күшке ие болатын осы маңызды ережелермен танысуыңыз қажет.

ЕГЕР ОСЫ ШАРТТАРМЕН КЕЛІСПЕЙТІН БОЛСАҢЫЗ, ПҚК БЕРМЕСЕҢІЗ ДЕ БОЛАДЫ.

Сіз Интернет сайтқа өзіңіз берген ПҚК үшін жауапты боласыз, ал біз келесіден тұратын кез келген ПҚК-ны жоюға құқылымыз

- қорлау немесе балағат сөздер;

- нәсіл, халық, дін, жынысы, дене кемістігі, жыныстық бағдар немесе саяси көзқарастар бойынша жек көрушілікті немесе кемсітушілікті насихаттайтын пікірлер;

- жыныстық мазмұндағы материалдарға сілтемелер немесе осындай материалдар бар пікірлер;

- авторлық құқықтарды немесе зияткерлік меншік құқықтарын бұзу;

- спам, еліктіргіш сілтемелер немесе басқа адамдардың компьютерлерінің немесе мобильді құрылғыларының жұмысын бұзуы мүмкін вирустары бар файлдар;

- жеке тұлғаны қорқыту немесе қорлау үшін нақты топтарға немесе өзге де пікірлерге жасалған ашуландыратын шабуылдар;

- маркетингтік науқандар немесе бәсекелес жарнамасы.

Біз жоғарыда сипатталған ПҚК-ны және біз жеке қалауымызбен жөнсіз деп санайтын басқа контентті жою құқығын сақтаймыз.

ПАЙДАЛАНУШЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН КОНТЕНТТІ ПАЙДАЛАНУҒА ЛИЦЕНЗИЯ

  1. Өзіңіздің контентіңізді пайдалануға осы рұқсат сіз бен ФМҚ арасында жасалған шарт болып табылады.

  2. Сіз келесілерді растайсыз: 
  3. қазіргі уақытта сіз IQOS немесе LIL құрылғысын пайдаланасыз және жасыңыз 21 жастан асқан (егер сіз ПҚК-да танытылмасаңыз) немесе кем дегенде 25 жастасыз (егер сізді ПҚК-да тануға болатын болса);
  4. ПҚК сіздің жұмысыңыздың нәтижесі болып табылады және үшінші тарапқа тиесілі зияткерлік меншік құқығын, жария пайдалану құқығын немесе өзге де құқықтарды бұзбайсыз;
  5. Осы шарт бойынша ПҚК-ны пайдалануға сіздің рұқсатыңыз («Лицензияңыз») сіздің қолданыстағы шарттық міндеттемелеріңізді немесе қолданыстағы құқықты бұзбайсыз немесе қайшы келмейсіз;
  6. Сізді қоса, ПҚК-да тануға болатын кез келген адамның жасы 25 жастан кем емес, осындай адамдарды і) фотоға түсіруге, жазуға немесе олар туралы фильмдер түсіруге; іі) фотосуреттерін, дыбысты және/немесе видеоны ПҚК-ға қосуға; және ііі) егер қолданылса, осындай адамдардың аттарын төменде көрсетілген мақсаттарда осындай адамдарға қарсы қанағаттандыруды төлеместен оларды ФМИ және оның үлестес тұлғаларына ұсыну үшін пайдалануға рұқсатыңыз бар және iv) ФМИ талабы бойынша сіздің осындай іс-әрекеттеріңізді жүзеге асыруға берілген олардың жазбаша рұқсатының көшірмесін ФМИ-ға тапсырасыз.

ПҚК-ға барлық Өз құқықтарыңызды сақтайсыз, бірақ, осы арқылы сіз ФМИ мен оның үлестес тұлғаларына маркетингті, ілгерілетуді және/немесе ФМИ қыздырылатын темекі өнімдерінің брендтерін жарналамауды, сондай-ақ ФМИ-дің жеке қалауымен олармен байланысты өнімдерді, қызметтер мен жарнамалық материалдарды, сондай-ақ сіздің ФМИ мен оның үлестес тұлғаларына лицензияңызды берген күннен бастап, біздің ПҚК-ны пайдалануға қатысты қандай да бір жауапкершілік туындауынсыз немесе кепілдікті (тікелей немесе тұспалдайтын) беруді қоса, кез келген заңды мақсаттармен ПҚК пайдалануға және көшіруге мерзімсіз лицензияны бересіз. ПҚК-ны пайдалану сұрауымызға берер жауабыңызға қатысты ФМИ дауысы (like) ПҚК-ны пайдалану үшін өтемақы болып саналады.

  1. Сіз ФМИ мен оның үлестес тұлғаларына кез келген болжамды бұқаралық ақпарат құралдарында және кез келген географиялық аумақта жариялау үшін жоғарыда көрсетілген мақсаттармен туынды жұмыстарды көшіру, өзгерту, аудару, көрсету және дайындау, ФМИ (немесе кез келген оның үлестес тұлғалары) үшін басқа қалайтын түрде кез келген оның бір бөлігін жария орындау, көрсету, тарату, трансляциялау және пайдалану құқығын бересіз.
  2. Сіз ФМИ мен оның үлестес тұлғаларына https://www.pmi.com/legal/legal-documents сайтында жарияланған құпия ақпаратты пайдалану тәртібі туралы хабарламаға сәйкес атын, жалған атын, суретті (портретті), лақап атын, жария пайдалану құқығын, даусын, таспадағы тірі орындауын немесе орындауын, қолтаңбасын, фотосуреттер мен сіз туралы және ПҚК-ға қосылған кез келген басқа тұлғалардың биографиялық ақпаратын пайдалануға мүмкіндік бересіз, сондай-ақ осы шарттар туралы ПҚК-ға қосылған барлық басқа адамдарға хабарлайсыз.
  3. ПҚК үшінші тараптың қандай да бір мүліктік құқықтарын бұзған жағдайда немесе ПҚК-да қаралайтын ақпарат бар болса немесе ПҚК құпиялылыққа құқықты немесе кез келген тұлғаның жария қолдануға құқықтарын бұзатын болса, сіз залалды өтеуге кепілдік бересіз, осындай бұзу нәтижесінде немесе онымен байланысты туындаған кез келген және барлық наразылықтарға, талаптарға, залалдарға, жауапкершілікке, шығындарға, шығыстарға және жұмсалған ақшаға қатысты ФМИ мен оның үлестес тұлғаларын қорғап, залал келтірмейсіз.
  4. Лицензияңыз ерікті болып табылатынына, сондай-ақ сіз ФМИ-мен жасалған Лицензияңыз туралы шарттың ерікті екеніне келісім бересіз.
  5. Сіз болашақта құрылатын ПҚК-ға қатысты Лицензиялық шартыңызды кез келген уақытта бұза аласыз, ол үшін хабарламаны ugc-claims@pmi.com адресіне немесе арналарымызды қолдану шарттарында берілген нұсқаулықтарға сәйкес басқаша әдіспен жібересіз, бірақ осындай бұзу жағдайынан кейін де Лицензияңыз жарамды болады және бізге Лицензияңызды бергеніңізге және/немесе бұзғанға дейін бұл қолданудың тиісті шарттарына сәйкес пайдаланылғанда арналарымызға, есептік жазбаларға орналастырғаныңызға қатысты кез келген ПҚК-ға қатысты құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген. Бұзуға қатысты сұрауыңызды өңдеу біршама уақыт алуы мүмкін екенін назарға алуыңызды сұраймыз, бірақ, осындай өңдеудің барынша қысқа уақыт ішінде аяқталуы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.
  6. Егер сіз авторлық құқығыңыз немесе зияткерлік меншік құқығымен қорғалған материалыңыз құқықсыз пайдаланылды деп санайтын болсаңыз немесе сіздің жеке өмір құпиялылығыңыздың құқықтары немесе жария қолдану құқықтары бұзылған жағдайда, ugc-claims@pmi.com адресі бойынша Лицензияңызға қатысты түсініктеме беруге кез келген сұрақтарыңызды немесе сұрауларыңызды жібере аласыз.
  7. Сіз @iqos_kaz есептік жазбасынан Instagram-ға немесе @iqos_support_kz есептік жазбасынан Twitter-ге жіберілген сұрауға жауабыңыз ретінде #okiqosterms немесе #oklilterms көрсету арқылы немесе бізге ПҚК-ны арналарымызға, есептік жазбаларға, әлеуметтік желілердегі Интернет сайтқа(тарға) беріп, орналастырып, жібере отырып, Лицензияңызға қатысты шартты жасай аласыз, сонда
  8. Лицензияңыз Швейцария, Лозанна қ. соттарының соттылығымен Швейцария құқықтарына сәйкес реттелетін болады.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру