IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

Өткізу жөніндегі директорының

11.10.2022 ж. № 220 бұйрығымен бекітілген.

TELEGRAM АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН «IQOS» ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ «lil» ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУДЫҢ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІН ТІРКЕУ КЕЗІНДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРҒА МӘРТЕБЕ БЕРУ ТАЛАПТАРЫ

Бұл редакция 11/10/2022 Астана қ. уақыты бойынша 09.00 бастап жарамды

1. Осы Ережелердің мақсатында келесі анықтамалар мен терминдер қолданылады:

А) ҚР – Қазақстан Республикасы;

Ә) ФМҚ – «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС;

Б) Тұтынушы – жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекі, темекі өнімдері және (немесе) құрамында никотин бар өнімнің (никотинді тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушысы болып табылатын жеке тұлға;

В) Дерекқор – ФМҚ Тұтынушыларын, соның ішінде олардың аттарына тіркелген Құрылғылар туралы мәліметті қамтитын дерекқор;

Г) Құрылғы – ҚР аумағында сату мақсатында ФМҚ импорттайтын, оған қатысты ФМҚ тұтынушылардың шағымдарын қабылдайтын ұйым болып табылатын IQOS 3 DUO және (немесе) lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі;

Ғ) Серіктес / ФМҚ Серіктесі – Тұтынушының назарына осы Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі және Бағдарламаға қатысу кезінде құрылғыны тіркеу тәртібі туралы ақпаратты жеткізетін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

Д) Бағдарлама – ФМҚ ережелерімен реттелетін Telegram арқылы ФМҚ дерекқорында Тұтынушыларға «IQOS» және/немесе «lil» электр темекі қыздыру жүйесін тіркеу жөніндегі бағдарлама;

Е) Талаптар – Telegram арқылы жүзеге асырылатын ФМҚ дерекқорында Тұтынушыларға арналған Құрылғыларды тіркеу кезінде тұтынушыларға мәртебе берудің осы Талаптары;

Ж) Telegram Бот – IQOSKZ_Support_bot Telegram Боты;

З) Сайт – kz.iqos.com мекенжайында орналасқан ФМҚ интернет-дүкені;

2. Жалпы ережелер

2.1. Сайтта жарияланған осы Талаптар Серіктестен алынған ақпаратқа сәйкес Құрылғыны ФМҚ Дерекқорында Telegram Бот арқылы тіркеуді жүзеге асыратын, ҚР аумағында әрекет ететін және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып табылатын Құрылғыларды сатып алған барлық Тұтынушыларға арналған.

Осы Ережелердің 3.1-тармағында көзделген Telegram бот арқылы Құрылғыны тіркеу бойынша әрекетті жасай отырып, Тұтынушы осы Талаптармен танысқанын, келісетінін және қабылдайтынын растайды (талаптарды құптау ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады).

2.2. Құрылғыны Дерекқорда Тұтынушыға тіркеу рәсімі Тұтынушы үшін аса қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, сонымен қатар оның Құрылғысына кепілдік бойынша қызмет көрсетуді жеңілдетеді, сондай-ақ Тұтынушыға IQOS Care Plus бағдарламасына қатысу мүмкіндігі сияқты қосымша артықшылықтар береді.

3. Талаптарды жүзеге асыру

3.1. Құрылғыны Telegram бот арқылы тіркеу үшін Тұтынушы:

• Дерекқорға Тұтынушының абоненттік ұялы байланыс нөмірін қоса алғанда, дұрыс дербес деректерімен тіркелуі тиіс;

• Telegram қолданбасы ұялы байланыс құрылғысына орнатылмаған болса, орнатуы тиіс;

• Серіктестің ішкі сауда объектінде орналасқан QR-кодты сканерлеп, Telegram ботқа өтуі немесе Telegram-нан IQOSKZ_Support_bot атауы бойынша Telegram ботты табуы тиіс;

• Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен осы ЖСН-не тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірін көрсетіп, Telegram ботқа тіркелуі немесе Telegram ботта тіркелген болуы тиіс;

• Нұсқауларға сәйкес сериялық нөмірді енгізу арқылы Құрылғыны тіркеуі тиіс.

Тұтынушы Құрылғыны тіркеу кезінде ұсынылатын деректердің дәлдігі мен дұрыстығы үшін жауап береді.

3.2. Тұтынушы осы Ережелердің 3.1-тармағында көзделген барлық іс-әрекеттерді толықтай сәтті аяқтау нәтижесінде, және ФМҚ Telegram бот арқылы тіркелген Құрылғы туралы ақпаратты алған жағдайда Тұтынушыға IQOS 3 DUO құрылғысын тіркеу кезінде Special мәртебесі немесе Lil Solid 2.0 құрылғысын тіркеу кезінде Rewarded мәртебесі беріледі. Мәртебе Құрылғыны тіркеу кезінде бір рет беріледі. Тұтынушы Құрылғыны тіркеу жөніндегі іс-әрекеттерді және Ережелердің 3.1-тармағында көрсетілген өзге де іс-әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда, Мәртебе берілмейді. Special мәртебесін немесе Rewarded мәртебесін алған Тұтынушы Бағдарламаға қатысуға құқылы. Тұтынушыға мәртебелер берудің ең көп саны – 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ең көбі 2 (екі) рет, бұл арада Special немесе Rewarded бірінші мәртебесі берілген сәттен бастап 365 күнтізбелік күн ішінде ең көбі 5 (бес) рет.

4. Қорытынды ережелер

4.1. 3-бөлімге сәйкес берілген Rewarded мәртебесі және Special мәртебесі шартты және материалдық емес болып табылады, сонымен қатар Дерекқордағы ақпаратты жүйелеу мақсатында қызмет етеді.

4.2. Тұтынушы осы Ережелердің талаптарын бұзған жағдайда, жоғарыда аталған Мәртебелер ФМҚ-мен бұғатталуы және (немесе) жойылуы мүмкін.

4.3. Ережелердің талаптары ФМҚ-ның қалауы бойынша Сайтта жаңартылған Ережелерді жариялау арқылы бір жақты тәртіппен ФМҚ-мен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Жаңартылған Ережелер осындай жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

4.4. ФМҚ алдын ала ескертусіз немесе келісімсіз біржақты тәртіпте Ережелерді жоюға, оның ішінде Тұтынушыға бұрын берілген Мәртебелерді алып тастауға, өзгертуге, жоюға құқылы.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру