IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

Өткізу жөніндегі директорының

10.11.2022 ж. № 220 бұйрығымен бекітілген

«IQOS» ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ «lil» ЭЛЕКТР ТЕМЕКІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕСІН TELEGRAM АРҚЫЛЫ ТІРКЕУ БОЙЫНША «CASHBACK» БАҒДАРЛАМАСЫНА (бұдан әрі – Бағдарлама немесе «CASHBACK») ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бұл редакция 11/10/2022 Астана қ. уақыты бойынша 09.00-ден бастап жарамды

1. Осы Ережелердің мақсатында келесі анықтамалар мен терминдер қолданылады:

А) ҚР – Қазақстан Республикасы;

Ә) ФМҚ – «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС;

Б) Тұтынушы – жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекі, темекі өнімдері және (немесе) құрамында никотин бар өнімнің (никотинді тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушысы болып табылатын жеке тұлға;

В) Дереккқор – ФМҚ Тұтынушыларын, соның ішінде олардың аттарына тіркелген Құрылғылар туралы мәліметті қамтитын дерекқор;

Г) Құрылғы – ҚР аумағында сату мақсатында ФМҚ импорттайтын, оған қатысты ФМҚ тұтынушылардың шағымдарын қабылдайтын ұйым болып табылатын IQOS 3 DUO және (немесе) lil Solid 2.0 электр темекі қыздыру жүйесі;

Ғ) Серіктес/ ФМҚ Серіктесі – Тұтынушының назарына осы Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі және Бағдарламаға қатысу кезінде құрылғыны тіркеу тәртібі туралы ақпаратты жеткізетін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

Д) Бағдарлама немесе «CASHBACK» – осы Ережелермен реттелетін Telegram арқылы ФМҚ Дерекқорында Тұтынушыларға арналған «IQOS» және/немесе «lil» электр темекі қыздыру жүйесін тіркеу жөніндегі бағдарлама;

Е) Ережелер – осы Ережелер;

Ж) Telegram бот – IQOSKZ_Support_bot Telegram Боты;

З) Сайт – kz.iqos.com мекенжайында орналасқан ФМҚ интернет-дүкені;

И) Бағдарлама әкімшісі – онымен ФМҚ арасындағы жеке шартқа сәйкес Бағдарламаны әкімшілендіру қызметтерін көрсететін, сондай-ақ Тұтынушы мен Бағдарлама әкімшісі арасындағы жеке шарт шеңберінде туындайтын міндеттемелерді іске асыруды жүзеге асыратын ФМҚ-ның контрагенті;

2. Жалпы ережелер

2.1. Бұл Бағдарлама Special мәртебесі немесе Rewarded мәртебесі берілген барлық Тұтынушыларға арналған. Ережелер, ҚР Азаматтық Кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып саналады. Осы Ережелердің 3.2-тармағында көзделген әрекеттерді жасай отырып, Тұтынушы осы Ережелермен танысқанын, келісетінін және қабылдайтынын растайды.

2.2. Бағдарлама ФМҚ, Тұтынушы, Серіктес және Бағдарлама әкімшісінің өзара іс-қимылына негізделген. Серіктес осы Бағдарламаға қатысуға келісім берсе, Серіктес пен ФМҚ арасындағы қарым-қатынас бөлек шартпен реттеледі. ФМҚ, Тұтынушы мен Серіктестің қарым-қатынасын реттемейді және олардың арасындағы Құрылғыны сатып алу-сату шартының тарабы болып саналмайды. ФМҚ мен Тұтынушының қарым-қатынасы осы Ережелермен реттеледі, бұл арада Тұтынушының Бағдарламаға қатысуы ерікті болып саналады.

2.3. «CASHBACK» – бұл Тұтынушыларға Бағдарламаның шарттары туралы ақпарат беруді жеңілдету үшін қолданылатын Бағдарламаның шартты атауы.

3. Бағдарламаның талаптарын іске асыру

3.1 Special мәртебесін алған Тұтынушы Бағдарлама әкімшісінен 2510 (екі мың бес жүз он) теңге мөлшерінде біржолғы сыйлық алуға құқылы; Rewarded мәртебесін алған Тұтынушы Бағдарлама әкімшісінен 1510 (бір мың бес жүз он) теңге мөлшерінде біржолғы сыйлық (бұдан әрі – Сыйлық) алуға құқылы. Тұтынушы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ең көбі 2 (екі) рет, бірақ бірінші Сыйлықты алған сәттен бастап 365 күнтізбелік күн ішінде ең көбі 5 (бес) рет сыйлық алуға құқылы.

3.2. Сыйлық алу үшін Тұтынушы Telegram ботта орналастырылған сілтеме бойынша Бағдарлама әкімшісінің Telegram ботына өтіп, Бағдарлама әкімшісінің Telegram ботындағы нұсқауларды орындай отырып, одан әрі әрекеттер жасауы тиіс. Ережелердің 3-бөлімінде көрсетілген әрекеттерді орындаудан бас тарту, немесе құрылғыны тіркеген сәттен бастап 14 дней ішінде осы әрекеттерді орындамау, Тұтынушының Сыйлықтан бас тартуын білдіреді, бұл арада бұған дейін Тұтынушыға берілген Special мәртебесі немесе Rewarded мәртебесі жойылады. Сыйлық алу Мәртебенің күшін жоюға әкеледі.

3.3. Сыйлықты ұялы байланыс операторы қызметтерінің төлемақысы ретінде, Telegram ботта тіркелу кезінде көрсетілген Тұтынушының абоненттік ұялы байланыс нөміріне; немесе Тұтынушының ҚР екінші деңгейдегі банкінің төлем банк картасына алуға болады. Сыйлық жіберілетін Тұтынушының төлем банк картасының нөмірін Тұтынушы Бағдарлама әкімшісіне береді; ФМҚ Тұтынушының төлем банк картасының деректеріне қол жеткізе алмайды және оларды сақтамайды.

3.4 Тұтынушыға сыйлық беруге байланысты барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді Әкімші жүзеге асырады.

4. Қорытынды ережелер

4.1. ФМҚ жаңартылған Ережелерді ФМҚ қалауынша Сайтта жариялау арқылы бір жақты тәртіпте Ережелерді өзгерте алады және (немесе) толықтыра алады. Жаңартылған Ережелер осындай жариялау сәтінен бастап күшіне енеді.

4.2. ФМҚ қосымша ескертусіз немесе себебін түсіндірусіз бір жақты тәртіпте Бағдарламаны өткізуді жою құқығын өзіне қалдырады..