«Сенің жазғы ремиксің осы болса ше?» кастингіне қатысу қағидалары мен шарттары
2026 жылғы 30 маусымнан Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап қолданыста
Кіріспе
«Сенің жазғы ремиксің осы болса ше?» кастингіне (бұдан әрі – «Кастинг») қатысу үшін Қатысушы өзінің естен кетпейтін жазы туралы хикаясы жазылған онлайн өтінімді тапсыруы және Қатысушы шақырылған жағдайда сұхбатқа қатысуы тиіс.
Қатысушының хикаясы осыдан кейін финал хикаясы ретінде таңдалған жағдайда Қатысушы (Кастингтегі) бейне және фото түсірілімге қатысуы, сондай-ақ Ұйымдастырушы немесе оның уәкілетті тұлғасы Қатысушыға мерзімінде хабарлайтын басқа да қатысты белсенділіктер мен іс-шараларға («Белсенділік») қатысуы қажет.
Ұйымдастырушы
Кастингті ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы, B40A6M8, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайында орналасқан Philip Morris International компаниялар тобының мүшесі (бұдан әрі мәтін бойынша - «PMI») «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС болып табылады (бұдан әрі мәтін бойынша «Ұйымдастырушы»).
Ұйымдастырушының негізгі қағидаттары мынадай: (i) темекі шегу ауыр дерттерге себеп болады және тәуелділікті тудырады. Кез келген темекі шегуші темекі мен никотиннен толығымен бас тартса, бұл оның жасаған ең дұрыс шешімі болатыны сөзсіз; (ii) 21 жасқа толмаған тұлғалар кез келген нысанда темекі немесе никотин қолданбауы тиіс; (iii) PMI түтінсіз өнімдері қалай болғанда да, темекі шегетін немесе құрамында никотин бар өнімдерді пайдаланатын ересектерге арналған; (iv) PMI түтінсіз өнімдері темекі немесе құрамында никотин бар өнімдерді ешқашан пайдаланбаған немесе темекі мен никотин өнімдерінен толық бас тартқан адамдарға арналмаған. Біздің түтінсіз өнімдеріміз темекі шегуден бас тартуға балама емес және никотиннен бас тартуға көмектесуге арналмаған; (v) PMI түтінсіз өнімдері қауіпсіз емес және құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар. Біздің түтінсіз өнімдеріміз темекі шегуден бас тартуға балама емес және ол никотиннен бас тартуға көмектесу үшін арналмаған; (v) PMI түтінсіз өнімдері қауіпсіз емес және құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар. Дегенмен, түтінсіз өнімдерге ауысу — темекі шегуге қарағанда жақсы таңдау; (vi) біз үйрету және нұсқау беру арқылы түтінсіз өніміміздің ересек пайдаланушыларына толық ауысу жолында қолдау көрсетеміз; (vii) тұтынушылар түтінсіз өнімнің артықшылықтарын сезінуі үшін оған толығымен ауысуы және темекі шегуден біржола бас тартуы тиіс; және (viii) біз тұтынушыларды түтінсіз өнімдерімізге қатысты қауіпсіздік мәселелері туралы хабардар етеміз.
Агенттік
Белсенділікті өткізуде Ұйымдастырушыға қажетті қолдау көрсету үшін Ұйымдастырушы тиісті азаматтық-құқықтық шарт негізінде тартатын Компания.
«Смарт Ивент Плюс» ЖШС; БСН 171140018686; заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Қалқаман-2 шағын ауданы, Кенбаев көшесі, 3-үй; нақты мекенжайы: Алматы қаласы, Керемет шағын ауданы, 1-үй; байланыс нөмірі + 7 727 354 78 78 (бұдан әрі мәтін бойынша — «Агенттік»).
Қатысушы
Бағдарламаға қатысуға жалпы алғанда (бір мезгілде) келесі талаптардың барлығына жауап беретін тұлғалар жіберіледі: (i) 21 жасқа толған және одан асқан; (ii) Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын; (iii) «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС тұтынушылары дерекқорында тіркелген темекіні немесе құрамында никотин бар өзге де өнімді тұтынушылар болып табылатын; (iv) «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС деректер базасында Қатысушының атына тіркелген IQOS темекіні қыздырудың электрлік жүйесі бар; (v) IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына (бұдан әрі мәтін бойынша «Telegram-бот») жазылғандар; (vi) kz.iqos.com сайтында бар дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің өзекті нысанына қол қойғандар (бұдан әрі мәтін бойынша «Сайт»); (vii) өзінің естен кетпейтін жазғы хикаясымен бөліскісі және Белсенділікке қатысқысы келетіндер; (viii) іс-әрекетке қабілетті және (ix) Ұйымдастырушыға жұмысқа орналасу немесе қызмет көрсетуге қатысу сияқты Ұйымдастырушымен қандай да бір байланысы болмағандар (бұдан әрі – «Қатысушы»).
Белсенділікке келесі тұлғалардың қатысуға құқығы жоқ: Қатысушыға қатысты көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар; Ұйымдастырушының және онымен үлестес ұйымдардың қызметкерлері мен өкілдері, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалар; Ұйымдастырушының Белсенділігін және (немесе) басқа да тұтыну бағдарламаларын/белсенділіктерін дайындауға, ұйымдастыруға, өткізуге, Ұйымдастырушыға Белсенділікті және (немесе) басқа да тұтыну бағдарламаларын/белсенділіктерін жүргізу үшін қажетті өзге де қызметтерді/жұмыстарды көрсетумен/орындаумен байланысты Ұйымдастырушымен шарттық қатынастары бар үшінші тұлғалар, сондай-ақ Ұйымдастырушының Белсенділігі және (немесе) басқа да тұтынушылық бағдарламалары/белсенділігі және оларды өткізу шарттары туралы хабарлауға қатысатын үшінші тұлғалар; жоғарыда көрсетілген үшінші тұлғалардың қызметкерлері, өкілдері және үлестес тұлғалары.
«Қатысушы» критерийлеріне сәйкес келетін және Белсенділікке қатысқысы келетін ересек тұтынушылар келесі дәйекті әрекеттерді жасау арқылы Белсенділікке қатыса алады:
(а) Сайтта бар дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің өзекті нысанына қол қою;
(б) Сайтта естен кетпейтін жазғы хикаясын тапсыру.
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыра отырып, Ұйымдастырушыға Қатысушы «Қатысушының» барлық критерийлеріне сәйкес келетінін мәлімдейді және растайды. «Қатысушы» критерийлеріне сәйкес келмейтін тұлғаның жоғарыда көрсетілген кез келген әрекетті жасауы осы Қағидаларды бұзу болып табылады.
Ұйымдастырушыға жоғарыда аталған әрекеттердің біреуін жасаған кез келген тұлғаның «Қатысушы» өлшемдеріне сәйкес келмейтіні туралы белгілі болған жағдайда, Ұйымдастырушы біржақты тәртіппен осы тұлғаға сыйақы беруден бас тартуға, сондай-ақ Ұйымдастырушының құқықтары мен мүдделерін құқықтық қорғаудың кез келген өзге тәсілдерін пайдалануға құқылы.
Белсенділік
Белсенділіктің мақсаты — өзінің естен кетпейтін жаз хикаясымен бөлісу. Бұған қоса, Қатысушы өзінің IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA пайдалану тәжірибесімен қалай болғанда да, темекі шегетін немесе құрамында никотин бар өзге де өнімдерді пайдаланатын 21 жасқа толған және одан асқан темекі немесе өзге құрамында никотин бар өнімдерді тұтынушылармен (бұдан әрі — «Ересек пайдаланушылар») бөлісуге құқылы. Белсенділік, сондай-ақ IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i пайдалану тәжірибесі туралы ақпарат Ересек пайдаланушыларға Ұйымдастырушының түрлі байланыс арналары арқылы, соның ішінде, бірақ шектелместен: Сайт, Telegram-бот және (немесе) Instagram парақшасы, IQOS электрондық хаттары, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС ішкі сауда объектілерінде және басқа сату нүктелері мен коммуникация арналары.
Белсенділік темекі өнімдерін сатып алуды ынталандыруға бағытталған ынталандырушы іс-шара емес және осы Қағидаларда төменде айқындалғандай Қатысушылардан естен кетпейтін жаздың хикаясын алу мақсатында ғана өткізіледі.
Кастинг
Кастинг келесі кезеңдерден тұрады:
1-кезең: хикаяны беру
Қатысушыға 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 14 шілдені қоса алғандағы кезеңде Сайтта өзінің естен кетпейтін жаз хикаясын тапсыру ұсынылады.
Хикаяға қойылатын талаптар:
1) Хикая Қатысушының естен кетпейтін жаз тақырыбында басынан өткен тәжірибесінің мәтіндік сипатын көрсетуі керек. Хикаяда Қатысушы өзінің IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA темекіні қыздыру жүйесін пайдаланудағы тұтынушы тәжірибесін айтуына болады;
2) Хикаяны сипаттау үшін пайдаланылатын символдар саны кемі 100 және бос орындарды ескере отырып, 1500 символдан аспауы тиіс. Осы талапқа сәйкес келмейтін хикаяларды Ұйымдастырушы қарамайды;
3) Хикая естен кетпейтін жаз тақырыбымен тікелей байланысты болуы тиіс;
4) Хикая қайталанбайтын (ерекше) болуы тиіс және бұрын жарияланған мәтіндердің, басқа материалдардың көшірмесі, шаблонды немесе автоматты түрде жазылған тұжырымдардың өнімі болмауы тиіс;
5) Хикая Қатысушының жазда басынан өткен жағдайға байланысты ахуалдың, оқиғаның немесе эмоциялық сәттің нақты және қисынды сипатынан тұруы тиіс;
6) Хикая жеке сезінуді, эмоция мен нақты және бірегей жағдайларды қоса алғанда, Қатысушының жеке тәжірибесін беруге тиіс;
7) Хикаяда Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағиданы бұзатын, үшінші тұлғалардың құқықтарын қозғайтын, әдеп, мораль және адалдық нормаларына қайшы келетін ақпарат болмауы тиіс.
Хикаяда берілген ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тиіс. Атап айтқанда, хикаяда темекiнi немесе құрамында никотинi бар өзге де өнiмдi заңда белгiленген жасқа толмаған адамдардың пайдаланғаны, темекiнi немесе құрамында никотинi бар өзге де өнiмдi жұмыс орнында, қоғамдық тамақтану орындарында немесе өзге де қоғамдық жерлерде тұтынғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзғаны туралы ақпарат болмауы тиіс. Хикаяда жеке (дербес) ақпаратты, дербес деректерді немесе өзге де құпия ақпаратты, оның ішінде үшінші тұлғалар туралы ақпарат болмауы тиіс. Қатысушы осы Белсенділік шеңберінде Ұйымдастырушыға және/немесе Агенттікке кез келген ақпаратты бергені үшін толық және айрықша жауапты болады.
Ұйымдастырушы барлық келген хикаяларды қарайды. Ұйымдастырушы қызметкерлерінің тәуелсіз комиссиясы арқылы әрекет ететін Ұйымдастырушы осы Қағидалардың талаптарына және Кастингке қатысу шарттарына сәйкес келетін Кастингтің келесі кезеңіне өтетін Қатысушылардың хикаясын іріктейді.
Егер Ұйымдастырушы Қатысушының хикаясын таңдаса, Кастингтің келесі кезеңіне қатысатынын растау үшін Қатысушымен тікелей байланысады.
Ұйымдастырушы Қатысушы ұсынатын ақпаратты, атап айтқанда IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i пайдалану тәжірибесін Белсенділік шеңберінде де, Ұйымдастырушы өткізуі мүмкін өзге де материалдар мен белсенділіктерде де пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
Қатысушының хикаясындағы ақпаратты пайдалану Ұйымдастырушының оны пайдалануы, жариялауы, редакциялауы, толықтыруы, ішінара пайдалануы, соның ішінде қандай да көрнекі материалымен бірге пайдалануы, үшінші тұлғаларға беруі, таратуы, оның ішінде осындай ақпаратты көпшілікке таратуы болуы мүмкін.
Хикаяның осы Қағидалардың рәсімді шарттарына сәйкес келуі хикаяны қарауға жіберудің талабы болып табылады, бірақ Қатысушының Кастингтің келесі кезеңіне өтетіне, финалист мәртебесін алатынына және/немесе Кастингтің тиісті кезеңіне қатысқаны үшін қандай да бір сыйақы алатынына кепілдік бермейді.
Ұйымдастырушы Қатысушыларға хикаяларды қарау нәтижелері бойынша жеке түсініктемелер, рецензиялар, бағалаулар немесе толық түсініктемелер бермеуге құқылы.
2-кезең: сұхбат және финалистерді іріктеу
Егер Қатысушының хикаясы іріктеуден өтсе, Ұйымдастырушы Қатысушыны онлайн сұхбатқа шақырады.
Онлайн сұхбат Қатысушы хикаяда жазғанға қосымша ақпарат алу, Қатысушының Кастингке одан әрі қатысуға дайындығын растау, сондай-ақ Қатысушының Белсенділіктің осыдан кейінгі кезеңдеріне, соның ішінде фото және бейне түсірілімдерге, коммуникациялық материалдарға және/немесе сапарға қатысуын, егер мұндай кезеңдер Белсенділік механикасында көзделген болса, қатысу мүмкіндігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Ұйымдастырушы Қатысушы ұсынатын хикаяны, оның IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i пайдалану тәжірибесін, сондай-ақ оның онлайн сұхбат шеңберіндегі жауаптарын өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығын өзіне қалдырады. Пайдалану Ұйымдастырушының пайдалануы, жариялауы, редакциялауы, толықтыруы, ішінара пайдалануы, оның ішінде қандай да бір көрнекі материалымен бірге пайдалануы, үшінші тұлғаларға беруі, осындай ақпаратты таратуы, оның ішінде көпшілікке таратуы болуы мүмкін.
Сұхбат нәтижелерін Ұйымдастырушы қарайды және Ұйымдастырушы Кастингтің келесі кезеңіне өтетін Қатысушыларды (бұдан әрі — «<аstrong>Үміткерлер») таңдайды.
Онлайн сұхбаттың нәтижелері бойынша Ұйымдастырушы агенттікті тарта отырып, Қатысушылар хикаяларының 1-кезең шарттарында көрсетілген критерийлерге сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Ұйымдастырушы сұхбат нәтижелері бойынша Кастингтің 9 (тоғыз) Қатысушысын (бұдан әрі — «Финалистер») айқындайды.
Хикаялардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ Қатысушыны онлайн сұхбатқа шақыру Қатысушының Кастингтің келесі кезеңіне өтетініне, Финалист мәртебесін алатынына және/немесе Белсенділікке қатысқаны үшін қандай да бір сыйақы алатынына кепілдік бермейді.
Онлайн сұхбат және алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша Ұйымдастырушының шешімі түпкілікті болып табылады және естен кетпейтін жаз хикаясын, сұхбат нәтижелерін жиынтық бағалау және Қатысушының Белсенділіктің келесі кезеңдерінде көзделген шарттарды орындау мүмкіндігі негізінде қабылданады.
3-кезең: дауыс беру.
Финалистерді анықтау
Ұйымдастырушы іріктеген 9 (тоғыз) финалистің хикаялары бұдан әрі басқа Ересек пайдаланушылар арасында дауыс беру кезеңіне ұсынылады.
Дауыс беру Сайтта 2-кезеңнің нәтижелері жарияланғаннан кейін 1 (бір) апта ішінде өткізіледі.
Дауыс беру Ересек пайдаланушылардың дауыстарын жинау арқылы өткізілетін болады.
Ересек пайдаланушылардың ең көп дауысын алған 3 (үш) Жеңiмпаз (бұдан әрi — «Жеңiмпаздар») дауыс беру нәтижелерi бойынша анықталады. Бұл ретте бір Ересек пайдаланушы тиісті хикаяға бір рет қана дауыс бере алады.
Жеңімпаздар ретінде айқындалатын 3 (үш) Қатысушы Мадридтегі (Испания) «Zamna» фестиваліне бару түріндегі сыйақыға ие болады.
Жеңімпаздардың қатарына кірмей қалған финалистерге сыйақы алу құқығы берілмейді.
Барлық 3 (үш) Жеңімпазды Ұйымдастырушы Белсенділік шеңберінде коммуникациялық материалдар жасау үшін Алматы қаласындағы фото және бейне түсірілімдерге қатысуға шақыра алады. Жеңімпаз түсірілімге қатысуға келіскен кезде Жеңімпаз Ұйымдастырушының және Агенттіктің фото және бейне түсірілімдерге қатысуына байланысты Жеңімпазға берілуі мүмкін нұсқауларын орындауға міндеттенеді.
Финалистерді анықтау бойынша дауыс беруге қатысу
Дауыс беруге қатысу үшін Ересек пайдаланушы:
1) Сайттағы дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған өзекті келісімге қол қоюы:IQOS дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісім;
2) «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС деректер базасында тіркелген 21 жасқа толған және одан асқан Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
3) Белсенділік аяқталғанға дейін ұйымдастырушының Telegram ботына жазылуы;
4) Белсенділік шеңберінде Сайтта жарияланған естен кетпейтін жаздың үздік хикаясы үшін дауыс беруге қатысуы қажет;
Ересек пайдаланушы кез келген уақытта мына телефон нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласу арқылы өзінің дербес деректерін жоюға өтінім бере алады: 2121.
Мұндай өтінімді беру Ересек пайдаланушының дауыс беруге қатысқан қатысушылар үшін көзделген сыйақыны алу мүмкіндігінен бас тартуы болып танылады.
Финалистер хикаяларының ішінен үздік хикаяға дауыс берген және жоғарыда дауыс беруге қатысу үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін Ересек пайдаланушылар арасында дауыс беруге қатысқаны үшін сыйақы алатын 20 (жиырма) Ересек пайдаланушылар кездейсоқ анықталатын болады. Осындай Ересек пайдаланушыларды анықтау дауыс беруге қатысқан әрбір Ересек пайдаланушыға кездейсоқ сандарды беру арқылы жүргізіледі. Дауыс беруге қатысқаны үшін сыйақы алатын Ересек пайдаланушыларды анықтау https://randomus.ru (бұдан әрі — Рандомайзер) кездейсоқ сандарын генерациялау сервисін пайдалана отырып және процесті міндетті түрде бейнетіркеумен жүргізілетін болады. Сыйақының осы түрінің негізгі алушыларын анықтау жазбасы Telegram ботта жарияланатын болады.
Сыйақы алатын Ересек пайдаланушыларды анықтау нотариустың және Ұйымдастырушы өкілінің қатысуымен жүргізілетін болады.
Әрбір сыйақы үшін осы сыйақы түрінің 1 (бір) негізгі алушысы және осы сыйақы түрінің 1 (бір) резервтік алушысы айқындалатын болады. Барлық сыйақы бірліктері үшін жиыны осы сыйақы түрінің 20 (жиырма) негізгі алушысы және 20 (жиырма) резервтік сыйақы алушысы айқындалуы тиіс.
Сыйақының негізгі алушысы Қағидалардың барлық шарттары мен талаптарына сәйкес келген және олар Белсенділіктің барлық қажетті шарттарын орындаған жағдайда Ұйымдастырушы және (немесе) Агенттік мұндай алушымен байланысуды қоңырау шалу арқылы жүзеге асырады. Егер негізгі сыйақы алушы телефон қоңырауына 1 (бір) рет жауап бермеген жағдайда, қоңырау келесі 3 (үш) жұмыс күні ішінде тағы 2 (екі) рет жүзеге асырылады.
Егер негізгі сыйақы алушы жоғарыда көрсетілген 3 (үш) телефон қоңырауының ешқайсысына жауап бермеген жағдайда, ол сыйақы алу құқығын жоғалтады және сыйақы алу құқығы осы негізгі алушы үшін резерв болып табылатын және резервтік алушылардың тиісті тізімінде бірінші тұрған алушыға ауысады.
Егер сыйақы алу құқығынан айырылған негізгі алушы үшін резервтік болып табылатын 10 (он) алушының барлығы да 3 (үш) жұмыс күні ішінде 3 (үш) телефон қоңырауларының ешқайсысына жауап бермеген жағдайда, Ұйымдастырушы басқа да негізгі сыйақы алушылар мен резервтік алушыларды (бұдан әрі – «Қайта анықтау») жоғарыдағы Қағидалардың шарттарында белгіленгендей тәртіппен айқындайды және осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкес және тәртіппен алушылармен байланысты жүзеге асырады. Егер Қайта анықтау кезінде де Ұйымдастырушы және (немесе) Агенттік жоғарыда сипатталған тәртіппен тиісті алушылардың ешқайсысына хабарласпаса, Ұйымдастырушы сыйақының күшін жоюға құқылы.
Дауыс беруге қатысқаны үшін сыйақы алатын Ересек пайдаланушыларды анықтау күнін бұдан әрі Ұйымдастырушы айқындайтын болады.
Белсенділік шеңберінде дауыс беруге қатысқаны үшін сыйақылардың жалпы саны 20 (жиырма) бірлікті құрайды.
Сыйақының түрін, жиынтығын, құнын және өзге де параметрлерін Ұйымдастырушы айқындайды.
Сыйақы үшінші тұлғаларға беруге жатпайды және ақшалай баламамен ауыстырылмайды.
Сыйақы алу тәртібі де Ұйымдастырушының қалауы бойынша айқындалады.
Ұйымдастырушы сыйақылардың санын, түрін және өзге де сипаттамаларын қоса алғанда, сыйақылар қорын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Шығыстарды жабу
Ұйымдастырушы Жеңімпаздардың келесі шығыстарын жабатын болады:
- эконом класстағы авиабилетті қосқанда, Алматы (Қазақстан Республикасы) — Мадрид (Испания) маршруты бойынша ұшу және осы маршрут бойынша қайту. Жеңімпаз Алматы қаласының шегінен тыс Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекенде/орында тұрақты тұрған жағдайда, Ұйымдастырушы сыйақы алу мақсатында ғана Қазақстан Республикасындағы тиісті қаладан Алматы қаласына эконом класстағы авиа ұшуды қамтамасыз етеді және оған ақы төлейді;
- визаны алу шығыстарын төлеу;
- Ұйымдастырушыың өзі таңдаған 4 немесе 5 жұлдызды қонақ үйде тұру;
- Алматы, Мадрид қалаларының әуежайына дейін/одан трансфер және қайту;
- «Zamna» фестивалінің билеті;
- Ұйымдастырушының қалауы бойынша тамақтану шығыстары.
Жоғарыда көрсетілмеген кез келген қосымша шығыстарды Ұйымдастырушы төлемейді.
Ұйымдастырушы Белсенділік әрекетінің кез келген кезеңінде сыйақы шығыстарының тізбесіне түзетулер енгізуге құқылы. Ұйымдастырушы жоғарыда көрсетілген тізімнен сапарға байланысты кез келген шығыстарды алып тастауға құқылы. Бұл жағдайда Жеңімпаз кез келген қосымша шығындарды қоса алғанда, барлық қажетті саяхат шығындарын дербес жабады.
Жеңімпаз Қағидалардың осы бөлімінде көрсетілген жағдайларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, кез келген негіздер бойынша сапар түріндегі сыйақыны қабылдауға және (немесе) пайдалануға мүмкіндігі болмаған не бас тартқан жағдайда, Жеңімпаз ақшалай өтемақыны қоса алғанда, кез келген нысанда қандай да бір өтемақы алу құқығынсыз сыйақы алу құқығын жоғалтады. Көрсетілген жағдайда сапар түріндегі сыйақы резервтік алушыға осы Қағидаларда көзделген тәртіппен және кезектілікпен сыйақының осы түріне берілуге тиіс, немесе Ұйымдастырушының шешімі бойынша күшін жояды.
Сыйақы алушыларды анықтағаннан кейін Ұйымдастырушы және (немесе) Агенттік тиісті алушылардан тиісті сыйақыны беру немесе ресімдеу үшін барлық қажетті ақпаратты және құжаттарды сұратуға құқылы.
Сапар бағдарламасы және өтелетін шығыстар туралы толық ақпарат Белсенділік жеңімпаздарына Ұйымдастырушының деректер базасында көрсетілген байланыс деректері (телефон нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы) бойынша беріледі.
Белсенділік жеңімпаздары Ұйымдастырушыдан және (немесе) Агенттіктен хабарлама алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Ұйымдастырушыға және (немесе) Агенттікке сапарды ұйымдастыруға байланысты құжаттарды ресімдеу үшін қажетті ақпаратты (егер қолданылса) беруге міндетті.
Жеңімпаздың кез келген себептер бойынша, соның ішінде, бірақ шектелмей, белгіленген мерзімде сыйақыны қабылдауға және (немесе) пайдалануға мүмкіндігі болмаған не бас тартқан жағдайда:
• медициналық қарсы көрсетілімдердің және (немесе) шектеулердің болуы;
• сыйақы алуға және (немесе) пайдалануға кедергі келтіретін орындалмаған қаржылық немесе өзге де міндеттемелердің болуымен;
• Ққағидалар шарттарының орындалуын растау үшін қажетті құжаттарды, мәліметтерді немесе дәлелдемелерді ұсынбау арқылы;
• сыйақыны өзі қабылдаудан бас тарту;
• сыйақы алуға және (немесе) пайдалануға кедергі келтіретін жеке немесе өзге де мән-жайлардың болуы;
• сыйақыны белгіленген кезеңде пайдалану мүмкіндігі болмаса;
• Жеңімпаздың сыйақы алу және (немесе) пайдалану үшін қажетті шығыстарды көтеруден бас тартуы;
• осы Ереженің тиісті тармақтарында көзделген тәртіппен Жеңімпазбен байланыс орнатылмаса;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу тыйымдары (егер қолданылса);
• визаны уақтылы алмау немесе беруден бас тарту (егер қолданылса);
• Жеңімпаздың сыйақыны қабылдау үшін қажетті ақпаратты және/немесе құжаттарды беруден бас тартуы;
• сыйақыны уақтылы алуына және (немесе) пайдалануына кедергі келтіретін кез келген өзге де мән-жайлардың басталуы,
Ұйымдастырушы мұндай Жеңімпазға тиісті сыйақы беруден бас тартуға және осындай сыйақымен бұдан кейін не істейтінін өзі дербес айқындауға құқылы. Көрсетілген жағдайларда Жеңімпаз Ұйымдастырушыға сыйақы өтемақысын кез келген нысанда, оның ішінде ақшалай нысанда беру туралы талаптарды қоса алғанда, қандай да бір талаптар немесе шағымдар қоюға құқығы жоқ.
4-кезең: фото- және бейнетүсірілім
Егер Финалистер өздерінің қатысатынын растаса, Ұйымдастырушы Финалистерді фото және бейне түсіру үшін Алматы қаласына шақыра алады. Финалистер қатысатын кез келген материалдарды қоса алғанда, фото- және бейнетүсірілім кезінде жасалған және шығарылған барлық материалдарды Ұйымдастырушы кез келген мақсаттар үшін, оның ішінде Белсенділік үшін (бұдан әрі «Материалдар») пайдаланады.
Түсірілімге қатысқаны үшін және түсірілім кезінде жасалған Материалдар үшін Финалистер осы Қағидалардың «Қаржылық шарттар» бөлімінде және «Сенің жазғы ремиксің осы болса ше?» кастингіне қатысу шарттарында көрсетілген ақшалай қаламақы алады. Түсірілім нәтижесінде алынған фото- және бейнематериалдарды Ұйымдастырушы кез келген нысанда, тұтынушылармен коммуникацияның кез келген арналарында және аумағы мен уақыты бойынша шектеусіз кез келген жеткізгіштерде пайдаланатын болады. Қаламақыны төлеу Финалистердің банктік шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылатын болады.
Іріктеу нәтижелері бойынша финалистер фото және бейнематериалдар жасауды түсіру процесіне қатысу үшін Алматы қаласына шақырылады.
Қатысудың нақты күндері мен шарттары финалистерге қосымша хабарланатын болады. Іріктеу финалистері Ұйымдастырушы белгілеген мінез-құлық және ішкі тәртіп нормаларын фото және бейнетүсірілімнің бүкіл процесі бойына сақтауға міндеттенеді.
Межелі орын, фото- және бейнетүсірілім жүргізу үшін сапардың күндері мен күндерінің саны бөлек хабарланады.
Фото және бейне түсірілімдерге қатысуға байланысты шығыстарды Ұйымдастырушы тек Алматы қаласынан тыс жерлерде тұратын Финалистер үшін ғана төлейді. Атап айтқанда, ұйымдастырушы келесі шығындарды жабады:
- эконом класстағы авиабилетті қамтитын және бір бағыт бойынша кері қайтатын ұшу;
- Ұйымдастырушы өзі таңдаған 4 немесе 5 жұлдызды қонақ үйде тұру.
Ұйымдастырушы қандай шығыстарды өз мойнына алатыны туралы толығырақ ақпарат Финалистерге олар Ұйымдастырушының деректер базасында тіркелген байланыс деректері (телефон нөмірі және электрондық мекенжайы) бойынша беріледі.
Қосымша шарттар
Финалист оның IQOS-қа қатысты кез келген мәлімдемесі, соның ішінде түсіру кезінде жасалған хикаясы Финалистің өз пікірін көрсететінін және көрсететін болатынын және оған басқа тұлға немесе үшінші тарап ешқандай әсер етпегенін растайды.
Финалистерге Финалистер, Ұйымдастырушы, Агенттік немесе оның өкілдері фото- және бейнетүсірілімге қатысқан кезде, оның ішінде Финалистердің әлеуметтік желілеріндегі есептік жазбаларда, кез келген басқа цифрлық платформада немесе өзге де тәсілдермен жасаған немесе шығарған қандай да бір материалдарды пайдалануына, жариялауына немесе таратуына рұқсат етілмейді.
Пайдаланушы Кастинг кезінде Ұйымдастырушымен бөлісетін кез келген пайдаланушы жасаған контент (ПЖК) мына сілтеме бойынша Сайтта жарияланған Пайдаланушы контентіне арналған лицензиялық келісімге сәйкес өңделетін болады. Осы Қағидалар мен шарттарды қабылдай отырып, Финалист Пайдаланушы контентіне Лицензиялық келісімді қабылданғанын және оған келісім бергенін растайды.
БЕЛСЕНДІЛІККЕ ҚАТЫСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП, ҚАТЫСУШЫ ОСЫ ҚАҒИДАЛАР МЕН ШАРТТАРҒА, СОНДАЙ-АҚ ПАЙДАЛАНУШЫ КОНТЕНТІНЕ АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ КЕЛІСІМ БІЛДІРЕДІ.
ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРТТАР
Ұйымдастырушыға Материалдарды пайдалануға мүліктік (айрықша) авторлық және сабақтас құқықтарды бергені үшін сыйақы мөлшері 50 000 (елу мың) теңгені құрайды және ол осы Қағидалардың шарттарын толық көлемде орындауына байланысты Финалистке тиесілі барлық сомадан тұрады.
Сыйақы төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Сыйақының жалпы мөлшерінің 100% мөлшеріндегі төлемді Ұйымдастырушы екі Тарап орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 120 (жүз жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Ұйымдастырушының есеп шотынан ақшалай қаражатты есептен шығару күні төлем күні болып есептеледі.
Меншік құқығы
Қатысушы Ұйымдастырушының барлық Материалдарға қатысты барлық құқықтарға, құқықтық атақтарға және мүдделерге ие болуымен келіседі. Ұйымдастырушы Материалдар жасалған сәттен бастап заң бойынша мүмкiндiгiнше уақыты бойынша шектелмеген барлық елдерде Материалдардың жалғыз және айрықша иесi болады.
Осымен Қатысушы барлық юрисдикциялардағы және бүкіл әлемдегі барлық Материалдарға зияткерлік меншіктің барлық құқықтарына қатысты барлық құқықтар, құқықтық атақтар мен мүдделер еркін болуға және кез келген кепілдіктерден, наразылықтардан немесе басқа да ауыртпалықтардан босатылуға және заңмен рұқсат етілген барынша дәрежеде Ұйымдастырушыға қайтарып алынбауы тиіс екенімен келіседі. Егер Материалдарға белгілі бір зияткерлік меншік құқықтарын беруге қолданыстағы заңнамамен рұқсат берілмесе, Қатысушы Кастингке қатыса отырып және осы Қағидалар мен «Сенің жазғы ремиксің осы болса ше?» кастингіне қатысу шарттарын қабылдай отырып, Ұйымдастырушыға (және Ұйымдастырушының уәкілетті өкілдеріне) пайдалану уақыты, аумағы және тәсілі бойынша шектелмеген зияткерлік меншік құқықтарын қолдануға және пайдалануға барлық айрықша құқықтарды береді.
Қатысушы Ұйымдастырушыға туынды жұмыстарды жаңғыртуға, өзгертуге, аударуға, көрсетуге және дайындауға, көпшілік алдында ойнатуға, көрсетуге, таратуға, жариялауға және Ұйымдастырушы қалаған кез келген тәсілмен, коммерциялық мақсаттарда, бүкіл әлемде жариялау үшін кез келген болжамды бұқаралық ақпарат құралдарында өзге де жолмен пайдалануға құқық береді.
Қатысушы осымен Ұйымдастырушыға жиынтығында немесе бір бөлігінде оның есімін, пайдаланушының аты, хикаясы, дәйексөздері, бейнесі, бүркеншік аты, көпшілік алдында пайдалану құқығы, дауысы, жанды немесе жазылған сөзі, қолтаңбасы, фотосуреттері, тұратын елі, жылы, Қатысушы темекі немесе құрамында никотині бар өзге де өнімдерінен IQOS өнімдеріне ауысқаны, және Сайттағы құпиялық туралы хабарламаға сәйкес Материалдарда ұсынылған басқа да өмірбаяндық ақпаратты Деректердің құпиялылығын сақтау шарттары пайдалануға рұқсат береді.
Қатысушы Ұйымдастырушыға Материалдарды жасау және өндіру нәтижесінде туындайтын зияткерлік меншіктің айрықша құқықтарын және басқа да құқықтарды ерікті түрде беретініне және Қатысушы Ұйымдастырушыға осындай құқықтарды беруге құқылы және қабілетті екеніне келіседі.
Қатысушы егер Қатысушы авторлық құқықтармен немесе зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған Материалдар рұқсатсыз пайдаланылған немесе егер Қатысушының жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтары немесе жеке басының құқықтары бұзылған деп есептесе, кез келген сұрақтарды нақтылау немесе Қатысушының осы Қағидалармен және шарттармен келісіміне қатысты түсініктемелер алу үшін 2121 телефон нөмірі немесе info@iqos.kz электрондық мекенжайы арқылы IQOS клиенттерін қолдау қызметіне хабарласа алады.
Осы Қағидалар мен шарттардың мақсаттары үшін «Зияткерлік меншік құқықтары» қазіргі уақытта немесе болашақта, сондай-ақ әлемнің кез келген нүктесінде олармен байланысты болуы мүмкін авторлық құқықтарды, жеке мүліктік емес құқықтарды, деректер базасына, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, сауда атауларына, үлгілерді, патенттерді және тіркелген немесе тіркелмеген интернет-мекенжайлар мен домендік атауларға құқықтарды білдіреді.
Міндеттемелер
Осымен Қатысушы Ұйымдастырушыға, Ұйымдастырушының лауазымды тұлғалары мен персоналына Қатысушының осы Қағидаларды және шарттарды бұзуы, ұқыпсыздық немесе құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік нәтижесінде өзі шеккен кез келген залалды немесе залалдың басқа да түрлерін өтеуге келіседі.
Осымен Қатысушы өзін және өзінің заңды өкілдерін Қатысушыда Ұйымдастырушыда пайда болуы мүмкін, болуы мүмкін немесе кейіннен туындауы мүмкін Агенттікке және Ұйымдастырушының өзге де мердігерлеріне кез келген және барлық шығындар үшін, Қатысушының Белсенділікке қатысуы нәтижесінде тікелей немесе жанама алуы мүмкін залалдар, жарақаттар және/немесе наразылықтар, кез келген осындай ысыраптар, шығындар, жарақаттар және/немесе наразылықтар немен туындағанына қарамастан, тіпті егер олар Ұйымдастырушының кінәсінен немесе Ұйымдастырушының мердігерлерінің кінәсінен туындаған болса да, кез келген және барлық құқықтардан және/немесе шағымдардан бас тартады және біржола босатады.
Осымен Қатысушы Кастингтің күшін жоюға, кейінге қалдыруға немесе форматын өзгертуге байланысты Ұйымдастырушының Қатысушының алдында жауапты еместігіне және Ұйымдастырушының Кастингтің сипатталғандай өтетініне кепілдік бере алмайтынына келіседі және мойындайды. Қатысушы, сондай-ақ Ұйымдастырушының Кастингтің басқа қатысушыларымен өзара қарым-қатынас жасағанда жауапты емес екеніне келіседі. Қатысушы Белсенділікке қатысу Қатысушының өз тәуекелімен жүзеге асырылатынын мойындайды және түсінеді, және ол өз еркімен Белсенділікке қатысуға келіседі және осындай әрбір тәуекел үшін толық жауапкершілікті қабылдайды және өзіне алады, жоғалтудың, зақымданудың және/немесе жарақаттанудың кез келген және барлық тәуекелдерін қоса алғанда, Ұйымдастырушының кінәсінен немесе Ұйымдастырушының мердігерлерінің кінәсінен Белсенділікке байланысты немесе басқа себеп бойынша болған сондай-ақ азаматтық та, қылмыстық та тәртіппен барлық және кез келген жауапкершілікті толық қабылдайды және өз мойнына алады.
Негізгі ережелер
Осы Қағидалар мен шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Осы Қағидалардан, Белсенділікке қатысудан немесе сыйақы алудан туындайтын барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында шешілуге тиіс. Соттың істі қарау тілі орыс тілі болады.
Ұйымдастырушының осы Қағидалар мен шарттарға өзгерістер енгізуге құқығы бар. Егер Ұйымдастырушы мұны жасаса, Ұйымдастырушы өзгертілген Қағидалар мен шарттарды Telegram ботта және Сайтта жариялау арқылы Қатысушыларға осындай өзгерістер туралы хабарлайды. Егер Қатысушы кейіннен өзінің Белсенділікке қатысуын жалғастырса, бұл оның жаңартылған Қағидалар мен шарттарды қабылдайтынын білдіреді. Осы құжаттың жоғарғы бөлігіндегі күн осы Қағидалар мен шарттардың соңғы рет қашан жаңартылғанын көрсетеді.
Қатысушы осы Ережемен және шарттармен өз келісімін кез келген уақытта кері қайтарып ала алады IQOS клиенттерді қолдау қызметімен 2121 телефон нөмірі бойынша немесе info@iqos.kz электрондық мекенжайы бойынша немесе өзге тәсілмен байланыса отырып, Қатысушы үшін Ұйымдастырушының хабарламасында жазылған нұсқаулықтарды сақтай отырып, бірақ мұндай бас тартудан кейін де Қатысушының келісімі күшінде қалады және Қатысушы бас тартқанға дейін Ұйымдастырушыға берген кез келген Материалдарға қатысты орындалуы керек. Қатысушының бас тартуға сұрауын өңдеу біраз уақыт алуы мүмкін екенін ескеріңіз, бірақ Ұйымдастырушы мұны мүмкіндігінше тезірек жасау үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.
Қағидаларда көрсетілген іс-әрекеттерді жасау жолымен Кастингке қатысушылар осы Қағидаларды толығымен қабылдайды және келіседі, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсінуде осы Қағидалар шарттарының акцепті және осы Қағидалар шарттарында мәміле жасасу болып табылады; осы Қағидаларда белгіленген шарттарда Белсенділікке қатысуға келісім беру; сондай-ақ Қатысушы осы Қағидалармен және сайтта көрсетілген деректерді өңдеу тәртібімен толық танысқанын және келісетінін растайды, атап айтқанда, бірақ төмендегілермен шектелмей, мыналардың әрқайсысын растайды:
• Қатысушы 21 жасқа толған және одан асқан;
• Қатысушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады;
• Қатысушы Ұйымдастырушының («Филип Моррис Қазақстан» ЖШС) тұтынушылар деректер базасында тіркелген және темекіні немесе құрамында никотин бар өзге де өнімдерді тұтынушы болып табылады;
• Қатысушының Ұйымдастырушының деректер базасында Қатысушының атына IQOS темекіні қыздырудың бір тіркелген құрылғысы бар;
• Қатысушы осы Қағидалар мен шарттармен келіседі және оларды қабылдайды;
• Қағидалардың шарттары толығымен түсінікті және қатысу шарттарына немесе Қағидалардың басқа шарттарына қатысты ешқандай сұрақ жоқ.
Жосықсыз қатысу, жалған мәліметтер беру не құқықтарды теріс пайдалану әрекеттерін қоса алғанда, осы Қағидаларды бұзу анықталған жағдайда, Ұйымдастырушы Қатысушының қандай да бір шығындарды, шығыстарды немесе өтемақыларды өтеусіз Белсенділікке одан әрі қатысуынан және (немесе) сыйақы беруден бас тартуға құқылы.
Ұйымдастырушы Белсенділік шеңберінде сыйақы алуына байланысты туындауы мүмкін Қатысушының салықтық және өзге де міндеттемелері үшін жауапты болмайды. Мұндай міндеттемелерді орындауды Қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес және өз есебінен жүзеге асырады.
Ұйымдастырушы Белсенділік бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың іс-қимылын, заңнаманың өзгеруін, ақпараттық жүйелердің жұмысындағы іркілістерді, төтенше жағдайларды, дүлей зілзалаларды, эпидемияларды, электрмен жабдықтау мен байланыстағы іркілістерді, сондай-ақ Ұйымдастырушының ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге де жағдайларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, жауапкершіліктен босатылады.
Ұйымдастырушы қандай да бір себептерді түсіндірмей және Қатысушыларға қандай да бір шығыстарды, төлемдерді және өзгелерді өтемей, кез келген уақытта Белсенділіктің қолданылу шарттарын тоқтата тұруға, өзгертуге немесе алып тастауға құқылы.
Белсенділікке қатысу Қатысушының орындауы үшін міндетті болып табылатын осы Қағидалардың шарттарымен жүзеге асырылады.
Ұйымдастырушы Қағидаларға өзгерістер енгізуге құқылы; жаңартылған редакция Telegram ботта жарияланады және жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Белсенділікке қатысуды жалғастыру Қатысушының жаңартылған Қағидаларға келісімін бергенін білдіреді.