IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

15.12.2023 №373 бұйрыққа № 1 қосымша.

«Қызметтер мен артықшылықтар» бағдарламасына қатысу ережелері

(бұдан әрі – «Бағдарлама»)


15.12.2023 бастап қолданылады.


1.1. Бағдарламаны «Филип Моррис Казахстан» ЖШС (бұдан әрі - ФМҚ) Қазақстан Республикасының аумағында Қатысушының kz.iqos.com веб-сайтына (бұдан әрі - «Сайт»), 2121 нөмірі бойынша Қолдау қызметіне (бұдан әрі - «Қолдау қызметі»), ФМҚ ішкі сауда объектілеріне (бұдан әрі - «IQOS ресми дүкендері») және тізімі сілтемесі бойынша (бұдан әрі – «серіктестің дүкендері») келтірілген ФМҚ-мен шарттың негізінде тиісті қызметтерді көрсететін серіктестердің ішкі сауда объектілеріне жүгінуі арқылы өткізіледі.

1.2. Бағдарламаға 21 жастан асқан және жиынтығында мынадай өлшемшарттарға жауап беретін кез келген жеке тұлға Қатысушы бола алады (бұдан әрі - «Қатысушы»):

a) IQOS ФМҚ жүйесінің дерекқорына тіркелген пайдаланушылар болып табылады (бұдан әрі – «ФМҚ дерекқоры»);

b) ФМҚ дерекқорына тіркелген сериялық нөмірі бар кем дегенде бір IQOS, IQOS ILUMA немесе lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі бар (бұдан әрі – «Құрылғы»).

1.3. Қатысушыға Бағдарлама шеңберінде келесі артықшылықтар мен қосымша қызметтер (бұдан әрі – «Қызметтер») қолжетімді:

a) Осы Ережелердің 5-бабында көрсетілген тәртіппен Құрылғыларды халықаралық қолдау.

b) Осы Ережелердің 4-бабында көрсетілген тәртіпте Құрылғыларыдың кепілдікті емес жағдайлары туындаған кезде қызмет көрсету.

c) Құрылғыны сатып алған сәттен бастап Құрылғысын пайдаланудың бірінші айында телефон арқылы Құрылғыны пайдалануға қатысты консультациялар үшін қолжетімді болатын қолдау қызметінің жеке кеңесшісі қызметі (тек Құрылғыны алғаш сатып алған Қатысушылар үшін).

d) Hypercare – қашықтағы байланыс арналарын пайдалана отырып, жаңа пайдаланушыларды қолдау бағдарламасы: Тұтынушылар дерекқорына тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық нысанда берілетін Құрылғыны пайдалануға қатысты ақпарат пен ұсыныстар, егер Қатысушы қатысты электрондық пошта арқылы жіберілімдерді алуға келіскен болса.

e) Өзін-өзі диагностикалау құралы: Қатысушыға Құрылғысының белгілі бір мәселелерін диагностикалауға және шешуге көмектесетін немесе Қатысушының Құрылғысын кепілдік немесе кездейсоқ зақымдалуды өтеу шеңберінде ауыстыруға құқығы бар-жоғын тексеруге арналған ақпаратты қамтитын онлайн құрал.

f) Ауыстыру үшін Құрылғысын тегін жеткізу: диагностика нәтижелері бойынша құрылғыны ауыстыру қажет болса. Қатысушы кепілдік немесе кепілдіксіз жағдайларда Құрылғысын ауыстыруға құқылы, бұл қызмет ауыстыру үшін Құрылғысын тегін жеткізуді қамтамасыз етеді.

1.4. Кез келген Қызметті пайдаланып, Қатысушы Бағдарламаның осы Ережелерін сақтауға келіседі. Соған ұқсас, егер Қатысушы басқа Құрылғыны тіркесе немесе егер ФМҚ осы Шарттарды өзгертсе және Қатысушы кез келген Қызметті пайдалануды жалғастырса, Қатысушы осы Ережелерді сақтаумен келіседі.

1.5. Егер Қатысушы жоғарыдағы 1.2-тармақта аталған өлшемшарттардың кем дегендеу біреуіне сәйкес келмесе, Қатысушының Бағдарламаға қатысуы аяқталады.

1.6. Бұл Ережелер ФМҚ қалауы бойынша өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Жаңартылған Ережелер Сайтта жариялағаннан және IQOS ресми дүкендері мен серіктестің дүкендерінде орналастырғаннан бастап күшіне енеді.

1.7. ФМҚ қосымша ескертусіз және себептерін түсіндірусіз Бағдарламаны өткізуді тоқтату немесе шарттарды өзгерту құқығын өзіне қалдырады.


2. Құрылғыларға қойылатын талаптар/Тіркелу

2.1. Қызметтер Құрылғылардың келесі үлгілеріне қатысты қолжетімді:

a) IQOS 2.4, IQOS 2.4+, IQOS 3, IQOS 3 DUO, IQOS ORIGINALS DUO және олардың кез келген жаңартылған үлгілері;

b) IQOS 3 MULTI;

c) lil SOLID 2.0, lil SOLID Ez;

d) IQOS ILUMA, IQOS ILUMA PRIME, IQOS ILUMA ONE;

e) Қазақстан Республикасындағы ФМҚ-да ресми ұсынылған IQOS/lil SOLID кез келген басқа электрлік темекі қыздыру жүйесі.

2.2. Құрылғы оқылатын және жарамды сериялық нөмірге ие болуы керек.

2.3. ФМҚ дерекқорына тіркелу барысында Қатысушы барлық қажетті ақпаратты дәл және толық нысанда ұсынуы және осы ақпаратты өзекті күйінде сақтауы қажет. Егер Қатысушы өтінім нысанындағы міндетті өрістерді толтырмаса (шылым шегушінің жасы, мәртебесі, электрондық пошта мекенжайы және/немесе телефон нөмірі), Қатысушыны ФМҚ дерекқорына тіркеуге өтінім қаралмайды. Егер Қатысушы дәл емес немесе толық емес ақпарат ұсынса, ФМҚ Қатысушыға Қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

2.4. Қызметтер тек қана Бағдарлама Қатысушысына ұсынылады және үшінші тұлғаларға көрсетіле алмайды.


3. Қызметтерді пайдалану кезеңі

3.1. Қатысушы Құрылғының немесе Құрылғының құрамдасының ауыстырылуын тек Құрылғының (Қазақстан Республикасының аумағы үшін өндірілген) кепілдік мерзімі ішінде ғана пайдалана алады.)

3.2. Егер Қатысушы осы Ережелердің кез келгенін бұзса, ФМҚ Қатысушыға Қызметтерді ұсынудан бас тарта алады.


4. Кепілдікті емес жағдайлар туындаған кезде Құрылғыны сервистік қызмет көрсету тәртібі

4.1. Егер lil SOLID құрылғысы, IQOS зарядтау құрылғысы және/немесе IQOS, IQOS ILUMA тұтқышы Тауардың функционалдығына әсер ететін және құрылғыны дұрыс пайдаланбау салдарынан туындамайтын кездейсоқ және байқаусызда зақымданса, мынадай құжаттарға сәйкес кепілді жағдайларға жатпайтын Тауардың ақаулығына байланысты, Бағдарламаға Қатысушы lil SOLID құрылғысы, IQOS, IQOS ILUMA зарядтау құрылғысына және/немесе IQOS, IQOS ILUMA тұтқышына (бұдан әрі – «Тауар») сервистік қызмет көрсету туралы өтінішпен IQOS ресми дүкеніне, Сайтқа немесе серіктес дүкендеріне жүгінуге құқылы:

a) ФМҚ ішкі сауда объектілерінде бөлшек сатып алу-сату туралы жария оферта,

b) kz.iqos.com электрондық коммерция интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сату туралы жария оферта,

c) Қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, телефондық тапсырыс арқылы Тауарларды бөлшек сатып алу-сату туралы жария оферта және/немесе

d) тауар-ілеспе құжаттарда келтірілген Кепілдік шарттары. Сайт немесе Қолдау қызметі арқылы жүгінген кезде Қатысушының мекенжайына Қатысушының тұрғылықты елді мекенінің орналасуына байланысты Қатысушымен келісілген мерзімдерде курьерлік жеткізуді ұйымдастыруға болады.

4.2. Кепілді емес жағдайлар туындаған кезде ақаулы құрамдасты (тауарды) ауыстыру Қатысушыда бар әрбір тіркелген Тауарға қатысты осындай Тауарды сатып алған күннен бастап 1 жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

4.3. Құрылғыны Ауыстыру рәсімінің шеңберінде Қатысушыға сондай типті Құрылғы ұсынылады. Егер ауыстыруды жүзеге асыру үшін бірдей типтегі Құрылғы болмаса, ауыстыру ретінде зақымдалған Құрылғыға функционалды түрде баламалы санаттағы Құрылғы беріледі. Егер Құрылғы құрамдастарының бірі, мысалы IQOS 3 DUO Құрылғысының тұтқышы немесе зарядтау құрылғысы зақымдалса, онда тек қана зақымдалған құрамдас ауыстырылады. Құрылғының зақымдалған құрамдастары ФМҚ-да қалады.

4.4. Кепілдікті емес жағдайларға қатысты шектеулер:

a) Қатысушыға нұсқаулықтарға және пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес Құрылғыны пайдалану және қызмет көрсету қажет. Осы тармақты сақтамаған жағдайда, Қатысушыға Құрылғыға сервистік қызмет көрсетілмеуі мүмкін.

b) Қатысушы әрбір тіркелген Құрылғы үшін кепілдікті емес зақымдалу жағдайында Құрылғыны немесе Құрылғы құрамдасын бір ауыстыруға құқығы бар. Бірінші ауыстырудан кейін кепілдікті емес жағдайлар туындаған кезде ауыстыру мүмкіндігін ұсыну тоқтатылады. Алайда Қатысушы бұрынғыдай қалған Қызметтерді, соның ішінде кепілдік мерзімі аяқталғанша (Кепілдік мерзімі жаңа құрылғы үшін ұзартылмайды) Құрылғысына қатысты ФМҚ тарапынан барлық кепілдік міндеттемелерін алуы мүмкін.

c) Қатысушы мына жағдайларда Құрылғыны ауыстыра алмайды:

• Қатысушы осы Ережелердің 2.1-тармағында келтірілген Құрылғылар тізіміне кірмейтін өнімді ауыстыруға ұсынды;

• Құрылғының зақымы дұрыс емес қолданумен немесе түрлендіру және Құрылғыны өзгерту әрекетімен, кернеудің серпілісімен туындады;

• Құрылғының сериялық нөмірі өзгертілді, бүлінді немесе жойылды;

• Құрылғы ФМҚ мақұлдамаған тәсілмен ашылды, түрлендірілді немесе өзгертілді;

• Құрылғыда оның функционалдығына әсер етпейтін косметикалық зақым ғана бар, оның ішінде микро жарықтар, сызаттар, ойықтар, шеттеріндегі сынған пластик және жабын түсінің өзгеруі, құрылғының қалыпты тозуы және/немесе қолданылуы салдарынан болатын зақым немесе сыну;

• ақаулық Құрылғыны сәйкес келмейтін өніммен қолданудан туындады;


5. IQOS/lil SOLID құрылғысына халықаралық қолдау көрсету тәртібі

5.1. Қатысушы кепілдік жағдайына түсетін ақаулыққа байланысты, сондай-ақ осы Ережелердің 4.1-тармағында көзделген кездейсоқ зақымдалған жағдайда оның ақаулығына байланысты сервистік қызмет көрсету өтінішімен Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан және Құрылғыларына қатысты халықаралық қолдау көрсететін Құрылғыларын ресми сату нүктелеріне жүгінуге құқылы.

5.2. Құрылғы ақаулы болса және халықаралық қолдау көрсететін елдер тізімін нақтылау үшін, Қатысушы халықаралық желіге +41215478888 нөмірі бойынша хабарласады. Халықаралық желіге қоңырау шалу үшін Қатысушы төлейді.

5.3. Халықаралық желіге жүгінген кезде қатысушы Құрылғыны сатып алған ел ретінде Қазақстан Республикасын таңдайды.

5.4. Қазақстан Республикасының Құрылғы Қолдау қызметі сервистік қызмет көрсету мүмкіндігін және Құрылғыны ауыстыру қолжетімділігін растаған кезде, ол өтінімді Қатысушы орналасқан елді қолдау қызметіне жібереді.

5.5. Орналасқан елдің қолдау қызметі Қатысушыға хабарласады, Қазақстан Республикасының IQOS Қолдау қызметінң құрастырылған өтініміне сәйкес сервистік қызмет көрсетеді.

5.6. Сервистік қызмет көрсету шоғыры, соның ішінде Құрылғылардың қолжетімділігі орналасқан елге байланысты ерекшелене алады. Бұл қызмет заңды құқықтарыңызға және Қазақстан Республикасында әрекет ететін Құрылғыға арналған кепілдік құқықтарына әсер етпейді.

5.7. Осы Ережелердің 4.4-тармағында келтірілген шектеулер (Шектеулер) Халықаралық Қолдау (International Assistance) бағдарламасы шеңберінде кездейсоқ зақымдалған кезде ауыстыруға қолданылады.

5.8. Құрылғыны Қазақстан Республикасынан тыс сатып алған және осы Ережелерге сәйкес Қатысушылар болып табылмайтын 21 жастағы және одан асқан жеке тұлғалар оған Құрылғыға сервистік қызмет көрсету өтінішімен Қолдау қызметіне, IQOS ресми дүкендеріне және Қазақстан Республикасындағы серіктестің дүкендеріне жүгінуге құқылы.


6. Қатысушының міндеттемелері

6.1. Қатысушы мыналармен келіседі:

a) ФМҚ қызметкерлерінен басқа, есептік жазбасының деректерін үшінші тұлғаларға беру;

b) Құрылғыны ауыстырған жағдайда ауыстырылған Құрылғы ФМҚ меншігі екендігімен, ал берілген Құрылғы Қатысушының меншігіне ауысатындығымен.

c) қолданыстағы заңнаманы сақтау.


7. Басқа шарттар.

7.1. Қазіргі уақытта Қызметтер тегін ұсынылады.

7.2. Қатысушылар ұсынатын дербес деректерді өңдеу туралы толық ақпарат біздің "тұтынушылардың дербес деректерінің құпиялылығын сақтау туралы хабарландыруымызда" көрсетілген - kz.iqos.com

7.3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Мәселелер туындаған кезде сіз 2121 қысқа нөмірі бойынша клиенттерді қолдау қызметіне қоңырау шала аласыз немесе Telegram-дағы чат-ботқа жаза аласыз IQOSKZ_Support_bot немесе IQOS фирмалық дүкендері мен серіктестің дүкендеріне жүгіне аласыз.


Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру