IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Кіру

Телефон
Email
+7(---)-------
СМС-кодты қабылдау
Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркеу
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Кіру

Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркелу
Артқа

Для восстановления пароля
введите ваш Email

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Құпиясөзді өзгерту

Кемінде 8 таңба
Тек латын әріптері
Бір немесе бірнеше сандар
Бас және кіші әріптер
Жіберу
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ

Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:

  • маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
  • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
  • бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
  • тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
  • маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.

Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.

Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.

Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.

Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.

Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.

Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.