• IQOS IQOS-пен алғашқы қадамдар
    slider-image-0
  • lil lil-пен алғашқы қадамдар
    slider-image-1
  • IQOS IQOS диагностикалау
    slider-image-0
  • lil lil диагностикалау
    slider-image-1
  • Құжаттар тізімі arrow-icon

    «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС
    8.11.2022 ж. № 226 Бұйрығына
    №1 Қосымша

    «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС тұтынушыларының дерекқорында тіркелген тұтынушылардың бірегей сәйкестендіру кодтарын пайдалану шарттары

    1. Осы құжатта пайдаланылатын Терминдер мен Анықтамалар:

    А) ҚР — Қазақстан Республикасы;

    Ә) ФМҚ — «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС;

    Б) Тұтынушы – жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекіні, темекі өнімдерін және (немесе) никотин құрамдас өнімдерді (никотиндік тәуелділікті емдеуге арналған препарат емес) тұтынатын, ФМҚ дерекқорында тіркелген жеке тұлға;

    В) Дерекқор – ФМҚ Тұтынушыларының дерекқоры;

    Г) Сайт – www.iqos.com веб-сайты;

    Ғ) Жеке кабинет – Тұтынушы мен ФМҚ өзара онлайн әрекеттесуін қамтамасыз етуге арналған Тұтынушының Сайттағы жеке кабинеті, оған Тұтынушының Дерекқорда тіркелген кездегі деректері де кіреді;

    Д) Код (Бірегей сәйкестендіру коды) – символдардың бірегей жиынтығы, оны ФМҚ әрбір Тұтынушыға осы Шартта қарастырылған тәртіпте береді, сондай-ақ ол Сайтта берілген шарттарға сәйкес дербес деректерінің құпиялығын сақтаумен Тұтынушыны сәйкестендіру мақсаты үшін де қызмет етеді (Кодтың мысалы: GC-**********);

    Е) Хабарлама – ФМҚ Тұтынушының мобильді нөміріне және (немесе) Дерекқорға тіркелген кезде көрсеткен электрондық поштасына жіберетін электрондық хабарлама;

    Ж) Құрылғы – ҚР аумағында сату мақсатында ФМҚ сырттан әкелетін IQOS және (немесе) lil электр темекі қыздыру жүйесі, оған қатысты ФМҚ тұтынушылардың шағымдарын қабылдайтын ұйым болып табылады;

    З) Тест-драйв – жеңіл қабылдау үшін қызмет ететін шартты белгі, тауар – Құрылғы туралы Тұтынушыларға ақпарат беруін, қызмет ету ұстанымымен толығырақ танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуді, ыңғайлылығын тексеруді, дұрыс пайдалану туралы ақпарат беруді, Тұтынушының Құрылғы және оның ерекшеліктері туралы дербес пікірін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ Құрылғының тұтынушылық қасиеттерінің Тұтынушының мұқтаждарына сәйкестігі туралы одан әрі шешім қабылдауы үшін Сайтта берілген шарттарға сәйкес қайтару негізінде Құрылғының үлгілерін ФМҚ Тұтынушыға беруін білдіреді;

    И) IQOS Дүкені – ФМҚ ішкі сауда нысаны, онда Құрылғының сатылуы және (немесе) Тест-драйвы іске асырылады;

    К) Серіктес Дүкені – Құрылғының сатылуы және (немесе) Тест-драйвы іске асырылатын нысандардың Сайттағы тізбесінде көрсетілген Серіктестің ішкі сауда нысаны;

    Қ) Үшінші тұлға (Дос) – ҚР резиденті болып табылатын, жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекіні, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар өнімдерді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушы болып табылатын, Құрылғы туралы және/немесе оны сатып алу шарттары туралы, оның ішінде ФМҚ оферталарының шарттары туралы ақпарат алуға ниет білдіретін жеке тұлға;

    Л) Ассортимент – ҚР аумағында түпкілікті тұтынушыларға тікелей немесе жанамалы түрде сату мақсатында ҚР аумағына ФМҚ әкелетін тауарлардың, атап айтқанда, Құрылғының, оның ішінде оған қосалқы бөлшектердің, сондай-ақ қыздырылатын темекісі бар HEETS/Fiit таяқшалардың, аталған Құрылғыларға аксессуарлар мен бұйымдардың ассортименті.

    2. Жалпы ережелер

    2.1. Сайтта жарияланған бұл Шарттар Дерекқорда тіркелген тұлғаларға (Тұтынушыларға) арналған, ҚР аумағында әрекет етеді және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мәні бойынша оферта болып табылады. ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-т. сәйкес осы Шарттарды құптауды Тұтынушы – осы Шарттардың 4.2-тармағында, ал Дос – осы Шарттардың 5.1-тармағында көрсетілген тәртіпте орындайды, осыдан кейін мәміленің жазбаша нысаны қадағаланған болып, ал Тұтынушы мен Дос Шарттарға қосылған болып саналады.

    3. ФМҚ Кодтарды беру бойынша міндеттемесі

    3.1. ФМҚ Дерекқорда тіркегеннен кейін Бірегей сәйкестендіру кодын беруді және оны Жеке кабинетте бейнелеуді, сондай-ақ Тұтынушы бірінші Құрылғысын Сайт, IQOS Дүкені, ФМҚ өзге сату арналары немесе Серіктес Дүкені арқылы сатып алғаннан кейін 2 (екі) күн өткенде Тұтынушыға Хабарламамен Кодтың автоматты түрде жіберілуін қамтамасыз етеді.

    3.2. Егер Код Жеке кабинетте көрінбесе немесе Тұтынушы қандай да бір себепті жоғарыда аталған мерзімде Коды бар Хабарламаны автоматты түрде алмаған болса, Тұтынушы 8 8000 80 12 21 телефоны (Қазақстан бойынша қоңырау соғу тегін), Сайттағы онлайн-чат, Telegram мессенджері арқылы немесе IQOS мәтінімен SMS-хабарламасын 2121 нөміріне жіберіп, Қолдау қызметіне хабарласуы қажет.

    3.3. Тұтынушы өз Кодын жоғарыда 3.2-тармақта сипатталған тәсілдермен біле алады.

    4. Тұтынушының Кодты беру Ережелері

    4.1. Құрылғының ерекшелігін, оны сатуға талаптарды ескеріп, ФМҚ тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасы бойынша өзінің міндеттерін орындау мақсатында жағдай жасауға тілек білдіреді, оның ішінде ҚР заңнамасына және ФМҚ ішкі талаптарына сәйкес Құрылғы туралы толық және сенімді ақпарат беру мақсаттары үшін, бұл өнімнің зиянсыз екендігі және құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар екендігі, сондай-ақ Құрылғының тек жиырма бір жасқа толған және одан асқан, шылым шегуді немесе никотин құрамдас өнімдерді пайдалануды жалғастырғысы келетін тұлғаларға арналғандығы туралы ақпаратты қоса. Сондықтан осындай ақпараттың ҚР заңнамасының талаптарына және ФМҚ ішкі талаптарына сәйкес IQOS Дүкендері, 2121 нөмірі бойынша ФМҚ Қолдау қызметі, Сайт және/немесе басқа хабарлау арналары арқылы көрсетілген ақпаратты ҚР заңнамасына сәйкес ФМҚ беруіне тілек білдіреді.

    4.2. Егер Тұтынушының айналасында ҚР заңнамасына сәйкес Құрылғы туралы, оны сатып алу шарттары туралы, оның ішінде оферта шарттары туралы толық және сенімді ақпаратты алуға өзінің құқығын іске асырғысы келетін таныс Досы болса, Тұтынушы өзінің қарауы бойынша Досына ФМҚ Дерекқорында тіркелуін немесе ФМҚ бағдарламаларына қатысуын ұсынуына және өзінің Кодын беруіне болады. Осы тармақта көрсетілген әрекетті орындап, Тұтынушы бұл арқылы өзінің осы Шарттарды құптауын растайды.

    4.3. Тұтынушыға Кодты жариялы қолжетімдікте (әлеуметтік желілерді, форумдарды, топтарды, блогтарды қоса, бірақ олармен шектелмей) орналастыруға РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.

    4.4. ФМҚ Тұтынушы мен Үшінші тұлға арасындағы қарым-қатынасты реттемейді, олардың өзара қарым-қатынасының тарабы болмайды, Тұтынушының әрекет етуі, етпеуі және оның Үшінші тұлғаға беретін ақпараты үшін жауап бермейді. ФМҚ Тұтынушыға ешқандай тапсырма бермейді және оның жағынан қандай да бір қызметке тапсырыс бермейді, оны ФМҚ үшін қандай да бір әрекетті орындауға міндеттемейді.

    5. Кодтарды белсендіру, Мәртебелерді беру және өзекті ету

    5.1. Келесі оқиғалар орын алған кезде Тұтынушының Коды белсендірілген болып саналады (бұдан әрі – «Кодты белсендіру» немесе «Белсендіру»):

    а) Дерекқорда тіркелген Құрылғысы жоқ және «Экофренд» мәртебесі жоқ Досты Дерекқорда тіркеу, сондай-ақ Тұтынушының Кодын көрсетумен осы Достың Құрылғыны сатып алуы және осы Шарттарға сәйкес Кодты белсендіру мүмкін болатын Сайт, IQOS Дүкені немесе Серіктес Дүкені, Сайтта көрсетілген тізімдегі нысандар арқылы сатып алған Құрылғыны тіркеуі; және (немесе)

    ә) Дерекқорда тіркелген Құрылғысы жоқ Досты Дерекқорда тіркеу, сондай-ақ осы Шарттарға сәйкес Кодты белсендіру мүмкін болатын Сайт, IQOS Дүкені немесе Серіктес Дүкені, Сайтта көрсетілген тізімдегі нысандар арқылы Тұтынушының Кодын көрсетумен Достың Құрылғыны Тест-драйвқа рәсімдеуі; және (немесе)

    б) «Экофренд» мәртебесі бар Достың Тұтынушы Кодын көрсетумен Құрылғыны сатып алуы және осы Шарттарға сәйкес Кодты белсендіру мүмкін болатын Сайт, IQOS Дүкені немесе Серіктес Дүкені, Сайтта көрсетілген тізімдегі нысандар арқылы сатып алған Құрылғыны тіркеуі.

    Егер Дос қандай да бір себепті жоғарыда аталған ішкі сауда нысандарына жүгінген кезде Тұтынушының оған бұрын берген Кодын белсендіре алмаса, Кодты белсендіру үшін тиісті Тұтынушыны және оның Дерекқордағы Кодын анықтауға мүмкіндік беретін Тұтынушының сенімді телефон нөмірін Достың хабарлауы арқылы Кодты белсендіруге болады.

    5.2. Жоғарыдағы 5.1-тармақта көрсетілген тәртіпте Тұтынушының Кодын Белсендіруі орындалған жағдайда Тұтынушыға ФМҚ Дерекқорында тиісті мәртебе беріледі (бұдан әрі – «Мәртебе»):

    а) Осы Шарттардың 5.1-тармағының а) тармақшасында қарастырылған Белсендірудің бірінші жағдайы орын алғанда Тұтынушыға «Бастамашы» мәртебесі беріледі;

    ә) Осы Шарттардың 5.1-тармағының а) тармақшасында қарастырылған Белсендірудің үшінші жағдайы орын алғанда Тұтынушыға «Белсендіруші» мәртебесі беріледі;

    б) Осы Шарттардың 5.1-тармағының ә) тармақшасында қарастырылған Белсендірудің бірінші жағдайы орын алғанда Тұтынушыға «Жаңашыл» мәртебесі беріледі.

    в) Осы Шарттардың 5.1-тармағының б) тармақшасында қарастырылған Белсендірудің бірінші жағдайы орын алғанда Тұтынушыға «Бастаушы» мәртебесі беріледі.

    5.3. ФМҚ Тұтынушыға берілген Мәртебесін және Белсендірудің әрбір жағдайын Жеке кабинетте бейнелеуді қамтамасыз етеді.

    5.4. Мәртебе немесе оны растау саны Жеке кабинетте бейнеленбеген жағдайда Тұтынушы 8 8000 80 12 21 телефоны (Қазақстан бойынша қоңырау соғу ақысыз), Сайттағы онлайн-чат, Telegram мессенджері арқылы немесе 2121 нөміріне IQOS мәтінімен SMS-хабарламасын жіберіп, Қолдау қызметіне хабарласуы қажет.

    5.5. Тұтынушы өзінің белсенді Мәртебесін жоғарыда 5.4-тармақта сипатталған тәсілдермен біле алады.

    5.6. Мәртебені және белсендірілген Кодты осы Шарттарда қарастырылған тәртіпте пайдаланудың әрбір жағдайы Жеке кабинетте тиісті Белсендіруді белсенділігі жойылған ретінде бейнелеу арқылы белгіленеді, яғни, пайдаланылған және Тұтынушы одан әрі қолдана алмайтындығын білдіреді. Белсенділіктің жойылуы тиісті Белсендірудің мәнін нөлге айналдырады.

    5.7. Мәртебе Шарттардың 6.1-тармағында көрсетілген тәртіпте, Жеке кабинетте әрекет ететін (белсенділігі жойылмаған) Белсендірулер болғанда ғана пайдаланылуы мүмкін.

    6. Қорытынды ережелер

    6.1. Жоғарыдағы 3 және 5-бөлімдерге сәйкес берілген Кодтар мен Мәртебелер шартты және материалды емес, сонымен қатар ФМҚ қызметін іске асыруда Дерекқордағы ақпаратты жүйелендіру және Тұтынушыларды сәйкестендіру үшін (жеке басты куәландыратын құжаттардың деректерімен қоса) қызмет етеді.

    6.2. Тұтынушы осы Шарттардың талаптарын бұзған жағдайда ФМҚ жоғарыда аталған Кодтар мен Мәртебелердің әрекетін тоқтатуы мүмкін.

    6.3. Шарттар 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса) әрекет етеді.

    6.4. ФМҚ жаңартылған Шарттарды Сайтта жариялау арқылы бір жақты тәртіпте өзгерте және (немесе) толықтыра алады. Жаңартылған Шарттар осындай жариялау сәтінен бастап күшіне енеді. Жаңартылған Шарттар күшіне енгеннен кейін оларда қарастырылған әрекеттерді орындай отырып, Тұтынушы, Дос өздерінің жаңартылған Шарттармен келісуін растайды және оларды құптайды.

    6.5. ФМҚ бір жақты тәртіпте, қандай да бір алдын ала хабарлаусыз немесе мақұлдаусыз Шарттардың күшін жоюға, оның ішінде Жеке кабинетте, Хабарламада бұрын бейнеленген Кодтарды, Мәртебелерді жоюға, өзгертуге, әрекет етуін жоюға құқылы.

    Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар. Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.

    phone-icon 2121
    ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ Кіру Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.

    SMS - коды бойынша кіру

    SMS - кодты қабылдау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    SMS - коды бойынша кіру

    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    send-again-icon Кодты қайта жіберу
    Растау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

    Растау

    Құпия сөзбен кiру

    Растау Смс-код арқылы кіру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Құпия сөзбен кiру

    Растау
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

    ЖІБЕРУ Кіру

    Құпиясөзді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

    ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

    ЖІБЕРУ Кіру

    SMS - коды бойынша кіру

    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    send-again-icon Кодты қайта жіберу
    Растау Құпия сөзбен кiру
    Аккаунтыңыз жоқ па?
    Тіркелу

    Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

    Растау

    Пароль изменен

    Растау

    Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру

    Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

    Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:

    • маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
    • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
    • бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
    • тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
    • маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.

    Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.

    Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.

    Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.

    Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.

    Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.

    Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.

    Келісемін. SMS кодын алу Келіспеймін. Сайтқа өту
    ____

    Алынған SMS-кодты теріңіз

    59 сек
    Кодты қайта жіберу
    Растау
    Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.
    ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
    ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
    2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
    COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
    2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
    ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

    Жалғастыру