IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС тұтынушыларының дерекқорында тіркелген

тұтынушыларды сәйкестендірудің бірегей кодтарын пайдалану шарттары


1. Осы құжатта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

A) ҚР – Қазақстан Республикасы;

Б) ΦMҚ - «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС;

B) Тұтынушы — ФМҚ тұтынушыларының дерекқорында тіркелген, жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекіні, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар өнімді (никотинді тәуелділікті емдеуге арналған препарат емес) тұтынушы болып саналатын жеке тұлға;

Г) Дерекқор — ФМҚ тұтынушыларының дерекқоры;

Д) Сайтkz.iqos.com веб-сайты;

E) Жеке кабинет – Тұтынушының сайттағы жеке кабинеті, ол тұтынушы дерекқорда тіркелу кезінде көрсеткен деректерді қамтиды, тұтынушы мен ФМҚ арасындағы онлайн өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуге бағытталған;

Ж) Код (Бірегей сәйкестендіру коды) - осы Шарттарда көзделген тәртіппен әрбір Тұтынушыға ФМҚ беретін, сондай-ақ сайтта баяндалған шарттарға сәйкес тұтынушының дербес деректерінің құпиялылығын сақтай отырып, оны сәйкестендіру мақсаттары үшін қолданылатын таңбалардың бірегей жиынтығы (код мысалы: IM-*****);

З) Хабарлама – Тұтынушының мобильді телефон нөміріне және (немесе) ол дерекқорда тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына ФМҚ жіберетін электрондық хабарлама;

И) Құрылғы – IQOS ILUMA PRIME, IQOS ILUMA, IQOS ILUMA индукциялық темекі қыздыру жүйесі, оны ҚР аумағында сату мақсатында ФМҚ импорттайды, оған қатысты ФМҚ тұтынушылардың кінәрат-талаптарын қабылдайтын ұйым болып табылады;

K) Тест-драйв - Тұтынушыларға тауар – құрылғы туралы ақпаратты ұсынуды, жұмыс істеу принципімен неғұрлым толығырақ танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуді, ыңғайлылықты тексеруді, дұрыс пайдалану туралы ақпарат беруді, Тұтынушыларға құрылғы және оның ерекшеліктері туралы жеке пікір қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді білдіретін оңай түсіну үшін, сондай-ақ сайтта көрсетілген шарттарға сәйкес ФМҚ Тұтынушыларға қайтарымды негізде құрылғы үлгілерін беру арқылы құрылғының тұтынылу қасиеттерінің Тұтынушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігі туралы кейіннен шешім қабылдау үшін қолданылатын шартты белгі;

Л) IQOS дүкені - құрылғыларды сату және (немесе) олардың тест-драйвы жүзеге асырылатын ФМҚ-ның ішкі сауда объектісі;

M) Үшінші тұлға (Дос) – ҚР резидентіне жататын, жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекіні, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар өнімді (никотинді тәуелділікті емдеуге арналған препарат емес) тұтынушы болып саналатын, құрылғы және/немесе оны сатып алу шарттары, оның ішінде ФМҚ оферталарының шарттары туралы ақпарат алуға ниет білдіретін жеке тұлға.

Н) Телефон нөмірі – ФМҚ дерекқорында тіркелген Тұтынушының мобильді телефон нөмірі.


2. Жалпы ережелер

2.1. Сайтта жарияланған осы Шарттар дерекқорда тіркелген тұлғаларға (тұтынушыларға) арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мәні бойынша оферта болып табылады. ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес, Тұтынушының осы Шарттарды құптау әрекеті Шарттардың 4.2-тармағында көрсетілген тәртіппен, Достың — осы шарттардың 5.1-тармағында көрсетілген тәртіппен жасалады, содан кейін мәміленің жазбаша нысаны сақталған, ал Тұтынушы, Дос Шарттарға қосылды деп есептеледі.


3. ФМҚ-ның кодтарды беруге қатысты міндеті

3.1. ФМҚ Тұтынушыға бірегей сәйкестендіру кодын беруді және Дерекқорда тіркелгеннен кейін, оның жеке кабинетте көрсетілуін қамтамасыз етеді. ФМҚ өз қалауы бойынша бір Тұтынушыға бірнеше код беруге құқылы, оның ішінде бір реттік және саны шектеулі.

3.2. Егер код (кодтар) жеке кабинетте көрсетілмесе, Тұтынушы 2121 телефоны бойынша (Қазақстанда қоңырау шалу тегін), сайттағы онлайн-чат, Telegram мессенджері немесе 2121 нөміріне IQOS мәтіні бар SMS-хабарлама жіберу арқылы қолдау көрсету қызметіне хабарласуы тиіс.

3.3. Тұтынушы өзінің кодын (кодтарын) жоғарыдағы 3.2-тармақта сипатталған тәсілдермен біле алады.


4. Тұтынушының кодты (кодтарды) табыстау қағидалары

4.1. Құрылғының ерекшелігін, оны сатуға қойылатын талаптарды ескере отырып, ФМҚ тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасы бойынша өз міндеттемелерін орындау мақсаттары үшін, оның ішінде ҚР заңнамасына және ФМҚ ішкі талаптарына сәйкес құрылғы туралы толық және шынайы ақпаратты, осы өнімнің зиянсыз емес екені және оның құрамында тәуелділіуті тудыратын никотин бары туралы, сондай-ақ құрылғы тек шылым шегуді немесе құрамында никотин бар өнімдерді пайдалануды жалғастырғысы келетін жиырма бір жасқа толған және одан асқан адамдарға қолдануға арналғаны ақпаратты ұсыну мақсаттары үшін жағдай жасауды қалайды. Сондықтан ФМҚ мұндай ақпарат оған ҚР заңнамасының талаптарына және өзінің ішкі талаптарына сәйкес IQOS дүкендері, 2121 нөмірі бойынша ФМҚ қолдау көрсету қызметі, Сайт және/немесе ҚР заңнамасына сәйкес көрсетілген ақпаратты берудің өзге де арналары арқылы ұсынылғанын қалайды.

4.2. Егер Тұтынушының ортасында құрылғы, оны сатып алу шарттары, оның ішінде оферта шарттары туралы толық әрі шынайы ақпарат алу құқығын іске асырғысы келетін белгілі досы болса, Тұтынушы өз қалауымен досына ФМҚ дерекқорына тіркелуді немесе ФМҚ бағдарламаларына қатысуды және оған өзінің кодын немесе телефон нөмірін ұсына алады. Осы тармақта көрсетілген әрекеттерді жасай отырып, Тұтынушы осы Шарттарды құптағанын растайды.

4.3. Тұтынушының кодты (кодтарды) жария етіп, соның ішінде Интернет желісінде (әлеуметтік желілерді, форумдарды, топтарды, блогтерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді) орналастыруына РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.

4.4. ФМҚ Тұтынушы мен Үшінші тұлға арасындағы қатынастарды реттемейді, олардың қарым-қатынастарының тарабы емес, Тұтынушының әрекеттері, әрекетсіздігі және ол Үшінші тұлғаға берген ақпарат үшін жауап бермейді. ФМҚ Тұтынушыға ешқандай тапсырма бермейді және оның тарапынан қандай да бір қызметке тапсырыс бермейді, оны ФМҚ үшін қандай да бір іс-қимыл жасауға міндеттемейді.


5. Кодтарды (телефон нөмірлерін) белсендіру, мәртебелерді беру және өзектендіру

5.1. Тұтынушының коды немесе телефон нөмірі мынадай оқиғалар туындаған жағдайда белсендірілген болып есептеледі (бұдан әрі – «Кодты белсендіру» немесе «Белсендіру»):

а) дерекқорда тіркелген құрылғысы жоқ досын тіркеу, сондай-ақ тұтынушының кодын немесе телефон нөмірін көрсете отырып, көрсетілген досының құрылғыны сатып алуы және осы Шарттарға сәйкес Сайт арқылы, кодты немесе телефон нөмірін белсендіруге болатын объектілер тізбесінде Сайтта көрсетілген IQOS дүкенінде сатып алынған құрылғыны өзіне тіркеуі.

Осы 5.1-тармақта көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы дос осы Шарттарды құптайтынын растайды.

5.2. Тұтынушының коды немесе телефон нөмірі жоғарыдағы 5.1-тармақта көзделген тәртіппен іске қосылған жағдайда, Тұтынушыға ФМҚ дерекқорында тиісті мәртебе (бұдан әрі – «Мәртебе») беріледі:

а) «Стартер» мәртебесі Тұтынушыға осы Шарттардың 5.1-тармағының а) тармақшасында көзделген белсендіру жағдайлары орын алған кезде беріледі.

5.3. ФМҚ жеке кабинетте Тұтынушыға берілген мәртебенің және әрбір белсендіру жағдайының көрсетілуін қамтамасыз етеді.

5.4. Оның мәртебесі немесе растау әрекеттерінің саны жеке кабинетте көрсетілмесе, Тұтынушы 2121 телефоны (Қазақстанда қоңырау шалу тегін), сайттағы онлайн-чат, Telegram мессенджері немесе 2121 нөміріне IQOS мәтіні бар SMS-хабарлама жіберу арқылы қолдау көрсету қызметіне хабарласуы керек.

5.5. Тұтынушы өзінің өзекті мәртебесін жоғарыдағы 5.4-тармақта сипатталған тәсілдермен біле алады.

5.6. Осы Шарттарда көзделген тәртіппен мәртебені пайдаланудың және белсендірудің әрбір жағдайы жеке кабинетте тіркеліп отырады. Онда тиісті белсендіру әрекеті белсенсіз етілген, яғни Тұтынушы пайдаланған және одан әрі пайдаланбайтын деп көрсетіледі. Белсенсіз ету тиісті белсендіру әрекетін нөлге теңестіреді.

5.7. Тұтынушыға 5.2-тармақта көзделген тәртіппен берілген мәртебе осындай мәртебе берілген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде қолданылады. Осы тармақта көзделген мерзім өткеннен кейін, Тұтынушының мәртебесі белсенсіз етіледі.

5.8. Жеке кабинетте қолданыстағы (белсенсіз етілмеген) белсендіру әрекеттері болған жағдайда ғана, Шарттардың 6.1-тармағында көрсетілген тәртіппен мәртебе пайдаланылуы мүмкін.


6. Қорытынды ережелер

6.1. Жоғарыдағы 3- және 5- бөлімдерге сәйкес берілген кодтар мен мәртебелер шартты және материалдық емес болып табылады, соның ішінде ФМҚ қызметін жүзеге асыру кезінде дерекқордағы ақпаратты жүйелеу және Тұтынушыларды сәйкестендіру (жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерімен қатар) мақсаттары үшін қолданылады.

6.2. Тұтынушы осы Шарттардың талаптарын бұзған жағдайда, жоғарыда көрсетілген кодтарды, телефон нөмірлерін (осы Шарттардың мақсаттары үшін) және мәртебелерді ФМҚ бұғаттауы мүмкін.

6.3. Осы Шарттар 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) қолданылады.

6.4. Шарттарды ФМҚ сайтта жаңартылған шарттарды жариялау арқылы біржақты тәртіппен өзгертуі және (немесе) толықтыруы мүмкін. Жаңартылған Шарттар осындай жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Жаңартылған Шарттар күшіне енгеннен кейін, оларда көзделген әрекеттерді жасай отырып, Тұтынушы, Дос жаңартылған Шарттармен келісетіндігін растайды және оларды құптайды.

6.5. ФМҚ қандай да бір алдын ала хабарландырусыз немесе келісусіз біржақты тәртіппен Шарттардың күшін жоюға, сондай-ақ жеке кабинетте, хабарламада бұрын көрсетілген кодтарды, мәртебелерді жоюға, өзгертуге, олардың күшін жоюға құқылы. Осы Бұйрық шеңберінде ұсынылатын жеңілдік және басқа да артықшылықтар ФМҚ-ның басқа оферталарында ұсынылатын басқа жеңілдіктер мен артықшылықтармен жинақталмайды.

6.6. IQOS дүкендерінде және сайтта орналастырылған осы Шарттар оларда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін барлық Тұтынушыға арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мәні бойынша оферта болып табылады. Осы шарттарда көзделген барлық әрекетті жасай отырып, Тұтынушы осы Шарттармен танысқанын, келісетінін және оларды қабылдайтынын растайды (шарттарды құптау ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес орындалады).



Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.