IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды

Осы Пайдалану шарттары туралы

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің (бұдан әрі Пайдалану шарттарының мәтінінде - "біз" немесе "біздің компания") иелігіндегі және осы компания пайдаланатын немесе оның атынан пайдаланылатын KZ.IQOS.COM (әрі қарай - "Веб-сайт"), сайтына қош келдіңіз. Біз Қазақстан Республикасының аумағында 040440000348 БСН-мен тіркелген компания болып табыламыз. Компанияның шаруашылық қызметінің негізгі орны: Ілияс Жансүгіров к., 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 . Веб-сайтына тіркелген кезде төмендегі Веб-сайтын пайдалануыңызға қатысты маңызды мәліметтер келтірілген шарттармен (бұдан әрі - «Пайдалану шарттары») танысып шығып, оларды қабылдауыңыз керек болады. Веб-сайтты пайдаланбас бұрын осы Пайдалану шарттарымен толық танысып шығуыңыз қажет, өйткені осы Шарттарды орындауыңыз міндетті болып табылады. Осы Веб-сайтының белгілі бір бөлімдерін қолданғанда немесе Веб-сайтындағы Біз ұсынған кез келген ақпаратты өз мүддеңізде пайдаланған кезде басқа шарттар мен талаптарды немесе авторлық құқықтар туралы ескертулерді орындау қажет болуы мүмкін екендігін ескеріңіз. Мұндай жағдайда, біз бұл туралы сізге хабарлаймыз, және де кейбір жағдайларда, Веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сізге осындай шарттармен немесе хабарламалардың қағидаларымен танысып шығып, олармен келісетіндігіңізді растауыңыз керек болады. Сондай-ақ, осы Шарттарға мезгіл-мезгіл өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін екендігін есте сақтаңыз. Барлық өзгерістер мен толықтырулар Веб-сайтта орналастырылатын болады, сондықтан Веб-сайтта енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бар-жоқтығын қарап отыруыңызды сұраймыз. Біз өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін Веб-сайтын пайдалануды жалғастыру арқылы Сіз Пайдалану шарттарының жаңа нұсқасын қабылдағаныңызды растайсыз.

Веб-сайтты пайдалану

Веб-сайтқа кіру мүмкіндігі берілетін, тіркелген, жасы 21- ге толған шылым шегетіндер мен темекіні тұтынушыларға бағытталған. Веб-сайтқа қол жеткізу және пайдалану жасы 21-де және одан үлкен адамдарға ғана рұқсат етіледі. Осы тармақты бұзатын болсаңыз, Веб-сайтын пайдалануға немесе немесе оған кіруге әрекет етуге құқыңыз жоқ. Тіркелген кезде және Веб-сайтқа тіркеулік жазба енгізгенде бізге атыңыз, туылған күніңіз, тұрғылықты орныңыздың толық мекен-жайы (қала, көше, үй, пошта индексі), электрондық поштаңыз және телефон нөміріңіз сияқты бірқатар жеке деректеріңізді беруіңіз қажет болады. Бұл Сіздің Веб-сайтымызға қол жеткізуіңіз үшін қойылған талаптарға сәйкестігіңізді тексеруіміз үшін қажет. Бір пайдаланушы веб-сайтта тек қана бір есеп жазбасын тіркеп, қолдана алады. Бұл мәліметтер Құпиялылықты сақтау туралы хабарламаларғасәйкес сақталатын болады.

Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер

Құпия сөзіңіз қатаң құпия ақпарат болып табылады және үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс. Құпия сөзді құпия сақтау қажет. Пайдаланушы өзінің тіркелгісінен орындалатын барлық әрекеттер үшін жауапкершілік көтереді. Олар оның қисынды бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс. Сіз Веб-сайтқа кіру үшін Құпия сөзді немесе басқа ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқылы емессіз. Тіркеу жазбаңызды Сізден басқа кез келген тұлғаның пайдалануы Сіздің тіркеу жазбаңыздың қолданыс әрекетін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болады. Әлдекім Сіздің тіркеу жазбаңызды рұқсатсыз пайдаланған жағдайда немесе тіркеу жазбаңызды немесе Веб-сайтын пайдаланумен байланысты қауіпсіздіктің басқа түрі бұзылса, бұл туралы бізді дереу хабардар етуіңіз қажет.

Веб-сайтына қолжетімділікті өзгерту және тоқтата тұру

Біздің өз қалауымызбен Веб-сайттың әрекет ету тәртібіне өзгерістер енгізуімізге, оны немесе оған, немесе оның қандай да бір бөлігіне қолжетімділікті тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқымыздың бар екендігін ескеріңіз. Мысалы, біз осы Пайдалану шарттары бұзылған жағдайда, Сіздің Веб-сайтқа қолжетімділігіңізді тоқтата тұруға құқылымыз. Сонымен қатар, біз Веб-сайтқа кез келген уақытта жаңартулар енгізуге және оның мазмұнын өзгертуге құқылымыз. Веб-сайтта ұсынылған ақпаратты жаңарту бойынша қажетті шараларды жүзеге асырғандығымызға қарамастан, Веб-сайтымыздың мазмұны кез келген уақытта ескіріп кетуі мүмкін екендігі есіңізде болсын, және мұндай ақпаратты жаңартуға біз міндетті емеспіз. Біз қателіктерді түзету немесе өзге де өзгерістерді енгізу үшін ағымдағы немесе жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында, бүкіл Веб-сайттың немесе оның кез келген бөлігінің қалыпты жұмысын тоқтатуға да құқылымыз.

Веб-сайт пен материалдарды пайдалану

Веб-сайт және оның мазмұны (бағдарламалық жасақтаманы, файлдарды, графиканы, деректерді, суреттерді және басқа да материалдарды шектеусіз қосқанда) (бұдан әрі - "Материалдар") біздің компанияның және (немесе) тапсырыс берушілеріміздің меншігі болып табылады. Біздің жазбаша рұқсатымызды алмай, Веб-сайт Материалдарын немесе оның басқа бөліктерін пайдалануға, оларға өзгерістер енгізуге, оларды көшіруге, жаңғыртуға, қайта басып шығаруға, жүктеуге, орналастыруға, тапсыруға, таратуға, сатуға, лицензиялауға, жалға беруге, ортақ қолжетімділік үшін орналастыруға немесе орындауға, редакциялауға, бейімдеуге немесе қандай да бір жолмен олардың негізінде туынды шығармалар шығаруға құқыңыз жоқ. Сондай-ақ Веб-сайттың және оның Материалдарының Сіздің жеке пайдалануыңыз үшін ұсынылатындығына байланысты, Веб-сайтты немесе оның Материалдарын коммерциялық мақсаттарда пайдалануға және оларға қол жеткізуге тыйым салынады. Біздің тарапымыздан алдын ала жазбаша рұқсат алмай, Веб-сайтты немесе Материалдарды шаруашылық қызмет мақсаттарында қолдануды, - Материалдарды таратуды, ортақ пайдалануды, көшіруді, жаңғыртуды, жариялауды, өзгерістер енгізуді, таратуды, тапсыруды, атқаруды, көрсетуді, лицензиялауды немесе - кері кодтарын ашуды шектеусіз қосқанда, Веб-сайтты немесе Материалдарды басқалай пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Сілтемелер

Веб-сайтта үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер болуы мүмкін екендігін атап өткен жөн. Мұндай сілтемелер Сізге қолайлы болу үшін беріледі және үшінші тұлғалардың веб-сайттарын алға бастыруды білдірмейді. Ондай сайттар мен ресурстарды біз тікелей бақыламайтындықтан, біз олардың жұмысқа қабілеттілігіне, мазмұнына, жарнамасына, өніміне немесе осындай сайттарда немесе ресурстарда ұсынылған басқа да материалдар үшін жауапты емеспіз. Біз үшінші тұлғалардың ондай веб-сайттарын қарамаймыз да, сондықтан келесіні ойыңызда сақтаңыз: - Біз ондай сайттарға қол жеткізу талаптары мен ондай сайттарда қолданылатын жеке ақпараттың құпиялығын сақтауға қатысты саясатты қоса алғанда, ондай веб-сайттары үшін жауап бермейміз, сондай-ақ олардың мазмұнын немесе қолжетімділігін қадағаламаймыз; - Біз ондай веб-сайттарынан тауарлар, қызметтер немесе ақпарат алуға қатысты қандай да бір тікелей немесе жанама міндеттемелер жүктемейміз; және де - Сіз осындай сайтқа өткен жағдайда, толық жауапкершілік пен тәуекелдер көтересіз. Сіздің біздің алдын ала жазбаша келісімімізсіз, басқа веб-сайттарынан Веб-сайтқа жиектемелер, сілтемелер және сыртқы сілтемелер жасауға құқыңыз жоқ. Мұндай келісім бірқатар талаптарды орындаған жағдайда берiлуi мүмкiн. Веб-сайтқа жиектемелер, сілтемелер немесе сыртқы сілтемелер жасау қажет болса, Қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Құпиялық және cookies файлдары

Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің, сондай-ақ біздің Құпиялылықты сақтау туралы хабарламаларымыздың қағидалары Сіз берген немесе Веб-сайт арқылы Сізден алынған (cookies файлдарын пайдаланумен қоса) Сіздің жеке деректеріңізді жинау, пайдалану, табыстау және өңдеу қағидаттарын белгілейді. Сіздің Веб-сайтты тиімдірек пайдалануыңыз үшін Веб-сайтта cookies файлдары пайдаланылады. Cookie файлдарын пайдалану туралы біздің хабарламамыз біз пайдаланылатын cookies файлдарының түріне, жұмыс істеуіне және ажыратылуына түсініктемені қамтиды. Веб-сайтты пайдаланбас бұрын Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіммен, Құпиялылықты сақтау туралы хабарламамен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен танысып шығуыңыз керек. Сонымен бірге, олардың қағидалары осы Пайдалану шартының қағидалары сияқты кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.

Жауапкершіліктен босату туралы (жауапкершіліктен бас тарту туралы) мәлімдеме

Біз қарапайым және түсінікті ақпараттық Веб-сайтын жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатсақ та, осы Пайдалану шарттарының мәтінінде басқаны тура көрсетпесек, осы Веб-сайты «өз қалпында» шартымен ұсынылады. Бұл біздің Сіздің алдыңызда осы Веб-сайтқа қатысты қандай да бір жауапкершілікті көтермейтінімізді (төмендегі «Жауапкершілікті шектеу» бөлімінің қағидаларына сәйкес) білдіреді. Осылайша, Веб-сайтын қолданған кезде, оның Сіздің мақсаттарыңызға сай болуы үшін жауапкершілік өзіңізге жүктеледі. Осыған байланысты, біз Веб-сайттың Сіздің мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізге сай болуы немесе жарамдылығы үшін жауапкершілік көтермейміз және келесі қағидаларға қатысты барлық тікелей немесе жанама міндеттемелерді есепке алмаймыз: -Веб-сайтқа жаңылыссыз және үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету; -Веб-сайтта немесе Веб-сайтқа қолжетімділік қамтамасыз етілетін серверде вирустардың немесе басқа да зиянды компоненттердің жоқтығына кепілдік беру; және де -Веб-сайтта келтірілген немесе Веб-сайттың шегінде табысталатын немесе Веб-сайттың жұмыс істеуіне байланысты басқалай ұсынылатын мазмұнның дәлдігін, тиісті мазмұнын, уақыттылылығын, толықтығын, сенімділігін, жоғары сапасын немесе сәйкестігін қамтамасыз ету. Біз Веб-сайтта немесе оның мазмұнында қателіктер мен олқылықтардың болмауына кепілдік бере алмаймыз және Веб-сайт мазмұнының дәлдігіне, толықтығына және өзектілігіне қатысты қандай да бір тікелей немесе жанама кепілдіктер, жорамалдар, уәделер немесе міндеттемелер ұсынбаймыз.

Жауапкершілікті шектеу

Біз сіздің алдыңызда компьютерлік вирустың әсері, заңды пайдаланушыларға қызмет көрсетуден бас тартуға алып келетін әрекеттердің нәтижесінде немесе сіздің біздің Веб-сайтымызды (Веб-сайттың кез-келген мазмұнына немесе ол арқылы жүгінуді қоса алғанда) немесе ондағы сілтеме келтірілген веб-сайттарды пайдалануыңыздың нәтижесінде компьютеріңізге, бағдарламалық жасақтамаңызға, басқа түрдегі деректеріңізге немесе жеке материалдарыңызға вирус жұқтыруы мүмкін басқа техникалық зиянды бағдарламалардың ықпалымен байланысты кез келген түрдегі залалдың немесе зиянның туындағаны үшін жауапкершілік көтермейміз. Сонымен қатар, сіз Веб-сайттың жұмыс істеуі интернет пен басқа да жабдықтың (біздің меншікті аппараттық жасақтаманы немесе веб-браузерді қоса алғанда) дұрыс әрі тиімді жұмысымен және үшінші тұлғалар көрсететін қызметтермен байланысты екендігін, сондай-ақ біздің тарапымыздан ондай жабдық пен қызметтерге қатысты міндеттемелер мен жауапкершіліктің жоқтығын мойындап, келісесіз. Егер сіз біздің Веб-сайтымыздың тұтынушысы және пайдаланушысы болсаңыз, онда біздің пайдаланушының өзінің ғана тұтынуы мақсатында Веб-сайтымызға қолжетімділік беретінімізді ескеруіңіз қажет. Сіздің біздің Веб-сайтымызды коммерциялық немесе іскерлік мақсаттарда пайдалануыңызға құқыңыз жоқ, және біз сіздің алдыңызда қандай да бір арнайы, жанама немесе айыппұлдық залалдардың немесе зиянның туындауы нәтижесінде, немесе деректердің жоғалуына, ұтылған пайдаға, кірістер алмауға, іскерлік мүмкіндіктердің немесе беделдің жоғалуына байланысты жауапкершілік көтермейміз. Веб-сайттың жұмыс істеу кезінде немесе Веб-сайттың Сізге немесе басқа тұлғаларға табысталуын жүзеге асыратын жүйелердің жұмыс істеуі кезінде Сіздің әрекеттеріңіздің нәтижесінде техникалық жаңылыстар пайда болған жағдайда, Сіз осындай жаңылыстар мен соларға байланысты туындайтын заңгерлік қызметтер мен сот шығындары үшін өкілдердің орынды гонорарын қоса алғанда, жоғалу жағдайлары, жауапкершілік сомалары, шығыстар, зиян мен залалдар үшін жауапкершілікті мойындап, оны көтеруге келісесіз.

Хұкімет

Осы Пайдалану шарттары мен Сіздің Веб-сайтты пайдалануыңыз Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледі.

Осы Пайдалану шарттарына сәйкес біздің басқа да маңызды құқықтарымыз

Біз осы Пайдалану шарттары бойынша өзіміздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді басқа ұйымдарға тапсыруға құқылымыз. Сонымен бірге, мұндай табыстау Сіздің құқықтарыңызды немесе біздің Пайдалану шарттары бойынша міндеттелерімізді қозғамайды. Біз осы Пайдалану шарттары бойынша сіздің міндеттемелеріңізге қатысты талап ету құқығын пайдаланбаған жағдайда, немесе біз сізге қатысты өзіміздің талап ету құқықтарымызды сот тәртібімен пайдаланбаған кезде, немесе осындай құқықтарды пайдалану кешіктірілген жағдайда, бұл біздің тарапымыздан сот арқылы құқықтарымыздың орындалуын талап ету құқығынан бас тартуды немесе сіздің ондай міндеттемелерді орындау бойынша міндетіңіздің жоқтығын білдірмейді. Біз осы Пайдалану шарттары бойынша міндеттемелеріңізді орындамауыңызға немесе бұзуыңызға байланысты сот арқылы талап ету құқығымызды пайдаланбау туралы шешім қабылдаған жағдайда, бұл туралы сізге жазбаша ескертеміз. Осы Пайдалану шарттарының әрбір тармағы жеке қолданылады. Бұл сот немесе басқа билік органы Пайдалану шарттарының қандай да бір тармағын заңсыз, құқыққа қайшы немесе орындауға келмейтін деп таныған жағдайда, қалған тармақтардың толық көлемде қолданылатынын білдіреді. Осы Пайдалану шарттары Сізден және біздің компаниядан басқа қандай да бір үшінші тұлғаларға құқықтар бермейді.

Біздің байланысушы тұлғаларымыз

Осы Пайдалану шарттарына немесе Веб-сайтқа немесе олармен байланысты қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда, біздің Көмек парақшамыз арқылы бізбен байланысыңыз немесе келесі мекенжайымыз бойынша бізге хат жолдаңыз: “Филип Моррис Қазақстан" ЖШС Ілияс Жансүгіров к., 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 және B40A6M8

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру