IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды

"Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-нің (Осы Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламада бұдан әрі - "біз" немесе "бізді") иелігіндегі және ол пайдаланатын немесе оның атынан пайдаланылатын WWW.IQOS.COM веб-сайтына (бұдан әрі - "Веб-сайт") қош келдіңіз.
Осы Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарлама біздің Cookie файлдарын және ұқсас қадағалау технологияларын келушілер туралы белгілі бір мәліметтерді автоматты түрде жинауға арналған веб-сайтымызда пайдалану тәртібінің сипаттамасын қамтиды. Сонымен қатар, онда біз пайдаланатын cookies файлдарын қалай қабылдауыңызға немесе олардан бас тартуыңызға болатыны түсіндіріледі.

Сookies файлдары дегеніміз не?

Сookies файлдары - бұл компьютеріңізде орналасқан, сіздің қандай да бір веб-сайтқа кіруіңіз үшін қажетті шағын мәтіндік файлдар. Веб-сайттарының иелері сookies файлдарын сайттардың жұмысын қамтамасыз ету немесе жұмыстың тиімділігін арттыру және есепті ақпарат ұсыну үшін кеңінен пайдаланады. 
Веб-сайтының иесі баптаған сookies файлдары "негізгі "cookies"деп аталады.  Веб-сайтының иесі емес, басқа тұлға баптаған сookies файлдары "бөгде "cookies"деп аталады. "Бөгде "cookies" веб-сайтындағы тәуелсіз опциялардың (мысалы, талдамалы құралдардың) жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. Ондай бөгде cookies баптаумен айналысатын тұлғалар айтылған веб-сайтына кіргенде де, қандай да бір басқа веб-сайттарына кірген кезде де сіздің компьютеріңізді анықтай алады.

Сookies файлдарын не үшін пайдаланамыз?

Біз оларды веб-сайтымызға кірген адамдар туралы белгілі бір мәліметтерді жинау үшін пайдаланамыз. Мұнда компьютердің IP-мекенжайы, браузердің түрі мен экранның ажыратымдылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ белгілі бір талдамалы ақпаратты (мысалы, қандай беттер қаралғандығын және қанша уақыт қаралғандығын) немесе қалаулар туралы мәліметтерді (мысалы, тілді таңдау) жатқызуға болады.
Бұл мәліметтер бізге келушілердің веб-сайтымызды қалай пайдаланатынын және оны қалайша атқарымдырақ етуге болатындығын түсінуге мүмкіндік береді. Алайда мәліметтер, келушілер өз еріктерімен келіспесе, олардың тұлғасын біз анықтай алмайтындай жиналады.
Біздің веб-сайт арқылы алынатын сookies файлдар мен олардың мақсаттары төмендегі кестеде сипатталған.

Сookies файлдарын қалай басқара аламын?

WWW.IQOS.COM сайтын пайдалану арқылы сіз негізгі cookies файлдарын пайдаланумен келісесіз, өйткені сайтпен жұмыс негізгі cookies файлдарын пайдалануды қажет етеді, оларсыз сайттың кейбір элементтері жұмыс істеуге қабілетсіз.
Егер де сіз негізгі cookies файлдарын қабылдағыңыз келмесе, онда сайтты пайдалануды тоқтатып, браузеріңіздің баптаулары арқылы компьютеріңізде жасалған cookies файлдарын жоюыңыз қажет.
Сонымен қатар, «Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын басқа құралдарды пайдаланасыз ба?» тармағында көрсетілгендей, IQOS.KZ "Google, Inc." корпорациясы (бұдан әрі - “Google”) ұсынған Google Analytics сервисін пайдаланады.
«Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын басқа құралдарды пайдаланасыз ба?» тармағындағы нұсқауларды орындап, сіз Google-дың бөгде cookies-терін пайдаланудан бас тарта аласыз. Сізге жүйелік әкімшіңіздің көмегі керек болуы мүмкін.
Егер де сіз бөгде cookies файлдарынан бас тартамын деп шешсеңіз, онда бұл веб-сайтымыздың кейбір атқарымдық мүмкіндіктеріне теріс әсерін тигізуі ықтимал екендігін есте сақтаңыз.

Мақсатты жарнамамен айналысасыз ба?

Жоқ. Қазіргі кезде біз мақсатты жарнама үшін веб-сайтымыз арқылы сookies файлдарын қабылдамаймыз, сондай-ақ мұны қандай да бір үшінші тұлғаларға жасауға рұқсат етпейміз.

Google analystics сервисін немесе веб-сайтты талдайтын басқа құралдарды пайдаланасыз ба?

IQOS.KZ "Google, Inc." корпорациясы (бұдан әрі - “Google”) ұсынған Google Analytics сервисін пайдаланады. Google Analytics сервисі пайдаланушылардың сайтты қолдануын талдауға көмектесетін cookies файлдарын пайдаланады. Сookies файлдарының көмегімен алынған веб-сайтты пайдалану туралы мәліметтер (IP-мекенжайларыңызды қоса алғанда), АҚШ-дағы Google корпорациясына табысталады. IP-мекенжайының қайда екендігіне қарамастан (Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер, Еуропалық экономикалық аймақ туралы келісімнің басқа да тараптары немесе қандай да бір басқа мемлекет), Google IP-мекенжайының соңғы октетін (IPv4 мекенжайлары үшін) немесе соңғы 80 битін (IPv6 мекенжайлары үшін) (“IP-бүркеу” деп аталатын) иесіздендіреді. Google мұны оның “anonymizeIP” жүйесін барлық елдер үшін белсенді еткеніміз себепті жасайды. Ақырында, Google иесіздендірілген ақпаратты АҚШ-тағы серверлерде сақтайды. Google бұл мәліметтерді сіздің веб-сайтын пайдалануыңызды бағалау, бізге веб-сайтының жұмысы туралы есептер дайындау және веб-сайтының жұмысымен және интернетті қолданумен байланысты басқа да қызметтер көрсету үшін біздің атымыздан пайдаланады. Google сіздің IP-мекенжайыңызды өзінде бар қандай да бір басқа деректермен байланыстырмайды.
«Сookies файлдарын қалай басқара аламын?», тармағында көрсетілгендей, сіз браузердің қосылатын модулін жүктеп және орнатып, Google-дың деректер (cookies пен IP-мекенжайлары) жинауына және оларды пайдалануына мына жерден тыйым сала аласыз.
Қосымша мәліметтер алу үшін төмендегі сілтемелерге өтіңіз. Біздің Google analytics серверін қолдану шарттарымызбен , деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша Google ұсынатын мәліметтермен , Google-дың деректердің құпиялылығын сақтау туралы ескерту жасау шарттарымен танысып шығыңыз.

Веб-сайтына кіру санын есепке алуға арналған, cookie файлдарын пайдаланумен байланысты емес технологияларды (Web Beacons, LSOs сынды және т.б.) пайдаланасыз ба?

Жоқ. Веб-сайтымызға кірушілер туралы мәліметтерді жинау үшін біз жоғарыда сипатталған cookie файлдарын ғана пайдаланамыз.

Қосымша мәліметтерді қайдан ала аламын?

Сookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамыз бойынша сізде сұрақтар туындаса немесе ескертпе жасағыңыз келсе, "Көмек" бетіміз арқылы бізбен байланысыңыз немесе мына мекенжай бойынша бізге хат жолдаңыз:
“Филип Моррис Қазақстан" ЖШС
040700 Қазақстан Республикасы
Алматы облысы, Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті, Жансүгіров к-сі, 1.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру